Оқу сауаттылығы 0401



жүктеу 24,83 Kb.
Дата29.04.2023
өлшемі24,83 Kb.
#42388
Оқу сауаттылығы Миллионға





Оқу сауаттылығы 0401
1-мәтін
1.Төрт түлік малды тіршілік-тынысына тірек еткен көшпелілер кәдімгі сүттен небір тамаша тағамның түрін жасай білген. Бұлар - жылқы мен түйенің, қой мен ешкінің, сиырдың сүтінен жасалған тағамдар. Осылардың ішінде таза көшпелі өмір салттың сұранымы дүниеге әкелген тағамның бірі – құрғақ сүт.
2.Сәрсенбінің сәтіне көшеміз деген хабар тиісімен-ақ, әр шаңырақтың ас-суына ие отанасы қолы епсекті біреудің тілін таба жүріп, жаңадан сойылған қойдың терісін түгінен арылтып алады. Теріні түгінен айырудың мұндайда екі тәсілі қолданылады. Бірі – и салу тәсілі. Тек иі өтіп кетпейтіндей, идің быршыған дәмі мен өткір иісі теріге сіңбейтіндей болуы керек. Екіншісі – теріні жібітіп отырып, өткір ұстарамен түгін қырып тастайды. Сонан соң түксіз теріні суға салып, шуашы мен шайырынан айырғанша, әбден сапсып жуады. Ақжемделіп май-сөлінен арылған тері шүберектей болып тазарған кезде, керегеге жая салады.
3.Келесі күні қой-ешкіні қосақтап жібереді де, мол етіп сүт сауады. Ол сүтті мүмкіндігінше үлкен қазанға толтыра құйып, әлгі теріні соған салады да, астына маздатып от жағады. Біраздан соң тері салған сүт шымырлап қайнай бастайды. Қайнаған сайын қойыла бастайды. Қайнаған сайын сүттің бар маңызын тақыр тері бойына сіңіре береді. Бір мезгілдер болғанда, сүт қойыртпақтанады. Тері болса ағара бөртіп, әбден ісінеді. Содан қоюланған сүт сарқыла таусылып, енді сарғайып күйеді-ау дегенде тері қазаннан алынады. Тері түнімен жел қағып кеуіп-ақ қалады. Келесі күні тағы да қой-ешкі қосақталып, дәу қара қазан сүтке толады. Тағы да астына жайнатып от жағып, әлгі сүт сіңді теріні тағы салады. Осы жағдай үшінші рет қайталанады. Сол кезде сүт сіңген терінің қалыңдығы бармақ елі болып, өн бойына уыз сүттің маңызы тұтылады. Үшінші рет жайылған тері тобарсып кебе бастаған кезде шиыршықтап орайды да, маңызы ұшып кетпес үшін қарынға немесе бүйенге салады.
4.Келесі күндері тең буылып, үй жығылып, таң құланиектенгенде моншақтай тізілген көш те қозғалады. Күн иыққа көтерілген кезде түйе қомында тербеліп келе жатқан балалардың маңдайын күн шалып, таңдайы кеберсіп, қыңқылдай бастайды. Мұндайда езуінен мәйегі кетпеген ерке балаға айран береді, - ішпейді... Қойыртпақ береді, - ішпейді... Су береді,- ішпейді... Оған керегі – тіл үйірген уыз сүт.
Сонда балажан ана қарынның аузын ашып, сүт сіңген теріден алақандай ғана кесіп алады да, тостағанға құйған суға тастап жібереді. Сол-ақ екен уыз иісі бұрқ етіп тәбет шақырып, тостағандағы су жаңа сауған сүттей болып шыға келеді. Тек қана сүт ішіп үйренген ұл дем алмастан тостағанды басына бір-ақ көтереді.
1. Түйе қомында келе жатқан балалардың сұрап ішер сусыны
A) Айран
B) Шалап
C) Уыз сүт
D) Қойыртпақ
2. Толық дайындалған құрғақ сүт туралы айтылатын азатжол
A) Бірінші
B) Екінші
C) Үшінші
D) Төртінші
3. Мәтін мазмұнына сай мақал
A) Шапқан озар, жатқан қалар
B) Отынды шапқанға жақтыр, малды тапқанға бақтыр
C) Жердің сәні – егін, ердің сәні – білім.
D) Мал жисаң, қонысын тап, ас жисаң, ыдысын тап
4. Дайын болған құрғақ сүтті сақтау әдісі
A) Қоржында не қалтада
B) Адалбақанда
C) Қарында немесе бүйенде
D) Теріге орап қояды
5. Құрғақ сүт жасауда пайдаланылатын басты жабдық
A) Қой терісі
B) Қой қарыны
C) Түйе қомы
D) Жылқы қарыны

2-мәтін
Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс.


Біріккен Араб Әмірлігі табиғат ресурстарына өте бай. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті. 
Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді.
– Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль-Баварди. 
Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет. 
6. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1.Қаржылық көмек 
2.Мемлекеттік қолдау 
3.Жоба жетекшісінің көзқарасы 
4.Еркіндікке босату 
5.Экологиялық жоба 
A) 3.1.5.4.2. 
B) 1.4.5.2.3. 
C) 5.4.2.3.1. 
D) 4.5.2.3.1. 
6.Араб елдерінің бұл жобаға қыруар қаржы жұмсау себебі
A) Құстардың жасыл алқапқа тигізер пайдасы үшін
B) Құстардың бостандықта таралуы үшін 
C) Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін 
D) Елінің мәртебесін көтеру үшін
E) Құстардың ортаға бейімделуі үшін
7. Мәтін тақырыбы 
A) Сұңқарлар өмірі 
B) Аңшылық 
C) Ителгілердің өмірі
D) Құстардың уақытша бостандығы
8. Сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшыру себебі 
A) Құстардың серіктесіп ұшуы үшін 
B) Оларды жарыстыру үшін 
C) Көгершінді босату үшін
D) Машығын еске түсіру үшін 
9. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпарат
A) Бұл жер табиғаты құс өсіруге қолайсыз 
B) Құстардың арнайы емделу орталықтары бар 
C) Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты 
D) Біріккен Араб Әмірлігінде табиғат ресурстары тапшы
10. Бірінші азатжол мен екінші азатжолға сәйкес ортақ ой
A) Екі жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған.
B) Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. 
C) Экологиялық бағдарламаның жүзеге асырылуы туралы мәлімет.
D) Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу. 

3-мәтін
Өмірімізде әуендердің алатын орны өте зор. Адамдар оны күнделікті өмірде: дүкенде, көлікте және жұмыста, тағы басқа жерлерде кезіктіріп отырады. Адамдардың өмірінің басым бөлігі де музыкамен байланыста болды. Лев Толстой: «Музыка – әлемдегі ең жоғарғы өнер»,- дейді. Музыка – адам баласының ойлап тапқан ең керемет жаңалықтарының бірі.


Зерттеушілердің айтуынша, музыка жұмыс өнімділігін арттырады. Жақсы әуен адамның өнімді жұмыс істеуіне және шығармашылықпен айналысуына көмектеседі. Британдық зерттеушілер хирургтердің 90 пайызы ота жасау кезінде музыка тыңдайтындығын айтады. Канаданың Виндзор университетінің зерттеушілері ірі өндіріс орындарында музыка тыңдаудан жұмысшылардың жұмыс істеу өнімділігі артқанын, жұмыстан кейін шаршау сезімі төмен болғандығын анықтаған.
Музыка адамға ләззат сыйлайды. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, өзімізге ұнаған музыканы тыңдаған кезде, ағзамыз бақыт гармонын бөледі. Әл-Фараби «Музыканың ұлы кітабы» шығармасында музыканың адам үшін энергия мен бақыттың көзі екендігін түсіндіреді. Әл-Фарабидің өзі музыкалық аспаптарда шебер орындаушы болған, жанынан ән-күй шығарған. Ол аспаптардың жаңа түрлерін жасап, жетілдірді. Әл-Фараби көне аспаптардың шығу тегін табиғаттағы дауысқа балап, соны қайта жаңғыртумен байланыстырды. Мысалы, құмның сусылы, үңгірдегі желдің уілдеп соғуы, қамыстың сыбдыры, т.б. Мұнымен қоса, ол музыканың үш түрі бар екені туралы жазған: біріншісі, жай ғана рақат сезімін тудыратын, екіншісі, құмарлықты, ынтықтықты білдіретін, үшіншісі, біздің қиялымызға бағытталған музыка.
Қазақтың үскірік аспабының атауы желдің үскіріп соғуына байланысты туған. Айтуынша, үрлеп тартылатын аспаптардың ащы дауысын, ұрып ойналатын аспаптардың күшті дауысын ұрыстарда, аңға шыққанда және шамандардың бақсылық құру кездерінде пайдаланған. Кейбір үрлеп тартылатын және ішекті аспаптарда музыканттар құстың сайрауын, аңдардың ақыруын, табиғатта болатын басқа да түрлі дауыстарды шебер сала білген, сондай-ақ әншінің салған әнін айнытпай келтірген.
11. Әл-Фарабиге қатысы жоқ ой
A) музыканың үшінші түрі – қиялымызға бағытталған музыка
B) хирургтердің 90 пайызы ота жасау кезінде музыка тыңдаған
C) музыкалық аспаптарда шебер ойнап, ән-күй шығарған
D) көне аспаптардың шығу тегін табиғаттағы дауысқа балаған
12. Мәтінде айтылмаған пікір
A) Ұрып ойналатын аспаптарда аң-құс дауысын естуге болады.
B) Музыка тыңдаған жұмысшылардың еңбек өнімділігі артады.
C) Адам өмірінің басым бөлігі музыкамен байланысты.
D) Музыка тыңдаған жұмысшылардың шаршау сезімі төмен болады.
13. Мәтіндегі айтылған негізгі ой
A) Музыкалық әдебиеттердің жазылуы
B) Әл-Фарабидің музыка жайлы еңбегі
C) Музыкалық аспаптардың пайда болуы
D) Музыканың адам өміріне әсері
14. Музыканың жұмыс өнімділігіне әсері туралы пікір иесі
A) Лев Толстой
B) Әл-Фараби
C) Канадалық зерттеушілер
D) Британдық зерттеушілер
15. Ағзаның бақыт гармонын бөлу кезі
A) өзімізге ұнайтын музыка тыңдаған кезде
B) шығармашылықпен айналысқан кезде
C) адам қиялдаған кезде
D) жұмыс өнімділігі артқан кезде


жүктеу 24,83 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау