Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру


 Сабақты ұйымдастырудың жаңа технологиялары



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет10/20
Дата19.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#20490
түріСабақ
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20

3 Сабақты ұйымдастырудың жаңа технологиялары  

 

Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  Заңында:  «Білім  беру 



жүйесінің басты міндеті – ұлттық және азаматтық құндылықтар мен практика 

жетістіктері  негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға 

бағытталған  білім  алу  үшін  қажетті  жағдайлар  жасау,  оқытудың  жаңа 

технологияларын  енгізу,  білім беруді ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық 

коммуникациялық желіге шығу» - делінген [10].  

Оқыту  түрі  –  бұл  оқыту  және  оқып-үйрену  қызметтерінің  ерекшелігіне 

орайластырылған  жалпылама  сипаттағы  білім  игеру  жүйесі,  яғни  оқу 

процесіндегі  мұғалім  мен  оқушы  арасындағы  қарым-қатынас,  қолданымдағы 

оқу құрал-жабдықтары, әдістері және формаларының атқаратын міндеттері.  

Оқыту  түрі  өз  негізіне  алынған  педагогикалық  технология  сипатымен 

анықталады.  

Дәстүрлі: (Түсіндірме-көрнекілі,  ақпарат  жеткізу)  оқыту  түрі.  Мұндай 

оқуда мұғалім ауызекі сөзбен көрнекі құралдарды қолдана отырып, оқушыларға 

дайын  материалды  ұсынады,  шәкірттер  ақпаратты  сол  күйінде  қабылдайды, 

қайталап айтып береді.  



Проблемалық  оқытуа  ұстаз  басшылығында  сабаққа  байланысты 

мәселелерді  шешу  үшін  оқушылардың  өз  бетінше  оқу-ізденіс  қызметтері 

ұйымдастырылады.  Бұл  оқу  түрінің  тиімділігі  көптарапты:  жаңа  білім,  білік, 

дағды  қалыптасады,  балалардың  қабілеті,  белсенділігі,  танымдық 

қызығушылығы, шығармашыл ой-өрісі және басқа да тұлғалық маңызды сапа- 

қасиеттері дамиды.  



Дамыта оқыту түрі оқушылардың білім, білік және дағдыларының күннен 

күнге  арта  түсуіне  қажет  ішкі  психологиялық  жағдаяттардың  (зейін,  түйсік, 

қабылдау,  ес,  ойлау,  сөйлеу  және  т.б.)  жетілуін  қамтамасыз  етеді.  Оқу  жедел 

қарқынмен жоғары деңгейде жүреді, білім игеру процесі саналы, мақсатты және 

жүйелі  құрылып,  негізінен,  теориялық  ақпарат,  мәліметтерді  меңгеруге 

бағытталады.  



Шығармашыл  (эвристикалық)  –  оқу  проблемылық  және  шығармашыл 

оқудың  басты  принциптеріне  негізделеді.  Бұл  оқуда  оқушының  білімдік 

табыстары  белгіленген  ғылыми  білімдер  кеңістігіндегі  оның  тұлғалық 

шығармашыл  қабілеттерінің  өзінше  іске  қосылуымен  тікелей  байланысты. 

Осыдан, мұғалім міндеті – баланың барша ұнамды адами қасиеттерінің (нышан, 

талант, дарын, т.с.с.) оянуына ат салысып, оларды білім игеру процесіне қоса 

білу.  

Тұлғаға  бағдарланған  оқыту  мәні  –  білімдену  бағдарламалары  мен  оқу 

процесі  әр  оқушының  жеке  өзіне  тән  танымдық  ерекшеліктерін  ескерумен 

түзіледі әрі іске қосылады.  

Компьютерлі  оқу  және  оқыту  қызметтері  электронды  есептеу 

машиналарының  кері  байланысты  оқыту  –  бақылау  бағдарламаларына 

негізделеді.  ЭЕМ  оқу  процесіндегі  білім  мазмұнының  игеріліп  жатқандығы 

жөнінде кері ақпараттың дәл әрі молдығынан даралықты оқуды күшейтеді.  



Модульді оқытуда – білімдік ақпараттың шағын дидактикалық бөлшегінің 

22 


 


– 

модульдің  көп  тарапты  қызметтер  атқаруынан  білім  мазмұнының  тұтастай 

игерілуін қамтамасыз етуге болады.  

Қашықтықтан  оқыту  түрі  қазіргі  заман  телебайланыс  жүйесін 

пайдаланумен көзделген мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді.  



Кіріктіріп (пәнаралық) оқыту – сыбайлас білім салаларындағы пәнаралық 

және  пәнішілік  байланыстарды  іске  асыруға  бағытталып,  біріктірілген  оқу 

пәндерін меңгеруді көздейді.  

Оқытудың жаңа технологиялары педагогикалық іс-әрекетті қайта құрудың 

жүйелі  тұтас  құралы  ретінде  тимді  пайдалану  оқу-тәрбие  үрдісінің  сапасын 

жақсарту, жеке тұлғаны дамыту міндеттерін шешуге септігін тигізеді.  

Сондықтан,  мектептегі  әрбір  пәнді  оқыту  технологиясын  таңдап,  іріктеу 

және оны іс-әрекеттік тұрғыда жетілдіру арқылы оқушының білім жетістіктерін 

арттыруға  болады.  Мұнда  оқушының  әрекеті  технологияны  қабылдауы, 

ынтасы, құштарлығына көңіл бөлінуі тиіс.  

Жаңа технологиялардың пайда болуы және оларды іске асыру әрекеті оған 

тән  құралдар  мен  механизмдерді  өзгертіп  қана  қою  емес,  құндылықтар 

бағытын, білім, білік, дағдыны қалыптастыру сипатталады. Білім берудегі жаңа 

технологиялардың  негізгі  сипаты  -  ізгілендіру.  Білімдік  технологиялар  жеке 

тұлғаны  ұйымдастыруға  бағытталады,  онда  жеке  пәндердің  білімдік  дәрежесі 

өзгеріп,  олар  қоршаған  ортаны  танудың  құралына  айналады,  оқушылардың 

дүниетанымы  кеңейеді,  дамиды.  Мұндағы  басты  мәселе  білім  мазмұнын 

байытуға  бағытталған  белсенді  танымдық  әдістерді  қалыптастыратын  жаңа 

технологияларды жасап, оны тәжірибеге ендіру.  

Сонымен технология дегеніміз:  

біріншіден, қайта  құру  мен өңдеу  процесі  нәтижесінде  алынатын  дайын 



өнім;  

екіншіден, осы процестің нормативтік жағы оның іске асуы.  



Жаңа технологияны қолдану төмендегідей кезеңдер арқылы іске асады.  

кезең – оқып үйрену.  



II кезең – меңгеру.  

III кезең – өмірге ендіру.  

IV 

кезең – дамыту.  



Зерттеуші-ғалым  В.П.  Беспалько:  «Педагогикалық  технологияны 

оқушының  жеке  тұлғалық  қалыптасу  процесінің  жалпы  жобасы  оқыту 

мақсаттарына  жетудің  кепілі»,-  десе  [11],  ал,  А.Я.  Савельев  оқыту 

технологиясын  оқу  бағдарламаларында  көрсетілген  білім  мазмұнын  іске 

асыратын құрал ретінде қарастырады [12].  

Оқыту технологиясын жобалау мәселесі, оқыту әдістерін таңдау дидактика 

үшін  өте  маңызды.  Әдістерді  таңдауда  белгілі  дидакт  Ю.К.  Бабанскийдің 

ұсынған өлшемдерін басшылыққа алуға болады.  

оқыту  әдістерінің  оқыту  қағидалары  мен  заңдылықтарына  сәйкестік 



өлшемі;  

оқыту  әдістерінің  оқу  материалдарының  мазмұнына,  оның  өзіндік 



ерекшелігіне сәйкестік өлшемі;  

әдістерді таңдауда оқушылардың мүмкіншіліктерін ескеру өлшемі [13].  



23 

 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау