Ғылыми-көпшілік басылымдар тарихи білімді тарату мен құжаттарды үгіт-насихат
мақсаттарына пайдалануға арналғанМысалы, Оңтүстік Қазақстан облысының мемлекеттік
мұрағаты «Оңтүстік Қазақстан облысындағы мұрағат қызметінің басшылары (1926-2006
жж.», «Саяси құғын-сүргіндер: шындық пен қауесет: Құжаттар жинағы», «Ташкент қаласы
мұрағаттарында Оңтүстік Қазақстан бойынша тарихи көрсеткіштер мен шолу
құжаттары», «Түркістан тарихынан: Құжаттар жинағы. Түркістанның 1500-жылдығына
(1917-1996)»,ҚР Президеттік мұрағаты «Ураз Джандосов:Публицистика мен құжаттар. 2-
томдық»
Оқулық түріндегі басылымдар – бұл көбінесе өлке тарихы бойынша хрестоматия,
онда жарияланған құжатты материалдар өлкетанулық сипатты материалдарды оқу
материалдары ретінде терең зерттеуге арналған. «Исмаилов А. Тұрар Рысқұловтың
уақыты мен тағдыры. Көрнекті қайраткерге 110-жылына арналған», «Х1Х-ХХ ғғ.
басындағы Қазақстанды орыс зерттеуінің беттері»
Күтілетін нәтижелері Мұрағаттың басты міндеті бүгінгі қоғам мүшелерін
ретроспективті құжаттармен таныстыру және оны пайдалану мүмкіндіктерін кеңейту
мұрағаттың болып отырады. Оған қол жеткізудің ең тиімді және ыңғайлы түрі мұрағат ісін
ақпараттандыру болмақ.. Ақпараттандырудың Қазақстандағы бүгінгі күнгі жағдайы,
электронды құжаттардың дәстүрлі құжаттарға қарағанда тиімділігі, интернет жүйесінде
мұрағат құжатарын пайдаланудың мүмкіндіктерін пайымдау арқылы Орталық
Мемлекеттік Мұрағаттың интернеттегі сайтының қызметіне әлемдегі өзге де мұрағат
сайттарымен салыстыра баға беру де маңызды.
Пререквизит: Қазақстанның ежелгі тарихы, тарихи
өлкетану, мұражайтану.
Постреквизит: тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау.
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Юлдашева Ф.
26.3 Пән атауы: Қазақстан Республикасында мұражай ісі
(2 кредит, 90сағат)
Оқытудың мақсаты Қазақстан Республикасында
музей ісі мен тарихын, оларды
ұйымдастыру мен қызметтер жүйесін, әдістемесін зерттеу.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Қазақстанда мұражай тарихы 1830
жылдан басталады. Орынборда жергілікті халықтың тарихы мен этнографиясын мұралар
негізінде 1831 ж. Неплбев әскери училищесі жанынан губерниялық мұражай ашылған. Бұл
мұралар қазіргі таңда ҚР орталық Мемлекеттік мұражайының негізгі қорын құрауда.
Күтілетін нәтижелері Қазақстан Республикасында қазіргі таңда мұражайлар
қызметі қоғамдық институтретінде әлеуметтік, қоғамдық-экономикалық жағдайға сай
жүргізілуде.
Пререквизит: Қазақстанның ежелгі тарихы, тарихи өлкетану, мұражайтану.
Постреквизит: тарихи мәдени ескерткіштерді қорғау.
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Тапалов Д.Ж.
27.1 Пән атауы: Тарихнама (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты Курста антика медиевистика, жаңа және қазіргі заман
тарихын бірнеше дәрежеде-жалпыевропалық, ұлттық жекелеген ағымдар және ұлттық
тарихнама бағыттарына сай дамып жатқан процесс ретінде қарастырылған.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Антика тарихнамасы. Орта ғасырлар
тарихнамасы. Жаңа заман тарихнамасы. Қазіргі кездегі шетел тарихнамасы.
Күтілетін нәтижелері Студент Тарихнама пәнін терең оқып білу арқылы дүние
жүзілік тарихи процестің дамуына талдау жасап обьективті түрде игереді. Сондай-ақ
курсты бітіргеннен кейін студент алынған аналитикалық білімін елдегі ұлтаралық
қатынастарды бағалауға, дамытуға және қайшылықты жағдайды шешу бағдарламаларына
қолдануға дағдыланады.
Пән бойынша қысқаша сипаттама. Ежелгі Шығыс, Греция және Рим
тарихнамасы. Феодализм тарихнамасы. Гуманистік тарихнама. Шетелдердің ерте жаңа
44
заманының тарихи білімі. Еуропаның тарихи мектептері. ХІХ ғасырдың философиялық
жүйесінің тарихи процесінің интерпретациясы. ХІХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ
ғасырдың басындағы тарихи сана және кәсіптік тарихнама. ХІХ-ХХ ғасырлардағы Азия
және Африка елдерінің тарихын зерттеу. ХХ ғасырдағы Еуропа мен Америка елдерінің
тарихының тарихнамасы. Тарихи танымдағы революциялар мен дағдарыстар.
Шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы бойынша Қазақстандық тарихнама. ХХІ
ғасырдың басындағы жаңа мәселелер және жаңа тәсілдер.
Пререквизит: Этнология, Қосалқы тарихи пәндер.
Постреквизит: Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық
қатынастар тарихы
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Жанысбеков А.
27.2 Пән атауы: Отандық мәдениет тарихы
(3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты Студенттерге қазақ халқының рухани мәдениетінің
құндылықты-мәндік мазмұны мен тарихилығын, бай мұралардың мағынасын, өркениеттік
теория тұрғысынан халықтардың мәдени дамуындағы заңдылықтар мен бағыттарды,
мәдени жетілу мен трансформацияның маңызын ашып көрсету.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Сақ-үйсін дәуірінің мәдениеті, Ежелгі
түркі мәдениеті, Ерте ортағасырлық Қазақстанның мәдениеті, Кейінгі ортағасырлардағы
рухани мәдениет, Дәстүрлі қазақ қоғамы, Жаңа кезеңіндегі қазақ мәдениеті, Отарлық
кезеңдегі халықтың көркемдік эстетикалық дамуы, Қазақ ағартушылығы және ұлт
зиялылары, ХХ ғасырдағы қазақ халқының мәдениеті.
Күтілетін нәтижелері Отандық мәдениет тарихының кезеңдері. Отандық мәдениет
тарихының құрылымы, өзара байланысы. Қазақ мәдениетінің негізгі мәселелері. Ежелгі
Қазақстан дәуіріндегі отандық мәдениет. Дәстүрлі қазақ қоғамы. Қазақ жерінен шыққан
ұлы ойшылдар және олардың қазақ мәдениетіне қосқан үлестері. Қазақ ақын
жырауларының мәдениеттану ғылымындағы орны. Қазақтың музыка өнері. Қазақ ауыз
әдебиеті мен жазба әдебиеті. Жаңа кезеңдегі отандық мәдениет. Қазақ зиялылары олардың
Қазақстан тарихында оқытылуы. Тәуелсіз Қазақстанның мәдениеті Пән бойынша алған
білімдер жүйесі білім алушыны талапқа сай дағдыларды игеріп іске асыруға дайын
болады. Пәнді игеру арқылы қалыптасқан біліктілік пен дағдылар студентке жүйелі білім
бағытын қалыптастырып іскерлікке бейімдейтін кешенді білім-білік қалыптастырады.
Пререквизит: Этнология, Қосалқы тарихи пәндер.
Постреквизит: Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық
қатынастар тарихы
Оқытушы: магистр, аға оқытушы Ералиева Ғ.
27.3 Пән атауы: Дүние жүзілік өркениет тарихы
(3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты «Мәдениет» және «өркениет» ұғымдары, олардың өзара
қатынасы. Өркениет мәдениет дамуының белгілі бір сатысы және дәрежесі ретінде.
Өркениет-адамның сыртқы, ал мәдениет – ішкі әлемі ретінде. Мәдени-тарихи процестерге
байланысты формациялық және өркениеттілік қағидалар.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер.
Номадалардың ежелгі мәдениеті. Ежелгі мәдениеттер мен өркениеттер. Әлемдік
өркениеттік үрдістер аясындағы қазақ мәдениеті.
Күтілетін нәтижелері Дүние жүзіндегі қалыптасқан барлық мемлекеттер мен
адамзат тарихының даму барысындағы ежелгі дәуірден бүгінгі заманға дейінгі барлық
халықтардың саяси қоғамдық және мемлекеттік даму жетістіктері мен әлеуметтік
экономикалық және мәдени дамуында қол жеткен жетістіктермен материалдық – мәдени
мұралардың пайда болуы мен қалыптасуының тарихын зерттеу. Пән әлемнің түрлі
аймақтарындағы этно-мәдени тарихи мұраларды зерттеу және зерделеу арқылы адамзат
қоғамының қазіргі заманғы өркениет деп аталатын ұғымға сай мұраларын ерекшеліктері
45