Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет6/20
Дата19.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#20490
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

байланысты болуы тиіс.  

Кез  келген  сабақ  бұрын  өткен  немесе  болашақта  өтілетін  сабақтардан 

ерекшелендіріліп  қарастырылмауы  керек,  ол  пән  сабақтарының  жалпы 

жүйесінің  бір  буыны  болуы  керек.  Мұғалім  өз  пәнінен  сабаққа  дайындалу 

барысында  өткен  сабақты  жақсы  елестетіп,  жаңа  материалды  мүмкіндігінше 

оқылған  материалмен  байланыстыруы,  сонымен  қатар  алдағы  сабақтың 

құрылымы мен мазмұнын ескеруге тырысуы тиіс. Бұл әсіресе еңбек жолын енді 

бастаған  жас  мамандар  үшін  маңызды.  Мұғалім  кез  келген  сабақта 

оқушылардың  білімін  қалыптастыра  отырып,  алдыңғы  (келесі)  сабаққа  негіз 

қалауға міндетті.  

11. 

Сабақтың барлық уақытын барынша табысты, тиімді пайдалану керек.  



Мұғалім  сабаққа  дайындалғанда  45  минутта  істелетін  жұмыстарды 

ұйымдастыру  жолдарын  жоспарлауы  тиіс.  Сыныптың  бір  де  бір  оқушысы 

мұғалім  назарынан  тыс  қалмай,  оқу  материалына  сәйкес  тапсырмалармен 

жеткілікті  мөлшерде  қамтамасыз  етілуін  қарастыруы  тиіс.  Сабақта 

қолданылатын  техникалық  және  көрнекі  құралдарды  алдын-ала  дайындап, 

тексеруі тиіс.  

Сабақтың  дәстүрлік  құрылымын  (сұрау,  түсіндіру,  бекіту)  ұстанғанның 

өзінде де жұмыстың бір түрінен келесісіне ауысқанда уақытты жоғалтуға алып 

келеді.  Сондықтан  жұмыстың  бір  түрінен  екіншісіне  көшуді  оқушылар 

байқамай, елемей қалатындай етіп ойластыру керек.  

Сабақ  барысында  оқушылардың  тәртіп  бұзушылық,  сабаққа  кешігу, 

сабақты  босату  себептерін  анықтауға  уақыт  жібермеуге  тырысу  қажет,  бұл 

туралы  үзіліс  кезінде  немесе  сабақтан  кейін  әңгімелесуге  болады.  Ауызша 

жауап бергенде оқушыларды орындарынан тұрғызбауға да болады, себебі бұл 

сабақ уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.  

12. 


Оқушылардың  бүкіл  сабақ  бойы  оқуын  –  еңбек  тәртібін  қамтамасыз 

ету.  


Алдыңғы айтылған талаптарды орындалған жағдайда сабақтағы тәртіп те 

белгілі бір деңгейде қамтамасыз етіледі. Мұғалім сабақтағы оқу еңбегі кезіндегі 

тәртіпті  қамтамасыз  етуі  керек.  Сабақтағы  тәртіп  оқушының  оқу,  білімді 

меңгеру  ынтасына  ықпал  етеді,  сондықтан  сынып  ұжымында  тәртіп 

бұзушылыққа жол бермеу қажет.  

13. 


Талаптардың келесі түрі сабақ құрылымының икемді болуы.  

Мұғалім  сабақтың  құрылымын,  нақты  мақсатын  ойластырды  делік,  бірақ 

сабақ жоспар бойынша өтпеген жағдай болса, оқытушы сабақтың құрылымын 

өзгерте, қосымша тәсілдер пайдалана, қажетті нақтылаулар енгізе білуі қажет. 

Тағы  бір  ескеретін  жағдай  сабаққа  дайындалғанмен,  бірақ  ол  ешқашан 

репетицияланбауы тиіс.  

14. 

Қазіргі  сабақ  қойылатын  талаптардың  бірі  –  сабақтың  кәсіби 



бағыттылығы және алған білімін өмірде қолдана білу құзыреттілігі.  

Әрбір  сабақтың  кәсіби  бағыттылығы  болуы  керек,  бірақ  ол  оқу  пәніне 

тәуелді болмайды. Оқу материалының мазмұнын мамандықтардың бір түрімен 

және болашақтағы өмірмен байланыстыра білу маңызды.  

15. 

Үй тапсырмасының орындалуы, оны тексеру және бағалау.  



13 

 



Үйге  берілетін  тапсырманы  сынып  оқушыларының  барлығы  орындай 

алатынына  мұғалім  сенімді  болуы  керек.  Үйде  орындауға  берілген  тапсырма 

өте  қиын  да  болуы  мүмкін,  бірақ  кез-келген  жағдайда  мұғалім  үй 

тапсырмасының  мәні  неде  екенін,  мақсатын,  оны  орындауда  қолданылатын 

негізгі  ережелерді  қайдан  оқуға  болатынын,  орындалу  тәртібін  түсіндіруге 

міндетті.  

Оқушылар орындаған кез келген үй тапсырмасы міндетті түрде тексерілуі, 

талдануы керек, бағалану жағдайы да қарастырылады. Үй тапсырмасына көңіл 

аударылмаса  оқушылардың  өзбетінше  білуге,  үйренуге  деген  танымдық 

қызығушылығы жойылады.  

16. 

Сабақта  қолайлы  моральды-психологиялық  және  санитарлық-



гигиеналық жағдайлардың жасалуы.  

Бұл  жағдайлар  жоғарыда  аталған  сабаққа  қойылатын  талаптардың 

орындалуымен  айқындалады.  Кез  келген  пән  сабағында  мұғалім  мен 

оқушылардың,  сыныптас  оқушылардың  арасында  сыйластық,  түсінушілік 

қатынас орнату керек. Оқушылардың психофизиологиялық жас ерекшеліктерін, 

сонымен  қатар  сынып  бөлмесінің,  жалпы  мектептің  санитарлық-гигиеналық 

жағдайын да ескеру міндетті.  

Қазіргі  сабаққа  қойылатын  талаптар  жоғарыда  аталған  талаптармен 

шектелмейді. Әрине, мұғалімнен әр сабақ сайын олардың барлығын орындауын 

талап етуге болмайды. Бірақ мұғалім бұл талаптарды білуге міндетті, өйткені ол 

сабақтың сапасына, тиімділігіне әсер етеді.  

Сабақтың сапалы, тиімді, табысты өтуі және қойылған мақсаттарға жетуі 

мұғалім  мен  оқушының  бірлесіп  орындаған  шығармашылықтарынан  көрінеді. 

Мұғалімнің  жұмысының  мақсаты  оқушылардың  белсенді,  саналы,  танымды 

қызметін  басқару  болып  саналады.  Мұғалім  оқушыларға  бірте-бірте  күрделі 

талаптар  қоя  отырып,  оқушының  танымдық  ойының  даму  қозғалысын 

қамтамасыз  етеді.  Мұғалім  оқытудың  табысты  өтуіне  жағдай  жасайды.  Яғни, 

қойылған  талаптарға  сәйкес  мазмұн  таңдайды,  оқытуды  ұйымдастырудың 

әртүрлі  түрлерін  қолданады;  соның  көмегімен  оқушының  қызметіне 

айналатындай әртүлі әдістерді пайдаланады.  

 

 

 



14 

 



2 Заманауи сабақты жобалаудың құрылымы  

 

Сабақ оқытудың ұйымдастырылған түрі ретінде – динамикалық құбылыс. 



Ол  педагогикалық  үдерістің  негізгі  даму  тенденцияларын  оның  біртұтастығы 

бағытында  бейнелей  отырып,  ұдайы  дамиды.  Бәрінен бұрын ол  оқытудың үш 

бірлік  (білім  беру,  тәрбие,  даму)  қызметін  тиімді  іске  асыруда  көрінеді,  олай 

болса,  оқушылардың  шығармашылығын  дамытуға  бағытталғандығымен 

көрінеді.  

Қазіргі  педагогика  ғылымында  заманның  талабына  сай  жаңартуды  қажет 

ететін  негізгі  мәселелерінің  бірі  –  сабақтың  түрлері.  Сабақтарды  негізгі 

дидактикалық  мақсаттарға  (жаңа  білімді  беру,  игерілген  білім  мен  дағдыны 

пысықтау, қайталау, білімді тексеру) немесе оқу үрдісінің негізгі деңгейлеріне 

қарай  топтаумен  қатар  сабақтар  оларды  өткізумен  және  ұйымдастыру 

әдістеріне қарай топталатыны белгілі.  

Сабақтардың  негізгі  міндетіне  сәйкес  сабақтардың  негізгі  түрлері  бар. 

Мысалы,  жаңа  материалды  оқып-үйрену  сабақтары,  тәжірибелік  шеберліктер 

мен  дағдыларды  қалыптастыру,  қайталау  және  қорыту  сабақтары, 

оқушылардың  білімдерін,  шеберліктері  мен  дағдыларын  тексеру  сабақтары 

және т.б.  

2-

кестеде  басты  дидактикалық  мақсаттар  мен  олардың  жалпы  жүйесінде 



сабақтың алатын орнының негізінде сабақтың бес типі көрсетілген [6].  

 

2-



кесте - Сабақтар классификациясы  

 

Сабақтың мазмұны  

Сабақтың құрылымы  



1. 

Жаңа білімді меңгеру сабағы  

Оқушыларға жаңа материалды 

беру 



ұйымдастыру кезеңі; 



білімді тиянақтау; 

жаңа білімді қалыптастыру; 



алғашқы түсінікті негіздеу; 

сабақты қорытындылау; 



үй жұмысын беру 

2. 

Білік пен дағдыны қалыптастыру сабағы  

Алынған білімді ұғыну, білік пен 

дағдыны  негіздеу,  игерілген 

білімді қолдану 

ұйымдастыру кезеңі; 



теориялық білімді еске түсіру; 

ауызша  және  жазбаша  тапсырмаларды,  практикалық 



жұмыстарды орындау; 

орындалған жұмыстарды тексеру; 



сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру 

3. 

Құрамдастыру сабағы  

Жаңа  материал,  алынған  білімді 

алғашқы  ұғыну,  білік  пен 

дағдыны алғашқы қалыптастыру, 

оларды дәлелдеп түзету 

ұйымдастыру кезеңі; 



үй жұмысын тексеру; 

жаңа білімді қалыптастыру; 



білімді тиянақтау және тапсырмаларды орындау; 

игерілген білім, білік пен дағдыны негіздеу; 



сабақты қорытындылау, үй жұмысын беру 

 

15 


 


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау