75
Жетім балаларды орналастырудың инновациялық процестік моделі
әлеуметтік қызметтердің тиімді жүйесі болып табылады, себебі жетім ба-
лалар мен өмірлік қиын жағдайда қалған балалардың әлеуетін арттыруға
бағытталған . Оның негізінде — мұндай балаларды толыққанды азамат-
тар
қатарына қосу ниеті жатыр, бұл мемлекеттік маңызы бар жұмыс .
Ұсынылып отырған процесс балалардың құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғау бойынша жүйелі әрекеттер тізбегін құрайды:
Өмірлік қиын жағдайда қалған отбасылар мен балаларды анықтау
Қорғауды жоспарлау үшін балаларды/олардың
отбасын бастапқы
зерттеу
Баланың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жоспарын құру
Отбасындағы балаға патронаттықты жүзеге асыру
Отбасындағы ағымдық күйді бағалау,
отбасындағы өзгерістерге қол
жеткізу
Баланы ОҚО (ОҚҚ) уақытша орналастыру,
кейін отбасына орналастыру
Баланы өз отбасына қайтару мүмкін болмаған жағдайда отбасына
тұрақты түрде орналастыру
Жобаның инновациялық құрауышы – алмастырушы отбасылардың
(асырап алатын, патронаттық, қамқоршылық, жергілікті бала асы-
рап алушылар, отбасылық тәрбиелеу топтары (ОТТ) әр түрлі түрлерін
қолдауды қамтамасыз ететін жаңа инфрақұрылымды құру жәнеата-ана
қамқорлығынсыз қалған балаға нақты көмек көрсету бойынша маман-
дар қызметінің технологиясын әзірлеу, оның өмір сүру және отбасында
тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету болып табылады .
Кәсіби ОҚО (ОҚҚ) нормативтік-құқықтық базасы ҚР Үкіметінің қаулысымен,
жергілікті биліктің «Балаларды Отбасын қолдау орталықтарының (ОҚҚ)
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің
76
отбасына тәрбиелеуге беру бойынша өкілетті кәсіби қызметтер туралы»
құқықтық актілерімен реттеледі .
Құқықтық форма: мекеме типі — психологиялық-педагогикалық және
медициналық-әлеуметтік көмекке мұқтаж балаларға арналған білім беру
мекемесі .
Мекеме түрі — Психологиялық-медициналық-әлеуметтік қолдау
орталығы .
ОҚО (ОҚҚ) миссиясы: ауданда (қалада) ата-ана қамқорлығынсыз қалған
балалардың құқықтары мен мүдделерінің қорғалуын қамтамасыз ету, ең ал-
дымен өмір сүру және отбасында тәрбиелену құқығын қамтамасыз ету .
Өте маңызды!
Бұл жүйенің нақты жұмыс істеуі үшін қала, аудан әкімшілігінің бас-
шысына, қамқоршылық және қорғаншылық органының басшысына және
олардың құрылуы тиіс (профилі өзгертілетін жұмыс істеп тұрған
мекемелер базасында) өкілетті қызметтеріне басшылық (процесс
жетекшісі) өкілеттіктерін беру қажет. Керісінше жағдайда шығыны
жоқ және өте маңызды өзекті мәселелер мекемелер мүддесі мен түрлі
министрліктердің басымдықтарының арасында бөлініп кетеді.
Жұмыс сапасының критерийлері:
1 . Балалар үшін нәтижелілік (табыстылық),баланың қажеттіліктерін
қамтамасыз ету деңгейі .
2 . Отбасыларға орналастырылған балалар саны (анықталған балалар
санынан) .
3 . Орналастырудың тұрақтылығы (баланың ауысуын азайту және
тәрбиелеуден жоспарланбаған бас тартулардың алдын алу) .
4 . Баланың дамуындағы оң динамиканың болуы және оны бақылау
жүйесінің болуы .
5 . Егер бала мүдделі болса, баланы отбасына қайтару бойынша
жұмыстың жасалуы және тиімділігі .
Қазақстан Республикасының аймақтарында отбасын қолдау
орталықтарын енгізу бойынша құқықтық механизмді құру
Заң жобасында қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілетті
мекемесі ретінде ОҚО (ОҚҚ) келесі жұмыс кезеңдері бекітілуі тиіс:
1 . Мемлекеттік қорғауға мұқтаж отбасылар мен балалар туралы
ақпаратты алу немесе іздеу .
2 . Көмек қажеттігін анықтау үшін балаларды, олардың отбасыларын
77
бастапқы тексеру және қажетті құжаттарды ресімдеу (тексеру актісі,
қорытындыларды дайындау, сәйкес шешім қабылдау) .
3 . Бала құқығын қорғау жөніндегі жоспар құру (бала қауіпсіздігін
қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарын қоса алғанда) .
4 . Отбасында балаға отбасылық патронаттықты жүзеге асыру .
5 . Отбасындағы ағымдық күйді бағалау, отбасындағы өзгерістерге қол
жеткізу .
6 . Баланы өкілетті мекемеге уақытша орналастыру, кейін отбасына ор-
наластыру .
7 . Баланы отбасына тұрақты түрде орналастыру (баланы өз отбасы-
на орналастыру мүмкін болмаған жағдайда кез-келген формадағы
тәрбиелеуге) .
Аталған процесті қамтамасыз ету үшін баланың құқықтары мен заңды
мүдделерінің сақталуын тұрақты түрде бақылауды қамтамасыз ету қажет,
яғни қорғаншылық және қамқоршылық органы жүзеге асыратын балаға
қамқорлық жасауды жоспарлау .
Заң жобасы сондай-ақ 3000 балаға 1 маман есебінен қорғаншылық және
қамқоршылық органының балалықты қорғау жөніндегі мамандарының ми-
нималды санын белгілеуді көздейді, бұл арада жергілікті бюджеттен еңбек
ақы төлеуге ақша бөлу мүмкіндігі қарастырылады .
Отбасын қолдау орталықтары жұмысының құқықтық негізі
I . Отбасын қолдау орталықтары «пилоттық режимде» іске қосылған
жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қажет, жұмыстар
денсаулық сақтау, білім беру органдарына, жергілікті атқарушы
органдарға, құқық қорғау органдарына жүктеледі .
II . Отбасын қолдау орталықтарының жұмысын Қазақстан Респуликасының
барлық аумағында іске қосу үшін Қазақстан Республикасының келесі
заңнамалық актілеріне өзгертулер енгізу қажет:
1 . Қазақстан Республикасының «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы ту-
ралы» кодексі (1-бап . Осы кодексте қолданылатын негізгі түсініктер . 118 .
Ата-ана қамқорлығынсыз қалған жетім балаларды орналастыру, 18-тарау
«Патронат);
2 . Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы бала
құқықтары туралы» заңы (30-бап . Бала құқықтарын қорғау жөніндегі
функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар);
3 . Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» заңы (51-бап .
Педагогикалық қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкершілігі);
4 . 4 . Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 591-II
«Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профи-
4-тарау. Сөйлемдер туралы қызметтің өзгерісінің