116
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-
ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ
МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ
Маңғыстау облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстік-батыс бөлігіндегі
əкімшілік бөлік. Маңғыстау облысы 1973 жылы құрылған. 1988 – 90 жылдары Атырау
облысының құрамында болып, 1990 жылдан жеке облыс ретінде бөлініп шықты.
Қалалары – Ақтау, Жаңаөзен, Форт-Шевченко.
Облыстың жер қойнауы кенге бай. Мұнай мен газдың 59 кен орны (Өзен, Жетібай,
Қаламқас, Қаражамбас, Солтүстік Бозащы, Теңге, Тасболат, т.б.) жұмыс жасайды. Жер
қойнауынан темір кені, коңыр көмір, əктас, ұлутас, т.б. табылған.
Қазіргі кезде 2 электр жүйесі, атом-энергетикалық комбинаты, Каспий машина
жасау, мұнай-газ өндіру кəсіпшіліктері, пластмасса зауыты, ұлутас жəне басқа құрылыс
материалдарын өндіретін кəсіпорындар, Қазақ балық флотының кəсіпорындары жұмыс
істейді.
Облыста үш теңіз айлағы (Ақтау, Форт-Шевченко жəне Құрық) қызмет көрсетеді.
АҚТАУ
Ақтау – Маңғыстау облысының орталығы (1973 – 88, 1990), қала, теңіз əрі əуе
порты. Ақтау қаласы Каспий теңізінің шығыс жағасында орналасқан. Іргесі 1959 жылы
Маңғыстау түбегінде мұнай, газ, уран жəне т.б. қазба байлықтарының ашылуына
байланысты қаланған. 1963 жылы оған қала мəртебесі берілген.
жылы 12 сəуірде адамзат тарихында
тұңғыш болып Ю.А. Гагарин «Вос-
ток» ғарыш кемесімен ғарышқа ат-
тан
ды. Содан бері Байқоңыр ғарыш
кеңіс ті гін игеруде көптеген жаңашыл
бастамалардың старттық орнына ай-
налды. Күннің, Айдың, Шолпанның
алғашқы жасанды серіктері, «Восток»,
«Восход», «Союз», «Прогресс» ғарыш
кемелері, «Салют», «Мир» орбиталық
станциялары, байланыс мақсаты үшін
пайдаланылатын жəне метеорология-
лық бақылаулар жүргізетін ЖЖС-і,
Айды, Марсты, Шолпанды зерттеуге арналған ғарыш аппараттары ұшырылды.
1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Əубəкіров «Союз
Т-13» ғарыш кемесімен ғарышқа көтерілді. 1994 жылы Ресеймен бірлескен бағдарлама
бойынша Т.Мұсабаев ғарышқа аттанды.
▲ Байқоңыр ғарыш айлағы
117
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-
ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ
Ақтау 1964 – 1991 жылдар аралығында Шевченко аталып, кейіннен тарихи атауы
қалпына келтірілді. Ақтау қалалық əкімшілігінің құрамына Маңғышлақ жəне Өмірзақ
кенттері кіреді.
Қала атом энергиясын пайдаланады. Атом-электр станциясының қуатымен теңіз
суын тұщылайтын қондырғы жұмыс істейді. Мұнда химия өндірісі дамыған, газ өңдеу,
пластмасса зауыттары, металлургия комбинаты бар.
Каспий теңізінің жағасы халықтың демалуына жəне су спортын дамытуға қолайлы.
ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ
Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі əкімшілік-
аймақтық бөлік. Облыс 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылдары Шымкент
облысы деп аталды. Орталығы – Шымкент қаласы. Облыс құрамында 11 əкімшілік
аудан, 4 қалалық əкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент бар.
Оңтүстік Қазақстан облысы жерінің оңтүстігінен солтүстік-батысына қарай
Сырдария өзені ағып өтеді. Сырдарияға Арыс, Келес, Құркелес өзендері құяды.
Оңтүстік-шығысындағы Арыс өзенінің салалары: Бадам, Сайрамсу, Ақсу, Жабағылы,
Машат, Дауылбаба, Боралдай өзендерінің шаруашылық маңызы зор. Қаратау жотасынан
басталатын Бөген, Шаян, Арыстанды, Шылбыр, Байылдыр, Көксарай, т.б. өзендер
облыс орталығын сумен қамтамасыз етеді. Ірі көлдері: Ақжайқын, Қызылкөл.
▲ Ақтау қаласының мешіті
118
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЙМАҚТЫҚ-
ƏКІМШІЛІК ҚҰРЫЛЫМЫ
ШЫМКЕНТ
Шымкент – ежелгі қалалардың
бірі. Ол еліміздің оңтүстік-
шығысында Бадам мен Сайрам
өзендері аралығында орналасқан.
Қаланың іргесі екі мың жыл бұрын
қаланған. Ерте орта ғасырда Ұлы
Жібек сауда жолында жайғасқан
ол ХVІІІ ғасырда ірі қалаға
айналды. 1864 жылы патшалық
Ресейдің қарамағына көшер
алдында қаланың айналасы алты
Жер қойнауынан полиметалл, қоңыр көмір, темір, уран кентастары, фосфорит,
вермикулит, тальк, барит, гипс, отқа төзімді саз, əктас, гранит, мəрмəр, кварц, т.б.
кен байлықтары табылған. Республикада уран кенінің қоры жағынан бірінші орын,
фосфорит жəне темір кентасының қоры жағынан үшінші орын алады. Түсті металлургия,
машина жасау, химия, мұнай өңдеу, тамақ өнеркəсібі, əсіресе, Шымкент, Кентау
қалаларында жақсы дамуда. Мұнай-химия өнеркəсібі саласындағы ірі кəсіпорындар:
«ПетроКазахстанОйлПродактс» ААҚ (мұнай өңдеу) жəне «ИнтеркомШина» ААҚ
(шина шығару).
Металлургия өнеркəсібіндегі басты кəсіпорын – «Южполиметалл» ЖАҚ (қорғасын,
мырыш, т.б. өндіреді).
Елімізде шығарылатын трансформаторлардың, фармацевтикалық препараттардың,
минералды жəне газды сулардың, мотор майының, бензиннің басым бөлігі, мақта
талшығы, мақта майының барлығы дерлік Оңтүстік Қазақстан облысында өндіріледі.
шақырымды құрап, алғашқы
қамалдары тұрғызылған еді.
1932 жылдан бастап Шымкент облыс орталығы болды. Қазіргі Шымкент – еліміздің ірі
өндіріс жəне мəдениет орталықтарының бірі. Қала өндірісі жергілікті ауылшаруашылық
шикізаты мен маңызды қазбаларды қайта өңдеу базасында дамыды. Бүгінгі Шымкенттің
басты кəсіпорны – республикадағы түсті металлургия алыптарының бірі – қорғасын
зауыты. Жақсы дамыған саласы – жеңіл өнеркəсіп: мақта-мата комбинаты, тігін
фабрикасы.
Шымкент аймағының қысы жұмсақ əрі қысқа, ал жазы ыстық əрі ұзақ болып келеді.
Мұнда жемістер мен көкөністердің бірнеше түрі өседі.
Достарыңызбен бөлісу: |