Ќазаќстан республикасыныѕ«жасыл» экономикаєа кґшутўжырымдамасы



жүктеу 438,72 Kb.
Pdf просмотр
бет11/14
Дата01.01.2018
өлшемі438,72 Kb.
#6576
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

32 

 

 



сұраныс  2030  жылы  136-145  млрд.  КВт-сағ.  және  2050  жылы                      

186-206 млрд. КВт-сағ. құрайды). 

2.  Электр  энергетикасына  арналған  газдың  бағасы  (неғұрлым  тӛмен 

баға газдың кӛбірек қолжетімділігіне сәйкес келеді). 

3. Генерацияның жаңа түрлерін дамытудың екі нұсқасы бар: біріншісі - 

2050  жылға  қарай  баламалы  және  жаңартылатын  энергия  кӛздерінің  үлесі 

(ГЭС, ЖЭС, КЭС және АЭС қоса алғанда) 30%-дан (мақсаттарға ішінара қол 

жеткізу)  жоғарыны  құрайды,  екіншісі  -  50%-ға  жетеді  (Стратегия-2050-дің 

мақсаттарына толық қол жеткізу). 

4. Қолданыстағы кӛмір, газ станцияларының және ГЭС-тің  қызмет ету 

мерзімін  барынша  ұзарту  ұйғарылады,  ӛйткені  бұл  шешім  электр 

энергиясының  ең  тӛмен  ӛзіндік  құнын  қамтамасыз  етуге  қабілетті; 

атмосфералық  ауаның  сапасын  жақсарту  және  экологиялық  стандарттарға 

сәйкестік  үшін  қолданыстағы  кӛмір  станцияларын  жаңғырту  шеңберінде 

шаң-газ тазартқыш жабдықтарды орнату ұйғарылып отыр. 

5.  2030  жылға  белгіленген  қуат  бойынша  болжамды  деректер:  ЖЭС 

үшін 4,6 ГВт және КЭС үшін 0,5 ГВт.  

6.  АЭС  салу  ұлттық  жоспарларға  сәйкес  жүзеге  асырылады:  АЭС-тің 

жалпы белгіленген қуаты 2030 жылы 1,5 ГВт-ты және 2050 жылы 2,0 ГВт-ты 

құрайды. 

7.  Газдандырылған  облыстардың  барлық  ірі  қалаларындағы  ЖЭО 

атмосфералық ауаның сапасын арттыру үшін кӛмірден газға кӛшіріледі. 

Осылайша, үш сценарийді іске асыруға болады (14-16

-суреттер

):  

Базалық  сценарий:  базалық  сценарийдегі  электр  энергиясына  деген 



сұраныс, Ақмола және Қарағанды облыстарын газдандыру, газдың ағымдағы 

тӛмен  бағасын  сақтап  қалу,  2050  жылы  электр  энергиясын  ӛндірудегі 

баламалы кӛздер үлесінің 30%-ы; 

«Жасыл» сценарий – қымбат газ: «жасыл экономиканың» мақсаттарын 

орындау кезінде электр энергиясына деген сұраныс, Ақмола және Қарағанды 

облыстарын  газдандыру,  газдың  жоғары  бағасы,  2050  жылы  электр 

энергиясын ӛндірудегі баламалы кӛздер үлесінің 50%-ы. 

«Жасыл»  сценарий  –  арзан  газ:  «жасыл  экономиканың»  мақсаттарын 

орындау  кезінде  электр  энергиясына  деген  сұраныс,  Ақмола,  Қарағанды, 

Павлодар  және  шығыс  облыстарды  газдандыру,  газдың  тӛмен  бағасы,      

2050 жылы электр энергиясын ӛндірудегі баламалы кӛздер үлесінің 50%-ы. 

 

 



 

 

 

 

 



33 

 

 



14-сурет. Электр энергетикасын дамыту сценарийі 

 

 



15-сурет. Сценарийлер бойынша жалпы белгіленген қуат  

 

 



Модельдеудің  негізгі  нәтижелерін  талдау,  айырмашылықтарға 

қарамастан, негізгі кӛрсеткіштердің кӛпшілігін 2030 жылға дейін  орындауға 

болатынын кӛрсетіп отыр. 

 

 



 

 

 

 


34 

 

 



16-сурет. Сценарийлер бойынша электр энергиясын ӛндіру үлесі  

 

 



Біріншіден,  электр  энергиясын  ӛндірудің  орташа  құны  2012  жылғы 

деңгеймен  салыстырғанда  (нақты  айтқанда)  2030  жылы  7-9  теңге/кВт-сағ. 

және  2050  жылы  10-14  теңге/Вт-сағ.  жете  отырып,  2030  жылға  қарай 

шамамен екі есеге және 2050 жылға қарай үш есеге ӛседі деп күтіледі. 

Екіншіден,  жалпы  инвестициялар,  оның  ішінде  энергия  тиімділігін 

арттыру,  жаңғырту  жӛніндегі  шараларға,  шаң-газ  тазартқыш  жабдықтарға, 

жаңа  қуаттарды  салуға  және  инфрақұрылымды  жасауға  жұмсалатын 

инвестициялар электр энергиясын ӛндіру технологияларының сценарийі мен 

эволюциясына байланысты  2030  жылға  қарай  40-55  млрд. АҚШ  долл.  және 

2050 жылға қарай 90-130 млрд. АҚШ долл. құрайды. 

Үшіншіден, кӛмір станциялары ӛндіретін электр энергиясының кӛлемі 

барлық сценарийлерде  2030  жылға  дейін шамамен бүгінгі деңгейде қалады:   

2012  жылғы  70  ТВт-сағ-пен  салыстырғанда  2030  жылы  60-75  ТВт-сағ. 

Энергетикалық  сектордың  кӛмірді  жылдық  тұтыну  кӛлемі  жаңғыртылған 

және  негізінен  жаңа  кӛмір  электр  станцияларының  тиімділігін  арттырудан  

50  млн.  тоннадан  аздап  жоғары  2012  жылғы  деңгеймен  салыстырғанда     

2030 жылы 40-50 млн. тоннаға дейін аздап азаяды.  

Тӛртіншіден,  газды  электр  энергиясын  ӛндіру  үшін  пайдалану 

тұтынудың  ағымдағы  кӛлемдерімен  салыстырғанда  екі  есе  ӛседі  және      

2012 жылғы  шамамен  жылына  4  млрд.  м

3

  болған  кездегімен  салыстырғанда 



2030 жылы жылына 8 млрд. м

3

-ге жетеді («жасыл» газ станциясында жылына 



10 млрд. м

3

).  




35 

 

 



Бесіншіден,  барлық  сценарийлерде  атом  энергетикасының  үлесі      

2030  жылы  да,  2050  жылы  да  ӛндірілетін  электр  энергиясының  жалпы 

кӛлемінің шамамен 7-8%-ын құрайды. 

Алтыншыдан,  СО

2

  шығарындыларының  кӛлемі  негізінен  атом, 



баламалы  энергетиканың  дамуынан  және  электр  энергиясын  ӛндіру 

құрылымындағы  газ  үлесінің  артуынан    бүгінгі  жылына  90  млн.  тоннадан 

2030  жылға  қарай  электр  энергиясы  ӛндірісінің  екі  есе  ӛсуіне  қарамастан, 

жылына 75-85 млн. тоннаға дейін аздап қысқарады. 

Мыналар негізгі техникалық іс-шаралар болып табылады:  

1) қазіргі бар станциялар бойынша:  

жаңғырту кестесі мен шоғырландырушы активтердің қалған қызмет ету 

мерзімін  айқындау  үшін  2020  жылға  қарай  қазіргі  бар  барлық  электр 

станцияларының  техникалық  жай-күйіне  аудит  және  энергия  аудитін 

жүргізу; 

зиянды  заттардың  шығарындылары  бойынша  заманауи  стандарттарға 

қол  жеткізу  мақсатында  2020  жылға  қарай  жиынтығында  8,3  ГВт  дейін 

құрайтын  қолданыстағы  кӛмірмен  жұмыс  істейтін  электр  станцияларын 

жаңғырту,  яғни  2020  жылдан  кейін  пайдаланылатын  қазіргі  бар  кӛмірмен 

жұмыс істейтін электр станцияларының бәрін жаңғыртып, ең алдымен, шаң, 

күкірт  қостотығы  мен  азот  тотығы  шығарындыларын  ұстап  қалу  үшін  шаң-

газ тазартқыш жабдықтарды орнату; 

17-сурет. Қолданыстағы қуаттарды жаңғырту кестесі  

 

 




жүктеу 438,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау