4
30-45%-ы жұмыс істейтін аграрлық сектор үшін әлеуметтік зардаптар әкелуі
мүмкін.
2. Энергия ресурстарына тариф және баға белгілеу жүйесінің
жетілдірілмеуі ӛнеркәсіпті технологиялық жетілдіру үшін түрткі болмайды.
3. Қазіргі уақытта Қазақстан неғұрлым маңызды экологиялық
кӛрсеткіштердің бәрі бойынша табиғи ресурстар мен қоршаған ортаның жай-
күйінің айтарлықтай нашарлауы проблемасымен бепте-бет келді.
Ауыл шаруашылығы жерлерінің шамамен үштен бірі тозған немесе
елеулі қауіп тӛніп тұр, ал әлеуетті егістік жерлердің 10 миллион гектардан
астамы ӛткен кезеңде қараусыз қалған.
Қазіргі кезде экономика қажеттілігін қанағаттандыру үшін 2030 жылға
қарай орнықты су ресурстарының 13-14 млрд. м
3
кӛлеміндегі тапшылығы
орын алады деп болжанып отыр.
Қоршаған ортаның ластануы адамдардың денсаулығына айтарлықтай
келеңсіз әсерін тигізеді. Халықаралық зерттеулерге сәйкес қорғасынның
шамадан тыс әсер етуінің нәтижесінде 10 жасқа толмаған 40 000-ға жуық
бала тұрақты неврологиялық ауруларға шалдыққан. Орталық және Шығыс
Еуропа мен Орталық Азия елдерінің арасында қоршаған ортаның
органикалық заттармен ластануының жалпы кӛлемі бойынша Қазақстан
екінші орында.
Қалаларда ауаның ластануының жоғары деңгейі байқалып отыр, қатты
бӛлшектердің
шоғырлану
деңгейі
Еуропалық
Одақтағы
осындай
кӛрсеткіштерден он еселеп асып түседі. Бағалауға сәйкес, ауаның ластануы
жылына 6 мыңға дейінгі мезгілсіз ӛлімнің себебі болып табылады.
Қалдықтарды
басқарудың
интеграцияланған
жүйесі
жоқ.
Коммуналдық-тұрмыстық қатты қалдықтардың 97%-ы санитариялық
талаптарға жауап бермейтін бақыланбайтын үйінділер мен қалдықтар
кӛмілетін жерлерге шығарылады. Сонымен қатар ӛнеркәсіптің тарихи уытты
және радиоактивті қалдықтары да маңызды проблема болып табылады.
Табиғи ресурстарды тиімсіз пайдаланудан қолдан шығарып алатын
пайда 2030 жылға қарай 7 млрд. дейін АҚШ долларын құрауы мүмкін.
4. Бүгінгі таңда Қазақстан экономикасы шикізат ресурстарының
экспортына тәуелді және сондықтан да шикізат нарықтарындағы бағалардың
сыртқы күрт құбылуының әсеріне ұшырауға бейім. Қазақстан 2030 және
2040 жылдар аралығындағы кезеңде мұнай ӛндіру мен экспорттаудың ең
жоғары деңгейіне қол жеткізеді. Бұдан басқа, кӛмірсутектердің бағасы
деңгейіндегі белгісіздік тым жоғары. Халықаралық энергетикалық агенттік
пен АҚШ Энергетика жӛніндегі ақпараттық агенттігінің бағалауы бойынша,
2035 жылға дейін мұнай бағасы бір баррель үшін 50-ден 200 АҚШ долларына
дейінгі аралықта болуы мүмкін.
5. Қазақстанға экономикалық кӛрсеткіштердегі, ӛмір сүру деңгейіндегі
және қоршаған ортаның жай-күйіндегі аумақтық елеулі әртүрлілік мұра
5
болып қалған. Жаңа индустриялар мен «жасыл кластерлерді» дамыту
ӛңірлердің дамуындағы теңсіздікті азайтып, олардың әлеуетін жаңартылатын
энергетикада, ауыл шаруашылығында, су ресурстарын басқаруда,
қалдықтарды кәдеге жарату мен басқа да секторларда пайдалануға мүмкіндік
береді.
«Жасыл экономика» ӛңірлік дамуды ынталандырып, «жасыл
экономика» секторларында жаңа жұмыс орындарын құру есебінен әлеуметтік
орнықтылыққа, экономикалық әлеуетті ұлғайтуға ықпал ететінін әлемдік
тәжірибе кӛрсетіп отыр. Мысалы, Бразилияда топырақты күтіп ұстаудың,
ауыл шаруашылығы ӛнімдерін жинаудың және жеткізу тізбегін басқарудың
жетілдірілген жүйесі есебінен ауыл шаруашылығы жерлері қалпына келтіру
жүргізілді. Немістің Дортмунд қаласы кӛмір индустриясы орталығынан
«Үшінші индустриялық тӛңкеріс» инфрақұрылымы бар жаңа «жасыл» сектор
орталығына айналды.
6. Орталық Азия және әлемнің басқа да ӛңірлеріндегі орнықты дамуға
жәрдемдесу үшін әлемдік қоғамдастық Қазақстанның нысаналы жобаларды:
«Болашақтың энергиясы» атты ЭКСПО-2017 кӛрмесі мен «Жасыл кӛпір»
әріптестік бағдарламасын сәтті іске асыруына үміт артып отыр. Ӛңірдің
Моңғолия, Қытай және Оңтүстік Корея сияқты елдері ӛз елдерінің
президенттері жария еткен ӛршіл «жасыл экономика» жоспарларын жүзеге
асыруды бастады. Айталық, Оңтүстік Корея бүгіннің ӛзінде жыл сайын
«жасыл» секторға ЖІӚ-нің 2%-ын инвестициялайды, ал Қытай
инвестициялары ЖІӚ-нің 1,5%-ы деңгейінде, ал 2015 жылға қарай 2%-ға
дейін ұлғайтуды межелеп отыр.
2. Тұжырымдаманы қабылдау қажеттігінің негіздемесі
Экономикалық ӛсудің «жасыл бағытына» кӛшу мақсатында
Тұжырымдаманы қабылдау бұрынғыдан да ӛзекті болып отыр.
Біріншіден, таяудағы 20 жыл ішінде Қазақстанда инфрақұрылымды
айтарлықтай жаңарту және дамыту жүргізіледі: аталған активтердің жалпы
кӛлемінен ғимараттардың 55 пайызы мен электр станцияларының 40 пайызы
2030 жылға қарай жаңадан салынады. Сонымен қатар автокӛлік паркінің
80 пайыздан астамы 2030 жылға қарай жаңа болады. Ел үшін ресурстарды
тиімді пайдаланатын жаңа инфрақұрылым құрудың бірегей мүмкіндігі
туындайды. Олай болмаған жағдайда, қандай да бір іс-әрекет жасалмаса, ел
жуық арада ескірген әрі бәсекеге қабілетсіз инфрақұрылым проблемасымен
бетпе-бет келеді.
Екіншіден, «жасыл» технологиялардың бәсекеге қабілеттілігі жылдам
ӛсуде және баламалы энергетиканың кӛптеген технологиялары таяудағы
болашақта дәстүрлі кӛздермен салыстырғанда электр энергиясы ӛндірісінің
неғұрлым шығынсыз тәсілдерін ұсынады.