Қазақстанның энергетика жүйесі


Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек өнімділігі. Анықтау әдістері және оны арттыру жолдары



жүктеу 2,63 Mb.
бет18/18
Дата22.05.2018
өлшемі2,63 Mb.
#16246
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
4 Кәсіпорын жұмыскерлерінің еңбек өнімділігі. Анықтау әдістері және оны арттыру жолдары

Еңбек өнімділігі кәсіпорындағы еңбек ресурстарын пайдаланудың тиімділігін сипаттайды және еңбек жағдайын ұйымдастыруға, өндірістің экономикалық және әлеуметтік факторларына байланысты болады.

Еңбек өнімділігі өндіріс көлемін жұмыскерлердің орта тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады, яғни, кәсіпорынның бір жұмыскерінің уақыт бірлігінде (ай, жыл ширегі, жыл) өндірген өнім, жұмыс, қызмет көлемімен бағаланады
(35)
мұндағы Qөнімөндірілген өнім, жұмыс, қызмет көлемі;

Rcп – кәсіпорын жұмыскерлерінің тізімдік құрамы;

Т – өндіріс көлемі орындалған күнтізбелік уақыт мерзімі.

Еңбек өнімділігін арттыру кәсіпорынның ең маңызы міндеттерінің бірі болып саналады. Кәсіпорынның еңбек өнімділігін арттыру көп факторларға байланысты болады. Солардың ішінде ең негізгілерін атап айтсақ:



    • жабдыққа техникалық қызмет көрсету деңгейін арттыру;

    • жаңа техниканы енгізу, қызмет көрсету технологиясын және жабдықтарды жөндеуді жетілдіру;

    • жұмысты, энергия сапасын және жабдықтардың сенімділігін автоматтаныру мен бақылауды телемеханизациялау негізінде басқаруды жетілдіру;

    • өндірісті басқару құрылымын жетілдіру еңбекті ұйымдастыруды жақсарту: еңбекті нормалау, еңбекті ғылыми ұйымдастырудың алдыңғы қатарлы тәжірибелерін енгізу, жұмыскерлердің еңбек ету жағдайын және жұмыс орнын жақсарту, еңбек үрдістерінің қауіпсіздігін қадағалау;

    • кәсіпорынның жұмыскерлерінің әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыруды ұйымдастыру – олардың өмір сүру жағдайын және әрбір жұмыскердің еңбегінің өнімділігін арттыруда материалдық және моральдық ынталандыруды жүзеге асыру және жетілдіріп отыру.



Тақырып 8. Өндіріске кешендік қызмет көрсетуді ұйымдастыру.
1. Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру

Жөндеу жұмыстарының негізгі міндеттері жабдықтарды жұмысқа қабілетті күйде ұстау, еңбексыймдылығы мен жөндеу сапасын арттыру кезінде кететін шығындарды, яғни өзіндік құнды азайту. Зауытта жөндеу жұмыстарын бас механик басқарады. Ол бас инженерге бағынады. Оның құрамына: жөндеу- механикалық цехы және қойма шаруашылығы кіреді. Жөндеу қызметі кәсіпорын түріне, яғни оның өндіріс сипатына байланысты орталықтандырылған және орталықтандырылмаған болып бөлінеді.

Жоспарлы-сақтық жөндеу - негізгі агрегатты пайдаланудың сенімділігін қамтамасыз ету, оның техника-экономикалық көрсеткіштерін бекітілген нормативтік сипаттамалық деңгейіне жеткізу болып табылады. Жоспарлы-сақтық жөндеу жұмыс көлеміне байланысты ағымдағы, орта және күрделі жөндеу болып табылады.

Ағымдағы жөндеу- күнделікті жабдықтарды пайдалануға байланысты қарапайым жұмыстары.

Орта жөндеу - жабдықтарды жартылай жөндеу, тозған бөлшектерді ауыстыру.

Күрделі жөндеу- тексеру және жаңартудың бойынша жүргізілетін жөндеудің барлық түрлері: жабдықтардың дәл жұмыс істеу дәлдігін, қуатын, өндірістік қабілетін, яғни жабдықты құжатта берілген техникалық сипаттамаларына сәйкес деңгейде қамтамасыз ету.

Жөндеу циклі- жабдықты пайдалануға қосқан уақытпен күрделі жөндеу арасындағы уақыт немесе екі күрделі жөндеу арасындағы уақытты айтады.

Жөндеу мерзімі- екі жөндеу арасындағы уақытты білдіреді.

Жөндеудің еңбек сыйымдылығы төмендегідей анықталады


(66)
мұндағы Ti-еңбек сыйымдылығы;

tн- жөндеудің нормативтік уақыты;

к- жұмыстың күрделілік категориясы.

Жалпы жөндеу жұмысының көлемін төмендегідей беруге болады


(67)
мұндағы Q- жалпы жөндеу жұмысының көлемі;

Жк.ж, Жо.ж, Жа.ж, - сәйкесінше күрделі, орта және ағымдағы жөндеулердің еңбексыйымдылықтары;

t - жөндеудің нормативтік уақыттары;

n – жөндеулер саны.



Егер жөндеу жұмыстарының орташа көлемін анықтайтын болсақ
(68)

мұндағы Q- жұмыстың орта көлемі;

m- жылдық жөндеу саны.

Жөндеуде тұру уақыты жалпы түрде төмендегідей анықталады


(69)
мұндағы nж- жұмысшы саны;

а- ауысым саны;

у- ауысым уақыты;

к- жөндеудің нормативтік коэфициенті.

Жөндеу жұмыстарын ұйымдастыруды жақсарту жолдарына мыналарарды жатқызуға болады


  1. Жөндеуге ұйымдастыруды көтеру.

  2. Жөндеу жұмыстарын алдын-ала дайындау.

  3. Еңбекті көп қажет ететін, тез тозатын бөлшектерді жөндеу үшін қосымша қор құру және т.б. жатады.

Жөндеу жұмыстарында жаңа техникада қолдану жұмыс өнімділігін арттырады. Сондай-ақ еңбекті көп қажет ететін жөндеу жұмыстарын механизациялау, автоматтандыру, жөндеу бригадаларының, жұмысшылардың еңбегін ұйымдастыруда ынталандыру жұмыстары жүргізілуі керек. Ал практикада көбінесе мұндай шаралар өз уақытында орындалмай жатады. Ондай тығырыққа тірейтін мәселелер қатарына

  • қаржы мәселесі;

  • энергетикалық жөндеу ұйымдарының агрегатты персоналмен қамтамасыз ете алмау;

  • агрегаттың апаттық жағдайда тұруы;

  • керек бөлшектермен материалдың өз уақытында жеткізілмеуі және т.б жатады.

Қазіргі кезде нарық жағдайына өтуіне байланысты жоспарлы-сақтық жөндеу орнына жоспарлы-диагностикалық тәсіл қолданылады.

Жөндеу жұмыстары энергетикалық компания өз персоналымен немесе энергетикалық компанияға кірмейтін арнайы жөндеу кәсіпорындары айналысады. Сонымен қатар кейде жөндеу жұмыстары жабдықты дайындап шығарған зауыт персоналымен де жүзеге асады.


2 Өндірістегі жұмыс орнын ұйымдастыру

Жұмыс орны - өндірістік мекеменің жұмысшы немесе бригадасы тиімді жұмыс істеуіне қажетті технологиялық жабдықтар мен құрал-саймандар жайғасқан өндірістік ауданның бір бөлігі деп түсініледі.Жұмыс орнын ұйымдастыру дегеніміз жұмыс орнында жұмысшының жоғары субъектілігін және денсаулығынның қауіпсіздігін арттыруға жағдай жасау болып бадылады. Оған керетіндер:



  • ұйымды мамандандырған жұмыс орны мен құралдармен жабдықтаудың ұтымды құрылымын талдау;

  • еңбек етуге ыңғайлы жағдай жасау;

Жұмыс орнын ұйымдастыруға әсер ететін факторлар:

  • еңбек түрі;

  • еңбек арту жайдайы;

  • өндіріс түрі.

Жұмыс орын жұмыстың сипатына байланысты стационарлық және жылжымалы болып бөлінеді.

Стационарлық жұмыс орнында көбінесе слесарь жөндеушілер, электрик жұмыс істейді. Жұмыс орнын жұмысшылар қызметіне байланысты екіге бөлуге болады:



Жұмыс орнын механикалық жарақтану бойынша қолмен істелінетін, механизацияланған және автоматтандырылған болып бөледі. Қолмен істелінетін жұмыс орнында көбінесе еңбек әдістерін жобалау, енгізуге көңіл бөледі. Механизацияланған жұмыс орнында ұйымдастыру адам мен машина арасында жұмысты үйлестіру, жұмыстың ыңғайлылығымен қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Автоматандырылған жұмыс орнында барлық процесс жұмысшының қатысуынсыз жүзеге асады.

Жұмысшы үшін бақылау, реттеу, жөндеу функциялары қалады. Жұмыс орны сонымен қатар ақпаратты каналдармен қамтамасыз етумен, басқару жүйелерімен, яғни өндірістік басқарыстармен сигнализациямен қамтамасыз етілуі қажет. Жұмыс орын жоспарлау жұмыс орнында орналыасқан барлық материалдық элементтер жабдықтар құрал-саймандарды ұтымды орналастыру бұл өндірістік оуданды үнемді пайдалану, еңбек өнімділігі мен еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Жұмыс зонасы деп жұмысшының қол жететін жерлері бойынша және 1-2 адым аттағанда айналасындағы кеңістікті айтамыз. Тиімді қызмет көрсету жүйесін жобалау ғылыми негізделген түрде еңбекті кәсіпорында бөлуге негізделеді.



Жұмыс орнына қызмет көрсетудің негізгі функциялары:

  • жөндеу

  • құралмен қамтамасыз ету

  • түзету

  • материалдық қамтамасыз ету

  • транспорттық-техникалық басқару

  • ұйымдастырушылық

Жұмыс орнына қызмет көрсету жүйесіне қойылатын талаптар:

  • жоспарлығы

  • алдыын ала ескерту мүмкіндігі

  • сенімділігі

  • кеменділігі

  • үнемділігі

  • өзгертуге ыңғайлылығы

Атоматтандырылған жұмыс орнын ұйымдастыру есептеу маниналарын енгізу қажет және ол үшін:

  • ақпараттық есептеу жүйесін құру;

  • ұйымдастырушылық құқықтық қамтамасыз ету;

  • есептеу техникаларын пайдалануда персоналды дайындау.

Ақпараттық есептеу техникаларын құру төмендегідей жүзеге асады:

  • ақпаратпен қамтасыз етуді жасау (ақпараттар ағымын жетілдіру, міндеттер арасында байланыс орнату, нормативтік базаны орнату);

  • материалдық және программалық қамтамасыз етуді жасау (әдістерді, модельдерді, алгортмдерді);

  • ақпаратты сараптау жүйесін техникалық қамтамасыз ету (есептеу машиналарын алу, орнату).

жүктеу 2,63 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау