Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет16/20
Дата19.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#20490
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

12. 

Әрбір сабақты талдай, болжай, жоспарлай және құрастыра білу.  

13. 

Оқушылардың өздігінен білім алуға, оқулықпен жұмыс жасауға үйрету.  



14. 

Оқытудың жаңа технологияларын пайдалану.  

Жалпы,  сабақ  жоспарын  дайындау  барысында  келесі  әдістемелік 

ұсыныстарға назар аударылады:  

1) 

әр  сабақта  мектеп  оқулықтарынан  басқа  әдебиеттерден  де  түрлі 



есептерді, тақырып бойынша нақты сұрақтарды таңдап ала білу қажет;  

2) 


жаңа  материалды  игеру  алдында  қарастыруға  болатын  проблемалар 

қоюға мүмкіншілік жасайтын жаттығулар таңдай білген дұрыс;  

3) 

оқушыларға  қойылатын  сұрақтарды  дәл  және  нақты  тұжырымды  етіп 



қою керек;  

4) 


оқушыларды ықыласпен тыңдап, оның жауабын дәл сезініп, дұрыс баға 

беру керек. Оқушылардың жіберген қателерін сыныппен талқылай отырып, әрі 

қарай оқытуда оларды ескерген жөн;  

5) 


мұғалімнің  алдын-ала  қандай  білім  мен  дағдыны  тексеретінін,  кімге 

қандай сұрақ қоятынын (конспектіде ескеру) мұқият ойластырып алғаны дұрыс;  

6) 

жалпылама ауызша сұрау білімге үйретуге жетелейтіндей болуы керек. 



Бір ғана оқушының дұрыс берген жауабына қанағаттанбай, қалғандарының да 

қиын  сұраққа  берілген  жауапты  түсінгендеріне,  меңгергендеріне  көз  жеткізу 

керек. Ең басты, негізгі оқиға ерекше көңіл аудару керек;  

7) 


қандай  сұрақтардан  кейін  оқушыларға  ойлануға  үзіліс  беріп,  қалған 

оқушыдан  сұрау  керек  екендігін  қандай  сұрақтарға  бірден  жауап  талап 

етілетіндігін дұрыс ойластырған жөн;  

8) 


ұсынылған есептің шешімін әр оқушы ойластыруы керек, ал сонан соң 

ғана  тақтаға  бір  оқушыны  шақыруға  болады.  Сонда  әр  оқушы  өз  шешімін 

тақтада  шығарылған  шешіммен  салыстырып  бағалай  алады.  Бұдан 

оқушылардың  белсенділігі,  ынталылығы,  ізденімпаздығы,  шығармашылығы 

тәрбиеленетіні айқын;  

9) 


оқушылардың дәптердегі жазуларын да қадағалаған жөн. Нақты, жүйелі 

түрде  орналасқан  жазулар,  дұрыс  сызылған  суреттер  материалды  дұрыс 

меңгеруге көмектеседі және үй жұмысын орындауға үлгі бола алады;  

10) 


мұғалімнің  тілектестік  үні,  оқушыларға  деген  сенімі  және  де  қажетті 

қаталдығы (талапкерлігі) болуы керек.  



Сабаққа дайындықты неден бастау керек?  

өзің үшін сабақтың тақырыбын нақты анықтау;  



тақырыптағы  сабақтың  орнын,  ал  тақырыптың  жылдық  оқу  бөліміндегі 

орнын анықтау;  

сабақтың жалпы міндеттерін көрсету;  



сабақтың  мақсаты  мен  міндеттерін  нақтылау,  сабақтың  негізгі  басшы 

міндетін ашып көрсету;  

сабақ  бағытталып  жүргізілетін  негізгі  түсініктерді  анықтау  немесе 



керісінше, болашақта пайдалану үшін өзіңе сабақтың сол бөлігін белгілеп алу;  

оқушы  сабақта  нені  түсініп,  нені  есте  сақтауы  керектігін  анықтау, 



сонымен қатар сабақтан кейін нені біліп, нені істей алуы керектігін білуі қажет;  

оқушыға  қандай  оқу  материалын,  оған  қатысты  қандай  қызықты 



34 

 



деректерді,  оларды  дәлелдейтін  басты  идеяларды  қанша  көлемде,  қалай 

хабарлау  керектігін  анықтау.  Ол  үшін  оқыту  тапсырмаларын  «жеңілден 

ауырға»  қағидасына  сәйкес  тәртіпке  келтіру.  Үш  түрлі  тапсырмалар 

жиынтығын құру:  

оқушының материалдарды жаңғыртуына жетелейтін тапсырмалар;  



оқушының ойлануына мүмкіндік туғызатын тапсырмалар;  

оқушының білімді бекітуіне мүмкіндік туғызатын тапсырмалар;  



Ж.А.  Караевтың  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе  педагогикалық 

технологиясы»  қазір  Қазақстанның  бар  аймағында  ғылыми–тәжірбиеден, 

сынақтан  өтіп,  оқыту  жүйесінің  белсенді  әдісіне  айналды.  Үш  өлшемді 

әдістемелік  жүйеде,  оқыту  келесі  формула  бойынша  анықталады:  мақсат  –

мотив - іс-әрекет- рефлексия -теориялық білім. Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту 

жүйесі  туралы  іліміне  сүйеніп,  әр  пән  бойынша  деңгейлік  тапсырмалар 

дайындауға болады. Жалпы сабақ жоспарын кейінгі кезде мұғалімдер көбіне Ж. 

Қараевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясын бойынша дайындайды. Ол 

оқушылардың тақырыпты меңгеру үшін өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін 

меңгертуді талап етеді. Бұл технологияда бірінші орында оқушы тұрады және 

өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылды.  

Ж.А.  Қараевтың  «Үш  өлшемді  әдістемелік  жүйе»  технологиясының 

дидактикалық матрицасының әр деңгейінің сипаттамасына сай білімді меңгеру 

деңгейлерінің талаптарын тұжырымдаймыз:  

1-

деңгей: оқушылық деңгей – репродуктивтік деңгей:  



–  

жаттап алуға лайықталған анықтамалар, тұжырымдамалар, ережелер т.б.  

–  

алдыңғы сабақта жаңадан меңгерілген білімнің өзін өзгертпей қайталап, 



пысықтауға арналған сұрақтар;  

–  


тапсырмалар  жаңа  тақырып  үшін  тиімді  және  өмірмен  байланысты 

болуы  керек.  Жаратылыстану  пәндерінде  мұндай  талаптар  жаңа  тақырыпты 

игеру  соңында  орындалатын  ұқсас  тапсырмалар  құру  арқылы  жүзеге 

асырылады  және  олар  оқушының  өзі  қорытып  шығарған  ереже,  анықтама, 

заңдарын бекітуге арналады.  

2-

деңгей:  алгоритмдік  деңгей  –  елеулі  белгілерді  есте  сақтау  дағдысына 



негізделеді:  

–  


өтіп  кеткен  материалдарды  реттеуге  және  жүйелеуге  берілген 

тапсырмалар,  бірақ  оларды  орындау  үшін  алған  білімдерін  түрлендіріп, 

тереңдете  пайдалануды  қажет  етеді.  Жаратылыстануда  мұндай  іс-әрекетке 

келтірілетін  тапсырмалар:  мәтінмен  берілген  есептер,  тапсырмалар,  сұрақтар, 

тәжірибелер т.с.с.  

–  


оқушының  ойлау  қабілетін  жетілдіруге  берілетін  тапсырмалар.  Оларда 

біздің ұлттық ерекшеліктерімізді ескеріп, танымдық және үйретімділік маңызы 

болуы қажет болады. Бұлар: логикалық есептер, ребустар мен сөзжұмбақтар.  

3-

деңгей:  тапсырмалары  –  эвристикалық  танымдық  іздену  түрінде 



орындалатын тапсырмалар:  

–  


танымдық  іздену  (эвристикалық)  түрдегі  тапсырмаларды  орындау 

барысында оқушылар  жаңа  тақырып бойынша  меңгерген алғашқы  қарапайым 

білімдерін  (заңдылықтар  шығару,  анықтамалар,  формулаларды  жаттау,  т.с.с.) 

35 


 


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау