Қазақстанреспубликасы ғылымжәнебілім министірлігі



жүктеу 2,13 Mb.
Pdf просмотр
бет43/72
Дата29.01.2020
өлшемі2,13 Mb.
#27732
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72

94 
 
Қазақстан  териториясында  қола  дәүірі  кезінде  әйгілі  билік  пайда  болды. 
Жазылмаған  заң  арқылы қауымды  реттеп  отырды.  Метал  өндіріп,  қару  соғып, 
соғыстың  көбейуіне  байланысты,  осыны  реттеп,  тәртіпке  келтіретін  күшті 
орталықтанған  билік  керек  болды.  Билік  заңдары  шығарды.  Бұл  заңдардың 
деректік мәні зор. 
Сонау  ықылым  заманнан  бүгінге  дейін  халқымыз  бірнеше  заңнамалық 
жүйелерді  басынан  өткізді.  Оларды  әдет-ғұрып  салт  –  дәстүр,шариат,Шыңғыс 
ханның  жарғысы,  Темірдің  билік  құрамы,  Қасым  ханның  қасқа  жолы,  Есім 
ханның  ескі  жолы,Тәукенің  жеті  жарғысы,  Ресей  империясы  тұсындағы  заң 
құжаттары,Кеңес  үкіметінің  Заң  актілері,  Тәуелсіз  Қазақстанның  Заңдарыдеп 
кезең – кезеңге бөлуге болады. Бұл әрине шартты түрде. 
Қазақ  Ордасының  ең  алғашқы  Заң  жинағы  –  Қасым  ханның  «Қасқа  жолы». 
Жаңа саяси жағдайда ескі заңдар ел мүддесін ескере алмады. Сондықтан Қасым 
хан  әдеттік  заңдарды  қайта  жинақтап,  жаңа  заманға  лайықтап  оларды 
кодефикацилады. Жылдар өте келе бұл заңдар да өзінің жарамсыздығын таныта 
бастады.  
1511 жылдар шамасы жаңа Заң жүйесі Есім ханның «Ескі жолы» қабылданды. 
Бұл құқықтық актіде ханның, билердің, батырлардың өкілеттіліктері және өзара 
міндеттері  мен  құқықтары  анықталды.  Жоғары  заңды  билік  ретінде  маслихат 
қала  берді.  Оның  құрамына  қазақ  қоғамының  барлық  өкілдері  мен  ықпалды 
сұлтандар кірді. Маслихаттың әр мәжілісін мол халық жиналды, сондықтан оны 
кейбір  деректердехалық  жиналысы  деп  атайды.  Маслихат  жылына  бір  рет, 
көбінесе күзде Ұлытауда, Түркістанда немесе Ташкент түбінде өткен. Маслихат 
өкілеттілігіне  соғыс  немесе  бейбітшілік  мәселелерін,  жайлау  мен  суаттарды 
бөлу, хан сайлау секілді ең маңызды мәселелерді шешу кірген. 
1599 жылы Қазақ Ордасының Астанасы Түркістанға көшірілді. Елдің шекарасы 
кеңейді.  Оны  бір  орталықтан  басқару  едәуір  қиыншылықтар  туғызды.  Жаңа 
құқықтық  жүйе  қабылду  қажеттілігі  туындады.  Осындай  жағдайда  Тәуке  хан 
«Жеті Жарғы»деп аталатын заң жинағын ұсынды. Онда төрелердің құқықтары 
шектелді, басқару істері билерге жүктелді. Жарғыға әкімшілік, қылмысты істер, 
азаматтық,  құқық  нормалары,  сондай-ақ,  салықтар,  діни  көзқарастар  туралы 
ережелер  еңгізілген.  Яғни  онда  қазақ  қоғамы  өмірінің  барлық  жақтары 
қамтылған.  «Жеті  Жарғыны»  тұнғыш  болып  зерттеген  шығыстанушы  ғалым 
Н.Өсеров оны 1680 жылы қабылдады,– деген пікір айтады. Әз Тәукенің «Жеті 
Жарғысына» теориялық-ғылыми тұрғыдан қарасақ, онын әрбір бабы, талаптары 
мен реттеу функциялары сол заманның тарихи жағдайларына дәлме-дәл сәйкес 
келетінін  байқаймыз.  Бұл  құжат  қазақ  халқының  ұлттық  бірлігін  нығайтуға, 
рулар арасында алауыздықты тежеуге,жонғар шапқыншылығына қарсы елді бір 
тудың астына топтастыруда өлшеусіз рөл атқарды. 
ХVІІІ  ғасырларда  қазақ  жеріне  Ресей  империясы  саяси  құрылым  институттары 
кіре  бастады.  Ал  ХІХ  ғасырдың  басында  орыс  әкімшілігі  хан  билігін 
ыдыратып,оның орнына өз жаңа басқару жүйесін кіргізуге тырысты. Әкімшілік 
басқару әскери сипатта болды. Басқару жүйесіндегі реформа 1822 жылғы«Сібір 


95 
 
қырғыздарының Жарғысы» 1824 жылғы«Орынбор қырғыздарының Жарғысы», – 
деп аталатын құжаттар негізінде жүзеге асырыла бастады. 
ХІХ  ғасырдың  60-90  жылдарында  Қазақстанда  әкімшілік  реформалары  жүзеге 
асырылды. 1867 жылы 11шілдеде «Положение об управлении в Семиреченской 
и  Сырдарьинской  Областях»,  1868  жылдың  21  қазанында  «Временное 
положение об управлении в степных областях Оренбургского и Западно-Сибир-
ского генерал-губернаторства» деп аталатын құжаттар іске асырыла бастады. 
Ресей  үкіметі  1886  жылы  21  маусымда  үкімет  «Положение  об 
управленииТуркестанским  краем»,  1891  жылы  25  наурызда«Положение  об 
управлении  Акмолинской,  Семипалатинской,  Семиреченской,  Уральской  и 
Тургайской  областями»  атты  құжаттарды  қабылдады.  Солар  арқылы  ХХ  ғ. 
басына  шейін  Қазақстанның  әлеуметтік-экономикалық  дамуы  және 
территориялық-әкімшілік  құрылысындағы  өзгерістер  жүріп  отырды.Міне  осы 
заңнамалық  актілердің  деректемелік  құзыреті  өте  жоғары.Қазақстан  респуб-
ликасындағы  заңнама  тұрлері  азаматтық  заңнама–Азаматтық  іс  жүргізу 
заңнамасыЕңбек  заңнамасы–Отбасы-неке  заңнамасы–  Әкімшіліктік  заңнама  –
Қылмыстық  заңнамаСалық  заңнамасы–Бюджеттік  заңнама–Жер  заңнамасы
Кеден заңнамасы. 
2. Акт тарихи дерек 
 
Тарихи  актілер  деп  заңды  түрде  мемлекеттер,  мелекет  пен  шіркеудің, 
мемлекет пен жеке тұлғалар арасында жасалған эканомикалық және саяси 
келісім-шарттарын айтамыз. 
Акт сөзі латынның «actum est» – деген сөзтіркесі. Қазақ тілінде «жасалған іс», – 
деген  мағынаны  білдіреді.  Ертедегі  Римде  екі  жақтың  келісілген  құжатының 
соңында  осындай  сөздер  болған  Кейін  орта  ғасырларда  бұл  дәстүр  бүкіл 
Еуропаға тарап кетті. 
ХVІІІ–ХІХ ғасырларда акт ұғымы бүкіл заңнамалыққұжаттарды, іс қағаздарын 
білдірді.  Актілердің  пайда  болуын,олардың  түрлерін  және  даму  үрдісін 
зерттейтін  арнайығылымды  дипломатика  деп  атайды.  1681  жылы  француз 
ғалымы  Ж.  Мабильон  «Дипломатика  туралы»  атты  еңбегін  жария  етті. 
Осыдан кейін дипломатика бірте бірте өзінің пәнін тауып ғылымға айнала бас-
тады. 
Батыс Еуропа елдерінде негізіне актінің пайда болу критериі алынған актілерді 
топтау  схемасы  қалыптасты.Актілер  үлкен  екі  топқа  бөлінді.  Біріншісіне 
мемлекет  басшыларының  құжаттары  кірді.  Ал  келесі  топқа  қалған  құжаттар 
жатты. 
Актілердің  келесі  бір  топталуы  удостоверительные  (констуитивные)  и 
осведомительные  (декларативные)  деп  аталдыКүнібұрын  дайындалған 
формуляр  бойынша  контрагентер  арасындағы  құқықтық  қатынастарды 
заңдастыратын  актілерді  куәландыратын  (констуитивті)  немесе  «нағыз» 
актілердеп  атайды.Мәлімет  беретін  актілердің  де  түрі  бар.Мұндай  актілер 
жасалған  келісімшарттар  жөнінде  хабарлама  береді.  Көбінесе  еркін  түрде 
жазылады. 


жүктеу 2,13 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   72




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау