Қазақстанның аймақТЫҚ Əкімшілік қҰрылымы



жүктеу 0,58 Mb.
Pdf просмотр
бет20/26
Дата25.05.2018
өлшемі0,58 Mb.
#17468
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26

172

АЛҒАШҚЫ ДІНИ ТҮСІНІКТЕР

ҮЛКЕН ТƏҢІР МЕН ЕРКІЛІК

ЖЕР-СУ

Жердің қақ кіндігінде əлемдік Сумер тауы (немесе Хан Тəңір) тұр. Бұл – ежелгі 

түркілердің Олимпі. Онда құдайлар мен біздің ата-бабаларымыздың аруақтары мекен 

етеді. Таудың ортасында Жер мен Көк түйіседі. Олардың тоғысқан жерінен алтын 

бұтақты, алқа жапырақты Бəйтерек өсіп шыққан. Бəйтеректің ұшар басы Үлкен Тəңір 

мекендейтін Жоғарғы əлемге жетеді.

Сумер тауында жер мен судың иесі – Жер-Су тұрады. Ол – басты киелілердің бірі.

Сүткөлдің шығысына қарай суы қызыл көл орналасқан. Бұл көл жай көзге көрінбейді 

екен. Сол суда Кер Балық, яғни теңіз жануарларының иесі тіршілік етеді. Оның ішінде 

жан-ұрықтар жаратылады. Кер Балық қажеттілігіне орай жан-ұрықтарды Жер-Суға 

беріп отырады. Жер-Су өз кезегінде оларды Жайыққа табыстайды.

Жайық Жер-Су берген жан-ұрықтарды От-Анаға табыстайды. Осыдан кейін От-

Ананың желеп-жебеуімен тіршілік иелері жаратылады.

Əлемді бір-біріне қарама-қайшы екі құдірет билейді. Соның 

мейірімдісі – Үлкен Тəңір жəне оның мəңгілік бітіспес 

жауы – Еркілік (жамандық құдайы). Бұлардың екеуіне 

де көптеген жын-перілер бағынады. Үлкен Тəңірге 

ізгі ниетті – ару немелер, Еркілікке қара ниетті – 

қара немелер бағынышты.

Үлкен Тəңір – өте ақпейіл əрі мейірбан Құдай. 

Ол адамға еш уақытта жаманшылық жасамайды. 

Еркілік сайтан – Үлкен Тəңірдің мəңгілік 




173

АЛҒАШҚЫ ДІНИ ТҮСІНІКТЕР

ЕРКІЛІКТІҢ ОН СЕГІЗ ТОЗАҒЫ

Үлкен Тəңір Еркілікті жер астына айдап түсіргеннен кейін Үш Құрбыстан оған 

өлгендердің жандарын сотқа тартып, жазалауды тапсырады. Осылайша барлық 

өлгендердің тағдыры Еркіліктің қолына көшеді.

Еркілік қара темір сарайда тұрды. Бұл сарай тоғыз өзеннің Тойболдым өзеніне 

тоғысқан құйылысында орналасқан. Тойболдымның арнасы адамдардың көз жасына 

толып аққан. Оның үстінен аттың қылынан жасалған көпір тартылған. Оны қыл көпір 

дейді. Еркіліктің патшалығын мекен еткен өлген адамдардың қисапсыз көп жандары 

патшалықтан қашуды ойласа, осы қыл көпірге аяқ басқанда-ақ өзенге құлап кетіп, 

толқындар оны Еркіліктің қапас патшалығына қайтарып əкелер еді. 

Жер астында 18 тозақ (тама) бар. Солардың əрқайсысында Еркіліктің жүз мың алшысы 

қызмет жасап, жер бетін кезіп, өлгендердің жанын аулайды екен. Еркек алшылар – 

шұтқыр, əйелдері – шұлмұс (албасты) деп аталады. 

қас дұшпаны. Ол адамға қаскүнемдік жасамай тұра алмайды. Кейде адамға қарсы 

арамдықтарын тоқтатқандай болады да, аз уақыттан соң қитұрқысын қайта бастайды. 

Жер бетіндегі барлық бəле-жала Еркілік сайтаннан шығады.




174

ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ БОЛҒАН ДІНДЕР

НЕСТОРИАН ДІНІ

Несториандық ілім – бұл христиан ді нін-

дегі алғашқы діни бағыттың бірі. V ға сыр да 

Ви зантияда пайда болған. Негізін Кон стан-

ти но поль патриархы (428 – 431) Несторий 

қалаған. Несторийдің пікірі бойынша, 

адамды қасиетті Мария ана туған, кейіннен 

Иса адамға тəн əлсіздікті жеңіп, мессия 

дəрежесіне жеткен. 

Несторий ілімі Византия аумағынан 

қудалауға ұшырады, V ғасырдың соңын-

да сасанидтік иран патшалары барынша 

қор 

ғаштап, оның Иран жеріне таралуын 



қолдайды. Несториан дінін ұстанушылардың көпшілігі Иран мен Орталық Азия 

қалаларынан болатын. VIІ – VIІІ ғасырларда несториандық ілім Оңтүстік Қазақстан мен 

Жетісу қалаларында кең таралды. Осы жерлерден тасқа қашалған көптеген несториан 

жазула ры табылған. Арабтардың жаулап алуынан кейін Иран мен Орталық Азияда 

несто риан ілімінің үгіт-насихаты саябырлады.

МАНИХЕЙЛІК

Манихейлік – христианшылдық пен ежелгі дін – зара-

туштрашылдықты үйлестіруге тырысқан ІІІ ғасырдағы парсы 

философы Манидің есіміне байланысты шыққан. Манихейлік 

əмбебап дін ретінде қаралды. 

Манихейлік дін Шығыста, Парсы, Үнді, Тибет, Қытай елдерінде 

жəне Орталық Азияда, Түркістанда таралған. Ал оның іздерін 

Еуропадан, барлығынан бұрын Испанияда VІ ғасырдан бастап 

кездестіреміз.

БАҚСЫЛЫҚ

Ата-бабамыздың тарихында бақсылық ерекше орын алған. Бақсылық – шаман дінінің 

осы күнге дейін жеткен сарқыны. Бақсы деп өзге тылсым əлеммен байланыс орнатып, 

ондағы түрлі рухтармен байланыс жасай алатын адамды айтқан. Бақсылар «əулиелерді», 

«аруақтарды», «періштелерді» шақырып, олармен тілдесе алады, адамның жаулары – 

дəу, пері, шайтан, албасты, жын, марту, т.б.-мен күреседі деген сенімде болған.




175

ҚАЗАҚ ЖЕРІНДЕ БОЛҒАН ДІНДЕР

ЗАРАТУШТРАШЫЛДЫҚ

Осыдан 3000 жыл бұрын тұңғыш пайғамбарлардың 

бірі – Заратуштра ең көне алғашқы дін – 

заратуштрашылдықтың (зороастризм) негізін салған. 

Заратуштрашылдық Орталық Азияда пайда болып, 

кейін Иран, Ауғанстан, Үндістан, Ирак, Таяу Шығыс 

елдері аумағына таралған. Қасиетті кітабы – «Авеста» 

деп аталады. Заратуштрашылдық екі «мəңгілік 

бастау» – ізгілік пен зұлымдықты бір-біріне қарама-

қарсы қоя отырып, дүниедегі барлық құбылыстарды 

осылардың күресімен байланыстырады. Бір ғана 

Жаратушы Ие – Ахура Маздаға сыйынуды уағыздайды. 

Заратуштрашылдықта отты ерекше қастерлеген. Ислам 

діні келген соң заратуштрашылдықты ұстанушылар 

ығыстырылып, олардың бір бөлігі Үндістанға кеткен. 

Қазір де заратуштрашылдық Үндістан мен Ирандағы 

кейбір тайпалар арасында сақталған.

Бақсыларға тəн ерекше қасиеттердің бірі – емшілік 

(тəуіпшілік). Бақсылардың бəрі қобыз тартып, зікір салып, 

түрлі емдер жасайды. Оның қамшысы тиген адамның 

денесіне кірген шайтандар қашып, барлық сырқатынан 

құлан-таза жазылып кетеді деп сенген. 

Бақсылардың өткенді біліп, болашақты болжау қасиеті 

болады. Олар аруақтар шақыру, қойдың жауырынын 

пайдалану, құмалақ ашу арқылы болашақты болжаған, 

өткенді көре білген, адамның ойын оқи алатын болған. 

Халық арасында есімі ұмытылмаған əйгілі бақсылар 

болған. XIV ғасырда жасаған Салтық бақсы туралы ел 

ішінде талай жырлар мен аңыз-əңгімелер қалды. Себебі 

бүкіл Дешті Қыпшақта одан өткен білгір бақсы болған 

жоқ. XVIII ғасырда жасаған əйгілі бақсылар Балақай 

мен Қойлыбайлар туралы көптеген жырлар мен ғылыми 

зерттеулер жазылды. Қойлыбай бақсы туралы жырда оның 

қобызын ат жарысына қосып тойдағы бас бəйгені жеңіп алғаны суреттеледі. 

Ислам халық арасында кең етек алып, шаман мəдениеті мен бақсылық өнерін 

ығыстырғанмен, олардың намым-сенімдерінде шаман дінінің (тəңіршілдік) ізі сақталып 

қалды. 



жүктеу 0,58 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   26




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау