5
4) төтен ауа райы жағдайының әсерінен қашқақтауға;
5) алкогольді, есірткілік және психотроптық заттарды қабылдамауға,
сақтамауға, сатпауға және таратпауға;
6) егер алкогольді, есірткілік және психотроптық заттарды
қабылдаудың куәсі болған ретте, дереу араласуға және ескерту жасауға, бұл
жәйт туралы тікелей басшығы немесе нысан бастығына баяндауға;
7) жеке және (немесе) ұжымдық қорғаныш құралдарымен қамтамасыз
етпеген, сондай-ақ адамдардың өміріне және денсаулығына қатер төндіретін
ахуал туындаған жағдайда бұл туралы тікелей басшыға жазбаша хабарлап,
жұмысты орындаудан бас тартуға;
8) зиянды және қауіпті өндірістік факторлардың ұзақ уақыт бойғы
әсерінен қашқақтауға, жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарын мақсаты
бойынша қолдануға және пайдалануға;
9) жұмыскерлердің әрбір өндірістік жарақат алуы және өзге де
денсаулыққа нұқсан келтіруі, кәсіптік науқастану (улану) белгілері, сондай-
ақ адамдардың өміріне және денсаулығына қатер төндіретін ахуал туралы
тікелей басшыға дереу хабарлауға.
12. Әрбір жұмыс орнында өндірістік және лауазымдық нұсқаулықтар,
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрт қауіпсіздігі бойынша нұсқаулықтар
болуы тиіс.
4.3. Өндірістік нысандарда болу кезіндегі қауіпсіздік
13. Қоғамның өндірістік нысандарында болатын барлық адам
нұсқамалықтан өтіп, оның нәтижелері нұсқамалық журналына ресімделуі,
берілетін қорғаныш көзілдірікті және каскны киуі тиіс. Аяқ киім биік өкшелі
және болат тағалы болмауы, киімнің жалбырап тұратын бөліктері болмауы
тиіс.
14. Өндірістік нысандарда тек топталып жүріп-тұру керек. Топты
келген нысанның уәкілетті адамы ертіп жүруі тиіс. Бірнеше топқа бөлініп әр
топқа жеке ертіп жүруші міндетті түрде беріліп, жүріп-тұруға болады.
15. Әр ертіп жүруші рациямен қамтамасыз етілуі тиіс.
16. Төтенше жағдай немесе соның алғышарты туындаған ретте барлық
жүрген адам қауіпсіз жерге көшірілуі тиіс.
5. ЖҰМЫСТАРДЫ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ
ЖАЛПЫ ТАЛАПТАРЫ
17. Жұмыс орындарын дайындау және жұмыстарды орындау кезінде
еңбек қауіпсіздігі және еңбек қорғау саласындағы Қазақстан Республикасы
заңнамасының және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптары бұлжымай
сақталуы тиіс. Жұмыстардың қауіпсіз орындалуын қамтамасыз етуді
реттеуші негізгі құжаттар – Магистральдық құбырларды пайдалану кезіндегі
6
өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидалары [1], СТ 6636-1901-АҚ-
039-2.006-2013 «Магистральдық мұнай құбырлары. От, газ қауіпті
жұмыстарды және қауіптілігі жоғары жұмыстарды ұйымдастыру тәртібі» [2],
СТ
6636-1901-АҚ-039-2.005-2012
«Мердігер
ұйымдарға
қойылатын
талаптар» [3].
18. Қоғамның өндірістік нысандарында жұмыстарды жүзеге асырушы
Қоғамның барлық жұмыскері, сондай-ақ мердігерлердің барлық жұмыскері
ауа райы жағдайына, тиістілік нормаларына және орындайтын жұмыстың
түрлеріне сәйкес арнайы киімді және арнайы аяқ киімді киюге міндетті,
бастарына каска, көзіне қорғаныш көзілдірік киюлері тиіс.
19. Арнайы жұмыстарды орындаған жағдайда (биікте, электр
желілерінде, жабық кеңістіктерде және т.б.) орындалатын жұмыстар
түрлеріне сәйкес қосымша қорғаныш құралдарын қолдану міндетті.
20. Барлық жұмыс мынадай шарттар сақталған ретте орындалуы тиіс:
1) жұмыстарды орындаушылардың тиісті біліктілігі болуы, еңбек
қауіпсіздігі және еңбек қорғау, өрт және өнеркәсіп қауіпсіздігі саласында
оқытылуы және аттестатталуы, дәрігерге дейін медициналық көмек көрсету
әдісіне үйртілуі, жұмыстарды қауіпсіз жүргізу нұсқаулықтарымен
таныстырылуы, денсаулық жағдайына қарай жұмыстарды орындауға
жіберілуі, жұмыс орнында нұсқамалықтан өткізілуі тиіс;
2) жұмыстардың басшылары мен орындаушылары қолданылатын
айлабұйымдар мен құралдарды қауіпсіз пайдалану қағидаларымен
белгіленген тәртіпте таныстырылуы тиіс;
3) аса қауіпті жұмыстар оларды жүргізуге Қазақстан Республикасы
заңнамасының және Қоғамның ішкі құжаттарының талаптарына сәйкес
пұрсат беру іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін ғана орындалады;
4) жұмыс орнын дайындауға арналған құжаттарды ресімдеу
басталғанға дейін бар және ықтимал қауіпті әрі зиянды жағдаяттарға міндетті
түрде талдау жасалуы, барлық қатерлер бағалануы, олар бойынша
жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге арналған бақылаудың қажетті шаралары
анықталуы қажет;
5) нормалар талаптарына сәйкес жұмыс орындары дайындалған, жұмыс
басшылары және жүргізушілері, бригада мүшелері нұсқамалықтан өткізілген
соң және жұмыс орны қабылданып алынған соң жұмыстарға кірісуге рұқсат
етіледі;
6) жеке және ұжымдық қорғаныш құралдары анықталған ықтимал
қауіптер және жұмыстарды қауіпсіз жүргізуге қойылатын талаптар ескеріле
отырып, қолданылады;
7) алкогольдік немесе есірткілік (уыттық) мас күйдегі адамдардың,
сондай-ақ денсаулық жағдайы бойынша жұмыс орнында жұмыстарды
орындауға жарамсыз адамдардың болуына жол берілмейді;
8) жұмыстар орындалатын жерге осы жұмысты орындаумен байланысы
жоқ адамдардың келуіне жол берілмеуі тиіс;