61
ҚазаҚ
стандағы
3.0
практикалық журналистика
практикалыҚ нұсҚаулыҚ
ДЕРЕККЕ тОлы ҚОРЖыны
ЖуРналИСтІң БаСты маШығы – аҚПаРат КөзІн ЖылДам тауыП,
Сауатты ПайДалана БІлу
Журналист шынайы оқиғаларды, фактілер мен құбылыстарды сипаттап, түсіндіреді. Сондықтан
да, білікті журналист болу үшін жұрттың көбі біле бермейтін оқиғалар, фактілер мен құбылыстар
туралы жазу керек. Оның үстіне, редакторлардың көбі әлдекім жасырғысы келетін дүниені ғана
жаңалық деп мойындайтыны да бар.
Журналист қарапайым адамға қарағанда көбірек біліп қана қоймай, дерек көздерін жылдам
тауып, сол деректерді бір-бірімен байланыстыра білуі де керек. Осы тарау авторының ойынша,
журналистің өзге функцияларының бәрі – тек ақпаратты белгілі бір формаға салып, көпшілікке
таратуға мүмкіндік беретін техникалық машықтар ғана.
Сонымен, журналистің ең маңызды міндеті – эксклюзив ақпарат көзін табу. Ал ақпарат көзі деген
не, қандай ақпарат көздері бар, оларды қайдан іздеп, олармен қалай жұмыс істеу керек?
АҚпАрАТ КөзДЕрі: АнЫҚТАМА
Терминдер жөнінде бір ауыз келісіп алайық. Халықаралық БАҚ тәжірибесіне сүйене отырып,
автор ақпарат – қандай да бір мәліметті хабарлайтын ұйымдар, жеке тұлғалар немесе бір топ
адам (ньюсмейкерлер) бола алады деп есептейді. Әлдеқандай құжат, кітап, картина, видео немесе
аудиожазба ақпарат көзі бола алмайды – мұның бәрі тек ақпаратты жеткізудің түрлі құралдары
ғана.
Мысалы: Дүниежүзілік банк жылына екі рет Global Economic Prospects (ғаламдық экономикалық
перспективалар) атты баяндама жариялайды. Әлемдік іЖө және жекелеген елдердің экономикасы
қалай өсетіні туралы болжамдарды қамтитын еңбекті дүниежүзі бойынша мыңдаған медиа таратады.
Беделді ақпарат құралдарының бірі – британиялық ВВС ақпарат көзі ретінде баяндаманың өзіне
емес, оның авторы – Дүниежүзілік банкке сілтеме жасайды.
ИнСЕрТ-МулЬТИМЕДИА
Ақпарат көздерін мүдде топтарына қарай: мемлекеттік, жеке және эксперт ақпарат көздері деп
жіктеу дұрыс көрінеді.
Ақпарат көздерінің
санаты
Анықтамасы
Ақпарат ұсынудың стандарт
үлгілері
МеМлекеттік
Мемлекеттік органдар,
мемлекеттік қызметкерлер
немесе мемлекеттік
органдармен мүдделес өзге
ұйымдар мен лауазымды
тұлғалар
заң актілері, қаулылар, жарлықтар
және т.б.
ресми статистикалық ақпарат
Баяндама, есеп, лауазымды
тұлғалардың сөйлеген сөзі
пікірлер
Архив құжаттары