5.4. Несиені қайтару тәртібі және оған бақылау жасау
Несие беру сияқты оны қайтарудың бірыңғай үлгілері де жоқ. Тәжірибе ссудаларды қайтарудың алуан түрлі нұсқаларын туғызады. Солардың бірнешеуі мынадай:
шұғыл міндеттемелер негізінде эпизодтармен қайтару;
меншікті қаржылардың нақты жинағына және қарыз алушының банктің есеп шотынан алатын несиеге қажеттілігінің азаюына қарай қайтарылады;
күні бұрын белгіленген сомалар (жоспарлы төлемдер) негізінде жүйелі түрде қайтару;
төленбеген ссудалық қаржыларды азайту үшін, банк есеп шоттарына соқпай түсімдерді есепке алу;
несиені қайтару мерзімін кейінге шегеру;
төленбеген кешіктірілген қарыздарды «Кешіктірілген несиелер» айрықша шотына ауыстыру;
төленбеген кешіктірілген қарыздарды банктің резервтері есебінен есептен шығару және т.б.
Негізінен, ссудалар бойынша төленбеген қарыздарды қайтарудың тәртібі, мерзімдері мен тәсілдері несие шартында қаралады. Қарыз алушының ссуданы қайтаруының нақты мерзімдері ссудаға деген қажеттілікке сәйкес шұғыл міндеттемелер арқылы ресімделеді.
Қарыз алушыларға тауар-материалдық құндылықтардың қорын кепілге қоя отырып, несие беру процесінде ссудалық есеп бойынша өнімдерді өткізуден түскен түсімдер мен өзге де ақша түсімдері клиенттің есеп шотына қабылданады, ал банктің есеп шотынан ссудаларды қайтару несие шартында ескертілген келесідей жолдар арқылы күнделікті немесе өзге де мерзімдерде қайтарылуы мүмкін:
банктің өз бетімен клиенттің есеп шотынан бірінші кезектегі (бюджетке төлемдер, әлеуметтік мұқтаждарға аударымдар жасау және т.б.) және өзге де төлемдерді төлеп болғаннан кейінгі қалған оның шотындағы ақша қаражаттарының қалдығын ссудалық есеп шотқа аудару жолымен;
ссудалар бойынша төленбеген қарыздарды қарыз алушының есеп шотынан міндетті түрде өндіру жолымен;
ссуда бойынша төленбеген қарыздардың анықталуы кезінде банктің өкімі бойынша мерзімінен бұрын өндіру жолымен.
Бір жолғы келісім жасау үшін қарыз алушыға берілетін қысқа мерзімді ссудалар мен кәсіпкерлерге берілетін ссудалар нақты қайтарылатын мерзімі көрсетіле отырып, оның берілетін күні шұғыл міндеттемелермен ресімделеді. Негізгі қарызды қайтару, сондай-ақ ол бойынша пайыздар төлеу қарыз алушының төлем тапсырмасы (платежное поручение) арқылы жүзеге асырылады. Қарыз алушы банкке ссудаларды қайтару мен банк пайыздарын төлеу тапсырмасын бермеген жағдайда банктің кепілдік берушінің есеп шотынан инкассо қою арқылы өндіруге құқығы бар.
Ссудаларды қайтару жағдайында несие шартында қарыз алушының ірі сомадан бір мезгілдік резерв жасау мүмкіндігін қарауы мүмкін, бұл әрине тараптардың келісімі бойынша жасалады.
Болжап білмеген жағдайларға байланысты қарыз алушы уақытша қаржылық қиындықтарға тап болған жекелеген жағдайларда оған жоғары пайыздармен 6 айдан аспайтын мерзімге ссуданы қайтаруға рұқсат берілуі мүмкін, бұл несие шартында қаралады. Ссуда бойынша төлем мерзімінің уақыты келгенде банк есеп шотында қаржы болмай қалса, онда ссудалар бойынша төленбеген қарыз «кешіктірілген ссудалар» есеп шотына жазылады.
Егер несие беруші – банк, алынған ссудаларды сақтау, оның есебін жүргізудегі тәртіп бұзушылықтарды және өз мақсатында пайдаланбау жайларын анықтаса, ссуданы мерзімінен бұрын қайтару туралы талап қоюы мүмкін.
Қарыз алушының ссудалар бойынша төленбеген қарыздар мен пайыздарды қайтаруға алдағы уақытта ешқандай мүмкіндігі болмаған жағдайда несие беруші-банк:
өзінің өнімімен даусыз тәртіпте, алдын ала хабардар етпестен, кепілдің немесе кепілдік берушінің есеп шотынан қарыз сомасын өндіруді талап етеді;
несие шартында анықталған тәртіпте қарыз алушының қойған мүлік құнынан қарыз сомасын қайтарады;
қарыз алушы банктің пайдасы үшін жол берген өзге қарыз алушының есебінен төлем жасауды талап етеді, сондай-ақ қарыз алушының есеп шотының есеп айырысу шотынан несие шартында көрсетілген айыппұлдарды өндіреді.
Ссуданы пайдаланғаны үшін төлейтін ақы мөлшері пайдалану мерзіміне немесе қарыз алушының төлем қабілетсіздігі тәуекеліне, несие ресурстары үшін ақыға, қамтамасыз етудің сипаты мен сенімділігіне, Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру (рефинансирование) ставкаларына және т.б. қатысты белгіленеді.
Пайыздық ставкалар белгіленген немесе өзгермелі болуы мүмкін.
Белгіленген пайыздық ставкалар ссуданы пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде өзгеріссіз қалады. Өзгермелі пайыздық ставкалар несие ресурстарына, сұраныс пен ұсыныстың қалыптасуына, сондай-ақ қарыз алушының қаржылық, ақша нарығы жағдайына қарай несие немесе депозиттік шарттың бүкіл қолдану мерзімі ішінде банкпен өзгертілуі мүмкін. Ставкалардың өзгеру жағдайы тараптардың жасаған шартымен анықталады. Ссудалар бойынша пайыздар, негізінен, ай сайын есептеледі және өндіріледі.
Банк тәжірибесінде жай пайыздарды есептеу үшін мынадай формула қолданылады:
мұнда І – пайыздардың бір рет қолданылатын ставкасы;
Р – төленбеген қарыздардың (депозит) қалдығы;
J – ссудалардың (депозиттердің) бүкіл мерзімі ішінде есептелген пайыздардың сомасы;
П – пайыз есептелетін кезеңдегі күндер саны.
Несиелер мен депозиттер бойынша пайыздық төлемдердің (күрделі пайыздар) сомаларын есептеп шығару үшін келесідей формула пайдаланылады:
J = P* [(I+I-)* n – 1]
мұнда: 1 – пайыздардың бір жолғы қолданатын ставкасы;
Р – ссудалардың (салымдардың) бастапқы сомасы;
J – ссудалардың бүкіл мерзіміндегі есептелген пайыздардың сомасы;
П – айлардағы ссудалардың (салымдардың) ұзақтығы.
Пайыздарды есептеу кезінде бір айдағы күндер санына шартты түрде 30 күн қабылданады, ал бір жылдағы күндер саны – 360-қа тең.
Мынаны ескеру көзделеді: ссудаларды беру кезінде пайыздарды аванспен есептеуге және өндіруге рұқсат етілмейді. Сондай-ақ жаңадан берілетін несиелер есебінен ссудаларды пайдаланғаны үшін пайыздарды өндіруге жол берілмейді.
Банктің несие бөлімі жасалған несие шарттарының орындалуына, қарыз алушылардың алынған ссудаларды тиімді пайдалануына, оларды уақытылы және толық қайтаруына, осыған орай қарыз алушымен ссудаларды пайдаланудың бүкіл мерзімі ішінде тығыз байланыс жасауына жүйелі түрді бақылау жасауды жүзеге асыруы тиіс.
Осы мақсатта қарыз алушының шаруашылық қызметі мен оның қаржылық жағдайына жүйелі түрде талдау жасалып отырады, жер-жерлерде ақша және есеп айырысу құжаттарына, бухгалтерлік жазуларға, бухгалтерлік және статистикалық есеп материалдарына тексерулер жүргізіледі. Осыған орай қарыз алушылардан, сол сияқты өзге де көздерден алынатын қаржылық және басқа ақпараттардың бүкіл түрлері пайдаланылады. Қажет болған жағдайда несие бөлімі келесі мәселелер бойынша жер-жердегі қарыз алушыларға тексерістер жүргізеді:
банктен алынған ссудаларды мақсатты пайдалану;
қойма есебінің мәліметтері бойынша ссудаларды қамтамасыз ету;
бухгалтерлік есептің жай-күйі;
тауар-материалдық құндылықтардың сақталу жағдайы;
несие берілетін тауар-материалдық құндылықтардың құрамы және оларды қайта өңдеудің немесе өткізудің болашағы;
қарыз алушылардың өз қаржыларын пайдалануы.
Осы және өзге де тексерулердің қажеттігі қарыз алушылардың қаржылық жағдайына, олардың лауазымды тұлғаларының құзырлылық деңгейлеріне қатысты несие шарттарында анықталады. Несие беру қызметкерлері ссудаларды ресімдеу және олардың қозғалысын бақылау кезінде алынған бүкіл ақпараттарды қарыз алушылардың арнайы несие істерінде жүйеге келтіреді, әртүрлі қаржылық және экономикалық көрсеткіштерді жинақтайды.
Несие шарттары бойынша өз міндеттемелерін орындамайтын қарыз алушылардың қатынасы ссудалардың төлемеген қарыздарын уақытылы және толық қайтаруға қауіп төндіретін болса, сондай-ақ есеп-қисапта сенімсіздік пайда болып немесе бухгалтерлік есептің бетімен жіберілгендігі анықталған жағдайларда, ықпал етудің мынадай шаралары қолданылады:
егер келісілген мерзімдерде банктің нұсқаулары орындалмайтын болса, одан әрі несие берудің тоқтатылатыны туралы қарыз алушыға ескертеді;
шартта қаралған ссудаларды одан әрі беруді тоқтатады;
ссудаларды қайтару үшін кезекті жарналарды төлемеу және оларды уақытында төлеудің болашағы жоқтығы жағдайында, одан әрі қарыз алушының алған ссудасының бүкіл сомасын өндіру талап етіледі;
ссудаларды өз мақсатында пайдаланбау фактілері анықталған кезде заңсыз пайдаланылған ссудаларды жоғары пайыздық ставкалармен өндіреді, ссуданың көлемін қысқартады немесе несие шартында көрсетілген шараларға одан әрі несие беруді тоқтатады;
ссудалар бойынша төленбеген кешіктірілген қарыздар болған кезде жаңа ссудалар берілмейді, ал қарыз алушыдан түскен түсімдер ссудалар бойынша кешіктірілген қарыздарды жабуға бағытталады. Алынған ссудаларды уақытылы қайтаруда өз міндеттемелерін орындамаған қарыз алушыға қатысты банк, Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» Заңына сәйкес оны төлем қабілетсіз (банкрот) деп жариялау туралы іс қозғау үшін, өтінішпен сотқа жүгінуі мүмкін.
Қарыз алушылардың қайта құрылуы кезінде (қосылуы, бірігуі, бөлініп шығуы, бөлектенуі және қайта құрылуы) олардың құқығы мен міндеттері жаңадан пайда болған субъектіге өтеді.
Қарыз алушы таратылған жағдайда құқықты иеленушілік болмайды және банк Қазақстан Республикасының Азаматтық заңдылықтарына және «Банкроттық туралы» Заңға сәйкес банктің ссудалық қарыздарын өтеу туралы тарату комиссиясына талап білдіруге міндетті.
Біз қарастырған ссудалық қарыздарды қайтарудың нұсқалары бұл процесті бірқатар өлшемдерге қатысты жіктеуге мүмкіндік береді.
Несиені толық және бір жолғы қайтару басты түрде клиенттің есеп шотынан ақшаны есептен шығару оның төлемдік айналымы үшін ешқандай да қиындық тудырмайтын кезде, қарыздың сомасы онша көп емес болған жағдайда қолданылады.
Жартылай және бөліп-бөліп созып қайтару несиені жабу үшін жеткілікті ресурстардың босауы бірте-бірте болатын және банкпен толық есеп айырысу үшін уақыт талап етілетін жағдайда пайдаланылады.
Несиені жүйелі түрде қайтару төлемдік айналым ссудалық есепшоты пайдаланылатын кездегі клиенттің төлем айналымының интенсивті жағдайынан туындайды. Оған ссудалық есеп шотқа жоспарлы төлемдерді аудару жолымен немесе бүкіл түсімді ссудалық қарызды жабуға (соңғы әдіс қазіргі тәжірибеде сирек қолданылады) қабылдау жолымен қол жеткізіледі.
Эпизодтармен қайтару қалдық (сальдо) - өтемдік есеп шоттардан белгілі бір мақсатты мұқтаждарға берілген несиелерге тән болып саналады.
Шұғыл қайтаруды немесе белгілі мерзім күні бұрын келісілген несиені қайтаруды тәжірибеде кез келген несиелерден кездестіруге болады және бұл кездейсоқтық емес. Оны қайтару мерзімі келісілгенде ғана немесе ссудалық пайыз болғанда ғана ссуда пайда болады. Несие беру мерзімдері де әртүрлі болып келеді (бірнеше күнге, бір жылға дейін және бір жылдан жоғары), сонымен бірге несие шартында несие берудің жеделдігін жүзеге асырудың белгілі тәртібі де белгіленеді.
Тәжірибе сондай-ақ несиені қайтарудың өзге де нұсқаларын туғызуы мүмкін, ондай нұсқалардың қатарына кейінге шегерілген, кешіктірілген және несиені мерзімінен бұрын қайтаруды жатқызуға болады.
Қарыз алушының өз ақша қаражаты несиені қайтарудың неғұрлым кең таралған көзі болып саналады. Солай дегенмен оның өзі барлық уақытта жеткілікті бола бермейді. Сондықтан да мұндай жағдайларда жаңа несиелер беру, ескі ссудалардың күшін ұзарту, жаңа объектілерді кепілге қоя отырып, несие беру, басқадай қамтамасыз ету мен өзге кепілдер бұрын берілген ссудаларды өтеудің түп көзі болуы мүмкін.
Егер қарыз алушы ссуданы өз қаржысы есебінен немесе жаңа несие арқылы өтей алмайтын болса, онда банк кепіл есебінен (кепіл – банктен кепілдемелік міндеттемені несие келісімін дайындау сәтінде алады) несиені қайтару мүмкіндігін қарайтын несие шарты ережесін пайдалана алады.
Несиені қайтаруды кешіктіру клиентке қатысты жағдаяттарға емес, сатып алушылардың төлем қабілетсіздігінен де болуы мүмкін. Мұндай жағдайларда сот шешімі (арбитраж) бойынша тиісті ақша қаражаттарын кешіктірген дебиторлардың есеп шоттарынан басқа кәсіпорындарға түсуі мүмкін.
Несиенің өтелуін ресімдеуді арнайы құжаттар негізінде және онсыз жүргізуге болады. Борышты өтеу үшін негізгі құжаттар түрінде клиенттің жазбаша өтініші немесе бұрын банкке берілген шұғыл міндеттемелер, несие келісімі негізінде жазылатын банктің өз өнімі, төрелік сот, сот бұйырықтары қатысады. Өзінің банктік есеп шотынан ссудалық борышты өтеу үшін ақша қаражатын есептен шығару жөніндегі клиенттің өтініші (өкімі) тек жазбаша түрде ғана емес, сонымен бірге ауызша үлгіде де берілуі мүмкін. Несиені өтеу сондай-ақ қағазсыз технология базасында – байланыс арналары бойынша да жүзеге асырылуы мүмкін.
5.5. Несиенің жекелеген түрлерін ұйымдастыру
1. Мақсатты несиелер. Өндірістік мақсаттарға берілетін өзге де тауар-материалдық құндылықтарды жинақтаумен және өндірістік шығындарды жабуды жүзеге асырумен байланысты болады. Осыған орай несие өтем ақылық немесе төлемдік сипатты білдіреді. Бірінші жағдайда ол осыған дейін қалыптасып үлгерген тауар-материалдық құндылықтарға, оларды алуға жұмсалған өз қаржыларының шығындарына өтемақы жасау тәртібінде беріледі. Екінші жағдайда құндылықтар әлі алынып үлгермеген, кәсіпорынның қоймасында әлі жоқ, тапсырыс беруші – кәсіпорынның мекен-жайына енді-енді ғана түседі. Жеткізушілер түсірілген өнімдер үшін несие есебінен төлем жасау қажет болатын (оны сатып алушы өтінеді) есеп айырысу құжаттарын ұсынады. Мақсатты несиелерге мыналар жатады: сауда-делдалдық операцияларға жұмсалатын несиелер (еңбекақы төлемдері, бюджетке төлемдер). Уақытша мұқтаждықтарға берілетін несиелердің мерзімі 30 күннен аспайды.
2. Контокоррект бойынша несие. Бұл несие көп мақсатты қысқамерзімді сипатқа ие. Ол клиенттің ағымдағы қаржылық қажеттілігі өзінде бар ресурстардан асып кеткен жағдайда, оның төлем айналымындағы айырмашылыққа беріледі. Несие беру несие бағыты шеңберінде жүзеге асырылады. Несие бағытының мөлшері айналым қаржыларының әртүрлі элементтерінің сомасы мен оны құрудың өзіндік көздері мен несиелік борыш сомалары арасындағы айырма ретінде есептеліп шығарылады. Контокоррект – бұл көрсетілген қызмет түрлері үшін төлемдік есеп айырысу құжаттарын қоса алғандағы төлемдер (дебет бойынша) жүргізілетін бірыңғай активті-пассивті есеп шот. Өнімдерді өткізу мен көрсетілетін қызметтерден түсетін бүкіл түсім несиеге қабылданады. Контокоррект бойынша қалдық (сальдо) дебеттік және кредиттік болуы мүмкін. Контокоррект бойынша несие беру несие берудің барынша тәуекелді формасы болып саналады. Несиенің аталмыш түрін пайдаланғаны үшін төленетін ақы тәуекелдің неғұрлым жоғары болуымен байланысты. Өзге қысқамерзімді несиелерге қарағанда біршама жоғары болады. Овердрафт контокорректтік несиенің бір түрі болып саналады. Бұл форма жағдайында клиенттің банктегі есеп шоты сақталып қана қоймайды, онда дебеттік қалдық (сальдо) иеленуге рұқсат етіледі. Овердрафт сондай-ақ контокоррект сияқты бірінші сыныпты қарыз алушылар үшін енгізіледі.
3. Консорциалды несиелер. Консорциум қандай бір жобаны жүзеге асыру үшін әртүрлі коммерциялық бірліктердің, оның ішінде банктердің шарттық негізде уақытша бірігуін білдіреді. Банк консорциумдарын құру: қосымша ресурстарды тарту жолымен операциялардың ауқымын көбейту, тәуекелдерді бөлу, өтімдіктің (ликвидтіліктің) белгілі бір деңгейін сақтау сияқты мақсаттарды көздейді. Қаншалықты, бұл несиелер негізінен ауқымды істерді қаржыландыру кезінде пайдаланылады, яғни банктер мен мемлекетті қоса отырып, ірі шараларды жүзеге асыратын кез келген шаруашылық жүргізуші субъектілер консорциалдық несиелердің қарыз алушылары бола алады. Мемлекеттің консорциалдық несиелерге деген қажеттілік ең алдымен бюджеттік бағдарламаларды қаржыландырумен, әртүрлі салалардағы мемлекеттік кәсіпорындарды техникалық қаруландыру мен қайта жарақтандыру құралдарын инвестициялаумен байланысты болып табылады.
Консорциалдық несие несиенің айрықша бір түрі емес, сондықтан да ол қарыз алушы мен несие берушінің коммерциялық мүдделерінен туындайтын әдеттегі жағдайларда беріледі. Консорциалдық несие бойынша қатынастар бірқатар шарттармен: консорциалдық, несиелік шартпен, кепіл немесе кепілдік беру шартымен ресімделеді.
4. Ипотекалық несие. Қозғалмайтын мүлікті кепілге қоя отырып берілетін (жер меншігін қоса отырып), нарықтық экономикада белсенді түрде қолданылатын келісімдердің сенімділігін қамтамасыз ететін несие беру нысандарының (формаларының) бірі болып саналады. Ипотекалық несие кәсіпорындардың, ұйымдардың және тұрғын үй құрылысы фирмаларының несиеге қажеттіліктерін сенімді негізде қаржыландырудың мемлекеттік көздерінің міндетін атқаруда үлкен рөл атқарады. Оны дамыту ұзақ мерзімдік сипаттағы несие ресурстарының тапшылығы, инфляцияның жоғары қарқыны жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілердің инвестициялық активтілігін (белсенділігін) өрістетуге әсерін тигізеді.
Ипотекалық несие беру жүйесі:
шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халыққа ипотекалық несиелерді тікелей беру;
несие беру үшін ресурстарды қосымша тартуды қамтамасыз ететін қайталама нарықта (ипотекалық міндеттемелерді) ипотекалық несиелерді сату екі бағытын көздейді.
Бірінші бағытпен негізінен ипотекалық банктер, ал екінші бағытпен – мүлік кепілдігімен қамтамасыз етілген, ипотекалық банктерден активтер сатып алатын, содан соң олардың базасында өзінің атынан құнды (бағалы) қағаздар шығаратын қаржылық компаниялар және қорлар айналысады. Банктердің қозғалмайтын мүлікке деген төмен төлем қабілеттік сұранысқа негізделген ресурстық базасының жеткіліксіздігі, банктердің қаржыларды бір жылдан аса мерзімге орналастыру тәжірибесінің жоқтығы ипотекалық несие беруді дамыту проблемалары болып саналады. Ипотекалық несиелер әрқашанда қозғалмайтын мүлік кепілімен – ипотекамен байланыстырылады. Ипотека – бұл кепілдік алушының (залогодержатель) кепілдік беруші өз міндеттемесін орындамаған жағдайда кепілге қойылған мүлік есебінен өзін қанағаттандыру құқығына ие, міндеттемелерді қозғалмайтын мүлікпен қамтамасыз ету тәсілдерінің бірі болып саналады. Жермен тікелей байланысты (кәсіпорын, тұрғын үй және тұрғын үйге жатпайтын ғимараттар, жолдар) жер немесе объектілер қозғалмайтын мүлік санаттарына жатады. Келесілер кепіл туралы шарт субъектілері болып қатысады:
кепіл туралы (кепілдікті ұстаушы және кепілдік беруші) шарт тараптары – заңды және жеке тұлғалар;
тіркеуші орган;
бірыңғай кепіл реестрін ұстаушы.
Ипотека туралы шарт жазбаша түрде жасалады және нотариатпен расталуы тиіс. Мүлікті кепілдікке қою кепілдің бір түрі болып саналады. Мұндай жағдайда кепілдікке қойылған мүлік несие міндеттемесін орындағанға дейін кепілдік алушының иелік етуіне беріледі. Кәсіпорын ипотекасына негізгі қорлар және айналым қорлары, сондай-ақ кәсіпорынның дербес балансында көрсетілген өзге де құндылықтар кіреді.
Ипотека несие ресурстарын пайдаланумен, ал қажет болған жағдайда ипотека заттарын өткізуге жұмсалатын шығындарды жабумен байланысты залалдар мен шығындарды өтеудегі негізгі борыш пен ол бойынша пайыздардың сомасын кепіл ұстаушыға төлеуді қамтамасыз етуі тиіс.
5. Халыққа берілетін ссудалар тұтыну ссудалары деп аталады. Осыған орай ссуданың тұтыну сипаты ссуданы беру мақсатымен (несие беру объектісімен) айқындалады. Қарыз алушылардың тұтыну ссудалары мен несие беру объектілерін жіктеу бірқатар белгілері, оның ішінде қарыз алушының типі, қамтамасыз ету түрі, өтеу мерзімдері, өтеу әдістері, пайдаланудың мақсатты бағыты, несие беру объектілері, көлемі және т.б. бойынша жүзеге асырылуы мүмкін.
Пайдалану бағыты бойынша тұтыну ссудалары: кезек күттірмес мұқтаждықтарға, бағалы қағаздарға, кепілдікке, құрылысқа және тұрғын үй алуға, тұрғын үйлерді күрделі жөндеуге, автомобильдер сатып алуға берілетін несиелерге бөлінеді.
Несие келісімдерінің субъектілері бойынша: банктің тұтыну ссудалары, сауда ұйымдарының халыққа беретін ссудалары; банктік емес үлгідегі (ломбардтар, жалға беру пункттері, несие кооперативтері және т.б.) несие мекемелерінің тұтыну ссудалары; жеке және жекеменшік тұтыну ссудаларының ара жіктері ажыратылады.
Несие беру мерзімдері бойынша тұтыну ссудалары: қысқа мерзімдік (1 күннен 1 жылға дейінгі мерзімге); орта мерзімдік (1 жылдан 3-5 жылға дейінгі мерзімге); ұзақ мерзімдік (3-5 жылдан жоғары) болып бөлінеді.
Беру тәсілдері бойынша несиелер мақсатты және мақсатты емеске (кезек күттірмес мұқтаждықтар, овердрафт) бөлінеді.
Қамтамасыз ету әдісі бойынша қамтамасыз етілмеген (бланкілік) және қамтамасыз етілген (кепілмен, кепілдік берушілікпен) ссудалардың ара жігі ажыратылады.
Өтеу әдісі бойынша – бірмезгілде өтелетін және төлемдерді бөліп-бөліп төлеуге болатын ссудаларға жатқызылады.
Пайыздар алу (взимания) әдісі бойынша ссудалар мынадай түрде жіктеледі: пайыздарды ұстап қалу арқылы берілетін ссудалар; несиені өтеу сәтінде пайыздарды төлеу арқылы берілетін ссудалар; несиені пайдаланудың бүкіл мерзімінде жарналарға тең пайыздар төлеу арқылы берілетін ссудалар.
Қаржылардың айналымдық сипаты бойынша – бір жолғы және қалпына келтірілетін (револьверлік және релловерлік) ссудалар. Халыққа несие беру процесіне бірнеше кезең кіреді. Бастапқы бетте несие беру қызметкері: заңдық тұрғыдан клиенттің несие төлеу қабілетін, яғни клиент шарт жасауға заңды түрде қабілетті ме; экономикалық көзқарас тұрғысынан (кірістері мен шығыстары, мүлік) клиенттің несие төлеу қабілеті қандай екенін түсіндіру мақсатымен келіссөздер жүргізеді. Клиенттің несие төлеу қабілетін бағалау банктің несие бөлімінде клиенттің ссудаларды уақытылы өтеу үшін жеткілікті кіріс алу қабілетін сипаттайтын ақпараттар негізінде жүргізіледі. Одан тысқары, банк қызметкері нарық конъюнктурасын, оның өзгеру үрдістерін талдауы тиіс.
6. Банкаралық несие – бұл банктердің бір-бірінің арасында несие мекемелерінің уақытша босатылған ақша ресурстарын тартуы мен орналастыруы болып табылады. Биржадан тыс банкаралық нарықтағы несиелер беру мен оны өтеудің жағдайын коммерциялық банктердің өздері анықтайды. Сонымен бірге несие қатынастарының субъектісі ретіндегі қарыз алушы – банктің баға беруі осы қатынастардың негізі болып саналады. Банкаралық несиелер мен депозиттер несие немесе депозиттік шарттармен, ал банкаралық несие нарығындағы ынтымақтастық – бас (негізгі) келісіммен ресімделеді.
Несие беруші – банктер несие сомаларын анықтау кезінде қарыз алушы – банктің жарғылық капиталының мөлшерін, оның қаржылық және заң тұрғысынан сенімділігін ескереді. Банкаралық несие сондай-ақ қамтамасыз етусіз де берілуі мүмкін. Дегенмен банкаралық несие шарттарының басым көпшілігінде белгілі бір қамтамасыз ету міндеттемелері белгіленеді, негізінен ондай түрде бағалы қағаздар, қозғалмайтын мүліктер қатысады. Несие келісімдерін орындаудағы тараптардың өзара жауапкершілігі несие шарттарында көрсетіледі. Белгілі айыппұл пайыздары мен шығындарды өтеу – жауапкершілік формалары болып қатысады.
Банкаралық несие алу кезінде қарыз алушы-банк келесідей құжаттарды тапсырады:
банк жарғысы;
банк операцияларын жасауға лицензия;
кәсіпорын жетекшілері қолдарының үлгісі бар карточка;
банк өтімділігінің нормативтері;
алынған және берілген банкаралық несиелердің мағынасын (шифрын) ашу.
Қарыз алушы банк несие алғаннан соң несие беруші-банкке тұрақты түрде есеп береді, өтімдік нормативтерінің сақталуы туралы хабарлап отырады.
5.6. Несиенің қайтымдығын қамтамасыз
ету формалары
Банктер несие беру процесінде ссудаларды қамтамасыз етуге, қарыз алушының дебиторлық және кредиторлық борыштарының өзгеруіне, нақты қорлар мен шығындардың жай-күйіне жүйелі түрде бақылау жасауды жүзеге асыруға міндетті. Банкте оның берген ссудаларын тиісті өтеусіз қорлар мен шығындардың қалдықтарын төмендету және кредиторлық төленбеген қарыздардың өзгеруі туралы мәліметтер бар болған жағдайда банк қойма және бухгалтерлік есеп деректері бойынша немесе ақша орнына төлем құралы ретінде берілетін зат түрінде қарыз алушының несиемен қамтамасыз етілуін тексеруді жүзеге асыруға құқылы.
Несиемен қамтамасыз етуді тексеру баланс деректерінің көрсеткіштері негізінде банктің мүддесі үшін жүргізіледі. Бұл тұрғыда мынаны атап өту көзделеді: ссуданы өтеу жөніндегі кесте сақталып отырса, қарыз алушының қаржылық жағдайы тұрақты болса, банк меңгерушісінің шешімі бойынша тексеріс жүргізілмеуі мүмкін.
Несиені қамтамасыз етуге өндірістік қорлардың қалдықтары, аяқталмаған өндіріс, баланстық құны бойынша дайын өнімдер, сондай-ақ төлем мерзімдері келмеген, түсірілген және өткізіліп берілген тауарлар қабылданады. Осыған орай жолдағы тауар-материалдық құндылықтар несие шартында келісілген мерзімдер шегінде қамтамасыз етуге қабылданады.
Ұзақ жылдар бойы қолданылған қысқа мерзімдік несиелер беру ережелеріне сәйкес, келесілер ссуданы қамтамасыз етуге қабылданбайды:
несие беру үшін белгіленген мерзімдерден ұзақ жолда болған тауар-материалдық құндылықтар;
сақталу жағдайы олардың бүлінбеуін қамтамасыз етпейтін тауар-материалдық құндылықтар мен өнімдер;
сақталу мерзіміне қатыссыз түрде өндірісте пайдалана алмайтын немесе тұтынушылардың сұранысына ие емес тауар-материалдық құндылықтар мен өнімдер;
қозғалыссыз ұзақ уақыт сақталған тауар-материалдық құндылықтар, сондай-ақ шектеулі түрде ғана өтетін материалдық құндылықтар мен қызметтер.
Қамтамасыз етуге қабылданатын материалдық қорлар мен өндірістік шығындардың жалпы сомасынан кредиторлық борыштар шығарып тасталады. Қамтамасыз етудің төленген қалдығы айналым қаржыларын құрайтын меншікті көздер сомасына азаяды.
Қамтамасыз етілмеген борыш қарыз алушының есеп айырысу шотынан өндіріледі, ал есеп айырысу шотында қаржы болмаған жағдайда, кешіктірілген ссудалар есеп шотына жатқызылады. Осыған орай банк қарыз алушыға одан әрі несие берудің дұрыстығы туралы мәселені жедел түрде қарап шешеді.
Артығымен қамтамасыз етуге арналған ссуданы жалпы белгіленген тәртіпте сол күнгі ссудаларды шұғыл өтеуге бағыттау арқылы, содан соң кешіктірілген ссудаларды өтеуге, ал қалған сомасын – есеп айырысу шотына беруге болады.
Ссудалар бойынша берешектердің өтелуін қамтамасыз етуді тексеру нәтижелері бойынша нақты жағдайларды ескере отырып, мекеме басшысы ссудалар беруге рұқсат ету құқығын иеленеді.
Түйін
1. Несие операциялары – бұл несие берушінің ақылық, жеделдік, қайтымдылық, қамтамасыз етушілік жағдайында қарыз алушыға белгілі бір ақша қаражаты сомасын беру бойынша қатынасы.
2. Банк несиелері: мақсаты бойынша; өтеу мерзімдері бойынша; қамтамасыз етушілік түрлері бойынша; пайыздық ставка түрлері бойынша жіктеледі.
3. Несие беру – оларға сауда, кәсіпкерлік қызметті және пайда табуды қамтамасыз ететін банктердің маңызды операциясы.
4. Қарыз алушыға несие беру кезінде несие шартын жасау коммерциялық банктің несие саясатының маңызды процесі болып қатысады.
5. Несие шарты – бұл несиеге қатынасы бойынша әрбір тараптың құқығы мен міндеттері көрсетілетін банк пен қарыз алушы арасындағы контракт.
6. Қазақстан Республикасының банк практикасындағы несие шарты белгілі бір кесте бойынша арнайы құжат ретінде әзірленеді және коммерциялық банктер ережелерге сүйене отырып, оны талаптарға сәйкес ресімдейді.
7. Несие беру процесі несиені мезгілінде және толық өтеу, ссудалық пайызды төлеу үшін өндірістік және қаржы мүмкіндіктерін қалай реттеу керектігі жөнінде қарыз алушыны міндеттейді.
8. Несиенің неғұрлым кең таралған түрлері болып мыналар саналады: мақсатты, ипотекалық, тұтыну, контокоррентті, банкаралық несиелер.
9. Несиені өтеу тәртібі несие шартында қосымша ескертіледі. Оны өтеу клиенттің жедел міндеттемелерінде көрсетілген мерзімдерде жүргізіледі.
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар
Несие шартындағы «Банк – несие берушінің құқығы мен міндеттері» бөлімінде қандай мәселелер қаралады?
а) ссуданы мақсатты пайдалану
ә) ссудаға пайыздық ставканың өзгеруі
б) пайдаланылатын капиталдың белгілі бір деңгейін белгілеу
в) несиені өтеу кестесі бойынша ссудаларды қайтару тәртібі
г) барлық жауаптар дұрыс.
Банктің қарыз алушымен несиелік өзарақатынасы қандай құжаттармен реттеледі?
а) ссуда беру жөніндегі өтініш
ә) клиенттің қаржылық есеп беруі
б) қарыз алу үшін кепілге беру шарты
в) несие шарты
г) өтеу бойынша жедел міндеттемелер.
Несие операцияларын бірлесе отырып жүзеге асыру үшін бір ірі банктің атынан топтасқан екі немесе одан да көп банктердің беретін несиесі:
а) коммерциялық несие
ә) овердрафт
б) консорциалды несие
в) онколды несие
г) банкаралық несие
Тұтыну несиесі – бұл:
а) тұтыну кооперациялары үшін берілетін несие
ә) тауарларды бөліп-бөліп төлеу арқылы сатып алу, жеке тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін ұзақ мерзімдік несиелер
б) еңбекақы төлеу үшін заңды тұлғаларға берілетін несие
в) сыйақысыз берілетін несие
г) бағалы қағаздарға кепілге берілетін несие.
Кепілдік беруден кепілдік немен өзгешеленеді:
а) қарыз алушы үшін жауапкершілікті оның мұрагерлері көтереді
ә) қарыз алушы үшін жауапкершілікті оның жоғары тұрған ұйымы көтереді
б) қарыз алушы үшін жауапкершілікті кепіл немесе кепілдік беруші көтереді
в) жауапкершілік кепілдік берушіде қалуын жалғастыра береді
г) дұрыс жауабы жоқ.
6 - ТАРАУ. БАНК ТӘУЕКЕЛДЕРІ
«Банк тәуекелдері» түсінігін зерделеу, банк ісіндегі тәуекелдің пайда болуына әсер ететін тәуекелдер мен факторлардың күрделі сипатын ашып көрсету аталмыш тараудың басты мақсаты болып саналады. Банк тәуекелдерінің маңызын ашу, банк тәуекелдерінің түрлерін, тәуекелдерді басқару мәселелерін қарау, оқу материалдарындағы тәуекелдер бойынша теориялық ережелерді көрсету жоғарыдағы мақсаттардан туындайтын міндеттерге жатады.
Әдебиеттер: Ә-6; Ә-7; Ә-10; Ә-25; Ә-31.
6.1. Банк тәуекелдерінің маңызы және олардың жіктеуі
Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруашылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік нысандарының түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.
Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл – ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал-ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.
Барынша көп пайда табуға ұмтылу нарықтық қатынастар жағдайындағы коммерциялық банктер жұмысының басты қағидасы болып саналады.
Кез келген шаруашылық қызметінде қандай да бір шаруашылық операцияларының өзіндік ерекшеліктерінен туындайтын әрқашанда ақша ысырыптарының болу қауіпі өмір сүреді. Мұндай ысыраптар қауіпі қаржы тәуекелдерін білдіреді.
Тәуекел – бұл табысқа жете алмаған жағдайдағы оның болуы мүмкін зардаптары мен одан шығудың белгісіздік жағдайын көрсететін кез келген өндірушінің, оның ішінде банк қызметінің ахуалдық сипаттамасы болып саналады.
Тәуекел пайданы жоғалту және берілген несиелерді уақытында төлемеушіліктің салдарынан шағымдардың пайда болуы, ресурстық базаның қысқаруы, баланстық операциялардан сыртқары түрде төлемдерді жүзеге асыру сияқты қажетсіз нәтижелердің болу ықтималдылығынан көрінеді. Сонымен бір мезгілде тәуекел деңгейі неғұрлым төмен болса, жоғары пайда алуға деген сенім де соғұрлым аз болады. Сондықтан, біріншіден, кез келген өндіруші тәуекел дәрежесін барынша төмендетуге тырысады және бірнеше баламалы шешімдердің ішінен әрқашанда тәуекел деңгейі төменін таңдайды, екіншіден, іскер белсенділік, кірістілік дәрежелері мен тәуекел деңгейінің оңтайлы арақатынасын таңдауы қажет болады.
Егер:
проблемалар күтпеген жерден туындайтын болса;
банктің бұрынғы тәжірибесіне сәйкес келмейтін (коммерциялық банктер институты жаңа ғана даму ала бастаған біздің жағдайымызда әсіресе өзекті) алдыға жаңа міндеттер қойылған болса;
басшылық қаржылық шығындарға әкелуі мүмкін (қажетті және қосымша пайда алу мүмкіндіктерін нашарлататын) қажетті және жедел шаралар қабылдау жағдайында емес болғанда;
банк қызметінің тәртібі немесе заңдардың жетілдірілмегендігі нақты жағдайлар үшін кейбір оңтайлы шешімдер қабылдауға кедергі келтіретін болса, тәуекел деңгейі арта түседі.
Банк операцияларының түгеліне жуық түрлері тәуекел жағдайында болады. Өткен кезеңдегі Қазақстанның коммерциялық банктерінің тәуекелдеріне талдау жасай келіп, келесілерді атап көрсетуге болады:
көптеген ұйымдардың өндірістік құлдырауы және қаржылық тұрақсыздығымен, бірсыпыра шаруашылық байланыстарының жойылуымен байланысты экономиканың дағдарысты жағдайы;
Банк жүйелерін құрудың аяқталмаушылығы;
кейбір негізгі заң актілерінің жоқтығы немесе жетілдірілмегендігі, база мен нақты ахуал арасындағы сәйкессіздік;
инфляция.
Бұл жағдайлар туындайтын банк тәуекелдері мен оларды зерттеу әдістеріне түбегейлі өзгерістер енгізеді. Дегенмен, аталмыш жағдай тәуекелдердің туындауы мен олардың даму деңгейінің үрдістеріндегі ортақ проблемалардың болуын жоққа шығармайды.
Тәуекелдер нақты деректерден, бүгінгі жағдай мен болашақ дамуға баға берудегі ауытқушылықтардан пайда болады. Бұл ауытқулар оң және теріс болуы мүмкін.
Тәуекел – бұл көпшілігі сәйкес келмейтін, ал кейбір жағдайларда қарама-қайшы негіздерге ие күрделі, жүйелі құбылыс болып саналады. Тәуекел:
Болуы мүмкін қауіп пен сәтсіздіктің шегі.
Сәтті бастау негізінде үміт ете отырып жасалатын қызмет.
Бірнеше баламалы ахуалдан бірін таңдай отырып, қателік жасау немесе табысқа жету сияқты әртүрліше түсіндіріледі.
Теорияға сәйкес, тәуекелге мыналар тән болып саналады:
белгісіздік;
баламалықты таңдаудың қажеттілігі;
баламалықты жүзеге асырудың ықтималдылығын бағалау мүмкіндігі.
Көрсетілген элементтер белгілі бір тәуекел ету жағдайында шешім қабылдайтын нақты тұлғаның қызметімен тәуекелдің байланысты екендігін анықтайды. Соған сәйкес, тәуекел шешім қабылдау мен оны жүзеге асыру сатысында өмір сүреді.
Тәуекел қарамақайшылық, баламалылық, белгісіздік сияқты белгілермен сипатталады.
Қарамақайшылық мынадай жағдайларда көрінеді. Біріншіден, тәуекел оң нәтиже алуға бағытталған. Екіншіден, ол субъективизмге және объективті заттарды елемеушілікке әкеледі.
Баламалылық екі немесе одан да көп мүмкіндіктерден іс-қимыл жасау нұсқасын таңдауды болжайды. Егер таңдау жоқ болса, онда тәуекел де жоқ. Баламалылық әртүрлі күрделілік дәрежесіне ие.
Белгісіздік – бұл ең алдымен сенімнің, бір жақтылықтың болмауы.
Тәуекелдің – субъективті және объективті екі тұжырымдамасының аражігі ажыратылады. Объективті тұжырымдама салыстырмалы түрде алып қарағанда оның болуы немесе болмауы белгісіз тәуекелден туындайды. Субъективті тұжырымдама, тәуекел-қатердің қауіптілігі мен болуы мүмкін зардаптарын ескере отырып, мінез-құлық нұсқаларын таңдауына негізделетін тұжырымда болып саналады.
Сонымен, шығындардың (тәуекелдердің) болу мүмкіндігі күні бұрын қаралғанда (ара салмағы есептелгенде) және сақтандырылғанда ғана пайда алуға болады. Сондықтан да коммерциялық банктердің қызметіндегі экономикалық тәуекел проблемаларына маңызды түрде назар аударылуы тиіс. Солардың ішіндегі негізгілеріне банк тәуекелдерінің жіктеуі, банктердің, жекелеген қарыз алушылардың, кәсіпорындар топтарының, салалардың экономикалық, саяси және өзге де тәуекелдерді есептеу әдістері мен негізгі баға берулері жатады.
Банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қаланған неғұрлым маңызды элементтерге мыналар жатады:
коммерциялық банктің үлгісі (типі) немесе түрі;
клиенттердің құрамы;
банк тәуекелдерінің пайда болуы немесе әсер ету аясы;
тәуекелдерді есептеу әдісі;
банк тәуекелінің дәрежесі;
тәуекелдерді уақыттар бойынша бөлу;
тәуекел есебінің сипаты;
банк тәуекелдерін басқару мүмкіндігі.
Тәуекелдер уақыт бойынша ретроспективті ағымдағы және болашақтағы болып бөлінеді.
Ретроспективті тәуекелдердің сипатына және оларды төмендету тәсілдеріне талдау жасау ағымдағы және болашақтағы тәуекелдерді неғұрлым дәл болжауға мүмкіндік береді.
Банк тәуекелдерін дәрежесі (деңгейі) бойынша төменгі, баяу және толыққа бөлуге болады.
Банктер өз қызметтерін жүргізу процесінде пайда болған жерлері, олардың деңгейіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығы бойынша бірінен-бірі өзгешеленетін тәуекелдердің әртүрлі жиынтығымен бетпе-бет келеді. Сондай-ақ тәуекелдердің барлық түрлері өзарабайланысты және банктердің қызметіне өзіндік әсерін тигізеді. Тәуекелдің бір түрінің өзгеруі қалған барлық түрлерінің түгелге жуығының өзгеруін туғызады. Осылардың барлығы табиғи түрде нақты тәуекел деңгейін талдау әдістерін таңдау мен оны оңтайландыру бойынша шешім қабылдауды қиындатады, көптеген өзге тәуекел факторларына тереңдете талдау жасауға әкеледі. Сондықтан да олардың деңгейін талдаудың нақты әдістерін таңдау мен оңтайлы факторларды іріктеп алу өте маңызды болып саналады.
Банк тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген жіктеу элементтері аса маңызды және өзіндік сипаты бар болып саналады. Енді әрбір элементті қысқаша жеке-жеке қарастырып көрсек.
1. Банк тәуекелінің үлгісі (типі) немесе түрі. Мамандандырылған, салалық, әмбебап коммерциялық банктер тәуекелдердің әртүрлі жиынына ие, осыған орай, егер бұл инновациялық банк болатын болса, онда тәуекелдің жоғарылығы жаңа технологияларға несие берумен байланысты болады. Салалық банк – нақты салалардағы тәуекелдерге ие кәсіпорындар, ал холдингтік банктер бағалы қағаздармен операциялар жасауда тәуекелдерге кездеседі. Әмбебап коммерциялық банктер сан алуан операциялар жүргізу арқылы кез келген тәуекелге барады, дегенмен бір операциялардан пайда болған өзінің шығындарын келесі бір операциялардың кірістерімен жабуға аталмыш банктердің үлкен мүмкіндіктері бар.
2. Клиенттердің құрамы және тәуекелдердің туындауы. Қарыз алушыларға бөлек-бөлек берілген шағын және ірі несиелер банк тәуекелдеріне әртүрліше әсер етеді. Ұсақ қарыз алушылар экономикадағы кездейсоқтыққа көбірек тәуелді немесе бір саланың, аймақтың, елдің бір немесе қарыз алушылар тобына берілетін ірі несиелері өтімдікке, несиелерді банкке қайтаруға, қарыз алушыларды таңдауға күшті әсер етуі мүмкін. Олардың несие қабілеттілігін анықтау, өз клиенттерінің қаржылық тұрақтылығын бақылау банктер менеджментінің маңызды қызметі болып саналады. Бір қарыз алушының (топтың) берешек көрсеткіші банк үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі белгілеген пруденциалды нормативке жатады.
3. Банк тәуекелдерінің туындау аясы мен оның әсері. Тәуекелдердің туындау аясы үш топ арқылы берілген: ел (елдердің) тәуекелі; банктің өзінің қаржылық сенімділік тәуекелі (капиталдың жетіспеушілігі, өтімдік тепе-теңдігінің сақталмауы, міндетті резервтердің жеткіліксіздігі); операциялардың жекелеген түрлерінің тәуекелі – бұл уақытында төлемеу, қайтармау тәуекелі, банк кепілдіктерінің тәуекелі.
4. Банк тәуекелдерін есептеу әдісі бойынша. Нарықтық экономика жағдайында елдің Орталық банкі (Ұлттық банкі) коммерциялық банктер үшін өтімдік нормативтерін әзірлейді және белгілейді. Тәуекелдерді есептеу әдістері кешенді (банк тәуекелдерінің мөлшерін бағалау және болжау, өтімдіктің бүкіл нормативтерін сақтау кезінде), тәуекел банк операцияларының жекелеген немесе топтары бойынша тәуекел коэффициенттерінің шкалаларын құруға негізделетін жеке тәуекел болады.
5. Тәуекелді салмақтау (өлшеп көру) дәрежесі. Банк тәуекелінің дәрежесі банктің аталмыш операциялар бойынша қаржы шығындарына әкелетін ықтималдылығымен сипатталады және пайыздармен немесе нақты коэффициенттермен көрсетіледі. Активтердің әрбір тобына тәуекел дәрежесін төмендететін түзету коэффициенттері беріледі. Кепілдік беру мүмкіндіктеріне қатысты сол, бір тәуекелдің өзі тәуекелді салмақтаудың (өлшеудің) әртүрлі дәрежесіне ие болуы мүмкін.
6. Операциялар мен тәуекелдерді есепке алу сипаты. Бұл баланстық және балансқа кірмейтін операциялар бойынша тәуекел.
7. Банк тәуекелдерін басқару мүмкіндіктері. Бұл жерде тәуекелдер реттеуге мүлде жатпайтын ашық тәуекелдер мен реттелетін, ол бойынша шектеулер енгізілетін жабық тәуекелдерге бөлінеді.
Сонымен, банк тәуекелдерін жіктеудің негізі болып қаланған элементтердің сипаттамасы бойынша банкте тәуекелдердің бүкіл түрлерін бағалау жүйесі құрылып, оларды туғызатын себептер мен жиынтық түрдегі барлық тәуекелдерді басқару мүмкіндіктері айқындалуы тиіс деген қорытынды жасауға болады. Банк тәуекелдерінің экономикалық жіктеуі (классификациясы) өзінің негізі мен банк қызметіне тереңдеп енуіне қарай алуантүрлі болып саналады.
6.2. Банк тәуекелдерінің түрлері
Банк тәуекелдері өзінің алуантүрде көрінуіне, пайда болу аясына, банк үлгілері (типтері) мен олардың операцияларына, клиенттердің құрамына қатысты белгілері бойынша ажыратылады және оларды әртүрлі көзқарастар (келістер) тұрғысынан зерттеу маңызды болып саналады.
Банктің өз бетімен жүргізген операциялары бойынша тәуекелдерге несие, пайыздық, валюталық, қоржындық (портфельдік) тәуекелдер мен уыстан шығарып алған қаржы пайдаларының тәуекелдері жатады.
Несие тәуекелі – несие берушіге есептелетін негізгі берешек пен пайыздарды қарыз алушының оған уақытында қайтара алмау қауіпі.
Пайыздық тәуекел – коммерциялық банктердің, несие мекемелерінің, инвестициялық қорлардың берілген несиелер бойынша ставкаларының үстінен, тартылған қаражаттар бойынша оларға төленетін пайыздық ставкаларды өсіріп жіберу нәтижесінде шығынға бату қауіпі.
Валюталық тәуекел шетел валюталарының бірінің өзге валютаға, оның ішінде сыртқыэкономикалық, несие және басқа да валюталық операцияларды жүргізу негізінде ұлттық валютаға қатынасы бойынша бағамының өзгеруімен байланысты валюталық шығындардың болу қауіпін білдіреді.
Қоржындық (портфельдік) тәуекел – бағалы қағаздар нарығындағы шығындардың болу мүмкіндігі.
Уыстан шығарып алған пайдалар тәуекелі – бұл қандай да бір шаралардың жүзеге асырылмауы немесе шаруашылық қызметінің тоқтауы нәтижесінде пайда болатын жанама (қосымша) қаржы залалдарының (алынбаған пайда) тәуекелі.
Бұдан тысқары, банктің әкімшілік-шаруашылық шығындарын өтеуге қабілетсіздігімен байланысты тәуекел туралы да жиі айтылады.
Атап өткен тәуекелдердің бүкілі бір-бірімен өзара байланысты. Мәселен, несие тәуекелі банктің өтімдік және төлемқабілетсіздік тәуекеліне, сондай-ақ банктің әкімшілік-шаруашылық шығындарын өтеу қабілетсіздігімен байланысты тәуекелге әкелуі мүмкін. Пайыздық ставкалар тәуекелі өзіндік тұрғыдан дербес болып саналады, өйткені несие ресурстары нарығындағы конъюнктурамен байланысты болып саналады және банкке тәуекелді емес фактор ретінде әрекет етеді. Дегенмен, егер банк нарықтың пайыздық ставкаларының өзгеруіне бейімделмейтін болса, ол тәуекелдердің бүкіл тізбегінде несие тәуекелін арттыра түсетін болады.
Банк тәуекелдерінің сипаттамасы банк қызметімен байланысты тәуекелдердің, сол сияқты банк қызметімен байланысты емес тәуекелдердің белгілері бойынша беруге болады. Тәуекел түрлерінің жіктеуі төменде беріліп отыр (4 кесте).
4 кесте
Банк тәуекелдерінің жіктеуі
Банк тәуекелдері өтімдік (ликвидті) тәуекеліне және табыс тәуекеліне бөлінеді. Оларға мыналар жатады:
депозиттік тәуекел;
күшін ұзарту (проглонгация) (салымдарды ұзақ мерзімге созу) тәуекелі;
несие тәуекелі (ссудалар мен олар бойынша пайыздарды қайтарып алмау);
жаңадан жоспарланбайтын несиелер тәуекелі;
жаңа қызмет түрлері бойынша тәуекелдер.
Табыс тәуекелі жұмысшылардың кәсіби сапаларына қатысты. Мұндай тәуекелдердің келесі түрлерін бөліп көрсетуге болады:
несие тәуекелі;
валюталы тәуекел;
ел (елдер) тәуекелі;
салалық тәуекел.
Несие тәуекелі - қарыз алушының негізгі борышты уақытылы төлей алмау тәуекелі. Банктер кірістердің негізгі бөлігін несие қызметінен алады. Сондықтан да олардың міндеті клиенттің ссуданы қайтармау ықтималдылығына қатынасы бойынша әлеуетті пайданы бағалауынан тұрады. Сондай-ақ мынаны атап өту көзделеді: несие беру кезіндегі әлеуетті шығындар тәуекелі берілген міндеттемелер мен кепілдіктерге, сыртқы сауданы, бағалы қағаздармен операциялар жасауды акцептеу мен қаржыландыруға, валюталар айырбасына, фъючерлік контрактыларға, СВОП, опциондарға қатысты болады.
Әлеуетті несие тәуекелдері операцияларға және операциялардың сатыларына байланысты бөлінеді (мысалы, мәміле жасау сәтіндегі «Форвард»).
Банк тәуекелдері негізгі пайда болу факторлары бойынша экономикалық және саяси болады. Саяси тәуекелдер – бұл саяси жағдайдың өзгеруімен байланысты, кәсіпорындар қызметінің нәтижелеріне қолайсыз әсер ететін, шекараны жабу, тауарларды басқа елдерге шығаруға, елдің аумағында әскери қимылдар жүргізуге тыйым салу сияқты тәуекелдер болып табылады.
Экономикалық (коммерциялық) тәуекелдер – бұл банктің өзіне немесе ел экономикасындағы қолайсыз өзгерістермен байланысты туындаған тәуекелдер. Тепе-теңдік сақталмаған (несбалансированной) өтімдік тәуекелі (төлем міндеттемелерін уақытылы орындаудың мүмкін еместігі) жеке тәуекелдер шоғырландырылған экономикалық тәуекелдің неғұрлым кең таралған түрі болып саналады. Экономикалық тәуекелдер сондай-ақ нарық конъюнктурасы мен басқару деңгейінің өзгеруімен берілген.
Тәуекелдің бұл негізгі түрлері өзара байланысты болып табылады, сондықтан да оларды іс жүзінде бөлу өте қиынға соғады. Саяси және экономикалық тәуекелдер өз кезегінде сыртқы және ішкі әсер ету аясына тәуелділікте болуы мүмкін.
6.3. Сыртқы тәуекелдер
Коммерциялық сыртқы тәуекелдер еларалық, валюталық және кездейсоқ апаттар тәуекелдері болуы мүмкін (форс-мажорлық жағдаяттар).
Еларалық (страновые) тәуекелдер банктер мен мекемелер (бірлескен банктер - БББ) қызметін интернационалдандырумен, ғаламдық тәуекелдердің болуымен тікелей байланысты және клиент-елдердің немесе контрагент-елдердің, импорттаушылар мен экспорттаушылардың саяси-экономикалық тұрақтылықтарына қатысты болады. Олар шетел капиталының қатысуымен (бірлескен банктердің – БББ) құрылған барлық банктер мен негізгі лицензиясы бар банк мекемелері үшін маңызды саналады. Банк басшылығының жіберетін негізгі қателіктері шетел контрагентінің қаржылық тұрақтылығын дұрыс бағалаумен байланысты болады. Тұрақты түрде жариялап отыратын БЕРИ индексі еларалық тәуекел деңгейін талдаудың ұсынылатын тәсілдерінің бірі саналады. Оның көмегімен еларалық тәуекел деңгейі күні бұрын анықталады.
Еларалық тәуекел белгілі ел валютасының өзге бір ел валютасына еркін аударылу тәуекеліне, трансферт тәуекеліне немесе төлем мораториі тәуекелдеріне негізделіп құрылымданады.
Еларалық тәуекел деңгейін талдаудың бірегей әдістемесін Швейцарияның банк корпорациясы қолданады. Екінші дүниежүзілік соғысқа дейін-ақ еларалық тәуекел дәрежесін анықтаумен айналысуға өкілеттік алған банктер мен банк мекемелерінің қызметі қызметтік тұрғыдан алдыңғы шептік және штабтық болып бөлінеді. Алдыңғы шептегілер ең маңызды бағалар беруді жинаумен айналыса отырып, сонымен бір мезгілде штабтық банк мекемелері сияқты нақты мемлекет немесе аймақтың экономикалық-саяси тәуекел жағдайларына тәуелсіз ғылыми болжамдар жасады. Одан кейінгі уақыттарда бұл зерттеулер тұрақты сипатқа ие болып, стандарттық үлгілер бойынша ресімделе бастады.
Шамамен 1980 жылы Швейцарияның банк корпорациясының экономикалық банк бөлімі еларалық тәуекел деңгейін анықтаудың жаңа, жүйеленген және дәл де айқын мөлшерленген қағидаларын жасады. Бұл қағидалар постулатқа негізделді, оның есебін әрбір ел үшін банк несиелерінің жоғары көлемінің деңгейі мен құрылымына қатысты шешім қабылдайтын банктердің жоғары басшыларының қарауына берілетін материалдары пайдалы және жеңіл талданатындай етіп жасауға тиіс болды. Жоғарыда айтылғандардан келесідей негізгі қағидалар шығарылды: еларалық тәуекелді болжау мемлекеттік құрылыстың құрылымдық және сапалық сипаттамаларын талдауға, сондай-ақ сандық деректер мен арасалмақты зерттеуге негізделген көрсеткіштерге сүйенуі тиіс; жағдайдың жоғары тәуекелділігі туралы қорытындылардың себептері толық түсінікті болуға тиісті. Талдаудың екі үлгісінің (типінің) үйлесуі (сандық және сапалық) дәл және нақты болуы қажет: талдауды жеңілдету және оның тиімділігін арттыру үшін барлық кестелер мен салыстырулар қысқартулардың мағынасын ашып көрсетуі тиіс.
Валюталық тәуекел немесе бағамдық (курстық) шығындар тәуекелі банк операцияларының нарығын интернационалдандырумен, трансұлттық (бірлескен) кәсіпорындар мен банк мекемелерін құрумен және олардың қызметін ұлғайтумен байланысты болады және валюта бағамының ауытқуы нәтижесінде ақша шығындарының болуы мүмкін екендігін білдіреді.
Валюта тәуекелін басқаруға алғашқы талпыныс өзгермелі бағамдар енгізілген 70-ші жылдардың басынан бастап жүзеге асырыла бастады.
Өзінің тарапынан, валюталық тәуекелдер мынадай түрде құрылымданады:
а) коммерциялық, яғни оның алдында борыштының (кепілдің) өз міндеттемесі бойынша есептесуді қаламайтындығымен немесе мүмкін еместігімен байланысты тәуекелдер;
б) конверсиялық, яғни нақты операциялар бойынша валюталық шығындар тәуекелі. Бұл тәуекелдер нақты мәселелер тәуекеліне негізделіп құрылымданады. Конверсиялық тәуекелдерді азайтудың ең көп таралған әдістері болып мыналар саналады:
хеджирлеу, яғни әрбір тәуекел мәмілелер үшін орын толтырған валюталық айқындамалар (позициялар) жасау. Басқалай айтқанда, бір валюталық тәуекел – пайдалар немесе шығындардың – тиісті өзге тәуекелдермен орнын толтыруы болады;
екі түрге ие валюталық своп. Біріншісі әртүрлі екі елдегі екі тарап әртүрлі валюталарда көрсетілген, қайтарудың бірдей мерзімдері және тәсілдерімен бір-біріне теңестірілген несиелер береді. Екінші нұсқа – екі банкі арасындағы «спот» ставкасы бойынша валютаны сатып алу немесе сату жәй келісімін білдіреді. Своптың параллель (қатар) несиелерден өзгешелігі өзіне төлем пайыздарын енгізбейді;
«Мэтчинг» әдісі деп аталатын актив және пассив бойынша тәуекелдермен өзара есеп айырысу, мұнда валюталардың түсімін оның сыртқа шығу (кету) көлемінен шегеру жолымен банк басшылығы оның мөлшеріне әсер ету мүмкіндігіне ие болады.
Өзге трансұлттық (бірлескен) банктер «кеттинг» әдісін қолданады, ол валюталық мәмілелер санын аса жоғары көлемде қысқартудан көрінеді. Осы мақсатта банк мекемелерінің бүкіл бөлімшелерінің қызметін үйлестіру жоғары деңгейде болуы тиіс.
в) трансляциялық (бухгалтерлік) тәуекелдер баланстардың және шетелдегі филиалдар «Пайдалар мен шығындар» шотының активтері мен пассивтерін қайта бағалау кезінде туындайды.
Бұл тәуекелдер өз кезегінде валюталарды қайта санау мен оның тұрақтылығын және өзге де бірқатар факторларды таңдауға байланысты болады. Қайта санау трансляция (ағымдағы бағам бойынша қайта санау күніне) әдісі немесе тарихи әдіс бойынша (бағам бойынша нақты операция жасау күніне) жүзеге асырылуы мүмкін. Кейбір банктер бүкіл ағымдағы операцияларды ағымдағы бағам бойынша, ал ұзақмерзімдік операцияларды – тарихи әдіс бойынша есепке алады; келесі бір банктер қаржы операцияларының тәуекел деңгейін ағымдағы бағам бойынша талдайды, ал тағы бір банктер – тарихи әдіс бойынша; үшінші бір банктер есепке алудың екі тәсілінің бірін таңдайды және соның көмегімен өзінің тәуекел операцияларының бүкіл жиынын бақылайды. Трансляциялық валюталық тәуекелдерді басқару әдістері сыртқы және ішкіге бөлінеді. Олар стратегияны айқындауға, сол сияқты банктер мен банк мекемелері қызметінің тактикалық бағдарламаларын әзірлеу үшін пайдалануы мүмкін.
Сыртқы әдістерге мыналар жатады: сыртқы клиенттер мен контрагенттерге қатынасы, сол сияқты монополистік құрылымдарға қатынасы бойынша шетелдік валюта түрінде төлемдерді жеделдету немесе кешеуілдету; негізгі банк оның филиалдары арасындағы төлемдерді реттеу; неғұрлым тұрақты валюталарды таңдау және т.б.
Стратегиялық тұрғыдағы валюта тәуекелдерінен қорғау банктің өзінің, сол сияқты оның контрагенттері мен клиенттерінің белсенді баға саясатымен, сақтандыру түрлері және оның құнымен, сақтандыру компанияларының сенімділік дәрежесімен тығыз байланысты болады.
Одан тысқары, бүкіл ірі банктердің түгелі дерлік валюталардың түрлері мен мерзімдері бойынша активтер мен пассивтерді теңестіре отырып, өз валюталық операцияларының қоржынын (портфелін) қалыптастыруға тырысады. Негізінен, валюталық тәуекелдерді басқарудың бүкіл сыртқы әдістері оларды көбейтуге бағдарланған. Осы мақсатта форвардтық, фъючерлік, опциондық (банкаралық нарықтарда және биржаларда) сияқты шұғыл валюталық операциялар неғұрлым кең түрде қолданылады. Валюта «спот» (тез арада немесе екі күндік есеппен), «своп» (спот/форвард, әртүрлі банктер арасындағы спот) немесе «форвард» (банк пен клиент арасындағы «аутрайт») жағдайлары негізінде сатылады.
г) форфетерлеу тәуекелі, форфетер (банк жиі түрде форфетер болып саналады) регресс құқынсыз экспорттаушының бүкіл тәуекелін өзіне алғанда туындайды. Сонымен бір мезгілде форфетерлеу (коммерциялық тәуекелді қайта қаржыландыру (рефинансирования әдісі) тәуекел деңгейін:
болуы мүмкін міндеттемелердің баланстық өзара қатынасын ықшамдау;
қаржылық тұрақтылықты одан әрі нығайту мүмкіндігін беретін өтімдік (уақытша болса да) жағдайын жақсарту;
болуы мүмкін қиындықтарды сақтандыру жолымен шығындардың ықтималдығы мен болу мүмкіндігін азайту;
пайыздық ставкалардың ауытқуымен байланысты тәуекелдерді азайту, тіпті болдырмау;
валюталар бағамының ауытқуымен және борышкердің қаржылық тұрақтылығының өзгеруімен байланысты тәуекелдер деңгейін қайта азайту;
векселдер және өзге төлем құжаттары бойынша ақшаны өндірудегі несие беретін мекемелердің қызметімен байланысты тәуекелдер мен шығындардың жоқтығы жолымен төмендету арқылы өзінің басымдығын көрсетеді.
Кездейсоқ апат тәуекелі.
Кездейсоқ апат тәуекелі немесе форс-мажорлық жағдай (РФО) сондай-ақ сыртқы тәуекелге жатады. Ол, негізінен, табиғаттың дүлей құбылыстарының болуы немесе болмауы және сонымен байланысты болатын зардаптарға қатысты болады.
Бұл тәуекелдердің банк мекемелеріне әсерін тек бір-біріне жағдайдың өзгеретіндігі туралы дер кезінде хабардар етумен ғана шектеуге болады.
Өздерінің банкпен немесе өзге банк мекемелерімен жүзеге асыратын экспорттық-импорттық операцияларының оңтайлы формаларын іріктеп таңдап алу, сыртқы тәуекелдердің деңгейін төмендетудің негізгі тәуекелдерінің бірі болып саналады.
Тәжірибеде, сыртқы экономикалық операцияларды жүзеге асырудың келесідей негізгі екі формасы жиі түрде кездеседі:
а) тікелей операциялар, оған тікелей экспорт-импортты, әртүрлі делделдардың көмегімен немесе еншілес кәсіпорындар мен филиалдар, инвестициялық операциялар арқылы сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асыруды жатқызуға болады;
б) жанама операцияларға лицензияларды сату және сатып алу; франчейздік операцияларды жүзеге асыру; техникалық, басқару қызметін көрсету туралы шарт жасау; жаңа технологияларды сатып алу немесе «ноу-хау» кіреді.
Аймақаралық және сыртқы экономикалық байланыстарды жүзеге асырудың бұл формалары өзінің қызметін жоғары еларалық (странового), валюталық (өз елінде және әріптестердің елінде), несиелік, қоржындық тәуекелдер жағдайында жүзеге асырылатын банктер үшін ұсынады.
6.4. Ішкі тәуекелдер
Ішкі тәуекелдер банктің түрі мен өзіне тән белгілеріне, қызмет (операцияларының) сипатына және оның әріптестерінің (клиенттер мен контрагенттердің) құрамына қатысты болады.
Банктің түріне байланысты тәуекелдер.
Банктер мен банк мекемелері мемлекеттік және жекеменшік (мемлекетті емес) болуы мүмкін, өздерінің тараптарынан олар кооперативтік және коммерциялық банктерге бөлінеді. Коммерциялық банктердің – мамандандырылған, салалық және әмбебап үш үлгісі (типі) өмір сүреді. Тәуекелдердің барлық түрлері олардың әрбірінде болады, дегенмен олардың туындау жиілігінің ықтималдығы мен өзгешелікті белгілері банк мекемесі үлгісінің өзіне қатысты болады.
Әмбебап коммерциялық банктер іс жүзінде банк қызметінің барлық түрлерімен (несие беру, есеп айырысу және қаржылық) айналысады. Кейінгі уақыттарда әмбебап коммерциялық банктер әртүрлі бағалы қағаздар, лизинг, факторинг, клиринг және т.б.с. сияқты дәстүрлі түрде жүзеге асыруды қолға ала бастады.
Мамандандырылған коммерциялық банктер өздерінің қызметін, негізінен, нақты қызметтер көрсетуге бағдарлауда. Мысалы, инновациялық, инвестициялық, ссудалық жинақ, ипотекалық, депозиттік, клирингтік және өзге банктер.
Жекелеген банктер өздерінің жұмыстарын салалық (ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс) немесе қызметтік (биржалық, сақтандыру, трасталық, кооперативтік, коммуналдық) белгілері бойынша бағдарлайды.
Сондай-ақ мамандандырылған коммерциялық банктер қызметінің нарықтық бағдарлауы өмір сүреді, яғни олар аймақтық, аймақаралық, трансұлттық болуы мүмкін.
Алуан түрлі коммериялық банктер бетпе-бет келетін ішкі тәуекелдердің деңгейі мен түрлері, негізінен, олардың қызметінің өзіндік ерекшеліктеріне қатысты болады.
Мамандандырылған коммерциялық банктер, мысалы, инновациялық банктер жаңа технологияларға несие берумен байланысты тәуекелдерге барады. Іріктеп жасалған статистикалық талдаулар нәтижелеріне сәйкес, әлеуетті тиімділігіне алдын ала біліктілік тұрғысынан баға берусіз технологиялық жаңалықтарды іске қосу ең үлкен тәуекелді білдіреді. Соған қарамастан инвестициялық банктердің көпшілігі, мысалы, қоржындық тәуекелдердің неғұрлым төмен деңгейіне ие, өйткені олардың клиенттеріне бағалы қағаздардың несие қоржындарын басқару бойынша алуан түрлі қызмет ұсыну мүмкіндігі бар. Сөйтіп, олар белгіленген кірістерді ала алады.
Салалық банктерде тәуекелдер деңгейі үшін нақты саланың түрі мен ерекшелігі (ескі немесе жаңа, болашағы зор, стратегиялық және т.б.) басты маңызға ие. Ал әмбебап банктердің қызметі екі үлгінің де тәуекеліне барады.
Банк операцияларының сипатымен байланысты тәуекелдер.
Банк операцияларының сипатына қатысты тәуекелдер баланстық немесе баланстан тысқары операциялардың ерекшеліктерімен байланысты болуы мүмкін: екеуі де активті және пассивті операциялыр тәуекелдеріне бөлінеді.
Пассивтік операциялар тәуекелдері.
Банк осы пассивтік операциялардың көмегімен активті банк операцияларын жүзеге асыру үшін өз ресурстарын реттейді. Жарғылық капиталды қалыптастыруға (көбейтуге) пайдадан аударымдар жасау; өзге заңды тұлғалардан алынған несиелердің мөлшері; депозиттік операциялар коммерциялық банктердің пассивті операцияларына жатады. Пассивті операциялардың тек бірінші тобы ғана банктердің меншікті қаржыларын қалыптастырады. Өзге заңды тұлғалардан банк ссудаларын алу ең алдымен банктер балансының өтімдігін жедел реттеу немесе болжап білмеген несиелерді беру үшін қажет болады.
Депозиттік операциялар – бұл салымдарға немесе талап еткенге дейін немесе белгілі бір мерзімге заңды тұлғалардың немесе жеке тұлғалардың қаражаттарын тарту операциялары. Депозиттер шұғыл, талап еткенге дейін, жеке тұлғалардың жинақ салымдары, бағалы қағаздар түрінде болуы мүмкін. Пассивтік операциялар тәуекелдері активтік операцияларды ресурстармен қамтамасыз етудегі болуы мүмкін қиындықтармен байланысты болады.
Банктер депозиттерді қалыптастыру бойынша тәуекелдің алдын алу үшін пассивтік және активтік депозиттік операциялары, яғни кәсіпорындардың банктегі салымдары мен бір банктің басқа банкте орналасқан салымдары арасындағы оңтайлы арақатынасты сақтауы; ұтқыр (мобильдік) қаржылардың деңгейі мен сапасын арттыру үшін сақтауға тартылатын бағалы қағаздардың мөлшері мен өтімдігін анықтауы, меншікті қаржылар мен тәуекел активтердің дұрыс саналатын ең төменгі арақатынасын табуы көзделеді.
Активтік операциялар тәуекелдері.
Активтік операциялар тәуекелдері банктер өз қызметтерін жүргізуі процесінде тұрақты түрде кездесетін пайыздық тәуекел деңгейімен байланысты болады. Пайыздық тәуекелді басқару активтер (несиелер мен инвестициялар) мен пассивтерді (қарызға берілетін қаржыларды) басқарудан тұрады.
Активтерді басқару банктің өзінің өтімдік деңгейіне және оның клиенттерінің бағалы қағаздар қоржынына, сондай-ақ бәсекелестік дәрежесіне (баға және бағасыз), ал пассивтерді басқару – ссудаларды беру үшін қаржыларды ала алу мүмкіндігіне қатысты болады.
Қоржындық (портфельдік) тәуекел.
Қоржындық тәуекел бағалы қағаздардың жекелеген үлгілері (типтері) бойынша, сондай-ақ ссудалардың бүкіл санаттары бойынша шығындар ықтималдылығынан тұрады. Қоржындық тәуекелдер қаржылық, өтімдік, жүйелі және жүйелі емес тәуекелдерге бөлінеді. Банктердің, акционерлік қоғамдардың, кәсіпорындардың, оның ішінде бірлескен банктердің қарызға берген қаржылары неғұрлым көп болса, олардың акционерлері мен құрылтайшылары үшін қаржылық тәуекел де соғұрлым жоғары болады. Сонымен бір мезгілде қарызға берілетін қаражаттар қаржыландырудың маңызды және тиімді көзі болып саналады, өйткені бағалы қағаздардың қосымша санын шығарып, оны сатуға қарағанда, ол жиі түрде арзанға түседі.
Өтімдік тәуекелі – бұл қаржы активтерінің қол ақшаға жедел айналу қабілеті. Орталық биржаларда акциялары айналым жасайтын аса ірі және белгілі өндірушілер мен банктердің мұндай тәуекелдері аз болады. Ал шағын фирмалар, әсіресе жаңадан құрылған, венчурлық фирмалардың тәуекелдері неғұрлым жоғары болады деп айтуға болады. Мұндай жағдайда делдалдарды таңдауға айрықша назар аудару қажет болады. Қаржы делдалдарының негізгі түрлері, олардың құқықтары мен міндеттерінің өзіндік ерекшеліктері банктердің іскерлік белсенділіктеріне үлкен әсерін тигізеді. Оларды дұрыс таңдау сондай-ақ тәуекелдердің барлық түрлерінің деңгейіне әсер етеді.
Жүйелі түрде болатын тәуекел акцияларға, олардың кіріс келтірушілігіне, облигациялар бойынша ағымдағы және күтілетін пайыздарға, күтілетін дивиденд пен жалпы нарықтық ауытқулардан туындаған қосымша пайдаға бағалардың өзгеруімен байланысты болады. Ол пайыздық ставкалардың өзгеру тәуекелін, жалпы нарықтық бағаның өзгеру тәуекелі мен инфляция тәуекелін біріктіреді. Барынша дәл болжам жасауға болады, өйткені акциялардың биржалық бағамы мен нарықтың жалпы жағдайы арасындағы тығыз байланыс тұрақты және әртүрлі биржалық индекстермен сенімді түрде тіркеледі.
Жүйелі түрде болмайтын тәуекел нарық жағдайына қатысты болмайды және нақты кәсіпорынның, банктің ерекшелігі болып саналады. Ол сондай-ақ салалық және қаржылық болуы мүмкін. Қаржылық ресурстарды салатын баламалы салалардың болуы, тауар және қор нарықтарының конъюнктурасы жүйелі емес қоржындық тәуекел деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар болып саналады. Жүйелі түрде болатын және жүйелі түрде болмайтын тәуекелдердің жиынтығы инвестициялар тәуекелі деп аталады.
Жалпынарықтық бағаның түсу тәуекелі.
Жалпынарықтық бағаның түсу тәуекелі – бұл қандай да бір қаржылық активтер бойынша толық алынбайтын кірістер тәуекелі. Жиі түрде ол бүкіл бірмезгілде айналым жасайтын бағалы қағаздар нарығындағы бағаның түсуімен байланысты болады.
Инфляция тәуекелі.
Инфляция тәуекелі – бұл салалардың өмірлік кезеңімен (циклімен) айқындалатын тәуекел. Салалардың дамуына әсер ететін негізгі факторлар мыналар болып саналады:
а) экономиканы қайта бағдарлау, ол әлемдегі, жекелеген аймақтардағы, елдердегі, нарықтардағы жалпы экономикалық тұрақсыздықпен, сондай-ақ ресурстарға бағаның өсуімен байланысты факторлар;
ә) ішкі және әлемдік өткізу нарықтарындағы сұраныстың өзгеруі;
б) өркениеттің жалпытарихи дамуы.
Несие тәуекелі.
Тәуекелдің бұл түрі бірдей дәрежеде банктерге де, сол сияқты олардың клиенттеріне де жатады және өнеркәсіптік (өндіріс құлдырауының ықтималдығымен немесе белгілі бір саланың өнімдеріне сұраныстың болуымен байланысты); реттеу және тасымалдап жеткізу тәуекелі қандай да бір себептермен шарттық қатынастардың орындалмауымен келісілген; ресурстардың түрлерін (жиі түрде мерзімі бойынша) трансформациялаумен байланысты тәуекел және форс-мажорлық жағдайлар тәуекелі болуы мүмкін.
Қарыз алушыларға несие беру тәуекелі берілетін несиенің түріне байланысты болады. Несие беру мерзімдеріне қатысты қысқа мерзімдік, орта мерзімдік және ұзақ мерзімдік; қамтамасыз ету түрлеріне байланысты - өз негізінде жеке және банктік болуы мүмкін, қамтамасыз етілген және қамтамасыз етілмеген; несие берушілердің ерекшеліктеріне қарай – банктік, мемлекеттік, коммерциялық (фирмалық), сақтандыру компаниялары мен жеке тұлғалардың несиесі, клубтық (несие берушілердің саны шектелген) және ашық (оған кез келген банк пен кәсіпорындар қатыса алатын) түрде құрылымданатын консорциалды (синдицияланған) болуы мүмкін. Ал дебиторлар түріне қатысты – ауыл шаруашылық, өнеркәсіптік, коммуналдық, жеке; пайдалану бағыты бойынша – тұтыну, өнеркәсіптік, айналым қаражаттарын қалыптастыратын – инвестициялық, маусымдық, уақытша қаржылық қиындықтарды жоюға арналған – аралық, бағалы қағаздармен операциялар жасауға пайдаланылатын – импорттық және экспорттық; көлемі бойынша – шағын, орта, ірі; берілу тәсілі бойынша – векселдік, ашық есептер көмегі жағдайындағы маусымдық консигнациялар болады.
Қарыз алушылардың несие алуы мен төлем қабілеттілігіне талдау жасау несие беру тәуекелін азайтудың негізгі әдісі болып саналады. Осыған орай банк кепілдік беруді талап етуге құқылы. Банк сондай-ақ қарыз үшін кепілге берген мүліктің сапасын, оның өтімдік деңгейін, несие көлемімен оның нарықтық құнының арақатынасын бақылап отыруы қажет.
Көлік тәуекелі.
Көлік тәуекелі айрықша қызығушылық туғызады. Олардың жіктеуі бірінші рет Парижде (1919 ж.) Халықаралық сауда палатасында келтірілді және 1936 жылы ИНКОТЕРМС-тің алғашқы ережесі жария етілген кезде бір жүйеге түсті. Соңғы түзетулерден соң (1990 ж.) әртүрлі көлік тәуекелдері дәрежелері бойынша және жауапкершіліктері бойынша Е,Р,С және О төрт топқа жіктеледі.
Е тобы – жабдықтаушы (сатушы) тауарды өзінің меншікті қоймаларында (Ех\Уork) ұстаған кездегі бір ахуалды білдіреді. Жабдықтаушы мен оның банкі, сатып алушының тауарды қабылдап алған сәтіне дейін тәуекелдерді өздеріне қабылдайды. Сатушының қоймасынан соңғы нүктеге дейінгі тасымалдау тәуекелін ендігі жерде сатып алушы мен оның банкі көтереді.
F тобы тәуекелдерді өткізіп беру мезетін реттейді (белгілі жерде, белгілі бір портта немесе бортынан жүктерді түсіріп болғаннан кейін).
С тобы экспорттаушы, сатушы, оның банкі сатып алушылармен (өзіне ешқандай тәуекел алмастан) тасымалдау шартын жасаған кездегі ахуалды білдіреді. Терминдердің соңғы Д тобы бүкіл көлік тәуекелдерін сатушы көтеретіндігін білдіреді.
Лизингтік және факторингтік тәуекел.
Лизингтік және факторингтік операцияларды жүзеге асыру кезіндегі баспа-бас (бартерлік) айырбас жасау тәуекелі және клирингтік мәмілелерде сондай-ақ тәуекел бар.
Лизинг – бұл жаңа техника мен технологияларды дамытуды, нақты негізгі капиталдың жекелеген элементтерін жедел енгізудің қажеттілігі жағдайында әсіресе маңызды құрал-жабдықтардың сатылуын кеңейтуді, тауарлардың өмірлік кезеңін (циклін) қысқартуды қаржыландыру әдісі болып табылады.
Қазіргі кезеңдегі лизинг жоғары тәуекелді операция болып саналады. Сондықтан да шығындарды жабуды банктің резервтік қоры есебінен жүзеге асырған дұрыс.
Ол лизингтік операцияларды жүзеге асырушы субъектілер арасындағы қатынастардың формаларына қатысты жедел, қаржылық, қайтымды, халықаралық болуы мүмкін. Жоғарыда келтірілген лизинг түрлерінің әрбірі тікелей және жанама, шұғыл және қалпына келтірілетін (револьверлік); таза және толық болады.
Факторингтік операциялар бойынша тәуекелді азайту үшін қарыз алушылардың төлем қабілеттілігіне, олардың жабдықтаушылармен шаруашылық байланыстарының және өзара қатынастарының сипатына, төлемдердің құрылымына, өнімдердің бәсекеге төтеп беру қабілеттілігіне, қарызды қайтару жағдайларына талдау жасау көзделеді.
Сараптық бағалау әдістерінің көмегімен нақты ахуалға әсерін тигізетін тәуелді және тәуелсіз, сыртқы және ішкі факторларды талдау, тәуекел деңгейін өлшеудің негізгі тәсілдерінің бірі болып саналады.
Одан өзге, нарықтық экономикасы дамыған елдердің коммерциялық банктерінің тәжірибесінде банк кепілдіктерінің жүйесі кең түрде қолданылады. Кепілдік операцияларына қатысушы банктердің санына байланысты тікелей, жанама делдалдық операциялардың ара жігі ажыратылады.
Әдетте, төлемдердің сомасы, жағдайы мен мерзімі банк кепілдіктерінің негізгі элементтері болып саналады. Операциялардың сипаты ескеріле отырып банк кепілдіктерінің қандай бір үлгісі (типі) (жеткізу кепілі, аванс кепілі және т.б.) қолданылуы мүмкін.
Банк клиентінің ерекшеліктерімен байланысты тәуекелдер.
Банк өзінің негізі бойынша – коммерциялық кәсіпорын. Тәуекелдің барлық түрлерін азайту қағидасы мен аз шығын жұмсай отырып банктің пайда табу қағидасы «банк-клиент» өзара қатынасының негізі болып саналады. Банк шын мәнісінде өзінің меншікті капиталымен (клиенттің капиталымен және оның пайдасымен емес) тәуекел ете алады (ол өзінің қызмет процесінде күн сайын тәуекелге барады).
Банк тәуекелді азайту мақсатымен клиенттердің салымдарын банк қызметінің әртүрлі бағыттары бойынша шоғырландырады; несиелерді неғұрлым шағын сомалар түрінде клиенттердің көп санына беруге тырысады; клиенттерге консорциалдық негізде үлкен несие сомаларын береді.
Банктердің тәуекел деңгейі клиенттердің санына қатысты анықталады. Кәсіпорындардың көлеміне байланысты клиенттер – шағын, орта және ірі үш топқа жіктеледі. Шағын және орта қарыз алушылар неғұрлым икемді, нарықтың, клиенттің қажеттіліктерін тез сезінеді. Олардың құрылымы неғұрлым жеңіл, сондықтан да оларға өздерінің іскерлік бағыттарын тез өзгертуге, сөйтіп жоғары пайда алуға мүмкіндік береді. Дегенмен, олар меншікті капиталдың шектеулілігінен бәсекеге, саяси немесе экономикалық сипаттағы өзгерістерге төтеп бере алмайды. Ірі кәсіпорындар керісінше, неғұрлым инертті болып саналады.
Олар нарық қажеттіліктеріндегі өзгерістер мен нақты тұтынушының қажеттіліктеріне тез шешім қабылдамайды, сондай-ақ өздерінің іскер белсенділік бағыттарын сирек өзгертеді, өйткені олардың салмақты мөлшерде меншікті капиталы бар, сол себептен де кейбір қолайсыз экономикалық ахуалдарға төтеп бере алады. Олар сондай-ақ кепілді және кепілдіктен кейінгі сервистік қызмет көрсетудің барлық түрлерін жүзеге асыру, әртүрлі жарнамаларға көп қаржы жұмсау мүмкіндіктеріне ие. Басқалай айтқанда, олар әрқашанда орташа пайда мен тиімділікті қамтамасыз етеді. Сондай-ақ банктер тәуекелі деңгейі мен клиенттердің әртүрлі меншік түрлеріне жатушылығы арасында өзарабайланыс бар. Меншіктің әртүріне жатушылығы бойынша өндірушілер – мемлекеттік, жеке меншік, кооперативтік, акционерлік топтарға бөлінуі мүмкін. Соңғы екі түрі бірлескен (трансұлттық) және моноұлттық болады. Осыған байланысты тәуекелдердің алуан түрлері олардың қызметі процесінде көп немесе аз маңыз атқарады. Банктің мақсаты – активтік және пассивтік операциялар арасындағы оңтайлы ара қатынасқа ие болу, қызметтің үзбеліксіз деңгейін қамтамасыз ету үшін өзінің қажетті өтімдігі мен тиімділігінің деңгейін сақтау үшін өз клиенттерінің қоржынын (портфелін) таңдау болып саналады. Біздің көзқарасымыз бойынша, бұл мақсат үшін тәуекелдердің бүкіл түрлерінің деңгейіне тұрақты түрде талдау жүргізу, әрбір нақты кезең үшін олардың маңызын анықтау және оларды басқару тәсілдерінің бүкіл жиынын пайдалану қажет.
Банк тәуекелін реттеу қарыз алушының қаржылық жағдайын бағалауға емес, берілген несиелердің жиыны мен банктің өзінің меншікті қаражаты арасындағы белгілі бір арақатынасты белгілеуге негізделеді, яғни клиенттердің кедейшілікке ұшырауы жағдайында болуы мүмкін шығындарды жабу үшін банктердің резервтік әлеует жасауын болжайды. Нормативтердің сандық сипаттамасы экономиканың жағдайымен, банк жүйесін орталықтандыру деңгейімен келісілген. Дамыған елдердегі меншікті және қарызға алған капитал арасындағы арақатынас 1:10-нан 1:100-ге дейінгі деңгейде болады. Мысалы, АҚШ-тағы меншікті капиталдың қарызға алған қаржыларға қатынасы – 1:15, бұл қатынас Германияда – 1:30, Швейцарияда – 1:12, Жапонияда – 1:83. Австрияда бір қарыз алушыға берілетін несие банктің негізгі капиталының 50 пайызынан асып кетпейтіндей болады. Ал Ирландияда банк депозитінің жалпы сомасының 1 пайызынан асып кететін депозиттерді бір салымшының банкке орналастыруына тыйым салынған, сол сияқты ең ірі деген 10 салымшы банкте оның депозиттерінің 40 пайызынан асатын сомасын ұстамауы тиіс. Ұлыбританияда коммерциялық банктер барлық депозиттердің 5% сомасын құрайтын әрбір депозит туралы Англия банкіне хабарлап отыруы қажет.
Белгияда банктер, реттейтін қалдыптар (нормалар) қаралмаса да банк комиссиясына депозиттердің жағдайы туралы хабарлап отырады.
АҚШ-та өздерінің АҚШ үкіметі алдындағы міндеттемелерінен құтылмаған, Халықаралық валюта қорының мүшесі болып саналмайтын елдерге несие беруге тыйым салатын Джонсон (1934) заңы қолданылады.
Коммерциялық банктер өз тәуекелдерінің деңгейін қандай тәсілдермен талдайды және қалай болады, тек нақты ахуалға ғана қатысты болады.
6.5. Банк тәуекелдерін басқару және оларды
азайту тәсілдері
Қандай да тәуекелдің қолдануға болатын дәрежесін анықтау және тәуекел ахуалын пайдалануға бағытталған іс жүзінде тез арада шешім қабылдау немесе қандай да бір операцияларды жүргізуден пайда болуы мүмкін шығындарды төмендететін шаралар жүйесін (құралдар мен әдістерді таңдау) жасау банктің тәуекел операцияларын ғылыми басқарудың басты міндеті болып саналады.
Тәуекелдерді басқарудың негізгі құралдарына (әдістеріне) келесілерді жатқызуға болады:
тәуекелдерді салмақтай білу қағидасын пайдалану;
сыртқы тәуекелдерді есепке алу (салалық, аймақтық, сақтандыру);
банк клиентінің қаржылық жағдайын, оның төлемқабілеттілігін, рейтингін және т.б. жүйелі талдауды жүзеге асыру; тәуекелдердің бөліну қағидасын қолдану, несиелерді қайта қаржыландыру;
несиелерді көбейту саясатын жүргізу банк операцияларының жалпы көлемін сақтау жағдайында клиенттердің үлкен санына берілген несиелерді шағын сомалармен кеңірек қайта бөлу;
ірі несиелерді тек консорциалды негізде ғана беру (банкаралық келісімдер бойынша тәуекелдерді бөлу);
өзгермелі пайыздық ставканы пайдалану;
депозиттік сертификатты енгізу;
банктің қайта есептеу операцияларын кеңейту;
несиелер мен депозиттерді сақтандыру;
кепіл құқығын енгізу;
нақты жеке кепілдерді қолдану.
Тәуекелдерді танып білу үшін несие салымдарын орналастыруды бақылайтын (оларды өтеу мерзімдері мен тәуекел дәрежесі, ссудаларды қайтару формалары, кіріс келтірушілік деңгейі бойынша) арнайы жүйе құру талап етіледі. Осы мақсатта соның негізінде банк саясаты қалыптасатын аналитикалық жұмыстарды жүргізу үшін қажетті бүкіл ақпараттарды жедел алуға мүмкіндік беретін деректер базасы жасалады. Әдетте, жасалған және жасалатын несие және депозиттік шарттар, басқа банктерден алатын қарыздар туралы шарттар, төлеу мерзімі келмеген тиелетін тауарларға жұмсалатын несие алу жоспарлы қажеттіліктері туралы мәліметтер, баланстық есептер бойынша қалдықтар айналымының күнделікті мәліметі, балансқа кірмейтін есептер бойынша мәліметтер, несиелердің айналымдылығы туралы мәліметтер деректер базасын құру көздері түрінде қаралады.
Банктің несиелік салымын: сенімділігі жоғары, сенімді, сенімділігі аз, жоғары тәуекелді төрт топқа жіктеуге болады. Коммерциялық банктің несие салымдарының жалпы сомасы несиелердің әрбір тобы мен оның өзгеруі үшін өтімдік коэффициентінің деңгейін болжаудың негізі болып қызмет етеді және бұрынғы саясатын жалғастыру немесе оны өзгертудің қажетті мүмкіндіктерін көрсетеді.
Деректер базасы негізінде күнсайын төлемқабілеттілік пен өтімдік көрсеткіштерінің маңызы ашып көрсетіледі және төлем қабілеттілік пен өтімдік қалыптары (нормалары) ескеріле отырып, банк операцияларын дамытудың болашағына талдаулар жүргізіледі. Бұл – банк қаржыларын орналастыру, банктің басқа кәсіпорындар мен банктердегі қатысуын кеңейту, қосымша кіріс көздерін іздеу мен оның өтімдігі мен төлем қабілеттілігінің сақталуын талап ете отырып, коммерциялық банк операцияларын дамыту мәселелерін өзара байланыста шешуге мүмкіндік береді. Мұндай талдау негізінде банктің өтімдігі мен төлемқабілеттілігі деңгейінің өзгеруін көре білуге және оларды тұрақтындыру бойынша қажетті шараларды уақытылы жүзеге асыруға болады.
Коммерциялық банктің төлем қабілетсіздігі мен баланстың теңгерілмеген өтімдігі бойынша тәуекелдерді азайтуға, жасалған талдау мен жүргізілген маркетингтің нәтижелерін ескеретін саясат арқылы қол жеткізуге болады. Банк өзінің өтімдік шегінде тұрған жағдайда (бұл оның қате саясатынан, нарықты жете бағаламауынан, аналитикалық жұмыстардың жетімсіздігінен және өзге де себептер болуы мүмкін) шұғыл шаралар қолдануға еріксіз барады. Мұндай шараларға келесілер жатады:
мерзімдері бойынша пассивтерді қайта топтастыру көмегімен талап еткенге дейін міндеттемелерді қысқарту;
өтімді активтерді, оның ішінде несиелерді жеткілікті түрде өтеу есебінен көбейту;
қызметтің жекелеген түрлерін дербес баланстарға бөлу жолымен балансты «тазарту»;
меншікті қаржыларды көбейту;
басқа банктерден қарыздар алу және т.б.
Сақтандыру - тәуекелдерді басқару құралы ретінде. Сақтандырудың көмегімен тәуекелдердің экономикалық және саяси екі негізгі санатын жабуға болады.
Несиелерді сақтандыру өзінің негізі бойынша несие тәуекелін азайтуға немесе жоюға мүмкіндік береді. Жабдықтаушыларға немесе сатып алушыларға берілетін коммерциялық несиелер, банк ссудалары, несие бойынша міндеттемелер мен кепілдіктер, ұзақ мерзімдік инвестициялар және т.б. негізінен, несиелерді сақтандыру объектілері болып қызмет етеді. Сатушыны немесе несие беруші-банкті қорғау мүдделері келесілерден тұрады: борышкердің төлеуге қабілеті болмағанда немесе берілген несиелер бойынша қарызын борышкер өзге де себептермен төлемеген жағдайда несие қарызын өтеу жауапкершілігін сақтандыру компаниясы өзіне алады.
Сақтандыру ерікті негізде екі үлгіде (формада) жүзеге асырылады:
қарыз алушының жауапкершілігін сақтандыру (қарыз алушы сақтындырушы болып қатысады, несиелерді пайдаланғаны үшін пайыздарды енгізе отырып, несиені уақытылы және толық өтеудегі несие берген банктің алдындағы оның жауапкершілігі сақтандыру объектісі болып саналады);
несиені қайтармау тәуекелін сақтандыру (сақтандырушы – банк, ал сақтандыру объектісі – несиені пайдаланғаны үшін несие мен пайыздарды уақытылы және толық қайтарудағы банк алдындағы бүкіл немесе жекелеген қарыз алушылардың жауапкерішілігі).
Келесілер сақтандырудың негізгі кезеңдері болып саналады:
сақтанушы қабылдайтын жауапкершілік мөлшері;
сақтандыру оқиғасын анықтау;
шығындарды өтеу тәртібі;
сақтандыру тарифі мен сыйлықтардың мөлшері.
Валюталық тәуекелдерді сақтандыру ерекшелігі назар аударуды талап етеді. Сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асырушы кәсіпорындар мен ұйымдар үшін валюталық тәуекел мәселелері мен оларды сақтандыру әдістері өзекті бола түседі. Шетел валюталары бағамдарының ауытқуы шаруашылық қызметінің нәтижелеріне маңызды түрде әсерін тигізеді. Кәсіпорындардың валюталық қорларына жасалатын аударымдар көлемінің өсуіне қарай жиынтық бағам шығындары да өседі, сондықтан да валюталық тәуекелді шектеу әдістерін таңдау өмірлік маңыздылыққа айналады.
Кәсіпорындар мен ұйымдардың өз валюталық қорларын банк шоттарында сақтауы кезінде валюталық тәуекелдердің келесідей екі түрі туындайды:
барлық шетел валюталарына ұлттық валюта бағамының түсу тәуекелі;
әрбір теңге құнын түзетуге әкелген шетел валюталары бағамдарының өзара өзгеру тәуекелі.
Валюталық тәуекелдердің туындауы оларды сатып алу-сату кезіндегі мәмілерді жүзеге асыру барысындағы валюталар бағамының өзгеруінен болатын шығындар қауіпімен байланысты болады. Осыған орай сақтандырудың жалпы және өзіндік әдістері қолданылады.
Валюталық тәуекелдерді сақтандыру әдістері – бұл күтіліп отырған валюта бағамының өзгеруімен немесе алыпсатарлық арқылы пайда алумен байланысты туындаған тәуекелден толық немесе жартылай жалтарып кетуге мүмкіндік беретін операциялар. Хеджирлеу – болашақта айырбас валюта бағамдарының өзгеру ықтималдылығын ескеретін және осы өзгерістердің қолайсыз зардаптарын болдырмау мақсатын көздейтін шұғыл контрактылар мен мәмілелер жасау жүйесі.
Нақты хеджирлеу (мәміле жасау мен тауарды жеткізу арасындағы уақытта бағаның өзгеруінен болатын жағымсыз өзгерістерден сақтандыру мақсатындағы қорғаныс операциялары) әдістеріне мыналарды жатқызуға болады:
құрылымдық теңдестіру (активтер мен пассивтер, кредиторлық және дебиторлық борыштар);
төлем мерзімдерінің өзгеруі;
своп үлгісіндегі (типіндегі) операциялар;
опциондық мәмілелер;
қаржылық фьючерстер;
шетелдік валютамен несие беру және шетелдік валютамен инвестициялар салу;
валюталық берешектерді қайта құрылымдау;
қосанжарлы (параллельді) ссудалар;
лизинг;
шетел валютасындағы талаптарды дисконттау;
«валюта себетін» пайдалану;
банк филиалдарының төлемдерді «өсіп отырған» валюталармен жүзеге асыруы;
өзін-өзі сақтандыру.
Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, 2-6және 11 әдістері қысқа мерзімдік хеджирлеу үшін, ал 7-10, 13 және 14 әдістері ұзақ мерзімдік хеджирлеу үшін қолданылады. 1 және 12 әдістері барлық жағдайларда табыспен пайдаланылады, ал 9 және 13 әдістерін шетелдік филиалдары бар компаниялар мен банктер қолданады.
Құрылымдық теңдестіру (балансировка) осы өзгерістерден банктің басқа позициялары бойынша алынған пайдаға валюта бағамының өзгеруінен болған шығындарды жабуға мүмкіндік беретін активтер мен пассивтер құрылымын ұстап тұруға ұмтылуынан тұрады.
Төлем мерзімдерін өзгерту валюталар бағасы немесе төлем валюталары бағамдарының (төлем валюталары бағамының көтерілуін күту жағдайында тауарлар мен қызметтерге мерзімінен бұрын төлем жасау немесе керісінше бағамның төмен түсуін күту жағдайында төлемді кешіктіру; пайдаларды репатриациялауды жеделдету немесе баялату, несиелердің негізгі сомаларын өтеу және пайыздар мен дивидендтерді төлеу; шетелдің валюта қаржысын алушының түсімдер конверсияларының мерзімдерін ұлттық валютаға реттеуі) күрт өзгеруін күту жағдайында қолданылатын есеп айырысуларды жүзеге асыру мерзімдерімен алаяқтық (манипулирование) жасауды білдіреді.
Форвардтық мәмілелер – шетел валюталарын сатып алу – сату операциялары бойынша тәуекелдерден жалтару мақсатымен қолданылады және уақытында жеткізуді қарайды. Мәміленің маңызы мынада: төлем валюталары бағамының көтерілуінен сақтанған импорттаушы банкке ертерек өтініш білдіреді және бұл оған валютаны төлем мерзіміне жақындатылған жеткізіп беру мерзімімен сатып алу құқығын береді. Қарапайым түрде қарсы әрекет жасайтын экспорттаушы валюта тәуекелдерін сақтандыруды форвардтық операциялардың көмегімен жүзеге асыра алады.
«Своп» үлгісіндегі (типіндегі) операциялар форвард жағдайында одан кейін кері операциялар жасау арқылы «Своп» жағдайымен шетел валюталарын сатып алу кезінде жасалады. Мұндай мәмілелер нәтижесінде банктер халықаралық есепайырысулар үшін қажетті валюталарды сатып алады және өзінің валюталық позицияларын жабық ұстайды.
Опциондық мәмілелер – сатып алушы белгілі бір мерзім ішінде немесе белгіленген баға бойынша шетел валютасының қосымша ескертілген (оговоренную) сомасын сатып алатын немесе оны сату құқығына ие болатын контрактының түрі. Опционның иегеруі тап болатын тәуекел барлық жағдайда опцион бағасымен күні бұрын шектелген болады, ал ұтысқа шығуы теориялық тұрғыдан шектелмеген. Опциондық мәмілелер «форвардтық» операциялардан кәсіпорынның немесе банктің таңдау құқығын сақтайтындығымен, операцияның тиімділігін арттыратындығымен ерекшеленеді.
Қосанжарлы (параллель) ссудалар - әртүрлі елдерде орналасқан кәсіпорындар мен банктердің бір-біріне ұлттық валюта түрінде несие берулері болып саналады. Екі ссуда да тура сол бір мерзімге беріледі.
Төлем талаптарын шетелдік валютамен дисконттау векселдер дисконтының бір түрі болып саналады және банкке шетел валютасы түріндегі берешектерінің жиынын ұлттық (немесе өзге шетел валютасымен) валютаға айырбас түрінде тез арада төлеу құнын талап етуді банкке беруді білдіреді.
Осындай операциялар форфетирлеу деп аталады.
«Валютаның орташа мөлшері» - белгілі бір сәйкестікте алынған валюталардың жиыны.
Өзін-өзі сақтандыру тәуелсіз және жарыспа түрде жоғарыда сипатталған өзге де хеджирлеу әдістері арқылы қолданылады. Ол валюта бағамының өзгеруінен болуы мүмкін шығындардың көлемі күні бұрын бағаға енгізілетіндігінен және сақтандыру қорын құру үшін пайдаланылатындығынан тұрады.
Банктің хеджирлеумен байланысы екіжақты түрде көрінеді. Біріншіден, банк меншікті валюталық ресурстарын басқару кезінде валюталық сақтандыру тәуекелдерінің жоғарыда келтірілген әдістерін күнделікті тәжірибеде қолдануы мүмкін. Екіншіден, хеджирлеу жағдайларында банктің өз клиенттеріне ұсынатын (клиенттерге кеңестер беру) қызметі болып саналады.
Түйін
1. Банк қызметіндегі тәуекел – бұл пайдаларды жоғалту, берілген несиелер бойынша оларды қайтармаудың салдарынан шығындардың пайда болуы, ресурстық базалардың қысқаруы, балансқа кірмейтін операциялар бойынша төлемдерді жүзеге асыру сияқты күтпеген нәтижелер алудың ықтималдығы.
2. Банктер өз қызметін жүргізу процесінде пайда болған жері, олардың деңгейіне әсер етуші сыртқы және ішкі факторлардың жиынтығы, оларды талдау тәсілі және оларды сипаттау әдістері бойынша бір-бірінен өзгешеленетін әртүрлі тәуекелдердің жиынтығымен бетпе-бет келеді.
3. Банк тәуекелдері пайда болу негізгі факторлары бойынша экономикалық және саяси болады. Саяси тәуекелдер – бұл саяси жағдайдың өзгеруімен келісілген, шекараларды жабу, басқа елдерге тауарлар шығаруға, ел аумағындағы әскери қимылдарға тыйым салу сияқты кәсіпорындардың қызмет нәтижелеріне қолайсыз әсер ететін тәуекелдер. Экономикалық (коммерциялық) тәуекелдер – бұл банктің өз экономикасындағы немесе ел экономикасындағы қолайсыз өзгерістермен байланысты тәуекелдері.
4. Экономикалық және саяси тәуекелдерді сыртқы және ішкіге бөлуге болады. Коммерциялық сыртқы тәуекелдер еларалық (страновыми), валюталық және зілзала (форс-мажорлық жағдайлар) тәуекелдері болуы мүмкін. Ішкі тәуекелдер банктің түрі мен өзіне тән белгілеріне, оның қызметінің (операцияларының) сипаты мен оның әріптестерінің (клиенттері мен контрагенттері) құрамына қатысты болады.
5. Банк операцияларының сипатына қатысты ішкі тәуекелдер баланстық немесе балансқа кірмейтін операциялардың өзіне тән белгілерімен байланысты болуы мүмкін.
6. Активтерді басқару банктің өзінің өтімдік деңгейіне және оның клиенттерінің бағалы қағаздар қоржынына (портфеліне), сондай-ақ бәсекелестік (бағалы және бағасыз) дәрежесіне, пассивтерді басқаруға – ссудаларды беру үшін қаржыларды ала алу мүмкіндіктеріне қатысты болады.
7. Қоржындық (портфельдік) тәуекел бағалы қағаздардың жекелеген үлгілері (типтері) бойынша, сондай-ақ ссудалардың барлық санаттары бойынша шығындардың болу ықтималдығынан тұрады. Қоржындық тәуекелдер қаржылық, өтімдік, жүйелі түрде болатын және жүйелі түрде болмайтын тәуекелдерге бөлінеді. Жүйелі және жүйелі емес тәуекелдердің жиынтығы инвестициялар тәуекелі деп аталады.
8. Ішкі тәуекелдерге сондай-ақ несие тәуекелі, инфляция тәуекелі, көлік тәуекелі жатады.
9. Банк қызметінде тәуекелдерді төмендетудің әртүрлі әдістері мен тәсілдері қолданылады. Олардың негізгілеріне мыналар жатады: тәуекелдерді салмақтау қағидасын пайдалану; сыртқы тәуекелдерді есепке алу; банк клиентінің қаржылық жағдайына, оның төлемқабілеттілігіне, несиені қайтару қабілеттілігіне, рейтингіне жүйелі түрде талдау жасауды жүзеге асыру; тәуекелдердің бөліну қағидасын қолдану; несиелерді қаржыландыру (рефинансирование); диверсификация саясатын жүргізу; өзгермелі пайыз ставкаларын пайдалану; депозиттік сертификаттарды енгізу.
10. Қандай да бір болсын тәуекелдің өзін-өзі ақтаушылығын және оған рұқсат етушілік дәрежесін немесе тәуекел ахуалын пайдалануға яки қандай бір операцияларды жүргізуден болатын шығындардың пайда болу мүмкіндігін төмендететін жүйені жасау (құралдар мен әдістерді таңдау), анықтау, банктің тәуекел операцияларын ғылыми тұрғыдан басқаруының міндеттері болып саналады.
Білімін өз бетімен тексеру үшін тестілік сұрақтар
Тәуекел – бұл:
а) ең жоғары кіріс алуға әсерін тигізетін ахуал
ә) банктің өз клиенттерін жоғалтуы
б) банк проблемаларын шешуге жетекшілердің қабілетсіздігі
в) банктің өз ресурстарының бөлігін жоғалту мүмкіндігі
г) банктің сенімсіздігі.
Банк қызметі келесідей тәуекел түрлерін туғызады:
а) пайыздық, валюталық, несиелік, алаяқтық
ә) технологиялық, психологиялық, аймақтық
б) пайыздық, баға, уақытша тәуекел
в) тәуелсіз қызмет
г) пайыздық, валюталық, баға, алаяқтық.
Банк тәуекелдері пайда болу немесе ... әсер ету аясы бойынша бөлінеді:
а) сыртқы, ішкі
ә) саяси, экономикалық
б) өткен және қазіргі
в) жабық және ашық
г) әлеуметтік және банктік қызметті теріс мақсатта пайдалану.
Банк операцияларының сипатына қатысты тәуекелдер ... болады:
а) ішкі және сыртқы
ә) активті және пассивті
б) саяси және экономикалық
в) ашық және жабық
г) несиелік, валюталық және әлеуметтік.
Несие тәуекелін басқару әдістерінің бірі:
а) хеджирлеу
ә) оларды қайтару мерзімдері бойынша активтер мен пассивтерді келісу
б) несие қоржынын көбейту
в) несие шартына қорғаныстық қосымша түсінік енгізу
г) барлық көрсетілген әдістер маңызды.
7 - ТАРАУ. ШЕТЕЛДІК ЖӘНЕ ОТАНДЫҚ ТӘЖІРИБЕДЕ ПАЙДАЛАНЫЛАТЫН
ҚАРЖЫЛЫҚ КОЭФФИЦИЕНТТЕР
Коэффициент – бұл бір позицияның екінші позицияға және қаржылық тәжірибедегі нақты іс жағдайы бөліктерінің арақатынасын көрсететін аналитикалық көрсеткіш.
Әлемдік тәжірибеде айналым капиталын, пайданы, кірістілікті, активтерді, өтімдікті басқару кезінде талдаудың коэффициенттік әдісі кең түрде қолданылады.
Активтерді, пассивтерді, коммерциялық банктердің тәуекелдерін басқаруды, сондай-ақ әртүрлі коэффициенттер көмегімен қарастыру пайдалы болып саналады.
Коэффициент – активтің пассивпен, банктер балансының жекелеген баптарының, басқа қаржылық буындардың таңдалған позициялардың біріне арақатынасын талдау кезінде қарастырылатын проблемалардың сапалық сипаттама әдісі ретінде пайыз, балл және т.б. түрінде дәл жауаптарды береді.
Коэффициент талдау әдісі сол сияқты қаржылық ресурстарды басқару құралы ретінде қолданылады, белгіленген дәл шекарасы бар. Коэффициент арқылы қаржылық менджменттегі, банк ісіндегі және т.б. көптеген нормативтерді анықтауға болады.
Коэффициенттерді оқшау және жүйесіз қарастыруға болмайды. Коэффициент логикалық талдау мен пайымдау көрсеткіші болып қатысады.
Қаржы жұмыстарының тәжірибесінде коэффициенттердің көмегімен тиімділік, пайдалылық, өтімдік, қаржы тұрақтылығы анықталады.
Банк тәжірибесінде коэффициенттер банк рейтингін, олардың активтері мен пассивтерінің сапасын анықтау кезінде пайдаланылады.
Төменде операциялар бойынша баланс баптарына бөле отырып әртүрлі топтардағы коэффициенттерді көрсетуге болады.
Банк менеджерлері коэффициенттік талдау жүргізу кезінде ғылыми аппаратпен жақсы қаруланған болуы тиіс.
Қаржылық менеджмент пен банктік басқару бойынша Бүкіл әлемдік банктің экономикалық даму институтынан (ИЭР) басылып шыққан оқу бағдарламалары материалдарынан, Қазақстан Республикасы банктерінің нормативтік ережелері мен тәжірибелік құралдарынан топтастырылған коэффициенттер келтірілген.
Келтірілген коэффициенттер оқулық әдебиеттерде әртүрлі мақсаттарда белгіленгендігіне қарамастан тұтастай алғанда дәстүрлі болып саналады.
1. Банк капиталының жеткіліктік коэффициенті
1-ші денгейдегі капиталдың тәуекел бойынша салмақталған (взвешанные) активтерге және балансқа кірмейтін операцияларға қатынасы 12%-дан төмен болмауы тиіс.
Жиынтық капиталдың (яғни 1-ші және 2-ші деңгейлердегі капитал сомалары) тәуекел бойынша салмақталған (взвешенный) активтер мен балансқа кірмейтін операцияларға қатынасы 6%-дан төмен болмауы қажет.
К1
|
Банк капиталы
|
* 100%
|
Тәуекел дәрежелері бойынша салмақталған активтер
|
К1
|
Банк капиталы
|
* 100%; К =
|
К
|
(0,12)
|
Банк активтері
|
Ар
|
К2
|
Банк капиталы
|
* 100%
|
К2 =
|
К
|
(0,06)
|
Банк активтері
|
А
|
Меншікті капиталға несие бойынша берешектерді қамтамасыз ету сипаттамасы келесідей түрде беріледі:
К =
|
Меншікті капитал
|
* 100 %; К=
|
Кс
|
Жалпы берешек
|
Несие сомасы
|
Меншікті капиталға банк міндеттемелерін қамтамасыз ету сипаттамасы келесідей түрде беріледі:
К =
|
Меншікті капитал
|
*100%; К=
|
Кс
|
(0,5 жоғары емес)
|
Банк міндеттемесі
|
О
|
Меншікті капиталға қатынасы бойынша тартылатын салымдар көлемінің сипаттамасы 1-ден көп болмауға тиісті.
К =
|
Халық салымдарының қалдығы
|
*100%
|
Меншікті капитал
|
-
К=
|
Овн
|
(1-ден көп емес)
|
Кс
|
К банкті қор арқылы капиталдандыру
=
|
Меншікті капитал
|
*100%
|
Жарғылық қор + Акциялар бойынша сыйлықтар
|
Достарыңызбен бөлісу: |