72
ҚазаҚ
стандағы
практикалық журналистика
3.0
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
СұхБаттаСуШыны тыңДаңыз
Интервью кезінде сұхбат беріп отырған адамды мұқият тыңдап отырыңыз. Керек кезінде оған өз
толықтыруларыңызды қосып отырасыз. Тыңдамаған жағдайда қызықты сәттерді жіберіп алуыңыз
мүмкін. Кейде сіз ойламаған жәйт болып, интервью беруші өзге деректерді айтып кетуі мүмкін. не-
месе сіз жоспарламаған, сізге керек емес әңгіме айтып кетуі ықтимал. Сұхбат беруші белгілі бір тер-
минмен сөйлеуі ықтимал, сол кезде бұл сөздерді анықтап, оқырманға, көрерменге, тыңдарманға
түсінікті болу үшін анықтап алу керек. Мұқият тыңдамасаңыз осының барлығы назардан тыс қалуы
мүмкін.
Кейде сұхбат беруші сіз күтпеген әңгіме айтып, сұхбаттың тақырыбы өзгеріп кетуі де мүмкін. Демек,
алдын ала жасалған жоспардан өзге әңгіме болуы әбден мүмкін.
Мәселен, қазақстандық бір журналист «діндарлардың» көп әйел алуына байланысты материал
жазу барысында теологтан сұхбат алады. Сұхбат барысында теолог көп әйел алушылар «халал
жезөкшелікті» насихаттап отырғанын айтады. нәтижесінде журналист жазған материал көп әйел
алушылар емес, «халал жезөкшелік» туралы болып кетті.
ИШаРат тІлІн ПайДаланыңыз
Ишарат тілін пайдаланыңыз:
көзбе-көз қарап, басыңызды иіп, күліп отырыңыз.
Мұның барлығы сұхбат беруші адамның көңілін өзіңізге аудару үшін, ол сізге қысылмай бар әң-
гімесін айту үшін, сіздің айтқан сөздеріңізге құлақ асу үшін, онымен болатын сұхбат қызық болаты-
нын білдіру үшін қажет. Алайда телеарна немесе радио хабарларға сұхбат алу барысында басыңыз-
ды иіп тыңдау барысында дыбыс шығармауыңыз керек. Мәселен, «иә», «угу» «хммм...» деген дыбыс
шығарсаңыз, оның барлығы таспаға жазылып қалады немесе дыбыс сапасына кері әсер етеді. Бұл
тыңдарман немесе көрерменнің көңілінен шықпауы мүмкін.
Егер сұхбат беруші әдейілеп күлдірсе, онда дыбыссыз күлсеңіз болады.
ЖуРналИСтІң тӘуЕлСІзДІГІ
Сұхбат алушы журналист белгілі дәрежеде қатал, тәуелсіз, табанды, батыл, сонымен қатар өте сы-
пайы, әділ болуы керек. Журналист сұхбат беруші адамға басымдық бермеуі керек. Журналист сұх-
бат беруші адамның алдында орынсыз кішіреймей, тең дәрежеде сөйлесуі керек.
тЕСт СұРаҚтаРы:
1. Сұхбат жәй ғана екі немесе бірнеше адамның әңгімесі ме?
A. Иә, бұл жәй әңгіме.
B. Бұл арнайы жоспарланған, көздеген мақсаты бар әңгіме.
C. Бұл бірнеше адамның әңгімесі.
D. Бұл іскерлік әңгіме.
2. Сұхбат барысында журналист өзін қалай ұстауы тиіс?
A. Журналист икемді болуы тиіс.
B. Журналист тілектес болуы қажет.
C. Журналист тәуелсіз болуы тиіс .
D. Журналист мүдделі болуы қажет.
3. Сұхбатқа дайындалудың қажеті бар ма?
A. Сұрақтарды әңгіме барысында ойластырып, қойып отыру керек.
B. Алдын ала дайындалудың қажеті жоқ, сұрақтарды да дайындамауға болады. Себебі сұхбат ба-
рысында қызық емес болып қалады.
C. Сұхбатқа алдын ала, мұқият дайындалу керек.
D. Болжалдап, бір-екі сұрақ дайындап қоюға болады.