ӘЛЕУМЕт
8
// «jambYl-taraz» // №50 (1442), 20 maÝsYm 2018 jYl //
Өнегелі ұрпақ – елдің ертеңгі болашағы, ұлттың жалғасы, тізгінін ұстар
азаматтары. Сол себепті мемлекеттің бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлетіні
сөзсіз. Бүгінгі күн тәртібі мемлекеттің қалыптасуы кезеңіндегіден өзгеше.
БАЛАЛАР –
БОЛАшАҒЫМЫз
Еліміз өскелең ұрпақтың озық білім алуы үшін
мүмкіндік тудыруға көп күш жұмсауда. бар жақсылығын
балаларына көрсетіп, олардың жан-жақты тәрбиелі,
саналы болып ер жетуіне қамқорлығын аямайтын
еліміздің болашағы да жарқын. Келешегін ойлаған
дана халқымыз бүгінгі күнде балалардың тәрбиесіне
ерекше көңіл бөлуде. Осыны ескерген Елбасы келешек
ұрпаққа үлкен мән беріп келеді. балаға тәрбие беретін
ең алдымен оның ата-анасы болса, екінші тәрбие және
білім беретін балабақша. Осы орайда, 1 маусым –
Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Өрлеу»
баҰО аҚ филиалы Жамбыл облысы бойынша
педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру
институтының академиялық бөлімі, Мониторинг
және талдау бөлімі, Инновациялық технологиялар
және ғылыми-жаратылыс (гуманитарлық) пәндерді
оқыту кафедрасы ұжымдарының ұйымдастыруымен
№9 балалар бақшасының бүлдіршіндеріне мерекелік
көңіл-күй сыйлады. «Өрлеу» тараз қалалық ұжымы
балаларға қызықты ойындар ойнатып, арнайы
әзірленген ойын-сауық бағдарламасын ұсынып,
қуанышы мен қызығы мол сәттер сыйлады.Сонымен
қатар ұжым мүшелері бүлдіршіндерге театрлық көрініс
көрсетіп, олардың ғажайып әлемге саяхат жасауына
мүмкіндік туғызып, балалардың көңілді демалуларына
септігін тигізді. бүлдіршіндер түрлі танымдық-тәлімдік
ойындарға қатысып, көңілді демалысты бастан кешті.
Ертеңгі елдің болашағы – балалардың бақытты өмір
сүруінде. Оларға мемлекетіміз тарапынан жасалып
жатқан қамқорлық ұшан-теңіз. Осындай қызыққа толы
кіршіксіз балалық шақ әр сәбидің көңілін марқайтып,
өмірін жадырататыны айдан анық.
Сара ЖұМАбЕКовА,
Академиялық бөлімнің жетекші маманы
МЕРЕКЕ
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға,
кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға,
консервациялауға және жоюға арналған
жобалау құжаттамасын келісу» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына енгізілген
өзгерістер туралы
Мақсат – адамдар денсаулығын жақсарту
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Индустриялық
даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаменті
мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің екі қызмет түрін көрсетеді. Соның ішіндегі
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға,
консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу туралы»
мемлекеттік қызмет түрі Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 511 бұйрығымен бекітілген.
Осы аталған №511 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы 2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№924 ҚР ИДМ бұйрығына сәйкес, e.zan.gov.kz Қазақстан Республикасы нормативті
құқықтық актілер эталонды бақылау банкінде ресми жарияланып, 2018 жылдың 3
сәуірінен бастап күшіне енді.
Күшіне енген бұйрыққа сәйкес, өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік
көрсетілетін қызметтер «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы»
коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) мен
«электронды үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі: 20 жұмыс күні, мемлекеттік көрсетілетін
қызметті Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті арқылы алу үшін
астана қаласында орналасқан Мемлекеттік корпорацияға құжаттар топтамасы берілген
сәттен бастап 20 жұмыс күні, басқа өңірлерден 27 жұмыс күні. Мемлекеттік корпорацияға
жүгінген кезде құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне
кірмейді. Қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе
қағаз түрде. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны электронды түрде.
Көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген тізбеге сәйкес толық
емес құжаттар топтамасын ұсынған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері осы
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша
өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді. Нәтижені беру Мемлекеттік
корпорация және www.egov.kz «электрондык үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге
асырылады. Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.
Сонымен қатар жоғарыда аталған мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге енгізілген
өзгерістер мен толықтырулар бойынша қадағалаудағы кәсіпорындар қызметкерлеріне
түсіндіруді жүргізу мақсатында 2018 жылдың 25 мамырында Индустриялық даму
және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінде
«Қауіпті өндірістік объектілерді салуға, кеңейтуге, реконструкциялауға, жаңғыртуға,
консервациялауға және жоюға арналған жобалау құжаттамасын келісу» тақырыбында
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті өкілінің және
Жамбыл облысындағы өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен дөңгелек үстел
ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелде ҚР ИДМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік
комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы «Цифрлық Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасына көшуге жағдай жасалынып келе жатқандығын түсіндірді.
Оған дәлел ретінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты баламасыз түрде
Мемлекеттік корпорация арқылы электронды түрде жүзеге асырылатындығын атап өтті.
Ерлан бАЙКЕЛдИЕв,
ҚР ИдМ Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті Жамбыл
облысы бойынша департаментінің бас маманы
«Денсаулық — зор байлық» дейді қазақ. Халықтың
денсаулығын сақтау – аурулардың алдын алу
мен оларды емдеу бағыттары; мемлекеттік,
әлеуметтік, экономикалық (нарықтық экономика,
макроэкономика), медициналық және биологиялық
(физиологиялық) проблема.
адамның еңбек пен тұрмыс жағдайын жақсарту,
аурулардың алдын алу, халықтың дене және рухани
күшінің жан-жақты дамуына қолайлы жағдайлар
туғызу, халыққа тегін, жалпыға бірдей, жоғары
дәрежедегі мамандандырылған медициналық көмек
көрсетуді қамтамасыз ету біздің тәуелсіз егеменді
мемлекетіміздің аса маңызды міндеттерінің бірі. бұл
туралы біздің ата заңымызда (Конституциямызда)
кең көлемде жазылған. басқадай қаулы-қаралар
жеткілікті. Сонымен 2002 жылы — денсаулық
жылы деп атаудың өзі нені аңғартады? біздің
мемлекетімізде денсаулық сақтау ісімен Қазақстан
Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
айналысады. Облыстарда, аудандарда денсаулық
сақтау бөлімдері жүргізіп отырады. Кейінгі кезде
халықтың денсаулығы өте нашарлап кетті. Оның ең
басты себептерінің бірі экологиялық жағдайларға
байланысты. Қазақстан жерінің экологиясы басқа
мемлекеттермен салыстырғанда өте нашарлап кетті.
Қазақстан Республикасында емдеу практикалық
мекемелер арқылы барлық медициналық жәрдем
көпшілік жағдайда тегін көрсетіледі. Мемлекеттік
бюджеттен арнаулы түрде қаржы бөлініп отырады.
балалар дәрігерлік көмекті балалар ауруханасы мен
поликлиникаларынан тегін алады. 3 жасқа дейінгі
балалар консультация орындарының бақылауында
болады. Қазіргі кезде денсаулықтың бірнеше түрі бар
екені белгілі болды. Олар:
1. Физикалық денсаулық — ағза жүйесі мен
органдардың өсу деңгейі. Оның негізін морфологиялық
және функциялық кезектер қалайды. Олар ағзаның
бейімделу реакциясын қамтамасыз етеді.
2. Соматикалық денсаулық — ол адам ағзасы
мен органдарының арасындағы биологиялық
жағдайы. Оның негізін ағзаның жеке басы дамуының
биологиялық бағдарламасы реттейді.
3. Психикалық денсаулық — ол адамның психикалық
сферасының жағдайы. ауруды болдырмау, адекватты
реакцияларды жасау. «адам өмірінің мақсатын
болжау, мұның бәрі биологиялық және әлеумсттік
қажеттіліктен туындайды.
ағзасында функциялардың өздігінен реттенуі,
функциялық үрдістердің келісімді түрде өтуі,
айналаны қоршаған сыртқы орта факторларының
әсерлеріне бейімделу қасиеттерінің жоғары дәрежелі
жағдайда болуы.
4. Рухани денсаулық — ол адамдардың
информацияны қабылдау қабілеттілігі мен
мотивациялық іс-әрекетінің арасындағы қарым-
қатынастардың сипаттамасын көрсетеді. Оның негізгі
бағалық жүйесі, индивидтердің қоғамдағы орны
мен оның мотивті түрде орнығуын баяндайды. Ол
адамның көңіл-күйін анықтайды. Өйткені рухани
денсаулық жалпы адамдардың жомарттылығын,
сүйіспеншілігін және жан-дүниесінің сұлулығын
көрсетеді.
Физикалық, соматикалық, психикалық және
рухани денсаулықтардың өздерінің жинақталған
көрсеткіштері мен критерийлері болады. Олар:
1. Соматикалық және физикалық денсаулықтың
критерийі – мен бәрін «өзім жасай аламын» деп
көрсететін критерий;
2. Психикалық денсаулықтың критерийі — маған
қажет заттардын бәрін «өзім тауып аламын»;
3. Рухани денсаулықтың негізгі критерийі — мен
«өзім жасауым керек».
Денсаулықты көрсететін негізгі белгілер:
1) адам ағзаларында арнаулы (иммунды) және
арнаулы емес түрде пайда болып қалыптасқан
денсаулық және оны бұзатын факторларға
денсаулықтың қарсы тұра алатындығы;
2) ағзаның өсуі мен дамуының көрсеткіші;
3) ағзаның қор ретінде (резервте) жиналған және
функционалды жағдайын сипаттайтын белгілер.
4) Әртүрлі дефектілерге байланысты дамымай
қалған немесе бір ауруларға сәйкес денсаулықтың
болмауы және денсаулық деңгейі;
5) Моральді еріктің деңгейі және рухани-
мотивациялық белгі.
адамдардың денсаулығы неге байланысты болады
деген сауалға келетін болсақ, денсаулықты шартсыз
түрде 100 пайыз етіп алсақ, оның 20 пайызы тектік
факторларға, 20 пайызы айналаны қоршаған сыртқы
орта жағдайларына, экологиялық факторлардың
әсеріне, 10 пайызы денсаулық сақтау жүйелерінің
әлсіздігіне байланысты болатыны анықталып отыр.
Денсаулық сақтау жүйесі жақсы түрде қызмет
жасайтын болса және дәрі-дәрмектер жеткілікті
болса, онда адамдардың денсаулығы арта түсетіні
сөзсіз. Неше түрлі жұқпалы дерттерге адам ағзасы
қарсы тұра алады. Өйткені адам ағзасы табиғаттың
өзі ерекше түрде жаратқан құбылысы.
Мухамеджан ИСКЕндЕРов,
№2 қалалық ауруханасының комбустиолог
дәрігері
Балғын шақ, пәк күндер.