Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет8/20
Дата19.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#20490
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20

3-

кестенің жалғасы  



Сабақты қорытындылау 



Сыныптың  және  жекелеген  оқушылардың 

жұмысына баға беру  

Мұғалімнің сабақты қорытындылау бойынша 

хабарлауы,  қорытындыны  оқушылардың 

өздерінің жасауы 

Рефлексия  

Оқушылардың 

психологиялық-

эмоционалдық  жағдайларына  байланысты 

рефлексия  жасауы,  өздігінен  жұмысты 

орындауға, 

мұғаліммен 

және 


сыныптастарымен 

қарым-қатынасқа 

ынталандыру  

Жеделхат, аяқталмаған сөйлем, координаттар 

арқылы қорытынды шығару 

 

Сабаққа  шығармашылықпен  қарайтын  мұғалім  ең  алдымен  сабақтың 



дидактикалық  мақсаты  мен  оқу  материалының  мазмұнына  сәйкес  сабақтың 

алуан түрлерін алма-кезек ауыстырып өткізеді.  

Біртұтас  дидактикалық  жүйенің  оқыту  үдерісіндегі  сабақтың  мәні  мен 

мақсаты  мұғалім  мен  оқушының  ұжымдық-жекелей  өзара  қарым-қатынасына 

алып  келеді.  Осының  нәтижесінде  оқушылардың  білім,  білік  және  дағдысы 

қалыптасады,  олардың  қабілеттері  мен  қызмет  тәжірибесі,  көзқарастары 

дамиды, мұғалімнің педагогикалық шеберлігі жетіледі.  

Сабақ,  бір  жағынан,  тұтастай  алғанда  оқытуды  қозғаушы  форма  түрінде, 

екінші  жағынан,  оқытудың  заңдылықтары  мен  принциптерінен  туындайтын, 

мұғалімнің сабақты өткізуді ұйымдастыруына қойылатын негізгі талаптарымен 

анықталатын  оқытуды  ұйымдастыру  формасы  түрінде  анықталады.  Мұғалім 

осы  талаптарды  басшылыққа  ала  отырып,  сабақты  оқыту  үдерісінде 

оқушылардың  тұрақты  құрамымен  мектептің  күнделікті  нақты  жағдайында 

шешілуге  тиісті  дидактикалық  міндеттердің  (білім  беру,  тәрбие,  даму)  жүйесі 

ретінде дайындайды.  

Педагогикалық  үдерісті  ұйымдастыру  формасы  ретіндегі  сабақтың 

артықшылықтары  оның  фронтальды,  топтық  және  жекелей  жұмыстарды 

сабақтастырудағы  мүмкіндігінің  молдығында;  мұғалімге  материалды  жүйелі 

және  ретімен  түсіндіруге,  оқушылардың  танымдық  қабілеттерінің  дамуын 

басқаруға  және  ғылыми  көзқарастарын  қалыптастыруға  мүмкіндік  береді, 

оқушылардың басқа да қызмет түрлерін, соның ішінде сыныптан тыс және үй 

тапсырмаларын  атқаруын  ынталандырады;  оқушылар  сабақта  тек  білім,  білік 

және  дағды  жүйесін  ғана  емес,  сонымен  қатар  танымдық  қызмет  әдістерінің 

өзін  де  иемденеді;  сабақ  педагогикалық  қызметтің  мазмұны  мен  әдістері 

арқылы тәрбиелік міндеттерді тиімді шешуге мүмкіндік береді [7].  

Мұғалім  сабақ  оқыту  кезінде  бірнеше  міндет  қояды.  Атап  айтқанда, 

оқушыларға жаңа білім беру, олардың ойлауы мен танымдық қабілетін дамыту, 

ғылыми көзқарасын қалыптастыру, қызметіндегі шеберліктер мен дағдыларды 

қалыптастыру,  бұрын  өтілген  материалды  қайталау,  оқушылардың  үлгерімін 

анықтау  және  тәрбиелік  жұмыстардың  сипатын  байқау.  Сабақта  осылардың 

біреуі міндет болуы мүмкін.  

18 


 


Оқушылардың сабақтағы жұмысын ұтымды үйлестіру мен ойлау қабілетін 

есепке  алу  бірімен-бірі  қатар  жүргізіліп  отыруы  тиіс.  Үйлестіру  мен  есепке 

алудың  бірізділігі  сабақтың  құрылымын  анықтайды.  Мектептерде  ұзақ  уақыт 

бойы сабақтың төрт элементті (үй тапсырмасын сұрау, жаңа материалды үйрету 

және  оны  бекіту,  соңында  үйге  тапсырма  беру)  құрылымы  қалыптасқан. 

Мұндай  типтегі  сабақтардың  өзіндік  кемшіліктері  анықталған.  Шынында, 

мұндай сабақтарда уақыттың көбі оқушылардың білімін тексеруге, бір бөлігі - 

мұғалімнің жаңа материалды баяндауына кетеді де, оқушылардың өз білімдерін 

іс  жүзінде  қолданып  жаттығулар  орындауына  уақыт  аз  қалады.  Оның  үстіне 

оқушылардың  зейіні  мен  жұмыс  істеу  қабілетінің  ең  өнімді  кезеңі  сабақтың 

алғашқы  20-25  минут  мөлшерінде  өтеді.  Ал  нақ  осы  уақыт  үй  тапсырмасын 

сұрауға дәл келеді де, жаңа материал оқушылардың жұмыс қабілеті төмендеген 

кезде  беріледі.  Сондықтан  сабақ  құрылымының  неғұрлым  тиімді  жолдарын 

қарастыру керек.  

Мұғалімнің  сабаққа  дайындығы  өзара  байланысқан  екі  кезеңнен 

қалыптасады:  тақырыптар  бойынша  сабақтар  жүйесін  жоспарлау  және  осы 

жоспарлауды әр сабақта жүзеге асыру.  

Тақырыптық  жоспарлау  сабақ  жүйесінде  оқу-тәрбие  үдерісін  және 

тақырып  бойынша  сабақтан  тыс  немесе  оқу  бағдарламасының  білім  беру, 

дамыту  және  тәрбиелеу  қызметінің  тиімді  жолдарын  анықтап  жүзеге  асыруға 

арналған.  

Тақырыптық  жоспарлаудың  табысты  болуы  мұғалімнің  оқушылар  нені 

дұрыс түсініп, немен танысып, нені біліп, не істеу керектігін және т.б. сезінуіне 

байланысты.  Сондықтан  тақырыпты  жоспарлау  мұғалімнің  пән  бойынша  оқу 

бағдарламасын,  оқу  стандарттарын,  оқушыларды  тәрбиелеу  және  дамыту 

мақсатында  тақырып  бойынша  дидактикалық  есептердің  шешімін  дұрыс 

тандауынан басталады.  

Тақырыптық  жоспарда  сабақтың  жүйелілігі,  негізгі  тараулары  және 

сабақта  орындалатын  жұмыс  түрлері,  пәнаралық  байланысы  мен  әр  сабақты 

көрнекіліктермен  қамтамасыз  ету  қажеттілігі  көрсетіледі  және  тақырыптық 

жоспарлар үлгі ретінде беріледі.  

Жоспарлау  кезеңі  мұғалімнің  қызметінде  қандай  талаптарды  шешуі 

керектігіне  байланысты  стратегиялық,  тактикалық  және  күнтізбелік, 

тақырыптық  немесе  сабақ  жоспарларын  жасаумен  анықталады.  Жоспарлауды, 

конспект-жоспарларды  немесе  конспектілерді  жасау  педагогтің  тәжірибелігін 

және  шеберлік  деңгейін  анықтайды  және  ұзақ  жұмысты  талап  етеді.  Ол: 

оқушының  бастапқы  дайындық  деңгейін  талдауды,  оқыту  мүмкіндіктерін 

әдістемелік  қамтамасыз  ету  және  материалдық  базасының  жағдайын,  өзінің 

жеке кәсіби мүмкіндігін, сыныптың ұжым ретінде қалыптасуын және сабақтың 

дидактикалық  мақсатына  сәйкес  нақты  білім  беру,  тәрбие  және  дамыту 

талаптарын анықтауды, мазмұнды таңдау, сабақтағы нақты жұмыс түрін, өзінің 

және  оқушылардың  қызметін  жүргізу  әдістері  мен  түрлерін  ойластыру; 

нәтижелерге  жетудегі  кездесетін  қиындықтарды  болжау;  көрнекілік  пен 

техникалық  оқыту  жабдықтарын,  тарату  материалдарын  пайдалану  тәсілдері 

мен орнын анықтауды; өздігінен жұмыстың мазмұны мен оны ұйымдастыруды 

19 


 


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау