Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Пән бойынша дәрістік кешен



жүктеу 1,37 Mb.
бет12/13
Дата23.11.2018
өлшемі1,37 Mb.
#24190
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13

5. Пән бойынша дәрістік кешен:

А) Тақырып аты

Б) Дәріс мақсаты

В) Тірек сөздер

Д) Негізгі сұрақтар мен қысқаша мазмұны

Е) Негізгі сызбалар, кестелер т.б.

З) Тексеруге арналған сұрақтар

И) Ұсынылатын әдебиеттер

1-дәріс.

Тақырыбы: Сөз тіркесі.

Дәрістің мақсаты: синтаксистік тұлға бірлік ретінде өзіндік ерекшеліктерін тану, екіншіден, басқа лексика-грамматикалық тұлға-бірліктерден, екіншіден, өзіне ұқсас болып келетін тұлға-бірліктерден айырма-белгілерін түсіну.

Тірек сөздер: бағыныңқы, басыңқы сөздер, байланысу тәсілі, түрі, етістікті сөз тіркесі, есімді сөз тіркесі.



Дәрістің мазмұны:

1.Сөз тіркесі, оның зерттелу жайы, түрлі көзқарастар.

2.Сөз тіркесіне тән белгілер, оның түрлері, құрылымы.

Грамматикалық құрылыстың өзінше дербестігі, ерекшеліктері бар топтарын-грамматикалық единицалар тұтастықтар дейміз. Солардың басты топтары сөз тіркесі, сөйлем.

мүшелік қарым-қатынасты білдіретін қосымша грамматикалық мағына пайда болады.

Сөйтіп, синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы 2 сөздің сабақтаса байланысқан тобын сөз тіркесі дейміз. Ал ғалым Ғ. Абуханов: Сөйлемге енген сөздерді сөйлем мүшелеріне ажыратып, синтаксистік талдау жасауда белгілі қызмет атқаратын шешуші мәселенің бірі- сөз тіркесі категориясы дей келіп, сөйлемдегі сөздер қалай болса, солай орналаса бермейді. Ең алдымен, жеке сөздер өзара мағыналық, грамматикалық жағынан белгілі синтаксистік топ құрайды да, сөйлем мүшесінің қызметіне енеді,-деп, көрсетеді.

Сөз тіркесінің құрамы көбіне еркін болады. Сондықтан оны кейде еркін сөз тіркесі деп атайды.

Сөз тіркесі құрамы жағынан жай және күрделі; басыңқы сыңарының қай сөз табынан жасалуына қарай есімді және етістікті деп бөлінеді.



Сұрақтар:

  1. Сөз тіркесінің құрамындағы сыңарларын қалай атайды?

  2. Сөйлем ішінде сөз тіркесі қалай байланысады?

Әдебиеттер:

1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы,1971.

2.Серғалиев М., Сайранбаев Т. Қазіргі қазақ тілі сөз тіркесі синтаксисі. Алматы 1973.

3.Аблақов А. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті сөз тіркесі Алматы, 1986.

4.Сайранбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері Алматы, 1981.

5.Әбуханов Ғ. Қазақ тілі Алматы, 1982.

6.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі Алматы «Ана тілі», 1992

7.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. Алматы, «Мектеп» 1997.

8.Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар. Алматы 1985.

9Хасанова С. Әбдіғалиева Т,... Кестелі грамматика.Алматы, 1996.

10.Қазақ тілінің грамматикасы. Астана 2002.

11.Оразбаева Ф., Шалабаев Б.... Қазіргі қазақ тілі. Алматы 2004

12Қазақ тілі. Энциклопедия. А. 1998.

13. Тіл білімі сөздігі. Алматы 1997.



2-дәріс.

Тақырыбы: Сөйлем мүшелері туралы түсінік.

Дәрістің мақсаты: сөйлем мүшелері-жай сөйлем синтаксисінің орталық мәселесі.Сөйлем мүшесі, оған тән белгілерді көрсетіп, зерттелу жайымен таныстырып, топтастыра отырып таныту.

Дәрістің мазмұны:

1.Сөйлем мүшелері туралы түсінік, зерттелу жайы.

2.Тұрлаулы мүшелер, мағынасы, тұлғалық белгілері, жасалу жолдары, бастауыш пен баяндауыштың байланысы.

3.Тұрлаусыз мүшелер, түрлері, тұлғалық белгілері, жасалу жолдары, байланысы.

Сөйлем мүшелері- сөйлемнің ішкі бөліктері. Сөздер сөйлемнің ішкі бөліктері делінгенмен, олар сол сөйлемді құрауда басты тұлға. Сол сөздің қатысуы арқылы ғана сөйлем құрала алады.Сөйлем сөзсіз құрала алуы мүмкін де емес. Міне, сол сөйлемді құрайтын әрбір сөздің өз орны, өз қызметі, өз мағынасы, өз қасиеті болады.

Қазақ тіл білімінде сөйлем құрайтын сөздер сөйлем мүшесі делінеді.( Т.Сайрамбаев).

Грамматикалық мағынаға ие болып, синтаксистік қызмет атқарып тұратын сөздерді сөйлем мүшесі дейміз.(М. Балақаев). Міне, осының өзі сөйлем мүшесі туралы пікірдің әр түрлі екенін байқатады....

Сөйлем мүшелері өзінің қызметіне қарай тұрлаулы, тұрлаусыз деп, құрамына қарай дара, күрделі, үйірлі деп, тұлғасына қарай бірыңғай деп бөлнеді.



Сұрақтар:

  1. Сөйлем мүшелеріне тән белгілер қандай?

  2. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелеріне тән белгілер қандай?

Әдебиеттер:

1.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы, 1986.

2.Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі, Алматы,1983.

3.Жұбанов Қ.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, Алматы, 1986.

4.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі үйірлі мүше туралы. «Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабарлары» журналы. Алматы, 1954.

5. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері. Алматы,1959.

6.Сайрамбаев Т. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері. Алматы, «Қазақ университеті» 1991.

3-дәріс.



Тақырыбы: Сөйлем мүшелері.

Дәрістің мақсаты: сөйлемнің бірыңғай және айқындауыш мүшелері, ерекшеліктері, жасалу жолдары, түрлері бойынша мәлімет беру.

Дәрістің мазмұны:

  1. Сөйлемнің бірыңғай мүшелері, қызметі.

  2. Сөйлемнің айқындауыш мүшелері, түрлері.

Сөйлемнің бірыңғай мүшелері туралы ұғым мектеп грамматикасынан белгілі. Жай сөйлемде сөйлем мүшелері үнемі бір-бірден келе бермейді. Кейде сөйлемнің бір мүшесі екеу я бірнешеу де болып келеді. Мыс: сөйлемде бір бастауыш бірнеше баяндауыш болуы да, керісінше бірнеше бастауыш бір баяндауыш болуы да мүмкін. Сол сияқты бір сөйлемде тұрлаусыз мүшелердің әрқайсысы да бірнеше болып келеді. Мыс: Жаулықты биік салынатын, сәнді киінетін Көпей жұртқа өзінің ажарымен де, естілігімен де, тазалығымен деұнайтын еді.

Бірыңғай мүше болу үшін бір сөйлемде бір мүшенің екеу не бірнешеу болуы шарт емес. Олар: 1-ден, ыңғайлас бір сұраққа жауап беруі шарт. 2-ден, сол сөйлемдегі бір мүшемен ғана байланысты болуы шарт.

Сонда, бірдей сұраққа жауап беріп, сөйлемнің бір ғана мүшесімен байланысып, көбінесе өзара тұлғалас болып келетін сөйлем мүшелері бірыңғай мүшелер деп аталады. Б. М. бір-біріне бағынбай, өзара салаласа байланысып, барлығы бірдей дәрежеде бір сөзге қатысты болып тұрады.

Ғалым Р. Әміров: - Бірыңғай мүшелі сөйлемдер- күрделі ойды, бірнеше сөйлемді сыйыстырып берудің амалы. Оларды құрмалас сөйлемнің функциялас сыңары деп те атауға болады. Көп жағдайда сөйлемді бірыңғай мүшелі етіп құрау немесе құрмалас етіп тарату сөйлеушінің сөйлеу мақсатына бағынышты болады. Мысалы: Рас айтасыз,бұл дүниеде бабадан не қалған, атадан не қалған. Рас айтасыз, бұл дүниеде бабадан, атадан не қалған,- деп те бірыңғай мүшелі жай сөйлем етіп құруға да болады. Ойды құрмалас сөйлем етіп айту сөзге ритмикалық сипат беру үшін қызмет атқарып тұр.

Сөйлемде кәдімгі толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыштан басқа да белгілі бір сөздің мағынасын дәлдеп түсіндіріп тұратын өз алды ерекшелігі бар сөздер кездеседі. Бұл сөздер өзінен бұрын айтылған сөзді айқындап, басқа сөзбен түсіндіреді. Олар тілімізге айқындауыш сөздер деген атпен енді.

Сұрақтар:


  1. Бірыңғай мүшелер бір-бірімен қалай байланысады?

  2. Бірыңғай мүшелерді жинақтап, ортақ атау ретінде жұмсалынатын сөз.

  3. Айқындауыш мүшелердің түрлері. Олардың ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:

1.Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы, 1986.

2.Әміров Р. Жай сөйлем синтаксисі, Алматы,1983.

3.Жұбанов Қ.Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер, Алматы, 1986.

4.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі үйірлі мүше туралы. «Қазақ ССР Ғылым Академиясының хабарлары» журналы. Алматы, 1954.

5. Мұсабекова Ф. Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері. Алматы,1959.



4-5-дәріс:

Тақырыбы: Жай сөйлемнің оқшау сөздер арқылы түрленуі.

Дәрістің мақсаты: оқшау сөздер, оның өзіне тән ерекшелігі, атқаратын қызметіне қарай түрлері, олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығын танытуға, айыра білуге бағыттау.

Дәрістің мазмұны:

  1. Оқшау сөздер, оның өзіне тән белгілері.

  2. Оқшау сөздердің түрлері, ортақ белгілері,ерекшліктері.

Сөйлем арқылы айтылатын ойға қатысты сөздер өзара мағыналық және грамматикалық байланысқан негізде тұрлаулы, тұрлаусызмүшелер қызметінде жұмсалса, бірқатар сөздер мен сөз тіркестері сөйлемнің құрамына еніп, оның мағынасын дәлелдеуге қатысты болғанымен, сөйлемдегі басқа сөздермен синтаксистік байланыста болмайды. Сондықтан соңғылар сөйлем мүшесі қызметін атқармай, сөйлемдегі басқа мүшелерден оқшауланып айтылады. Және грамматикалық оқшаулануы интонациядан да көрінеді. Грамматикалық жүйеден оқшауланғанмен бұл компоненттер сөйлемнің коммуникативтік мақсатымен, мазмұнымен тығыз байланысты болады. Олардың жай сөйлем құрамына кірігуі де сол себепке бағынышты. Оқшау компоненттер сипаты, сапасы жағынан бірдей емес. Олар жеке сөз, сөз тіркесі сөйлем ретінде де қатысады. О. сөздер негізгі сөйлемге қатысы, атқаратын қызметіне қарай былайша бөлінеді:

  1. Қаратпа сөздер.

  2. Қыстырма сөздер.

  3. Оқшау сөздер.

Ал зертеуші Р. Әміров оқшау сөздерді 2-ге бөледі:

  1. Үндеу амалы ретінде жұмсалатын оқшау сөздер.

  2. қыстырма сөзді сөйлем.

Сұрақтар:

  1. Бұл сөздердің тобы неліктен оқшау сөздер деген атқа ие болған?

  2. Олардың бір-бірінен айырмашылығы мен ұқсастығы қандай?

Әдебиеттер:

1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. Алматы,1971.

2.Серғалиев М., Сайранбаев Т. Қазіргі қазақ тілі сөз тіркесі синтаксисі. Алматы 1973.

3.Аблақов А. Қазіргі қазақ тіліндегі етістікті сөз тіркесі Алматы, 1986.

4.Сайранбаев Т. Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркестері Алматы, 1981.

5.Әбуханов Ғ. Қазақ тілі Алматы, 1982.

6.Балақаев М. Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі Алматы «Ана тілі», 1992

7.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі. Алматы, «Мектеп» 1997.

8.Есенов Қ. Қазіргі қазақ тіліндегі синтаксистік қатынастар. Алматы 1985.

9Хасанова С. Әбдіғалиева Т,... Кестелі грамматика.Алматы, 1996.

10.Қазақ тілінің грамматикасы. Астана 2002.

11.Оразбаева Ф., Шалабаев Б.... Қазіргі қазақ тілі. Алматы 2004

12Қазақ тілі. Энциклопедия. А. 1998.

13. Тіл білімі сөздігі. Алматы 1997



6-дәріс.

Тақырыбы: Құрмалас сөйлем синтаксисі.

Дәрістің мақсаты: синтаксистің негізгі объектісінің бірі сөйлем болатын болса, студентке құрмалас сөйлем, оның зерттелуі, өзіне тән белгілері түрлері туралы алғашқы мәлімет беру.

Дәрістің мазмұны:

1.Құрмалас сөйлем синтаксисінің даму жолдары, оның өзіне тән белгілері.

2.Құрмалас сөйлемнің түрлері, ұқсастықтары мен ерекшеліктері.

Құрмалас сөйлемдер жай сөйлемдегі сияқты, қандай да бір ойды білдіріп қоймайды, олар кем дегенде екі не одан да көп жай сөйлемдерден құралып, бір күрделі ойдың желісін құрайды. Міне, осындай сөйлемдердің құрамындағы әрбір жеке жай сөйлемдер мағыналық, тұлғалық, структуралық ерекшеліктері болады. Құрмалас сөйлемдер құрамына енген мағыналық, белгілі бір тиянақтылығы бар, сол тиянақтылықты тұлғалық жағынан көрсететін, сөйтіп, бір құрылым түзетін синтаксистік қасиет қазіргі қазақ тілінде әбден орныққан. Ол осынысымен тіліміздің заңдылығында сипатталады. Осының бәрі бір диалектикалық бірлікте құрмалас ретінде таныған сөйлемнің басынан табылуы тиіс.

Құрмалас сөйлемнің зерттелу барысын сөз қылғанымызда, оны негізінен 3 кезеңнің төңірегінде қарастырамыз.


  1. 1930-1940-жылдар арасы.

  2. 1940-1950-жылдар.

  3. 1950-жылдардан осы кезге дейінгі шақ.

Құрмалас сөйлемге тән белгілер:

  1. предикативтік бөлінудің мазмұн бірліктері.

  2. құрылымдық бірлік.

  3. интонациялық бірлік. ( М. Серғалиев).

Лингвистика ғылымында құрмалас сөйлемдерді топтастырудың бірнеше түрі қолданылып келеді. Олардың негізгілері: ДӘСТҮРЛІК, ҚҰРЫЛЫМДЫҚ-СЕМАНТИКАЛЫҚ, ФУНКЦИЯЛЫҚ топтастырулар.

Дәстүрлік немесе логика-грамматикалық топтастыру бойынша құрм. сөйлем:



  1. салалас.

  2. сабақтас.

  3. аралас.

Құрылымдық- семантикалық топтастырудың негізінде құрм. сөйлем:

  1. жалғаулықты.

  2. жалғаулықсыз.

Функциялық жағынанқұрмалас сөйлем жай сөйлем сияқты:

  1. хабарлы.

  2. сұраулы.

  3. лепті- деп бөлінеді.

Сұрақтар:

  1. Құрмалас сөйлемнің зерттелуінің әр кезеңінің ерекшелігі неде?

  2. Құрмалас сөйлем мен жай сөйлемнің ерекшеліктері қандай?

Әдебиеттер:

1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1971.

2.Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1984

3.Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Алматы,1995.

4.Серғалиев М. Күрделі синтаксистік тұтастық. Алматы,1989.

5.Қазақ тілінің грамматикасы. Астана 2002.

6.Шәукенов Қ. Синтаксис Алматы, «Ана тілі»,1996.

7.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі.Алматы,1985

8.Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу,даму жолдары.Алматы,1987.

9.Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымы.

10.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі Алматы, «Мектеп»,1997.

11.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.Алматы,1999.

12.Балақаев М. Қазақ тіліндегі сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі Алматы,1992.

7-8-дәріс.

Тақырыбы: Салалас құрмалас сөйлем.

Дәрістің мақсаты: салалас құрмаластыңөзіндік белгілері, түрлері, компоненттерінің байланысу тәсілдері жөнінде түсінік беру; масалалас құрмаластыңөзіндік белгілері, түрлері, компоненттерінің байланысу тәсілдері жөнінде түсінік беру; мағыналық түрлерін ажыратуға негіз қалау.

Дәрістің мазмұны:

1.Салалас құрмалас сөйлем, өзіндік айырма белгілері.

2.Жасалу жолына, мағынасына қарай түрлері

Қазіргі қазақ тіліндегі салалас сөйлемді бірнешежай сөйлемдердің мағыналық жағынан өзара тең дәрежеде байланысып,күрделі бір ойды білдіретін синтаксистік категорияретінде тануқалыптасқан тұжырым деп көрсетті С. Аманжолов өзінің «Қазақ әдеби тілінің қысқаша курсында».

Предикативтік бөліктерінің баяндауыштары тиянақты тұлғада тұрып, компоненттьері тең дәрежеде байланысқа түскен құрмалас сөйлем түрі салалас сөйлем деп аталады. (М.Серғ).

Қазіргі қазақ тіліндегі салалас құрмалас сөйлем зерттеліп, белгілі бір жүйеге түскендігі байқалынады. Мәселен, 1954-жылы жарық көрген қазіргі қазақ тілінің академиялық грамматикасы салалас құрмаласты 2-ге бөліп қарастырады.



  1. іргелес салалас.

  2. жалғаулықты салалас. Және іргелес салаласты жайылыңқы, сиысыңқы деп 2-ге бөліп қарастырады.

Ал жалғаулықты салаластар :

  1. ыңғайлас-мезгілдес салалас.

  2. себеп-салдар салалас.

  3. қарсылықты салалас.

  4. талғаулықты салалас.-деп көрсетеді . ( Акад. грамматика).

Қазіргі қазақ тілінің грамматикасында салалас сөйлемнің зерттелуіне кейбір анықтаулар, толықтырулар енгізілді. Дәлірек айтқанда жалғаулықты салалас құрмаластың мағыналық ерекшелігіне қарай Т.Қордабаев кезектес салалас деген салаластың 5-түрін енгізді.

Шартты түрде салыстырғанда салаластың құрамындағы компоненттер жай сөйлемнің құрамындағы бірыңғай мүшелерді еске түсіреді, бірақ жай сөйлемдердегі бірыңғай мүшелер түгелдей сөйлемнің бір мүшесіне қатысты болып келеді. Ол бірыңғай мүшелердіңөзара қатысынан грамматикалық жаңа мағына тумайды. Құрмалас сөйлемді жасауға қатысатынжай сөйлемдердің бірыңғай мүшелерден басты айырмашылығы-бұлар кейбір ретте бір бастауышқа қатысты болғанмен, ол жай сөйлемдердің бір-бірімен байланысынан өздері құрап тұрған құрмалас сөйлем мағынасын танымайтынжаңа грамматикалық қатынас жасайды. 2-ден, салалас құрмалас сөйлемнің құрамындағы предикативтік бөліктердің баяндауыштары қаншалықты тиянақты тұлғада тұрғанымен оларды жеке-дара жай сөйлем деуге негіз жоқ..



Сұрақтар:

  1. Неліктен салалас құрмаластар жалғаулықты, жалғаулықсыз болып топтастырылады?

  2. Салаластың өзіне тән белгілерін атаңыздар?

Әдебиеттер:

1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1971.

2.Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1984

3.Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Алматы,1995.

4.Серғалиев М. Күрделі синтаксистік тұтастық. Алматы,1989.

5.Қазақ тілінің грамматикасы. Астана 2002.

6.Шәукенов Қ. Синтаксис Алматы, «Ана тілі»,1996.

7.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі.Алматы,1985

8.Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу,даму жолдары.Алматы,1987.

9.Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымы.

10.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі Алматы, «Мектеп»,1997.

11.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.Алматы,1999.

12.Балақаев М. Қазақ тіліндегі сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі Алматы,1992.

9-10-дәріс.

Тақырыбы: Сабақтас құрмалас сөйлем.

Дәрістің мақсаты: сабақтас құрмалас сөйлемнің табиғаты жайындағы түрлі көзқарастармен таныса отырып, оның өзіндік ерекшеліктерімен таныстыру; бағыныңқы компоненттерінің баяндауыштарының жасалу жолына, талдау ерекшеліктеріне көңіл аудару;

Дәрістің мазмұны:

1. Сабақтас құрмалас сөйлем, оның компоненттеріні грамматикалық тобы, өзіне тән белгілері.

2.Бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштарының жасалу жолдары.

Қазақ тілінің өзіндік грамматикалық құрылысы, ерекшеліктері бар. Сабақтас құрмалас болу үшін керек шарттар қандай, мұндай сөйлемге қойылатын өлшем бар ма- міне, осы мәселеге деәр кезде әр түрлі пікір айтылып келді.

Егер салалас сөйлемдербір-бірімен мағына жақындығымен, я шылаулардың дәнекерлігімен жасалса, сабақтас сөйлемдердің жасалуы олардан басқа, бұлар өзара біріне-бірі бағыну арқылы жасалады. Мұнда да күрделі ой жай сөйлеммен берілуі мүмкін болмағандықтан, бірнеше жай сөйлемнің компоненті бір бүтінге айналады-, деп көрсетеді С. Аманжолов.

Сабақтас құрмаластың құрамына енген жай сөйлемдер бірі екіншісіне тәуелді болып байланысады. Демек бағындырушы компонент бас болады да, меңгеруші колмпонент бағыныңқы болады-, деп көрсетсе фил. ғыл. докторы, проф, Ә.Н. Нұрмаханова. Ал М.Серғалиев: - Құрмалас сөйлемнің дәстүрлік немесе логика-грамматикалық принципі бойынша топтастырылатын екінші түрі-сабақтас сөйлем. Егер салалас сөйлемде оның құрамына енетін компоненттер баяндауыш орнындағы сөздердің тұлғалық жағынан тиянақтылығымен аяқталып отырса, сабақтас сөйлемнің, әсіресе, бағыныңқы компонентінің баяндауышы тиянақсыз тұлғада келеді. Осыған байланысты ол компоненттердің арасындағы интонация да тиянақсыз, яғни құрмаластырушы, ұластырушы интонация болады.

Сабақтас сөйлемнің предикативтік бөлігінің белгілі дәрежеде ой дербестігі болуы- құрмалас сөйлемнің бұл түрінің тағы бір ерекшелігі.Демек, әр компоненттің өзінше сөздердің байланысынан құралған мазмұны, соған сай айтылған ойы болады.Бірақ бағыныңқы сыңарда берілген ой соған тікелей қатысы бар келесі бір ойды қажет етіп тұрады.Осыдан келіп басыңқы сыңардың бірігуінен тиянақты мағына-мазмұнға ие болады да, ол конструкция сабақтас құрмалас сөйлем деген атау алады.

Сонымен, құрамындағы компоненттері бір-біріне бағына немесе бірін-бірі бағындыра сабақтаса байланысқан құрмалас сөйлемнің түрі сабақтас құрмалас сөйлем деп аталады.

Сабақтас құрмалас сөйлемнің жасалу жолы дегенде бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштарының тұлғасы ескеріледі.Ол тұлғалар әр алуан.С. Аманжолов оның алты түрін көрсетеді.

Сұрақтар:


  1. Зерттеуші ғалымдар бағыныңқы сөйлемнің баяндауыштарының жасалу жолдарын қалай көрсетеді?

  2. Сабақтас сөйлемнің мағыналық жағынан жікке бөлінуі қандай?Әр зерттеушінің классификациясына сүйеніңіз.

Әдебиеттер:

1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1971.

2.Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1984

3.Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Алматы,1995.

4.Серғалиев М. Күрделі синтаксистік тұтастық. Алматы,1989.

5.Қазақ тілінің грамматикасы. Астана 2002.

6.Шәукенов Қ. Синтаксис Алматы, «Ана тілі»,1996.

7.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі.Алматы,1985

8.Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу,даму жолдары.Алматы,1987.

9.Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымы.

10.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі Алматы, «Мектеп»,1997.

11.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.Алматы,1999.

12.Балақаев М. Қазақ тіліндегі сөз тіркесі мен сөйлем синтаксисі Алматы,1992.

11 - дәріс.

Тақырыбы: Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас.

Дәрістің мақсаты: Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемнің табиғаты, оның құрамындағы бағыныңқы сөйлемдердің басыңқымен байланысу сипатына қарай түрлерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:


  1. Көп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлемге сипаттама.

  2. Компоненттерінің байланысу тәсіліне қарай түрлері.

Сабақтас құрмалас сөйлем тек екі предикативтік бөліктен ғана, демек, бір ғана бағыныңқы компонент пен бір басыңқы компоненттен бола бермейді. Кей жағдайда сабақтастың құрамындағы компоненттердің саны үш, төрт, одан да көп болуы мүмкін. Бағыныңқы компонент қанша көп болса да, басыңқы компонент біреу ғана болады.

Міне, осылайша бір басыңқыға қатынасты бірнеше бағыныңқыдан тұратын сабақтас құрмалас сөйлем көп бағыныңқылы делінеді.

Көп бағыныңқылы сабақтас мазмұны жағынан да, құрылымдық жағынан да әр түрлі болып келеді. Құрылымына қарай көп бағыныңқылы сабақтас


  1. жарыспалы бағыныңқылы

  2. сатылы бағыныңқылы- деп 2-ге бөлінсе,

ал жарыспалы бағыныңқылы сабақтас өз ішінде

  1. бірыңғай жарыспалы

  2. әр алуан жарыспалы- деп 2-ге бөлінеді.

Сұрақтар:

Әдебиеттер:

1.Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис, 1971.

2.Аманжолов С. Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы.Алматы,1984

3.Есенов Қ. Құрмалас сөйлем синтаксисі. Алматы,1995.

4.Серғалиев М. Күрделі синтаксистік тұтастық. Алматы,1989.

5.Қазақ тілінің грамматикасы. Астана 2002.

6.Шәукенов Қ. Синтаксис Алматы, «Ана тілі»,1996.

7.Қордабаев Т. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі.Алматы,1985

8.Қордабаев Т. Қазақ тіл білімінің қалыптасу,даму жолдары.Алматы,1987.

9.Есенов Қ. Сабақтас құрмалас сөйлемнің құрылымы.

10.Балақаев М. Қазақ әдеби тілі Алматы, «Мектеп»,1997.

11.Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер.Алматы,1999.



12 - дәріс.

Тақырыбы: Аралас құрмалас сөйлем.

Дәрістің мақсаты: Аралас құрмалас сөйлем, оның өзіне тән белгілерімен таныстыру.

Дәрістің мазмұны:

  1. Аралас құрмалас сөйлем.

  2. Оның жасалу жолына тән белгілер.

Құрмалас сөйлемнің компоненттері бір-бірімен бірыңғай салаласып қана немесе бірыңғай сабақтасып қана байланысып қоймайды, байланысудың екі тәсілі аралас жүретін жағдай да жиі кездеседі.Демек, құрмаластың құрамындағы компоненттердің бірімен екіншісі өзара салаласа байланысса, екіншісі мен үшіншісі сабақтаса байланысады.Мысалы: Әлгі шал екеуміз қолымызға істік темір таяқ ұстап, айдаланы жарым күн шұқылап іздеп, баяғы жиырма сегізінші жылғы кітаптарды таба алмай-ақ қойдық, шал байғұс қатты шаршады...

Демек, құрамында кемінде үш компоненттен құралып, бірімен –бірі әрі салаласа, әрі сабақтаса байланысатын құрмалас сөйлемнің түрін аралас құрмалас сөйлем дейміз.

Сонда, аралас құрмалас сөйлемнің құрылымынан біраз ерекшеліктерді байқауға болады.

Біріншіден, оның құрамы үш компоненттен тұрса, бір ғана сабақтаса және бір ғана салаласа байланысу тәсілдері болады.Компоненттер саны көбейген сайын сабақтасу, салаласу тәсілдері де көбейе түседі.

Екіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің компоненттерінің арасындағы салаласа байланысу болсын, сабақтаса байланысу болсын әдеттегі дәстүрлі түрін сақтайды, яғни кәдімгі салалас сөйлемде болатындай салаласқан компоненттердің жалғаулықты да жалғаулықсыз байланысы, мағыналық қатысы, тыныс белгісі де сақталып отырса, әдеттегі сабақтас сөйлемде болатындай, басыңқы мен бағыныңқы компоненттердің арасында болатыны сияқты бағыныңқының баяндауышы белгілі тұлғадан жасалып отырады.

Үшіншіден, аралас құрмалас сөйлемнің құрамындағы компоненттердің өзара байланысу тәртібінде мызғымас қатып қалған заңдылық жоқ.

Қысқасы, аралас құрмалас сөйлем әдеттегі салалас пен сабақтас сөйлемдердің қосындысы деп есптелінеді.


жүктеу 1,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау