9.2. Пән атауы: Әлеуметтік зерттеу методы (3 кредит, 135 сағат)
Оқытудың мақсаты Пәнді оқудың мақсаты – Әлеуметтік зерттеу методы қазіргі
информациялық технология кезеңіндегі болып жатқан өзгерістерге сәйкес, мамандардың
кәсіби біліктілігімен қатар қоғамдық ортадағы әлеуметтік-экономикалық процестердің
дағдыларын игеру мәселесі туындап отырғандықтан, олардың жаһандану саясатының
алдында жетекшінің әлеуметтендірудегі мәселелерін шеше білуге үйрету, әлеуметтік
ортадағы коммуникативті қатынастарын қалыптастыру.
Пәннің атқаратын міндеттері - ғылыми зерттеу әдістерін және адамның даму мен
қалыптасу мәселесін, әлеуметтік-педагогикалық тәрбиенің мақсаты мен міндеттерін
теориялық жағынан төмендегідей дайындайды: - басқару жұмысы гуманитарлық білімнің
саласы ретінде талдау; -әлеуметтендірудің факторларын зерттеу; -әлеуметтік институтардың
функцияларын жүйелеу; - қоғамдық- моральдық қатынастарға жіктеу.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). Әлеуметтанулық зерттеу әлеуметтанулық
мәліметтерді сандық және сапалық жинақтауға, өлшеуге, жалпылауға және талдауға
мүмкіндік беретін әдістерді пайдалана отырып нақты жағдайдағы әлеуметтік құбылыстарды
зерттеудің құралы болып табылады. Әлеуметтанулық зерттеу бір-бірін әлеуметтанулық
мәліметті жинау; жиналған мәліметтерді өңдеуге эзірлеу және өңдеу; альшған мәліметтерді
сараптау, зерттеу нәтижесін шығару-қорытындылар мен ұсыныстар жасау. Жоғарыда
көрсетілген кезеңдер әрбір зерттеуде орын алатынына қарамастан, күрделілігі әр түрлі
мәселелерді зерттеу үшін әлеуметтанулық сараптаудың бэріне ортақ формасы жасалмаған.
Зерттеушінің алдьша қойған мақсаты, нақты әлеуметтанулық обьектінің қызмет
етуімен дамуының эмпирикалық заңцылықтарының толық жиынын тану болған жағдайда
әлеуметтанулық зерттеудің обьектісі мен пәні бір жерден шығады. Әлеуметтану классиктері
(М. Вебер, Э. Дюркгейм, В. Парсонс және т.б) оның пәнінің ортақ түсінігін берген жоқ, бірақ
ғылымды, кейіннен оның методолгиясы болуьша үміткер болған эмпирикалық әдістермен
«қаруландырылды».
Күтілетін нәтижелері. Студент алған білім нәтижесінде пәнді игеріп, осы білім
негізінде пән ауқымында іскерлік дағдыларын толық игеріп, біліктілігін арттыра біледі.
Пән бойынша алған білімдер жүйесі білім алушыны талапқа сай дағдыларды игеріп
іске асыруға дайын болады. Пәнді игеру арқыны қальштасқан біліктілік пен дағдылар
студентке жүйелі білім бағытын қалыптастырып іскерлікке бейімдейтін кешенді білім-білік
қалыптастырады.
Пререквизиттер: әлеуметтанудағы әлеуметтік статистика
Постреквизиттер: әлеуметтік институттар және процестер
Оқытушы:
Ахметова Ж.
9.3. Пән атауы: Қазақстандағы әлеуметтік -демографиялық процестер (3 кредит,
135 сағат)
Оқытудың мақсаты Қазақстан аумағындағы әлеуметтік -демографиялық процестері
ашып көрсету. Халық құрамындағы өзгеріс: әлеуметтік, ұлттық, территориялық. Табиғи
қозғалыс: туу, өлу, миграция халықтың орналасуы.. және әлеуметтік -демографиялық
саясаттың мәнін ашып көрсету
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары) Демографияның пәнін, негізгі
категорияларын, сандық және сапалық сипатамалары анықтау. Әлемдегі демографиялық
факторлар рөліннің артуы. Мемлекеттің демографиялық саясаты. "Демографиялық дүмпу"
түсінігі. Халықтың санының артуының негізгі режимдері. Көші-қон процестері, түрлері және
адамдардың шектен тыс молаюының объективті және субъективті себептері. Халық санының
көбеюінің режимі. Демографиялық коэффициенттер. Халық санағының шығу көзі. ҚР-ғы
демографиялық жағдай. Халықтың әлеуметтік-демографиялық жікке бөлінуінің табиғи
негіздері: жынысы, жасы. Қоғамның жанүялық-демографиялық құрылымы. Қазіргі қоғамның
жыныстық, жас ерекшелік құрылымының аймақтық және ұлттық-этникалық
айырмашылықтары. Қоғамның жыныстық, жас ерекшелік құрылымының өзгеруінің қазіргі
19
тенденциялары. Халықтың жас ерекшелік тұрғы-сынан бірігуі (балалар, жастар,
пенсионерлер және т.б).
Күтілетін нәтижелері Берілген тарихи кезен аралығында белгілі әлеуметтік
қауымдастық ішіндегі әлеуметтік -демографиялық процестері сараптай білу. Мемлекеттегі
қандай да бір әлеуметтік топтарды қолдау үшін рационалды демографиялық саясаттың
қалыптасуына ықрплы бар екендігін студенттерге ой қалыптастыру Пререквизиттер:
Әлеуметтанудың ғылыми мәртебесі,Қоғамның әлеуметтік жүйелері
Постреквизиттер: Отандық әлеуметтану тарихы, Әлеуметтанулық зерттеудің
әдістемесі мен әдістері
Оқытушы: т.ғ.к., доцент Жанысбеков Ә.
10.1 Пән атауы: Әлеуметтік психология (3 кредит,135 сағат)
Оқытудың мақсаты: : бүгінгі таңдағы әлеуметтік психологияның негізгі мәселелері –
бұл өзінің теоретикалық іргетасын орнықтыру; жаңаша зерттеу әдістерін жасау; үлкен және
шағын топтардың дамуы мен қызмет етуінің ерекшеліктерін зерттеу; адамдардың өзара
әрекеттестігі мен қарым-қатынасының заңдылықтарын айқындау; жеке адамды әлеуметтік-
психологиялық зерттеу, әлеуметтік психологияның қолданбалы зерттеу аймағын кеңейту мен
жасақтау. Жалпы психология және әлеуметтану ғылымдарындағы әлеуметтік психологияның
пәні туралы біртекті түсініктердің болмауы. Әлеуметтік психологияның гуманитарлық
білімдер жүйесіндегі орны мен өзге де психологиялық пәндермен өзара байланысы. Адам
және қоғамның қазіргі мәселелерін шешудегі әлеуметтік психологияның мәні мен ролі.
Қазіргі әлеуметтік психологиядағы необихевиоризм. Әлеуметтік психологиялық зертеулер
контексіндегі үйрену теориясының негізгі ұғымдары. Әлеуметтік-психологиялық
феномендердің психоналитикалық талдауы. Әлеуметтік психологиядағы феномендердің
психоналитикалық талдауы.
Қысқаша мазмұны (негізгі тараулары). әлеуметтік психология – пәні, оның адам
және қоғам туралы ғылымдар жүйесіндегі алатын орны болып табылады. Әлеуметтік
психология зерттеу аймағы ретінде ХІХ-ғасырдың аяғында пайда болғанымен өзіндік
ұғымдық аппараты мен әдістері бар күрделі ғылыми пән ретінде тек ХХ-ғасырдың ортасында
ғана мәлім болды. Жалпы психология мен әлеуметтану ғылымының қиылысындағы ғылым
саласы ретінде әлеуметтік психология бірқатар психологиялық құрылымдарды, әлеуметтік
қажеттіліктер мен қызығулар, сана және өзіндік сана, әлеуметтік психологиялық ахуал,
қоғамдық пікір және идентификация, бейімделу, иландыру, еліктеу, эмоционалдық өзара жұғу
сияқты топтық феномендерді зерттейді.
Күтілетін нәтижелері. Әлеуметтік психология отбасының, ұжымның, таптың, ұлттың,
тағы да басқа адамдардың тұрған жеріне, кәсібіне, қоғамдағы алатын орнына қарай
жіктелетін топтарының психологиясын зерттейді. Әлеуметтік психология қоғамда болып
жатқан саяси-әлеуметтік құбылыстардың сырын түсінуге, олардан қорытынды шығарып,
қоғамның даму бағытын айқындауға, ірі топтарды және тұтас қоғамды басқаруға,
бағыттарды, шараларды айқындай отырып, оны стратегиялы дұрыс жолға салып отыруға
көмектеседі. Сондықтан ғалымдар бұл ғылымның болашағы зор, XXI ғасырда жетекші
орындарға шығады деп есептейді.
Пререквизиттер: Девианттық мінез-құлық әлеуметтануы, Тұлға әлеуметтануы.
Постреквизиттер: іс-тәжірибе
Оқытушы: Ахметова Ж.
10.2
Пән атауы: Кәсіпкерлік әлеуметтануы (3 кредит,135 сағат)
Оқытудың мақсаты: Кәсіпкерлік әлеуметтануы пәні индивид әрекеті мен оның
экономикалық мотивациясын зерттеуді қамтиды. Экономикалық мотивация
зерттеулерімен қатар кәсіпкерлік әлеуметтануы пәнінің зерттеу сферасына енетіндер:
кәсіпкерліктің тарихи типтері, кәсіпкерлік мәдениеттің элементтері, әр түрлі кәсіпкерлік
топтардың өзін - өзі теңдестіру тәсілдері, кәсіпкерлік топтардың әлеуметтік құрамы,
20