«ҚазТрансОйл» АҚ Басқармасының шешімімен бекітілген



жүктеу 315,15 Kb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата14.05.2018
өлшемі315,15 Kb.
#13114
1   2   3   4   5   6   7   8   9

17 

 

4) жүктерді 



матау 

схемалары 

әзірленген 

және 


жұмыстарды 

орындаушылардың назарына жеткізілген

5) жүктің салмағы жүккөтергіш және жүкқармағыш жабдықтардың жол 

берілетін жұмыс жүктемесінен артпауға тиіс; 

6) жүккөтергіш 

жабдықтарда 

орнатылған 

барлық 


қауіпсіздік 

құрылғысының тексерілуі, сынақтан өтуі және жұмыс істеуі

7) әрбір  жүк  көтеру  операциясының  алдында  жүккөтергіш  және 

жүкқармағыш жабдықтарды қарап шығу; 

8) жебелі  өзі  жүретін  крандармен  оның  кез  келген  орналасуында, 

сондай-ақ  жүктен  42В  және  одан  артық  кернеуде  тұрған  электр  беру  әуе 

желісінің  ең  жақын  сымынан  жерге  кескін  құрайтын  көлденең  жазықтыққа 

дейін  кранның  көтергіш  жылжымалы  бөлігінен  30  метрден  жақын 

қашықтықта жұмыс істеуге жүктелім-пұрсат ресімделген;   

9) крандарды  еңістерге  және  шұңқырларға  жақын  орнату  және  оның 

жұмысы шарттары сақталған;   

10) жүктерді  жинау  орындары  мен  ауқымы,  оларға  кіре  беріс  жолдар 

айқындалған. 

93. Тыйым салынады: 

1) астында  адамдар  болған  жағдайда  жүктердің  орындарын 

ауыстыруға; 

2) салмағы белгісіз жүктердің орындарын ауыстыруға; 

3)  жүктерді  және  адамдарды  жылжыту  мақсаттарына  арналмаған  

жүккөтергіш механизмдермен орнын ауыстыруға

4) қатып қалған немесе топырақтың астында қалған не құрылмалармен 

қысылып қалған жүкті көтеруге; 

5) адамдардың  кранның  бұрылатын  және  бұрылмайтын  бөліктері 

арасында  қысылып  қалуын  болдырмау  үшін  олардың  жұмыс  істеп  тұрған 

жебелі өзі жүретін және мұнаралы крандардың маңында тұруына;  

6) тиісті  бағыттаушы  айлабұйымдар  қолданылмай  жүк  арқандары 

көлбеу  жағдайда  болғанда  кран  ілмегімен  жүкті  жермен,  еденмен  немесе 

рельспен тартуға; 

7) жүкпен  қысылып  қалған  матауыштарды,  арқандарды  және 

шынжырларды кранның көмегімен босатуға;  

8) жүкті  көтеру,  орнын  ауыстыру  және  түсіру  уақытында  тиісті 

бағыттаушы айлабұйымдар қолданбай оны тартуға

9) жылжытатын 

жүкті 

ілулі 


тұрғанда 

қолмен 


теңестіруге, 

матауыштарды түзетуге; 

10) арнайы қабылдау алаңшасы немесе арнайы айлабұйымы жоқ терезе 

ойығына және балкондарға жүк беруге; 

11) ақаулы қауіпсіздік аспаптары жағдайында жұмыс істеуге; 

12) желдің жылдамдығы 10 м/с болғанда 10 м биіктікте жұмыс істеуге. 

 

 

 




18 

 

6.9. Тиеу-түсіру жұмыстары 



 

94. Тиеу-түсіру жұмыстары жүргізілетін үй-жайлар мен алаңшалардың 

жарықтылығы  МЕМСТ-85  «Еңбек  қауіпсіздігі  стандарттарының  жүйесі. 

Құрылыс. Құрылыс алаңдарын жарықтандыру нормалары» [12] талаптарына 

сәйкес болуы тиіс. 

95. Тиеу-түсіру 

жұмыстары 

әдеттегідей 

механикаландырылған 

тәсілмен көтеру-көлік жабдықтарының көмегімен орындалуға тиіс. 

96. Тиеу-түсіру 

жұмыстарына 

жауапты 

адам 


жүк 

көтергіш 

механизмдердің,  такелаждардың,  айлабұйымдардың,  тақтай  тұғырлардың 

және  өзге  де  тиеу-түсіру  мүкаммалының  жарамдылығын,  сондай-ақ 

жұмыскерлерге  олардың  міндеттерін,  операцияларды  орындау  реттілігін, 

берілетін  дабылдардың  мәнін  және  тиеуге  (түсіруге)  берілген  материалдың 

қасиетін тексеруге міндетті. 

97. Тиеу-түсіру  жұмыстарының  механикаландырылған  тәсілі  салмағы 

50 кг-нан артық жүктер үшін, сондай-ақ жүктерді 2 м артық биіктікке көтеру 

кезінде міндетті.    

98. Тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізу орындарында және жүк көтергіш 

машиналардың  жұмыс  аймағында  осы  жұмыстарға  тікелей  қатысы  жоқ 

адамдардың болуына тыйым салынады. 

99. Жүктің  құлауы  және  түсіп  кетуі  мүмкін  аймақтарда  адамдардың 

болуына және көлік құралдарының жүруіне тыйым салынады. 

100.  Автомобиль  жүргізушілеріне  арнайы  дайындықты  талап  ететін 

жұмыстарды  қоспағанда,  олардың  келісімімен  бір  жүк  орнының  салмағы 

ерлер үшін – 20 кг және әйелдер үшін – 10 кг артық болмайтын жүктерді тиеу 

және түсіру жұмыстарын жүргізуге рұқсат етіледі. 

101.  Автомобиль  шанағының  және  платформасы  еденінің  биіктігі 

әркелкі болған жағдайда сатылар қолданылуы тиіс. 

102.  Қауіпті  жүктермен  тиеу-түсіру  жұмыстарын  жүргізу  кезінде 

мақсатты  нұсқаманы  жұмыстарды  бастау  алдында  жүргізу  керек.  Нұсқама 

бағдарламасына  қауіпті  жүктердің  қасиеттері  туралы  мәліметтер,  олармен 

жұмыс  істеу  қағидалары,  дәрігерге  дейінгі  медициналық  көмек  көрсету 

шаралары кіргізілуі тиіс.   

103.  Химиялық  заттардың  (отын,  реагенттер,  жағармайлар  және  т.б.) 

қауіпсіздік төлқұжаты болуы тиіс. 

104.   Ыдыстың 

белгіленген 

тәртіпте 

бекітілген 

нормативтік-

техникалық  құжаттама  талаптарына  сәйкессіздігі,  ыдыстың  жарамсыздығы 

байқалған,  сондай-ақ  онда  таңбасы  және  алдын  алу  жазбалары  болмаған 

жағдайда  қауіпті  жүктермен  тиеу-түсіру  жұмыстарын  жүргізуге  жол 

берілмейді.    

105.  Тиеу-түсіру  жұмыстарын  жүк  көтергіш  крандар  қолданып 

жүргізу  кезінде  оның  иесі  және  жұмыстарды  жүргізуші  ұйым  қауіпсіздікті 

қамтамасыз ету үшін мына талаптарды орындауға міндетті: 




19 

 

1)  жұмыстар    жүргізілетін  орында  жұмыстарға  қатысы  жоқ 



адамдардың болуына жол берілмейді; 

2)  автомашина  шанағында  немесе  кабинасында  адамдар  болған  кезде 

автомашинаға жүк түсіруге рұқсат етілмейді.   

106.  Такелаж  жұмыстарын  немесе  жүктерді  матауды  арнайы  оқудан, 

білім  тексеруден  өткен  және  осындай  жұмыстар  жүргізу  құқығына  куәлігі 

бар адамдар орындауға тиіс.   

 

6.10. От жұмыстары 

 

107.  От  жұмыстарын  жүргізу  кезінде  Өрт  қауіпсіздігі  қағидаларын 

[13],  ҚР  ҚҚ  1.03-106-2012  «Сәулет,  қала  құрылысы  және  құрылыс 

саласындағы 

мемлекеттік 

нормативтер. 

Қазақстан 

Республикасы 

қағидаларының  жиынтығы.  Құрылыстағы  еңбек  қорғау  және  қауіпсіздік 

техникасын» [14] және ҚР ҚН 1.03-12-2011 «Электрмен дәнекерлеу және газ-

от  жұмыстарын  жүргізу  кезіндегі  қауіпсіздік  техникасы  қағидасын»  [15] 

басшылыққа алу қажет.  

108.  Дәнекерлеу  және  басқа  да  от  жұмыстарын  белгіленген  тәртіпте 

өрт қауіпсіздігі шараларын өрт-техникалық минимум көлемінде оқыған және 

өрт  қауіпсіздігі  қағидасының  талаптарын  білуі  бойынша  есептер  тапсырған 

адамдар жүзеге асырады. 

109.  Уақытша (бір реттік) от жұмыстарын жүргізуге рұқсат бір жұмыс 

ауысымына  ғана  беріледі.  Бірнеше  ауысым  немесе  күн  ішінде  бірдей 

жұмыстар  жүргізілген  ретте  нысан  әкімшісінен  қайтадан  рұқсат  алу  талап 

етілмейді. 

110.  От  жұмыстарын  жүргізу  орны  алғашқы  өрт  сөндіру 

құралдарымен  (өрт  сөндіргіш,  құм  салынған  жәшік  және  күрек,  су 

толтырылған  шелек)  қамтамасыз  етіледі.  Нысанда  ішкі  өртке  қарсы  су 

құбыры  болған  ретте  от  жұмыстарын  жүргізу  орнына  өрт  крандарының 

ұңғысы бар өрт құбырлары төселеді. Барлық жұмысшы алғашқы өрт сөндіру 

құралдарымен пайдалана білуі тиіс. 

111.   Тез  тұтанатын  және  жанғыш  сұйықтардың,  жанғыш  газдардың 

булары  жиналып  қалатын  үй-жайлар  от  жұмыстарын  жүргізу  алдында 

желдетіледі. 

112.   От  жұмыстарының  алдында  және  оны  жүргізу  уақытында  осы 

жұмыстар  жүргізілетін  технологиялық  жабдықтағы  және  қауіпті  аймақтағы 

бу-газ-ауа ортасының жай-күйін бақылау жүзеге асырылады.   

113.   қауіпті  аймақта  немесе  технологиялық  жабдықта  жанғыш 

заттардың  құрамы  көбейген  немесе  жарылғыш  заттың    концентрациясы  бу 

(газ) концентрациясының шекті жол берілетін жарылу қауіпсіз мәніне дейін  

азайған жағдайда, от жұмыстары тез арада тоқтатылады.   

114.   От жұмыстарын жүргізу кезінде мыналарға жол берілмейді: 

1)  ақаулы аппаратура жағдайында жұмысқа кірісуге




жүктеу 315,15 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау