Ќазаќстан Республикасыныѕ Єылым жјне Білім Министрлігі



жүктеу 2,37 Mb.
бет3/7
Дата01.02.2018
өлшемі2,37 Mb.
#8280
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

Нәтижелер талдауы

Мақсаттық айырмашылықтың орташа көлемі талаптану деңгейі (ТД) мен жетістік деңгейін (ЖД) салыстыруды топшалайтын формула бойынша есептеледі.


МА=((ТД2-ЖД1)+(ТД3-ЖД2)+(ТД4-ЖД3))/3
Мақсаттық айырмашылық стандарты : 5 және одан жоғары болса, талаптанудың мүмкін емес өте жоғары деңгейі.

4,99-3 – талаптанудың жоғары деңгейі

2,99-1 – талаптанудың орташа деңгейі

0,99-(-1,49) – талаптанудың төмен деңгейі

(-1,50) және төмен – талаптанудың мүмкін емес өте төменгі деңгейі
Нұсқау

Талаптанудың деңгейі дегеніміз, қиыншылықтарға қарамастан адамның қабілеті жететін мақсатқа жетуге тырысу. Баланы тірбиелегенде талаптану деңгейін ескеру қажет, өйткені оның баланың қабілетіне сай болуы – жеке тұлғаның үйлесімді жетілуінің бір шарты. Оның сәйкес болмауы, баланың өзімен және басқа да адамдармен жанжалдасуының қайнар көзі болып табылады, бұл баланың жетілуінің ауытқуына әкеліп соғады.

Бұл тест талаптану деңгейін жылдам диагностикалау болып табылады. Әдістеме зерттенушілердің көбіне қолданылуы мүмкін, оның ішіне өзінің уақытын секінд ішінде жоспарлай білетін ересек адамдар мен жас балалар.
6.2.3. Тұлғалық қасиеттерді анықтауға арналған балалар сұрақнамасы

(Холл және Халберштат)
Мақсаты – мектеп жасындағы балалардың жыныстық ерекшелікке даралығын анықтау, ер және әйелдік көрсеткіштердің қатынасы.

Нұсқау

Берілген тұжырымдар бойынша өзіңізге қатыстылықты бес балдық шкаламен бағалаңыз.



  1. Менің ойлап тапқаным әрдайым ерекше және қайталанбас болып келеді.

  2. Мен басқа адамдарға көп көмектеспеймін.

  3. Мен басқа адамдарға қатты тілектес боламын.

  4. Мен басқа адамдарға қатысты әрдайым мейіріммен қараймын.

  5. Мен өзіме маңызды адамдарға қолымнан келгеннің барлығын істеуге тырысамын.

  6. Мен мейірімді адаммын.

  7. Мен өнер мен музыканы қатты ұнатамын.

  8. Мен кішкене балаларды қатты ұнатамын.



  1. Маған шешім қабылдау қиын тудырады.

  2. Барлық жағынан, көптеген құрдастарыма қарағанда, мен мықтымын.

  3. Мен барлығын өзім істеуге, ересектер мен басқа балалардан көмек сұрамауға тырысамын.

  4. Қиын жағдайларда әрдайым іс - әрекетті ойластыруға бейім боламын.

  5. Мен оңай жеңіле саламын.

  6. Өз достарымның арасында әрдайым алда жүруге тырысамын.

  7. Мен өзім сенетін нәрсені қорғап шығуға тырысамын.

  8. Басқа адамдардың ықпалымен өз пікірімді жеңіл ауыстыра саламын.

Алғашқы сегіз сұрақ әйелдік сипаттағы сұрақтарды мазмұндайды.2 пунктен басқасының барлығынан жоғары бағалар әйелдік сипатқа қарсы келеді. 2 пунктінің төмен бағасы әйелдік сипаттың көрсеткішін береді.

Келесі сегіз сұрақ тобы – ерлік шкаласы. Ерлік көрсеткіштері ретінде 1,5,8 пункттер бойынша төмен бағалар және сұрақнаманың қалған пункттері бойынша жоғары бағалар сипатталады.

Ерлік және әйелдік қасиеттер шкалалары бойынша бағалар өзара байланыста болады. Бұл дегеніміз, егер әйелдік сипат бойынша бағалар жоғары болса, онда ерлік сипат бойынша бағалар міндетті түрде төмен болуы қажет емес. Балаларда екі шкала бойынша да жоғары немесе төмен көрсеткіш болуы мүмкін, және де бір шкала бойынша төмен көрсеткіш болса, екінші шкала бойынша жоғары көрсеткіш те көрінуі мүмкін.Екі шкала бойынша да төмен немесе жоғары көрсеткіш алған баланы андрогенді деп атайды.Тұлға қасиеттерінің психологиялық саулыққа қосатын үлесі оның мәдени топтардағы бейімделген құндылықтары мен нақты әлеуметтік шарттарымен анықталады.



6.2.4. Айзенк сауалнамасы (жеткіншектер-12-17 жас аралығына)

Мақсаты – бала темпераментінің ерекшеліктерін айқындау.

Нұсқау:Сіздің іс-әрекеттеріңіздің ерекшеліктері жөнінде сізге бірнеше сұрақтар беріледі. Егер сұрақтың жауабы келісетін болса, «+» белгісін қой, егер келіспеймін болса, «-» белгісін қой. Жауапты ойланбай тез беру керек, өйткені бірінші әрекетіңіз маңызды.

Сауалнама мәтіндері:



  1. Өзіңнің айналаңда шуды және әбігершілікті ұнатасың ба?

  2. Сені жұбататын достарыңды жиі қажет етесің ба?

  3. Сабақта отырмаған кезіңде сенен бір нәрсе сұрағанда жауапты тез таба аласың ба?

  4. Сен кейде ашуланшақ боласың ба немесе ызаланасың ба?

  5. Сенің көңіл күйін жиі өзгеріп тұрады ма?

  6. Саған достарыңмен кездескеннен, жалғыз болған ұнайды ма?

  7. Түрлі ойлар сенің ұйықтауыңа кедергі жасайтын кездер болады ма?

  8. Саған айтқандығ дәл солай істейсің бе?

  9. Басқалармен әзілдескенді ұнатасың ба?

  10. Еш себепсіз өзіңді бақытсыз сезіндің бе?

  11. Сен көңілді адамсың ба?

  12. Мектеп ережелерін бұзған күндерің болды ба?

  13. Сені көп нәрсе ашуландырады ма?

  14. Жылдамдықты керек ететін жұмыстарды ұнатасың ба?

  15. Бола жаздаған бірақ соңы жақсы біткен оқиғаларды көп уақыт уайымдап жүресің бе?

  16. Саған сеніп кез келген құпияны айтуға болады ма?

  17. Зерігіп отырған балалардың көңілін көтере аласың ба?

  18. Кейбір кездері еш себепсіз жүрегің қатты соғады ма?

  19. Біреумен достасу үшін бірінші қадам жасайсың ба?

  20. Өтірік айтқан кездерің болды ма?

  21. Сен істеген жұмысыңынан адамдар кемшілік тапса қатты ренжисің бе?

  22. Достарыңмен қызық әңгімелер айтып, әзілдескенді ұнатасың ба?

  23. Еш себепсіз шаршайсың ба?

  24. Сен бірінші сабағыңды орындап сосын ойнайсың ба?

  25. Сен әдетте разы емес көңілдісің, солай ма?

  26. Көп ренжисің ба?

  27. Басқа балалармен ойнағанды және әңгімелескенді ұнатасың ба?

  28. Тұрмыста жақындарыңа көмектесесің бе?

  29. Басыңның айналған кездері болады ма?

  30. Біреулерді ыңғайсыз жағдайға қоғанды немесе біреуге күлгенді ұнатасың ба?

  31. Бір нәрседен жалыққан кездерің жиі болып тұрады ма?

  32. Мақтанғанды ұнатасың ба?

  33. Басқа балалардың арасында үндемей тұрасың ба?

  34. Сен қатты толқығаннан бір орында отыра алмай кететін кездерің болады ма?

  35. Бір нәрсеге тез шешіле аласың ба?

  36. Мұғалім жоқ кезде сабақ уақытында шулайсың ба?

  37. Қорқынышты түстерді жиі көресің бе?

  38. Бәрін ұмытып, достарыңның арасында жақсы көңіл көтеріп отырасыі ба?

  39. Сені ренжіту оңай ма?

  40. Біреуді жамандаған күндерің болды ма?

  41. Өзіңді бейқам, қамсыз деп санайсың ба?

  42. Өзің ыңғайсыз жағдайға түскен кезіңде көп уақыт уайымдап жүресің бе?

  43. Шулы және қызықты ойындарды жақсы көресің бе?

  44. Саған ұсынған тамақтың барлығын жей бересің бе?

  45. Сенен бір нәрсе сұранса жоқ деп жауап беру қиын ба?

  46. Қонаққа жиі барғанды ұнатасың ба?

  47. Өмір сүргің келмей кететін кездерің болады ма?

  48. Ата-анаңа дөрекі болған кездерің бар ма?

  49. Сені көңілді адам деп санайды ма?

  50. Сабағыңды орындаған кезіңде көңілің басқа жаққа алаңдайды ма?

  51. Үлкен думанға қатыспай, жанынан қарап отырғанды ұнатасың ба?

  52. Түрлі ойлардан ұйықтай алмайтын кездерің болды ма?

  53. Саған тапсырылған жұмысты орындай алатыныңа сенімдісің ба?

  54. Жалғысырау сезімде боласың ба?

  55. Бейтаныс адамдармен бірінші сөйлеуге ұяласың ба?

  56. Кеш болғанда бір нәрсе істеуді жиі шешесің бе?

  57. Саған баланың біреуі айқайласа сенде оған айқайлайсың ба?

  58. Кейбір кездері еш себепсіз өзіңді қайғылы немесе көңілді сезінесің бе?

  59. Қонақта, шыршада шын риазлық алуға болады деп есептейсің бе?

  60. Бір нәрсені ойламай істегеніңе жиі толқисың ба?

Кілт:


  1. Экстроверсия – интроверсия:

«ия» («+») 1, 3, 9, 11, 14, 17, 19, 22, 25, 27, 30, 35, 38, 41, 43, 46, 49, 53, 57.

«жоқ» («-») 6, 33, 51, 55, 59,.



  1. Нейротизм

«ия» («+») 2, 5, 7, 10, 13, 15, 17, 18, 21, 23, 26, 29, 31, 34, 37, 39, 42, 45, 50, 51, 52, 56, 58, 60.

  1. Өтірік көрсеткіші

«ия» («+») 8, 16, 24, 28, 44

«жоқ» («-») 4, 12, 20, 32, 36, 40, 48.


Нәтижелер бағасы

Экстра – интроверсия шәкілінің бағлау кестесі



Интроверсия

Экстраверсия

Едәуір

Орташа

Едәуір

Орташа

1-7

8-11

12-18

19-24

Нейротизм шәкілінің бағлау кестесі



Сезімдік салмақтық

Сезімдік салмақсыздық

Едәуір

Орташа

Едәуір

Орташа

1-10

11-14

15-18

19-24

Мәліметтер түсініктемесі

Әдістеме 3 шекілден тұрады – экстраверсия-интроверсия, нейротизм және ерекше шекілдер, олар зерттелушінің зерттеуге қатынасы мен адалдық бағалауға арналған.

1.Экстраверсия-интроверсия

Типтік экстравертке мінездеме бергенде, оның адамдармен үйрлігін, таныстарының көптігін, қарым-қатынасты қажет етуін белгіленеді. Экстраверт жағдайға байланысты әрекеттер жасайды, серпінді, ашушаң. Ол қамсыз, оңтайлы, көңілді, мейірбан. Сезімі қатаң бақылауда емес, тәуекелді қылықтарға бейім. Оған әр уақытта сенуге болмайды. Типтік интроверт – ол тынық, ұялшақ, интроектті адам, өз-өзін талдауға бейім. Ұстамды, өзін туысқандарынан басқа адамдардан алысырақ ұстайды. Өзінің іс-әрекеттерін алдын ала жоспарлайды, кенеттілікке сенбейді, шешім қабылдауға байсалды қарайды, барлық кезде тәртіпті ұнатады. Өзінің сезімдерін бақылайды, оны ашыландыру оңай емес. Өнегелі нормаларды бағалайды, түңілуші.

2 Нейротизм – сезімдік тұрақтылық

Сезімдік тұрақтылықты немесе тұрақсыздықты сипаттайды. Сезімдік тұрақтылық – ұйымдастырушылық іс-әрекеттерді, стресстік және қәдімгі жағдайларда жағдайлық мақсаттықты сақтауда көрінеді. Ержетумен, жақсы бейімделумен, қатты қызулықтың, мазасызданудың болмауымен, сонымен бірге адамдармен үлесуімен, озаттықпен сипатталады. Нейротизм тұрақсыздықта, қатты ашышаңдылықта, бейімделуінің нашарлығында, көңіл-күйдің тез өзгеруінде, ұиытшақтықта, мазасыздануда және кінә сезімінде, қамсыздануда, депрессияларда, стресті жағдайладрда тұрақсыздықта байқалады. Сезімділік, серпінділік, адамдармен қатынаста ашушаңдылық, ықыласының өзгеруі, әсерлілігі, өзіне сенімсіздік нейротизмге сай сезімдер. Нейротизм шәкілінде үлкен көрсеткішке ие адамдарда жағымсыз стресті жағдайларда невроз дамуы мүмкін.

Экстра-интроверсия шәкілінің орташа көрсеткіштері: 7-15 балл. Нейротизм шәкілінің орташа көрсеткіштері: 8-16 балл.

Егер адалдық шәкілінің көрсеткіштері 10 балдан асқан болса, онда зерттеу нәтижелері дұрыс емес және зерттелуші сұрақтарға ашық жауап беруі тиіс деп есептелінеді.



Жүйке жоғары қызметінің физиологиясынан мәліметтерді ала отырып, Айзенк Павловтың күшті және әлсіз түріндегі адамның экстраверттік және интроверттік түрлері сай келеді деп гипотеза береді. Интро- және экстраверсияларының табиғаты орталық жүйке жүйесінің туа байда болған қасиеттерінде көрінеді. Осылайша, Экстра-интроверсия шәкілінің мәліметтерін қолдана отырып, Павлов таптастыруы бойынша адамның темперамент көрсеткіштерін шығаруға болады. Ол төрт классикалық түрлерді бейнелеген: сангвиник (орталық жүйке жүйесінің негізгі қасиеттерінен күшті, салмақты, еті тірі деп сипатталады); холерик (күшті, салмақсыз, еті тірі); флегматик (күшті, салмақты, салғырт); меланхолик (әлсіз, салмақсыз, салғырт). Кестеде темперамент түрлерінің сауалнама шәкілдерімен ара қатынасын көруге болады:


ТҰРАҚСЫЗ

Оңай абыржиды

Белсенді

Мазасыз

Сезімталды

Ойлануға бейім

Тынышсыз

Пессимисті

Қозмалы

Ұстамды

Өзгермелі

Адамдарға үлессіз

Тұрақсыз

Тыныш

Серпінді




Оптимистік

Интроверттік

Меланхолик

Холерик

Экстраверттік

Флегматик

Сангвиник

Енжар

Адамдармен үлесті

Сақ

Қатынасты

Ақылды

Сөзшең

Мейірбан

Ықыласты

Бейбітшілік сүйгішЕркін

Еркін

Басқара алатын

Жарқын

Сенімді

Қамсыз

Тынық

Ынталы

Тұрақты

Сауалнама парағы


Аты, тегі, әкесінің аты____________________________________________________

Мерзім ________________

Жасы__________________

Білімі__________________






Жауап



Жауап



Жауап

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

Иә

Жоқ

1







21







41







2







22







42







3







23







43







4







24







44







5







25







45







6







26







46







7







27







47







8







28







48







9







29







49







10







30







50







11







31







51







12







32







52







13







33







53







14







34







54







15







35







55







16







36







56







17







37







57







18







38







58







19







39







59







20







40







60








6.2.5.Тест «Адам суреті»
«Адам суреті» әдістемесі баланың жеке ерекшеліктері жөнінде ақпарат алудың ең оңай рәсімі болып саналады. Адам денесін немесе мүшелерін бөлек салу сипатының негізінде баланың жеке дамуының жалпы беталысын байқауға болады. Айтып өту керек, бұл әдістеме баланың психологиялық келбетін толығымен бейнелеп бере алмайды, оның нәтижелері басқа әдістемелердің нәтижелерімен толықтырылуы және нақтылануы мүмкін.

Нұсқау: «адам суретін сал». Бала суретті қарапайым қара қаламмен салады.Бала суретті салып болғаннан кейін, одан салынған «адам»жөнінде сұраған жөн. Біздің көңілімізді алған мәселе жөнінде сұрақ қоюға болады (тек баламен сезімдік жақын қатынас болған жағдайда), олар тура болмай («ол кіммен дос?», «оның достары көп пе?», «ол төбелеседі ма?» және т.б.) , жанама болуы тиіс («сен қалай ойлайсың, ...?», «саған қалай көрінеді, ...?»). мектеп жасына дейінгі балалардың өзіндік ерекшелігіне қарай, сұрақтарды балама түрде қойылуы дұрыс: «сенің ойыңша, ол біреумен дос па жоқ па?» немесе «саған қалай көрінеді, ол төбелескенді ұнатады ма жоқ па?» және т.б.

Айта кеті керек, әдістеменің жобалық мүмкіншіліктері балалардың жасымен шектеулі (5 жасқа дейінгі балаларға арналған жобалық әдістеме ретінде қолданылады).

***


Баланың әлеуметтік қатынасты қажет етуі, одан алған сезімдік тәжірибесі және шыққан мәселелердің бейнеленуі оның басқа адамдармен және өзіне деген қарым-қатынасының қалыптасуында білінеді.

Осының бәрі суреттегі адамның қолын салғанда білінеді. Тағы бір рет ескерту қажет, баланың қатынас кезінде байқалатын ерекшеліктерінің нәтижелері тек расталуды және нақтылауды қажет ететін топшылама ретінде қабылдануы тиіс.

Егер бала адам қолын ең соңында бейнелесе, онда ол әлеумттік қатынастардан қорқады деп топшалауға болады.

Қолдары екі жаққа кең қойылғаны әлеуметтік қатынастың кең өрісін қажеттігін көрсетеді.



    • Төмен түскен қолдар, керісінше – қатынасының тар екендігін көрсетеді (бұл ерекшелік баланың әлеуметтік қатынасының сезімдік тереңдігін сипаттамайды).

    • Екі жаққа кең қойылған қолдар мен қол басының үлкейтілгені бейнеленсе, баланың қатынасымен қанағатсыздығын, айналасындағылармен қарым-қатынасының нашарлығын көрсетеді.

    • Қолы төмен түскен және қол басының жақсы бейнеленген адам суреті, баланың қатынасты таңдайтынын көрсетеді.

    • Суретте адамның қолының басы жоқтығы немесе редуцивті, баланың қатынас практикасының төмендеуін көрсетеді. Алайда қатынасты қажеттік төмендемейді. Ол өте жоғары болуы мүмкін.

    • Екі жаққа кең қол басынсыз салынған қолдар (әсіресе қолдар өте ұзын болып келсе), бала қатынасы кең, бірақ формальды және жанама деп есептелінеді.

    • Қолы төмен түскен адамның қолының басы жоқ болса, қатынас қажеттілігінің төмендеуі сезімдік кедейлігімен үйлескен. Бұндай қатынас сипаты баланың сезімдік дамуының бұзылуымен байланысты.

    • Қолдың ұзындығы тәуелсіздік қажеттілігінің көрсеткіші болып табылады: қол қаншалықты ұзын болса, қажеттілік те соншалықты көп.

    • Қолдың басы жұдырық түрінде немесе саусақтар таяқша ретінде салынған болса, басқыншылық тенденция белгісі.

    • Егер бала қолдарды штрихтесе немесе мүлдем салмаса, әлеуметтік қатынастардың қиыншылығын көрсетеді.

Кіндік салынуы, эгоцентризм көрінісін түсіндіреді. Эгоцентризм мектеп жасына дейінгі балалардың жастық ерекшелігі деп қарастырылады, бірақ бұл жерде эгоцентризм жеке ерекшелік сипаттамасына ие және жеке тұлғаның өзімшілдік бағытымен байланысты.

Адамның басы қырынан немесе адам арқасымен салынса бұл баланың жабықтылығын, қатынастарға түспейтіндігін көрсетеді. Бұл қатынас қажеттілігінің төмендеуі емес, қатынас кезінде қиыншылықтардың салдарынан пайда болатын негативті күйзелулерден қорғаныс.

Жер сызығының бейнеленуі – баланың қорқыныш, сенімсіздік басқа адамдармен қарым-қатынас жүйесіндегі нақты жағдайын көрсететін сезімінің көрсеткіші (зерттеушінің міндеті – отбасында немесе топта, осындай қорқыныш сезіміне себепші болған қарым қатынасты анықтау).

Егер бала өзінің сенімсіздігінен қарым-қатынасы тар болса, онда адам суреті «портрет» түрінде немесе басқа да шектеулермен шектеледі (мысалы тереземен).

Баланың басқалармен қарым-қатынас талдауының нәтижелерін оның сезімдік фонының сипатының мәліметтерімен салғастыру керек.

«Адам суреті» әдістемесінің көмегімен қарым-қатынас өрісін зерттеуде оның мүмкіншіліктері баланың жеке дамуының демонстративтілігі, басқыншылық, үрейлілік сияқты жалпы тенденцияларын айқындауға көмегін тигізеді.

Демонстративтік.

Демонстративті балалар ойындарда өте табысты, олар түрлі қызық ойын ұсына алады. Сондықтан олармен құрдастары жиі қарым-қатынасқа түседі, бұл олардың қарым-қатынаста табысты деген әсер беруі мүмкін. Алайда бұндай балдардың көңіл қажеттілігінің жоғарылығынан проблемалар пайда болуы мүмкін.

Егер жобалық әдістемелер тапсырмаларының нәтижелерінде бала қарым-қатынасында проблемалар, жанжалдар бар екендігі айқындалса, көңіл бөлу қажеттілігі толығымен қанағаттандырылмайды.

Баланың демостративті тенденциясы біріншіден адам денесінің сәнділігі көрсетеді (көйлектің сәнділігі, тәж, жіне т.б. – қыздардың суреттерінде, көптеген әр түрлі қалталар, тігістер, бір түрлі қалпақтар – балалар суреттерінде). Демонстративтілікті бейнелейтін персонаждардың әдеттіліксіз, стандарттылықсыз көрсетеді.

Демонстративтілікті пішін мөлшері де көрсетеді. Сурет соншалықты үлкен болуы мүмкін, бала оны бітіру үшін орын таппайды.

Жоғарыд қарастырылған сурет ерекшеліктерінде айқындалатын демонстративті тенденцияларды демонстративті «елестетуге қашу» түрінен айыра білу қажет. Мұндай жемонстративті түрі балалар қарым-қатынасы төмен. Көңіл қажеттілігін сезе отырып, өздеріне тән қорқыныш сезімінен олар қарым-қатынасын дамыта алмайды, ал демонстративті тенденциялары елестету жоспарына ауысады.

Көңіл бөлінуден тарыққан балалар өтірік айта бастайды, бұл басқа балалардың оларға теріс қарауын тудырады, сонымен бірге ата-анасымен қарым-қатынасында қызбалық пайда болады.

Адам суретін салғанда, бұндай балалар, өзін ханзада түрінде салады, өзінің бейнесін сәндеуге тырысады. Ол кезде суреттің сәнділігі шыдамды сипатта салынған, одан жеке дамудың төмендігін кездестіреміз, негізінен қорқыныш көрсеткіштері.

Нәтижелерді өндеу және интерпретациялау. Барлық сұрақтарға жауап беріп болған соң, алдыңғы сұрақтамалар сиақты «иә» немесе «жоқ» жауаптарының жалпы санын есептеп шығарыңыз. «жок» деген жауаптардың саны көп болған сайын бала өзінің үлкен әпкесі мен ағасына қызғанышпен қарау сезімі жоғары болады. Әсіресе бала үшін «жоқ» жауабы 6-дан немесе 60% көп болғанда ең жағымсыз жағдай болады.



6.2.6. «Отбасындағы балалардың арасындағы бәсекелестік деңгейін анықтау шкаласы»
Әдістеменің мақсаты – отбасындағы балалардың өзінің кіші бауырына қызғаныштық дәрежесінің, бір – біріне бәсекелестік деңгейінің диагностикасы. Берілген сұрақнама мектепке дейінгі, кіші мектеп жасындағы және орта мектеп жасындағы балаларға арналған.

А нұсқауы: «Төменде келтірілген сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деген нұсқада өз жауабыңызды беріңіз. Жауап нұсқасының астын сызып қойыңыз»
1 Сұрақнама бланкісі

Егер саған байланысты болса, онда сен.........



  1. Әрдайым кіші бауырыңмен (қарындасы,сіңлісі) бірге ойнар едің - иә, жоқ.

  2. Өзіңнің жақсы көретін ойыншықтарыңды берер едің – иә, жоқ.

  3. Оны өзіңмен бірге серунге алып шығар едің – иә, жоқ

  4. Оны басқалардан қорғап жүрер едің – иә, жоқ

  5. Оны қарайтын едің – иә, жоқ

  6. Оны анаң мен әкеңе мақтайтын едің – иә,жоқ

  7. Оның бар болғанына қуанар едің – иә, жоқ

  8. Ол үйде жалғыз қалмасын деп, жанында отырар едің - иә, жоқ

  9. Ертегі оқып берер едің - иә, жоқ

  10. Оны бала бақшаға немесе мектепке алып барар едің - иә, жоқ


Нәтижелерді өңдеу және талдау. Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін, «иә» және «жоқ» нұсқасындағы жауаптардың жалпы саны есептеледі. «Жоқ» жауаптарының басымдылығы, баланың өз кіші інісіне немесе қарындасына қызғанышты қатынасын білдіреді. «Жоқ» жауабының 6-дан жоғары болуы немесе 60%-ті құрауы бала үшін ерекше қолайсыз жағдай.

Үлкенбауырларына қызғаныш сезімі мен балалар арасындағы бәсекелетік деңгейінің әртүрлі жастарға арналған сұрақнамасы арқылы анықтауға болады.

Нұсқау Б сұрақнаманың әр пунктіне бала нақты иә немесе жоқ деп жауап беруі қажет

№ 2 сұрақнама бланкісі

Егер саған байланысты болса, онда сен....


  1. Өзіңнен үлкен бауырыңның бар болғанына мақтанасың-иә, жоқ

  2. Одан үлгі алып жүруге ынталысың- иә, жоқ

  3. Онымен жақсы дос болар едің- иә, жоқ

  4. Үлкен ағаң бар екені жайлы барлығына айтар едің- иә, жоқ

  5. Оны анаң мен әкеңе мақтар едің- иә, жоқ

  6. Сабағын дайындауға кедергі келтірмейтін едің- иә, жоқ

  7. Ата-анаңа ол жайлы шағымдар айтпайтын едің- иә, жоқ

  8. Үйде барлық шаруаларды орындауға көмектесер едің-иә, жоқ

  9. Онымен барлық тәттіні бөлісер едің- иә, жоқ

  10. Барлық жақсыны соған берер едің- иә, жоқ

Нәтижелерді өңдеу және талдау: Барлық сұрақтарға жауап берілгеннен кейін , «иә» және «жоқ» жауаптарының жалпы санын есептеу қажет. «Жоқ» жауаптарының саны неғұрлым көп болса, соғұрлым баланың үлкен ағасына немесе әпкесіне қызғаныш сезімінің деңгейі жоғары екенін көрсетеді. әсіресе «жоқ» жауаптары 6 немесе 60%-дан көп болса, қиын жағдайды болжайды.



6.2.7. Тұлғаның агрессивтілік деңгейін анықтау.

Отбасында зорлықтын бар болуы агрессивті мінез -құлықтың қалыптасуына жағдай жасайды. Агрессивті мінез құлықтың бұл адам іс-әрекетінің ерекше бір түрі, ол күштің басымдылығы мен басқа адамдарға күш көтсетумен сипатталады.

Агрессивті мінез- құлықтың нақты көріністерінің пайда болуын түсіну үшін агрессивті акт отбасы мүшесінің аффективті жағдайының нәтижесі тепе-теңсіз қорғаныс реакциасы ма, әлде ол мақсатқа бағытталған мәнге ие ме соны біліп алған жөн. Көптеген зерттеушілер ағылшын әлеуметтанушысы Г.Вильсонның айтуымен келіседі. Яғни, қазіргі замандағы зорлық бұл өзінің бейімделуіне қиын болған әлеуметтік орта шарттары мен әртүрлі стрестік факторларға наразылық көрсететін, жеке тұлғаның нервотикалық қарсылығының 1 түрі болып табылады. Сондықтан да біз агрессивті мінез- құлықты бейімдеуге қарама-қарсы ұғым ретінде қарастырамыз [12]

Бейімдеу іс-әрекеті бұл адамның от басы мүшесі мен сипаттайтын өзара іс-әрекеті. Баланың немесе ата-ананың жоғары агрессивтілігі отбасы іс-әрекетіне әсер етіп, оның мүшелері арасында бақталастық, жан-жалдың туындауына жағдай жасайды.

Агрессивті мінез – құлықтың төмендегі типтерін бөліп көрсетуге болады: 1) Вербальды агрессия; басқа адамдарға деген өатынасында өз агрессиясын вербальды, сөзбен, сөздік қор кемсітулерді қолдану арқылы көрсетеді. 2) Физикалық агрессия; басқа адамдарға деген қатынасында өзінің агрессиясын физикалық тұрғыдан көрсетіп, тіпті күш көрсетуі де мүмкін. 3) Заттық агрессия; адам өз агрессиясын айналадағы заттарға шығарады. 4) Эмоционалды агрессия; басқа адамдармен қарама-қарсылықта шеттетілу, икемдену, өштесу, қабылдамау сезімдері пайда болады. 5) өзіндік агрессия; адам өзімен-өзі келісімді өмір сүре алмайды, оның «Мен» қорғаныс механизімі әлсіреген немесе тіпті жоқ, ол агрессивті ортада қорғансыз болып қалады.

1.3. Қосымшасында Басса-Дарк сауалнамасы берілген оның негізгі мақсаты – тұлғалық агрессивтілік деңгеиін бағалау.



6.3. Ата-ананы психологиялық зерттеуден өткізу негіздері

Ата-ананы диагностикалық зерттеуден өткізу негізінде 2 міндет жатыр олар:

1. Ата-ана көзқарасынан «ата-ана-бала» жүйесіндегі тұлға аралық қатынасты зерттеу.

2. Ата-ана қабілеттерін анықтау



6.3.1Э.Г.Эйдемиллердің ЖТТ (Отбасылық тәрбиелеудің талдамы)

сауалнамасы
ЖТТ сауалнамасы отбасылық тәрбиелеудің түрлерін диагностикалау және оны бұзуының сипаттамасы. Отбасылық тәрбиелеу бұзылуының келесі түрлері диагностикаланады:

І. Деңгей протекциясы – бала тәрбиесіне ата-ананың қанша күш және уақыт бөледі:

1) гиперпротеция (тым артық) – Г+ шәкілі;

2) гипопротекция (жетіспейтін) – Г- шәкілі.

ІІ. Қажеттілктерді қанағаттандыру дәрежесі – баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруда ата-ананың қандай мөлшерде қызмет жасайды.

1) теңдесу ыңғайы (баланың барлық қажеттіліктерін жоғары деңгейде және қарсыласпай қанағаттандыруға ата-аналардың ұмтылуы) – У+ шәкілі;

2) баланың қажеттіліктерін елемеулік (баланың қажеттіліктерін қанағаттандыруда ата-ананың ұмтылуы жеткіліксіз) – У- шәкілі.

ІІІ. Отбасында балаға талап деңгейі. Олар міндеттері, жаза, тыйым салу түрінде шығады.



    1. Міндет-талаптарының артықшылығы психожарақат қауіпін көрсетеді – Т+ шәкілі;

    2. Міндет-талаптарының кемшілігі баланы белгілі бір жұмысқа тартуды қиындатады – Т- шәкілі;

    3. Тыйым салу-талаптарының артықшылығы эмансипация реакциясын қалыптастырады немесе үрейлі күмәншіл акцентауция және сенситивті дамуына келтіреді – 3+ шәкілі;

    4. Тыйым салу-талаптарының кемшілігі мінез-құлықтың тұрақсыздық, гипертимдік түрлерін дамуын ынталандырады – 3- шәкілі;

    5. Мақұлдаудың артықшылығы – іс-әрекеттін кішкене де болса бұзылуына әрекеттену артықшылығы – С+ шәкілі;

    6. Мақұлдаудың кемшілігі – мадақтауға үміттену, кез келген жазалаудың нәтижелілігінде күмәндану – Н шәкілі.


Нәтижелер кесте түрінде дайындалады:

Отбасы тәрбиелеу түрлерінің диагностикасы

Бұзу сипаты

Жақтау деңгейі

Қажеттілікті қанағаттандыру толықтығы

Қойылған талаптар дәрежесі

Тайым салу дәрежесі

Мақұлдау қаталдығы

Отбасы тәрбиелеу бұзуды түрлері

П(Г+Г-)

У

Е

З

С

Потворствті гиперпротекция

+

+

-

-

-

Басым

гиперпротекция



+

±

±

+

±

Сезімдік терістеу

-

-

+

+

+

Қаталдық

-

-

±

±

+

Гиперпротекция

-

-

-

-

±

Моральдік жауапкершіліктің артықшылығы

-

-

+

±

±


Жауаптар бланкісі


V

21 22

41 42

61 62

81 82

Е± 7 Г- 8

X

4


23 24

43 44

63 64

83 84

У+ 6 У- 4


5

25

45

65

85

Т+ 4

6

26

46

66

86

Т- 4

7

27

47

67

87

З+ 4

8

28

48

68

88

З- 3

9

29

49

69

89

С+ 4

10

30

50

70

90

С- 4

11

31

51

71

91

Н 5

12

32

52

72

92

РРЧ 6

13

33

53

73

93

ПДК 4

14

34

54

74

94

ВН 4

15

35

55

75

95

ФУ 6

16 17

36 37

56 57

76 77

96

НРЧ 7 ПНК 4

18

38

58

78

97 98

ВК 4

19

39

59

79

99

ПМК 4

20

40

60

80

100

ПЖК 4

101

107

113

119

125

г+

102

108

113

120

126

г-

103

109

115

121

127

у+

104

110

116

122

128

РРЧ

105

111

117

123

129

ФУ

106

112

118

124

130

НРЧ

Бала неше жаста

Валидизация әдісінің барлық шәкілдерінің мәліметтері: г=0,56; ро=0,60: п=180; р=Ж=0,01: р<0.01.
Ескерту: + тәрбиелеу түрінің артықшылығын анықтайды; - кемшілігін анықтайды; ± тәрбиенің бүл түрінде артықшылық та кемшілік те болуы мүмкін.

Тәрбиелеу түрінің бірнеше түрі тұрақты үйлесуде болса, бұл тәрбиелеудің мақсаттылық типін береді.

Отбасылық тәрбиелеу бұзушылықты таптастыру келесі түрде болады:

Потворсттік протекция (Г+, У+, Т-, 3-, С- шәкілдерінің үйлесуі). Жеткіншек отбасы назарының ортасында, олар баланың барлық қажеттіліктерін жоғары деігейде қанағаттандыруға тырысады. Бұл тәрбиелеу түрі жеткіншекте гипертимдік және қыр көрсеткіш мінез-құлқының дамуына әкеліп соғады.

Басым гиперпротекция (Т+, У±, Т±, 3±, С±). Жеткіншек әлі де отбасы назарының ортасында, олар балаға барлық күш-жігерін жұмсайды, баланы тәуелсіздіктен айырады, көптеген тыйымдар мен шектер қояды.

Сезімдік терістеу. (Г±, У-, Т±, 3±, С±). Бұл «Золушка» типтес тәрбиелеу түрі.

Моральдік жауапкершіліктің артықшылығы (Г-, У-, Т+). Бұл тәрбиелеу түрі балаға қойылған талаптардың артықшылығы мен ата-ананың оған деген назарының кемшілігінің үйлесуімен сипатталады.

Гиперпротекция (гипоқолдау) (Г-, У-, Т-, 3-, С±).. Жеткіншек өзіне өзі берілген, ата-анасы баланы бақыламайды, бала оларды қызықтырмайды.

Дұрыс тәрбиелемеу себептері алуан түрлі. Кейде бұл отбасы өміріндегі теңбе-тең тәрбиелеуді қалыптастыруға кедергі жасайтын нақты бір жағдайлар болып келеді. Жиірек ата-аналардың педагогикалық мәдениетінің төмендігі. Екінші жағдайда ата-аналардың жеке ерекшеліктері тәрбиелеу процесінің бұзуына себепші болады. Көп жағдайларда ата-аналар бала есебінен өздерінің жеке мәселелрін шешкісі келеді. Бұл мынада айқындалады:


    • ата-ана сезім өрісінің үлкеюі (РРЧ шәкілі)

    • жеткіншекте жас бала қылықтарын қалау (ПДК шәкілі)

    • ата-ананың тәрбиелеу сеніміздігі (ВН шәкілі)

    • баланы жоғалту қорқынышы (ФУ шәкілі)

    • ата-аналық сезімінің дамымауы (НРЧ шәкілі)

    • бала жынысына қатысты ата-ананың құрылуының жылжуы (ПЖК шәкілі - әйелдік сапасын қалау, ПМК шәкілі – еркектік сапасын қалау)

    • өзінің қажетсіз сапаларын жеткіншекке проекциялау (ПНК шәкілі)

    • ерлі зайыптылар арасындағы жанжалды тәрбиелеу өрісіне шығару (ВК шәкілі)

Қандай бұзылыстар ата-аналардың осындай қарым қатынастарын шақырады? Артқан протекцияны немесе керісінше гипопротекцияны, сезімдік терістеу және қаталдық. Тәрбиелеу түрінің қарама-қайшылығы да болуы мүмкін.

Сауалнамамен қолдану ережелері.

Ана немесе әке сауалнаманы толтырмай тұрып, олармен сенімді психологиялық қарым-қатынас құруға талпыныңыз. Ата-аналар өзінің жауаптарында ашық болуы тиіс.

Әр сұранушы жауапты тіркеу бланкісін және сауалнама текстін алады. Сауалнама басында жазылған нұсқауды оқып, ата-аналардың бәрін дұрыс түсінгеніне сенімді болыңыз. Жауапты тіркеу бланкісін толтыра бастаған кезде артық ешқандай түсіндірулер немесе ұсыныстар беру қажет емес.

Нәтижелерді өндеу. Жауапты тіркеу бланкісінде бір шәкілде тиесілі сандар, санауды тездетету үшін бір қатарда орналасқан. Белгіленген сандарды санаңыз. Жауапты тіркеу бланкісінде тік сызықтан кейін әр шәкілге диагностикалық мағынасы көрсетілген. Егер юелгіленген сандар саны диагностикалық мағынаға жетсе немесе асып кетсе, онда тексерілуші ата-ананың тәрбиелеуде ауытқу түрі анықталды деп есептеледі.

Сызықтан кейнгі әріптер – берілген әдістемелік ұсыныстарда қолданылатын шәкілдердің қысқа аттары. Кейбір шәкілдер аттарының асты сызылған: бұл көлденең жолдағы нәтижеге қосымша шәкілдегі нәтижені қосу керек деген, қосымша шәкіл бланктің төменгі жағында көлденең сызықтың астында орналасқан және негізгі шәкіл әріптерімен белгіленген.

Бірнеше шәкілдерде ауытқу байқалса, «Отбасы тәрбиелеу түрлерінің диагностикасын» қолданған жөн. Бұл зерттелуші отбасының тәрбиелеуде ауытқу түрін тура анықтауға көмек береді.

6.3.2. Ата-аналарға арналған ЖТТ сауалнамасы

Жеткіншек нұсқасы

Қымбатты ата-ана! Сізге берілген сауалнамада бала тәрбиелеудегі бекітулер жазылған. Бекітулер нөмірленген. Сондай нөмірлер «Жауаптар бланкісінде» де бар.



Сауалнамадағы бекітулерді кезекпен оқыңыз. Егер сіз бекітумен келіссеңіз, «Жауаптар бланкісіндегі» бекітудің нөмірін дөңгелетіп белгілеңіз. Егер таңдау қиынға соқса, нөмірдің үстіне сұрай белігісін қойыңыз. Сауалнамада «дұрыс» немесе «дұрыс емес» бекітулер жоқ. Өзіңіз қалай ойлайсыз, солай жауап беріңіз. Бөліп жазылған бекітулерге әкелер жауап бермесе де болады:

  1. Істегенімнің бәрін, балам үшін істеймін.

  2. Баламмен бір қызық нәрсемен айналысу үшін, бір жерге бірге бару үшін, қызық бір нәрсе туралы сөйлесу үшін менің уақытым жетпейді.

  3. Басқа ата-аналар рұқсат бермейтін нәрсеге мен балама рұқсат етемін.

  4. Балам маған сұрақтарымен келгенін ұнатпаймын. Өзі аңғарса жақсы.

  5. Біздің бала басқа балалардан қарағанда үйдегі міндеттері көп.

  6. Менің балама үйде тірлік істету өте қиын.

  7. Ата-анасының көзқарасының дұрыстығын баланың ойламағаны дұрыс.

  8. Балам үйге өзі қалаған уақытта келеді.

  9. Егер балаңның адам болып өскенін қаласаң, оның бірде бір жаман қылығын жазасыз қалдырмауың қажет.

  10. Мүмкіндігінше баламды жазаламауға тырысамын.

  11. Көңіл күйім көтеріңкі болған кезде баламның басқа уақытта жазаланатын қылығын кешіремін.

  12. Баламды жарымнан да жақсы көремін.

  13. Жас балаларды жеткіншектерден қатты жақсы көремін.

  14. Егер балам ұзақ уақыт қыңырланса немесе ашуланса, оған қарай жаман қылық жасау сезімі туады.

  15. Көп уақыт күткенімен, бізде бала болмады.

  16. Баламен қарым-қатынас - өте бір қиын нәрсе.

  17. Баламның кейбір қылықтары мен мінезі мені өзімнен шығарады.

  18. Егер маған жарым кедергі болмағанда, баламның тәрбиесі әлде қайда жақсы болар еді.

  19. Әйелге қарағанда еркектің көбісі жеңілтек болады.

  20. Еркектерге қарағанда әйелдің көбісі жеңілтек болады.

  21. Менің балам мен үшін - өмірімнің ең маңыздысы.

  22. Кейбір кездері баламның қайда жүргенін білмеймін.

  23. Балама қымбат болғанның өзінде де қалаған киімін алып беруге тырысамын.

  24. Балам түсінксіз. Оған бір рет түсіндіргеннен, өзің екі рет істегенің жақсы.

  25. Кейде балама өзінің кіші інісіне (сіңілісіне, қарындасына) қарап отыруға тура келеді.

  26. Балама бір нәрсені істеуі туралы қайта-қайта есіне түсіремін, ақырында барып өзім істеймін.

  27. Ата-аналар өзінің кемшіліктері мен әлсіздігін балаларына білдіртпеуі тиіс.

  28. Менің балам кіммен дос болуы туралы шешімді өзі қабылдайды.

  29. Балалар ата-анасын жақсы көріп қана қоймай, қорқуы тиіс.

  30. Мен баламды өте сирек ұрысамын.

  31. Біздің балаға деген қаталдығыңызда шамалы тербелістер болады. Кейде біз өте қаталмыз, ал кейде бәрін рұқсат етеміз.

  32. Балам мен күйеуімнен қарағанда, біз баламыз екеуміз бір бірімізді жақсы түсінеміз.

  33. Баламның ерте ертежетуі мені қатты ренжітеді.

  34. Егер бала ауырып тұрғанда қырсықса, оның айтқанын істеген дұрыс.

  35. Менің балам әлсіз және аурушаң болып өсті.

  36. Егер менің балаларым болмағанда, мен өмірде үлкен биіктіктерге жететін едім.

  37. Мен қаншалықты күрессем де, менің баламның жойылмайтын әлсідіктері бар.

  38. Мен баламды жазалаған кезімде, менің жарым мені кінәлап баламды жұбата бастайды.

  39. Әйелдерге қарағанда, еркектер жұбайылық опасыздыққа бейім.

  40. Еркектерге қарағанда, әйелдер жұбайылық опасыздыққа бейім.

  41. Баламды қамқорлау уақытымның көп бөлігін алады.

  42. Маған көп рет ата-аналар жиналысын өткізіп жіберуге тура келді.

  43. Балама қаншалықты қымбат болса да қалағанының бәрін алып беруге тырысамын.

  44. Баламның қасында көп уақыт болсаң, қатты шаршайсың.

  45. Мен балама көп рет маңызды және қиын жұмыстарды тапсырдым.

  46. Менің балама маңызды жұмыста сенуге болмайды.

  47. Маңыздысы – ата-ана баласын тыңдайға үйретуі қажет.

  48. Менің балам темекі шегу шекпеуін өзі шешеді.

  49. Ата-ана балаға қаншалықты қатал болса, соншалықты балаға жақсы.

  50. Мен жұмсақ адаммын.

  51. Егер менің балама менен бір нәрсе керек болса, ол менің көңіл күйімнің көтеріңкі болған кездерді таңдайды.

  52. Менің балам ержетіп мен оған керек емес болатынымды есіме түсірсем қатты күйзелемін.

  53. Бала есейген сайын, олармен жұмыс істеу қиын.

  54. Көп жағдайда бала неге қыңырланады, өйткені ата-аналар балаға дұрыс қатынас таба алмайды.

  55. Мен баламның денсаулығы туралы көп уайымдаймын.

  56. Егер менің балаларым болмағанда, менің денсаулығым жақсы болар еді.

  57. Мен қаншалықты шара қолдансам да, баламның өте маңызды кемшіліктері жойылмайды.

  58. Менің балам менің жарымды ұнатпайды.

  59. Әйелге қарағанда, еркектер басқа адамның сезімдерін түсіне бермейді.

  60. Еркекке қарағанда, әйелдер басқа адамның сезімдерін түсіне бермейді.

  61. Менің балам үшін менің өмірде көп нәрседен бас тартуыма тура келді.

  62. Күнделікті тексермегенімнен баламның ескерту немесе екілік алғанын байқаман күндерім болды.

  63. Балама өзіме қарағанда көп қаражат жұмсаймын.

  64. Балам менен бір нәрсе сұрағанын жақтырмаймын. Мен балама не керек екенін өзім білемін.

  65. Менің баламның балалық шағы басқа оның құрдастарына қарағанда қиын.

  66. Үйде балам керек нәрсені емес, өзінің қалағанын істейді.

  67. Балалар өзінің ата-анасын басқа адамдарға қарағанда қатты сыйлауы тиіс.

  68. Менің балам өзінің ақшасын неге жұмсайтынын өзі шешеді.

  69. Мен балама басқа ата-аналарға қарағанда қаталмын.

  70. Жазалаудың пайдасы жоқ.

  71. Отбасы мүшелері балаға деген қаталдығы әр түрлі. Біреулері еркелетеді, басқалары керісінше – қатты қатал.

  72. Менің балам менен басқа ешкімді жақсы көрмесе екен деймін.

  73. Мен баламды қазіргіге қарағанда, кішкентай кезінде қатты жақсы көретінмін.

  74. Кейбір кездері баламмен не істерімді білмеймін.

  75. Баламның денсаулығының нашарлығынан, оған көп нәрсеге рұқсат ететінмін.

  76. Бала тәрбиелеу – ауыр және рахымы жоқ жұмыс. Оларға бәрін бересің, ал орнына еш нәрсе ала алмайсың.

  77. Менің балама жақсы сөз жәрдем бермейді. Оған әсер ететін бір ғана нәрсе бар – үнемі қатал жазалау.

  78. Менің жарым баламды өзіме қарсы қойғысы келеді.

  79. Әйелдерге қарағанда, еркектер салдарын ойламай ақылсыз жұмыс жасайды.

  80. Еркектерге қарағанда, әйелдер салдарын ойламай ақылсыз жұмыс жасайды.

  81. Мен үнемі баламды ойлап жүремін, оның жұмысын, денсаулығын және т.б.

  82. Баламның күнделігіне бірнеше аптаға бірден қол қоюға тура келеді.

  83. Менің балам менен өзіне керектігін оңай алады.

  84. Мен тыныш және сабырлы балаларды ұнатамын.

  85. Менің балам маған көп жәрдем етеді (жұмыста немесе үйде).

  86. Менің баламның үйдегі міндеттері аз.

  87. Балалар ата-анасының айтқаны дұрыс емес екендігін білгеннің өзінде, олардың айтқанын істеуі тиіс.

  88. Менің балам үйден шығарда қайда кетіп бара жатқанын сирек айтады.

  89. Ең жақсы жаза – белдік болатындай жағдайлар болады.

  90. Баламның іс-әрекетіндегі кейбір жаман қылықтары өздігінен жасы келе жойылды.

  91. Баламыз бір нәрсені бүлдірсе, біз онымен айналысамыз, егер бәре жақсы тыныш болса, қайтадан өз еркіне жібереміз.

  92. Егер менің балам менің балам болмаса, ал мен жас болсам, мен баламды жақсы көріп қалар едім.

  93. Маған үлкен балаларға қарағанда кішкентай балалармен әңгімелескен ұнайды.

  94. Менің баламның кемшіліктеріне мен кінәлімін, өйткені дұрыс тәрбие бере алмадым.

  95. Тек біздің үлкен күшіміздің арқасында, баламыз аман қалды.

  96. Баласы жоқ отбасыларға жиі қызығамын.

  97. Егер менің балама еркіндік берсең, сол сәтте ол өзіне немесе айналасындағыларға кесірін тигізеді.

  98. Егер мен балама бәр нәрсе айтып тұрсам, жарым әдейілеп керісінше сөйлейді.

  99. Әйелдерге қарағанда, еркектер жиі өзін ғана ойлайды.

  100. Еркектерге қарағанда, әйелдер жиі өзін ғана ойлайды.

  101. Мен балама өзіме қарағанда көп уақыт пен күшімді жіберемін.

  102. Мен баламның тірлігі туралы өте аз білемін.

  103. Менің баламның қалауы мен үшін заң.

  104. Менің балам кішкентай кезінде менің қасымда ұйықтағанды жақсы көретін.

  105. Менің баламның асқазаны нашар.

  106. Балаға ата-ана ол өскенше ғана керек. Одан кейін ол ата-анасын өте сирек ойлайды.

  107. Балам үшін мен неге де болса дайынмын.

  108. Менің балама менің қолымнан келетіннен артық уақыт бөлінуі керек.

  109. Менің балам өте сүйкімді бола алады, сол кезде мен оған бәрін кешіре аламын.

  110. Мен балам кешірек үйленсе екен деймін, 30 жасынан кейін.

  111. Менің баламның қолдары мен аяқтары өте жиі мұздай болады.

  112. Балалардың көбісі – кішкентай өзімшілдер. Олар ата-анасының денсаулығы мен сезімдерін ойламайды.

  113. егер балама барлық уақыт пен күшімді бермесем, бұл жақсылыққа әкелмейді.

  114. Бәрі жақсы болған кездерде, мен баламның жұмыстарына көңіл аудармаймын.

  115. Мен балама «жоқ» деп айтуым өте қиын.

  116. Менің балама керектігімнің төмендеуі мені қатты күйзелтеді.

  117. Баламның денсаулығы басқа жеткіншектерге қарағанда нашарлау.

  118. Балалардың көбісі ата-анасына деген рахымы жоқ.

  119. Балам менің көмегімсіз еш нәрсе істей алмайды.

  120. Балам бос уақытының көбін далада өткізеді.

  121. Баламның көңіл көтеруіне уақыты өте көп.

  122. Маған менің баламнан басқа ешкімнің де керегі жоқ.

  123. Менің баламның ұйқысы үзілмелі және мазасыз.

  124. Өзімнің ерте үйленгенімді (тұрмысқа шыққанымды) жиі ойлаймын.

  125. Баламның осы уақытқа дейінгі жетістіктерге (сабақта, жұмыста немесе басқа) тек менің көмегімнің арқасында ғана.

  126. Баламның тірлігімен негізінде жарым айналысады.

  127. Сабағын оқып бітіргеннен (немесе жұмыстан келгеннен) кейін , менің балам өзіне ұнайтын жұмыспен айналысады.

  128. Баламды бір қыз балдамен елестетсем, менің көңіл күйім бұзылады.

  129. Менің балам өте жиі ауырады.

  130. Отбасы маған көмек бермейді, тек өмірімді қиындатады.

жүктеу 2,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау