96
Актілерді талдау әдістері. Жұмыс төрт белестен тұрады. Алдымен құжаттың
сыртқы түріне көңіл аударылады. Жазу мәнері,мөр, филигринь, символикалық
элементтері,монограммасы талданады. Сөйтіп оның түпнұсқалығы анықталады.
Келесі кезектеоның ішкі түрі талданады. Сосын барып алынған ақпарат син-
тезделеді де, соңында оның мазмұны қандай ақпарат беретіндігі анықталады.
Формулярдың төрт түрі болады: шартты түрдегісі, абстрактылы, нақтылы,
жеке,дара.
Ортағасырдағы Еуропа дипломатиясындашартты формуляр он екіге бөлінді.
XIX ғасырдың60–70 жылдары неміс формальді дипломатика мектебінің
өкілдері Т.Зиккель,Ю.Фиккер шартты формулярды үшке бөлуді ұсынды.
1.
протокол
(алдыңғы
желімделген)–
папирология
ғылымынан
алынғантермин, алғашқы протокол.Оған инвокация, интитуляция, инскрипция
және салютация кірді.
2.
Негізгі бөлімнемесе «мәтін».Ол аренга, промульгация, наррация,
диспозиция, санкция, корроборация деп аталатын бөлімдерден тұрады.
3.
эсхатокол (соңғы желімделген) немесесоңғы датум және апрекацидан
тұратынпротокол.
3.Іс қағаздары
Жазбаша деректердің үлкен бір тобына іс-қағаздары жатады. Іс-қағаздары
дегеніміз – мемлекеттік,экономикалық,қоғамдық мекемелер мен ұйымдарда
және сот-тергеу органдарындаөзінің басқару және қоғамдық әрекетін
реттеп отыратын күнделікті құжаттары.Іс – қағаздарымемлекеттік
аппараттың негізгіқұжаттары. Оларды бірнеше топқа бөлеміз. Мемлекеттік
органдар,қоғамдық ұйымдар және жеке меншік мекемелері іс қағаздарын
жүргізеді.
Іс қағаздары құрамындағы құжаттарды екі топқа бөлеміз. Бірінші топқабасқару
шешімдеріне байланысты құжаттар жатады, ал екіншіге-құжат айналымынан
туындайтын қағаздарды кіргіземіз.Құжаттардың, құжат айналымы жүйесін дұрыс
ұйымдастырудың маңызы аса зор. Сауатты жасалып, заңды күшке ие болған
құжат қана табысты жұмыстың кепілі болады. Іс қағаздарыбелгілі бір заңдар мен
нормативтік-құқықтық актілері негізінде жүргізіледі.
Іс қағаздарын жүргізу мекемелер мен кәсіпорынды құру сатысында-ақ
басталып кетеді десе де болады. Ол болашақ ұйымның құрылтай құжаттарын
дайындаудан бастап, оны мемлекеттік тіркеуден өткізу аралығын қамтиды.
Белгілі-бір ұйым нақты тіркеуден өткеннен кейін заңды тұлға мәртебесіне ие
болады. Міне, осы сәттен бастап мекемеде құжат айналымы жүйесін
қалыптастыру қажеттігі туындайды.
Қазақстанда Кеңес үкіметі орнаған сәттен ақ іс қағаздарын қазақ тілінде
жүргізуге талпыныс жасады. 1921 жылы 2 ақпанда Қазақ АССР Халық
комиссарлар комитетінің «Республиканың мемлекеттік мекемелерінде қазақ
және орыс тілдерін қолдану туралы» декреті боынша іс жүргізу қазақ тілімен
қатар орыс тіліне де мәртебе берілді.1923 жылғы қарашадағы Қазақ АССР
97
ОАК-нің «Қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізуді ендіру туралы» декреті жарық
көрді.Қазақ АССР ОАК Президиумының «Қазақ тілінде іс қағаздарын енгізу
жөніндегі орталық комиссия туралы ережені бекіту туралы» қаулысы пайда
болды. 1924 жылғы 21 шілдедегі Қазақ АССР Еңбек Халық Комиссириатының
«Қазақ тілінде іс жүргізуді енгізуге байланысты қызметкерлерді жұмыстан
босату және оларды қазақ тілінде сөйлеп, жаза алатын қызметкерлермен
алмастырудың тәртібі жөніндегі» қаулысы жарияланды. Бірақ,өкініштісі,
аталған құжаттар қағаз жүзінде қалды. Осы күнге дейін кейбір мекемелерде
мемлекеттік тілдің жұлдызы әлі де жарқырай қойған жоқ.
Елімізде іс қағаздарының үшке бөлінеді:азаматтық қарым-қатынас құжаттары,
жеке бас құжаттары, басқару жәнеұйымдастыру құжаттары.
Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттарғасенімхат,кепілхат,
өтінім,тапсырыс, келісімшарт, еңбек шарты, шарт, еңбек келісімі жатады.
Екінші топқұжаттары:өмірбаян, түйіндеме, жеке іс парағы, визит карточкасы,
өтініш, арыз, мінездеме, кепілдеме, кеден мағлұмдамасы, жеделхат.Ал үшінші
топқа үкім, өкім, жарғы, жарлық, ереже, хабарлама, бұйрық, нұсқау, ресми
хаттар,хаттама, жарнама сияқты құжаттар жатады.
Іс-қағаздарының төмендегідей атқарар қызметтері бар:
- жеке тұлғалар арасындағы қатынасты реттеуші;
- жеке адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеуші;
- әртүрлі мекеме, ұйымдардың өзара байланысын реттеуші;
- мекеме, ұйым жұмысын ұйымдастыру тәртібін негіздеуші;
- жеке адам мен қоғам өміріне қатысты оқиғаларды айғақтаушы;
- мемлекеттік басқару ісін жүйелеуші;
- тарихи құбылыстарды зерттеудің қайнар көзі;
- мекеме мен ұйымның атқарған істерінің көрсеткіші;
- мемлекеттік тілдің жүзеге асуының нақты көрсеткіші.
Іс қағаздарының– саяси(мемлекетішілік, мемлекетаралық, халықаралық
қатынастарда):
-әлеуметтік(қоғамдық-әлеуметтік қатынастарда);
-ұйымдастырушылық(басқару қызметі жүйесінде);
-құқықтық(заңдық және жеке тұлғалар арасындағы қатынастарда);
-тарихи(әр дәуірдің, қоғамдық сатының өзіндік ерекшеліктеріне сай
қатынастарда);
- ресмилік(міндетті түрде заңдық тұрғыда тіркелуінде)сияқты сипаты бар.
Іс қағаздарының пайда болуы алғашқы мемлекеттік құрылымдардың
тарихымен тығыз байланысты. Египет тарихындағы Жаңа патшалық заманында
мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық нұсқаулары болған.Ұзақ уақыт іс
қағаздарын тек мемлекеттік аппарат жүргізген. Сондықтан да олардың
көпшілігі ұзақ сақталып, біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Мемлекеттік ап-
парат күрделенген сайын ондағ іс қағаздары да көбейіп отырған. Сонықтан іс
қағаздарын мекеменің тарихынан бөлек қарастыруға болмайды. Кез келген
мемлекеттің алғашқы дәуірінде іс қағаздары жүйелі түрде жүргізілді деп айтуға
болмайды. Келе-келе іс қағаздарын сапалы да, тиянақты жүргізетін «кеңсе» деп
Достарыңызбен бөлісу: |