Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет14/20
Дата19.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#20490
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

сыныптас  жолдастарының  көмегімен  тапсырманы  орындайтын  болса,  (көмек 

беру,  бағыт  көрсету),  онда  ол  өзінің  «жақын  даму»  аймағында  деп  саналады. 

Бұл  баланың  психикалық  функциясының  жетілуіне  септігін  тигізеді.  Себебі: 

бүгін  қасындағылардың  (мұғалім,  сыныптас  жолдастары)  көмегі.  Модульдік 

оқыту  технологиясында  оқу  материалдарын  мөлшерлеп  беру  арқылы  білім 

мазмұнын жетелеуге, оны игерудің қарқынын, жолын, әдіс, тәсілін жекелеуге, 

оқушы мен мұғалімнің қарым-қатынасын жекелеуге мүмкіндік туады.  

Жалпы  қорыта  келгенде,  оқытудың  жаңа  технологияларын  пайдалану 

арқылы  оқушылардың  білім  мазмұнын  өздігінен  игеруде  белсенділік, 

қызығушылық  танытып,  өзіндік  ой  қорытындысын  жасауға  ынталандырып, 

оларды  ізденушілікке  талпынуға,  өз  пікірін  дәлелдеуге,  қорғай  білуге,  яғни 

шығармашылық іс-әрекетті ұйымдастыруға үйретеді.  

Білім саласындағы озық мамандардың көпшілігі оқуды жаңа практикалық 

тәжірибені игерудің нәтижесі ретінде қарастырып отыр. Тәжірибені, білік пен 

дағдыны қалыптастыру үшін тиісті ойындық, ұжымдық іс-әрекет ұйымдастыру 

қажет, 


оның 

теориялық-әдіснамалық, 

әдістемелік 

негізгі 


топпен 

психологиялық-коммуникативті жұмыстардың принциптер жүйесін көрсетеді.  

Ойын  арқылы  оқыту  технологиясы  -  балама  нұсқаларды  таңдап  алу 

негізінде  қойылған  міндеттерді  шешу  біліктерін  қалыптастыратын  әртүрлі 

ойындарды қолданудың жүйесі: жобалау ойындары, жеке тренинг, практикалық 

тапсырмаларды (есептерді) шешу т.б.  

Оқу  үрдісінде  қолданылатын  ойындардың  көпшілігі  интерактивті,  себебі 

барлық  шешімдерді  қатысушылар  ортақтаса  отырып  қабылдайды:  басында 

жеке,  содан  кейін  шағын  топтармен,  соңында  топаралық  пікірталаста 

талқыланады.  Мақсатты,  топтық  және  топаралық  іс-әрекетке  негізделіп 

құрылған,  жеке  тұлғаға  білім  бере  отырып,  оны  дамытатын  ойын 

технологияларын  интерактивтіге  жатқызамыз.  Интерактивті  оқыту  сабаққа 

қатысушылардың  өз  тәжірибелеріне  негізделеді,  меңгерілетін  кәсіби  тәжірибе 

саласымен тікелей өзара әрекетте болып табылады.  

Интерактивті  оқытуда,  дәстүрлі  технологиялармен  салыстырғанда, 

оқытушының  рөлі  өзгереді.  Білім  алушылардың  белсенділігі  басым  болады, 

оқытушының міндеті: ойынды ұйымдастыру, сырттай басқару, шығармашылық 

ізденіске жағдай жасау.  

Соңғы 

кездері 


педагогикалық 

процесте 

дебат 

технологиясы 



пайдаланылуда.  Бұл  технология  тұлға  ақыл-ойының,  тілінің  дамуына, 

оқушының  шығармашылық  белсенділігін  арттырады,  сонымен  бірге 

зерттеушілік,  ізденушілік  қасиеттері  қалыптасады.  Дебат  технологиясына 

құрылған зерделік ойынға екі топ қатысады (бекітуші топ және даттаушы топ). 

Әр  топтың  құрамы  да  шектеулі  болады  (3-5  оқушы).  Дебат  технологиясы 

белгілі бір уақытты мөлшерлейді. Дебат-сөз сараптау шеберлігін, сөзді орынды 

пайдалану,ойды нақты логикалық жүйемен дәл, қысқа айту. Дебатта сөз өнері, 

яғни  жазбаша  және  ауызша  сөз  жарыстыруға,  сөйлеу  тілінде  іскерлікпен 

бұқаралық  ақпарат  құралдарын  пайдалануға,  құжаттармен  жұмыс  істеуге, 

іскерлік диалогтар жүргізуге үйретуге болады.  

Педагогикалық  технология  тәжірибеде  жүзеге  асатын  педагогикалық 

30 


 


жүйенің  жобасы.  Ал,  педагогикалық  жүйе  –  тұлғаны  ұйымдастыруға 

бағытталған  белгілі  бір  мақсатқа  жету  жолындағы  арнайы  педагогикалық 

ықпалды ұйымдастыруға қажетті өлшем, байланысқан әдістердің, құралдардың 

жиынтығы.  

Ұстаздың  шығармашылық  жұмысы  ең  алдымен  сабаққа  даярлықтан 

басталады.  Сабақтың  өз  мәнінде  өтуі  ұстаздың  біліміне,  ұйымдастыру 

қабілеттілігіне,  яғни  шеберлігіне  байланысты.  Оқушылардың  шығармашылық 

даралығын қалыптастыру үшін, оқушының дайындық деңгейін, ынтасын және 

материалдарды  тиімді  оқытуды  ұйымдастыру  және  оқыту  үрдісіне  жаңа 

ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдаланған дұрыс.  

«Ақпараттық  технология»  терминін  академик  В.М.  Глушков  енгізген. 

Білім  беру  процесін  ақпараттандыру  оқушыға  білім  берумен  байланысты 

болғандықтан,  В.  Глушковтың  анықтауынша,  «Ақпараттық  технологиялалар» 

ақпаратты өңдеумен байланысты процестер болып табылады. Ал білім беруде 

компьютерді  және  оның  құралдарын  пайдалана  бастаған  кезде  оқытудың 

ақпараттық  технологиялары  ұғымы  пайда  болды.  А.  Горячевтің 

тұжырымдауынша, «Ақпараттық технология» - мәтіндік редактор, электрондық 

кесте,  мәліметтер  базасы,  графиктік  редактор,  мультимедия  және 

коммуникациялық  технологиямен  сипатталады.  Р.Әбдірәсілова  болса, 

«Ақпараттық  технологияны»  оқыту  құралдары  жүйесінің  элементі  деп 

қарастырады [18].  

Жаңа  технологиялық  үрдістің  кең  таралуының  еркіндігін  әр  пән 

мұғалімдерінің өздерінің дәстүрлі сабақтарынан бастап әр тараптанылған сабақ 

түрлерін,  ашық  сабақ  үлгілерін  компьютерді,  интербелсенді  тақтаны, 

электронды  оқулықты,  мультимедия  кабинетін  еркін  меңгере  отырып  өткізуі 

үлкен жетістік [12].  

Жаңа  ақпараттық  технологияларды  пайдалануда  интербелсенді  тақта  мен 

activstudio-

ның орны ерекше.  

Оқу  үрдісінде,  оның  ішінде  практикалық  сабақтарда  интербелсенді 

тақтаны  қолдану  мұғалімнің  жеке  тәжірибесіне,  шығармашылық  ізденісіне 

байланысты.  Интербелсенді  құралдар  оқыту  формасын  ұйымдастырудың 

түрлендіруге,  дәстүрлі  оқыту  әдістеріне  жаңа  элементтер  енгізуге 

мүмкіншіліктер жасайды.  

Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырады. Бұл құрал балалар 

мен  мұғалімдердің  жаңа  әдіс,  жаңашылдық,  жаңа  әдістемелік  құрал  ретінде 

танылып,  олардың  білім  алуға  деген  құлшыныстарын  арттыруға  көмегі  тиіп 

отыр [14].  

Оқушыларға  білім  беруде  жаңа  технологиялады  қолдану  инновациялық 

бағытта жұмыс жасау заман ағымына сай талап етілуде. Бүгінде қоғамның жеке 

тұлғалы  дамыған  адамын  тәрбиелейтін  ұстаз  өзінің  шығармашылық  ізденуі, 

оқытуда жаңа педагогикалық технологиялар мен инновациялық әдіс-тәсілдерді 

меңгеруі, кәсіби құзырлығының жоғары деңгейде болуы қажет. Оқушыны білім 

алуға, оқуға, үйретуге көп мән берілуі тиіс. Оқушыларды білім алуымен қатар 

шешендік  шеберлігі  мен  баяндау  жүйелілігі  қалыптасады,  өз  пікірін  ашық 

білдіретін саналы ұрпақ тәрбиеленеді.  

31 


 


жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау