Қазіргі сабақты жобалау және ұйымдастыру



жүктеу 0,56 Mb.
Pdf просмотр
бет12/20
Дата19.11.2018
өлшемі0,56 Mb.
#20490
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

оқушыларды  салыстыруға,  топшылауға,  фактілерді  сәйкестендіруге 

итермелейді;  

анық сұрақтар қояды (негіздеуге, айғақтауға, логикалық талқылауға);  



проблемалық теориялық және практикалық тапсырмаларды анықтайды;  

проблемалық  тапсырмалар  қояды  (әдейі  қате  жіберілген,  уақыты 



шектелген, сұрағы анық емес және т.б.).  

Проблемалық оқытудың жалпы функциялары:  

оқушылардың  білім  жүйесі  мен  ақыл-ой  және  практикалық  іс-әрекет 



амалдарын меңгеруі;  

оқушылардың  танымдық  дербестігі  мен  шығармашылық  қабілеттерінің 



дамуы;  

оқушылардың дүниетанымының негізгі болып табылатын диалектикалық 



– 

материалистік ақыл-ойының қалыптасуы.  

Арнаулы функциялар:  

білімді  игерудің  шығармашылық  дағдыларын  тәрбиелеу  (логикалық 



тәсілдерді, жеке амалдарды пайдалану);  

білімді  шығармашылықпен  пайдалану  дағдыларын  тәрбиелеу  (игерілген 



білімді жаңа жағдайда пайдалана алу) және оқу проблемаларын шеше алу;  

шығармашылық  іс-әрекет  тәжірибесін  ұйымдастыру  және  молайту 



(ғылыми зерттеу әдістерін меңгеру, практикалық проблемаларды шешу).  

Проблемалық  оқыту  барлық  жағдайда  бірдей  тиімді  бола  алмайды. 

Практикада көрсетілгендей проблемалық оқыту үрдісі танымдық белсенділікті 

дамытуда,  жаңа  білімді  меңгеруде  оқушылардың  әртүрлі  білім  деңгейін 

көрсетіп  отыр.  Шығармашылықтың  түріне  сәйкес  проблемалық  оқытудың  үш 

түрін бөліп айтуға болады.  

Біріншісі,  теориялық  шығармашылық  оқушының  өзі  үшін  жаңа  ережені, 

заңды, теореманы ашуы. Мұның негізінде теориялық оқу проблемаларын қою 

және оны шешуден тұрады;  

Екіншісі, практикалық шығармашылық оқушының меңгерген білімін жаңа 

жағдайда  қолдануы,  құрастыруы,  ойлап  табуы  негізінде  практикалық  оқу 

проблемаларын қою және оны шешуі;  

Үшіншісіне,  көркемдік  шығармашылық  қиял  негізінде  болмысты  көркем 

бейнелеу,  оған  әдеби  шығарма,  сурет  салу,  музыкалық  шығарма  жазу,  ойын 

және т.б. енеді.  

Проблемалық 

оқытудың 

барлық 


түрі 

оқушы 


іс-әрекетінің 

шығармашылығымен, проблеманы шешудегі ізденіспен сипатталады. Мұғалім 

мен  оқушының  өзара  әрекетінің  сипатына  қарай  проблемалық  оқытудың  төрт 

деңгейін анықтауға болады:  

өзіндік  емес  белсенділік  деңгейі  –  оқушылардың  мұғалімнің  түсіндіруін 



қабылдауы,  проблемалық  ситуация  жағдайында  ақыл-ой  әрекетінің  үлгісін 

меңгеру, оқушының өзіндік жұмысты орындауы, ауызша жауап;  

жартылай  өзіндік  белсенділік  деңгейі  –  меңгерген  білімді  жаңа 



ситуацияда қолдана алу, мұғалімнің қойған проблемасын шешу;  

өзіндік  белсенділік  деңгейі  –  оқушы  тапсырманы  өзі  орындайды,  жаңа 



ситуацияда  қолданады,  құрастырады,  күрделілігі  орта  деңгейдегі  есептерді 

26 


 


шығарады, жорамалдарды дәлелдейді;  

шығармашылық  белсенділік  деңгейі  –  шығармашылық  қиялды, 



логикалық  талдауды  қажет  ететін  өзіндік  жұмыстарды  орындайды,  жаңа 

амалдарды  ашады,  дербес  шешім  шығарып  топшылайды,  көркем  шығармалар 

жазады.  

Бұл көрсеткіштер оқушылардың ой-өрісі дамуының деңгейін сипаттайды. 

Баланың шығармашылық қабілетін дамытудың негізгі жағдайларының бірі–бұл 

проблеманы шешуге кеңінен қарау шығармашылық өмір талабы.  

Технологияны  меңгеру  іс  жүзінде  мұғалімнің  жеке  басын  ғана  дамытып 

қоймай,  бүкіл  жоғары  мектеп  ұжымын  да  дамытады.  Белгілі  ғалым  И.Я. 

Лернер:  «Дамыта  оқыту  дидактика  тұрғысынан  жеке  тұлға  қалыптасуының 

бірте-бірте кеңейген аспектілерін қамтиды», - деді [16]. Дамыта оқыту мысалы, 

жоғары  кәсіптік  білім  деңгейінде  шығармашылық  жұмыс  әдістерін  меңгеруді 

талап  етеді,  өздігінен  жаңа  шешімдерді  тиімді  амалдармен  табуды  көздейді. 

Шығармашылық-бәсекелестікті  ұйымдастыруда  болашақ  маманның  тиімді  де 

жетілген құралы болады» - деген тұжырым жасаған.  

Жалпы  орта  мектептің  білім  беру  технологияларының  бірнеше  түрлері 

қолданылады. Атап айтсақ: құрылымдық логикалық технологиялар білім беру 

жүйесін  кезеңмен  ұйымдастыру,  әр  кезеңнің  нәтижесін  диагностикаларды 

ескере,  дидактикалық  міндеттерді  тиісті  мазмұны,  форма,  әдістер  мен 

құралдарды таңдау негізінде шешу.  

Кіріктіру технологиялары-әртүрлі пәндердегі білім мен біліктерді, әртүрлі 

әрекеттерді  оқу  тақырыптары,  оқу  проблемалары  деңгейінде  кіріктіруге 

мүмкіндік беретін дидактикалық жүйе. Оқыту процесінде кіріктіру ұғымын екі 

мағынада қарастыруға болады. Бірінші оқушыда қоршаған дүние жөнінде тұтас 

түсінік  ұйымдастыру.  Мұндай  кіріктірудің  нәтижесінде  бала  ерте  жастан 

қоршаған  дүниенің  барлық  элементтері  бірімен  бірі  өзара  байланыста, 

тұтастықта  деп  түсінеді.  Екінші  пәндік  білімдерді  жақындастырудың  жалпы 

негізін  табу.  Дәстүрлі  пәндерді  кіріктіруде  бала  қоршаған  дүние  туралы  жаңа 

мағлұматтар алады, оны толықтырып, кеңейтеді.  

Тренингтік  технологиялар  –  типтік  есептерді  (тапсырмаларды)  шешу 

алгоритмдерін оқу барысындағы білім алушылардың әрекеттерінің жүйесі.  

Дамыта оқытудың бір жолы – деңгейлеп оқыту технологиясы. Деңгейлеп 

оқыту  –  оқылатын  ақпараттың  азаюы  емес,  оқушыларға  қойылатын 

талаптардың әртүрлілігі арқылы жүзеге асырылады.  

Деңгейлеп оқыту технологиясының басты идеялары:  

деңгейлеп  оқыту  әр  оқушыға  өз  мүмкіндіктерін  барынша  пайдаланып, 



білім алуына жағдай жасау;  

деңгейлеп оқыту әртүрлі категориядағы балаларға бірдей көңіл аударып, 



олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді;  

деңгейлеп оқыту оқытушының жеке тәжірибесіне негізделеді. Сондықтан 



да  деңгейлеп  оқытуда  оқушының  жеке  тұлға  ерекшелігіне,  психикалық  даму 

ерекшелігіне,  пән  бойынша  білімді  игеру  деңгейіне,  оқушының  білімімен  іс-

әрекет тәсіліне назар аудару керек;  

деңгейлеп-саралап  оқытуда  білімді  игерудің  негізгі  төрт  деңгейі 



27 

 



жүктеу 0,56 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау