Күтілетін нәтижелері: Пәнді игеру арқылы қалыптасқан біліктілік пен дағдылар
студентке жүйелі білім бағытын қалыптастырып, іскерлікке бейімдейтін кешенді білім –
білік қалыптастырады
Пререквизит: Оқушылардың физиологиялық дамуы
Постреквизит: Тәрбие жұмысының теориясы және әдістемесі
Оқытушы: Қыпшақбаева С.
11.1 Пән атауы: Қазақстанның ежелгі тарихы (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты Студенттерді Қазақстанның ежелгі дүние кезеңіндегі ерте
заманнан бастап жүріп өткен жолының тарихи кезеңдері мен бағыттарын бөліп үйрету,
нақтылы оқиғалармен таныстыру, Қазақ халқының тарихын, Қазақстанды мекндеген басқа
да халықтардың көрші елдер мен халықтардың тарихымен байланыстыра қарастыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) “Қазақстан тарихына” кіріспе.
Өркениеттің басталуы.Тарихнама, кезеңдерге бөлу. Тас ғасыры. Кезеңдері және
ескерткіштері. Тас ғасырындағы қоғамдық қатынастар. Өндіргіш күштердің дамуы.
Қазақстан ежелгі дәуірде.Қазақстанның ежелгі тарихы. Палеолит (ежелгі тас ғасыры),
мезолит (орта тас ғасыры), Неолит (жаңа тас ғасыры). Қола дәуірі. Көшпенділіктің пайда
болуы мен дамуы. Көшпенділердің жылқыны қолға үйретуі және дөңгелекті ойлап
табуының революциялық маңызы. Тайпалар мәдениеті. Номадизм мәдениеттің ерекше
түрі. Ерте темір дәуіріндегі Қазақстан. Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар. Ерте
мемлекеттік құрылымдар. Сақтар. «Алтын адам». Сақ-скиф мәдениетінің дүниежүзілік
маңызы. Үйсіндер мен қаңлылар. Ғұндар. Орталық Азиядағы көшпенділер және
отырықшы өркениеттің қарым-қатынасының мәселелері. Қазақстан тарихының тарихқа
дейінгі кезеңі. Антропогенез немесе адамның қалыптасуы. Техногенез немесе еңбек
құралдарын дайындау техникасының дамуы. Социогенез немесе адамзат қауымының
дамуы. Тасдәуірінің археологиялық мәдениеттері. Тарихқа дейінгі адамның мәдениеті.
Қазақстан жеріндегі қола ғасыры. Көшпелілік генезисі. Сақ-сармат дәуіріндегі Қазақстан.
Ғұн, үйсін, қаңлы ерте мемлекеттік құрылымдары. Ғундар Евразия тарихында
Күтілетін нәтижелері Пән бойынша алған білімдер жүйесі білім алушыны талапқа
сай дағдыларды игеріп іске асыруға дайын болады. Пәнді игеру арқылы қалыптасқан
біліктілік пен дағдылар студентке жүйелі білім бағытын қалыптастырып іскерлікке
бейімдейтін кешенді білім-білік қалыптастырады.
Пререквизит: Алғашқы қауымдық қоғам тарихы, Мұрағаттану, Тарихи өлкетану,
Қазақстан тарихы, Пед мамандыққа кіріспе
Постреквизит: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Қазақстанның жаңа заман
тарихы
Оқытушы: т.ғ.к., аға оқытушы Мұсақұлова Г.
11.2 Пән атауы: -
Қазақстанның қола дәуірі (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты студенттерге қола дәуірі заманында Қазақстан жерін мекендеген
тұрғындардың шаруашылығы, материалдық және рухани мәдениетін оқытып үйрету
арқылы еліміздің түрлі аймақтарында өмір сүрген тайпалардың тіршілігі туралы біртұтас
ұғым ретінде қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Қола дәуiрiнiң қоныстары, жерлеу орындары,
кенiштерi, тастағы суреттерi. Археологиялық жәдiгерлердiң өзiн не болмаса суретiн
көрсете отырып талдау арқылы iске асады. Қола дәуiрiнiң қонысытары, үйлердiң жоспары,
қазбадан шыққан заттар. Қола дәуiрiнiң кей сабақтарын музей экспозициялары,
экспонаттарын пайдалану. Қола дәуiрi Қазақстанның көне заман тарихында маңызы. Дәл
осы кезеңде белгiлi бiр тұрақты этникалық-мәдени бiрлестiктердің қалыптасуы, егiншiлiк
пен мал шаруашылығының шығуы, өндiрiстiң, қоғамдық қатынастардың дамыы, мүлiк,
әлеуметтiк теңсiздiктердiң шыға бастауы.
22
Күтілетін нәтижелері Қола дәуірінің мәдениеттерінің Қазақстан мен оған шектес
территориялардан табылған ескерткіштермен таныстыра білу; Қазақстан жеріндегі қола
дәірінің мәдениетінің археологиялық ескерткіштердің орналасуын сипаттай білу; болашақ
археологтарды ежелгі тұрғындардың материалдық мәдениетінің негізгі ерекшеліктерін
айқындауға үйрену; Қазақстан жеріндегі қола дәуірі адамдардың қарулары мен құрал-
саймандарының жасалу жолдарын айқындау білу.
Пререквизит: Алғашқы қоғам тарихы, Археология, Қазақстан археологиясы,
Антропология
Постреквизит: Ежелгі дүние тарихы,
Қазақстанның ежелгі тарихы.
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Тапалов Д
11.3 Пән атауы: Мамандыққа кіріспе (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты: білім алушылар педагогикалық іс-әрекет, оның
құрылымымен, педагогикалық әрекеттің заңды негіздерімен танысып , сондай-ақ әртүрлі
шығармашылықты қажет ететін тапсырмаларды орындай отырып кәсіпті меңгеруге
белсене араласу
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Мамандыққа кіріспе пәні және обьектісі.
Болашақ мұғалімнің қалыптасуы. Тарих мамандығының біліктілігіне сипаттама. Кәсіби
қызметінің ортасы. Кәсіби қызметтің өрісі. Кәсіби қызметтің обьектілері. Кәсіби
қызметтің мәні мен түрлері. Тарих мамандығы бойынша бакалаврдың негізгі қызметіне
Күтілетін нәтижелері Пән бойынша алған білімдер жүйесі білім алушыны талапқа
сай дағдыларды игеріп іске асыруға дайын болады. Пәнді игеру арқылы қалыптасқан
біліктілік пен дағдылар студентке жүйелі білім бағытын қалыптастырып іскерлікке
бейімдейтін кешенді білім-білік қалыптастырады.
Пререквизит: Алғашқы қауымдық қоғам тарихы, Мұрағаттану, Тарихи өлкетану,
Қазақстан тарихы, Пед мамандыққа кіріспе
Постреквизит: Орта ғасырлардағы Қазақстан тарихы, Қазақстанның жаңа заман
тарихы
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Байкабулов Х.
12.1 Пән атауы: Ежелгі дүние тарихы (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты: «Ежелгі дүние тарихы» пәнін жеке пән ретінде оқыту арқылы
тарихи құбылыстарды түсінуге, теориялық көзқарасты маман ретінде қалыптастыруға,
ежелгі дүние тарихының жалпы тарихи процесстегі маңызын және ролін көрсетуге,
студенттерді ежелгі дүние кезеңі қоғамының, адамның және адам қоғамының негізгі
кезеңдерінің даму ерекшеліктерімен таныстырып отырып, оның өзіндік сипатын танытып,
студенттерге тағылым беру, құлиеленушілік қоғам формациясын оқып үйрену негізінде
студенттердің тарихи ойлау қабілеттерін арттыру көзделеді.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). Ежелгі дүние тарихы негізінен екі
бөлімнен тұрады. Біріншіде, Ежелгі Шығыс халықтарының тарихы, екіншіде Ежелгі
Грекия мен Рим тарихы. Ежелгі Шығыс тарихы мен антикалық қоғам тарихын әлемдік
тарих ғылымдарының бөлінбес бір тармағы ретінде қарастыру. Мемлекеттіліктің пайда
болуы және дамуы, құлиеленушіліктің дамуы. Ежелгі Шығыс жерөңдеуінің тұрақтары.
Сауда байланыстарының және агресшіл сыртқы саясаттың мәні. "Әлемдік"
империялардың құрылуы: Ассирия, Иран. Мемлекеттік құрылымның ерекшеліктері және
әлеуметтік стратификация. Ежелгі Шығыс мәдениеті. Ежелгі Греция мен Римнің деректері
мен тарихнамасы. Антикалық Греция және Рим мемлекеттерінің қоғамдық дамуына
жағрафиялық ортаның ықпалы. Греция және Рим тарихының кезеңдері. Греция және
Римде мемлекеттің түрлері ретінде полистердің қалыптасуы. Жекеменшіктің антикалық
түрі. Греция мен Римде құлиеленушіліктің алғы шарттары және таптық қоғамы
(классикалық құлдық). Македондық гегемонияның орнауы. Грек колонизациясы
23