Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет27/47
Дата25.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#17300
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47

78
лактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының ал-
дын алу туралы» (заңның барлық мәтіні бойынша) заңы;
5 . Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 11 маусымдағы № 789 
«Кәмелеттік  жасқа  толмағандардың  істері  және  олардың  құқықтарын 
қорғау жөніндегі комиссия туралы тиіптік ережені бекіту туралы» қаулысы;
6 . Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 382 
«Мемлекеттік  қорғаншылық және қамқоршылық бойынша функциясын 
жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысы;
7 .  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің  2013 
жылғы  18  маусымдағы  №229  «Ата-ана  қамқорлығынсыз  қалған  жетім 
балаларға арналған білім беру ұйымдары қызметінің тиіптік ережелерін 
бекіту туралы» бұйрығы»;
8 . Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы № 384
«Патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту туралы» қаулысы;
9 . Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 наурыздағы №382 
«Мемлекеттік қорғаншылық және қамқоршылық жөніндегі функцияларын 
жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» қаулысы»;
10 .  Қазақстан  Республикасының  Білім  және  ғылым  министрлігінің 
2010  жылғы  12  сәуірдегі  №166  және  Қазақстан  Республикасының 
Ішкі  істер  министрлігінің  2010  жылғы  26  наурыздағы  №119  «Қазақстан 
Республикасының Ішкі істер министрлігінің Біріктірілген мәліметтер банкі 
базасының  негізінде  өмірлік  қиын  жағдайда  қалған  кәмелеттік  жасқа 
толмағандардың бірыңғай есебін құру туралы» бірлескен бұйрығы .
Қазақстан  Республикасының  аймақтарында  отбасын  қолдау 
орталықтарын  енгізуді  ұйымдастыру-басқарушылық  тұрғыдан 
қамтамасыз ету
Жоғарыда  аталғандардың  барлығына  республикалық  деңгейде  талап 
етіледі:  
— республикалық, жергілікті деңгейде қорғаншылық және қамқоршылық 
органдары  қызметінің  құқықтық  негіздерін  белгілейтін  өзара  келісілген 
нормативтік актілерді әзірлеу және қабылдау; 
— қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өздеріне жүктелген 
функцияларды  тиімді  орындауы  үшін  қажетті  материалдық-қаржылық  ба-
заны құру . Бұл бір жағынан республикалық бюджеттен қорғаншылық және 
қамқоршылық  органдарын  және  Отбасын  қолдау  орталықтары  түріндегі 
сәйкес  өкілетті  мекемелерді  қаржыландыруға  бөлінетін  қаражаттың 
мақсатты  түрде  жұмсалуы  үшін  бюджеттік  қатынастарды  қайта  қарауды/
профилін өзгертуді талап етеді; 


79
—  жергілікті  басқару  органдарының  енжарлығы  мен  консерватизмін 
жою  мақсатындағы  қарқынды  саяси  күш,  олардың  қосымша  қызметтерді 
сәйкесінше  қосымша  жауапкершілікті  алуға  ниетсіздігі,  сондай-ақ 
мекемелердің өз жұмыстарын үйлестіруге ниетсіздігі; 
— ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың құқықтарын қорғайтын 
мемлекеттік  органдардың  институциалдық  реформаларын  жүргізу  және 
осындай балаларды тәрбиелейтін түрлі мекемелердің қызметтерін реттеу;
— барлық мекемелердің балалықтың әлеуметтік картасын жасау және 
әр  аумақта  бала  құқықтарын  қорғау  бойынша  қызметтердің  қажеттілігін 
анықтау, аталған қажеттіліктерді қамтамасыз ету үшін өкілетті мекемелер 
санын анықтау, қорғаншылық және қамқоршылық органдарының өкілетті ор-
гандарына айналдырылуы тиіс (Отбасын қолдау орталықтары (қызметтері) 
кез-келген  бағыныштылық  формасындағы  мекемелерді  анықтау  және 
басқа мекемелерді (контингентті қолдаусыз) кезең-кезеңмен жабу бойынша 
ұйымдастыру іс-шараларын қорғаншылық және қамқоршылық органдары-
мен бірлесе отырып жүргізуі; 
—  ОҚО  (ОҚҚ)  жұмысын  бағдарламалық-әдістемелік  жасақтамасын 
әзірлеу  және  осындай  мекемелерге  кадрларды  қайта  даярлау  жүйесі, 
мұндай  мекемелердің  жұмысын  ұйымдастыру  стандарттарын  құру, 
жинақталған  халықаралық  және  жергілікті  тәжірибені  ескеріп  олардың 
тиімділігін бағалау әдістемесі; 
—  каскадтық  әдісті  пайдаланып  ИТБМ  мамандарын  қайта  даярлау: 
пилоттық  жобаларды  іске  қосу  үшін  мамандарды  оқыту,  олардың  дамуы 
және пилоттық жобалар негізінде кадрларды одан әрі қайта даярлау; 
— мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелердің қатысуымен ОҚО 
(ОҚҚ) функциялары бар қорғаншылық және қамқоршылық органдарының 
өкілетті  мекемелерін  тағайындауға  ашық  конкурстар  өткізу  бойынша  ша-
раларды  қарастырып,  қоғамдық  ұйымдар  мен  басқа  мемлекеттік  емес 
мекемелерді серіктестікке тарту .
Балаларды орналастырудың отбасылық 
формаларын дамыту орталығының Концепциясы
Оңалту, педагогикалық, құқықтық және экономикалық технологиялардың 
бар жиынтығын біріктіретін балалықтың әлеуметтік инфрақұрылымын жо-
балау жаңа міндет болып табылады .  
Орталық  үйлестіруші  және  ұйымдастырушы  функцияларды  орындай-
ды, атап айтқанда: Қойылған мақсатқа жету үшін талдамалық, әдістемелік 
және ұйымдастыру тапсырмаларының кешенін жүзеге асыру . 
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің


80
Өзекті тапсырмалар: 
1.
Әлеуметтік жетімдік профилактикасының мәселелері және қорғаншылық 
және қамқоршылық органдарының жұмысы бойынша республикалық 
және жергілікті заңнамалық-құқықтық актілерге мониторинг жүргізу; 
2.
Баланың отбасылық орналастырудағы түрлі формаларында тәрбиелену 
және даму тиімділігін бағалау;
3.
Алмастырушы отбасыны қолдау және баланың жағдайын жасау үшін 
көмектесудің тиімді моделін әзірлеу және іске қосу; 
4.
Бала асырап алған отбасына көмек көрсетілуін ұйымдастыру және мони-
торинг жүргізу;
5.
Бала асырап алушыларды, қамқоршыларды, патронаттық және мейман-
дос тәрбиелеушілерді дайындаудың вариативтік бағдарламалары мен 
әдістерін әзірлеу және енгізу;
6.
Алмастырушы отбасылармен жұмыс істеу үшін әлеуметтік қызметкерлер 
мен басқа мамандар кадрын даярлау;
7.
Баланы алмастырушы отбасыға орналастыратын және қолдау көрсететін 
бала құқықтарын қорғайтын мамандарды, әлеуметтік педагогтар мен 
әлеуметтік қызметкерлерді оқытудың жаңа бағдарламаларын әзірлеу;
8.
Халықаралық тәжірибені зерттеу және Қазақстанның түрлі аймақтарының 
ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс істейтін кадрларды 
даярлау бойынша жергілікті тәжірибелерін қамту; семинарлар, тренинг-
тер, біліктілікті арттыру курстарын, ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала-
ларды орналастыру мәселелері бойынша конференциялар мен дөңгелек 
үстелдер өткізу, сондай-ақ түрлі отбасылық орналастыру формаларында 
балаларды психологиялық-медициналық-педагогикалық қолдаудың 
бағдарламалық-әдістемелік кешенін құру;
9.
Жетім балалар туралы қоғамдық сананы өзгерту мақсатында ақпараттық 
кампания ұйымдастырып, өткізу және халықты ата-ана қамқорлығынсыз 
қалған балаларды орналастырудың баламалы отбасылық формалары-
нан хабардар ету .


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау