150
ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ
БҰЛАНТЫ-БІЛЕУТІ ШАЙҚАСЫ
1728 жылы көктемде Ұлытау етегінде, Бұланты мен Білеуті өзендері аралығындағы
Қарасиыр жазығында қазақ пен қалмақ əскерлері шешуші шайқасқа түсті. Шайқаста
Қаракерей Қабанбай, Шақшақ Жəнібек, Тама Есет, Бəсентиін Малайсары, Тарақты ер
Байғозы сынды көрнекті қолбасшылар, Тайлақ, Саңырық мергендер ерлік көрсетті. Бұл
жорықта қазақ жасақтары жеңіске жетті, ал жоңғарлар зор шығынға ұшырап, кері қашты.
Сол жеңістен кейін жазықтың орталығындағы төбе «Қалмаққырылған» атанды.
Шайқас қазақ жауынгерлерінің рухының мықтылығын көрсетіп, бірлікте кез келген
жауды жеңе алатынына көз жеткізді.
Тарихта Бұланты-Білеуті шайқасының маңызы ерекше. Өйткені бұдан кейін қазақтар
үстемдікке ие болып, жоңғарлар басып алған жерлерді азат ете бастады.
▲ Бұланты-Білеуті шайқасы болған жерге орнатылған ескерткіш тақта
▲ Ұлы жеңіс
151
АҢЫРАҚАЙ ШАЙҚАСЫ
XVIII ғасырда қазақ халқы жоңғарлармен кескілескен соғыс жүргізеді. «Ақтабан
шұбырынды, Алқакөл сұлама» оқиғасынан кейін хандар жауға тойтарыс берудің жалғыз
жолы біріту екенін түсінген еді.
Аңырақай шайқасы 1729 жылы жазда мамыр – маусым айларында өткен. Шайқас
солтүстігінде Балқаш көлі, оңтүстігінде Отар даласы, батысында Шу аңғары, шығы-
сын да Күртіге дейінгі аралықта болған.
Аңырақай шайқасына екі жақтан бірнеше мыңдаған жауынгерлер қатысады.
Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жəнібек, Шапырашты Наурызбай
батырлар, ақын Ақтамберді мен Үмбетей жыраулар секілді тұлғалар туған жері үшін
бір ту астына жиналады. Үш жүздің біріккен əскеріне Əбілқайыр қолбасшылық етеді.
Бұл шайқас қазақтарға оңайға түскен жоқ. Себебі, мықты əрі шыныққан жоңғарларды
жауыздығымен, қолбасшылық дарынымен танымал қонтайшы Қалден Серен бастап
кірген еді. Дегенмен, қиян-кескі ұрыста қазақтар оларды біржолата талқандайды.
Жоңғарлар кері шегінуге мəжбүр болады.
Аңырақай шайқасындағы жеңіс – қазақ-жоңғар соғысындағы шешуші оқиға. Ол қазақ
жерін азат етудің бастамасы болды. Жалпы қазақтардың жауға қарсы бірігуі олардың
күшті қарсыласын жеңуіне жол ашты.
▲ Аңырақай шайқасы. Суретші Д. Өстеміров
ЖОҢҒАР ШАПҚЫНШЫЛЫҒЫ
152
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ
Ауыр сынақ
1933 жылы Германияда билікке Адольф Гитлер бастаған
фашистер келді. Фашистер неміс ұлты жер бетіндегі ең
таңдаулы ұлт деп санады. Олар бүкіл əлемді жаулап, өз
үстемдігін орнатуға ұмтылды. Барлық елдерді күшпен
бағындырып, халқын құлға айналдырмақ болды. Гитлер
өз заманындағы мықты əскерді жасақтап, озық қарумен,
танкілермен, ұшақтармен жарақтанды.
1939 жылы 1 қыркүйекте неміс əскері Польшаны
шабуылдады. Санаулы айлардың ішінде Францияны,
Бельгияны, Голландия мен басқа елдерді басып алды.
Еуропа түгелімен дерлік фашистік Германияның билігінде
қалды. Шығыста Жапония АҚШ-қа соғыс ашты. Осылайша
соғысқа ондаған мемлекет тартылып, Екінші Дүниежүзілік
соғыс басталды.
1941 жылы 22 маусымда таң сəріде фашистік Германия
соғыс туралы жарияламастан, КСРО-ға опасыздықпен басып
кірді. Кеңес халықтары үшін Ұлы Отан соғысы басталды.
Отанды қорғауға бүкіл кеңес халқы көтерілді. Көптеген
адамдар майданға ерікті түрде аттанды. Қазақстанда да
əскери бөлімдер құрылды. Алматыда 316-шы дивизия
жасақталды. Оған генерал И.В. Панфилов жетекшілік етті.
И.В. Панфиловтың дивизиясындағы 28 жауынгер Мəскеуді
ерлікпен қорғады. Оларға немістің 50 танкісі бағытталды.
Бірақ жауынгерлердің ешбірі тайсалмады. Олардың барлы-
ғы дерлік жер жастанды. Бірақ жауды жібермеді. Осы ұрыс -
та қазақ жазушысы Бауыржан Момышұлының даңқы
шықты.
Қазақ ақыны Жамбыл Жабаев «Ленинградтық, өренім!»
атты өлең жазды. Бұл өлең радиодан оқылды, қоршауда
қал ған Ленинградтағы үйлердің қабырғаларына жабысты -
рыл ды. Ленинградтықтардың тағдыры бүкіл елді алаңдат-
ты, оларға барша халық қолдау көрсетті.
Қазақ халқының даңқты ұлы Нұркен Əбдіровтің есімі
өшпейді. Ержүрек ұшқыш ұшағына оқ тигенде, отқа оранған
ұшағын жаудың шоғырланған тұсына бағыттады. Жарылыс
болды... Нұркен Əбдіров қаза тапты. Бірақ елімізді билеп-
төстеуді көксеген жүздеген жау да жер жастанды.
▲ Адольф Гитлер
▲ Иосиф Виссарионович Сталин
153
ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ
Осы соғыста мыңдаған қазақтар ерлік көрсетті. Ұшқыш Талғат Бигелдинов
фашистерге қырғидай тиді. Оған ең жоғарғы Кеңес Одағының Батыры атағы екі рет
берілді. Талғат Бигелдинов жау «қара ажал» деп атаған «Ил-2» ұшағымен көптеген
фашистер мен олардың соғыс техникасын жойды.
Майданда мерген қыз Əлия Молдағұлова ерлікпен шайқасты. Достары оны еркелетіп
Лия деп атайтын. Оған кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Бұл соғыста қазақтың тағы бір мерген қызы Мəншүк Мəметова асқан ерлік көрсетті.
Ол да шайқаста мерт болды. Оған ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
Сталинград шайқасы соғыстың шешуші сəті болды. Ол соғыстың барысын күрт
өзгертті. Кеңес əскері осы шайқаста жеңіске жетіп, басқыншыларды өз жерінен
біртіндеп қуа бастады.
1945 жылы мамырда Германияның астанасы – Берлин алынды.
Берлинді алуға мыңдаған қазақстандықтар қатысты. Солардың бірі аға лейтенант
Р. Қошқарбаев Рейхстагқа Жеңіс Туын тіккендердің арасында болды.
1418 күнге жəне түнге созылған Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталды. 9 мамыр
Жеңіс Күні болып жарияланды.
Соғыс жылдары 497 қазақстандық ерлігі үшін Кеңес Одағының Батыры атағын
алды.
▲ Ұлы Отан соғысынан көріністер
▲
Жеңіс туы