«САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АҚ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДАҒЫ
ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРДЫҢ ІСКЕ АСУ БАРЫСЫМЕН
ТАНЫСТЫ
1 мамырда «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма бастығы Өмірзақ Шөкеев
Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барды. Ол Қызылорда облысының
әкімі Қырымбек Көшербаевпен бірге Қордың облыстағы бірқатар өндіріс
орындарында болып, инвестициялық жобалардың іске асу барысымен
танысты.
Делегация Қызылорданың индустриялды аймағында болды. Мұнда осы
жылы қуаттылығы жылына 175 мың тонна әйнек өндіретін зауыт ашылады.
Жобаны «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС қытайлық компаниямен бірге
жүзеге асырады. Жоба құны – 124 млн. АҚШ доллары. Құрылыстың
басталуы биылғы жылға жоспарланған.
«Самұрық-Қазына» АҚ басшысы, сондай-ақ, Жаңақорған ауданында
салынатын қуаттылығы 50 МВт күн сәулесін өндіретін электростанцияның
жобасымен танысты. Аталған жоба құны – 93,1 млн. АҚШ доллары. Жылдық
орташа электр қуатын өндіру – сағатына 65 млн. кВт. Бұл жобаны «Самұрық-
Қазына Инвест» ЖШС жүзеге асырады.
Бұдан әрі аймақ басшысы Қ.Көшербаев пен ұлттық компания басшысы
Ө.Шөкеев Жаңақорған ауданындағы екі өндірістің жұмысымен танысты.
«Шалқия» қорғасын-мырыш кен орнында болған делегация «Тау-Кен
Самұрық» АҚ-ның «Шалқия Цинк ЛТД» ЖШС жарғылық қорындағы үлесін
алу мәселесін қарады. Мұндай негізгі активтерді Қызылорда облысындағы
«Шалқия» және «Талап» қорғасын-мырыш кен орындары мен Кентау кен-
байыту компаниясы құрайды.
Сонымен қатар, «Самұрық-Қазына» АҚ басшысы қуаттылығы жылына
500 мың тонна болатын күкірт қышқылы зауытына барды. Мұндағы
турбинаны 2013 жылғы мамыр айында іске қосу жоспарланған. Жоба құны –
216 млн. АҚШ доллары.
Зауыт 2012 жылғы шілдеде іске қосылған. 2013 жылы 41 200 тонна өнім
өндіріліп, 47 400 тонна күкірт қышқылы алынған. Жобан жұмысымен
«Қазатомпром» ҰАК» АҚ айналысып жатыр. Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстан
облысындағы Тайқоңыр кентінде қуаттылығы жылына 115 мың тонна
болатын дәл осындай зауыт салу мүмкіндігі қаралды. Күкірт қышқылын
өндіру жобасымен «Самұрық-Қазына» Инвест» ЖШС айналысады. Жоба
құны – 56,5 млн. АҚШ доллары. Күкірт қышқылын өндіру көлемі – жылына
115 мың тонна. Өндірісті іске қосудың жоспарланған уақыты – 2015 жыл.
Ө.Шөкеев, сондай-ақ, салынып жатқан «Бейнеу-Бозой-Шымкент» газ
құбырының құрылысымен танысты. Қазіргі уақытта жобаның 90 пайыз
құрылыс жұмыстары аяқталған. Аталған жобаны «Қазмұнайгаз» ҰК» АҚ
Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясымен бірігіп, жүзеге асырып жатыр.
Жоба мерзімі 2011-2015 жылдар. Жоба құны – 3,9 млрд. АҚШ доллары.
Өткізілім қуаттылығы - жылына 10 млрд. текше метр.
Жоғарыда аталған «Самұрық-Қазына Инвест» ЖШС, «ҚазМұнайГаз»
ҰК» АҚ, «Қазатомпром» ҰАК» АҚ, «Тау-Кен Самұрық» АҚ «Самұрық-
Қазына» АҚ компаниялар тобына кіреді.
Жаңақорған ауданында «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасының
орынбасары Қуандық Бишімбаев журналистермен брифинг өткізді.
«Қызылорда облысындағы Жаңақорған ауданында бізді «Шалқия» кен
орны қызықтырып отыр. Біз бұл жобаны қаржыландыру мүмкіндігін
қарастырып жатырмыз. Жалпы алғанда, Қор Қызылорда облысында бірнеше
инвестициялық жобаларды жүзеге асырып жатыр. Олар өңірдегі жаңа жұмыс
орындарының ашылуына мүмкіндік береді. Қазірдің өзінде 400-ге жуық
адамды жұмысқа тарту көзделіп отыр»,- деді Қ. Бишімбаев.