Динара Сәтжан, модератор: Жақсы жағынан осылай болуы мүмкін. Ал егер бұлай болмаса ше? Мен оны білгім келеді, бір жағдай бола қалса, кімге хабарласамын? Менің телефонымда учаскелік инспекторымның телефоны болуы үшін, тіпті, мен оны аулада көріп, қалін біліп, амандассам да. Яғни бұл адам кім екенін мен білуім керек, бір жағдайға тап болсам, ол мені құтқаратынын білуім керек қой.
Әсел Шарибаева, «Қазақстан 2050» ЖҚ: Мен спикер емеспін, бұл отырысқа арнайы дайындалған да емеспін. Осы жерде естігендерімнің бәрін ескеретін болсам, Шыңғыс айтқан ақпарат, яғни полиция қызметкерлері бойынша алтыншы орында тұрғанымыз шын болса, нақтылап алайын, бұл сандар дұрыс па? Адам санына шаққанда 152 мың қызметкер бар екенін, біздің алтыншы орында тұрғанымызды кім растай алады? Немесе 100 мың адамға 444 қызметкерден келетін ше? Егер бұл ақпаратқа сенер болсақ, полиция қызметкерлері бізде жетерлік екен. Онда бұл мәселені шешу жолын үш бөлікте ұсына аламын. Бірінші: ІІМ, құрылым ішінде міндеттер дұрыс бөлінбеген шығар. Қызметкерлерді қағазбастылыққа салып қойып, сағаттап жазып отыратын бюрократиялық жұмыс өте көп болып отырған шығар. Міне сондықтан, жүктеме өте көп. Ал бізбен тікелей жұмыс істеуге тиіс адамдар аз шығар. Мүмкін аз емес шығар, бірақ жеткілікті емес. Мүмкін ІІМ-нің жүйесін өзгерту керек шығар. Учаскелік инспекторлар аз да, қағаздарды толтырып, көп жазуға мәжбүр, кеңседе жұмыс істейтін қызметкерлер көп шығар. Жүктелген міндеттерді жеңілдетіп, тікелей адамдармен жұмыс жасайтын қызметкерлерді көбейту керек. Екінші: қазіргі кезде шешім ретінде нені ұсына аламын – бұл учаскелік инспекторлардың барлық азаматтарды бір жерде таба алатын орындарда жұмыс жүргізуі. Адамдар өмір сүретін жерлерде, олар әйтеуір келіп түнейді ғой. Адамдар өмір сүретін жерлерде өздерінің тұрғындарын білетін полиция қызметкерлері жеткілікті болады. Егер бір құқықбұзушылық жасалса, ол қылмыскердің қайда тұратыны анықталып, сол жердегі көршілерінен жауап алынады. Сондықтан аталмыш инспекторлардың жұмысы бір жолға қойылса, міне, осындай жағдайларда көп мәселе оңайырақ шешілер еді. Инспекторлардың жұмысына қатысты айтар болсақ, оларды мүмкін ПИК немесе ТҮКШ-ның жұмысымен біріктіру керек шығар. Біздің ПИК-терде электршінің, сантехниктің, диспетчердің телефондары бар, учаскелік инспектордың да телефоны болса артық болмас еді.
Достарыңызбен бөлісу: |