Қазіргі қазақ тілі ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені


Одағайдың мағыналық ерекшеліктері



жүктеу 1,37 Mb.
бет6/13
Дата23.11.2018
өлшемі1,37 Mb.
#24190
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

2. Одағайдың мағыналық ерекшеліктері.

ОДАҒАЙ СӨЗДЕРІНІҢ ИНТОНАЦИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Одағай сөздер басқа сөз таптарымен салыстырғанда ырғаққа, эмоционалдық құбылмалыққа, интонацияға өте бай. Олар көркем шығармаларда, әсіресе диалогтарда көп кездеседі. Тіліміздегі көп мәнді одағайлар әрбіреуі жұмсалатын ыңғайына қарай әр түрлі интонациямен айтылады. Біресе созылыңқы, баяу, бірде жұлып алғандай тез, жылдам айтылады.

Ойбай!одағайы үрку, шошыну мағынасында жұмсалса тез жылдам айтылады. Егер таңырқау, таңдану мағынасында жұмсалса, онда созып айтамыз.(Ой-ба-а-ай)

Одағай құрамындағы кейбір дыбыстардың созылыңқы, ерекше интонациямен айтылыуы- сол одағайлардың мағынасын күшейту мақсатымен жұмсалады.

Мыс:Әттеген-е-е-е!Бәрекелде-е-е!



ОДАҒАЙЛАРДЫҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ. Одағай- негізінде түрленбейтін сөздер тобы. Өзіне тән жұрнақтары жоқ. Олар субстантиптенген кезде болмаса, жалғауды да көп қабылдамайды. Кейбір одағайларға –ла (ле); -шыл (шіл) жұрнақтары жалғанады. Ойбай-лау, айт-айттап, аһлеп-үһлеп. Мыс:Ой,тәйір-айшыл кер кесек, құлық, сұмдық не өсек.

Одағайлар қосарланып айтылғанда, білдірейін деп отырған сезімнің күштілігін, бұйрықтың қаттылығын білдіреді. Мыс:Тек-тек-тек!Бай-бай-бай-бай!Һай-һай-һай!

Одағайдың қосарланып, қайталанып айтылуында белгілі бір заңдылық бар. Бір топ одағай қосарлап айтуға көнбейді. Тәйірі!Қап!Ту!Бәсе!Астапыралла! Енді бір топ одағайлар дара күйінде де қолдана береді. Мыс:Ойбай,ойбай!Тәк,тәк!Жә,жә!

Одағайлардың енді бір тобы тек қана қосар тұлғасында жұмсалады. Сап-сап!Бай-бай!Әлди-әлди!

Малға айтылатын одағайлардың басым көпшілігі қосар күйінде айтылады. Моһ-моһ, Кәуіс-кәуіс,Шөре-шөре!

Одағайларды құрамы жағынан екі топқа бөлуге болады.

1. түбір, негізгі одағайлар бұл топқа әрі қарай бөлшектеуге көнбейтін А! Ә! О! ОЙ! ПАЙ! ҚАП! БӘСЕ! МӘ! сияқты одағайлар жатады.

2. күрделі одағайлар, бұл топқа бірнеше сөзден біріккен, қайталанған, қосарланған немесе басқа тілдерден ауысқан сөздер енеді. МӘССАҒАН!АПЫРЫМ-АЙ!ӘТТЕГЕН-АЙ!БӘРЕКЕЛДІ!

Одағайлар өз алдына сөйлем мүшесі бола алмайды, олар диалогта жеке-дара тұрғанда сөз-сөйлем қызметін атқарады. -Ол қай адам?

-Кеше біздің үйде отырған ше!

-Ә-ә-ә!

Одағайдың тіркестік, я қатар келу қабілетінде де біраз ерекшеліктер бар. Қолданылуы жағынан екі топқа бөлуге болады. а)одағайдың өзара тіркесе қатар қолданылуы. Әдетте, жағымды эмоция көңіл күйді білдіретін одағайлар қатар тұрып қолданылады. Алақай!Ура! қатар тұрған күйінде айтылады да , Әттең! Қап! одағайларымен қолданылмайды.



ә)одағай етістікпен тіркеседі. Етістікпен тіркескенде олардың бір қатары одағайлы тіркес құрайды да, бір қатары тұрақты тіркес құрайды. Осыған орай, бұл тіркестерді екіге бөліп қарастырған жөн.

1. Одағайлы еркін тіркес. Одағайлар көбінесе (де) етістігімен тіркесе келе, кейбір жағдайда мағыналық жағынан өзгеріске ұшырап, одағай категориясына ауысып кетеді. Мыс:Я деген! Уа деген! Апырай десейші! Ой де! Бәсе деймін! Бұл типтес тіркестерді одағайлы тіркес дейміз.

2. Одағайлы тұрақты тіркестер. Бұл топқа жататын тіркестердің ішінде одағайлар болғанмен, бұл тіркестерді түгелімен одағайға жатқызуға болмайды. Бұлар Ай-шай деспей, әу десті, әу дейтін жер, ойбай салды, аһ ұрды, шу дегеннен, ай-шайға қарамай. Олар сөйлеу тілінде оқшауланбай қолданады.

Тексеруге арналған сұрақтар:


  1. Одағайдың басқа сөз табынан ерекшелігі неде?

  2. Одағайдың морфологиялық ерекшелігі.

  3. Одағайдың мағыналық ерекшеліктері.


Пайдаланылатын әдебиеттер :

1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.

3. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986

4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996.

5. Кузнецов П. Ц. О принципах изучения грамматики. М., 1961.

6. Смирницкий А.И. Лексическое и грамматическое в слове вопросы грамматического строя. М. 1955

7. Шмелев Р. Н. Современный русский язык.

8. Милославский И. Г. Морфологические категории современного русского языка М. 1981

9. Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы,1982.



14- дәріс

Тақырып: Еліктеу сөздер.

Дәріс мазмұны: Еліктеу.

1. Еліктеу сөздер туралы жалпы түсінік.

2. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты.

3. Еліктеу сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты.



Мақсаты: Еліктеу сөздердің семантикалық ерекшелігін, қолданыстағы қызметін, дыбыстық құрамын меңгерту.

1. Еліктеу сөздер туралы жалпы түсінік.

Тілімізде семантикалық ерекшелігі жағынан да, грамматикалық сыр-сипаты жағынан да, фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланып тұратын, соған сәйкес, өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуан сөздер еліктеуіш сөздер деп аталады.

Еліктеуіш сөздер семантикалық жағынан алғанда, біріншіден, табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтығысу я соқтығысуларынан туатын, сондай-ақ, неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын, әр түрлі әрекет қималдарынан туатын, әрқилы дыбыстарға еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табиғатта ұшырайтын сан алуан құбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл әрекеттерінің де қилы-қилы көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді.

2. Еліктеу сөздердің семантикалық сипаты.

Еліктеу сөздерінің бір тобы семантикалық мағыналары жағынан табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстарымен байланысты болса, екінші тобының семантикалық мағыналары сол табиғаттағы әрқилы табиғи көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бұл сөздер іштей екі салаға бөлінеді, бір тобы еліктеуіш сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш сөздер деп аталады.

Бұл сөздер семантикалық жағынан ғана емес, фонетика-грамматикалық сыр-сипаттары жағынан да бір-бірімен ұқсас, орайлас болып келеді. Еліктеу сөздерінің өзді-өздеріне тән жалқы ерекшеліктерімен барлығына да тән жалпы қасиеттері төмендегідей.

Еліктеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан құбылыстар мен заттардың бір-бірінен қақтығысу-соқтығысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ, жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шығатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі түсініктер ретінде қабылдаудан, болған және сол түсініктердің атаулары есебінде қалыптасқан сөздерді айтамыз.

Еліктеуіш сөздердің қайталанған түрінің екінші сыңарындағы ашық дауысты дыбыс қысаң дауысты еріндік дыбысқа айналып өзгерсе, ол сөздің тұлғасында туған осы өзгеріске байланысты мағынасында да сәл өзгеріс туады. Басқа сөздер сияқты, мағына жағынан бір-біріне жақын, синонимдес, екі түрлі еліктеуіш сөз қосарлана береді. Бұл ерекшелікте еліктеуіш сөздердің қосарлануына тән қалыпты, заңды құбылыс. Еліктеуіш сөздердің түбіндегі дауысты дыбыстың не ашық , не қысаң болуыда сол сөздердің мағынасына әсер етеді. Мысалы: есік сарт етіп жабылды және есік сырт етіп жабылды деген сөйлемдерде құбылыс жағынан ешқандай айырма жоқ бола тұрса да, мағына жағынан бір-бірінен сәлде болса ерекшеленіп тұр. Ол ерекшелік: сарт және сырт деген сөздердің дауысты дыбыстарына ғана байланысты, демек, сарт етіп жабылғаннан есіктің қатты жабылғаны, яғни құлаққа естілетін дыбыстың қатты шыққаны, ал сырт етіп жабылғаннан есіктің дыбысы ақырын шыққаны аңғарылады. Ал есіктің қатты я ақырын жабылғанын білдіріп тұрған нәрселер түбірлердің дауысты дыбыстарының я ашық , я қысаң болуына ғана байланысты. Екінші сөзбен айтқанда еліктеу сөздің түбіріндегі дауысты дыбыс ашық болса, құлаққа келетін табиғат дыбысыда қатты естіледі, қысаң болса, ақырын естіледі. Осыған сәйкес сол сөздің мағынасы да ажырайды.

Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардың я жуан, я жіңішке болуыда сөздің мағынасына әсер етеді. Мысалы: шыңқ-шыңқ етеді, шіңк-шіңк етеді дегендердің мағыналарында айырмашылық бар. Шіңк-шіңк дегендегі дауысты дыбыстың жіңішке болуынан еліктеуіш сөздің мағынасы сәл өзгешерек болып тұр, демек, одан дыбыс әлсіз болатыны, соған сәйкес, лажсыздықтан ащы келетіні аңғарылады. Ауызекі тілде адамның көңіл күйіне, эмоциялық жайына байланысты еліктеуіш сөздердің кейбір дыбыстарының айтылуында ерекшкліктер болады. Ашық дауысты еліктеуіш сөздердің дауысты дыбыстары созылып айтылады, мысалы, сарт ете түсті дегенді саарт ете деп түбірдегі а дыбысын созып, ал қысаң болса, соңғы дауыссыз дыбыс созылып айтылады, мысалы, тыз ете түсті, тырс ете түсті деген сияқтыларды ауыз сөзде соңғы з,с,ж,р,ң дыбыстарын созып, мысалы, тызз, тырсс деп айтуға болады. Еліктеуіш сөздер ауызекі тілде, ауыз әдебиетінде, көркем әдебиетте өте жие қолданылады. Сөйтіп, еліктеуіш сөздер дегеніміз-өзіне тән лексика –симантикалық мағынасы, морфологиялық тұлға-тұрпаты бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне декөптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалғанбайтын, сөйлемде әрқашан сын-қимыл пысықтауыш болатын және бастапқы түбірлерінен жұрнақтар арқылы туынды есімдер және етістіктер жасалатын сөздер.

Бейнелеуіш сөздер. Еліктеуіш сөздер есіту қабілеті арқылы пайда болатын түсініктердің аттарын білдірсе, бейнелеуіш сөздер табиғатта кздесетін белгілі-белгілі елес, құбылыстарды көзбен көру қабілеті арқылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді. Мысалы, Ырғалып қарға қарқ етті, ірімшік аузынан салп етті деген сөйлемдерді алайық. Мұндағы қарқ деген сөз –қарғаның дауыстауынан естілген дыбыстың атын аңғартатыны, соған сәйкес, еліктеуіш сөз сол түсініктің атауы болатыны жоғарыда айтылды. Ал осы салалас сөйлемнің екінші жартысындағы салп деген сөз дыбысты емес, қарғаның аузынан ірімшіктің жерге қарай түсіп бара жатқан я түскен кезіндегі көрініс елесін, сол көріністің бейнесін білдіреді.

Бейнелеуіш сөздер іс-әрекеттің тек сыртқы бейне-көрінісін ғана емес, әрі шапшаң болатынын да білдіреді. Бұл сөздерге де белгілі-белгілі көріністің, іс-қимылдың бейнесі негіз болады. Мысалы, бірдеме елең етті, от жалт етті дегендердегі елең, жалт деген сөздер белгілі көріністің бейнесін де, олардың тез болу ерекшелігін де білдіреді. Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздер де қосарланып қолданылады да, солар арқылы бейнеленетін құбылыстардың бірнеше рет қайталанғанын білдіреді. Мысалы, елең-елең, жалп-жалп, қылт-қылт т.б. Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де қайталанған екінші сыңарының ашық дауысты дыбысы қысаң дауысты еріндікке айналып, іс-қимылдың бейнесінің бірде олай, бірде бұлай болып алмасып отыратынын білдіреді, мысалы, жалт-жұлт, қалт-құлт т.б. Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де түбіріндегі болуы сол сөздердің мағыналарына әсер етеді. Мысалы, От жалт етті және от жылт етті дегендердегі жалт деген сөзден көру қабілетінің күшті екендігі аңғарылса, жылт деген сөзден көріністің әлсіз болатыны аңғарылады.

Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де түбіріндегі дауысты дыбыстардың жуан я жіңішке болуы олардың мағынасында айырмашылық болатындығын аңдатады, мысалы, жалп-жалп етеді мен желп-желп етеді дегеннің, осыдан туған жалпылдайды және желпілдейді деген сөздердің мағыналары тең емес. Алғашқыда күшті, дөрекі, епсіз бейне байқалса, соңғыда әрі нәзік, әрі майда бейне елестейді. Сөйтіп, бейнелеуіш сөздер деп табиғаттағы құбыстар мен заттардың және неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын сипаттары мен әрекет қимылдарын көру қабілеті қабылданған бейне көріністердің атауларын, яғни атаулары ретінде қызмет ететін сөздерді айтамыз.

Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктерін сөз еткенде, үш түрлі мәселе ескерілуге тиіс:

дыбыстық құрамы, буын жігі, айтылу ырғағы.

Еліктеу сөздердің дыбыстық құрамында, демек, олардың дыбыстарының тіркесуінде белгілі бір ізге түсіп қалыптасқан, әрі орнықты, әрі жүйелі заң бар деуге болады. Оған еліктеу сөздердің мысалы, мынадай үлгілері айғақ.



  1. Арс, барс, гүрс,дүрс т.б

  2. сарт,сырт, морт, т.б

  3. жап, жып, лап, лып т.б

  4. зырқ, зірк, күрк, жарқ т.б

  5. даң, дүң, тың, күмп, күңк, жалп, желп т. б.

  6. баж, бұж, гүж, ақ, сақ т.б.

  7. гу, ду, зу т.б.

Бұл үлгілерде көрсетілген еліктеу сөздер, әрине, негізгі түбір формалар, Мысалы: алш, былш, ыз, тыз, ыс тәрізді көптеген туынды сөздердің жасалуына негіз болған (мысалы, алшы, алшаң, ызың, ызыл, ысқыр, кісіне т.б.), сондай-ақ, әуелгі түбірлері туынды сөздермен біте қайнасып ажырамайтын болып кеткен формалар да көп. Мысалы: салдыр-гүлдір, балдыр-былдыр, тырбаң сияқтанған сөздердің түбірлер жеке қолданылмайды.

Еліктеуіш сөздердің морфологиялық сипаты. Еліктеуіш сөздер сыртқы морфологиялық құрылысына қарай, жалаң да, күрделі де балады. Жалаң еліктеу сөздер негізгі және туынды болып екі салаға бөлінеді. Негізгі еліктеу сөздер деп айналадағы табиғат құбылыстарын есту арқылы қабылданған дыбыстардан және көзбен көру арқылы қабылданған елес-көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін түбір сөздерді айтамыз. Мұндай негізгі еліктеу сөздер, практикалық тұрғыдан алғанда, қазіргі кезде тиісті морфологиялық бөлшектерге сараланбайтын бір тұтас тұлға сияқтанып келеді. Мысалы: ар, ыр, борс, дүрс, елп, жалт, жарқ, морт, мүлт, салп, селк, шалп т.б.



Туынды еліктеу сөздер деп негізгі (түбір) еліктеу сөздерден де және басқа атауыш сөздерденде тиісті жұрнақтар арқылы жасалған еліктеу сөздерді айтамыз. Мысалы: алшаң, елпең, кірбең, тарбаң т.б Сөйтіп, туынды еліктеу сөздер түбір еліктеу сөздерденде, өзге атауыш сөздерден де жасалады.

Туынды еліктеуіш сөздер жасайтын жұрнақтар мыналар: 1.–ң,-ың,-ің,-аң,-ең жұрнағы.

а) Негізгі еліктеу сөздер. Мысалы: мынандай сөздер: арс-аң, жымп-ың, жайқа-ң т.б

ә) Кейбір атауыш сөздер:мысалы: ала-ң, ағар-аң, дал-аң,домала-ң т.б

б) Кейбір жеке дара қолданылмайтын формалар. Ондай формалар бейнелеу етістіктеріне де және басқа есімдерге де негіз болған. Ол формалар қазіргі кезде жеке-дара түбір есебінде қолданылмайды.

2. –лаң,-лең,-алаң,-елең жұрнақтары кейбір етістіктерге жалғанып туынды еліктеу сөздер жасайды.Мысалы: бұр-алаң, иір-елең т.б.

Күрделі еліктеу сөздер деп жалаң еліктеу сөздердің я негізгі, я туынды формаларының не қайталануы не қосарлануы арқылы жасалған түрлерін айтамыз. Мысалы: арс-арс, жалт-жалт, лап-лап,жарқ-жұрқ, шап-шұп, қоқаң-қоқаң, арбаң-ербең т.б

Еліктеу сөздерден өзге сөз таптарына тән басқа да жаңа сөздер жасалады. Осындай туынды сөздер жасайтын басты жұрнақтар мыналар:



  1. –ыл,-іл (дүріл,гүріл,тарсыл, сыртыл т.б)

  2. –ыр,-ір (жалтыр, тақыр, т.б)

  3. –ақ,-ек,-ық,-к (елбек, бұрқақ, жалпақ,т.б)

  4. –ғыр, -гір (дүңгір, қаңғыр т.б.)

  5. –қыр,- кір (бақыр, кекір, жекір т.б.)

  6. –ыра,-іре (елбіре, салбыра, үлбіре т.б.)

  7. –ырай, -ірей (бүкірей, бақырай, кекірей т.б.)

  8. –ый, -ій (арби, ерби, арси т.б.)

  9. –й, -ай, -ей (арбай, едірей, қиқай т.б.)

10.–да, -де (арбаңда, ербеңде т.б.)

Еліктеу сөздерден басқа туынды сөздер тудыратын өзге өнімсіз жұрнақтар да бар. Мысалы: кісіне, құжына, пысына етістіктерін алсақ, олар –ына (-іне) жұрнағы арқылы кіс, құж, пыс деген еліктеу сөздерден жасалған. Қазіргі кезде жеке-дара сөз ретінде қолданылмайтын кейбір түбірлер көптеген туынды есімдер мен туынды етістіктердің жасалуына негіз болуымен қатар, туынды еліктеу сөздердің жасалуына да негіз болады. Мыс.: қоқиған, қоқсыған, қоқшиған деген есімдердің де, қоқым, қоқыс, қоқай, қоқақ деген еліктеу сөздердің де бастапқы түбірі – қоқ деген форма.

Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі. Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметін сөз еткенде, екі түрлі мәселе баяндалуға тиісті: оның бірі – еліктеу сөздердің өздерінен басқа қандай сөздермен тіркесетіні, екіншісі –еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше болып қызмет атқаратыны. Ал бұл мәселе жайында айтылатын қағидалар мынадай:

1. Еліктеуіш сөздің жалаң түрі мен күрделі түрінің қай-қайсысы болса да өздеріне тән атау формада тұрғанда бірен-сарандаған жағдайда ғана болмаса, тек етістіктермен тікелей тіркеседі. Бірақ еліктеу сөздер етістік атаулының бәріне бірдей тіркесе бермейді. Оның жалаң түрі де, қосарланған түрі де, ет көмекші етістігімен еркін тіркесе береді. Мыс.: Жанып жатқан от майлы көбік тамғанда, пыс етіп, борс етіп сөне қалып, қайтадан тез лап етіп жанды.

1.Еліктеу сөздер толық мағыналы дербес етістіктердің бәрімен де бірдей тіркесе бермейді, олардың ішінен тек өздерінің мағыналарына орайласатындармен ғана еркін тіркеседі. Мыс.: Машина кілт бұрылды.

2.Еліктеу сөздер етістіктерден өзге сөздермен некен-сақтап қана тіркеседі де, сын есім, үстеу, шылау сияқты сөз таптарымен тіпті тіркеспейді. Мыс.: Күңгірт сөйлеген шаңда-шұң дауыс шықты.

3.Еліктеу сөздердің сөйлемде қандай мүше қызметін атқаруы олардың өздерінен басқа қандай сөздерге тіркесуімен байланысты. Өйткені, жоғарыдағыдай, шаң-шұң дауыс шықты дегендегідей, зат есімдермен тіркесіп, орын жағынан олардан бұрын тұрып қолданылатын шаң-шұң тәрізді еліктеу сөз, әрине, анықтауыш болады. Ал еліктеу сөздер негізінде етістіктермен тіркесетін категория болғандықтан, олардың негізгі синтаксистік қызметі де сын-қимыл пысықтауыш екендігі күмәнсіз. 4.Дербес мағыналары бір негізгі етістіктермен тіркескенде, еліктеу сөздер қимыл мен іс-әрекеттің сын-сипатын білдіреді де, әрқашан пысықтауыш мүше болады. Мысалы: Абай кілт бұрылып жалт қарады. 5. Еліктеу сөздер субстантивтеніп есім формаларында жұмсалуы мүмкін.Мысалы: Осы сөзден соң Жігітек екі ұдайылықтан, былқ-сылқтан арылып, сөзді бір арнаға түйген-ді. Осы сөйлемдегі субстантивтеніп, шығыc септік формасында жұмсалған былқ-сылқтан деген еліктеу сөз толықтауыш болады.

Тексеруге арналған сұрақтар:

1.Еліктеу сөздер, еліктеуіш сөздердің семантикалық сипаты.

2. Еліктеуіш сөздердің фонетика-морфологиялық сипаты.

3.Еліктеуіш сөздердің дыбыстық ерекшеліктері.

4.Еліктеуіш сөздердің морфологиялық сипаты.

5.Еліктеуіш сөздердің синтаксистік қызметі.


Пайдаланылатын әдебиеттер :

1. Қазақ тілінің грамматикасы. Алматы, 1967.

2. Ысқақов А. Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1991.

3. Қалыбаева А., Оралбаева Н. Қазіргі қазақ тілінің морфемалар жүйесі. Алматы, 1986

4. Аханов К. Грамматика теориясының негіздері. Алматы, 1996.

5. Кузнецов П. Ц. О принципах изучения грамматики. М., 1961.

6. Смирницкий А.И. Лексическое и грамматическое в слове вопросы грамматического строя. М. 1955

7. Шмелев Р. Н. Современный русский язык.

8. Милославский И. Г. Морфологические категории современного русского языка М. 1981

9. Төлеуов Ә. Сөз таптары. Алматы,1982.



15- дәріс

Тақырып: Модаль сөздер.

Қарастырылатын сұрақтар : 1. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері.

2. Модаль сөздердің қалыптасу көздері.



Мақсаты: Модаль сөздердің лексика-грамматика ерекшеліктерін таныту.

Дәріс мазмұны : 1. Модаль сөздердің лексика-грамматикалық ерекшеліктері.

Модаль сөздер тілдегі модальдылық және предикалық құбылыспен тығыз байланысты, предикаттылық сөйлем мазмұнының ақиқат шындықпен жалпы арақатынастылығын («соотнесенность») білдіреді, ал сөйлемде айтылған хабардың ақиқат шындыққа қатынасы модальдық қатынас болып табылады. Яғни сөйлеуші өзінің бұл хабарын қалай түсінеді? өз тарапынан оған қандай сипаттама береді? Ақиқат шындыққа қалай қарайды – модальдық қатынастың мәні міне осында. Ал предикатталық – ең алдымен ойды тіл заңдылықтары мен ережелеріне сәйкес қалыптап көрсетуге («к оформлению») қатысты сипат. Демек, бұлар өзара тығыз байланысты болғанымен? Бір – бірінен елеулі айырмашылығы да бар. Модальдылыққа әдетте сөйлемнің негізгі тұрақты белгілерінің ішінен ойдың тиянақтылығын белгілейтін (анықтайтын) интонация. Яғни хабардың айтылу ырғағы. Сөйлеушінің тағы басқа модальдық қатынасы тиесілі. Предикаттылыққа келетін болсақ, Ол сөйлесу (тілдесу) единицаларының («единицы речевого общения») грамматикалық жақтан ұйымдасуын қамтамасыз етеді. Модальдылығын ең алдымен сөйлемде көрінеді. Сөйлем модальдылығы тілдің негізгі өзек категорияларына жатады. Ол, біріншіден, барынша айқынырақ түрде және алуан түрлі реңкте интонация әдісімен білдіріледі. Модальдық сондай – ақ етістік райларының синтетикалық және аналитикалық формалары білдіретін барлық мағынасы мен реңкі арқылы да беріледі. Қысқасы модальдылық – тіл мен сөйлеудің (речь актісінің) әр түрлі деңгейлерінде көрнектенетін грамматикалық мағыналардың өз алдына бір тұтас саласы («класы»), жүйесі болып табылады. Объективті модальдылықты білдіруде етістіктің рай формаларының қызметі едәуір басым. Себебі етістік райлары неғұрлым көбірек грамматикаланған («грамматикализованная»), тілдің сөз өзгертім форманттарына жақын құбылыс болып табылады. Ал субъективті модальдылық олай емес. Модальдылықтың бұл соңғы түрі негізінен көмекші сөздер арқылы білдіріледі мысалы: Ол жақта қыс ерте түседі (объективті модальдылық); Ол жақта қыс ерте түсетін сияқты (субмодальдылық).

Модаль сөздер түркі тілдерінің бірқатарыныңда (соларды ішінде қазақ тілінде де) негізінен көмекші сөздер тобына кіреді. Ол сөйлеуші субъектінің айтылған ойдың шындыққа қатынасы (сәйкестігі) жөніндегі көзқарасын айқындайды. Модаль сөздердің өз алдарына бөлек, арнайы бір лексика – семантикалық, грамматикалық топ ретінде сараланып шығу, даму жолдары тілдерде жалпы біркелкі емес. Олар, мысалы, орыс тілінде тек сына («вставные») сөйлемдердің ғана емес, сонымен қоса үстеулер мен ықшамдалған («редуцированных») сөйлемдер негізінде де дамып, дараланып шыққан. Ал олар түркі тілдерінің көпшілігінде негізіненКеңес дәурінде жазба әдебі тілдің қарқынды дамуымен байланысты дербес көмекші сөз табы болып қалыптаса бпастады. Жалпы модальдылық, модаль сөздер табиғаты әсіресе осы тілдерде әлі нақтылы танылып болған жоқ. Бұл лексемалардың сандық көлемі оларда сондықтан да қазір әр түрлі болып келеді. Осы жағынан алғанда модаль сөздер мен райлар жалпы бір тектес тіл құбылыстары. Себебі райлар да әрекеттің ақиқаттығына не ақиқат еместігіне сөйлеуші тарапынан субъективті баға берудің, яғни сөйлем модальдылығын білдірудің морфологиялық тәсілі болып табылады. Рай категориясы сөйлеушінің «әрекеттің әрекет етушімен байланысы» («связь действия с действующим лицом») туралы көзқарасын білдіреді. Шынында да қалау (тілек), болжау, міндеттілік, сенімділік сияқты модальдылық мағыналарды арнаулы жеке сөзді ғана емес, солармен қоса етістіктің рай және кейбір аффикстік формалары да (яғни – ғай// - гей//,-ер//, - ғы//-гі, - ғыр//-гір, -са, са+шы, са-й, - са+шы, -ып+ты//іп+ті қосымшалары түрлері де ) білдіре алады.

Модаль сөздер, басқа барлық көмекші сөз таптары сияқты, ұзақ уақытқы лексика – грамматикалық даму процесінде дербес сөз таптарына дараланып шықты (бұл – үнемі үзіліссіз жүре беретін, тоқтамайтын толассыз процесс). Бұған мысалы білем, кім біледі, әлпеті, сияғы (сиқы) сөздерінің мына бір қолданыстарын өзара салыстырып көру арқылы да біршама қөз жеткізуге болады: Қарала сырмақтың иесін де білем, ақ киізді, бәтес көйлектің қайдан шыққанын да білем.

Модаль сөздер сондай – ақ заттық мәнін және диалогта предикаттық функциясын жоғалтқан бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан да пайда болады. Модаль сөз тіркестері де сол модаль сөздердің жасалу жолымен пайда болды. Модаль сөз тіркестері шартты бағыныңқы сөйлемдердің келтелеуінен (редукциялануынан) өте көп жасалады.

Модальдылықты грамматикалық мағыналардың бір түрі ретінде қарайтын болғандықтан, оны білдірудің тек грамматикалық құралдары ғана (аффикстер, көмекші сөздер, синтаксистік конструкциялар т.б.) негізге алынуы тиіс. Ал номинативті сөздер, өздерінің семантикасында едәуір модальдық реңк жатқанмен, модальдықты білдіретін құралдар санатына кіре алмайды. Себебі бұлар модальды семантикалық өңдегі дербес мәнді сөз («знаменательное слово») ретінде лексикалық деңгейден әрі асаалмайды. Сондықтан полифуекциялды (А.Ысқақовша: әр тарп) бар, жоқ сөздері, керек, тәрізді предикаттық есімдер өздерінің номинативтік қолданысында модальды сөздерге жатқызылмайды. Бұлар белгілі бір контекстік байланыста ғана функционалды – модальды сөз ретінде жұмсалына алады. Бұл айтылғандардан айқын аңғарылып тұрған нрсе: тілдік модальдылық – грамматикалық құбылыс.

Модальдық мағынасы бар әл алуан грамматикаланған тіркестер тек жеке сөздерден ғана емес, сонымен қоса, күрделі құрамды сөздерден де тұратын, тұтастай алғанда көмекші сөз табы ретінде тілдік модальдылықты білдірудің бай құралы саналатын модаль сөздер құрамына кіреді.

Сөз таптарының жалпы категориялық мағынасын жеке сөздің лексикалық семантикасымен шатастыруға болмайды, өйткені жалпы категориялық мағына – мағына –сөз таптарын бір- бірінен ажыратудың, ара жігін, шегін анықтаудың алғы, бас белгісі. Модаль сөздерді біраз тілдерде қазір көмекші сөз таптарына жатқызуда да бірден бір негіз, критерий ретінде оның осы жалпы категориялық мағынасы, яғни сөйлемде айтылған хабарға сөйлеушінің қатынасы алынған. Жалпы қай сөз табын да танып, даралап алуда бірінші орында оның категориялық мағынасы тұруы шарт.

Көмекші сөздерді зерттеу өз алдында толық мағыналы дербес сөздердің грамматикалану (грамматикализациялану) проблемасымен тығыз байланысты.

Толық мағыналы дербес сөздердің жеке формалары, сондай-ақ сөйлемнің қыстырма мүшесі ретінде қолданылатын сөздер мен тіркестер де заттық мазмұнан ажырауына қарай модаль сөздер қатарына өтеді. Өйткені модаль сөздер тобын анықтаудың мұндай тәжірибесі кейбір өзге тіл грамматикаларынан да ұшырасады. Мысалы, орыстың грамматикалық дәстүрінде қыстырмалы = модальды жасалымдардың грамматикалануы және олардың модаль сөздерге айналуы туралы ілім бар.

Модаль сөздердің семантикасында номинативтік мағына және соншалықты бір көрінеу тұрған ап – анық яғни «сезімді лексикалық» («ощутимая лексичность») болмайды.Белгілі бір заттық мағына сондай – ақ көптеген модальды тіркестерде де болмайды. Олардың да семантикасы сол модальділікті білдіретін грамматикалық мағынамен барып астасады. Бұл айтылғандар тұрғысынан келгенде модаль сөздер деп өзінің шығу тегі жағынан есімдермен, етістіктермен және үстеулермен сипаттас, тұлғалық өзгеріске түспейтін, сөйлеушінің айтылған ақиқат шындыққа қатынасын білдіретін көмекші сөздерді айтады. Тұтастай алғанда, өздерінің «жинақта» («обобщенный») лексика – грамматикалық мағынасы бойынша модаль сөздер етістік райларымен ұқсас. Сондықтан модальдылықты білдірудің бұл екі құралы сөйлеуде өзара тығыз байланысты. Қазақ тіліндегі модаль сөздердің біразы сөйлемнің қыстырма мүшесі позициясында қолданылып келеді. Бұған қарап оларды қыстырма сөздермен тең дәрежеде алып қарауға болмайды. Бұлар – екі бөлек категория. Себебі модаль сөздер – морфологиялық категория, көмекші сөз табын құрайды. Ал қыстырма сөздер – синтаксистік категория. Бұлар грамматикалануға ұшырамайды. Сөйлемнің қыстырма мүшесі қызметінде қолданылатын көмекші не толық мағыналы дербес сөздер болып табылады.

Модаль сөздердің айрықша бір синтаксистік ерекшелігі – олар диалогта келгенде жеке лексема күйінің өзінде сырт формасы және айтылу интонациясы жағынан өз алдына тұтас бір тиянақты сөйлем қызметін атқарып тұрады. Синтаксистік сипаттағы мұндай модаль сөздер сөйлем мүшелерімен дағдылы грамматикалық байланысқа түспейді, сөз тіркестерін жасауға қатыспайды.

Қазақ тіліндн модаль сөздер жеке бір сөйлем мүшесінің мағынасына немесе бүкіл сөйлем мазмұнына реңк беретін қосалқы мүше, сөйлемнің оңашаланған қыстырма мүшесі ретінде және диалгтық сөйленісте сөйлем түріндегі сөз ролінде қолданылады.

Модальды сөздер, басқа көмекші сөз тараптары сияқты, толық мағыналары дербес сөз таптарының ұзақ замандарғы лексика-грамматикалық даму процесінде өзінің бастапқы мән-мағынасынан оқшаулана – оқшаулана, ақыры біржола ажырап, солардан келіп шыққан. Модаль сөздердің пайда болуына сөйлем құрамындағы кейбір лексикалық құралдардың тұрақты бағыныңқылық қалпы себепкер болды. Жоғарыда атап көрсеткеніміздей, модаль сөздердің белгілі бір заттық я ұғымдық семантикасы болмайды. Оларды семантикасы әдетте модальдылықты білдіретін грамматикалық мағынамен ұлас, астас жатады. Демек, осынысы үшін де олар – көмекші сөздер.

Тілдік модальдылық проблемасымен байланысты қазіргі лингвистика ғылымындағы зерттеу еңбектерден жоғарыда келтірілген түрлі теориялық пайымдауларды, ғылыми көзқарастарды шола, саралай қарау нәтижесінде қазіргі біраз түркі тілдерінде модаль сөздер мен модальды тіркестердің негізінен мына төмендегідей нақты жасалу жолдары барын байқауға болады. Таза («собственно») модальды және есім модальді сөздердің, сондай-ақ модальды тіркестердің де қатарында тәуелді формада әбден тұрақтап, қалыпты бір орнықтылық алған лексемалар бар. Бұлар модаль сөздер санатына изафеттік тіркестер арқылы көшкен. Олардың модаль сөздер тобын қалыптастырып дамытудағы шешуші ықпалды факторы – қысқасы, ыңғайы іспеттес жекелеген лексемалардағы үшінші жақтық тәуелдік жалғауының жақсыздағы мен заттық мәнінің мейілінше абстрактылығы. Бұл – қазақ тіліндегі, басқа да біраз түркі тілдеріндегі модаль сөздердің жасалуының неғұрлым өнімдірек жолы.

Модаль сөздер кейбір үстеулер мен үстеу мәнінде қолданылатын зат есімдердің заттық мәнінен айырылу және пысықтауыштық функциясын жоғалту нәтижесіндепайда болды. Мысалы мына бір мына бір салыстырудан соны аңғарамыз. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім – ғылымның өзі де мейірленіп, тезірек қолға түседі (Абай) – Ол мәселе туралы, шын, ештеңе білмеймін; Мамандар егер рас айтса, астық өнімі биыл жақсы көрінеді (Газеттен) – Рас, Ділдәні Абай сүйіп қайтқан жоқ (Әуезов).

Модаль сөздер кейде өзінің предикаттық функциясынан айырылған бағыныңқы сөйлемнің баяндауышынан жасалады, мысалы: Үйдің іші сасық. Әйнексымақ бір күңгірт тесік көрінеді (Аймауытов) – Бәрін бүлдіріп жүрген Кәрібайдың өзі көрінеді. Қазақ тілінде дейді, деседі, білем, тағы кейбір модаль сөздер де осы жолмен жасалған. Модаль сөз сондай – ақ, кей жағдайда тіпті модаль тіркестің бір компонентінің түсіп қалуы арқылы да жасалатын сияқты. Мына бір екі мысалды салыстырудан сондай ой туады: Жеті қабат жер астындағы нәрсені білуі мүмкін (Жұмабаев).

Сияқты, сықылды, секілді, тәрізді, тақылетті, рәуішті, іспетті, әлпетті модаль сөздері «бет, бейне,пішін, порым, түр» мағынасын білдіретін түбірлерден жасалған.

Тіліміздегі бәлки, бәлкі, бәлкім, әлбетте, зайыры, нәті (нәйәті), лазым (ләзім) , ықтимал, мүмкін, рас (т), тағы біраз сөз «дайын күйінде» араб, парсы тілдерінен ауысқан.

Жалпы түркі тілдерінің қай – қайсысында да модаль сөздердің сан жағынан әр түрлі өзіндік жасалу жолдары бар. Бұл жолдар олардың (модаль сөздердің) морфологиялық формасымен, құрылымымен тығыз байланысты. Алайда модаль сөздер тобының қалыптасу мәселелері және олардың этимологиясын айқындау – жалпы алғанда арнайы тарихи – салыстырмалы зерттеуді қажет ететін күрделі де маңызды тақырып.

Орта азиялық түркі халықтарының тіліндегі модаль сөздер тобының қалған басқа түркі тілдеріндегіге қарағанда өзіндік кейбір ерекшелігі бар.

Себебі бұл топтағы тілдерде қазір қолданылып жүрген модаль сөздердің біразы араб – иран тілдерінен енген. Бірақ бұған қарап аталмыш аймақ тілдерінде өзіндік модаль сөздер аз ия тіпті жоқ екен деген ой тумау керек. Ал сібірлік түркі халықтарының тілінде мұндай текті кірмелер негізінен кездеспейді десе де болады. Оларда бұған керісінше орыс тілінен дайын куйінде ауысқан модаль сөздер көп болмаса да жалпы ұшырасып отырады. Модаль сөздердің жалпы қалыптасу жолдары және олардың қай – қайсысының да жасалу механизмі модаль сөздердің ауызекі (яғни сөйлесу) түрдегі қарым – қатынас техникасының біртіндіп даму, жетілу процесінде грамматикалану жолымен (тәсілімен) пайда болған көмекші лексемалар екендігін айғақтайды.



жүктеу 1,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау