23
129. Жабық үй-жайларда, биіктікте, жер астында жұмыстарды жүргізу
кезінде өрт немесе апат туындаған жағдайда адамдарды көшіруге мүмкіндік
беретін іс-шаралар көзделуі тиіс.
130. Өндірістік нысандарға кірер жерде материалдар мен
құрылмаларды қоймалау орындары, көлік құралдарының айналма жолдары,
өртке қарсы сумен жабдықтау нысандары және өзге де нысандар көрсетілген,
құрылысішілік жолдар мен өтпежолдардың сызбалары орнатылуы қажет.
131. Өндірістік аумақтардың ішкі автомобиль жолдарын Қазақстан
Республикасының Жол жүру ережелеріне сәйкес көлік құралдары мен
құрылыс машиналарының қозғалысын реттейтін тиісті жол белгілерімен
жабдықтау қажет [5].
132. Жер жұмыстарын жүргізу кезінде адамдар мен көлік қозғалысы
жерлеріндегі қазаншұңқырлар, шұңқырлар, орлар мен жыралар МЕМСТ
12.4.059-89 (12.4.059-2002 ҚР СТ) «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының
жүйесі. Құрылыс. Мүкәммал қорғанышалды қоршаулары. Жалпы
техникалық ережелер» [16] сәйкес қоршалады.
133. Орлар, шұңқырлар, жыралар арқылы өтетін жерлерде екі жағынан
биіктігі кемінде 1,1 м таяныштармен қоршалған, төменде 0,15 м биіктікке
тұтас қаптамасы мен төсемнен 0,5 м биіктікке қосымша қоршау жиегі бар ені
кемінде 1м өтпе көпірлер орнатылады.
134. Өндірістік нысандарда, жұмыс учаскелері мен жұмыскерлердің
жұмыс орындарында ас сумен қамтамасыз етіледі, оның сапасы МЕМСТ
274-82 «Ас су. Гигиеналық талаптар мен сапаны бақылау» талаптарына сай
болуы тиіс [17].
135. Құрылыс алаңдары, жұмыс учаскелері мен жұмыс орындары,
оларға апаратын жолдар мен аяқжолдар тәуліктің қараңғы уақытында
МЕМСТ 12.1.046-85 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі. Құрылыс.
Құрылыс алаңдарын жарықтандыру нормалары» [12] және ҚР ҚН
2.04-01-2011 «Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары. Табиғи
және жасанды жарықтандыру» [18] сәйкес жарықтандырылуы тиіс.
Жарықтандыру біркелкі, жұмыс істеушілерге жарықтандыру аспаптары мен
құралдарының көзді қарықтандыратын әсерінсіз болуы тиіс.
Жарықтандырылмаған
жерлерде
жұмыстарды
жүргізуге
жол
берілмейді.
136. Таза ауада жұмыс істеушілер үшін жауын-шашыннан паналау
үшін қалқалар көзделеді.
137. Құдықтар, шурфтар мен басқа да оймалар қақпақшалармен,
қалқандармен жабылады немесе қоршалады. Тәуліктің қараңғы уақытында
аталған қоршаулар керенуі 42В-тен аспайтын электрлі сигнал шамдарымен
жарықтандырылады.
138. Судағы немесе су астындағы жұмыстарды орындау кезінде
құтқару стансалары (құтқару бекеттері) ұйымдастырылады. Судағы
жұмыстарға қатысушылардың барлығы жүзе білуі тиіс және құтқару
құралдарымен қамтамасыз етілуі тиіс.
24
139. Арқалықтарда, жабындарда 1,3 м асатын биіктікте және биіктік
айырмалары шегінен 2 м-ден кем қашықтықта орналасқан жұмыс орындары
мен оларға апаратын жолдар қорғаныш немесе сақтандырғыш қоршаулармен,
ал 2 м-ден асатын қашықтықта – мемлекеттік стандарттардың талаптарына
сәйкес сигнал белгілерімен қоршалады.
140. Төсем деңгейінен төменгі ойыққа дейінгі арақашықтық 0,7 м кем
болса, біржақты төсем (арқалық) жапсарласқан қабырғалардағы ойықтар
қоршалады.
141. Қорғаныш қоршауларын қолдану мүмкін болмаған ретте немесе
экономикалық тиімсіз болған кезде жұмыстарды жүргізу құрылысшылар
үшін сақтандырғыш белдіктері қолданылып, және биіктіктегі жұмыстарға
арналған жүктелім-пұрсат ресімделіп, жол беріледі.
142. Биіктіктегі, төмендегі, жұмыс орындары астындағы жұмыстарды
орындау кезінде қауіпті аймақтар бөлінуі қажет.
Бір тік сызық бойындағы жұмыстар қоса орындалған кезде төменде
орналасқан орындар олардан тік сызық бойынша 6 м аспайтын арақашықта
орнатылған тиісті қорғаныш құрылғыларымен (төсемдермен, торлармен,
маңдайшалармен) жабдықталады.
143. Сырттан іске қосылатын жабдықтар қолданылатын жұмыс
орындарында іске қосу туралы ескертетін дабылнама, ал қажет болған
жағдайда – оператормен байланыс болуы тиіс.
6.13. Жабдықтар мен құбырларды сынау
144. Жабдықтар мен құбырларды пневматикалық және гидравликалық
сынаулар жүргізу кезінде жұмыскерлерге жұмыс сипатымен байланысты
мынадай қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың әсерін алдын алу
іс-шаралары көзделуі қажет :
1) опырылатын құрылмалар;
2) жұмыс аймағы ауасының жоғары деңгейде газдалғандығы;
3) тұйықталуы адам денесі арқылы өтуі мүмкін электрлі тізбектегі
жоғары кернеу;
4) опырылатын тау жыныстары.
145. Жабдықтар мен құбырларды сынаулардың қауіпсіздігі
ұйымдастыру-технологиялық құжаттамадағы (құрылысты ұйымдастыру,
жұмыстарды жүргізу жобаларындағы ж.т.б.) еңбекті қорғау жөніндегі
мынадай шешімдерді орындау негізінде қамтамасыз етілуі тиіс:
1) сынауларды жүргізу бағдарламасын айқындау;
2) орлардағы, құдықтардағы және биіктіктегі жұмыстарды орындау
кезіндегі қауіпсіздік шаралары;
3) жабдықтар мен құбырларды пневматикалық сынау жүргізу кезіндегі
айрықша қауіпсіздік шаралары, сондай-ақ жабдықты жүктемемен сынау.
146. Жабдықты сынау кезінде:
25
1) жұмыстардың жетекшісі сынауларға қатысатын персоналды
жұмыстарды жүргізу тәртібімен және оларды қауіпсіз орындау іс-
шараларымен таныстыруы;
2) іргелес учаскелерде жұмыс істеушілерді сынау жүргізу уақыты
туралы ескерту;
3) жабдықтың бекітпелерін, оқшаулау мен электр бөлігінің жерге
тұйықталуының
жай-күйін,
арматураның,
іске
қосу
мен
тежеу
құрылғыларының, бақылау-өлшеу аспаптары мен бітеуіштердің бар-жоғын
және оның жарамдылығын тексеруге көзбен көріп, ал қажет болған жағдайда
аспаптардың көмегімен тексеру;
4) сынау аймағын тиісті белгілермен қоршап белгілеу;
5) қажет болған жағдайда апаттық дабылнаманы орнату;
6) сыналатын жабдықтың апаттық ажыратылу мүмкіншілігін;
7) жабдықтың іші-сыртында бөтен заттар болмау;
8) уақытша бітеуіштерді, люктер мен фланец жалғамаларын ескерту
белгілерімен қамтамасыз ету;
9) қауіпті аймақ туралы ескерту үшін бір-бірінен көз көрерлік
арақашықтықта, бірақ бір-бірінен әрбір 200 м-ден сиретпей бір бекет
болатындай есеппен бекеттер орнату;
10) сынауға қатысушы адамдардың орындары мен онда болудың
қауіпсіздік ережелерін айқындау;
11) өрт сөндіру құралдарын және өрт жою жұмыстарына қабілетті
қызмет көрсетуші персоналды дайын күйге келтіру;
12) жұмыс
орындарының
кемінде
50лк
жарықтандырылуын
қамтамасыз ету;
13) сынау бағдарламаларымен көзделген қауіпсіздікті қамтамасыз ету
іс-шараларын орындау үшін жауапты адамды белгілеу қажет.
147. Сынау барысында анықталған жабдықтағы кемшіліктерді жоюды
жабдық ажыратылғаннан және толық тоқтағаннан, артық қысым алып
тасталғаннан кейін жүргізу қажет.
148. Сынаудан кейін жабдықтар мен құбырларды үрлеп тазарту
кезінде ашық люктер мен келтеқосықыштар алдына қорғаныш қоршаулар
«экрандар) орнатылуы тиіс.
149. Төңіректегі адамдарға уақтылы ескертіліп, сынау жетекшісінен
рұқсат алынғаннан кейін ғана жабдықты сынауды бастауға рұқсат етіледі.
Жабдықты сынау барысында:
1) қорғаныш қоршауларын алып тастауға;
2) қақпақтарды, қоршуларды ашуға, жабдықты тазалауға және
майлауға, оның қозғалмалы бөліктеріне қол тигізуге;
3) электр тізбектерін, электр жабдықтары мен автоматика аспаптарын
тексеруге және түзетуге жол берілмейді.
26
6.14. Жайсыз температуралар кезіндегі жұмыс
150. Жұмыс орындарында ауа температурасы 10°С-тан төмен болған
кезде таза ауада немесе жылытылмайтын үй-жайларда жұмыс істеушілер
жылынуға арналған үй-жайлармен қамтамасыз етіледі.
151. Қоршаған ауаның төмен температурасы жағдайында жұмыстар
орындау кезінде мыналар қажет:
1) Жұмыстың ауысым кестесін сақтау;
2) ауысым уақытында жұмыскерлердің жылынуына арналған
регламенттелген үзілісті сақтауға;
3) жұмыскерлерді қосымша суықтан қорғану жеке құралдарымен
(бетті, жоғарғы тыныс жолдарын қорғау, үсіп қалудан сақтайтын жақпа)
қамтамасыз етуге;
4) жұмыскерлердің жылынуына арналған үй-жайлардың немесе өзге
орындардың жеткілікті мөлшерін ұсынуға;
5) жұмыскерлерді ыстық тамақпен және сусындармен қамтамасыз
етуге.
152. Қоршаған ауаның жоғары температурасы жағдайында жұмыстар
орындау кезінде мыналар қажет:
1) жұмыстың ауысым кестесін сақтауға;
2) ауысым
уақытында
жұмыскерлердің
демалуына
арналған
регламенттелген үзілістерді сақтауға;
3) жұмыскерлерді ыстық өтуден және күнге күюден қосымша жеке
қорғаныш құралдарымен қамтамасыз етуге;
4)
жұмыскерлердің
демалуына
арналған
үй-жайлардың
(бастырмалар, салқындатылатын үй-жайлар және т.б.) немесе өзге
орындардың жеткілікті мөлшерін ұсынуға;
5) жұмыскерлерді жаңа піскен тамақпен, ауыз судың және жуынатын
судың жеткілікті мөлшерімен қамтамасыз етуге.
6.15. Денсаулық сақтау
153. Жұмыскерлер міндетті:
1) өз денсаулығын сақтаудың қамын ойлауға;
2) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы
заңнамасына сәйкес алдын ала медициналық қараулардан өтуге;
3) медицина қызметкерлерінің, денсаулық сақтау органдары мен
ұйымдарының жеке және қоғамдық денсаулыққа қатысты нұсқамаларын
орындауға;
4) Өз денсаулығын және өзін қоршағандардың денсаулықтарын сақтау
жөніндегі сақтық шараларын сақтауға, тексерулерден өтуге және медицина
ұйымдарының талап етуі бойынша емделуге, жұқпалы ауыруы және
қоршағандарға қауіп төндіретін аурулары туралы медицина қызметкерін
хабардар етуге.
27
154. Филиалдар құрылымдық бөлімшелерінің басшылары міндетті:
1) санитарлық-індетке
қарсы
және
санитарлық-алдын
алу,
зарарсыздандыру, дезинсекциялау және дератизациялау іс-шараларын
жүргізуге;
2) халықтың санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласындағы
нормативтік құқықтық актілердің және гигиеналық нормативтердің, сондай-
ақ мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық бақылау мен қадағалауды
жүзеге асыратын лауазымды адамдардың актілері мен санитарлық-
эпидемиологиялық қорытындыларының талаптарын орындауға.
155. Кәсіби аурулардың алдын алу мыналарды қамтиды:
1) Ауру тәуекелі тәртіптік факторларының алдын алу және
жұмыскерлердің медициналық сауаттылығын мынадай жолдармен арттыру:
саламатты өмір салтын және пайдалы тамақтануды насихаттау;
аурудың алдын алу мәселелері бойынша хабардар ету;
жұқпалы емес созылмалы аурулармен ауыратын адамдарды өзіне өзі
көмектесудің қажетті тәсілдеріне үйрету;
2) жұмыскерлердің
ауыруы
факторлары
тәуекелін
алғашқы
медициналық санитарлық көмек мамандарының, кәсіби ауруларын -
халықтың санитарлық-эпидемиологиялық амандығы саласындағы қызметті
жүзеге асырушы мемлекеттік органдар мамандарының бақылауы;
3) ауру қатері өндірістік факторларын мейлінше азайту;
4) жұқпалы емес созылмалы, оның ішінде кәсіби аурулармен ауыратын
адамдарды жұмыскерлерді медициналық қарау өткізу, ертерек қаралуды
уәждеу арқылы анықтау;
5) созылмалы, оның ішінде кәсіби аурулары бар адамдарды,
жұмыскерлердің жекелеген санаттарын емханалық дәрімен қамтамасыз етуді,
емдік қалпына келтіруді және медициналық-әлеуметтік оңалтуды қоса
алғанда динамикалық бақылау және уақтылы;
6) денсаулығының
жай-күйіне
байланысты
денсаулық
сақтау
саласындағы уәкілетті орган бекіткен тәртіпке сәйкес медициналық
қорытындыда көрсетілген мерзімге неғұрлым жеңіл жұмысқа уақытша
ауыстыруға.
6.16. Тікұшақ пайдаланылған ұшулардың қауіпсіздігі
156. Ұшуларды орындау кезінде АҚ СТ 38440351-4.010-2008
«Магистральдық құбырлар. Әуеден бақылауды» [19] басшылыққа алу керек.
157. Ұшу алдында әуе кемесінің барлық жолаушысы құтқару
шаралары, ұшудың қауіпсіздігі, ұшу уақытындағы отырғызу, түсіру,
орналастыру және тәртіп, жүкті тиеу, қозғалыс бағыты және ауа райы
жағдайлары туралы нұсқаулықтан өтуі тиіс.
158. Магистральдық құбыр жолын тексеру жөніндегі бортоператорды
қоса алғанда тікұшақтың барлық экипаж мүшесі, ұшу алдында медициналық
қараудан өту керек.
28
159. Тікұшақтың экипаж мүшелері өздері үшін белгіленген жұмыс
уақытының және демалыс уақытының (ұшу уақытының, ұшу алдындағы
және ұшудан кейінгі демалыстың, кезекшілік өткізу тәртібін және т.б.)
тәртіптемесін сақтауы тиіс.
160. Өрт пен жарылыс туындау мүмкіндігінің алдын алу үшін экипаж
мүшелері өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауы және жолаушылар тарапынан
олардың бұзылуына жол бермеуі тиіс.
161. Тікұшақтың ұшуы кезінде экипаж кабинасында да, жүк-жолаушы
кабинасында да темекі тартуға жол берілмейді.
162. Ұшу кезінде түтін, ыс иісі немесе ашық жалын байқалған
жағдайда, бұл туралы тікұшақ командиріне жедел хабарлауға және өрт көзін
іздеуге әрі қол өрт сөндіргіштер мен басқа да қол жетімді құралдар көмегімен
сөндіруге кірісу керек.
163. Түтін экипаж кабинасында пайда болған ретте магистральдық
құбыр жолын тексеру жөніндегі бортоператорды қоса алғанда тікұшақтың
барлық түтіннен қорғайтын құралдарды (оттегі маскалары және түтіннен
қорғайтын көзілдірік) киюі керек.
164. Тікұшақтың электр энергиясы тұтынушыларының бірінде өрт
пайда болған жағдайда оны жедел токтан ажырату керек.
165. Тікұшақ апатты қондырылған жағдайда, экипаж мүшелерінің іс-
әрекеті ұшуды пайдаланудың тиісті регламенттері талаптарына сәйкес болуы
тиіс.
166. Тікұшақ жүктерін тиеу және түсіру, оның жолаушыларын
отырғызу және түсіру қозғалтқышты тоқтатқан жағдайда жүзеге асырылады.
Айрықша жағдайларда егер алаңша еңіссіз және бөтен заттармен кедергі
жасалмаған болса тікұшақ командиріне бұл операцияларды жұмыс істеп
тұрған қозғалтқыш жағдайында өткізу туралы шешім қабылдауына жол
беріледі.
167. Адамдарды жұмыс істеп тұрған қозғалтқыш жағдайында түсірген
кезде адамдар тікұшақтан экипаж мүшесінің командасымен кетуіп,
командирдің көз алдында қалуы тиіс. Тікұшаққа экипаж мүшесінің алып
жүруімен ол көрсеткен бағыт бойынша жақындауға болады.
7. ЖАУАПТЫЛЫҚ
168. Қоғам басшылығы және Қоғам құрылымдық бөлімшелерінің
басшылары мыналар үшін жауапты болады:
1) осы Кодекстің талаптарын енгізуге және Қоғам жұмыскерлері мен
мердігерлерінің оларды орындауын бақылауға;
2) қажетті ұйымдық және техникалық іс-шаралар жүргізу жолымен
қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз етуге.
169. Филиалдар құрылымдық бөлімшелері басшылары қауіпсіздік
техникасы және өндірістік санитария қағидаларын сақтауды, жазатайым
29
оқиғалардың, оның ішінде кәсіби аурулардың, уланудың алдын алу жөніндегі
қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етуге .
170. Қоғам дұмыскерлері мыналар үшін жауапты болады:
1) Қазақстан Республикасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
саласындағы заңнамасы, Осы Кодекс және Қоғамның ішкі құжаттары
талаптарының орындалуына;
2) орын алған жазатайым оқиға және/немесе оның себептері, барлық
байқалған нормалар мен қағидаларды бұзулар, сондай-ақ ғимараттардың,
жабдықтардың және қорғаныш құрылғыларының ақаулары туралы өзінің
тікелей бастығына, ал ол жоқ болса – жоғары тұрған басшыға тез арада
хабарлауға.
30
8. БИБЛИОГРАФИЯ
[1] Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы №354 бұйрығымен бекітілген Магистральдық
құбырларды пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қағидалары.
[2] Қоғам Басқармасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі шешімімен
(отырыстың №12 хаттамасы) бекітілген СТ 6636-1901-АҚ-039-2.006-2013
«Магистральдық мұнай құбырлары. От, газ қауіпті жұмыстарды және
қауіптілігі жоғары жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі».
[3] Қоғам Басқармасының 2012 жылғы 6 сәуірдегі шешімімен
(отырыстың №9 хаттамасы) бекітілген СТ 6636-1901-АҚ-039-2.005-2012
«Мердігер ұйымдарға қойылатын талаптар».
[4] «Жол жүрісі туралы» 2014 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан
Республикасының Заңы.
[5] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 қарашадағы
№1196 қаулысымен бекітілген Жол жүрісі қағидалары.
[6] Қоғам Басқармасының 2016 жылғы 27 сәуірдегі шешімімен
(отырыстың №13 хаттамасы) бекітілген СТ 6636-1901-АҚ-039-2.002-2016
«Магистральдық мұнай құбырлары мен суағызғылар. Автокөлік, трактор
және арнаулы техника. Жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша
жұмыстар кешенін ұйымдастыру мен басқару».
[7] Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2015 жылғы
19 наурыздағы №222 бұйрығымен бекітілген Тұтынушылардың электр
қондырғыларын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидалары.
[8] Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы №358 бұйрығымен бекітілген Қысыммен
жұмыс істейтін жабдықтарды пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті
қамтамасыз ету қағидалары.
[9] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 5 тамыздағы №906
қаулысымен бекітілген Газбен жабдықтау жүйелері объектілерінің
қауіпсіздігі жөніндегі талаптар.
[10] Қазақстан Республикасы энергетика министрінің 2015 жылғы
16 наурыздағы №204 бұйрығымен бекітілген Саймандармен және
айлабұйымдармен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік қағидасы.
[11] Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрінің
2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 359 бұйрығымен бекітілген Жүк көтергіш
механизмдерді пайдалану кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету
қағидасы.
[12] МЕМСТ 12.1.046-85 «Еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі.
Құрылыс. Құрылыс алаңдарын жарықтандыру нормалары».
[13] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы
№1077 қаулысымен бекітілген Өрт қауіпсіздігі қағидалары.
31
[14] ҚР ҚЕ 1.03-106-2012 «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс
саласындағы
мемлекеттік
нормативтер.
Қазақстан
Республикасы
қағидаларының жиынтығы. Құрылыстағы еңбек қорғау және қауіпсіздік
техникасы».
[15] ҚР ҚН 1.03-12-2011 «Электрмен дәнекерлеу және газ-от
жұмыстарын жүргізу кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидасы»
[16] МЕМСТ 12.4.059-89 (ҚР СТ 12.4.059-2002) «Еңбек қауіпсіздігі
стандарттарының жүйесі. Құрылыс. Мүкәммал қорғанышалды қоршаулары.
Жалпы техникалық ережелер».
[17] МЕМСТ 2874-82 «Ауыз су. Гигиеналық талаптар мен сапаны
бақылау».
[18] ҚР ҚН 2.4-01-2011 «Қазақстан Республикасының құрылыс
нормалары. Табиғи және жасанды жарықтандыру».
[19] Қоғам Басқармасының 2008 жылғы 17 қаңтардағы шешімімен
(отырыстың №1 хаттамасы) бекітілген АҚ СТ 38440351-4.010-2008
«Магистральдық құбырлар. Әуеден бақылау».
*Осы Кодексті пайдалану кезінде сілтеме жасалып отырған құжаттың ағысдағы
жылғы жай-күйі бойынша қолданылуын тексеру қажет. Егер сілтеме жасалып отырған
құжат ауыстырылған (өзгертелген) болса, осы Кодексті пайдалану кезінде ауыстырылған
(өзгертелген) құжатты басшылыққа алу қажет. Егер сілтеме жасалған құжат ауыстырусыз
алынып тасталса, оған сілтеме жасалған ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлігінде
қолданылады.
Достарыңызбен бөлісу: |