Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет46/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72

101 
 
жанұя  немесе  үй  шаруашылығы  ескеріледі.  Мәліметтерәрбір  адамның  өзінен 
тікелей алынады. 
Ресей халқының алғашқы санағы 1897 жылы қаңтар айыңда өткізілді. 
Санақ  төмендегі  сұрақтарды  қамтыды:  аты,  әкесінің  аты,  фамилиясы,  жанұя 
жағдайы  (бойдақ,  үйленген,  жесір,  ажырасқан),  шаруашылық  басшысына 
қатынасы  (ағайыны,  жегжаты,  асыраңды  бала  немесе  бірге  тұрушы,  үй 
қызметшісі  немесе  малайы,  жұмысшы  және  т.б.),  жынысы,  жасы,  хал-жайы 
немесе  сословиесі.  діни  көзқарасы,  туған  жері,  тізімге  алынған  жері,  тұрақты 
мекенжайы,  ана  тілі,  сауаттылығы,  кәсібі  (негізгі  жөне  қосымша).  Санақ 
материалдары 89 том болып жарияланды. 
Кеңес  дәуірінде  халықтың  бірнеше  санағы:  1920,  1923  (қалалық),  1926,  1939, 
1959,  1970,  1979  және  1989  жылдары  –өткізілді.  Осы  санақтарды  өткізілу 
уақытының  кеңес  мемлекеті  тарихының  белгілі  кезеңдеріне  байланысты  екені 
байқалады.  Мысалы,  азамат  соғысының  аяқталуы  мен  жаңа  экономикалык, 
саясатқа  өтуі;  халық  шаруашылығын  қалпына  келтіру  процесін  аяқтау  мен 
халык  шаруашылығын  социалисте  жолмен  реконструкциялау;  КСРО-да 
негізінен  «социалистік  қоғам  құру»  мен  «социализмді  толық  және  түпкілікті» 
орнату  және  т.т.  деп  аталатын  дәуірлерге  байланысты.Бұл  санақтың 
қорытындылары в 1920–1925 жыддары «Труды ЦСУ-да» жарияланды. 
1923  жылы  жаңа  экономикалық  саясатты  жүргізу  мен  халықты  еңбек  сала-
ларына  қайта  белуге  байланысты,  КСРО  халқының  әлеуметтік-өндірістік 
белгілерін  анықтау  мақсатымен  тек  қана  қала  тұрғындары  арасында  тағы  да 
санақ жүргізілді. 
Бірінші  бүкілодақтық  санақ  КСРО  халықтарының  саны  мен  құрамын  анықтау 
мақсатымен  1926  жылы  өткізілді.  Қорытындылары  1933  жылы  аяқталып,  56 
том болып басылып шыкты. 
1939  жылғысанақтың қысқаша қорытындылары 1940 жылы жарияланды, оның 
материалдарының  толық  қорытындыланып  басылуына  Ұлы  Отан  соғысының 
басталуы бөгет жасады. 
Келесі  халық  санағы  1959  жылы  өткізілді.  Материалдары  17  том  болып 
басылды.  Оның  бір  томында  КСРО  бойынша  жалпы  деректер  беріліп, 
басқаларында  одақтық  республикалардың  материалдары  топтастырылды. 
Мұндахалықтың  саны,  ұлтық  құрамы,  қала  мен  село  тұрғындары  санының 
айырмашылығы,  білім  дәрежесі,  қандай  әлеуметтік  топқа  жататындығы, 
халықтың  халық  шаруашылығының  салаларына  қарай  бөлінуі  туралы 
мәліметтер бар. 
1970 жылғы халық санағы қорытындылары 70-жылдардың бірінші жартысында 
жарияланды.  1979,  1989  жылдары  КСРО  халқының  жаңа  санақтары  өткізідді. 
Сөйтіп,  алғашқы  санақ  Қазақстан  территориясында  Қазан  төңкерісіне  дейін 
1897 жылы өткізілсе, Кеңес өкіметі дәуірінде 1926, 1939, 1959, 1970, 1979 және 
1989 жылдары жүргізідді.  
Сонымен,  халық  санағы  адамдардың  саны  мен  оның  құрамын  бір  белгілі 
уақыттакөрсететін  тиянақты  дерек  болып  саналады.  Алайда,  осы  санақтардың 
мәліметтері тарихшыны толық қанағаттандырмайды. Оның себебі бір санақ пен 


102 
 
екінші  санақтың  арасында  ұзақ  мерзімнің  орын  алуы  мен  санақ  бағдарламасы 
шеңберінің  тарлығында.  Сондықтан  тарихшылар  көп  жағдайда  күнбе-күнгі 
демографиялық  санақ  пен  халықтың  ішінара  зерттелген  материалдарына 
жүгінеді.  Күнбе-күнгі  демографиялық  санақта  адамдардың  тууы  мен  өлімі 
жүйелі  түрде  тіркеледі.  Тіркеу  адамның  туған  жерінде  бір  айдың  ішінде,  ал 
оның  өлімі  сол  жердің  жергілікті  азаматгық  хал-ахуал  актілерін  тіркеу 
бюросында  (ЗАГС-те)  немесе  ауылдық  жердің  кеңесінде  үш  күн  ішінде  жүр-
гізіледі. Бұл жұмыстың қорытындылары ай сайынғы шығарылып отырады. 
Демографиялық санақта халықтың көшіқон (миграция) мәселесіне үлкен көңіл 
бөлінеді.  Санақтың  бұл  түрінің  мәліметтері  қүнды  дерек  болып  саналады. 
Тарихшылар  халықтың  саны  мен  олардың  көшіп-қонуы  туралы  дәл  уақыты 
көрсетілген деректерді пайдалану мүмкіншілігі бар. 
ә)Өнеркәсіп  санағы  елдің  экономикалық  дамуын  бақылауға  мүмкіңдік  береді. 
Өнеркәсіптің  санақ  деректері  екі  үлкен  топқа  бөлінеді.  Олардың  біріншісіне 
өнеркәсіп санақтарының материалдары, екінші тобына күнбе-күнгі мәліметтер 
жатады. 
КСРО өнеркәсібінің бірнеше санағы  1918  жылы өткізілді. Онда өндеуші жөне 
өңдіруші  өнеркәсіп  орындары  есепке  алынды.  Санақтың  бағдарламасы 
бойынша  елдің  кәсіпорындары,  олардың  иелері,  құрылымы  мен  басқарылуы, 
әкімшілігі  мен  техникалық  мамандары,  жұмысшылары,  қаржы  жағдайы, 
техникалық  жабдықталуы,  шикізаты,  өндірілетін  өнімдері  т.б.  туралы 
мәліметтер жиналды. Бұл санақ 1913-1918 жылдың тамыз айына дейінгі Ресей 
өнеркәсібінің даму жолынанықтауға арналады. 
Санақпен  елдің  еуропалық  бөлігінің  31  губерниясының  9750  кәсіпорны 
камтылып,  оның  толық  қорытындылары  1926  жылы  «Труды  ЦСУ»  деген  екі 
басылымда баспадан шықты. Бұл басылымдарда өнеркәсіп санағының көптеген 
қажетті мәселелері қорытындыланбай қалды. 
1920 жылы өнеркәсіптің жаңа санағы өткізілді. Санақ  материалдарын Орталық 
санақ  басқармасы  топтастырып,  территориялық  принцип  пен  өндіріс  топтары 
негізінде  берді.1923  жылы  желтоқсан  айында  тағы  бір  өнеркәсіп  санағы 
өткізілді.  Оның  бағдарламасы  өткен  санақтыңсұрақтарын  қайталады.Бұл 
санақтың  бұрынғы  санақтардан  елеулі  айырмашылығы  болмады.1920,  1923 
жылдары  өткізілген  санақтарды  санақшылар  методологиялық  жағынан  дұрыс 
өткізілмеген  деп  санайды.  Оларда  ірі  өнеркәсіп  ұсақ  өнеркәсіптен  бөлініп 
берілмеген,  сондықтан  ол  санақтардың  мәліметтерін  1918  жылғы  санақтың 
мәліметтерімен  салыстыруға  келмейді.  1923  жылғы  санақ  тек  қана  қалаларда 
өткізілгендіктен,  оның  нәтижелерін  1920  жылғы  санақтың  жарияланған 
материалдарымен салыстыруға болмайды.  
Келесі  санақтар  1925,  1927,1929  жылдары  өткізілді.  Оларда  ұсақ  өнер-
кәсіпшілер,  қолөнершілер,  кустарлар  бүкіл  ел  бойынша  есепке  алынды.  1930 
жылдан  бастап  өнеркәсіп  санағы  кәсіпорындарының  жылдық  есептеріне 
негізделіп  беріле  басталды.Жылдық  есептер  санақтық  және  бухгалтерлік 
құжаттар бойынша жасалды. Өнеркәсіп саласындағы санақ мәліметтері Халық 
шаруашылығының Жоғарғы Кеңесі (ВСНХ) мен Орталық санақ басқармасының 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау