тарих. Антропологиялық, лингвистикалық жіктеу. Шаруашылығы және негізгі кәсіптері.
Африка халықтары. Мәдениеті. Қазір кезендегі этникалық процесстер. Америка
халықтары. Европалықтардың Американы жаулауы және отарлауы. Африкадан күштеп
иммиграциялау. Әртүрлі этникалық топтардың шығуы. Қазіргі Америкадағы этникалық
процесстер.
Күтілетін нәтижелері Студент этнология пәнін терең оқып білу арқылы дүние
жүзілік тарихи процестің дамуына талдау жасап обьективті түрде игереді. Сондай-ақ
курсты бітіргеннен кейін студент алынған аналитикалық білімін елдегі ұлтаралық
қатынастарды бағалауға, дамытуға және қайшылықты жағдайды шешу бағдарламаларына
қолдануға дағдыланады.
Пререквизит: Археология, Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы
Постреквизит: Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы, Европа және
Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
Оқытушы: т.ғ.к., аға оқытушы Тулепбаева А.
6.2 Пән атауы: Этноәлеуметтану
(2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты: Этнос әлеуметтануы - бұл қазіргі саяси-әлеуметтік салаға
енгізілген социология ғынымының ерекше бөлімі.
Бұрынғы КСРО-ның саяси және әлеуметтік кеңістігі дамуының посткеңестік кезеңі
жаңа мемлекеттердің құрылуы, олардың территорияларының бөлінуі, саяси қатынастар,
әлеуметтік құрылымдар, мәдени өзара әрекеттің орнауы процесіндегі этникалық құрамның
шұғыл артуымен сипатталады. Этносаяси, этноәлеуметтік, этнопсихологиялық
феномендер посткеңестік адамның санасы мен мінез - құлқының жалпыға бірдей
элементіне және саяси - әлеуметтік процестердің дамуын анықтайтын елеулі факторға
айналды.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). «Этносоциология» пәнінің зерттеу
обьектісі болып этнос, ұлт, категориялары жатады. Берілген оқу пәнінің қарастыратын
тақырыбы әлеуметтанудың этноәлеуметтік, этносаяси этномәдени процестерінің ауқымды
салаларын қамтиды.
Бағдарламада ұлттық — тіл саясатына, ұлтаралық қақтығыстар, ұлттық өзіндік
танымға басты назар аударылады. Әлеуметтік, экономикалық, саяси, құықтық, ғылыми-
техникалық, мәдени, тілдік байланыстар сияқты әр түрлі этникалық қатынастар
формаларын ашуға акцент қойылған.
Этносоциология болашақ социологтарды даярлауда практикалық өзектілігі құнды
курстардың бірі болып табылады. Соңғы он жылдықта ұлттық сана сезімнің өсуіне
байланысты оның ролі біршама жоғарылады. Этноәлеуметтік процестер қазіргі ғылымда
пән аралық зерттеудің обьектісі мен феномені ретінде алға шығуда.
Күтілетін нәтижелері. Пән бойынша алған білімдер жүйесі білім алушыны талапқа
сай дағдыларды игеріп іске асыруға дайын болады. Пәнді игеру арқылы қалыптасқан
біліктілік пен дағдылар студентке жүйелі білім бағытын қалыптастырын іскерлікке
бейімдейтін кешенді білім-білік қалыптастырады. Студент алған білім нәтижесінде пәнді
игеріп, осы білім негізінде пән ауқымында іскерлік дағдынарын толық игеріп, біліктілігін
арттыра біледі.
Пререквизит: Археология, Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы
Постреквизит: Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы, Европа және
Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
Оқытушы: аға оқытушы Исмаилов С.
6.3 Пән атауы: Әлем халықтарының этнологиясы (2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты: оқыту барысында студент бойында этнология ғылымының
іргелі мәселелері бойынша білімдер жүйесін қалыптастыру.
16
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). Әлемді мекендеген халықтардың
этнологиясы., этногенезі, этникалық тарихы, шаруашылық салалары, заттай және
рухани мәдениеттері, қоғамдық құрылыстары, отбасылары және олардың
ерекшеліктері. Этнологияның теориялық мәселері. Әлем халықтарын топтарға бөлу,
олардың тілдері, антропологиялық құрамдары, шаруашылық-мәдени түрлері, этникалық
теориясы және мәдени ерекшеліктеріне қатысты теория.
Күтілетін нәтижелері Шексіз дерек көздерімен жұмыс істей алу: фольклор, архив және
жазба деректері; Этнос ұғымымен оның негізгі концепцияларына анықтама беру; Ғылыми
ойлауды, өз ойын жеткізе алуды меңгеру.
Пререквизит: Археология, Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы
Постреквизит: Азия және Африка елдерінің қазіргі заман тарихы, Европа және
Америка елдерінің қазіргі заман тарихы
Оқытушы: аға оқытушы Құлтаев Б.
7.1 Пән атауы: Қосалқы тарихи пәндер (2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты: Генеология, оның зерттеу әдістері мен деректері,
сфрагистика мен гералдика жайлы, метрология, хронология, полеография, эпиграфика,
анамистика, тарихи жағрапияның ғылым ретінде дамуы, ақша реформасы, металдардың
тарихын зерттеуге үйретеді. Қосалқы тарихи пәннің негізгі бөлшектері: полеография,
сфрагистика, эпиграфия, гералдика, хронология, метрология, нумизматика, ономистика,
гентология, тарихи жағрапия және тағы басқалары.
Күтілетін нәтижелері Қосалқы тарихи пәні-студенттерге генеология, оның зерттеу
әдістері мен деректері, сфрагистика мен геральдика жайлы, нумизматикалық ғылым
ретінде дамуы, ақша реформасы, монеталардың тарихы туралы мағлұматтар береді.
Қосалқы тарихи пәннің тарих ғылымындағы үлесі көп. Қосалқы тарихи пәннің тәжрибеде
және тарихшы жұмысында қолданылады.
Пән бойынша қысқаша сипаттама. Палеография. Жазба деректер мен
жылнамалар жүйесінің құрылу тарихы. Қазақстан территориясындағы этнографиялық
ескерткіштер. Геральдика және сфрагистика. Қазақ руының таңбалары сияқты
геральдиканың белгісі. Қазақстан қаласының гербтері. Қазақ хандығының мөрлері.
Егеменді Қазақстанның мемлекеттік рәміздері (ту, герб, мөр) және олардың мағынасының
толығуы. Фалеристика. Марапаттаудағы әскери оқиғалар және саяси бейнелер. Егеменді
Қазақстанның марапаттау жүйесі. Тарихи метрология. Евразия мемлекетіндегі әртүрлі
кезеңдердегі ұзындық, биіктік, салмақтың метрге дейінгі бірлікте өлшемі. ХХ ғасырдағы
Қазақстан және СССР- де өлшем бірлігін қабылдау.Қазақтардың өлшеу бірлігі.
Хронология. Жылнамалардағы астрономиялық негіздер. Жылдардағы әртүрлі жүйеде
уақытты өлшеу түсініктері. Юлиан, Григориан, шығыс, мұсылман күнтізбелері. Кеңес
дәуіріндегі күнтізбелер.
Нумизматика. Нумизматика түсінік аппараты. Генеалогия. Геналогиялық ғылымының
дамуы. Геналогия деректері. Қазақ халқының генеалогиясы (шежіресі).
Пререквизит: Этнопедагогика.
Постреквизит: Тарихи демография, әлем мәдениетінің тарихы
Оқытушы: т.ғ.к., аға оқытушы Тулепбаева А.
7.2 Пән атауы: Палеография. (2 кредит, 90 сағат)
Оқытудың мақсаты Тарихи зерттеу техникасы мен жекеше және жалпы
әдістеме сұрақтарының талдамасы - пәннің міндеттері болып табылады. Курс
материалына сүйене отырып, зерттеуші көне жазбалар мен қабықтағы жазуларды оқуды,
бұрынғы жыл санағын қазіргі кездегі датаға аударып ертедегі салмақ, ұзындық, аудан
өлшемдерінің мәнін ашып, көне тиындардың пайда болу кезін, уақытын мөлшерлеп, кейбір
тарихи жағрапия мәліметтерін пайдалануды ұйымдастыра алады.
17