Ќазтђтынуодаѓы Ќараѓанды экономикалыќ универститеті


Клиент қаржысының құйылуы мен кету эле­мент­те­рі



жүктеу 2,95 Mb.
бет5/10
Дата10.02.2018
өлшемі2,95 Mb.
#9228
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Клиент қаржысының құйылуы мен кету эле­мент­те­рі


Талданатын кезеңдегі қаржының құйылуы

Талданатын кезеңдегі қаржының кетуі

1. Аталмыш кезеңде алынған пайда

1. Салықтар төлеу

2. Есептелген аммортизация

2. Пайыздар төлеу

3. Қаржылардың қорлардан босатылуы

3. Дивидендтер төлеу

Қаржылардың дебиторлық қарыздан босатылуы

4. Айыппұлдарды төлеу.

Қаржылардың негізгі қорлардан босатылуы.

5. Қорға қаржы салу.

Қаржылардың өзге активтерден босатылуы

6. Дебиторлық берешекке салу.

Несие қарыздардың көбеюі

7. Өзге активтерге салу.

Өзге пассивтердің өсуі.

8. Негізгі қорларға салу.

Акционерлік капиталдың көбеюуі

9. Несие қарыздарын қысқарту

Жаңа ссудалар беру

10. Өзге пассивтерді азайту




11. Акционерлік капиталдың кетуі.




12. Ссуданы қайтару.

Қаржылардың құйылуы мен кетуі арасындағы айырмашылықтар жалпы ақша ағынының ауқымын анықтайды. Ақша ағынына (қозғалысына) талдау жасау кәсіпорынды (фирманы) басқарудың әлсіз тұстарын білуге мүмкіндік береді. Талдау жасауға соңғы үш жыл немесе болжам жасалып отырған кезеңдер алынады.

Қызметпен байланысты тәуекелге талдау жасау – қор жинақтау, өндіру мен өткізудің жекелеген сатыларында қорлардың айналымын баяулатқаны үшін болатын тәуе­кел­ге барудың себептері мен факторларын ашып көрсетеді.

Кәсіпорындардың (фирмалардың) несие төлеу қабі­лет­тілігін бағалау жоғарыда атап көрсетілген өлшемдер мен көрсеткіштер бойынша жүргізіледі. Осыған ұқсас барлық мұндай көрсеткіштерді шағын кәсіпорындардың несие төлеу қабілеттілігін бағалау үшін де пайдалануға болады. Дегенмен, шағын кәсіпорындардың қызметі туралы аудиторлық қорытынды мен лицензияның жоқ болуынан, банктер қарыз алушының сипатын, оның беделін зерттеп-білуді және сұхбат алуды, фирмаларда болуды жиі пайдаланады. Ұсақ қарыз алушыларға жалпы баға беру келесілерден тұрады:



  • қызмет бабына байланысты тәуекелдерге баға бе­р­у­;

  • клиенттің жұмысын қадағалау;

  • кәсіпорын (фирма) иелерімен жеке сұхбат жүр­гі­з­у­;

  • кәсіпорын иесінің жеке қаржылық жағдайын ба­ға­л­а­у.

Жеке тұлғаның несие төлеу қабілеттілігін бағалауды клиенттің мүлкі мен қаржылық жағдайын, отбасылық құрамын, жеке мінездемесін, кірісі мен ссудаға деген қажеттілігін және т.б. зерттеулер негізінде банктер жүр­гізеді. Сондай-ақ қарыз алушының несие төлеу тарихы, табысының тұрақтылығы, бір орында ұзақ жұмыс жасауы, тұрғылықты мекен-жайы мен капитал мөлшері зерттеледі.
Түйін
1. Коммерциялық банк клиентінің несие төлеу қабілеттілігі – бұл пайыздарды қоса төлеу арқылы толық сомада және белгіленген мерзімде қарыз алушының ссуда үшін банк алдындағы берешегін қайтара алу қабілеті.

2. Қарыз алушының (клиенттің) несие төлеу қабілеттілігі несие беруші – банк үшін несиелік өзара қатынастарды белгілеудегі негізгі сапалық өлшем болып қатысады.

3. Әлемдік тәжірибеде, ресей және қазақстан банкте­рі­нің қабілеттілігін бағалау әдістерінің бар екендігін көр­се­теді.

4. Коммерциялық банк клиенттерінің (5 топ) несие төлеу қабілеттілігін бағалаудың қаржылық коэффициент­те­рі кәсіпорынның (фирманың) қаржылық есептерін талдау кезіндегі маңызды құрал болып саналады.

5. Банк клиенттері несие төлеу қабілеттілігі дәре­же­лері бойынша үш сыныпқа (класқа) бөлінеді және бұл тетік (механизм) банктердің қарыз алушылардың несие төлеу қабілеттілігін талдау жөніндегі Әдістемелік нұсқауларында (Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі) қаланған.

6. Әрбір банк үшін тән болып саналатын көрсет­кіш­тердің өлшемдік деңгейі мен олардың рейтингі несие төлеу қабілеттілігін анықтаудың негізі болып қызмет етеді.

Негізгі коэффициенттердің мөлшеріне қатысты қарыз алушылардың жиналған балының саны несие төлеу қабілеттілігі бойынша үш сыныпқа бөлінеді.

7. Әлеуетті қарыз алушыға тән тәуекелдерді бағалау негізі қарыз алушының беделін, оның несиені қайтарудағы қаржылық мүмкіндіктерін, фирмалардың капиталын және оны қамтамасыз етудің сапасы мен жеткіліктілігін, жалпы экономикалық жағдайын анықтайтын әртүрлі көрсеткіш­тер­дің көмегімен қалыптасады.

8. Клиенттер туралы ақпараттық базаларды талдау өзі­не банк мұрағатынан клиент туралы мәліметтерді, қыз­мет бабына байланысты әріптестерден алынған ақпаратты, мамандандырылған агенттіктер есептерінің деректерін, қар­жылық есеп талдауларын, несие инспекторының жеке пікірін, клиентпен әңгімелесу кезінде қалыптасқан пікірді енгізуі қажет.
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар


  1. Қарыз алушының несие төлеу қабілеттілігін бағалау ке­­зінде қанша және қандай коэффициенттер қол­да­ны­­лады?

а) өтімдік, активтерді басқару

ә) өтеу, пассивтерді басқару, пайдалылық коэффициенттері

б) меншікті айналым қаржыларымен қамтамасыз етілу көрсеткіші

в) рентабельділік коэффициенті

г) өтімдік коэффициенті, өтеу коэффициенті, меншікті қаржылармен қамтамасыз етілу көрсеткіші.


  1. Қарыз алушыларды анықтаудың қанша сыныбы б­а­р?

а) үш сынып

ә) екі сынып

б) төрт сынып

в) бес сынып

г) саны белгіленбеген.


  1. Қарыз алушының негізгі қарыз сомасын уақытылы қайтару қабілеттілігі және сыйақы:

а) өтімдік

ә) несие төлеу қабілеттілігі

б) пайдалылық

в) рентабельділік

г) сенімділік


  1. Атап өткен көрсеткіштердің қайсысы 5 «СИ» ережесіне кіреді:

а) қарыз алушының сипаты, қаржылық мүмкіндіктер, капитал, қамтамасыз ету, жалпы экономикалық жағдай;

ә) капитал, активтер, басқару, кірістілік, қарыз алушының сипаты;

б) қамтамасыз ету, қаржылық мүмкіндіктер, жалпы эконо­ми­калық жағдай, менеджмент, капитал;

в) қарыз алушының сипаты, қамтамасыз ету, қаржылық мүмкіндіктер, пайдалылық, капитал;

г) қамтамасыз ету, жалпы экономикалық жағдай, рентабельділік, пайдалылық.


  1. Несие төлеу қабілеттілігін талдау кезінде банктің ба­ға­лайтын тәуекелдер түрі:

а) қызметпен байланысты тәуекелдерді бағалау, менедж­мент­­ті бағалау;

ә) клиенттің қаржылық тұрақтылығын бағалау, қаржылық коэ­ффициенттерді есептеу;

б) ақша ағынына (қозғалысына) талдау жасау;

в) клиент туралы ақпарат жинау және оның жұмысын қа­да­ға­лау;

г) барлық жауаптар дұрыс.

4 - ТАРАУ. НЕСИЕ БЕРУ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ

ОНЫҢ ЭЛЕМЕНТ­ТЕ­Р­І

Мақсаты – «несие беру» түсінігінің мазмұнын және несие беру процесінің басты негізі болып қатысатын несие беру жүйесінің бүкіл элементтерін ашып көрсету.

Міндеттері – несие беру жүйесінің элементтеріне сипаттама беру, банк несиесінің қасиеттері мен несие беру қағидаларын көрсетуі, несие беру әдістерін, ссудалық есеп шоттардың формаларын бөліп көрсету және несие саясатының мазмұнын атап көрсету.
Әдебиеттер: Ә-6; Ә-8; Ә-29.
4.1. Несие беру жүйесінің элементтері
«Несие» экономикалық категориясы әрқашанда мүд­де­лі тараптар қатысатын, несие беру процесін ұйым­дас­ты­ру­ды болжайды.

Несие беру – бұл тараптардың барлық жағдайларды міндетті орындауын, несие берушіден қарыз алушыға дейінгі ссуданың қозғалуын білдіретін процесс. Несие беру жүйесі үш өзарабайланысты элементтерге негізделеді:



  • несие субъектісі (несие беруші және қарыз алушы);

  • несие беру объектілері (материалдық құн­ды­лық­тар, шығындар, міндеттемелерді орындау (жабу));

  • несие беруді қамтамасыз ету (ссуданы қайтару үшін нақты жағдайлар жасау).

Несие беру жүйесінің толық көріну позициясы тұрғы­сы­нан жоғарыда атап көрсетілген элементтердің тұтас­тық­та қатысуы маңызды болып саналады.

Несие беру субъектілері несие формасына қатысты анықталады. Несие қатынастарында бұл міндетті түрде несие беруші мен қарыз алушы болып табылады. Өзінің уақытша бос қаражаттарын қарыз алушының иелік етуіне белгілі бір мерзімге берген тұлға (жеке және заңды тұлға) несие беруші болып саналады. Қарыз алушы – бұл кейін қайтару арқылы ссуданы мерзімінде алатын несие қатынастарының тараптары. Несие процесінің субъектілері болып мыналар қатысады:

1. Мемлекеттік несие – мемлекет және халық; мем­лекет және банктер, кәсіпорындар; банк және мемлекет.

2. Коммерциялық несие – шикізат пен тауарларды жеткізушілер және тауарларды сатып алушылар.

3. Тұтыну несиесі – банк және халық; сауда формалары және халық. Банк делдал болып қатыса алады.

4. Халықаралық несие – кез келген банк, мемлекет, кәсіпорын атынан шетел өкілі (субъект) қатысады.

5. Банк несиесі – банк және кәсіпорындар; банк және жеке кәсіпкер.

Несиенің әрбір формасына қарай несие қатынастары субъектілерінің, олардың мүдделері мен жүзеге асыру тетіктерінің ерекшеліктері болады.

Банк несиесі делдалсыз әрқашанда екі субъектінің болуын болжайды. Банк – несие беруші, ал барлық үлгідегі және барлық меншік нысандарындағы кәсіпорындар мен жеке тұлғалар – қарыз алушы ретінде қатысады. Сонымен бірге, банктердің (коммерциялық) өздері баланс пассиві бойынша әртүрлі кәсіпорындардың, фирмалардың, жекелеген адамдардың (салымшылардың), мемлекеттің ақша қаражаттарын (капиталын) тарта отырып, қарыз алушыларға айналады. Сондықтан «банк – несие беруші», «банк – қарыз алушы» болып ара жігі ажыратылады.

Банк несие беруші болып қатыса отырып, өзінің толық сеніміне кірген қарыз алушыларды таңдап алады және бұл банк заңдылықтарының барлық ережелеріне сай болып саналады.

Нарықтық қатынастар жағдайындағы несие беру кезінде төмендегідей несие беру субъектілерін топтастыру дұрыс болып табылады:


  • мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдар;

  • кооперативтер;

  • акционерлік қоғамдар (компаниялар), фирмалар, бірлескен кәсіпорындар;

  • халықаралық бірлестіктер мен ұйымдар;

  • кәсіпкерлік қызметпен айналысушы азаматтар;

  • жеке тұлғалар (тұтыну қажеттері үшін жұмыскерлер);

  • өзге банктер.

Несие беру жүйесінде элементтердің тағы бірі – несиелердің түрлері бөліп көрсетіледі. Несие беру субъек­ті­сіне, нақты несие қатынастарын айқындауға қатысты: ақ­ша формасындағы (түріндегі) несиелер, тауар формасын­дағы несиелер, кепілдікке несие беру, бланкілік несие беру, несие мерзімдері бойынша несие беру, есептен шығару мен ақшаларды аудару формалары бойынша несие берудің ара­жік­тері ажыратылады.

Несие беру объектілері – бұл несие беру жүйесінің маңызды элементі болып табылады. Несие беру объектісі несиенің барлық формалары түрінде қатысады. Несие беру объектісі оның материалдық, еленушілік (осязаемость) жағдайындағы затты ғана емес, сонымен бірге оның үзбеліксіз жұмыс істеуі мен жеделдігін қамтамасыз ету жолында ссуда алуға несие келісімдерін жасау қажеттілігін туғызатын тұтастай материалдық процесті білдіреді. Кәсіпорынның меншікті қаржысы мен түсетін түсімдері (кірістері) ағымдағы несие алдағы төлемдерді жүзеге асыру үшін жеткіліксіз болғанда, төлем айналымындағы уақытша айырмашылық объекті болып қатысады. Айырмашы­лық­тың себептері объективтік сипатқа ие болуы мүмкін, дегенмен өмірдегі ақшаға деген қажеттілік кәсіпорынның (өзге субъектінің) пайдалы емес және тиімсіз қызметінен де болуы мүмкін.

Несиені қамтамасыз ету несие процесін тұрақты да­мы­тудың негізі болып қатысады. Қамтамасыз етудің: ті­ке­лей, жанама, қамтамасыз етуге ие емес түрлері болады. Қам­тамасыз етудің несиені мақсатты пайдалануға және оны уақытылы қайтаруға әсерін тигізеді. Банк тәжі­ри­бе­сін­де қамтамасыз етілген, қамтамасыз етілмеген және жар­ты­лай қамтамасыз етілген ссудалардың ара жігі ажыра­ты­лады.

Бүкіл әлемдегі дамыған банк операцияларының несие беру кезіндегі несиемен қамтамасыз етуге деген көзқа­рас­тары әртүрлі. Мәселен, қарыз алушыны материалдық тұр­ғы­дан қамтамасыз ету ссуданы қайтаруға ықпал етпейді. Керісінше, қарыз алушы несие берушінің үлкен сеніміне ие болған кезде оның қаржылық беделі, несие алу мәдениеті жоғары болады, яғни банк несиесімен, сол сияқты несиенің басқа формасымен бірінші сыныпты қарыз алушыға бері­ле­тін несиелер әрқашанда қайтарылуға жатады және қай­та­рылатын болады. Қамтамасыз етілмеген несиелерді беру мүмкіндігі несие беруді жоғары деңгейде ұйымдастырған жағдайда, несие беруші мен қарыз алушы арасында үлкен се­нім орныққан кезде болады. Соған қарамастан қам­та­ма­сыз ету несие берудің басты элементі болып қала береді.

Несие беру жүйесінің негізгі элементтері: субъек­ті­лер­ді, объектілерді және несиені қамтамасыз етуді қарау олардың міндеттелігін және оны тануды көрсетеді. Несие берудің жалпы ұйымдастыру – экономикалық негіздерін­де­гі несие беру жүйесі, өзіне несие қатынасының субъекті­лері, несие беру объектілері, несиелердің түрлері, несие беру әдістері мен ссудалық есеп шоттардың формалары, несие құжаттамалары, несиенің қайтарылуын бақылауды енгізеді.
4.2. Банк несиесі және несие беру қағидалары
Банк несиесін беру кезінде банктер мен әртүрлі қарыз алушылар арасындағы өзарақатынастар айқындалады. Банктер несие берушілер ретінде бірінші кезекте банктегі өз есеп шоттарында ақша ұстаушыларға тәуелді болады, бұдан көзделетіндей, клиенттерге несие беру процесі қарыз алушы – клиенттің мүддесіне қарсы болмайды.

Өндірістік айналым қорлары мен айналым, өндірістік қорлардың бөлігі кәсіпорындар мен ұйымдардың міндеттемелері түрінде банктің несие беру объектісі болып қатысады.

Банк несиелері несие беру объектісіне қатысты қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік болып бөлінеді. Олардың элементтері болып мыналар қатысады:


  • Қысқа мерзімдік несие беру кезінде – шикізат, негізгі және қосымша материалдар, отын, тары, аяқталмаған өндіріс, дайын өнім, есеп айырысу құралдары. Осыған орай көрсетілген элементтер әртүрлі салаларда өзінше көрінеді. Бұл - өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, дайындау, сауда және т.б.

  • Ұзақ мерзімдік несие беру кезінде қарыз алушы­лар­дың әртүрлі топтарының объектілері болып өндірістік объектілердің құрылыстары, жұмыс істеп тұрған қуаттар, қайта құру мен жаңарту, техникалар мен жабдықтар, көлік құралдарын алу, өндірістік емес мақсаттағы объектілер құрылысы және т.б. қатысады.

Банк несиесі объектіге қатынасы бойынша несие беру кезінде жеке немесе жиынтық түрде болады. Жеке несие беру тек қана қорлар (материалдар, отын, тара, дайын өнім), шығындар – бұл жеке объекті саналады. Несие көптеген объектілерді кепілге қоя отырып берілсе, онда жиынтық объекті болып саналады.

Банк несиелері меншік нысандарына қатыссыз түрде ауылшаруашылық, сауда, көлік кәсіпорындарын қамтиды.

Банк несиелерін беру, қаржылардың заңды қозғалысын қамтамасыз етуге шақырылған белгілі бір қағидаларға негізделеді. Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы өзара қатынастар негізінде несие беру қағидаларын елемеушілік ссудалардың қайтымдық негізін бұзады.

Несие беру қағидалары несиенің маңызы сияқты тұрақты және объективті.

Экономикалық әдебиеттерде банк несиелерін беру қағидалары мынадай түрде топтастырылады:


  • жалпы экономикалық:




ссуданың мақсатты ба­ғыт­­та­луы;

жеке тұрғыдан қарасты­ры­лу­ы.



  • ерекшелікті, несиенің

ма­ңы­зын көрсетуші:

қайтарудың жеделдігі;

материалдық қамтамасыз етушілік;

несиенің ақылы болуы.


Мақсатты бағыттаушылық, қағида ретінде, өзін шаруашылық операцияларына алынатын ссудаларға нақты салымдар жасау арқылы (тауарлар сатып алу, шикізат, материалдар алу, отын, ыдыс (тара) сатып алу, ақша қаражаттарының жетіспеушілігін жабу және т.б.) көрсетеді. Қысқа мерзімдік және ұзақ мерзімдік банк несиесін алушылар банк ссудасын қайтаруды қамтамасыз ететіндей өз мақсатына пайдалануы тиіс.

Жеке тұрғыдан қарау қағидасы қарыз алушылардың несие төлеу қабілеттілігіне қатысты банктердің әртүрлі көзқарастарын (келістерін) болжайды. Аталмыш қағида банк пен клиент бір-бірін іздеп тауып өзара келіссөздер жүргізе бастаған несие беру процесінің бастапқы сатысында өзін көрсетеді. Банк- несие беруші нарықтағы кәсіпорындар мен фирмалардың жеке адамдардың қаржылық тұрақтылығын зерттеу негізінде тұрақты қарыз алушы-клиенттерді іріктейді. Өз қарыз алушыларын іріктеу кезінде жеке тұрғыдан келу көзқарасы банк үшін тәуекел дәрежесін төмендетеді.

Несиені қайтарудың жеделдік қағидасы бүкіл несие сомасын шаруашылық процесіне салу мен қосымша қар­жыларға деген қажеттілікті қанағаттандырғаннан кейінгі қарыз алушының банктен алған нақты ссудасын қайтару арқылы көрінеді. Аталмыш қағиданың мерзімі бар, яғни банктен алған сәттен бастап оны толық қайтарған кезге дей­інгі ссуданы пайдалану кезеңі. Осыған орай ссуданы қайтару, қорлар айналымының, нақты келісімдердің (опе­ра­циялардың) аяқталуы нәтижесінде шаруашылық айналы­мы­нан ақша қаражаттарын босату есебінен қамтамасыз етіледі.

Несие берудің материалдық қамтамасыз етушілік қа­ғидасы материалдық құндылықтардың қозғалысы про­це­сін­де, кәсіпорындардағы (қарыз алушылардағы) шығын­дар­ды жабу кезінде көрінеді. Банк ссудасын қарыз алушы жайдан-жай алмайды, ол материалдық өнімді жасауға және оның қозғалысына бағытталуы тиіс. Өндіріс процесінде қарыз алушы – клиенттер қай салаға жата­тындығына қарамастан несиемен қамтамасыз етілгендігі үшін банктің алдында айрықша жауапты болады.

Несие берудің ақылылық қағидасы – бұл қарыз алушының уақытша қажеттіліктерді жабуға ссуданы нақты пайдаланғаны үшін сыйақы (белгілі ақы) төлеу жағдай­ла­рын сақтауы болып табылады. Несие мен пайыз бір-бірі­нен ажырағысыз, ал ссудалық пайыз ставкасы – бұл өзіндік үлгідегі несие бағасы. Банктер экономикалық ахуалға, қарыз алушылармен өзарақатынас сипатына, тәуекел дәре­же­сіне, ссуданы қайтару мерзімдеріне, нарық жағдайын­дағы пайда қалыптарына қарай отырып, орталық банкпен реттелетін ставкалар (қайта қаржыландыру став­ка­сы) шегінде несие үшін сыйақы ставкаларын белгілейді. Ақылылық қағидаларын сақтау қарыз алушы үшін қо­лай­лы екендігін растайды, кіріс алу кезіндегі банктің мүддесін нығайта түседі.

Несие берудің жоғарыда атап көрсетілген қағидалары өзара байланысты болып табылады және нақты тәжірибеде банктер сыйақы алу (несие үшін пайыз ставкасы бойынша) түрінде қайтару және кіріс алу арқылы мақсатты қамта­ма­сыз етілген несиелерді беруге бағытталған аса ауқымды жұмыстарды жүзеге асырады.
4.3. Несие беру әдістері және ссудалық есеп шоттардың формалары
Несие беру әдістері несие беру қағидаларына сәйкес несие беру мен қайтарудың тәсілдерін көрсететін несие беру жүйесінің маңызды элементі болып қатысады. Несие беру әдістері көптеген елдердің ұзақ уақыт бойғы банк тәжірибесінен алынған, негізінен дәстүрлі, сонымен бірге түрін өзгертіп, жетілдіріліп отырады.

Отандық тәжірибеде нарықтық қатынастарға көш­кен­ге дейін банктік несие беруде негізінен: қалдық бойыша жә­не айналым бойынша берілетін несиенің екі түрі болды. Ел­дің нарықтық қатынастарға көшуімен және коммер­ция­лық банктердің жаңа жағдайларда жұмыс істеуімен несие беру әдістеріндегі белгілі бір өзгерістермен байланысты жаңа көзқарастар пайда болды.

Тұтастай алғанда несие берудің отандық тәжіри­бе­сін­де несие берудің айналым, қалдық бойынша берілетін әдіс­те­рін, айналым-қалдық әдістерін, ірілендірілген объек­ті­лер­ге (айналым қаржыларындағы жиынтық қажеттілікке) ай­налым арқылы несие беру әдістері мен нақты қарыз алу­шыға жеке тәртіпте несие беру әдісін және несие бағыты негізінде несие беру әдістерін бөліп көрсетуге болады.

Айналым бойынша несие беру несие беру объекті­сі­нің қозғалысын қамтиды. Несие қарыз алушылардың шығындарына оның ресурстары босатылған сәтке дейін алдын ала төлем жасайды. Ссуданың көлемі ссудаға деген объективті қажеттілік бойынша өсіп отырады және ол осы қажеттіліктердің төмендеген кезінде қайтарылады. Несие беру шаруашылық келісімдері (материалдық құндылық­тарды сатып алу, шығындарды жабу) үшін төлемдерді арнайы ссудалық есеп шоттан төлеумен байланысты болса, ал несиені қайтару есеп шотқа ақшаның түсуіне қарай жүзеге асырылды.

Қалдық бойынша несие беру – бұл кәсіпорынның жұм­саған шығындарын меншікті қаржы көздерінен жаба отырып, жеке алынған объектілер бойынша нақты қам­та­масыз етуге беру болып табылады. Несие, сондай-ақ тауар – материалдық құндылықтарға (шикізат, материалдар, отын, ыдыс (тара және т.б.)) беріледі.

Айналым – қалдық (сальдолық) әдісі бірінші кезеңде не­сиені қажеттілік бойынша беруді, ал екінші кезеңде бо­са­ты­латын ресурстардың көлемімен сәйкес келмеген кезде қай­тарылатын айналым және қалдық бойынша беруді үй­лес­тіреді. Несие алғашқы бетте тауар мате­риал­дық құн­ды­лық­тар мен шығындар айналымының бастапқы сатысында беріледі, содан соң оны қайтару банк алдын­да­ғы клиенттің шұғыл міндеттемелерінің қалдық­та­ры не­гі­зін­де жүргі­зі­ле­ді.

Айналым бойынша несие беру біртұтас жүйеге келті­ріл­ген кесте бойынша ірілендірілген объектілерге несие беруге көшумен байланысты оның алдындағы әдістермен салыстырғанда неғұрлым жетілдірілген болып саналады. Бұл әдістер біздің елімізде банк жүйесін реформалауға 80-ші жылдардың ортасы мен 90-шы жылдардың басында қолданыла бастады. Аталмыш әдіс жағдайында айналым бойынша несие беру күшін бұрын анықталған жоспарлы көлемнің шегінде қорлар мен өндіріс шығындарының жиынтығы бойынша несие беру формасын қабылдады. Тәжірибе жүзінде бұл әдіс бүкіл сала үшін ілгері әдіс деп танылып, соңғы уақытқа дейін сақталып келеді.

Банк несиесін берудің шетелдік тәжірибесі қазіргі кезеңде нарықтық коммерциялық құрылымдарға қатысты отандық банктер қолданатын екі әдісті бөліп көрсетеді:

1. Жеке тәртіпте несие беру әдісі бұл – несие төлеуге қабілетті қарыз алушыны іріктеп алғаннан кейін, банктің несие саясаты негізінде қаржыға деген белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін нақты мерзімге банктің беретін шұғыл (жедел) ссудалары.

2. Ашық несие бағыты әдісі банктің қарыз алушы үшін күні бұрын белгіленген несие беру лимиті шегінде беретін және белгілі бір кезең ішінде оның талап еткен төлем құжаттарын төлеу жолымен қажеттілігіне қарай пай­да­ланатын әдіс. Бұл несие есебінен, клиент пен банк ара­сын­да жасалатын несие келісімінде қаралған кез келген есеп айырысу – ақша құжаттарына төлем жасауға мүм­кін­дік береді. Әдетте несие бағыты бір жылға ашылады. Қа­рыз алушы лимит шегінде және несие бағыты кезеңінде қо­сым­ша келіссөздер жүргізбестен ссудалар ала алады, осы­ған орай банк қарыз алушының қаржылық жағдайы мен беделін де қадағалап отырады. Несие шарты жағ­дай­ла­рының бұзылуы және қаржылық жағдайдың нашарлауы кезінде банктің несие бағытын жабуға құқығы бар.

Қазіргі банк тәжірибесінде қалпына келтірілетін және қалпына келтірілмейтін несие бағытының ара жігі ажыра­ты­лады.

Отандық тәжірибеде қолданылатын соңғы екі әдісті дәл айқындау көзделеді, бұл әдістер әрбір клиентке жеке тұрғыдан келуді, әлеуетті қарыз алушылардың ссудаға деген қажеттілігі мен нарықты зерттеуді талап етеді.

Банк тәжірибесіндегі несие беру әдістері қарыз алу­шы­ларға ашылатын ссудалық есеп шоттардың формасын айқындайды. Несие беру және оны қайтару ссудалық есеп шоттардың жағдайын толық сипаттайды. Ссудалық есеп шоттарда банк алдындағы қарыз, жаңа ссудалар беру, берешектерді қайтару көрсетіледі. Ссудалар беру дебет есеп шоты бойынша, ал қайтару – кредит есеп шоты бойынша жүзеге асырылады.

Ссудалық есеп шоттар жеке таңдап алынған объектіге бір жолғы ссуда беру кезінде пайдаланылады, ал ссуданы қайтару шұғыл міндеттемелер бойынша жүргізіледі. Әрбір клиентке (кәсіпорынға) ссудалық есеп шоттар әртүрлі жағдайларда әртүрлі үлгіде (типте) ашылуы мүмкін.

Жоғары рейтингке ие және несие төлеу қабілеті тұ­рақ­ты, бірінші сыныпты қарыз алушылар ашатын кон­то­кор­рентті есеп шоттар бар. Есеп шоттағы несие қалдығы (саль­досы) кәсіпорынның айналымда меншікті қаржысы­ның бар екендігін, ал дебет қалдығы (сальдосы) – айна­лым­ға банк несиесін қатыстырудың қажеттігін білдіреді.

Қазіргі кезеңде Қазақстан банктерінің алдында несие беру әдістері мен сссудалық есеп шоттар формаларын таңдау міндеті тұр, дегенмен несие берудің жоғарыда келтірілген әдістері мүлде жоғалып кетпейді, кейбір өзгерістерге түсе отырып, олар да қатысады, сонымен бірге жаңа көзқарастар да пайда болуы мүмкін. Мысалы, әртүрлі тәртіпте пайдаланылатын қарапайым ссудалық есеп шоттар артықшылықты болуы мүмкін, сол сияқты контокоррентті есеп шот өзін жақсы қырынан көрсете білді, сонымен бірге шектеулі болып саналады.


4.4. Коммерциялық банктердің несие саясаты
Коммерциялық банктердің несие саясаты нарықтық қа­тынастар жағдайында несие беру тәжірибесін жетілдіру, банк ссудаларының қайтарылуын қамтамасыз ету, банк­тер­дің тәуекел шығындарын жоюы мақсатында жасалады.

Коммерциялық банктер несие саясатының жалпы қа­ғи­даларын (меморандум) әзірлеп-жасайды, оның басты мақсатын және несие берудің негізгі бағыттарын қалып­тас­ты­рады. Банктер тәуекелге жол бермеуге, сапалы несие қоржынын қалыптастыруға мүдделілік танытады.

Несие саясаты несие беру және ресімдеу, оны басқаруға жауап беретін стандарттар мен параметрлерді анықтайды. Ақылды несие саясаты несие қатынастарын дамытуға арналған несие стратегиясы мен тактикасын жасаудағы директорлар кеңесі мен несие бөлімі қызметкерлерінің дұрыс әрекетін атап көрсетеді. Банктің айқын несие саясаты несие тәуекелдерін дұрыс басқаруда негізгі бағыт сілтеуші болып саналады.

Коммерциялық банктер ішкі несие саясатын жасау кезінде белсенді болуға тиісті, өйткені несие операциялары банктердің негізгі қызметі болып қатысады.

Несие саясатын анықтау кезінде несие стратегиясын клиенттердің құрамы ретінде, сол сияқты оларға берілетін ссудалардың (көрсетілетін қызметтердің) спектрі ретінде ұйымдастыру көзделеді. Банктің несие саясатының мақсаты құқықтық реттеудің белгілі бір элементтерін, қаржыларды алу мүмкіндігін, рұқсат етілетін тәуекел дәрежесін, несие қоржынының балансын қамтуы тиіс.

Банк тәжірибесінде несие саясатына мыналар өз әсерін тигізеді: капиталдың болуы, ссудалардың жекелеген түрлерінің тәуекел дәрежесі, депозиттердің тұрақтылығы, ссудалардың пайдалылығы, жалпы экономикалық ахуал, банк қызметкерлерінің тәжірибесі, банктен қарыз алушы­лар­дың несиені қажетсінушілігі, банкті басқарудың сапасы және т.б.

Несие саясатын айқындау кезінде директорлар кеңесі мен банктің жоғары деңгейдегі қызметкерлерінің алдында жол беруге болатын тәуекел деңгейі мен банктің кірістілігін анықтау қажеттілігі туындайды. Кез келген коммерциялық банктің несие саясатында өзі қызмет көрсететін ауданның (аймақтың) несиеге деген қажеттілігін қанағаттандыруы аса маңызды болып табылады, олай болмағанда банк өз мағынасын өзінен өзі жоғалтады.

Коммерциялық банктің несие саясатының негізгі элементтері саналатындар: қызмет жасау ауданы (жағра­пия­лық бағыты), несие түрлері мен саланы (клиенттерді) таңдау, қолайлы түрде қамтамасыз ету мен несие төлеу қа­бі­леті, ссуданы қайтару мерзімдері және олардың тәуекел­мен өзарабайланысы, банктің өтімдігі, несие берудің ең жоғары шектен асып кетуі, есеп шоттағы өтемақы қал­ды­ғы, қарыз алушыға ссудалар берудегі банк міндеттемесі, ссуда қоржынының көлемі.

Коммерциялық банктердің несие саясаты банк ме­недж­ментінің маңызды бағыттарының мазмұнын ашатын мынадай жағдайлар арқылы қалыптасады:

1. Несие қоржынын қалыптастырудағы банктің мақсаты (несиелердің түрлері, қайтару мерзімдері, несие көлемі, несиелердің сапасы);

2. Несие комитетінің (қызметкерлердің) несиенің ең жоғары сомасы мен түрлерін анықтауға өкілеттігі;

3. Қызметкерлердің міндеттері және ақпараттар беру, тексеру, бағалау және клиенттердің несиеге тапсырыстары бойынша шешімдер қабылдаудағы олардың құқығы;

4. Несие процесі үшін қажетті құжаттардың жиыны (қаржылық есеп, шарттар, кепілдіктер, міндеттемелер және т.б.);

5. Қабылдау ережесі, бағалау және несиемен қам­та­ма­сыз етуді жүзеге асыру;

6. Пайыздық ставкалар саясатын сипаттау, ставкалар мен комиссияларды белгілеу, несиелерді қайтару жағдай­ла­ры;

7. Несиелер сапасының стандарттарын, несие салым­да­ры­ның ең жоғары мөлшерін сипаттау, проблемалық несие­лерді анықтау және талдау.


Түйін
1. Несие беру – бұл нәтижесінде несие берушіден қарыз алушыға дейін берілетін ссуданың қозғалысын білдіретін процесс.

2. Тауар-материалдық құндылықтар, аяқталмаған өндіріс шығындары, есеп шоттардағы ақша қаражаттары тү­ріндегі өндірістік айналым қорлары мен айналым қор­ла­ры­ның құрамды бөліктері банктің несие беру объектілері болып саналады.

3. Коммерциялық банктер, мемлекеттік, жеке меншік, бірлескен, акционерлік кәсіпорындар мен тұрғын халық несие қатынастарының субъектілері болып қатысады.

4. Банк ссудалары: қарыз алушылардың типтері, пайдалану мерзімдері, қамтамасыз ету сипаты, пайдалану жағдайлары бойынша жіктеледі.

5. Банк несиесін берудің қағидалары – қайтымдылық, ақылылық, жеделдік, мақсатты бағыттаушылық, жеке тұр­ғы­дан келушіліктен тұрады.

6. Несие берудің қалдық, айналым, қалдық айналым, ашық несие беру бағыттары сияқты әртүрлі әдісі өмір сүреді.

7. Несие беру әдістері: ашу мақсаттары және айна­лым жасаумен өзарабайланыс бойынша контокорренттік ссудалық есеп шоттардың формаларын байланыстырады.

8. Банктің несие саясаты: меншікті капиталдың бо­луы, активтердің сапасы, банктің кірістілік деңгейі, эко­но­ми­каның жалпы жағдайы, несие ресурстарына сұраныс пен ұсыныс сияқты факторлармен айқындалады.


Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар


  1. Айналым жасауға қатысу сипаты бойынша несие объектілері ... бөлінеді:

а) бүкіл айналымға

ә) өндіріс процесіне

б) айналым аясына

в) жекелеген сатыларға

г) жоғарыда айтылғандардың бәріне


  1. Банк несиесінің мақсатты бағытталушылығына байланысты неғұрлым тиімді көрінетіні:

а) қозғалмайтын мүлікті сатып алуға жұмсалатын ссудалар

ә) қарызды қайтаруға ақша ссудалары

б) жөндеу жұмыстарын жүргізуге жұмсалатын капитал ссу­да­сы

в) өндірісті дамытуға жұмсалатын капитал ссудасы

г) тауар қорын жасауға жұмсалатын ссудалар.


  1. Контокорректті есеп шот – бұл:

а) басқа банктің есебінен тапсырма бойынша басқа бір банктің жүргізген есептері көрсетілетін есеп шоттар

ә) алуан түрлі қажеттіліктер бойынша төлем құжаттары арқылы төлеуге мүмкіндік алатын клиенттің есеп шоты

б) алынған несиелер бойынша банкте клиент қарызы көр­се­тілетін есеп шот

в) интенсивті төлем айналымы кезінде сауда мен өнер­кә­сіп­тің маусымдық салаларында қолданылатын есеп шоттар

г) активті – пассивті есеп шоттар.


  1. Қарыз алушының жеке сеніміне ғана негізделген несие ... деп аталады:

а) аукциондық несие

ә) банкілік несие

б) бюджеттік несие

в) ипотекалық несие

г) ломбардтық несие


  1. Несие саясаты – бұл:

а) сенімді несиелер берудегі банктің мақсатты бағытталған стратегиялық қызметі

ә) банк туралы, несие дәрежесі туралы жалпы ережелерден тұратын құжат

б) несие қоржынының сапасын бақылау

в) қайтарылмаған ссудаларды өндіру мәселелері

г) коммерциялық банктің рейтинг жүйесі.

5 - ТАРАУ. НЕСИЕ БЕРУДІ ҰЙЫМДАСТЫРУ

Тараудың мақсаты – коммерциялық банктердің несие қызметінің тәжірибесінде бекіген несие беруді ұйым­дас­ты­рудың негізгі ережелерін анықтау. Несие беруді ұйым­дас­тыру мәселелерін қысқа және дәл жүйелеу оның мін­дет­тері болып саналады.
Әдебиеттер: Ә-6; Ә-8; Ә-9; Ә-30.
5.1. Несие операцияларының сипаты
Несие операциялары коммерциялық банктердің ак­тив­­ті қызметінің негізін құрайды, өйткені оны табысты түр­де жүзеге асыру кіріс әкеледі, банктердің сенімділігі мен тұрақтылығын арттыруға әсерін тигізеді, ал олардың ке­дейленуі мен банкроттыққа ұшырауы несие берудегі сәт­сіз­діктерге әкеліп соғады;

Екіншіден, банктер елдің экономикасын дамытуға ба­ғытталған инвестицияларға несие беру үшін меншікті және тартылған ресурстарды шоғырландыруға шақырылған;

Үшіншіден, бұл қызметті табысты жүзеге асырған кезде оның барлық қатысушыларына – несие ұйымдарына, қарыз алушыларға және тұтастай түрде қоғамға пайда әкеледі.

Несие операциялары – бұл несие берушінің қарыз алушыға ақылы, жеделдік, қайтарушылық, қамтамасыз етушілік жағдайларында ақша қаражаттарының белгілі бір сомасын беру бойынша қатынасы.

Қайтарушылық түрінде қарыз алушының несие беру­ші­ге келісімде көрсетілген негізгі қарыз сомасын міндетті түрде төлеуі түсіндіріледі. Бұл ерекшелік несиені тауар-ақша қатынастарының басқа экономикалық категория­ла­ры­нан өзгешелеп тұрады. Қайтарушылық – несиенің негізгі белгісі болып саналады.

Банк несиесінің ақылы болуы несие беру кезінде банктің көрсететін қызметінің өтелетін сипатына негізделеді. Банк ссуда бергені үшін, негізінен, сыйақы түрінде белгілі бір ақы алады. Оның мөлшерін несие шарты бойынша тараптар белгілейді.

Несие берушіден жедел несие беру жағдайында алынған қаржыларды қайтарудың алдын ала көрсетілген мерзімдері түсіндіріледі. Яғни жеделдік – оны бұзу белгілі бір санкциялар қолдануға әкелетін несиені қайтарудың уақытша айқындығы. Несие беру мерзімі ссудалық қаржылардың қарыз алушының иелігінде болуының шекті мерзімі болып саналады.

Банк несиесін берудің жоғарыда атап өткен қағида­ларына (жағдайларына) тағы несиенің қайтарушылығын қамтамасыз етуді қосуға болады.

Қамтамасыз ету – бұл кепілге беру, банк кепілдері, сақ­тандыру және заңдылықтармен, сондай-ақ әріптестер ара­сындағы шартпенен қаралған өзге де тәсілдердің кө­ме­гімен жүзеге асырылуы мүмкін банк несиесін қайтарудың тәсілі.

Банк несиелері келесі белгілер бойынша жіктеледі:

мақсатты белгіленуі бойынша (тұтыну, сауда, ауыл­ша­руашылық, инвестициялық және т.б.);

қайтару мерзімдері бойынша (қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді);

қамтамасыз етушілік дәрежесі бойынша (қамтамасыз етіл­ген және қамтамасыз етілмеген);

пайыздық ставкалар түрлері бойынша (пайыздық ставкасы белгіленген және пайыздық ставкасы өзгеріп отыратын несиелер).


5.2. Банктің қарыз алушылармен несиелік қатынасы және несие шартының рөлі
Банктің несие берудегі делдалдық қызметі толық көрінген кезде нақты экономикалық өмірдегі банктің рөлін көрсетеді.

Нарықтық экономика кезінде коммерциялық (іскер­лік) банктер несиелік қатынасын көптеген клиенттермен байланыста құра отырып, күрделі мәселелерді шешеді. Осылардың барлығы несие берудің аса ауқымды процесі арқылы жүзеге асады.

Несие беру – сауда, кәсіпкерлік қызмет пен пайда та­бу­ды қамтамасыз ететін банктердің маңызды операция­ла­ры болып саналады.

Несие беру теориясы мен тәжірибесінде банктің қа­рыз алушылармен өзарақатынасының жалпы негіздері мен қағидалары, терең психологиясы бар екендігін әлемдік тәжірибе дәлелдейді. Несие беру: субъектілердің несие бе­ру процесіне қатынасы; несие берушілер мен қарыз алушы­лар­дың өзарақатынасы; несие ресурстарының жеткілік­ті­лігі; қарыз алушылардың ссудаларды пайдалануы; қарыз­дардың болуы сияқты көптеген проблемаларды қамтиды.

Банк қарыз алушырмен несие қатынастарын орнату үшін клиенттің несиеге деген нақты қажеттілігінің пайда болуына сенімді болуы тиіс. Клиенттің несиеге объективті қажеттілігін білу және несиені қарызға, тек субъективтік қажеттіліктерді қанағаттандыру жағдайы үшін беру несиелік өзарақатынастардың беріктігін және ссудаларды қайтару мүмкіндігін көрсетеді.

Коммерциялық банктер қарыз алушыларға несиелер бе­ре отырып, тәуекелге барады, сондықтан несие беру про­це­сінің маңызы ссудаларды берудің техникалық ережесін жиынтық түрде орындау және бақылау мен мерзімінде қай­та­рудан ғана тұрмайды, сонымен бірге несие беруші мен қа­рыз алушының міндеттемелері бойынша әрбір нақты жағдайда шешімдер қабылдауды да білдіреді.

Нарықтық ортада несие беру бизнесі тұрғысынан отандық банктер үшін ендігі жерде талдау техникасы мен несие беру процедурасы емес, ең негізгі болып кең ауқымды пайымдау мен ұтымды шешімдер қабылдай білу қатысады. Сонымен бір мезгілде несие беру жағдайы өзіне несие беру үшін қарыз алушы орындауы тиіс талаптарды да енгізеді.

Банк клиенттің қаржылық орнықтылығы мен эконо­ми­калық тұрақтылығын зерттеп, несиеге деген қажеттілікті қарай отырып, оның экономикалық негізділігін, берілген деректердің сенімділігін ескереді. Қарыз алушының қарыз­ды несие шартында көрсетілген жағдайларға сәйкес қай­та­ру­ға қабілетті және дайын екендігіне сенімді болу үшін, ссу­даға қатынасы бойынша клиенттің өз ісіне жауап­ты­лы­ғын, қарыз алушының беделін, рентабельділігін; ссуданы қамтамасыз етуін; экономикалық конъюнктураны ескереді.

Банк қарыз алушыға несие беру процесі басталмай тұрып тәуекелді жою немесе оны төмендету мақсатымен әлеуетті қарыз алушыға талдау жасайды. Банктің бұл мақсаттағы міндеті клиенттің несие төлеу қабілетін анықтауға бағытталған.

Әлеуетті қарыз алушының несие төлеу қабілеті туралы дұрыс қорытынды жасаған жағдайда, банк несие шартының жағдайларын әзірлеуге кіріседі. Бұл кезең ссуданы құрылымдау деп аталады, банк аталмыш процесс кезінде: несие мақсатын, сомасын, қайтару тәртібін, ссудалардың мерзімін, қамтамасыз етуді, несие бағасын, өзге де жағдайларды анықтайды.

Нарықтық экономика жағдайында ссуда беруші мен қарыз алушы екі жақ та бірдей мүдделілік танытқанда ғана банктің несие қатынастары дамитын болады. Бірінші тарап, яғни несие беруші (банк) өзінің несие беру бизнесін дамыта отырып, ссуданың пайыздармен қоса мезгілінде қай­тарылуын қалайды. Ал қарыз алушы ссуданы ала оты­рып, оны қызмет процесіндегі қажеттіліктерді қанағаттан­ды­руға бағыттайды.

Дамушы елдердің банк жүйесіндегі несие беру бизне­сі несиені басқарудың келесідей негізгі ережелерін қамти отырып, көптеген жылдар ішінде өзін берік бекітті деуге болады. Ол ережелер бойынша:



  • банктің несие қабілеті (несие беру қабілеті) ка­пи­тал­дың жеткіліктігі мен өтімділігіне негізделген. Банк ақша іздейді, орта ставкаларды қайта қар­жы­лан­дыру ставкаларымен (рефинансирование), банк­­аралық несиелер бойынша ставкалармен са­лыс­­тыра отырып, депозиттердің тартымдылығын тал­дайды. Несие беруді қымбат ресурстар есебі­нен дамыту банкке пайдалы емес;

  • қарыз алушының бизнестегі бағытын, клиенттің өн­дірістік мүмкіндіктерін білуді талап ететін не­си­е­лерді шоғырландыру банк үшін маңызды мәселе. Бұл жерде негізгі шешімді қабылдау банктің жоғары шенді қызметкерлерінің үлесіне қалады;

  • несие беру өкілеттігі банктің несие саясатын жүргізу әрекетін қамтиды. Несие беруге қатысы бар (орындаушыдан бөлімнің меңгерушісіне дей­ін, директорлар кеңесі) банктің әрбір қызметкері несие беру процесін жылдамдатуы; несие тәуе­ке­лін азайтуға жұмыс істеуі тиіс.

Қызметкерлердің өз өкілеттіктері мен міндеттерін білуі маңызды болып саналады:

  • банктердің тиісті комитеттеріне, өзінің міндеттері шеңберінде клиенттермен келіссөздер жүргізетін, несие беру жағдайын, несие бағасын, қайтару мер­зімдерін анықтайтын аға қызметкерлерге келіс­сөз­дер жүргізуге өкілеттіктер берілген;

  • келіссөздер жүргізу кезінде банктің шешім қа­был­да­уына мүмкіндік бере отырып, құжаттама тәуе­кел­ден қорғауды қамтамасыз етеді. Қаржылық жә­не заңдық құжаттамалар несие беру процедура­ларын белгілеу үшін негіз болып қатысады;

  • бекіту (процедура) қарыз алушыға несие беру тәртібін аяқтайды. Несие комитеті несие берілуін мақұлдайды және оның сомасын анықтайды.

Банктің қарыз алушылармен несие қатынасы әлемдік тәжірибеде өзіне клиенттің несие туралы өтінішінен бастап, несиені толық қайтарғанға дейінгі аралықты қамтитын қадамдарын (10-16) енгізеді. Бұл мәселелер оқу әдебиеттерінде жеткілікті түрде қарастырылады.

Коммерциялық банктердің несие саясатын жүргізу мақсатында қарыз алушыға несие беру кезіндегі несие шарттарын жасауы маңызды процесс болып саналады.



Несие шарты – бұл несиеге қатынасы бойынша әрбір тараптың құқықтары мен міндеттері ескертілетін банк пен қарыз алушылар арасындағы контракт. Несие шарты қарыз алушының қаржылық жағдайын ұстап тұру немесе жақ­сар­ту; банктің мүддесін қорғай отырып, ақша қаражатының қозғалысы мен пайдалылық деңгейін жақсартатындай етіп құрылатын жағдайлар мен қосымша ескертпелерден және шектеулерден тұрады.

Несие шартының экономикалық және заңдық жақ­тары олардың мазмұнында көрсетіледі, оған мыналар кі­ре­д­і:

  • ссуданы алу мақсатын, сомасын, аудару туралы жар­лықты, төлем жасау кестесі мен процеду­ра­ла­рын енгізетін несие беру қаржысының сипатта­ма­сы;

  • терминология анықтамасы, қарыз беру күні, жұ­мыс күні, пайыздық кезең, пайыздар төлеу күні, көр­сетілген шарттарды орындамау жағдайы, келі­сім­нің күшін жою күні, растаушы құрал (завери­тель­ный инструмент) және т.б. қамтиды;

  • қарызды дәлелдеу – қаралуы қажет құ­жат­та­ма­лар­ды (мысалы, қарыз алушы жазған жай вексель) си­пат­тайды;

  • пайыз және комиссиялық ставка пайыздық тө­лем­дер бойынша комиссиялық ставкаларды анық­тай­ды;

  • алдын ала төлемдер жасау (ерікті және еріксіз), төлеу кезіндегі айыппұлдар және оны басқару жағдайын қамтиды;

  • ссуданы жабу құқығы, қарыз алушы тарапынан шарт­тарды орындамаған жағдайда, банк өзінің та­ла­бын қарыз алушы арқылы жабады және қарыз алу­шының кез келген активіне иелік ете алады;

  • кепілдер: оның заң ережесі, зайымдарды реттейтін басқа тұлғаларды қолдау сияқты банкке берілген, әртүрлі ақпараттарға сүйенетін қарыз алушының өті­ніші оның қаржылық есебінің дұрыстығы, соң­ғы қаржылық ақпараттар бойынша қаржылық жағ­дай­ға байланысты материалдарда кері өзге­ріс­тер­дің болмауы, қарыз алушыға қарсы талаптың (иск) жоқтығы, қарыз алушының активтеріне қарсы берешектері үшін мүліктерін ұстап қалудың кез келген құқығын сипаттау немесе оның болмауы.

Банктің ссуда алушылармен несие қатынастарын жетілдіруіне қатысты несие шарты құқықтық және нормативтік ережелермен толықтырылуы мүмкін. Осыған орай несие шартының өзгермейтін формалары болмайды деп бекітуге болады. Көпшілік елдердегі банктер аталмыш заң құжатына өз қатынастарын барынша дәл айқындайды. Несие шартының экономикалық және заңдық күші банктің қарыз алушыға өз талабын қоюына белгілі бір міндет­те­ме­лер­ді көздеуге немесе қажет болған жағдайда банкті келе­сі­дей ақпараттармен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді:

        • нақты бір күнге арналған мәліметтер, ссуданың бүкіл мерзімі ішіндегі мерзімді аудиторлық және есеп қаржы құжаттары;

        • нақты капиталдың немесе меншікті капиталдың белгілі бір деңгейін белгілеу;

        • негізгі коэффициенттер бойынша (ағымдағы өтім­дік коэффициенті, борыштың меншікті капиталға қа­тынасы бойынша коэффициент) белгілі талап­тар­ға жауап беру;

        • ескертілген мерзімдер бойынша көрсетілген шарттардың орындалмау оқиғалары туралы жазбаша хабарлама беру;

        • қарыз алушының меншігіндегі кітаптарға және инспекцияларға, оның операциялары бойынша банкке өту мүмкіндігіне рұқсат ету;

        • барлық қауіптер мен міндеттемелерге қарсы сақтандыруды қолдау;

        • салықтарды уақытында төлеу;

        • қосылуға қатыспау және өз активтерінің маңызды бөлігін сату;

        • шартқа қол қою уақытындағыдан үздік саналатын басқа қызмет түрімен айналыспау.

Қазақстан Республикасының банк тәжірибесіндегі несие шартын арнайы құжат ретінде белгілі бір кесте бойынша коммерциялық банктер жасайды және оны тиісті талаптарға сәйкес ресімдейді. Несие шарты белгілі бір ақы төлеу арқылы толтырылады.

Несие шартының бірінші бөлігінде банк несиесінің, сондай-ақ кепілдеме немесе кепілдік берушіліктің бөліп көрсетілуімен, заңды тұлға Жарғысы негізінде әрекет ететін банктің және қарыз алушының атауы көрсетіледі.

Одан әрі шарттың заты (предметі) – несие объектісі, қысқа мерзімдік ссудалар (ұзақ мерзімдік несие) сомасы, ссудалардың мерзімі, қайтару күні, несие үшін пайыздық ставка, пайыздарды төлеу тәртібі мен мерзімдері көрсеті­ле­д­і.

«Тараптардың құқығы мен міндеттері» бөлімінде мыналар қаралады:

ссуданы мақсатты пайдалану, оны уақытында қайтару және табысы жеткіліксіз болған жағдайда қарыз алушы кепілдікке қою арқылы (оның меншік құқығына жататын) қайтаруға міндеттенетін, кепілдік беру туралы шартта көр­се­тілген пайыздарды төлеу міндеттемелері көрсетілетін; ссу­даны қайтару тәртібін, несие үшін пайыздар төлеу бойын­ша міндеттемелерді және несиені уақытында қайтар­ма­ған жағдайда төлейтін пайыздар мөлшерін, несие үшін пайыздарды аудару мерзімдері мен тәртібін көрсететін; талап етуі бойынша банкке бухгалтерлік, қаржылық, шаруашылық құжаттарын, есептің бүкіл түрлерін беруге (тапсыруға) міндеттенетін; кәсіпорын мәртебесі бойынша бүкіл өзгерістерді банкке хабарлайтын және ссуданы пайыздармен толық сомада банкке мерзімінен бұрын қайтаратын қарыз алушының міндеттемелері. Қарыз алушының сондай-ақ ссуданы қайтару мерзімін ұзарту туралы банкке өтініш білдіруге; банктің өз тарапынан міндеттемелерін бұзуы кезінде өсім мөлшерінде айыппұл төлеуін талап етуге құқығы бар.

Банктің (несие берушінің) құқығы мен міндеттеріне мынадай мәселелер кіреді:



  • ақша және несие нарығының хал-ахуалына қа­тыс­ты ссудаға пайыздық ставкалардың өзгеруі; қарыз алу­шы­ның шарттық міндеттемелерді бұзуы кезінде алдағы уақыт­та ссуда беруді тоқтату; қайтарудың болашағы жоқ деп та­ныл­ғанда ссуданы мерзімінен бұрын өндіру; несиені мақ­сат­ты пайдалану бойынша жер-жерлерде тексерулер жүр­гізу; ссудаларды және меншікті қаржыларды пайдалануды қамтамасыз ету. Несиені мақсатты пайдаланбағаны үшін банктің есептелген пайыздармен қоса алғанда ссудаға қарызының бүкіл сомасын және ссудаға берешегінің 25%-ы мөлшерінде айыппұл өндіртуге құқығы бар. «Жалпы ереже» бөлімінде несие шартының заңдылығы, заң­дылық­тарға сәйкес дауларды шешу мәселелері атап көрсетіледі. Несие шартының соңында тараптардың мекен-жайлары, банк операциялары бойынша есеп шоттарының нөмірлері көрсетіледі, жетекшілердің қолдары мен мөр қойылады.


5.3. Несие құжаттамасы және несие беру процедурасы
Қарыз алушы ссуда алу үшін негізді жазбаша түрдегі өтінішпен банкке жүгінеді, онда ссуданың мақсатты бағыты, оның сомасы, қайтару мерзімдері, сондай-ақ несие берілетін шараның қысқаша сипаттамасы атап көрсетіледі. Өтініш үш дана етіп толтырылады: бірінші және екінші дана (проводка) үшін негіз болып қызмет етеді, үшінші данасы несие қызметкерінің ісінде қалады. Ссудалық есеп шоты банкте, негізінен, банктің есеп шоты ашылған жерде ашылады. Клиентке басқа банк қызмет көрсететін болған жағдайда, соңғы банк-несие берушінің сұратқан бүкіл қажетті құжаттарын тапсыруға міндетті.

Қарыз алушы төмендегідей құжаттар пакетін тап­сыр­ған жағдайда несие беру жүзеге асырылады:



  1. Несие берілетін шараның техникалық-эконо­м­и­ка­лық негіздері:

  • өтініш білдірушінің қызметіне және оның өнді­ре­тін өніміне сипаттама;

  • несие есебінен өндірілетін өнімдердің (қызмет­тер­дің) тізімдемесі, оның экспорттық мүмкіндіктері, ішкі және әлемдік нарықта шығарылатын ұқсас өнімдермен салыстырмалы сипаттамасы;

  • экспортқа шығарылады деп болжанған өнімдер­дің өткізу нарықтарына талдау жасау, соған сәй­кес өнімдер үрдісі мен оған сұраныс, бәсекелестік, ха­лықаралық нарыққа шығу стратегиясы, өнім­дер­ді экспортқа шығару туралы (контрактылар, шарт­тар) шетелдік фирмалармен келісімдердің болуы;

  • қарыз алушының өнімдер экспортына меншік құқығын бекітетін құжаттар, ссудаға берешекті қайтаруға бағытталған түсімдер;

  • өнімдерді экспортқа шығаратын лицензияның бо­л­у­ы;

  • жобаны жүзеге асыру мерзімдері (құрылыс салу және алаңдарды абаттандыру, жабдықтар жасау және оларды жеткізу, құрастыру, оны пайдалануға беру және жобалық құнына қосылу мерзімдері бойынша);

  • импорт төлемдерінің балансы мен экспорттан түсетін түсімдерді қоса алғандағы өзін-өзі ақтау есептері;

  • қажет болған жағдайда жоғарыда келтірілген де­рек­терді бекітетін басқа ұйымдардың ақпарат­та­р­ы­.

2. Барлық қосымшылармен контрактылардың, шарт­тар­дың, келісімдердің көшірмелері (сыртқы сауда конт­рак­ты­сына – орыс тіліне аударылуы).

3. Бухгалтерлік есеп, пайдалар мен шығындар туралы есеп, кірістер туралы декларациялар және белгілі бір кезеңдегі қарыз алушының қаржылық жағдайы мен несие төлеу қабілетін анықтау үшін өзге де мәліметтер.

4. Қажетті деңгейде ресімделген, ссуда беруге тапсырыс.

5. Қарыз алушы туралы ақпарат.

6. Тауар-материалдық құндылықтардың қозғалысы туралы мәлімет.

7. Шұғыл міндеттемелер.

8. Несие шарты.

9. Қамтамасыз ету туралы ақпарат, сондай-ақ бизнес-жоспар.

Банкпен тұрақты несие қатынасын орнатқан, жақсы беделге ие қарыз алушыларға несие алу үшін тапсыруға тиіс құжаттардың тізімін банк қысқартуы мүмкін. Қа­жет­тілік болған жағдайда банк қарыз алушының қаржылық-шаруашылық қызметі туралы аудиторлық ұйымдардың қорытындысын, қарыз алушының есеп айырысу, ссудалық және валюталық есеп шоттары ашылған банктердің ата­уын, олардың ссудалық қоржынындағы қарыздардың жік­теуі көрсетілуімен ссудаға берешектерінің көлемін, сондай-ақ банк тәжірибесінде қабылданған үлгілер бойынша не­си­е­ні уақытында қайтаруды қамтамасыз ету жөніндегі мін­деттемелерді: кепілдік міндеттемесін, кепілдік беру ха­тын, қарсыкепілдікті, кепілдік берушілікті талап етуі мүмкін.

Банктің несие бөлімі несие беру мәселелері бойынша құжаттарды дайындау және өткізумен байланысты бүкіл жұмысты басқарады, несие берумен байланысты өзге де қызметтердің жұмысын үйлестіреді және қарыз алушылар тапсыратын мәліметтердің жеделдігі мен сенімділігіне жауап береді.

Несие беру кезінде несие бөлімі мамандарының құзырына несие ресурстарының болуын, несие алу үшін қажетті тапсырылған құжаттардың толықтығын қарау, тапсырылған техникалық-экономикалық негіздеу есеп­те­рінің шынайылығын анықтау мен қарыз алушының несие төлеу қабілетін талдау, сондай-ақ ссуданы қайтармауға әкелуі мүмкін факторларды зерттеу кіреді.

Несие бөлімінің қызметкерлері заң бөлімінің заңгер мамандарымен бірлесе отырып, олардың құқықтық мәрте­бе­сі мен өкілеттіктерін айқындау үшін клиенттердің заң­дық істерін зерттейді. Контрактылар мұқият зерттеледі жә­не оған жеткізудің базистік жағдайлары, мерзімдері, төлем валюталары, төлем (есеп айырысу) формалары бойынша құқықтық баға беріледі және ол бойынша қажетті заң талаптарының сақталған, сақталмағандығы анық­та­лады. Сол арқылы қарызды кепілге берушінің немесе мүлкі арқылы кепілдік берушінің меншік құқығы белгіленеді. Банктің заң қызметі несие алу өтініштерін қарау, несие келісімдерін, кепілдік шартын жасау, қойылған мүлікті өткізу кезінде құқықтық қолдау көрсетеді.

Қандай бір себептермен ссуданы беру мүмкін бол­ма­ған жағдайларда, бұл туралы жазбаша түрде дәлелді қо­ры­тынды беріледі және ол банк жетекшісінің немесе банктің алқалы органы – несие комитетінің қарауына беріледі.

Несие бөлімінің және банктің басқа қызметтерінің қорытындысы несие беру туралы мәселені несие коми­с­си­я­сы­на немесе банк басқармасына ұсыну үшін негіз болып сана­лады. Несие комиссиясы немесе банк басқармасы, жекелеген жағдайларда банктің жетекшісі оң шешім шы­ғар­ған кезде, заң қызметкерлері кепілдік туралы шартты, ал несие бөлімі – содан кейін банк жететкшісі қол қоятын несие келісімін (шартты) дайындайды.

Клиенттерге ссудалар беру ссуданың (несие шарты) мақсатты бағытталушылығына қатысты ашылатын жеке ссудалық есеп шоттар арқылы жүзеге асырылады. Осыған орай өнімдерді өткізуден түскен түсімдер мен ақша қаражаттарының бүкіл басқа түсімдерін банк қарыз алушының ағымдағы есеп шотына жазады.

Ссуда, негізінен тауар-материалдық құндылықтар мен көрсетілген қызметтерге төлеуге қарыз алушының есеп шотында қаржысы жоқ болған кезде, аккредитивтер ашуға және несие шартында айқындалған қарыз алушы­ның өзге де қажеттіліктеріне беріледі. Қажет болған жағ­дай­ларда ссуда банк жетекшісінің өнімі бойынша тауар-ма­те­риалдық құндылықтар және көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуге берілуі мүмкін. Ссудаларды беру несие шартында айқындалған біржолғы, күнделікті және өзге де мерзімдерде жүргізіледі. Бір жолғы ссуда сондай-ақ бір рет­тік контрактылар мен шарттар бойынша есептерді (счет­тарды) төлеуге беріледі.

Несие шартында қаралған несиені беру және оны қайтарудың тәртібі мен жағдайларына сәйкес банктің несие бөлімі оны беруге үкім дайындайды.

Ссуданы беру кезінде банкке бірінші рет өтініш білдірген қарыз алушы өзін куәландыруы тиіс, өйткен аталмыш қарыз алушының Жарғысында оның шаруашылық жүргізуші субъекті атынан шаруашылық шарттарын жасауға басшылық жасау құқығы қаралған.

Ссудалар негізінен аудару тәртібі түрінде беріледі. Дегенмен, қажет болған жағдайда, банк шешімі бойынша азаматтармен есеп айырысу үшін, сондай-ақ тұтыну несие­лерін беру кезінде ссудалар қол ақшамен берілуі мүмкін.

Несие берудің қазіргі тәжірибесінде банк несиесін ссудалық есеп шоттардың әртүрлі үлгілерінен (типтерінен) беру мүмкіндігіне рұқсат етіледі. Мұндай жағдайлар ке­зін­де түсімдер арнайы ссудалық есеп шотқа қабылданып, содан кейін өткізілген тауарлар мен өнімдердің жалпы кірістерінің үлесі шаруашылық органдарының банктік есеп шоттарына аударылады. Тауар-материалдық құн­ды­лық­тардың айналым жасаушылығын баяулатуға жол бер­мей­тін және өтпейтін, жатып қалған материалдық құн­ды­лықтарды жинақтайтын сауда, дайындау, жабдықтау және өткізу ұйымдарына несие осындай тәртіпте берілуі мүмкін.

Тұтастай алғанда клиенттің иелігіне түсетін несиенің мөлшері көптеген жағдайларға қатысты болады. Мынаны еске сала кетейік: несиенің мөлшері несие келісімімен белгіленген. Осы келісімде белгіленген сома, әдетте клиент есепке алатын ең жоғары сома болып саналады. Аталмыш сома негізі бойынша несие беру лимиті болып табылады. Оны: несие бағыты, бақылау цифры деп те атайды. Тұтастай алғанда несие беру (несие бағыты) лимитін отандық және шетелдік банк тәжірибесінен туындайтын жағдайларға сүйене отырып, келесі түрде жіктеуге болады:

Тағайындалуына байланысты (от назначения) төлен­бе­ген қарыз лимитіне, берілетін лимитке бөлінеді. Бірінші ссу­далық төленбеген қарызды белгілі бір күнге лимит­тей­ді, ал екінші (қалдықты емес) жолы берілетін ссуданың кө­ле­­мін (ссудалық есеп шоттың дебеті бойынша) белгілейді.

Қолдану мерзімдері бойынша шығатын және жыл­ішін­дегі (тоқсан ішіндегі, ай ішіндегі) лимиттерге бөлінеді. Шығатын лимиттер – бұл клиенттер сол арқылы белгілі бір кезең шегінен шығу құқығына ие лимиттер (мысалы, жыл­дың немесе тоқсанның басында). Лимиттердің екінші түрі қарыз алушының тиісті кезең шегінде (жыл ішінде ссуданы пайдалану құқығы, клиент жоспарлы кезеңнің шегінен шығып кететін шекті сомадан жоғары болуы мүмкін) ссуданы пайдалану құқығын белгілейді.

Қарыз алушыға берілетін несие көлемінің өзгеру дә­ре­жесі бойынша азая түсетін (өзгермелі) және өсе түсетін лимиттерге бөлінеді. Бұл лимиттер ссудаға қажеттіліктің төмендеуі немесе көбеюіне қарай анықталады, қарызды қайтарудың нақты кестесін белгілеуге мүмкіндік береді.

Несиені пайдалану (жұмсау) мүмкіндіктері бойынша тұ­рақты лимит, қосымша лимит, оның мөлшерін арттыру құқығына ие лимит, еркін лимит ара жіктері ажыратылады. Тұ­рақты лимит ссуданы алудың жоғары құқығын белгі­лей­ді, оны банктің айрықша өкімінсіз арттыруға мүмкін емес жасайды. Тұрақты лимитте белгіленгеннен жоғары қосым­ша ссудалар алу қосымша лимитпен белгіленеді. Тұтастай алғанда бірқатар жағдайларда несие беру лимиті қатаң болып саналмайды, оны көбейту үшін клиентке мүмкіндік береді. Әрине мұндай мүмкіндіктер мүлде шексіз емес (ірі несиелер үшін белгіленген, бір қарыз алушыға берілетін нормативтер шектеу болып қызмет етуі мүмкін). Әрбір же­ке­леген жағдайда ссуданы пайдалану құқығы коммер­ция­лық банктің ережелерімен реттеледі және несие келісі­мін­де белгіленеді.

Несие шартынан туындайтын, беруге жататын несие мөлшерін анықтау – бұл мәселенің заңды жағы ғана. Клиентке берілетін несие көлемі клиенттің өз өтінішіне қатысты болады. Сонымен бірге клиенттің белгілі мөлшерде ссуда беру туралы өтініші несиені қайтарудың нақты мүмкіндіктерімен, банктің нақты есептеулерімен сәйкес келмеуі мүмкін.

Несие мөлшері экономикалық жағдайларға, оның ішін­­де:


  • қарыз алушының төлем айналымындағы айырма­шы­лық көлеміне;

  • несиені қамтамасыз етуге түсетін тауар-ма­те­риал­дық құндылықтардың нақты жиынына және оның өтімдік дәрежесіне;

  • маржалар деңгейіне;

  • ресурстардың белгілі бір көлемінің банкте болуына қатысты болады.


жүктеу 2,95 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау