// «jambYl-taraz» // №50 (1442), 20 maÝsYm 2018 jYl //
7
БІЛІМ
ХХІ ғасырда біздің еліміз ғаламдану және жаһандану процесіне көшуде. Осы процесті жандандырып дамытуда
жас ұрпақтың білімі мен біліктілігі айрықша рөл атқарады.
Информатика – қоғамның ақпараттық негізі
бүгінгі таңда барлық білім мекемелері толығымен
жаңа ақпараттық компьютерлік техникалармен
қамтамасыз етіліп, оқытушылардың сапалы және
инновациялық технологияларды меңгеруі – қазіргі
заман талабы болып отыр. білім сапасын көтеруде
инновациялық технологияларды дұрыс және
сауатты қолдану жылдан жылға күрделі және
өзекті мәселеге айналуда. Оқыту барысында озық,
тиімді технологиялар тәжірибеге енгізілуде. Заман
талабына сай білім беру – әр оқу орнының алдына
қойған мақсаты. Қазіргі кездегі білім беру жүйесінің
міндеті – білім алушылардың білімді үйреніп
қана қоймай, алған білімін үздіксіз дамытып,оны
бойына сіңіріп, тәрбиелі, әдепті, интеллектуалды
болуын қамтамасыз ету. «Әрбір ұстаз – білікті
маман, ал әрбір білім алушы – ойшыл тұлға» деген
қағидаларды ұстана отырып, білім беру үрдісінде кез
келген оқытушы білім сапасын жақсарту мақсатында
оқытудың озық технологияларын пайдаланады.
болашақ ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім
беруде оқытушылардың инновациялық ісәрекетінің
ғылыми-педагогикалық негізін меңгеруі – маңызды
мәселелердің бірі. білім беруді технологиялық
жолмен ұйымдастырудың мақсаты – жаңа бағыттағы
ұстаздардың кәсіби шеберлігін шыңдауға, өз білімін
көтеріп, шыңдауға үйретеді. Әрбір жаңашыл ұстаз
ақпараттық технологиялардың ғылыми-теориялық
негізін меңгеріп, жұмысында қолдануға тырысуы керек.
Интерактивті оқыту – көпқырлы құбылыс. білім алушы
белгілі бір тақырыпты меңгеруде өзінің не білетінін
есіне түсіреді, білімін басқалардың идеяларымен
толықтырады, жаңа тәсілдерді меңгереді, өзінің
бағытын анықтайды. бүгінгі білім мазмұны мұғалім
мен оқушының арасындағы негізгі бастамалардың
барлығы мұғалім арқылы жүзеге асырылады. Қазіргі
заманғы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының
білім беру үрдісіне шығармашылық қабілетін дамытуға
айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының
танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік жұмыстарды
тез орындау мүмкіндіктері артады. Осылайша оқыту
құралдарының бірі – электрондық оқулық. Ол білім
алушыларды даралай оқытуда жаңа ақпараттарды
жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктерді
тесттік бақылауға арналған программалық құрал.
Қазіргі уақытта білім беру үдерісінде ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды қолдану
қажеттілігі туып отыр. Осыған байланысты білім
берудегі әдіс-тәсілдер жаңарып отырады. ақпараттық-
коммуникациялық технологияларды пайдалану қазіргі
кездегі заман талабы болғандықтан оған басты назар
аударуымыз қажет. Жаңа ақпараттық технологияларды
білім беру үдерісінде қолдану біршама жетістіктерге
апаратын жол. Яғни ақпараттық-коммуникациялық
технология білім беруде маңызды құрал деп айтсақ та
УНИВЕРСИТЕТ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ
фАкУЛьТЕТТЕН БАСТАУ АЛДЫ
Қазақстанның экономикалық дамуын ірі оқу-ғылыми орталықтарынсыз жүзеге
асыру мүмкін емес. Бүгінде М. Х. Дулати атындағы ТарМУ осындай ірі орталық
болып, ол жоғары білікті және бәсекеге қабілетті кадрлар дайындау мәселесін
шешеді және аймақтың аумақтық және табиғи, әлеуметтік-экономикалық өзіндік
ерекшеліктеріне сай келеді.
бүгінгі таңда университетте 63 түрлі
мамандық дайындайтын 8 факультет бар.
ЖОО магистратура және PhD бағыты
бойынша докторантура мамандарын
дайындау сәтті жүзеге асырылуда.
Университет ауқымды халықаралық
байланыстарға ие. аҚШ, Италия,
Германия, Швейцария, Швеция, түркия,
Латвия, Польша, Литва, Франция, Ресей,
белоруссия, Өзбекстан, Қырғызстан
елдерінің жетекші ғылыми және оқу
орталықтарымен тығыз байланыс және
іскерлік ынтымақтастық орнатылған.
Университет студенттеріміздің спорттық
жетістіктерін мақтан етеді, олардың
арасында Олимпиада ойындарының,
Әлем, Еуропа, азия және Қазақстан
чемпионаттарының алтын және күміс
жүлдегерлері бар.
технологиялық факультет университетте
жетекші факультеттердің бірі, онда жеңіл,
тамақ, тоқыма және химия өнеркәсібі,
стандарттау, сертификаттау және
метрология, туризм, мейрамхана, қонақ үй
бизнесі саласы үшін кадрлар даярланады.
Үдемелі индустриалды-инновациялық
даму бойынша мемлекеттік бағдарламаны
іске асыруда халық шаруашылығының
базалық салаларының рөлі орасан зор,
ол салаларға жеңіл, тамақ және тоқыма
өнеркәсібі кіреді. Осы салалардағы
кадрларға деген қажеттілікті өтейтін
біздің университет. Факультетімізде
Ұлттық ғылым академиясының 1
академигі, 3 ғылым докторы, 34
ғылым кандидаты, 14 PhD докторы
және 29 ғылым магистрі жұмыс істейді.
Факультеттің жоғары білікті профессор-
оқытушылар құрамы мен заманауи
материалдық-техникалық базасы – білікті
маман даярлау кепілі.
Суперфосфат зауытын, қант және ет
комбинаттарын, «Джамбулкожобувь»
бірлестігін кадрлармен қамтамасыз ету
мақсатында 1958 жылы Қазақ химия-
технологиялық институтының Жамбыл
филиалы ашылды, кейін ол жеңіл
және тамақ өнеркәсібі технологиялық
институты болып қайта құрылды. Жаңа
жоғары оқу орнын қалыптастыруға
үлкен үлес қосқандар: технологиялық
институтының бірінші басшысы
Х.Сеитов, технологиялық факультетінің
а лғашқы деканы С.айт жанов,
профессорлары В.Марценюк, М.Нуриев,
а.Молдахметов, а.бопеев, В.Шершнев,
ғылым докторлары: т.Мұхаметқалиев,
У.Мәдиев, К.бейсеуов, М.Қуатбеков,
С.Смаилов, Х.тұрғынбаева, а.Нұрымов,
И.Мульдеков, а.Жолдасов, т.Жүнісбеков,
Д . аб д е л и е в , Е . С п а н д и я р о в ,
а.альпеисов, ғылым кандидаттары,
доценттер: Э.Мельникова, Ю.Юрченко,
Ю.Лавринович, т.Жылқыбаев,
С.Қарымсақов, а.Сеитов, Е.Мараджапов,
С.Орынбайұлы, Е.Конобрицкий,
б.Қалымов, Г.Шлифер, б.Фофанов екенін
айта кету парыз. технологиялық
факультетінің деканы болып әр
жылдары жұмыс істегендер: т.Касымов,
а.Островский, Д.Нұрпеисов, В.Шершнев,
В.Марценюк, М.Куатбеков, а.бопеев,
т.тасболатов, Н.асанов, а.адилов,
М.Немеребаев, С.Утеулиев, Д.Досқожаев,
К.аширбаева, Ж.Мыркалыков, М.Сахы
Оңтүстік өңірдің фосфор және химия
өнеркәсібімен айналысатын кәсіпорындар
үшін бейорганикалық заттардың
химиялық технологиясы бейіні бойынша
мамандарды даярлау «Қазфосфат» ЖШС-
мен жасалған меморандумға сәйкес
ойдағыдай жүзеге асырылуда. Дәрістік
және зертханалық сабақтар «Қазфосфат»
компаниясының кәсіпорындар базасында
өткізіледі. бірқатар пәндер бойынша
келісімшарттарға сәйкес «Фабрика
ПОШ тараз» ЖШС кәсіпорнының
цехтарында дәрістік және зертханалық
сабақтар жүргізілуде. Елдің бәсекелік
артықшылықтарын талдау нәтижелері
б о й ы н ш а т о қ ы м а ө н е р к ә с і б і
перспективалы жеті кластердің бірі
ретінде анықталды. Олардың әрқайсысы
бойынша тиісті іс-шаралар жоспарлары
әзірленген, олар бүгінгі таңда сәтті іске
асырылуда. Соңғы 5 жылда ректораттың
қолдауымен факультет кафедраларының
материалдық базасы толық жаңартылды.
біздің түлектер арасында көптеген
тамаша ғалымдар, көрнекті ғылым
мен мәдениет қайраткерлері, ірі
кәсіпорындардың басшылары, экономика,
саясат және мәдениетті басқарудың
күрделі мәселелерін сәтті шешіп жүрген
жауапты қызметкерлері бар. Факультеттің
7 оқытушысы М.Сахы, Ә.Әймен,
М.Шардарбек, С.Мунасипов, К.боданов
К.Махамбеталиева, б.Масалимова
«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы»
мемлекеттік грант иегері атанды.
Ф а к у л ь т е т Қ а з а қ с т а н д а
нанотехнологияның дамуына да өз үлесін
қосуда. бұл өз кезегінде Қазақстанның
инновациялық өнім өндірісі бойынша
индустриялық дамыған елдердің арасында
лайықты орын алуға мүмкіндік береді.
Нанозертхана қызметінің маңызды
бағыттарының бірі өсімдіктектес
наноқұрылымды материалдар пайдалану
негізінде тағамдық құндылығы жоғары
сапалы азық-түлік өнімдерін шығару
болып табылады. Зерттеу жұмыстары
профессор Н.Горбатовская басшылығымен
жүргізілуде. Зерттеулер «Нанотехнология
сверхизмельчения башкирцева» ЖШС-
мен (Өскемен қаласы) бірлесіп жүргізіліп
жатыр. алғаш рет Қазақстанның
жұмсақ жаздық және күздік бидайының
перспективалы астық сорттары
анатомиялық микроқұрылымы зерттелді.
Факультет кафедралары тарапынан жыл
сайын ғылыми-зерттеу жұмыстарының
нәтижелерін іске асыру мақсатында жобалар
ұсынылады. атап айтқанда «Өсімдік тектес
наноқұрылымдық материалдар» (авторы
профессор Н.Горбатовская). «Сусымалы
және түйіршіктелген материалдар үшін
құрғатушы жаңа құрылғыларды жаңғырту
және шығару» (авторы профессор
а.байтуреев.), «Жүнді бастапқы өңдеудің
экологиялық-сапалы технологиясын
енгізу және өндіріс қалдықтарынан жуу
құралдарын алу», (авторы Н.Чернявская),
«Кеден одағы шеңберінде «жуылмаған
жүн – топс» циклы бойынша IWTO
талаптарына сәйкес техникалық реттеудің
нормативтік базасына ұсыныстар әзірлеу»
(авторы Н.Чернявская) т. б.
астық шикізатын терең қайта өңдеу
мәселелерімен «азық-түлік өнімдерінің
технологиясы» кафедрасының және т.ғ.д.
профессор Е. Спандияров басқарған
атӨҒЗИ ғалымдары 50 жыл бойы
айналысып келеді. Әзірлемелердің
негізгі бағыттары дәнді дақылдарды
дайындау мен қайта өңдеудің техникасы
мен технологиясын жетілдіру болып
табылады. Шағын және орта бизнесті
дамытуда ғалымдардың астықты қайта
өңдеу және азық-түлік саласы үшін техника
және қор үнемдеу технологияларын
шығару бойынша зерттеулері үлкен рөл
атқарады. Факультет студенттерінің
зерттеу нәтижелері жыл сайын ғылыми
конференцияларға ұсынылады, оның
ішінде 10 шақтысы ҚР білім және
ғылым министрлігінің және «Қазақстан
Республикасы тұңғыш Президенті
Қорының» ең үздік студенттік жұмысы
байқауына қатысады.
Жоғары білікті мамандар даярлау
үшін (PhD докторларын, магистрлерді)
университетіміз бірқатар ЖОО-мен және
ғылыми орталықтармен келісімшарттар
жасады. Олардың қатарында Калининград
мемлекеттік техникалық университеті,
П о з н а н ь д а ғ ы Ж а р а т ы л ы с т а н у
ғылымдары университеті (Польша);
«Манас» Қырғыз-түрік университеті
(Қырғызстан Республикасы); Мәскеу
мемлекеттік тағам өндірісі университеті
(Ресей); Санкт-Петербург мемлекеттік
төмен температуралық және тағамдық
технологиялар университеті (Ресей);
«беларусь ҰҒа азық-түлік бойынша
Ғылыми-практикалық орталығы»
ОЖЖ, К.Разумовский атындағы Мәскеу
мемлекеттік технология және басқару
университеті, б.Ельцин атындағы Орал
мемлекеттік техникалық университеті,
ташкент тоқыма және жеңіл өнеркәсіп
институты, Санкт-Петербург және Мәскеу
мемлекеттік дизайн және технология
университеттері, бішкек мемлекеттік
университеті, Ельца қаласындағы И.а.
бунин атындағы мемлекеттік университеті,
Каунас технологиялық университеті,
сонымен қатар алматы технологиялық
университеті, «Сымбат» сән және бизнес
академиясы, Рудный индустриалдық
институты бар. Химия және химиялық
технологиялар бойынша ғылыми-зерттеу
жұмысы төмендегі бағыттар бойынша
жүргізіледі:
- Наноқұрылымды катализаторларды
және кешенді қоспаларды синтездеу және
құрылымын зерттеу;
- Экологиялық проблемаларды шешу
және қалдықсыз технологияларды әзірлеу;
- Полиэлектролиттерді синтездеу және
қолдану.
Зерттеулер әл-Фараби атындағы
ҚазҰУ, Д.Менделеев атындағы РХтУ,
М.Ломоносов атындағы ММУ, Ресей
ғылым академиясының микро-электроника
және аса таза материалдар институты,
Д.Сокольский атындағы органикалық
катализ және электрохимия ҒЗИ,
Канаданың Woterloo университетімен
ынтымақтастық туралы келісім
жасасып, тығыз ғылыми байланыс
орнатқан. «Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің
технологиясы мен құрылымы және
дизайн» кафедрасының профессоры т.ғ.д.
С.Мунасиповтың «аяқ киім қалыптарын
және бұйымдардың өлшемдіктүрлерін
дайындау үшін Қазақстан тұрғындарының
табандарына антропометриялық зерттеу»
тақырыбындағы ғылыми жобасы 2015-
2017 жылдарға арналған ҚР бҒМ
гранттық қаржыландыруына ие болды,
бұл профессор-оқытушылар құрамының
елеулі ғылыми жетістігі, технологиялық
факультеттің ғылыми әлеуетінің танылуы.
Осылайша факультет өз жетістіктерін
барлық бағыттар бойынша еселеуде. Жыл
сайынғы ПОҚ ғылыми басылымдарының
саны 280-350 мақала болса, студенттердің
жариялаған мақалалар саны 50-ден асады.
Соңғы бес жылда бірінші Президент
Қорының ай сайынғы дербес стипендиясы
байқауында 5 студент жеңімпаз болды.
Университеттің Ғылыми Кеңесінің
шешімімен зерттеуші атағына факультеттің
45 студенті, Президент стипендиясына 16
студент, академик Үркімбаевтың Ғылыми
стипендиясына 7 студент ие болды.
Әнуарбек ӘЙМЕн,
э.ғ.д., профессор, технологиялық
факультет деканы
болады. басты мақсат ақпараттық-коммуникациялық
технологияларды жетік меңгеру және оқушыларға
меңгерту. ақпараттық-коммуникациялық технологияны
қолдану оқытушыға да, білім алушыға да қолайлы. Сол
кезде ғана сабақта теория мен тәжірибені ұштастыра
аламыз. Оқытудың инновациялық технологиялары
нәтижесінде білім алушылардың оқу үрдісіне деген
ішкі себептің оң қатынасы анағұрлым жақсаратын,
тұлғалық бағытталған, кіріктірілген, ұжымдық іс-
әрекеттік, ақпараттық, қашықтықтық, дамытушылық,
модульді дамытушылық және т.б. технологиялар
жетекші орын алатын
оқытушының студентпен
қарым-қатынастағы
іс-әрекетті т аңдауы
болып табылады. білім
беруді ұйымдастырудың
дүниежүзілік
тәжірибесінде көптеген
оқыту технологиялары
жүзеге асырылуда.
назкен онбАЕвА,
Жамбыл политехникалық жоғары колледжі
информатика пәнінің оқытушысы