16.2 Пән атауы: Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілістер тарихының
тарихнамасы. (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты Әртүрлі кезеңдердегі Қазақстан тарих ғылымының даму
тарихын зерттеу, оның дамуының өлшемдерін анықтау, әртүрлі программалар бойынша
түбегейлі шешімдерді айқындау, Отандық тарихнаманың кезеңдерін анықтау Соның
ішінде ұлт-азаттық көтерілістер тарихының тарихнамасын оқыту.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары)
Қазақстандағы ұл-азаттық көтерілістер тарихы. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық
көтерілістің тарихнамасы. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің
тарихнамасы, Исатай мен Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің тарихнамасы, 1916
жылғы ұлт-азаттық көтеріліс тарихнамасы
Күтілетін нәтижелері Тарихнама туралы түсінік. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық
көтеріліс тарихының тарихнамасы. Сырым жөніндегі Вяткиннің зерттеулері. Исатай мен
Махамбет бастаған ұлт-азаттық көтерілістің Қазақстан тарихында зерттелінуі. Кенесары
бастаған ұлт-азаттық көтерілісінің тарихнамасы. 1916ж. ұлт-азаттық көтеріліс және т.б.
көтерілістер тарихының тарихнамасы жүйелі білім бағытын қалыптастырып іскерлікке
бейімдейтін кешенді білім-білік қалыптастырады.
Пререквизит: Қазақстанның ежелгі тарихы, Ежелгі дүние тарихы
Постреквизит: Қазақстанның жаңа заман тарихы, Қазақстанның қазіргі заман
тарихы
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Жанысбеков Ә.
16.3 Пән атауы: Қазақстанның жаңа заман тарихының ақтандақтары. (3
кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты Негізгі тарихи мэселелердің шешімін қарастыру: этногенез
мемлекеттілік тарихи ұлт-азаттық қозғалыстар және саяси ағымдар, көшпенділер мәселесі.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары)
қазақ жерінің Ресей империясының құрамына енгізіліп, Қазақстанды отарлау шаралары
Хандық биліктің жойылуы. Қазақ халқының дара тұлғалары - Әбілқайыр, Абылай және
Кенесары хандардың, Төле, Қазыбек, Айтеке билердің Шоқан, Абай, Ыбырай секілді
ағартушылардың тарихтағы орны. Отаршылдыққа қарсы ұлт-азаттық қозғалысы және
олардың жетекшілері. Әкімшілік-аумақтық жаңа жүйенің енгізілуі және оның сипаты.
Қазақ жеріне қоныс аудару қозғалысы мен оның зардаптары. Мәдени өмірдегі өзгерістер.
XX ғасыр басындағы. Қазақстанның қоғамдық-саясидамуы, реформаторлық идеялар мен
жалпы ұлттық баспаның пайда болуы қарастырылады.
Күтілетін нәтижелері Тарихи оқиғаларды оқып зерттеуде тарихи ақиқатын танып,
ақтаңдақтардан ажырата білуге студенттердің мән беруіне үйрету. Сонымен қатар
студенттердің тарихи ұлттық санасын қалыптастырып және тарихи ұлттық
құндылықтарды танып білуге патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Пререквизит: Қазақстанның ежелгі тарихы, Ежелгі дүние тарихы
Постреквизит: Қазақстанның жаңа заман тарихы, Қазақстанның қазіргі заман
тарихы
Оқытушы: Құлтаев Б.
17.1 Пән атауы: Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы (3
кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты Жаңа тарих әлемдік тарихтың бөлінбес арнайы кезеңі ретінде.
Индустриялық өркениеттің пайда болуы. Буржуазиялық революциялар мен олардың
негізгі түрлері. Капитализмнің қалыптасуы мен нығаюы.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Еуропа мен Американың жаңа тарихы
әлемдік тарих ғылымының бөлінбес бір бөлшегі ретінде қаралып, батыстағы капиталистік
30
қатынастардың негізгі генезисі, еуропалық мемлекеттердің дамуы. Жаңа және қазіргі
заман тарихының мерзімдік шектері және кезеңдерге бөлу мәселесі.
Жаңа заман тарихы. Батыс елдерінің дәстүрлі қоғамнан индустриалдық қоғамға өтуі.
АҚШ тың құрылуы. Ұлы француз революциясы. Еуропа және Америка елдеріндегі
индустриалдық өркениет кезеңіндегі экономикалық, саяси және әлеуметтік үрдістердің
сипаты. ХҮІІ-ХІХ ғғ. халықаралық қатынастардың дамуы. Бірінші дүниежүзілік соғыс.
Күтілетін нәтижелері Пән бойынша алған білімдер жүйесі білім алушыны талапқа
сай дағдыларды игеріп іске асыруға дайын болады. Пәнді игеру арқылы қалыптасқан
біліктілік пен дағдылар студентке жүйелі білім бағытын қалыптастырып іскерлікке
бейімдейтін кешенді білім-білік қалыптастырады.
Пререквизит: Орта ғасырлардағы Еуропа мен Америка елдерінің тарихы, Орта
ғасырлардағы Азия мен Африка елдерінің тарихы.
Постреквизит: Еуропа мен
Америка елдерінің қазіргі заман тарихы, Азия мен
Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
Оқытушы: т.ғ.к., аға оқытушы Тулепбаева К.
17.2 Пән атауы: Еуропа елдерінің жаңа заман тарихы (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты Білімнің тиянақты болуы үшін, тарихқа деген ынтаны
арттыру және тарихи фактілерді, оқиғаларды талдап, қорытындылауға студенттерді
белсене қатыстыру, тарихи білімдерді, ұғымдарды және жаңа сөздерді студенттерге берік
меңгертіп, қалыптастыру.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) ХҮІІ-ғ.ІІ-жартысы ХІХ-ғ. басындағы
Еуропа
елдері.
Англия. Саяси және экономикалық дамудың негізгі тұжырымдары.Стюарттар кезіндегі
дағдарыстар.Азамат соғыстары.Билік басындағы өзгерістер.Оливер Кромвельдің
протектораты.Өнеркәсіп төңкерісі.
Франция.Қоғамның әлеуметтік -құрылым
ерекшеліктері. Француз буржуазиялық революциясы. Адам және азамат құқығы
декларациясы. Ұлттық конвент.Республиканың орнауы.Революциядан кейінгі елдегі саяси
жағдай. Италия. Мемлекеттік бытыраңқылық. Испан иелігі дәуірі. Италияндық соғыстар.
Мемлекеттік құрылымдағы өзгерістер. Герман мемлекеттері. Пруссия. Отыз жылдық
соғыстан кейінгі Германияның экономикалық, саяси және мәдени құлдырауы. Брандербург
– Прусс мемлекетінің өркендеуі. Австрия империясы. Габсбург иеліктері. ХҮІІғ.-ХҮІІғ.ғ.
басындағы ұлт-азаттық қозғалыс. ХҮІІғ.соңы-ХҮІІғ.ғ. соғыстар оның нәтижелері.
Ресей. Ресей империясының әлеуметтік жағдайы. І Петрдің сыртқы саясаты. Солтүстік
соғыс. Жеті жылдық соғыс. Орыс-түрік соғыстары.1812-жылғы Отан соғысы және оның
нәтижелері.
ХҮІІ-ғ.ІІ-артысы – ХІХ-ғ.басындағы Еуропа елдеріндегі халықаралық қатынастар.
Еуропадағы елдерінің отарлау саясаты. Версаль бітімі. Напалеон соғыстары дәуіріндегі
Еуропа.
Күтілетін нәтижелері теориялық біліммен қатар практикалық дағдыларды игеру,
студенттердің тіл деректерін нақты танып, сөйлеу, жазу мәдениетін жетілдіру, оларды
ғылыми зерттеу жұмыстарына бейімдей білу.
Пререквизит: Орта ғасырлардағы Еуропа мен Америка елдерінің тарихы, Орта
ғасырлардағы Азия мен Африка елдерінің тарихы.
Постреквизит: Еуропа мен
Америка елдерінің қазіргі заман тарихы, Азия мен
Африка елдерінің қазіргі заман тарихы
Оқытушы: Сейдуалиева А.
17.3 Пән атауы: Америка елдерінің жаңа заман тарихы (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты Американың жаңа заман тарихының тарихи география мен
деректану ғылымын зерделеу. Американың жаңа заман қоғамындағы негізгі оқиғалардың
даму ерекшеліктерімен танысу.
31