Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет4/20
Дата19.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#20490
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

алып  келеді,  соның  нәтижесінде  оқушылар  білім,  білік  және  дағдыны 

иемденеді, олардың қабілеттері, қызмет тәжірибесі, араласуы мен көзқарастары 

дамиды,  сонымен  қатар  мұғалімнің  педагогикалық  шеберлігі  жетіледі. 

Сонымен,  сабақ  –  бір  жағынан,  тұтастай  алғанда  оқытуды  қозғаушы  форма 

түрінде,  екінші  жағынан,  оқытудың  заңдылықтары  мен  принциптерінен 

туындайтын, мұғалімнің  сабақты өткізуді  ұйымдастыруына  қойылатын  негізгі 

талаптарымен анықталатын оқытуды ұйымдастырудың формасы.  

«Сабақ» ұғымына берілетін анықтамалардың алуан түрлілігіне қарамастан, 

бұл түсініктің келесі ортақ белгілерін атауға болады:  

1. 


Сабақ  –  мектептегі  оқу-тәрбие  үрдісін  ұйымдастырудың  негізгі 

формасы,  өйткені  сабақ  барысында  тұлғаның  дамуына  қатысты  білім  берудің 

барлық мақсаттары орындала алады.  

2. 


Сабақ  –  оқыту  үрдісінің  мазмұнын  құрудың  қарапайым  түрі. 

Сондықтан сабақта бұл үрдістің барлық компоненттері: мақсаттары, мазмұны, 

әдістері, құралдары, ұйымдастыру мен басқаруға қажетті іс-әрекет және оның 

дидактикалық элементтері болады.  

3. 

Сабақ  –  оқушыларды  оқыту,  тәрбиелеу  және  дамыту  қызметін 



атқарады. Сабақтың басты мақсаты аталған қызметтерді жүзеге асыру.  

Дәстүрлі сабақтың мақсаты нені және қалай үйрету мәселесі болса, қазіргі 

сабақ  қашан,  қай  жерде,  кімді  және  не  үшін  оқыту  қажет  екендігін 

қарастырады. Оны шартты түрде жүйеден «шығуды» реттеу дейді. Бұл жолдың 

ерекшелігі  неде?  Мәселе  «Не  үшін  оқытамыз?»  деген  сұраққа  жауап  алудан 

басталды.  Бұл  сұраққа  жауап  ретінде  алынатын  «соңғы  нәтижелер» 

нақтыланады.  Ол  нәтижелерге  жеке  пәндер  бойынша  меңгерген  білім,  білік 

және  дағды  емес,  өмірлік  дағдылар  жатады.  Осыдан  кейін  қарастырылатын 

мәселе  «Оқушыны  оқуға  қалай  үйрету?»  деген  сұрақпен  байланысты.  Демек, 

мұғалім,  негізінен,  оқушыларға  жүйеленіп  өңделген  оқу  материалды  дайын 

күйінде ұсынбайды, оқушыны өздігінен ізденіп, өзіне қажет білімді іздестіруге 

керекті  дағдылармен  (білік,  тәсіл,  т.б.)  қаруландырады.  Осындай  ұстанымда 

ұйымдастырылған  оқу  үрдісінің  нәтижесінде  оқушылар  өмірге  қажетті  кең 

ауқымды дағдыларды, құзырлықтарды меңгеріп шығады.  

Мұғалім оларды басшылыққа ала отырып, сабақ беру барысында мектептің 

күнделікті оқыту жағдайында шешілуі тиісті дидактикалық міндеттердің (білім 

беру, тәрбиелеу, дамыту) жүйесі ретінде ұйымдастырады және осы міндеттерді 

ұтымды сабақтастыра отырып, осы қызметтерге басшылық жасайды.  

Сабақтың ең кең таралған түрі – дәстүрлі сабақ. Дәстүрлі сабақты негізгі 

дидактикалық  талаптар  тұрғысынан,  сонымен  қатар  қазіргі  сабақты  өткізумен 

байланысты оның мәнінің өзгеруін қарастырайық (1-кесте):  

Қазіргі  сабақ  дегеніміз  –  сол  кезеңнің,  сол  уақыттың  талаптарына, 

деңгейіне сай сабақ. Заман талабына сай сабақ – тұлғаны заман талабына сай 

бәсекеге  қабілетті  азамат  етіп  оқытуға  бағытталуы  тиіс.  Сабақ  әр  жас  тұлға 

өмірінің  бір  бөлігі,  сондықтан  бала  өмірінің  бұл  бөлігі  жалпы  адамзат 

мәдениетінің  жоғары  деңгейінде  өтуі  тиіс.  Сабақ  баланың  үйдегі  өмірімен, 

үйден  тыс  жерлерде  өзінің  достарының  арасындағы  өмірімен  сабақтасып, 

күнделікті өмірінің жалғасы болуы тиіс. Сондықтан қазіргі күннің оқушылары 

 



«қазіргі сабақ дегеніміз не?» деген сұраққа:  

 

1-



кесте - Дәстүрлі сабақ пен қазіргі сабақтың өзіндік ерекшеліктері  

 

Сабаққа қойылатын 



талаптар  

Дәстүрлі сабақ  

Қазіргі сабақ  

Мақсаты 


мен 

міндеттерді хабарлау 

Оқушылар  нені  үйрену  керек 

екенін мұғалім хабарлайды  

Білетіні  және  білмейтінін  анықтау 

арқылы 


оқушылар 

өздері 


анықтайды 

Сабақтың  тақырыбын 

хабарлау 

Мұғалім оқушыларға хабарлайды 

Оқушылар өздері қалыптастырады 

Жоспарлау 

Мақсатқа  жету  үшін  оқушылар 

қандай 


жұмыс 

істейтіндерін 

мұғалім хабарлайды 

Белгіленген 

мақсатқа 

жетудің 


жолдарын оқушылар жоспарлайды  

Оқушылардың 

практикалық 

әрекеттері 

Оқушылар 

практикалық 

жұмыстарды 

мұғалімнің 

басқаруымен орындайды (көбінесе 

іс-әрекетті 

ұйымдастырудың 

фронталдық түрі қолданылады) 

Оқушылар 

оқуды 


белгіленген 

жоспар  бойынша  жүзеге  асырады 

(жеке, топтық әдістер қолданылады) 

 

Бақылауды 



жүзеге 

асыру 


Мұғалім 

оқушылардың 

практикалық 

жұмысты 


орындауларына бақылау жасайды 

Бақылауды оқушылар өздері жүзеге 

асырады  (өзін-өзі  бақылау,  бірін-

бірі бақылау) 

Түзетулерді 

жүзеге 


асыру 

Мұғалім  жұмыстың  орындалу 

барысында 

түзетулер 

жасап 

отырады  



Оқушылар  қиындықтарды  өздері 

анықтайды  және  өздігінен  жүзеге 

асырады 

Оқушыларды бағалау 

Оқушылардың 

орындаған 

жұмыстарын 

мұғалім 


сабақ 

барысында бағалайды 

Оқушылар  жұмыстарын  нәтижесіне 

қарай  бағалайды  (өзін-өзі  бағалау, 

сыныптастарының 

жұмысын 


бағалау) 

Сабақтың 

қорытындысы 

Мұғалім  оқушылардың  естерінде 

нені сақтағандарын анықтайды 

Рефлексия жүргізіледі 

Үй тапсырмасы 

Мұғалім 


түсіндіріп 

айтады 


(көбінесе  барлық  оқушыларға  бір 

тапсырма беріледі) 

Жеке  мүмкіншіліктеріне  қарай 

мұғалім  ұсынған  тапсырмалардан 

оқушылар таңдап ала алады 

 

«



Қазіргі  сабақ  –  мұғалім  жаңа  материалды  түсінікті  де  қарапайым 

түсіндіретін сабақ».  

«Қазіргі  сабақ –  бұл  қызықты  жаңа  мағлұматтардан  тұратын  жеңіл  сабақ 

және бұл сабақта мұғалім мен оқушы бір-бірімен еркін сөйлесіп, өзара қарым-

қатынас жасай алады».  

«Қазіргі  сабақ  –  бұл  бір  істелген  жұмыс  қайталана  бермейтін, 

түрлендірілген сабақ».  

«Қазіргі сабақ – оқушының айтқан кез келген ойы, ұсынысы тыңдалатын 

және адам адам болуға үйренетін сабақ».  

«Қазіргі  сабақ  –  өзіңді  еркін  сезінетін  сабақ»  -  деп  жауап  берері  сөзсіз. 

Білімнің  сапалы,  жоғары  деңгейде  болуы  сабаққа  байланысты,  сондықтан 

сабаққа қойылатын талаптар да заман талабына сай өзгеруде.  

Сабаққа қойылатын негізгі талаптар дегеніміз оқытудың жалпы білім беру, 

тәрбиелеу және дамыту қызметтерін сапалы жүзеге асыруға қажетті қағидалар 

болып  табылады.  Бұл  қызметтер  әрбір  сабақта  белгілі  бір  дәрежеде  жүзеге 

асырылады.  Мұғалімнің  жұмысында  ең  бастысы  сабақтың  білім  беру, 

10 

 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау