Ќазаќстан республикасыныѕ«жасыл» экономикаєа кґшутўжырымдамасы



жүктеу 438,72 Kb.
Pdf просмотр
бет13/14
Дата01.01.2018
өлшемі438,72 Kb.
#6576
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14

39 

 

 



Тұрмыстық  қалдықтардың  ӛсіп  келе  жатқан  кӛлемі.  Қалалық 

аудандардағы  тұрмыстық  қалдықтардың  кӛлемі  (жылына  бір  тұрғынға       

330  килограмм)  негізінен  ЖІӚ-ні  жан  басына  шаққандағымен  салыстырған 

елдер  бойынша  кӛрсеткіштерге  сәйкес  келеді.  Әл-ауқаттың  артуымен 

тұрмыстық  қатты  қалдықтар  (бұдан  әрі  –  ТҚҚ)  кӛлемі  2025  жылға  қарай      

50 пайыздан астам ӛседі деп болжанып отыр.  

 

20-сурет. ТҚҚ ұлғаю болжамы 

 

 

Халыққа  қызмет  кӛрсетуді  ұйымдастыру  стандарттарға  сәйкес 

келмейді. Ірі қалалардан тысқары жерлерде  тұрмыстық қатты қалдықтарды 

шығару  бойынша  қызмет  кӛрсетулерге  орта  есеппен  халықтың  тек  тӛрттен 

бірінің ғана қолжетімділігі бар. Сонымен қатар қызмет кӛрсетумен қамтудың 

ӛңірлік елеулі айырмашылықтары бар.   

ТҚҚ-ны тасымалдау мен кәдеге жарату тәсілдері стандарттарға сәйкес 

келмейді. Тұрмыстық қатты қалдықтардың 97 пайызы ӛңделмей және құнды 

қайталама  ресурстар  алынбай,  санитариялық  талаптарға  жауап  бермейтін 

бақыланбайтын үйінділер мен полигондарға шығарылады.  

 

 

 

 

 

 




40 

 

 



21-сурет. ТҚҚ жинау мен кәдеге жарату  

жӛніндегі қызмет кӛрсетулерді ағымдағы қамтамасыз ету  

 

 

Қалдықтарды  жинауға,  қайта  ӛңдеуге  және  кәдеге  жаратуға  арналған 



инфрақұрылым 

дамымаған. 

Технологиялар 

мен 


инфрақұрылым 

экономикалық  ынталандырулардың,  сондай-ақ  басқа  да  уәжді  аспектілердің 

болмауы  себебінен  заманауи  талаптарға  сай  келмейді  –  мысалы,  кейбір 

нормалар  мен  талаптар  бар,  бірақ  мемлекет  тарапынан  бақылаудың 

жеткіліксіз  болуынан  оларды  орындау  деңгейі  тӛмен.  Одан  басқа,  қалалық 

қалдықтардан  қайта  ӛңдеу  мен  қордалау  немесе  энергия  алу  жолымен 

қосылған  құнды  алу  деңгейін  жоғарылату  мақсатында  қалдықтарды  кәдеге 

жарату  секторында  жергілікті  органдар  мен  бизнес  үшін  ынталандыру 

шаралары  жеткіліксіз  қолданылады.  Сӛйтіп,  қайта  ӛңдеу  кӛлемдері 

тұрмыстық  қатты  қалдықтардың  жалпы  кӛлемінің  5  пайызынан  кем  болып 

отыр.  

Іс  жүзінде  Қазақстан  қалдықтарды  басқарудың  кешенді  жүйесін 



жаңадан  түзуі  қажет,  ӛйткені,  шын  мәнінде,  ұйымдық  және  құқықтық 

шеңберлер  жоқ.  Қалдықтарды  ұтымды  пайдалануға  арналған  нормалар 

жеткіліксіз, ал неғұрлым  кешенді жүйені құру  мен оның жұмыс істеуі үшін 

жауапкершілік  бӛлінбеген.  Инфрақұрылымның  дамуы  мен  жұмыс  істеуін 

орнықты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін қаражат жоқ.  



41 

 

 



Бұл  жүйені  қалыптастыру  мынадай  тәсілдерді  пайдалану  арқылы  іске 

асырылуға тиіс:    

а) қызмет кӛрсетулердің толық спектрін ұсына әрі ландшафтарды жан-

жақты  қорғай  отырып,  қалдықтарды  кәдеге  жаратудың  келісілген  жүйесін 

құру;   

б)  қайта  ӛңдеу  мен  қайталама  пайдалануды  кеңінен  қолдануға  кӛше 

отырып, полигондар санын қысқарту, сондай-ақ қалдықтарды кәдеге жарату 

есебінен пайдалы заттар мен материалдар, отын алу;  

в)  құн  жасау  тізбегі  шеңберінде,  одан  тысқары  да  ӛнімді  кӛп 

айналымды пайдалана отырып, тұйық цикл экономикасын дамыту; 

г)  экологиялық  ахуалды  жақсарту  және  қоршаған  ортаға  техногендік 

әсерді азайту.   

Ӛнеркәсіптік  қалдықтар  кӛлемін  барынша  азайту  үшін  мынадай  іс-

шараларды жүзеге асыру қажет: 

1)  пайдалы  заттарының  болуы,  сондай-ақ  қалдықтардың  экологиялық 

қауіпсіздік  стандарттарына  100  пайыз  сәйкес  келуі  тұрғысынан  осы 

қалдықтардың ірі полигондарының бәріне түгендеу жүргізу; 

2) осы Қалдықтарды жіктеу қағидаларын пысықтау және қалдықтардың 

шынайы  кӛлемі  мен  полигондар  орналастырылған  жерлердің  жай-күйін 

кӛрсету үшін оларды Еуропалық стандарттарға сәйкес келтіру; 

3) қалдықтарды қайта ӛңдеудің экономикалық орындылығын айқындау 

үшін,  сондай-ақ  оларды  стандарттарға  сәйкес  келтіру  үшін  қажетті 

инвестицияларды айқындау үшін аталған қалдықтардың ірі полигондарының 

бәрінде техникалық-экономикалық зерттеу жүргізу; 

4)  100  пайыз  қалдықтар  үшін  қауіпті  және  уытты  қалдықтарды  қайта 

ӛңдеу/кӛму нұсқаларын айқындау; 

5)  экономикалық  және  экологиялық  әсерін  бағалау  негізінде  одан  әрі 

ӛңдеу  үшін  аталған  қалдықтарға  басымдық  беру  және  100  пайыз  байыту 

қалдықтарын  қайта  ӛңдеу  әрі  қауіпсіз  сақтау  жӛніндегі  жобаларды  іске 

асыруды  ынталандыру  үшін  қажетті  қаржыландыру  кӛздері  мен  тиісті 

ынталандыруды айқындау; 

6) ӛнеркәсіптік қалдықтарды қайта ӛңдеу жӛніндегі инфрақұрылым мен 

кәсіпорындар  қалыптастыру  және  олардың  орнықты  жұмыс  істеуі  үшін 

ынталандырулар енгізу; 

7) саясатты әзірлеу мен ӛнеркәсіптік қалдықтарды қадағалауды жүзеге 

асыру  үшін  түрлі  министрліктер,  ведомстволар  арасындағы  ӛзара  іс-қимыл 

жасаудың нақты тетігін әзірлеу; 

8)  химиялық  заттарды  реттеудің  заңнамалық  тетіктерін  жетілдіру, 

денсаулық  сақтау,  еңбек  қауіпсіздігі  және  оны  қорғау,  ӛнеркәсіптік 

қауіпсіздік,  қоршаған  ортаны  қорғау  саласындағы,  оның  ішінде  химиялық 

ӛнім тізіліміне қатысты заңнаманы «Химиялық ӛнімнің қауіпсіздігі туралы» 

Заңның талаптарымен үйлестіру; 




жүктеу 438,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау