Қазақстандағы отбасылық орналастырудың жағдайы



жүктеу 2,64 Kb.
Pdf просмотр
бет29/47
Дата25.05.2018
өлшемі2,64 Kb.
#17300
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47

84
Бастапқы  екі-үш  аптада  мамандар  жұмысындағы  негізгі  орынды 
педагогикалық  диагностика  алады:  бала  туралы  медициналық  және 
психологиялық  мәліметтер  талданады,  оның  үйдегі,  мектептегі,  түрлі 
қызмет  түрлеріндегі  мінез-құлқына  бақылау  жүргізіледі;  баланың  көмекті 
қалай  қабылдайтыны,  осындай  жағдайдағы  әрекеті  бағаланады .  Баланы 
қандай  класқа  орналастыру  керектігін  шешу  үшін  білім  деңгейін,  қабілеті 
мен дағдысын анықтау үшін пәндер бойынша жұмыстар жүргізіледі .
 
Білімі мен психологиялық функциялардың қалыптасу деңгейіндегі 
мәселелерге  сәйкес  оның  дамуы  анықталады,  баланың  белігілі  бір  білім 
мен  дағдыны  меңгеру  бағдарламасы  әзірленеді .  Баланы  жалпы  білім 
беретін мектепке (жалпы немесе коррекциялық класс) беру ең дұрыс жол .
• 
Уақытша тұру тобы (оңалту тобы);
• 
Отбасына орналастыруға дайындау тобы (әлеуметтік отбасы) .
Бұл топтар - әлеуметтік аналармен (немесе әлеуметтік ата-аналармен) 
бірге ОҚО (ОҚҚ) ғимаратында тұрақты тұратын патронаттық отбасылар . 
Әр топта-әлеуметтік отбасында ереже бойынша әр түрлі жастағы 8-ден 
16-ға дейін бала болады . 
Әр  топтың  өз  міндеті  бар  және  олар  бірыңғай  тәрбие  кеңістігінде 
байланыстырылған . Ереже бойынша бала алдымен қабылдау бөлімшесіне 
түседі,  содан  кейін  оңалту  тобына  барады .  Егер  баланың  шешімі  ұзақ 
уақытты қажет ететін ерекше мәселелері болса ол әлеуметтік отбасыға ор-
наластырылады .
Бала  қабылдау  бөлімшесінде  болған  уақытта  алғашқы  медициналық  
тексеруден  өтеді,  алғашқы  медициналық  және  жедел  психологиялық 
көмек  көрсетіледі,  баланы  әрі  қарай  орналастыру  үшін  қажетті  құжаттар 
дайындалады,  балаға  санитарлық-гигиеналық  күтім  жасалады,  баланың 
тұлғасы  анықталады,  оның  ата-анасының  немесе  оларды  алмастыру-
шы  тұлғалардың  тұлғасы  анықталады,  баланы  әрі  қарай  орналастыру 
мәселесішешіледі .  Әрі  қарай  бала  тұлғасы  жан-жақты  зерттеледі,  оның 
дамуының жеке жоспары әзірленеді . Баланы әрі қарай орналастыру қажет 
болған жағдайда баланы отбасына орналастыруға дайындық жүргізіледі .
3) Оңалту қызметі
Бұл  қызмет  тәрбиеленушілермен  жеке  оңалту  жұмыстарын  жүргізеді, 
бала  дамуының  жеке  жоспарларын  әзірлейді,  жекелей  еңбекке  бағыттау 
бойынша  бағдарламаларды  жүзеге  асырады .  Бұл  қызметтің  ішінде 
балалардың медициналық және психологиялық қызметі құрылған . Сондай-
ақ  дамыта  отырып  (үй)  оқытатын  диагностикалық  класс  құрылуы  мүмкін . 


85
(Диагностикалық класта оқытудың мақсаты баланы жалпы мектепте оқуға 
дайындау .) 
Әр тәрбиеленушіге оңалту қызметі келесідей қызмет түрлерін ұсынады: 
1 . Кешенді медициналық-психологиялық-педагогикалық диагностиканы 
жүзеге асырады; 
2 .  Баланың  дамуына  болжам  жасайды  және  оңалту-түзету 
жұмыстарының әдістері мен формаларын анықтайды
3 Бала дамуының жеке бағдарламасын жасайдыбала дамуының жеке 
жоспары); 
4 . Оңалту бағдарламаларының жүзеге асырылуын ұйымдастырады; 
5 . Бала дамуына мониторинг жүргізеді; 
6 .  Әр  тәрбиеленушіге  отбасылық  тәрбиені  ұйымдастыру  жөніндегі 
қызмет  тауып,  дайындаған  отбасылардың  бірін  таңдау  туралы  шешім 
қабылдауға қатысады, баланың жеке даму жоспарын бекітуге қатысады; 
7 . Бала тәрбиелейтін тәрбиешілерге кеңес береді .
Оңалту қызметі мүшелерінің құрамына келесі мамандар кіреді: дәрігер-
терапевт,  балалар  психологы,  педагог,  дефектолог,  логопед,  дәрігер-
невропатолог  (қажеттілігіне  қарай  Оңалту  қызметіне  дәрігер-психиатр 
кіреді) .
Медициналық қызмет жұмысының негізі
Медициналық қызметтің міндеттері:
1 .  Баланың  ОҚО  (ОҚҚ)  түскен  кезіндегі  псхологиялық-физиологиялық 
даму деңгейін анықтау; 
2 . Алғашқы медициналық көмек көрсету, диагностика және инфекциялық 
және  соматикалық  ауруларды  емдеу,  ауруханаға  жедел  жатқызу 
мәселесін шешу; 
3 .  Медициналық  орталық  немесе  стационар  жағдайындағы  кешенді 
диагностиканы ұйымдастыру
4 .  Мамандар  кеңесі  бойынша  емдеу-профилактикалық  іс-шараларды 
жүргізу;
5 . Сауықтыру шараларының жоспарын жасап медициналық тексеруден 
өткізу;
6 . ОҚО (ОҚҚ) санитарлық-гигиеналық жағдайына бақылау жүргізу;
7 . Қызметкерлер арасында санитарлық-ағартушылық жұмыстар жүргізу;
8 . Тәрбиеленушілер бар медициналық мекемелермен өзара байланыс 
орнату;
9 . Патронат отбасылардағы балаларды медициналық бақылауда ұстау 
және медициналық құжаттарын бақылау .
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің


86
Балалар  үйінің  дәрігері  сәйкес  медициналық  құжаттарды  толтырады 
(Түсу  журналы,  Дәрігердің  қарауы,  анамнез,  балалар  үйіндегі  мамандар 
қорытындысы,  медициналық  карта  (№ . . .форма),  профилактикалық  екпе-
лер журналы, инфекциялық аурулар журналы, ауруханаға жатқызу журна-
лы, жарақаттануды есепке алу журналы) .
Дәрігердің бала ОҚО (ОҚҚ) болған түрлі кезеңдегі жұмысы:
1 . Бала балалар үйінде болған уақытта ол диагностика мен оңалтудың 
бірнеше кезеңінен өтеді;
2 . Баланы қабылдау және санитарлық тексеруден өткізу;
3 . Баланы ОҚО (ОҚҚ) қабылдау бөлімшесіне орналастыру . Диагностика 
және оңалтудың бірінші кезеңі үшін;
4 .  Баланы  мәртебесі  белгіленбеген  балаларға  арналған  оңалту 
бөлімшесіне орналастыру;
5 . Баланы әлеуметтік отбасыға – балаларды отбасыға орналастыруға 
дайындау тобына орналастыру; 
6 . Баланы асырап алатын/меймандос отбасыға орналастыру/
Ескерту:  Санитарлық  тексеру  жүргізгеннен  кейін  балаларды  асы-
рап  алатын  отбасыға  кез-келген  кезеңде  ауыстыруға  болады  (бала 
психологиялық тұрғыдан дайын болғанда).
Қабылдау бөлімшесінің жұмысы
Балалар  көбінесе  әлеуметтік  жағымсыз  жағдайлардан  кейін 
түсетіндіктен  және  денсаулығында  түрлі  мәселелер  болатындықтан, 
гигиеналық  дағдылардың  төменгі  деңгейі,  медициналық  көмек  түскен 
сәтінен бастап көрсетіледі . Әр балаға түскен кезде арнайы жабдықталған 
ғимаратта санитарлық процедура жүргізіледі . 
Осыдан кейін алғашқы медициналық тексеру жүргізіледі . Тексергеннен 
кейін баланың дизенфекциялық өңдеуге жіберілетін заттарының тізімі жа-
салады . Талап бойынша баланың заттары туған-туыстарына қол қойғызу 
арқылы қайтарылады .
Инфекциялық  аурулар  белгісі  болмаған  жағдайда  баланы  оңалту 
қызметтерінің  басқа  мамандары  тексереді:  невропатолог,  психолог,  лого-
пед, педагог-дефектолог .
Психологиялық сөйлеу қабілетінің дамуы, психологиялық-эмоционалдық 
жағдайы,  неврологиялық  дәрежесі  тексеріледі  (психологиялық-сөйлеу 
қабілетінің  кеш  дамуын,  жүйкелік  ауытқуларын  –  мінез-құлық  және 
эмоционалдық  бұзылуларын,  қорқынышын,  ұйқысының  бұзылуын,  түнгі 
шыжың, тарту және т .б . анықтау) . 


жүктеу 2,64 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   47




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау