Ќазаќстан республикасыныѕ«жасыл» экономикаєа кґшутўжырымдамасы



жүктеу 438,72 Kb.
Pdf просмотр
бет6/14
Дата01.01.2018
өлшемі438,72 Kb.
#6576
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14

14 

 

 



 

 

 Сӛйтіп,  су  тапшылығының  және  су  ресурстарын  тиімсіз  басқарудың 

қауіп-қатері  Қазақстанның  тұрақты  экономикалық  ӛсімі  мен  әлеуметтік 

дамуы  үшін  негізгі  кедергі  болуы  мүмкін.  Одан  басқа,  суға  бағаның 

тӛмендігі, субсидия деңгейінің жоғарылығы, су алуға бақылаудың тӛмендігі 

және 


инфрақұрылымның 

нашар 


жай-күйі 

қолданысқа 

енгізілетін 

бастамалардың тиімділігін және ӛзін-ӛзі ақтауын тӛмендетеді. 

 Судың  жеткіліксіздігіне  байланысты  қолдан  шығарып  алатын 

мүмкіндіктердің  ықтималдылығы  2030  жылы  жылына  7-8  млрд.  АҚШ 

доллары  деңгейінде  бағаланады,  бұл  бүкіл  кезең  ішінде  80  млрд.  АҚШ1 

долларынан астамды құрайды.   

 

Су ресурстарының тапшылығын қысқарту жӛніндегі шаралар мен 

тетіктер  

 

6-сурет. Су ресурстарының тапшылығын  



қысқарту жӛніндегі шаралар мен тетіктер 

 

1



Қосылған құн бойынша есептеледі (пайда мен табыс төменгі үшінші дақылдарға м

3

)  




15 

 

 



 

 

1.  Ауыл  шаруашылығында  суды  үнемдеу  (2030  жылға  қарай              



6,5-7  млрд.  текше  метр).  Оған  қол  жеткізу  үшін  3  бағыт  бойынша 

бастамаларды іске асыру қажет:  

1)  суарудың  заманауи  әдістері  мен  басқа  да  су  үнемдеуші  заманауи 

технологияларды енгізу (1,5 млрд. текше метрді үнемдеуге мүмкіндік береді):

 

2030  жылға  қарай  егіс  алқаптарының  15  пайызына  тамшылатып 



суаруды және басқа да қазіргі заманғы су үнемдеуші технологияларды енгізу, 

суды  жіберіп  суаруды  суарылатын  алқаптардың  80  пайызынан  5  пайызына 

дейін азайту; 

2030 жылға қарай жабық топырақ алаңдарын 1700-ге дейін ұлғайту

2)  қосылған  құны  неғұрлым  жоғары  дақылдарға  және  суды  аз 

қажетсінетін  дақылдарға  кӛшу;  Балқаш-Алакӛл  және  Арал-Сырдария 

бассейндерінде рентабельділігі аз және суды кӛп қажетсінетін дақылдарды – 

күріш  пен  мақтаны  біртіндеп  азайту  (2030  жылға  қарай  3,5  млрд.  текше 

метрді үнемдеуге мүмкіндік береді):  

2030 жылға қарай күріш пен мақтаның егіс алқаптарын 20-30 пайызға 

біртіндеп азайтып, су ресурстары тұрғысынан суды неғұрлым аз талап ететін 

кӛкӛніске, майлы және азықтық дақылдарға алмастыру

3)  тасымалдау  кезіндегі  ысырапты  үш  есе  дерлік  азайту  (2030  жылға 

қарай 1,8 млрд. текше метрді үнемдеуге мүмкіндік береді): 

ірі  инфрақұрылымдық  объектілерді  қалпына  келтіру,  оларды  ұстау 

үшін меншік құқығы мен жауапкершілікті айқындау; 

су  жинауды  ӛлшеу  және  барлық  түпкі  және  аралық  су 

пайдаланушылардан  деректер  жинау.  Су  есептеуіштердің  болуын  ауыл 




16 

 

 



шаруашылығында кез келген мемлекеттік қолдау кӛрсетудің міндетті шарты 

ретінде белгілеу қажет.  

2.  Ӛнеркәсіпте  су  пайдалану  тиімділігін  25%-ға  арттыру  (2030  жылға 

қарай 1,5-2 млрд. текше метрді үнемдеуге мүмкіндік береді): 

1)  мыналардың  есебінен  жұмыс  істеп  тұрған  кәсіпорындарда  су 

тұтынуды азайту: 

энергетика, ӛндіруші және металлургия салаларында энергия тиімділігі 

(1  табиғи  ӛнімге  жұмсалатын  суды  үнемдеуге  алып  келеді)  мен  су  үнемдеу 

технологияларын енгізу (тұтынуды 20%-ға қысқартуға мүмкіндік береді); 

сарқынды  суларды  қайталап  пайдалану  және  сумен  қайталама 

жабдықтау (таяудағы 17 жылда оның 4%-ға ӛсуі күтіліп отыр); 

2)  ӛнеркәсіптік  кәсіпорындар  үшін  суды  жинау  және  тазарту 

стандарттарын арттыру.   

3.  Коммуналдық  шаруашылықта  суды  пайдалану  тиімділігін  10%-ға 

арттыру (0,1 млрд. текше метр үнемдеуге мүмкіндік береді): 

үйлер мен коммуналдық желілердегі судың ағып кетуін жою; 

тарату тораптарындағы судың қысымын бақылау; 

тұрмыстық  техника  мен  сантехникаға  арналған  суды  үнемдеу 

стандарттарын арттыру. 

4.  Су  ресурстарының  қолжетімділігі  мен  сенімділігін  арттыру          

(4,5-5 млрд. текше метр)

Трансшекаралық  ӛзендерді  бӛлісу  проблемасы  барынша  ӛткір  сипат 

алып  отыр,  сондықтан  Қазақстан  кӛршілес  елдермен  келіссӛздер  жүргізу 

және  келісімдерге  қол  қою/келісімдерді  жаңарту  нәтижесінде  барлық  су 

объектілері бойынша келісімге қол жеткізуге тиіс.   

Ұлттық  қауіпсіздікті  қамтамасыз  ету  және  болашақтағы  су 

тапшылығын  жабу  мақсатында  мынадай  іс-шаралар  кешенін  іске  асыру 

қажет: 


су  тасқындары  кезінде  судың  ағынын  ұстап  тұру  және  жыл  бойында 

вариативтіктің орнын толтыру үшін су қоймалары мен резервуарлар салу; 

жерасты  суларының  орнықты  пайдаланылуын  жасау  (барлау,  картаға 

түсіру және дайындау); 

магистралдық  суару  арналарын,  ірі  инфрақұрылымды  жӛндеу  және 

қайта құру; 

сарқынды  суларды  тазарту  станцияларын  және  тұзды  және  ащы  суды 

тазарту қондырғыларын салу; 

ағаш  отырғызуды,  атырауды  қалпына  келтіруді,  лай  тұнбалардан 

тазартуды  қоса  алғанда,  бассейндік  жүйелерді  қалпына  келтірудің  кешенді 

тәсілі. 

Сонымен  қатар  судың  айтарлықтай  кӛлемін  халық  тығыз  орналасқан 

және  ӛнеркәсіпті  аудандарға  жіберу  әлеуеті  де  бар.  Су  ресурстарының 

Қазақстан  аумағы  бойынша  теңдей  бӛлінбеуі  су  ресурстарының 




17 

 

 



оқшалауланған  профицитін  (мысалы,  Ертіс,  Жайық-Каспий  бассейніндегі 

Қиғаш)  қалыптастырады,  су  таратқыштар  мен  арналар  салу  суы  тапшы 

аудандарды  сумен  қамтамасыз  ете  алады.  Су  ресурстары  комитетінің 

бағалауы  бойынша,  қол  жетпейтін  су  ресурстарын  ауыстырудың  қосымша 

әлеуеті 10-нан 14 млрд. текше метрге дейінді құрайды.  

Бұдан басқа су ресурстарын басқару саясатын жетілдіру талап етіледі: 

1)  барлық  секторлар  мен  барлық  деңгейлерде  су  пайдаланушылармен 

тиімді ӛзара іс-қимыл жасауды қамтамасыз ету мақсатында ұлттық деңгейде 

және бассейндер деңгейінде су ресурстарын басқару жүйесін жақсарту;  

2) судың толық құнын кӛрсететін су/тарифтер лимиттерін айқындау, су 

үнемдеуді  ынталандыруға  арналған  субсидиялар  мен  кӛтермелеулерді  қайта 

қарау. 


Қазақстан  су  ресурстарының  тапшылығынан  бӛлек,  ӛнеркәсіп 

орындары  тарапынан  да,  сарқынды  сулардың  жеткілікті  тазартылмауы 

салдарынан да ластану проблемасымен бетпе-бет келіп отыр.  

Алғашқы  қадам  шығарындылардың  еуропалық  стандарттарына  сәйкес 

келетін  экологиялық  нормалар  мен  заңдарды  қабылдау  бола  алады.  Еуропа 

Одағының  осы  салада  реттеу  жӛнінен  ұзақ  тарихы  бар  және  ол  заңнаманы, 

бақылау  шараларын  жасау  және  нақты  технологияларды  енгізу  бойынша 

ӛнеге бола алады.  

Бастапқы  кезеңде  елдің  аса  ірі  20  қаласында  тазарту  құрылыстарын 

салу  және/немесе  жаңғырту  қажет,  мұның  ӛзі  1-2  млрд.  АҚШ  доллары 

мӛлшерінде  инвестицияларды  талап  етеді.  Олар  органикалық  қалдықтарды 

жинау және қайта ӛңдеу нүктелерімен бірге орналастырылуға тиіс. Кейіннен 

кәріздік тазарту құрылыстары барлық елді мекендерде кӛзделетін болады. 

Су ресурстарын орнықты пайдалану жӛніндегі міндеттерді қамтамасыз 

ету  үшін  Су  ресурстарын  басқарудың мемлекеттік бағдарламасын қабылдау 

қажет, оны іске асырудың негізгі кезеңдері мынадай болмақ: 



7-сурет. Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік  

бағдарламасын іске асырудың негізгі кезеңдері 


жүктеу 438,72 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   14




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау