107
Тарихи зерттеулер барысында мерзімді баспасөз материалдары кеңінен
пайдалынады. Олар тарихи деректің оңай табылатын және барынша
шынайылыққа жақын түрі. Дегенмен олар субъективті болғандықтан оларды да
мұқият талдау және объективтілігін анықтау қажет. Сол күйінде өз зерттеуіне
пайдалануға әсте болмайды.
Баспасөз– мерзімді және мерзімсіз басылымдар болып екіге бөлінеді. Себебі,
оның беттерінде сол замандағы өзекті болып саналатын әрқилы материалдар
жарияланатын. Мерзімді баспасөз бетерінен шынайы ақпарат алу әдістеріне
тоқталайық.
Мерзімдібаспасөз
қатарына
газет,журнал,
альманах
және
жинақтар
жатады.Мерзімді баспасөзге тұрақты атауы, ағымдағы нөмірі бар және кемінде
жарты жылда бір рет шығарылатын.Олар шығармалық-өндірістік процестердің
ұйымдастырылу ерекшеліктеріне, тақырыптық-мазмұндық бағыттарына,
әкімшілік-аумақтық бөлініс деңгейлеріне, оқырмандар аудиториясының си-
патынат.б. белгілеріне орай бірнеше түрлерге жіктеледі.
Баспасөздің
екінші
түрі
–мерзімсіз
басылымдарға
кітаптар,
кітапшалар,плакаттар,күнтізбелер, ноталарт.б. жатады. Оның ең негізгі әрі көне
түрі –кітап. Кітап басу ісі VІІІ–ІХ ғасырлардаҚытайдабасталды. Алғаш
ретксилографиялық(ағаштан ойылған қалыппен басу) әдіспен буддистердің
«Жақұт сутра» (868) деген қасиетті кітабы басылып шықты (Еуропаға бұл
жаңалық 4 ғасырдан кейін келеді). Қазақ тіліндегі алғашқы кітап – «Сейфүл-
мәлік» қиссасы 1807 жылы Қазан қаласында жарық көрген (қара Кітап).
Мерзімді баспасөздің ең негізгі әрі көне түрлерінің бірі – газет.
Газе́та – белгілі бір атаумен, кем дегенде, айына бір рет шығып тұратын
басылым.
Қысқаша тарихы.Көне заманда жаңалықтар жарияланған қолжазбаларды
газеттің түп атасы деуге болады. Кезіндегі Юлий Цезарьдің «Деяния сената», ал
кейін «Ежедневные общественные деяния народа»деп аталатын басылымдарын
газеттің алғашқы түрі деп есептеуге болады.Рим газеттері қыш тақтайшаларға
жазылды. 911 жылы Қытайда «Цзинь бао» («Астана хабаршысы»)деген атпен
жарық көрген басылымды шығыстағы алғашқы газет қатарына қосуға болады.
«Газет» терминінің пайда болуы ертеде-гі Римдегі ең үсақ монетаның
gazzetta(гасета) атына байланысты.XVIғасырда қысқаша жаңалықтар жазылған
көпшілікке арна-лып жазылған басылымды оқығандығы үшін бір гасета
төленетін.
Орыстың алғашқы газеті қолжазба түрінде XVII ғасырдың алғашқыширегінде
пайда болды. Онда шетел газеттерінен алынған мақалалардың аудармасы және
шет елге барып келген немесе Ресейге келген шетелдіктердің материалдары
жарияланды.1668 жылдан бастап Ресейде пошта қызметі жолға қойылды.Енді
шетел газеттері уақытында тұрақты түрде келіп тұратын болды.Қолжазба
түріндегі газеттер айына 3–4 рет шығып,патша сарайына жеткізілетін. Онда
әлемде жүргізіліп жатқан соғыстар,үкіметтердің ауысуы,шетелдермен жасалған
келісімшарттар, табиғаттың тосын әрекеттері және техногенді апаттар туралы
хабарлар.
108
Орыстың
алғашқы
жорналы
«Ежемесячныесочинениякпользеиувеселениюслужащие» деп аталды. 1755–
1764жылдар аралығында орыстың белгілі ғалымы М.В.Ломоносовтың мұрын-
дық болуымен Петербор Ғылым Академиясы шығырып тұрды.Тиражы
2мыңдана.
1758жылдан
бастап
«Сочиненияипереводыкпользеи
увеселениюслужащие»,ал1763жылдан
–
«Ежемесяч-
ныесочиненияиизвестияоучёныхделах» деп аты өзгертілді.Алғашқы редакторы
Алмания елінен шақырылған Санкт Петербург Ғылым акадкмиясының толық
мүшесі
акад.
Г.Ф.Миллер
болатын.Журналда
Миллер,
П.И.Рычков,
Ф.И.Соймонов, А.Л.Шлёцер, М.М.Щербатовсияқты ғалымдардың мақалалары
жарияланды.Әдеби мақалаларға да орын берілді. Сол заманның белгілі
әдебиетшілері А.П.Сумароков, В.К.Тредиаковский, М.М. Херасков сияқтылар
журналмен тығыз байланыста болатын.Ж.Бюффон, Вольтер, Ж.Д Аламбер,
К.Линней сяқты ғалымдардың еңбегі аударылып басылды.
Қазақстанда мерзімді баспасөз XIX ғасырдың 70-80 жылдары пайда болды. Ол
қоғамдық-мәдени өмірден маңызды орын алып, үнемі даму жолында болды.
Жұртшылыққа журналистика және онан орын алған идеялар өзіне тән
саясаттың аренасы ретінде танылса, сонымен бірге олар қоғамдық өмірдің жан-
жақты мәліметтерімен тарихи дамудың айнасы да болды.
Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 13 баспасөз басылымдары шықты.
Олардың ұзақ уақыт шығып тұрғандары «Түркістан уалаяты»(1870–1882),
«Дала уалаяты»(1888–1902) газеттері мен «Айқап»(1911–1915) журналы болды.
Қазақ баспасөзінің тарихы осы екі газеттің шығуынан басталады.
«Түркістан уалаяты»газеті әуел баста «Туркестанские ведомости»газетіне
қосымша ретінде 1870 жылдан бастап Ташкент қаласында шыға бастады.
Алғашқыда ол айына төрт рет, оның екі нөмірі өзбек тілінде және екі нөмірі
қазақ тілінде шықса, кейін келе орыс тіліндегі газеттен бөлініп шығып, қазақ
жөне өзбек тілдерінде шығарылды. «Түркістан уалаяты»газеті бетінде қазақ
елінің тұрмысы, тарихы туралы мағлүматтар, оның ішінде қазіргі Қызылорда,
Шымкент, Жамбыл жөне Алматы облыстарын қоныстанған қазақтардың сол
кездегі тіршілігі, тұрмыс салты кеңірек орын алды (ол кезде бүл облыстар
Түркістан өлкесінің қүрамыңда болған).
Газет патшаның отаршылдық саясатын күшейте түсу, Ресейге жаңадан
қосылған өлкенің жағдайларын, табиғат байлығын орыс буржуазиясының
талабына орай зерттеп білу мақсатымен шығарылған.
Бірақ газеттің бейресми бөлімінде Қазақстанның Ресейге қосылуы аяқталуына
байланысты бұл өлкедегі қазақтың шаруашылығындағы өзгерістер туралы
мағлұматтар, қазақтың тарихы мен әдебиетінің материалдары көбірек орын
алған.
«Түркістан уалаяты»тек Түркістан өлкесіне қарайтын аймаққа ғана емес, ол
Ақмола, Көкшетау, Қызылжар, Омбы, Қарқаралы, Семей уездеріне де таралып
тұрған «Дала уалаяты»газеті» Акмолинские областные ведомости»газетіне
қосымша ретінде 1888–1894 жылдар аралығындадербес газет, ал 1902 жылдың
12-сәуіріне дейін қазақ, орыс тілдерінде Омбы қаласында шығып тұрған. Ол
Достарыңызбен бөлісу: |