Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет6/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

119

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

ТҮРКІСТАН

Түркістан – Оңтүстік Қазақстан облысындағы қала. Сырдарияның оң жақ жағалауында, 

Қаратау жотасының етегінде 

орналасқан. Түркістан қа-

ласы 1928 жылдан Түркіс-

тан ауданының əкімшілік 

орталы ғы болып табылады. 

Қалада механикалық жөн-

деу, мақта тазалау, кірпіш 

за уыттары, 

те мір-бетон 

бұйым дарын  шы ғару,  т.б. 

айналысатын  кə сіп орындар 

жұмыс істейді. 

Түркістан қаласында қа-

сиетті орын Қожа Ахмет 

Иасауи кесенесі орналасқан. 

1991 жылы «Əзірет Сұлтан 

қорық-мұражайы» ашылды. 

Қорық-мұражай Қожа Ахмет 

Иасауи кесенесі, Үлкен 

қылует, Əулие Құмшық Ата 

қылуеті, Сегіз қырлы кесене, 



КЕНТАУ

Кентау – Оңтүстік Қазақстан облысындағы өнеркəсіпті қала. Шымкент қаласынан 

солтүстік-батысқа қарай 190 км жерде, Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі сұр топырақты 

шөл белдемінде орналасқан. 

Іргесі 1955 жылы «Мырғалымсай» кентінің негізінде қаланған. Қала құрылысының 

жоспары 1944 – 45 жылы бекітіліп, 1960 – 80 жылы салынды. Бұл жерден кен шығатын 

болғандықтан, қаланың аты «кен» жəне «тау» сөздерінің бірігуінен қойылған. 

Кентау – Қазақстандағы машина жасау жəне тау-кен өнеркəсіп орталықтарының 

бірі. Қала экономикасындағы ірі кəсіпорындар: «Трансформатор зауыты» ашық 

акционерлік қоғамы, барит өнімдерін, түсті металл концентраттарын өндіретін 

«Оңтүстікполиметалл» жабық акционерлік қоғамы, трикотаж өнімдерін шығаратын 

«Табыс» акционерлік қоғамы жəне т.б. болып табылады.



120

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ

Павлодар облысы Ертіс өзенінің орталық алабын алып жатыр. Ол 1932 – 1938 жылдар 

аралығында Шығыс Қазақстан облысына қарайтын аудан болған. 1938 жылдың 15 

қаңтарында жеке облысқа айналды. Облыста 10 аудан, 3 қала, 7 кент бар. Қалалары: 

Павлодар, Екібастұз, Ақсу.

Ертіс өзені облыс жерін шығыстан солтүстік-батысқа қарай ұзына бойы қиып өтеді. 

Өзеннің облыс бөлігіндегі ұзындығы 420 км жəне оған бірде-бір сала қосылмайды. 

Облыстың батыс жағымен кішігірім Өлеңті жəне Шідерті өзендері ағып өтеді. Облыста 

көлдер көп (1210 көл). Олардың ішіндегі ірі көлдері: Сілетітеңіз, Жалаулы, Қызылқақ, 

Үлкен Əжболат, Маралды. Тұщы көлдер, көбінесе, Ертіс жағасы мен облыстың солтүстік 

бөлігінде тараған. 

Павлодар облысының жер қойнауы кен байлықтарына бай. Облыстың негізгі бай-

лығы – дүние жүзіне белгілі Екібастұз қоңыр көмірі. Полиметалл кендері Майқайың 

кендері тобында тараған. Олардың құрамында алтын, күміс, қорғасын, мыс, мырыш 

жəне күкірт колчеданы бар. Облыстың оңтүстігіндегі Баянауыл ауданында Бозшакөл 

мыс кен орны орналасқан. Сонымен қатар облыс аумағында темірдің, никельдің, 

хромиттің, т.б. металдардың кендері шоғырланған. Темірдің ірі кен орны Шідерті 

өзенінің төменгі ағысындағы Қызылқақ көлі маңында.

Жазы ыстық, қуаң, қысы ұзақ, суық жəне боранды.

Рабиға Сұлтан Бегім кесенесі, 

Шығыс моншасы, Есім хан кесенесі, 

т.б. ескерткіштерді қамтиды. 

1991 жылы Түркістанда Қожа Ах-

мет Иасауи атындағы Халық ара лық 

Қазақ-түрік университеті ашылды. 

ЮНЕСКО шешімімен 2000 жылы 

Түркістан қаласының 1500 жылдық 

мерейтойы əлемдік деңгейде аталып 

өтілді.

▲ Түркістандағы тайқазан



121

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

Павлодар 

Павлодар қаласы Қазақстанның солтүстік-шығысында, Ертіс өзенінің оң жағалауында 

орналасқан. Х – ХІ ғасырларда осы өлкеде кимектердің қалалары жəне астанасы 

болған. Кимек атты қаған сол жерде билік жүргізген. Беріде қаланың іргетасы 1720 

жылы Коряковский қамалы деген атпен қаланды. Қазақтар арасында Тұзкент, Тұзқала 

атауларымен белгілі. Павлодар 1861 жылы қала, ал 1938 жылдан бері облыс орталығына 

айналды.

Облыс жері, негізінен, ойдым-ойдым жазықты келеді. Тек оңтүстік-батыс жағы 

көтеріңкі, Сарыарқаның Қызылтау жəне Баянауыл тауларына ұласады. Биік жерлері – 

Əулие (1055 м) жəне Ақбет (1026 м). Павлодардың жер қойнауы көмірге бай (Екібастұз). 

Мұнда түсті жəне сирек металдар, ас тұзы өндіріледі.

Қалада машина жасау, түсті металлургия, мұнай айыру, металл өңдеу, құрылыс 

материалдарын дайындау комбинаттары, тамақ жəне жеңіл өнеркəсіп орындары бар. 

Маңызды кəсіпорындары: Павлодар трактор зауыты, Павлодар аллюминий зауыты.

 Павлодар қаласы

Баянауыл – Павлодар облысындағы жаратылыстан қаймағы бұзылмаған қастерлі 

мекен. Табиғатының ерекшелігі əсем тауларымен, көлдерімен, аңызды жерлерімен көз 

тартады. Адамдардың жанына саялы демалыс орындарымен əйгілі.




122

ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-

ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ

Екібастұз

Екібастұз – Павлодар облысындағы қала. Екібастұз Павлодар қаласынан оңтүстік-

батысқа қарай 150 км жерде орналасқан. Осы маңнан ат басындай екі кесек тұз табылған. 

Қала соған байланысты Екібастұз деп аталған. 

1876 жылы мұнда тас көмір бар екені мəлім болып, соның негізінде 1898 жылы 

«Воскресенск» акционерлік қоғамы ұйымдастырылды. 1957 жылдың 12 маусымында 

жұмысшы кенті қалаға айналды. 

Жергілікті өндірісі көмір болғандықтан, көмірден электр өндіретін үш жылу электр 

станциясы салынған. Сондықтан Екібастұз қаласы Қазақстандағы ең ірі көмір жəне 

энергетика өндіру орталығына айналды.

СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ

Солтүстік Қазақстан облысы Қазақстанның қиыр солтүстігінде орналасқан. Облыс 

1936 жылы 29 шілдеде құрылды. 1997 жылы құрамына Көкшетау облысы қосылып, 

1999 жылы оның үш ауданы мен Көкшетау қаласы Ақмола облысына берілді. Солтүстік 

Қазақстан облысының құрамында 13 əкімшілік аудан, 5 қала, 2 кент бар. Орталығы – 

Петропавл қаласы. 




жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау