Шыңғыс Лепсібаев, Eurasian Expert Council Foundation президенті: Мен аталмыш заңды әзірлейтін жұмыс тобының құрамында болдым. Бұл өте жақсы прогрессивті шара, ол жергілікті жерлердегі полиция жұмысын түбегейлі өзгертеді. Өйткені жергілікті әкімдіктің рейтингіне құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету енетін болады. Бұл жергілікті атқарушы биліктің жауапкершілігін түбегейлі өзгертіп, полицияның да жұмысына мүлде басқаша әсер ететін болады.
Тимур Оразақов, Мәслихат депутаты: Мен сіздерге бірден айтамын. Бұл сала әкімдіктің рейтингінде үнемі болған. Үнемі әкім жауап беретін, үнемі әкім қадағалайтын. Әрине, департамент министрлікке бағынады, бірақ ол көбінесе қалаға бағынады. Мен жаңа полицияны құру жөніндегі комиссияның мүшесімін. Негізінде айтарлықтай ештеңе өзгермейді. Бұрын қалай жұмыс істеп келсе, әрі қарай да солай жұмыс істей береді. Бұрын қалай бағынып келсе, солай бағына береді. Бұрын қалай жақсы болса, солай жақсы болады.
Ольга Симакова, «Стратегия» ҚҚ: Бізде билікті полиция жұмысына қарап бағалайды деген Шыңғыстың сөзімен келіспеймін, себебі біздің зерттеулер жергілікті биліктің рейтингі полиция жұмысына байланысты деп көрсетіп отырған жоқ.
Мәди Тайпин, Астана қаласы Ішкі саясат басқармасы: Менің айтпағым, бұрын мен полиция қызметкері болғанмын, мен оның қыр-сырын аздап білемін. Полиция – қоғамның айнасы. Қоғам қандай болса, полиция сондай болады. Сондықтан полициядан көп нәрсені талап етуге болмайды, біздің бәрімізде жұмыс барысында қандай-да бір кемшіліктеріміз бар. Осындай жас тұлғалар полиция жұмысына көңіл бөліп, тұтастай қоғамдық тәртіптің жай-күйіне алаңдаушылық білдіріп отырғаны мені қуантады. Бұл жақсы қозғалыс. Қарапайым полиция қызметкері оның жұмысын бақылап, баға беретін адамдар бар екенін білуі үшін полиция мен халық арасында қандай-да бір көпір орнату қажет. Сырттай қарап олардың жұмысы туралы бір нәрсе айту қиын, бірақ белгілі бір мониторинг жүргізілуде. Мүмкін сіздер апта сайын өтетін жиналысқа келерсіздер, онда барлық жеке құрам жиналып, өздерінің пайымдауларын, ескертулерін, шағымдарын ортаға салады. Бірнеше адам келіп, полиция алдында осы жерде айтылғандарды жеткізіп, сөз сөйлесе жақсы болар еді. Бірқатар сұрақтардың басын ашайын дегенмін. КСРО кезінде бізде бір ғана жоғарғы мектеп болатын. Ал қазір тек Қазақстан Республикасында ғана 4 жоғарғы оқу орны бар. Олар: Алматы, Қарағанды, Қостанай академиясы мен Ақтөбе заң институты. Түлектер өте көп – жылына шамамен 400 офицер бітіріп шығады. Жақында АІІБ-де болдым, оның тергеушісі Семей жеке меншік университетін бітірген екен, тағы біреуінен сұрап едім ол да Семей жеке меншік университетін бітіріпті. Арнайы оқу орындарында тергеушілер мен криминалисттерді 4 жыл оқытады, ал ол азаматтық оқу орнынан келген, онда ол бұл пәндерді қысқа-қысқа өтіп, үстірт оқып шығады. Ал сонда осыншама түлектер қайда жүр? Неге олар біздің астанамызды қамтамасыз ете алмай отыр? Осы сұрақты зерттеп көру керек еді. Қаншама қаржы жұмсалуда, олар үш жыл жұмыс істеп өтеу керек, әйтпесе, мемлекетке ақша төлейтін болады. АІІБ оларға жұмысқа келгендер және қайда түскендері туралы жыл сайын ақпарат беріп отыра ма? Мен, ІІМ-нің зейнеткері ретінде өз пайдамды тигізер едім. Органдардың ардагерлерін тарту тәжірибеде бар екенін білемін.
Достарыңызбен бөлісу: |