«Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми білім беру қорының шәкіртақылық байқауы жөнінде ереже І. Жалпы ереже «Shakhmardan Yessenov Foundation»



жүктеу 65,28 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі65,28 Kb.
#14596

«Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми білім беру қорының шәкіртақылық байқауы жөнінде ереже
І. Жалпы ереже

    1. «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми-білім беру Қорының шәкіртақылық байқауы (бұдан әрі – «байқау») геология саласындағы көрнекті ғалым геолог, белгілі мемлекет және қоғам қайраткері, Ұлттық ғылым Академиясының академигі, геолого-минералогиялық ғылымдарының докторы, Ленин сыйлығының Лауреаты, Қазақстан Республикасының Мемелекеттік сыйлығының лауреаты, Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты Шахмардан Есеновтың есімін мәңгілік етуге бағытталған білімгерлердің оқу, ғылыми, қоғамдық іс-әрекеттерін ынталандыруға бағытталған.

    2. Байқаудың мақсаты – еліміздің белгілі жоғарғы оқу орындарының бакалавриаты және магистратураның үздік білімгерлерін қолдау, олардың заманауи қоғамдық талаптарға сай құзыретін дамыту арқылы Қазақстан Республикасында геология ғылымының дамуына үлес қосу

    3. Ережеде «шәкіртақы» теминінің мағынасы 300 000 (үш жүз мың) теңге көлеміндегі әрбір шәкіртақы алушыға тағайындалатын, сәуір айынан келесі жылдың наурыз айы аралығында 12 (он екі) ай мерзімге 2.1. тармағында келтірілген мамандықтар бойынша бакалавриаттың 2-3 курс және магистратураның 1-курс білімгерлеріне тағайындалатын ақшалай төлемақы болып табылады. Жыл сайын байқауға қатысушылар арасынан 20 (жиырма) жеңімпаз-шәкіртақы алушы іріктеліп алынады.

    4. Жеңімпаздар ашық байқау барысында іріктеледі. Байқау бір рет оқу жылының екінші семестрінде өткізіледі. Байқауға күндізгі бюджеттік және бюджеттік емес оқу бөлімінің білімгерлері қатыса алады. Байқау нәтижесі бойынша атаулы шәкіртақы тағайындалады. Жыл сайын тағайындалатын шәкіртақы 20-дан (жиырма) аспайды.

    5. Бағдарлама міндетті түрде ҚазҰТЗУ-ның 2 (екі) білімгерінің шәкіртақы алуын ұйғарады. Академик Ш.Есенов дәріс берген, жұмыс бөлмесі болған университеттің ең үздік 2 білімгерінің шәкіртақы алуына мүмкіндігі болуы тарихи түрде қалыптасқан үрдіс.


ІІ. Ш.Есенов атындағы атаулы шәкіртақы үміткерлеріне қойылатын талаптар

2.1. Қазақстандық университеттердің геология, ІТ және техникалық пен инженерлік мамандықтарында оқып жатқан студенттер шәкіртақы ізденушісі бола алады.

2.2. Бакалавриат және магистратура білімгерлерінің үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» болуы шарт. Бағалар транскрипт арқылы расталады.

2.3. Ізденуші жоғарғы оқу орнының ғылыми, қоғамдық өміріне белсенді араласуын құжат түрінде мәлімдеп, растауы қажет.

2.4. Білімгер білім алатын жоғарғы оқу орнының басшыларының (Ректор, Проректор, Университеттің щқу кеңесінің мүшесі, Институт директоры, Декан, Кафедра меңгерушісі) туысы болған жағдайда байқауға өтінімде осы жөнінде мәлімдеуі қажет.

2.5. Бағдарлама бойынша шәкіртақының тағайындалуы білімгердің мемлекеттік, оның ішінде ұлғайтылған шәкіртақы алу құқығын жоймайды.

2.6. Байқау жыл сайын өткізілетіндіктен, бір рет шәкіртақы алған білімгер бұл байқауға жалпы негізде әрдайым қатыса алады.
ІІІ. Шәкіртақыны тағайындау тәртібі
3.1. Ш.Есенов атындағы шәкіртақы ІІ тармақта көрсетілген мамандықтар бойынша білім алатын 2-3 курс бакалавриат және 1-курс магистратураның ең үздік 20 (жиырма) білімгеріне төмендегі талаптарға сай болған жағдайда тағайындалады. Олар:

а) осы оқу жылында үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» бағаланған;

б) студенттік ғылыми-техникалық конференцияларға белсенді түрде қатысатын;

в) Университеттің және институттың қоғамдық өміріндеа белсенді түрде қатысатын білімгерлер.

3.2. Байқауды өткізу үшін шәкіртақы алушыларды байқаудың үш кезеңінің (турының) нәтижесі бойынша сараптайтын комиссиясы құрылады.

3.3. Ш.Есенов атындағы шәкіртақыға студенттердің іріктелуі төменде келтірілген үш тур бойынша өтеді. Сараптау комиссиясының шешімі Ш.Есенов атындағы шәкіртақы жеңімпаздарының тізімі ретінде Қордың бұйрығымен бекітіледі

3.4. Шәкіртақы жылына бір рет тағайындалады және ағымдағы жылдың сәуір айынан келесі жылдың наурыз айына дейін 12 ай ішінде төленеді

3.5. Ш.Есенов атындағы шәкіртақының ізденушісі байқауға қатысу үшін келесі құжаттарды тапсыруы қажет:




  • Өтінім, үлгі бойынша (Қор сайтынан жүктеледі);

  • Ғылыми жетекшісінің ұсынымы (бакалавриат/магистратура бағдарламасының жетекшісі, кафедра меңгерушісі);

  • «Біз сізді екінші турға не үшін шақыруымыз керек?» атты тақырыпқа ынталандыру жолданымы

  • Жеке куәлігінің көшірмесі

  • Білімгердің транскрипті (ортақ балл 3,0 кем емес)

  • Магистратура білімгерлері үшін жоғары білімі жөніндегі дипломның көшірмесі (бакалавр, маман)

3.6. Байқауға қатысу үшін өтінімді тапсыра отырып, студент автоматты түрде жеке мәліметтерін өңдеуге келісімін береді.

3.7. Шәкіртақы атаулы болғандықтан өзге білімгерге бір білімгерден берілмейді

3.8. Байқауға қатысуға ниетті ізденуші құжаттар жиынтығын 2017 жылдың 23-қаңтарынан 12-наурызына дейін тапсыруы тиіс. Байқаудың ашық екендігі туралы хабарландыру қор сайтында yessenovfoundation.org және әлеуметтік желілерде жарияланады.

3.9. Құжаттарды тапсыру арқылы ізденуші бағдарламаның мақсаттарын қуаттайтынын және өзінің осы Ережеде көрсетілген шарттармен толық келісетіндігін, орындауға дайын екендігін білдіреді

3.10. Барлық өтінімдер Қордың электрондық мекенжайына жіберілуі тиіс: info@yessenovfoundation.org

3.11. Өтінімдер қор қызметкерімен тіркеледі және әрбір қатысушыға жеке тіркеу нөмірі беріледі. Құжаттар жиынтығының толықтығы мен ізденушінің ресми талаптарға сай екендігі анықталған соң байқауға қатысуға рұқсат/рұқсат еместігі жөнінде шешім қабылданады. Шешімнің нәтижесі тек өтінімде көрсетілген электрондық мекенжайға жіберіледі. Бағдарламаның тілі орыс тілі болып саналады.
IV. Байқаудың іріктеу кезеңдері

4.1. Шәкіртақылық байқау 2 (екі) турдан тұрады, әрқайсысының нәтижесі бойынша ең үздік білімгерлер таңдалады.

4.2. Бірінші тур – 2017 жылы наурыздың 13 мен 17 аралығында өтеді.

Уақытылы келіп түскен өтінімдер рецензияланып, бес балдық жүйе негізінде тәуелсіз сарапшылармен келесі критерийлер байынша сырттай бағаланады:



  • жоғары академиялық әлеуеті (оның ішінде белгіленген саладағы қызығушылықтағы эрудиция, тәсілдемелер жаңалығы, жақсы академиялық нәтижелер)

  • мамандыққа қатысты жарияланымның болуы

  • ағылшын, қазақ, орыс тілдерін білуі

  • студенттік өмірде белсенділік

  • еріктілік (волонтерлік) тәжірибенің болуы

  • т.б.

Транскрипт бойынша ортақ балл 3,0 кем болмауы қажет.
Бірінші тур нәтижесі ізденушіге электрондық пошта арқылы хабарланады. Екінші турға өткендер тізімі Қор сайтында жарияланады.

Бірінші тур соңында 40 білімгерлер саны анықталады.


4.3. Екінші тур 2017 жылғы наурыздың 18 мен 30 мен аралығында өтеді.

Екінші тур қатысушылары іскерлік ойын түрінде өтетін бетпе-бет іріктеуге шақырылады. Бұл ойын кезінде тәуелсіз сарапшылар мен психологтар бес балдық жуйе арқылы келесі қабілеттерді бағалайды:



  • көшбасшылық қасиеті

  • топта жұмыс істеу қабілеті

  • мақсат қоюда нақтылық және дәйектілік

  • тез үйрену және жаңа мәліметтерді тез қабылдау мен сараптау

  • ұйымдастырушылық қабілеті

  • коммуникативтілік

  • жаңа жағдайға бейімделу мен калыпты емес шешімдер қабылдай білуі

  • патриоттық

  • қазақ және ағылшын тілдерін білу

  • және т.б.

Іскерлік ойын ұзақтығы 1 күн. Байқау Астана мен Алматы қалаларының жоғары оқу орындарының бірінің негізінде өткізіледі.

Үшінші тур соңында 5 білімгер анықталады.

4.4. Екінші тур қатысушыларына бетпе-бет кездесу турына келіп кету жол ақысын (әуебилеті немесе темір жол билеті), сонымен қатар іріктеу өтетін қалада жатын орын, тамақтану құны (бір тәуліктен артық емес) өтеледі. Жатын орны мен тамақтануды Қор анықтайды.

4.5. Шәкіртақылық байқаудың жеңімпаздарының тізімі 2017 жылдың 15 сәуіріне дейін Қор сайтында жарияланады.


V. Шәкіртақыны алу және төлеу тәртібі
5.1. Шәкіртақылық байқаудың жеңімпазымен бірінші семестрге келісімшарт жасалады. Жеңімпаздың сессия тапсыру нәтижесі шәкіртақы алу шарттарына сай екендігі нақтыланған соң келісімшарт ағымдағы жылдың 31 наурызына дейін ұзартылады.
5.2. Шәкіртақыны төлеу білімгер мен «Shakhmardan Yessenov Foundation» ғылыми білім беру Қоры арасында жасалған келісімшарт негізінде білімгердің банктік шотына немесе қолма-қол келесі айдың 10 күнінен кешікпей төленеді.
5.3. Шәкіртақы нақты білімгерлерге ғана төленеді, егер білімгер академиялық демалыста немесе басқа жоғары оқу орнында тәжірибе өтуде болса, төлемдер тоқтатылады.

5.4. Қор қосымша келісімшарт арқылы өзге де артықшылықтар ұсынуы мүмкін, оның ішінде онлайн курстарды оқу, конференцияларға, іскерлік кездесулерге қатысу сияқты және т.б.



5.5. Қор байқау нәтижелерін сараптау барысында қабылданған шешімдердің себебі мен дәлелдері жөнінде түсіндірме бермеу құқығын өзіне қалдырады.



жүктеу 65,28 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау