«ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген



жүктеу 315,15 Kb.
Pdf просмотр
бет3/9
Дата14.05.2018
өлшемі315,15 Kb.
#13114
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

9)  жабдық,  механизмдер,  құралдар,  айлабұйымдар  жарамды  күйде 



болуы,  сынақтан  өткізілуі,  әлдебір  бұзықтығы  болмауы  және  олар  арналған 

жұмыстар түрлеріне ғана қолданылуы тиіс. 

21. Жұмыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуші ұйымдық іс-шаралар: 

1) жұмыстардың жүктелім-пұрсатпен  немесе өкіммен, от жұмыстарын 

жүргізу құқығына рұқсатпен ресімделуі

2) жұмысқа жіберу; 

3) басқа жұмыс орнына ауыстыру; 

4) жұмыстағы үзілістерді ресімдеу; 

5) жұмыстардың аяқталуын ресімдеу. 

22. Жұмыстардың қауіпсіздігі үшін жауаптылар: 

1) жүктелім-пұрсат немесе рұқсат беруші, өкім беруші;  

2) жұмыстардың басшысы; 

3) жұмыстарды жүргізуші; 

4)  жұмыс  орнын  дайындаған  кезекші  немесе  жедел  қызметшілер 

адамы; 

5) жұмыстарға жіберуші; 



6) бақылаушы

7) бригада мүшлері (жұмыстарды орындаушылар). 

23. Жұмыстардың қауіпсіз орындалуы үшін жауаптылар міндетті: 

1)  жүктелім-пұрсаттың  толтырылуының  дұрыстығын  және  жұмыс 

орнының дайындығының толықтығын тексеруге; 

2) орындаушылар санын тексеруге, олар тапсырманы қауіпсіз орындау 

үшін жеткілікті болуы тиіс; 

3)  орындаушылар  жұмыстарды  қауіпсіз  жүргізу  шараларына 

белгіленген  тәртіпте  үйретілгеніне  және  жұмыстарға  жіберілгеніне  көз 

жеткізуге; 

4)  жұмысқа  жіберер  алдында  орындаушыларды  осы  жұмысты 

орындаудың  қауіпті  жағдаяттары  туралы,  сондай-ақ  жұмыстарды  орындау 

үдерісінде  туындауы  мүмкін  жағдаяттар,  ажырататын  құрылғылардың, 

басқару  және  реттеу  органдарының  орналасқан  жерлері,  жұмыстарды 

қауіпсіз  жүргізу  шаралары,  апатты  ахуал  болған  жағдайдағы  іс-әрекеттер 

туралы нұсқамалықтан өткізуге;   

5)  орындаушыларды  жеке  және  (немесе)  ұжымдық  қорғаныш 

құрадарымен,  арнайы  киміммен  және  арнайы  аяқ  киіммен  толық  көлемде 

қамтамасыз етуге, олардың дұрыс қолданылуын қадағалауға

6)  жұмыс  орнының  дайындалуының  дұрыстығын,  қолданылатын 

құралдың  және  айлабұйымның  жарамдылығын  және  жұмыстарды  жүргізу 

үшін қажетті қауіпсіздік шараларының орындалуын тексеруге; 

7) 

жұмыскерлер 



жұмыс 

істеп 


тұрған 

жабдыққа 

және 

коммуникацияларға қауіпті қашықтықта жақындамауын қадағалауға; 



8) қызметшілердің жұмыс орынан қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге; 

9)  қоршаулардың  және  ескертуші  қауіпсіздік  белгілерінің  сақталуын 

қамтамасыз етуге. 



 

24. Жұмыстарды орындаушы міндетті: 



1)  жұмысқа  кірісу  алдында  және  жұмыс  уақытында  алынған 

нұсқамалықтан алған еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтар талаптарын және 

қауіпсіздік шаралары бойынша нұсқауларды орындауға

2) берілген қорғаныш құралдарын, арнайы киімді қолдануға; 

3) пайдаланылатын құрылдың және айлабұйымдардың жарамдылығын 

тексеруге; 

4)  жұмыстарды  пайдаланудың  қауіпсіздігі  ережелерін  мүлтіксіз 

сақтауға; 

5)  жұмыскерлердің  жарақаттануына  немесе  апатқа  алып  келуі  мүмкін 

қауіпті жағдаяттар туындаған кезде бұл факті туралы тікелей басшыға дереу 

хабарлап, жұмысты тоқтатуға. 

25. Өндірістік үй-жайлардың және құрылыстардың ішіндегі де, оларға 

жалғасатын  аумақта  сыртындағы  да  барлық  жаяу  жүретін  және  көлік 

жүретін,  кіретін  және  шығатын  жолдар  жаяулардың  және  көліктердің  еркін 

әрі қауіпсіз қозғалуы үшін жарықтандырылады. Өтетін жолдар бөгетілмейді 

және жүктер жинау үшін пайдаланылмайды. 

26. Жаяу жүретін, көлік жүретін, өтетін жолдар, сондай-ақ басқыштар, 

алаңқайлар,  таяныштар  барлық  уақытта  жарамды  күйде  және  таза,  ал  ашық 

ауада тұрғандары қардан және мұздан тазартылған және құм себілген болуы 

тиіс.  Алаңқайлар  мен  өтетін  жолдар  төсеніштері,  сондай-ақ  таяныштар 

оларға  сенімді  бекітіледі.  Жөндеу  кезеңінде  алынған  таяныштар  орнына 

уақытша  қоршау  жасау  керек.  Жөндеу  уақытына  алынған  таяныштар  мен 

төсеніштер ол біткеннен кейін орнына орнатылады және жақылап бекітіледі. 

27.  Адамдардың  өміріне  және  денсаулығына  тікелей  қатер  төнетін 

жағдай  туындаған  кезде  жұмыстар  қатер  жойылғанша  тоқтатылуы  және 

жұмыстарды қауіпсіз орындау үдерісі қамтамасыз етілуі тиіс. 

 

 

6. ҚАУІПТІЛІГІ ЖОҒАРЫ ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ 



ҚАУІПСІЗДІК ТАЛАПТАРЫ 

 

6.1. Жол жүрісінің қауіпсіздігі 

 

28.  Жол  жүрісі  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  қызметі  «Жол  жүрісі 

туралы»

 

Қазақстан  Республикасының  Заңымен  [4],  Жол  жүрісі 



қағидаларымен [5], СТ 6636-1901-АҚ-039-2.002-2016 «Магистральдық мұнай 

құбырлары мен суағызғылар. Автокөлік, трактор және арнаулы техника. Жол 

жүрісі  қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  бойынша  жұмыстар  кешенін 

ұйымдастыру мен басқару» [6] стандартымен реттеледі. 

29.  Барлық  көлік  құралы  қауіптілігі  жоғары  нысандар  екендігін  есте 

ұстау керек. 

30.  Көлік  құралдарын  пайдалану  мына  жағдайларды  сақтай  отырып 

қана жүзеге асырылуы тиіс: 




 

1)  көлік  құралының  кезеңдік  техникалық  қызмет  көрсетуден  және 



сапар  алды  техникалық  қараудан  өткізілуі,  құрылымдық  бөлімше 

басшысының  бұйрығымен  нақты  бір  жүргізушіге  бекітілуі,  ол  көлік 

құралының  осы  тұрпатын  жүргізуге  үйретілуі,  тағылымдамадан  өтуі  және 

тиісті санаттағы жүргізуші куәлігінің болуы; 

2)  жолаушылар  саны  мен  тасылатын  жүктердің  сипаттамасы  көлік 

құралын жасаушы зауыттың техникалық шарттарына сәйкес келуі; 

3)  жүргізушілердің  сапар  алды  медициналық  куәландырудан  өтуі, 

медициналық  қарсы  көрсетілімнің  болмауы,  алкоголь,  есіртікі  және 

психотроптық  заттардың  немесе  медициналық  дәрмектердің  әсерінде 

болмауы, шаршау болмауы

4)  қауіпсіздік  белдігінің  орнатылуы,  жұмысқа  жарамды  жағдайда 

болуы әрі жүргізушінің және барлық жолаушының пайдалануы; 

5)  көлік  құралының  жүрісі  белгіленген  шектеуден  аспайтын 

жылдамдықпен,  бұл  ретте  жүрістің  жиілігі,  көлік  құралының  және  жүктің 

ерекшелігі мен күйі, жол мен метеорологиялық жағдай, атап айтқанда жүріс 

бағытындағы көру ескеріле отырып, жүзеге асырылуы тиіс.  

6) жүріс бағытын құрылымдық бөлімшенің уәкілетті жұмыскерлерінің 

әзірлеуі және келісуі; 

7)  көлік  құралы  транкингтік  байланыс  және  GPS  стансаларымен 

жабдықталған  болуы  тиіс,  өшірілген  немесе  бұзық  жүйелермен  жүруге  жол 

берілмейді; 

8)  көру  нашар,  аяз  кезінде  елді  мекендер  аумағынан  тыс  жүріске 

кемінде екі машинадан тұратын колоннамен ғана рұқсат етіледі;  

9) сыртқы ауа -30ºС-тан төмен болған кезде апаттық ахуалдарды жою 

жағдайларын  қоспағанда  дизельді  қозғалтқыштардағы  автотехниканың  елді 

мекендер аумағынан тыс шығуына жол берілмейді, апатты жою кезінде жүріс 

машиналар  колоннасымен  жүзеге  асырылуы  тиіс,  олардың  біреуі  бензинді 

қозғалтқышта болуы тиіс. 

31. Көлік құралын басқару кезінде тиым салынады: 

1)  ұтқыр  байланыс  құралдарын  (қалта  телефондары  және  т.б.) 

пайдалануға; 

2) таяу жарық фаралары немесе қозғалыс оттары өшіріліп жылжуға; 

3) жылдамдықтың белгіленген шектеулерін асыруға. 

32. Жолаушыларды, жүктерді қауіпсіз тасымалдау үшін жауапты адам 

– осы көлік құралын басқаратын жүргізуші. 

 

6.2. Электр қауіпсіздігі 



 

33. Электр қондырғыларын, жұмыс істеп тұрған және қайта құрылатын 

электр желілерін пайдаланумен, жөндеумен,  құрастырумен, баптаумен және 

сынаумен 

байланысты 

барлық 


жұмыс 

Тұтынушылардың 

электр 

қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларына [7] 



қатаң сәйкестікте жүзеге асырылуы тиіс.   


жүктеу 315,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау