Ќазаќстан Республикасыныѕ Єылым жјне Білім Министрлігі


Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы



жүктеу 2,37 Mb.
бет4/7
Дата01.02.2018
өлшемі2,37 Mb.
#8280
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

6.3.3.Ата-ананың балаға деген қарым-қатынасының тест-сауалнамасы

(А.Я.Варға, В.В.Столин)

Ата-ананың қарым-қатынасының тест-сауалнамасы – бұл психодиагностикалық құрал, ол балаларды тәрбиелеу және олармен қатынасу сұрақтарымен психологиялық көмек сұрап келген адамдардың ата-аналық қарым-қатынасын айқындауға арналған.

Ата-аналық қарым-қатынас дегеніміз, балаға қатысты түрлі сезімдердің, іс-әрекет стереотиптерінің, баланы түсіну және қабылдау ерекшеліктері.

Сауалнама құрылымы:

Сауалнама 5 шәкілден тұрады.

І. «Қабылдау – қабылдамау». Шәкіл балаға интегралды сезімдік қарым-қатынасты білдіреді. Шәкілдің бір полюсінің мазмұны: бала ата-анаға қандай да болса ұнайды. Ата-ана баланың даралығын сыйлайды. Ата-ана баламен көп уақыт өткізуге тырысады, оның қызы,ушылықтары мен жоспарларын мұқулдайды. Шәкілдің екінші полюсында: ата-ана өзінің баласын жаман, табыссыз, бейімсіз деп қабылдайды. Бала өзінің қабілетінің төмендігінен, ақылының аздығынан, бейімділігінің жамандығынан өмірде табысқа жетпейді деген сенімде. Көп жағдайда ата-ана баласына ашу, ыза, реніш сезімдерімен қарайды. Баласына сенбейді және сыйламайды.

ІІ. «Кооперация» - ата-ананың қарым-қатынасының әлеуметтік-қалаулы бейнесі. Бұл шәкілдің мазмұндамасы мынада: ата-ана баласының тірлігіне және жоспарларына қызығушылыөпен қарайды, оған барынша көмек көрсетуге тырысады, жаны ашиды. Ата-ана баланың зияткерлік және творчестволық қабілеттерін жоғары бағалайды, баласын мақтан тұтады. Баласының тәуелсіздігін және ынтасын мадақтайды, онымен бірдей болуға тырысады. Ата-ана баласына сенімді, талқылау сұрақтарында оның көзқарасымен көруге тырысады.

ІІІ. «Симбиоз» - шәкіл баламен қатынастың жеке аралық қашықтықты айқындайды. Бұл шәкілде жоғары балдар жиналса, ата-ана баласымен симбиотикалық қарым-қатынаста деп есептеуге болады.

Бұл тенденцияға мынадай мазмұндама беріледі: ата-ана өзін баламен бір бүтін деп санайды, баланың барлық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, өмірлік қиыншылықтар мен реніштерден қорғауға тырысады. Ата-ана баласы үшін үнемі қорқып отырады, баланы әлі кішкентай және қорғаныссыз деп көреді.

Бала өсе келе жағдайларға байланысты тәуелсіздікке үйрене бастаған кезде ата-ана үрейі жоғарылай бастайды, өйткені ата-ана балаға ешқашан өздігінен тәуелсіздік берген емес.

IV. «Авторитарлық гиперсоциализация» - баланың іс-әрекеттерін бақылаудың түрін және бағытын айқындайды. Бұл шәкілде жоғары бал жиналса, ата-ананың қарым-қатынасында авторитаризм байқалады. Ата-ана баласынан сөзсіз бағыну мен тәртіпті талап етеді. Балаға өзінің еркін байлағысы келеді, ал оның көзқарасын аңғармайды. Баланы өз еркін танытқаны үшін жазалайды. Ата-ана баласының әлеуметтік жетістіктерін қадағалап жүреді және әлеуметтік табысты талап етеді. Сонымен бірге ата-ана баласының жеке мүмкіншіліктерін, әдеттерін, ой-өрісін, сезімдерін жақсы біледі.

V. «Кішкентай жолы болғысыз адам» - ата-ананың баласын қабылдау мен түсіну ерекшеліктерін айқындайды. Бұл шәкілдің жоғары белгілері ата-ананың қарым-қатынасында баланы инфантилеуге тырысу, өзін әлеуметті түрде дәрменсіз деп есептеуге іс-әрекет жасайтыны байқалады. Ата-ана баласын өз жасынан кіші көреді. Баласының қызығушылықтары, ойлары, сезімдері ата-анасына балалық, шалағай болып көрінеді. Ата-ана баласына сенбейді, оның табыссыздығына әшә ашиды. Осы үшін ата-ана баласын өмірлік қиындықтардан қорғауға тырысады және оның іс-әрекеттерін қатал бақылайды.


АҚҚ сауалнама тексті

  1. Мен балама әрдайым жаным ашиды.

  2. Баламның не ойлайтынын білуім менің парызым.

  3. Мен баламды сыйлаймын.

  4. Маған менің баламның іс-әрекеттері мөлшерден тыс болып көрінеді.

  5. Баланы өмірлік қиындықтардан алысырақ ұстау қажет.

  6. Мен балама бейімділік сезімін сезінемін.

  7. Жақсы ата-ана баласын өмірлік қиыншылықтардан қорғайды.

  8. Менің балам көп уақытта маған ұнамайды.

  9. Мен балама көмек беруге тырысамын

  10. Қорлық қарым-қатынас балаға үлкен пайда әкелетін жағдайлар да болады.

  11. Мен балама өкініш сезімін сеземін.

  12. Менің балам өмірде еш нәрсеге қолы жетпейді.

  13. Балалар менің баламды мазақ ететін сияқты.

  14. Менің балам жеккөрініш сезімін тудыратын қылықтарды жиі жасайды.

  15. Өзінің жасына менің балам әлі жетілмеген.

  16. Менің балам әдейі жаман қылықтар жасайды, мені ренжіту үшін.

  17. Менің балам жаман нәрсенің бәрін өзіне тартып алады.

  18. Менің баламды қанша ынталансаң да жақсы үлгіге үйрете алмайсың.

  19. Баланы қатты ұстау қажет, сонда одан жақсы тәртіпті адам өседі.

  20. Баламның достары үйге келгенін ұнатамын.

  21. Баламның өсуінде мен қатысамын.

  22. Менің балама барлық жаман нәрсе «жабысады».

  23. Менің балам өмірде табысқа жетпейді.

  24. Таныстар жиылысында балалр жайында әңгіме қозғалғанда, мен кішкене ұяламын, менің баламның мен ойлағандай ақылды және қабілетті болмағанына.

  25. Мен өз баламды аяймын.

  26. Баламды оның құрдастарымен салыстарғанда, олар іс-әрекеттерімен де ой-өрісімен де менің баламнан үлкен болып көрінеді.

  27. Мен өз баламмен бос уақытымды қуана өткіземін.

  28. Мен баламның өсіп ержетіп келе жатқанына өкінемін, оның кішкентай кездерін нәзіктікпен еске аламын.

  29. Балама қастық қатынаста екенімді жиі сеземін.

  30. Менің балам өмірде мен жете алмаған жетістікрге жетсе екен деймін.

  31. Ата-ана баладан тек талап ете бермей, оған бейімделуі қажет.

  32. Баламның барлық өтініштерін орындауға тырысамын.

  33. Отбасылық шешімдер қабылдағанда баланың да пікірін ескеру қажет.

  34. Баламның өмірі мені өте қызықтырады.

  35. Баламмен жанжал болған кездерде, оның өзінше рас екенін жиі мойындаймын.

  36. Ата-анасының қателесетінін балалар ерте жастан біледі.

  37. Мен баламмен үнемі санасамын.

  38. Мен балама достық сезімін сеземін.

  39. Баламның қыңырлығының басты себебі - өзімшілдік, қырсықтық және жалқаулық.

  40. Демалыс күндеріңді баламен өткізсең жақсы дем ала алмайсың.

  41. Ең бастысы баланың тыныш және қамсыз балалық шағы болуы.

  42. Кейбір кездері баламның жақсы нәрсеге дағдысы жоқ деп есептеймін.

  43. Баламның әуестерін мақұлдаймын.

  44. Менің балам кімді болсада өзінен шығара алады.

  45. Баламның реніштерін түсінемін.

  46. Менің балам мені жиі ашуландырады.

  47. Баланы тәрбиелеу – жүйкені тоздырады.

  48. Балалық шақтағы қатал тәртіп балада күшті мінез-құлық дамытады.

  49. Мен балама сенбеймін.

  50. Қатал тәрбиелік үшін кейін бала рахметін айтады.

  51. Кейбір кездері баламды жек көретін сияқтымын.

  52. Баламда қадыр-қасиеттен кемшіліктер көп.

  53. Баламның қызығушылықтарын мақұлдаймын.

  54. Балам өздігінен еш нәрсе әстей алмайды, істегеннің өзінде дұрыс емес.

  55. Менің балам өмірге бейімсіз болып өсіп келеді.

  56. Менің балам қандай да болса өзіме ұнайды.

  57. Баламның денсаулығын қатта қадағалаймын.

  58. Баламды мақтан тұтамын.

  59. Бала ата-анасынан құпия сақтамауы тиіс.

  60. Баламның қабілетінен жоғары пікірде емеспін және оны баламнан жасырмаймын.

  61. Бала ата-анасына ұнаған балалармен достасып жүргені дұрыс.


Сауалнама кілті

І. «Қабылдау-қабылдамау»: 3, 4, 8, 10, 12, 14, 15, 16, 18, 20, 23, 24, 26, 27, 29, 37, 38, 39, 40, 42, 43, 44, 45, 46, 47, 49, 51, 52, 53, 55, 56, 60

ІІ. Мінез-құлқының әлеуметтік қалауының бейнесі: 6, 9, 21, 25, 31, 33, 34, 35, 36.

ІІІ. «Симбиоз»: 1, 5, 7, 28, 32, 41, 58.

IV. «Авторитарлық гиперсоциализация»: 2, 19, 30, 48, 50, 57, 59.

V. «Кішкентай жолы болғысыз адам»: 9, 11, 13, 17, 22, 28, 54, 61.

Тесттік балдардың саналу реті:

Тесттік балдарды барлық шәкілдерде «дұрыс» жауабы есептеледі.

Сейкес шәкілдердегі жоғарғы тесттік бал:

I – қабылдамау;

II – әлеуметтік қалау;

III – симбиоз;

IV – гиперсоциализация;

V – инфантилизация (инвалидизация).



Тестік мөлшерлер сәйкес шәкілдердің тесттік балдардың пайыздық рангтары кесте түрінде беріледі.
Сауалнама шәкілдерінің шикі балдары пайыздық рангтарға ауыстыру кестесі.

1 шәкіл «қабылдау-қабылдамау»


«Шикі бал»

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Пайыздық ранг

0

0

0

0

0

0

0,63

3,79

12,02

13,01

53,79

68,35

«Шикі бал»

12

13

14

15

16

17

18

19













Пайыздық ранг

77,21

84,17

88,60

90,50

92,40

93,67

94,30

95,50













«Шикі бал»

20

21

22

23

24

25

26

27













Пайыздық ранг

97,46

98,10

98,73

99,36

100

100

100

100













«Шикі бал»

28

29

30

31

32






















Пайыздық ранг

100

100

100

100

100























ІІ шәкіл «Кооперация»

«Шикі бал»

0

1

2

3

4

5

6

7

8

9

Пайыздық ранг

1,57

3,46

5,67

7,88

9,77

12,29

19,22

31,19

48,82

80,33


ІІІ шәкіл «Симбиоз»

«Шикі бал»

0

1

2

3

4

5

6

7

Пайыздық ранг

4,72

19,5

39,06

57,96

74,97

86,63

92,93

95,65


IV шәкіл «Авторитарлық гиперсоциализация»

«Шикі бал»

0

1

2

3

4

5

6

Пайыздық ранг

4,41

13,86

32,13

53,87

69,30

83,79

95,74


V шәкіл «Кішкентай жолы болғысыз адам»:

«Шикі бал»

0

1

2

3

4

5

6

7

8

Пайыздық ранг

14,55

45,57

70,25

84,81

93,04

96,83

99,37

99,83

100



6.3.5. Ата-аналарға арналған сауалнама «Балаларды тәрбиелеу түрлері».

Тәбиелеу – жаңа сұраққа қоғамдық- тарихи тәжірибені берудегі іс-әрекет; адамның даму шарттарын қамтамасыз ететін, қоғамдық өмірге, еңбекке даярлайтын, белгілі бір құрылым, түсінік, қстаным, құндылық бағдарын қалыптастыру мақсатында оның мінез- құлқы мен санасына мақсатты және жоспарлы түрде әсер ету. Отандық психология арнайы ұйымдастырылған тәрбие жүйесінің шарттарында өзіндік даму заңдылықтарын зерттейді.

Бекіту (нұсқау беру) Тәрбиені ұйымдастыру қоғамдық тәжірибеде адамның субьективті әлемінің дамуына бағыттайды, сол арқылы қоғам туралы түсінік, құндылық кездескен қиыншылықтарды жеңуге деген күш пайда болады.

Ата-аналардың бала тәрбиелеу типін анықтауға арналған сұрақтама.

Нұсқау: Құрметті ата-ана! Берілген сауалнамадан сіз баланы тәрбиелеу типінің кейбір жасырын жақтарын, ой- пікірлер мен түрлі сенімдерін таба аласыздар. Барлық пікірлер реттік нөмірге ие. Осы реттік сандағы «Жауап беруге арналған іс-қағаздан таба аласыздар. Сұрақтамада берілген пікірмен келіссеңіз оны дөңгелекке алып қойыңыз. Қалған нөмірлерді сызып тастаңыз ».

Сұрақтама.



  1. Біздің үйде ең бастысы – бала

  2. Менің баламның менімен ақылдаспай бір нәрсені жасағанын көз алдыма елестете алмаймын

  3. Сіздер түсініңіздер, мен күні бойына өз тірліктерімді бітіре алмаймын және есесіне баланың жанын түсінуге де уақытым жоқ.

  4. Менің балам балабақшада емес үйде, отбасында тәрбиеленіп жатқанына маған риза шығар

  5. Балам менің көңілімнен шығуға ұмтылса да, мен оның тек кемшілікткрін көремін.

  6. Егер менің балам кінәлі болып қалса, онда оның 3 қайтара терісін сыпырып аламын.

  7. Мен әрдайым балама барлық нәрсені ақылмен жасауын айтып отырамын

  8. Мен баламның денсаулығы жақсы болуы үшін, оның барлық еркеліктерін кешіремін.

  9. Балама сағаттар бойы уақытымды бөлгенше, оған бір нәрсе сатып ала салғаным жақсы

  10. Өзімнің ойындағы жауабына қол жеткізу үшін менің балам дәл сол сұрақпен кімге (әкесіне немесе шешесіне) бару керектігін жақсы біледі

  11. Бұрында мен балама барлық нәрсеге рұқсат ететінмін, ал қазір ешнәрсе де жасатпаймын

  12. Менің балам туылғанна бастап, өзініе ешкімнің тең келмейтінін біледі

  13. Менің балам ешқашан менсіз шешім қабылдамайды

  14. Мен балама барлығын беремін: тамақ, киім, нан- онда оған қоса көңіл бөлудің қажеттілігі қанша деп ойлаймын.

  15. Менің баламның маған қаншалықты кедергі келтіретінің білсеңіздер ғой!

  16. Көршімнің баласына қарағанда, менің балам 100 есе нашар

  17. Баланың ойы ешнәрсе емес, ал ата-ананың ойы – заң

  18. Мен-«ең бірінші баланың міндеттері, содан соң ғана құқықтары болуы тиіс»,-деп есептеймін.

  19. Мен баламды барлығынан қорғаштаймын. Ол мен үшін денсаулығым ның қаншалықты қымбат екенін жақсы біледі

  20. Менің балам күнделікті сыйлық алуға үйренген Оның әрдайым неге көңіл толмайтынын түсіне алмаймын

  21. Біздің үйдегі ересек адамдар баланы тәрбиелеуде әр қайсысы өзінің стилін қолданады

  22. Менің балам (қызым) енді өзінің кіші қарындасы (інісі) болғандықтан, оған көп көңіл бөле алмайтынымызды еш түсінбейді

  23. Мен тек өзімнің балам үшін өмір сүремін

  24. Баламның тек қана сілтеулерімен өмір сүретініме мені неліктен кінәләйтінін түсінбеймін

  25. Маған баланы көбінесе телефон арқылы тәрбиелеуге тура келеді

  26. Мен балама көңіл бөлуге ұмтылмаймын. Маған ешкім көңіл бөлмеген

  27. Мен балама жақсы болу үшін ғана, басқа балаларға қарсы қоямын

  28. Тәрбиелеудің ең жақсы тәсілі- белдік

  29. Балам біздің үміттерімізді ақтаулары қажет екендігін біледі

  30. Мен баламның денсаулығының нашар екендігін әрдайым есімде, ұстап оның айтқандарын орындаймын

  31. Менім балам еш нәрсеге мұқтаж емес, тіпті «құс сүті» де бар

  32. Бала тәрбиесі сұрақтарына келгенде күйеуіміз екеуіміздің көз қарастарымыз әр қалай

  33. Егер отбасында жалғыз өзі болған да, енді үлкен ұлына азырақ мейірімділік, көңіл бөлінетін болса, онда қандай қайғы болатынын түсімбеймін

  34. Менің өмірімнің мәні ол балам

  35. Менім балам өзінің денсаулығына зиан келтіретін ешқандай іс-әрекет жасамайды

  36. Менің баламның достарыммен танысуға еш уақытым жоқ

  37. Менің балам үйге қонбаса ол оның ісі

  38. Менің қызым (ұлым) ұлыма (қызыма) қарағанда 100есе қабілетті

  39. Тек қана қорқыныш, жазалау қорқынышы менің баламды ауыздықтайды

  40. Менің балам басқалармен бірге үйдің тәртібіне жауап береді

  41. Балам ден-саулығын айтып шағымданса, менім дегбірім қашады

  42. Жұмысымда қаншалықты бос еместігімді және басқа балалар сияқты ешнәрсеге мұқтаж болмауы үшін маған қаншалықты айлықтың қажеттілігін менің жақсы біледі

  43. Менің балам бәрімізге жағу үшін әкесі мен шешесінің, атасы мен апасының арасында күні бойы тіл табысу үшін жүгіріп жүреді

  44. Отбасында жаңадан баланың тууына байланысты үлкен ұлды тәрбиелеу стилін еріксіз түрде өзгертуге тура келеді

  45. Менің балам мақтауға тұралық ахуалда отбасыда өмір сүруге үйренген

  46. Менің баламның бүкіл өмірінің майда –шүйделеріне дейін ойластырып қойдым

  47. Бала үшін бір нәрсе даярлау менің ісім, ал оны жеу-жемеу баламның ісі

  48. Мен балама ойыншық үшін бір тиында бермеймін

  49. Маған әрдайым баламның жөнін жөндеп отыруыма тура келеді. Ол не істеседе, басқаларға қарағанда нашар болып шығады

  50. Тәртіп бұл –жазалау және қорқыныш

  51. Өмірде бір нәрсеге қол жеткізу үшін музыка мен тілді білу керек екендігін біледі

  52. Балам ауырып қалғанда, мен оның барлық тілегін орындауға дайынмын

  53. Егер менде таңдау болса: мен іс сапарға бару немесе баламен бірге болу, онда әрине мен іс сапарды таңдаре дім, өйткені бұл өсуім үшін маңызды, ал балама сыйлық алып келер едім

  54. Біздің үйімізде әрдайым баланы қалай дұрыс тәрбиелеуге болады деген пікір-талас болып тұрады

  55. Мен ендігі жерде баланы еркелетпеймін, одан да барына қанағат етсін

  56. Менің балам нені қажет етсе, ол мен үшін заң

  57. Мүмкіндік болғанынша мен баламды қорғаштаймын

  58. Бала кезімде маған ата-анам онша көңіл бөлмеген. Не үшін мен көңіл бөлуім керек

  59. Мен баланы әр күні не киіндірем, не ішкізем деп ойланып отыру үшін дүниеге келген жоқпын. Бұл туралы мемлекеттің өзі ойлансын

  60. Менің ойымша тәрбиелеудің ең жақсы тәсілі- баланы басқа адамдарға қарсы қою

  61. Тек белдіктің көмегімен есін жиғызамын

  62. Мен жұмыста болған уақытымда үлкен (қызым) кішілерінің қамын ойлайды

  63. Маған әрдайым балам ауырып тұрған сияқты болады

64.Егер мен баламмен үйде отыратын болсам, онда оның басқалардың көзін қызықтыратындай қымбат ойыншықтары болмайтын еді.

65.Демалыс күндері мен баламды қайта тәрбиелеумен айналысамын, өйткені мен жұмыста болған кезде ата-әжесі оны қатты еркелетеді.

66.Менің балам біздің отбасының ендігі жерде еліктейтіні басқа екенімен келісе алмауда.

67.Біздің үйде барлығы тек баланың тынысымен тыныстайды.

68.Егер мен балама бір нәрсені, оған тек жақсылық ойлағанымнан істетер едім.

69.Мен әрине баламның дамуын қалаймын, бірақ оған кеткен уақытыма ішім ашиды.

70.Ендігі жетпегені менің баламның жағдайын жасау еді.

71.Мен өз балаларымның ішінде сүйіктімнің бар екенін жасырмаймын.

72.Мен баламды еркелетіп емес, қамшымен тәрбиелеймін.

73.Мен балама үлкендердің жауапкершілікті жұмыстарын тапсыруға үйреніп қалғанмын.

74.Мен баламның қалпақ астында өсуіне келісемін, тек ол ауырмаса болғаны.

75.Менің балама не жетпейтінін түсінбеймін, біз оған бейнекамераны да сатып әпердік.

76.Баламыздың кесірінен біздің үйде әрдайым ұрыс-керіс, өйткені күйеуім екеуміздің тәрбиелеу мәселесіне келгенде көзқарастарымыз әртүрлі.

77.Менің қызым (ұлым) әкесімен ажырасқаннан кейін оның әздектіктерін орындау үшін ақшамның жоқ екендігімен еш келіскісі келмейді.

78.Менің балам өзінің ең жақсы екенін біледі.

79.Балам барлық кезде менің таңдауыма сенеді.

80.Менің баламды тәрбиешілер тәрбиелесін.

81.Балам ауырып қалғанда мен дәрігер шақырмаймын, өзі жазылады.


82.Менің қызым (балам) ертегідегі ханзаданы (ханшайымды) күтетін сияқты, алайда оған әлі алыс.

83.Мен баламның өзіме түгелдей бағынатынына үйреніп қалғанмын.

84.Менің балам үздік болу керектігін біледі, әйтпесе мен оған шыдай алмаймын.

85.Балам өзін жайсыз сезінген кезде, мен ол жаңа туғандай безгек қағамын.

86.Мен өз орнымды жаңа бір ойыншық қалдырып кетер болсам балам қуанады деп ойлаймын.

87.Мен бүгін балама рұқсат еткеніме, ертең әкесі тыйым салады.

88.Мен өз баламның пайдасы үшін тәрбиелеу стилімді өзгерттім.

89.Егер менің балам айды әперуімді талап етсе, оны да жасауға дайынмын.

90.Менің балам екі нәрсені уайымдайды,өйткені барлық нәрсенің қамын ойлайтынымды біледі.

91.Менің балам толығымен ерікті : мектепке , балабақшаға барғысы келсе барады, барғысы келмесе бармайды .

92.Жасырмаймын мені баламның өз уақытын қайда , кіммен өткізетіні қызықтырмайды .

93.Менің қызым (ұлым) түсіндегідей өзінде әрдайым тісін қышырлатады. Одан гөрі әпкесіне (ағасына) болса да ұқсап, жақсы бір іспен айналысса ғой.

94. Мен өз балаларымды өте қатал «кірпішешен» үстінде ұстаймын.

95. мен әрдайым балама өзіміздің тұрмыс-тіршілігімізді басқаруына сенім білдіремін.

96.Баламның басқалардан ауру жұқтырып алмауы үшін, оған қонаққа, театр, кино, циркке баруына тыйым саламын.

97. Балам мені мақтап тұрады . Мен бәріне қол жеткіздім және баламда бәрі бар. Оған менімен қарым-қатынаста болудың қажеті қанша.

98.Менің балам ненің болатынын, не істеуге болмайтынын ешқашан білмейді.

99. Менің күеуім (әйелім) өзіне жаңа отбасын тапса, онда мен баламды бұрынғыша әздектете алмаймын.

100.Менің балам өзінің идеал екенін жақсы біледі.

101.Менің балам вундеркинд болып туылмаса да, сондай болуы үшін барлығын жасаймын.

102.Өз баламмен серуендеуге шыққаннан гөрі, маған дүкенге барған маңыздырақ.

103.Менің балам маған артық жүк.

104.Кіші ұлым (қызым) мені әрдайым тітіркендіреді. Біздің тағы бір баламыздың болғаны қандай жақсы.

105.Егер маған баламды айтып біреу шағымданса, мен баламмен оның есінде ұзақ уақыт бойы қалатындай етіп есеп айырысамын.

106.Менің ұлым (қызым) атасына қарау керектігін өте жақсы біледі.

107.Мен баламды асыра жүктеуден және стрестен қорғауға ұмтыламын.

108.Мен балама аз уақыт көңіл бөлсем де, оның орнын кез-келген құнды сыйлықтармен толтыруға мүмкіндік аламын.

109.Бүгін баламды қалай тәрбиелейтінімді тек менің көңіл күйім біледі.



110.Әжеміздің ауылға кеткені жақсы болды, енді баламды өз қолыма аламын.
Жауаптарға арналған іс-қағаз.



1

12

23

34

45

56

67

78

89

100

I

2

13

24

35

46

57

68

79

90

101

II

3

14

25

36

47

58

69

80

91

102

III

4

15

26

37

48

59

70

81

92

103

IV

5

16

27

38

49

60

71

82

93

104

V

6

17

28

39

50

61

72

83

94

105

VI

7

18

29

40

51

62

73

84

95

106

VII

8

19

30

41

52

63

74

85

96

107

VIII

9

20

31

42

53

64

75

86

97

108

IX

10

21

32

43

54

65

76

87

98

109

X

11

22

33

44

55

66

77

88

99

110

XI

Нәтижелерді өңдеу. әрбір көлденең жолдағы жауал қанша, сан дөңгелекке алынған қатардағы шифр, ата-ананың өз баласын тәрбиелеуде қолданатын тәрбие типіне сәйкес келетінін білдіреді. Егер ондай жол біреу болмаса және тәрбиелеу типі әр түрлі болса, онда бұл көбінесе қарама-қайшы тәрбиелеу іс-әрекеті екенін білдіреді.

Баланы тәрбиелеу типінің кодтарына арнайы шифр


  1. Отбасы үлгісі.

  2. Асыра қамқорлық

  3. Аз қамқорлық

  4. Бақылау

  5. Ғажайып қыз

  6. «кірпішешен» қолғабы

  7. Жоғары моральдық жауапкершілік

  8. Ауру бастауы.

  9. ханшайым

  10. Тәрбиедегі кертартпалық

  11. Тәрбиедегі үггілердің ауысуы.

  12. Қарама-қайшы тәрбие

  13. Тәрбиелеу үлгісінің ауысуы.

Тәрбиелеудің синергетикалық типі бұл әдетте бір-бірімен үйлеседі және нәтижесінде тиімділікті арттыратын тәрбие типі б.т. «Синергизм»- грек тілінен аударғанда бірге әрекеттесу, серіктес болу деген мағынаны білдіреді. Бұл типтерге мысал : IV+III+VI немесе I+II+VIII және т.б.

Бала тәрбиесінің сұрақтарына қатысты әйел мен күйеуінің көз қарастарындағы қарама-қайшылық ата-ананың жауаптарын салыстырғанда айқын байқалады.

Ерлі-зайыптылар қарым-қатынасын анықтау.

Отбасын біріктіру жұмысында аталмыш берілген отбасы тұлғаралық қарым-қатынасқа ерлі-зайыптылар және бала мен ата-ана қатынасын жатқызуға болады. Ерлі-зайыптылар қатынасын анықтау барысында төмендегі міндеттер шешілуі мүмкін:

1.Ерлі-зайыптылар жұбында қарым-қатынас ерекшеліктерін зерттеу.

2. Ерлі-зайыптылар жұбында эмоционалды қарым-қатынасты зерттеу.

3.Жұбайлық сәйкестіктерін анықтау.

4. Ерлі-зайыптылардың дау-жанжалдағы өзара іс- әреттерін зерттеу.

5. Ерлі-зайыптылар жұбында перцептивті процестерді зерттеу.

Берілген әдістемелік нұсқауда біз некедегі жұптардың бала дамуына әсер ететін эмоционалдық қарым-қатынастарын диагностикалауға арналған әдістемелерді ұсынамыз.



ПЭА ( түсіністік ,эмоционалдылық және беделдік) сұрақнамасы.

Әдістеме авторы А.Н. Волков

Некеде түсінушілік ,эмоционалдылық пен беделдіктің (құрмет) деңгейін анықтауға арналады.

Әдістеме мазмұны

Сұрақнамада 45 сұрақ , ол некеде тұрған адамдардың өзара қатынасын анықтауды көздейді. Сұрақнама мәтіні үш шкалаға түсірілген,оның орындары түсіністік ,эмоционалдылық , беделдік әр қайсысына 15 сұрақтан берілген. Ерлі –зайыптылар жеке түрде өз алдына бөлек толтырады.

Нұсқау : Бұл сұрақтарда сіз жан-жарыңызды қалай түсінесіз, сол бойынша «ия», «жоқ», «білмеймін» жауаптарының бірін таңдап сұрақтың қасына сәйкес « белгі » қойыңыз.

Сұрақнама мәтіні :

1.Мен оның ойын тез оқимын.

2.Мен оның көңіл –күйін әрең табамын.

3.Мен оны айтқызбай түсінемін.

4. Оның жағдайға байланысты өзін қалай ұстайтыны туралы мен кейде айта алмай қысыламын.

5.Мен оның әдеті мен талғамын жақсы білемін.

6. Оның қандай да сұрақ жайлы көз-қарасын айту қиын.

7. Мен оның қажетін және неге талпынысы бар екенін білемін.

8.Мен оны жақсы түсінбейтін сияқтымын.

9. Ол кейде күтпеген жағдайларды жасап мені таңқалдырады.

10.Мен оның кемшіліктері мен жетістіктерін жақсы білемін.

11.Оның ішкі уайымы мен үшін жұмбақ болып қалмақ.

12.Мен оның икемді және икемсіз жақтарын жақсы білемін.

13. Мен оның өміріне не маңызды екенін білемін.

14. Көп байқағаным мен оны түсінбейді екенмін.

15. Мен оны не қуантады, не қайғыртады білмейді екенмін .

16. Маған оның үйде болғаны жақсы ұнайды.

17. Маған оны тыңдау және бетіне қарап отыру ұнайды.

18. Маған оның өзін ұстауы ұнамайды.

19. Оның бет келбеті жағымсыз.

20. Мен оның қалай жұмыс істейтінін ,жүрісін бақылағанды ұнатамын.

21. Маған оны сүюі ,құшақтауы , еркелетуі ұнамайды.

22. Маған оның жымиюы ,күлкісі ұнайды.

23. Оның қасымда болмайтыны мені қатты қынжылтады.

24. Оның бет келбетінен әйтеуір маған бір нәрсе ұнамайды.

25. Мен оның қимылы мен әңгімесін жиі сынға аламын.

26. Ол жиі қажетті және пайдалы нәрселер айтады.

27. Оның көп нәрседе көз-қарасы менің пікіріммен сәйкес келмейді.

28. Оның мен туралы пікірін құрметтеймін.

29. Ол менің досым екені қуантады.

30. Мен оның пікірі мен баға беруіне сирек қосыламын.

31. Оның қасында мен өзімді жеңіл және ашық ұстаймын.

32. Менің көңіл-күйім ол қасымда болса көтеріледі.

33.Оның қасында мен жиі шаршап,өзімді бақылай алмай қаламын.

34. Мен тек соның қасында болу үшін, маңызды жұмысымды қалдыруға бармын.

35. Мені одан алысырақ жерде демалу жиі ойландырады.

36. Мен ол жоқ кезде, өзімді жақсы сезінемін.

37. Мен оның бойынан көп жақсы қасиеттер табамын , сондықтан оны адам ретінде силаймын.

38. Менің таныс ,туыстарымның арасында нағыз беделді адам, тек сол.

39. Мен кейбір нәрселерді шеше алмасам ,жиі жан-жарымнан көмек сұраймын.

40. Ол мені жылдам өзгерте алады.

41. Менің пікірімше оның басы қатты жұмыс істейді.

42.Жан -жарыма әсер еткен кино мен кітаптар мені қызықтырады.

43. Оның қасында отыру мені жалықтырмайды, ол тамаша адам.

44. Кейде оның алыс адам емес екені, мені ойландырады.

45. Онда бар қасиеттерді мен өзімнен көргім келеді.





Иә

Білмей

мін


жоқ



Иә

Білмей

Мін


жоқ



Иә

Білмей

мін


жоқ

1










16










31










2










17










32










3










18










33










4










19










34










5










20










35










6










21










36










7










22










37










8










23










38










9










24










39










10










25










40










11










26










41










12










27










42










13










28










43










14










29










44










15










30










45









Нәтижені өңдеу көрсеткіштері

Әр шкала кілтке байланысты сәйкес келсе 2 ұпай беріледі :

« иә» жауабы бойынша («+») сұрақтар;1,3,5,7,10,12,13,16,17,20,22, 23,25,26,28,31,33,34,35,36,37,39,41,42,45;

« жоқ» жауабы бойынша («-») сұрақтары :2,4,6,8,9,11,14,15,18,19,21,24,27,29,30,38,40,43,44;

1- ұпай « білмеймін» жауабына беріледі;

ал 0- ұпай кілтпен сәйкес келмегенде қойылады. Бұл әдістемеде жоғары 30 ұпайды көрсетеді.

1.Түсіну (1-15 бекітуде) субьекті бейнесінде серіктесінің жеке ерекшеліктері туралы сезіну бар . Қарым –қатынас кезінде ойды , мінез-құлықты сезім мен көз-қарасты түсінуге болады. Осы шкала бойынша төмен ұпай жинаса онда түсінбеушілікті білдіртеді.

2. Эмоционалды (16-30) тартымды ,қарым-қатынасқа түсуге қызығатын ,субьектімен байланысқа терапевтік деңгейде әсер ете алады. Ұпайдың төмендігі қарым-қатынас арасында күрделі сипат пен бір-бірінен шаршағандық байқалады.

3. Беделі ( құрметтеуі ) (31-45) Субьектіні эталон ретінде құрметтейді,Оның көз-қарасы, қызығушылығы мен пікірін бөліседі.

Ал ұпайы төмен болса сыйламайды ,жеке тұлға ретінде қабылдамайды.

Отбасы татулығын сақтау әдістері

7.1. Отбасылық психотерапия

Отбасылық психотерапия –тұлғааралық қатынасты түзетуге бағытталған және отбасының ауру мүшелерінде айрықша көрінетін эмоционалды қайғыруды жою мақсатында жүргізілетін психотерапияның ерекше түрі болып табылады. Отбасылық терапия бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Оның ұзақтығы психикалық қайғырудың күрделілігіне «ауру белгісін көтерушіге», отбасында тұлғааралық қақтығыстың сипатына, терапевтік өзгеріске жетуге деген отбасы мүшелерінің мотивациясына да байланысты болып келеді. Алғашында отбасылық терапия жиілігі аптасына 1-2 кездесу, кейіннен екі аптада бір рет, ары қарай үш аптада бір кездесу болып жалғасын табады. Отбасылық терапияны жиі төрт кезеңнен қарастырады[14]:

1) Отбасылық анықтау (диагноз), диагностикалық кезеңі;

2) Отбасылық қақтығысты жою кезеңі;

3) қайта құру кезеңі;

4) қолдау көрсету кезеңі;



Диагностикалық кезең. Отбасылық диагноз түсінігінде, отбасы мүшелерінің жекелік –тұлғалық қасиетін есепке алу арқылы, қатынастағы бұзылысты типке келтіру. Отбасы қатынасын диагностикалау процесіне психотерапевте қосыла отырып, диагностикадағы мәселелі болжамды ұсыну мен тексеруге қатысады. Отбасылық диагностиканың өз алдына ерекшелігі сол, ол барлық кезеңде жүргізіліп, алдын ала психотерапевтік техниканың іріктелуін белгілеп отырады. Екінші жағынан ерешелігі отбасы мүшелерінің бірінен алынған ақпараттың келесі мүшесімен сәйкестігі, психотерапевтің қатысушылар мінез-құлқы туралы бақылау және сұрау барысындағы қалыптасқан өз әсері ( «отбасы бала көзімен», «отбасы психотерапевт көзімен», «шын мәнінде біз қандаймыз») де алынады.

Отбасы қақтығысын жою. Екінші кезеңде психотерапевт отбасы мүшелерімен бір жақты кездесуде отбасы қақтығысын анықтау және оның шығуы мен қайнар көзін табады. Психотерапевт пен отбасы мүшелері арасында тепе-теңдік байланыс орнату нәтижесінде, қақтығысқа қатысушылардың эмоционалды деңгейін төмендетуге және жоюға болады. Психотерапевт қақтығысқа қатысушыларға бәріне бірдей түсінікті тілде сөйлеуге үйретеді. Сондай-ақ өзіне делдалдық қызметті алып, қақтығыс туралы бірінен алынған ақпарат көлемін келісу рұқсаты арқылы екіншісіне жеткізіп отырады. Бейвербалды (Бейвербальді қатынас өрісіне ым –ишара, мимика және адамның басқа да қимыл әрекеттері, даусы және дауыс қарқыны, түр, бет - әлпетін сәндеуі жатады) құрамда алынған ақпаратты психотерапевт отбасылық терапияда «робот-манипулятор» тәсілін қолдана қарама-қайшылық туғызатын хабарды ым-ишарада көрсете отырып, сезім мен төзімділік ым-ишарасын да байланыстыра өтеді. Отбасылық терапияның осы кезеңінде психотерапиялық жетекші әдістерге жататындар: директивке (тапсырма) жатпайтын психотерапия, жеке тұлғада қатынасқа байланысты саналы меңгермеген тұстары вербалды түрге мақсатталған, отбасы мүшелерінің бір-біріне өзара әсер етуіне арнайы құрастырылған әдістер жатады.

Қайта құру кезеңі. Бұл кезең топтық пікірде өтеді, ол отбасы мәселелерін немесе бір отбасын жеке алып, сондай-ақ қарама-қарсы топтағы ұқсас мәселемен оның туыстарымен алмастыра қарастыруға болады. Бұл топта мінез-құлықтық тренинг өткізілумен қатар, талас сөзді ереже бойынша құрастыруды меңгертеді.

Қолдау көрсету кезеңі. Отбасылық терапияда жағдайға байланысты ролдік мінез-құлықтың кеңейтілген өрісін табиғи түрде пайдалануды меңгертеді және алдыңғы кезеңдерде қалыптастырған эмпатиялық қарым-қатынас дағдыларын бекіту болып табылады. Кеңес беру мен түзету жұмыстарында шынайы өмірде қолданатын қарым-қатынас дағдыларын меңгертеді. Отбасы терапиясы бойынша бөлінген кезеңдер процесті құрылымға келтіреді, диагностикалық көрсеткіштердің мақсаты мен көлеміне байланысты, психотерапиялық әдістердің жүйелі қолдануы негізделеді.

Отбасы психотерапиясында жиі қолданылатын тәсілдер:

1)Үнсіздікті мәнді пайдалану;

2) Тыңдай білу қабілеті;

3) Сұрақтар көмегімен меңгерту;

4) Қайталау;

5) жинақтау және түйіндеу;

6) Аффект бейнесін нақтылау (ашып түсіндіру);

7) Конфрантация-ерлі-зайыптыларда саналы меңгерілмеген белгілер, қатынас және мінез-құлық таптаурындарын қайта өңдеу мен саналы меңгеруге мақсатталған.

8) Ролдерде ойнау.

9) «Жанды скульптура» жасау.

10) Видеотүсіруді талдау.


7.2. Отбасылық психотерапия мектептері және бағыттары.

7.2.1. Пало Алто мектебі

Пало Алто мектебінің өкілі Джей Хейли, «мәселені шешу терапиясы» әдісінің авторы. Ол М.Эриксонмен бірнеше тәсілдерді бірге қарастырды. Хейли айтуынша отбасы қатынасы ерлі-зайыптылардың отбасы мүшелерінің арасын бақылау деңгейіндегі күрес болып табылады. Нышаны - қоршаған орта мінез-құлқын бақылау тәсілі. Джей Хейлидің пікірінше психотерапия міндеті әсер етудің басқа тәсілін қолдануына адамдарға мүмкіндік беру. Отбасы терапиясында емдеу мәнді болсын десеңіз, терапевтік кездесуге отбасы мүшелерінің бәрінің келуі абзал. Хейли отбасы терапиясына бірнеше директивтер (тарсырма) қосқан. Тапсырманы орындай отырып, отбасы мүшелерінің әрқайсысы өз ойын тепе-тең деңгейде айтуға немесе орындауға мүмкіндік алады. Психотерапевт кездесу кезінде және үйге де тапсырма беріп отырады. Тапсырма мақсаты:

-отбасы мүшелерінің мінез-құлқын өзгерту;

-психотерапевт отбасы мүшелерімен қатынас құруда қосымша ынталандыратын тәсілдер табу;

-тапсырманы орындау барысында отбасы мүшелерінің әрекетін зерттеп білу;

-отбасы мүшелеріне қолдау көрсетіп отыру, себебі тапсырманы орындау барысында психотерапевт көрінбейтін деңгейде қатысып отырады.Хейли сондай-ақ метафралық және парадоксалды тапсырмаларды да қолданатын еді. Алғашқы жолда жағдай мен әрекет арасындағы ұқсастықты табуда, көз-қарастар әр түрлі болып келді, екіншіде нұсқау бойынша әрект етуде қарсыласу байқалады, бірақ әркім өз мінез-құлқын қажетті бағытқа бұра отырып өзгереді. Пало Алто мектебінде кесек дене бітімді Мюррей Боуэн отбасы терапиясы бойынша АҚШ-та негізін салушылардың бірі. ХХғасырдың 60 жылдарының ортасында отбасы психотерапиясының әдісін, оның төрт ұстанымын құрасытырды:

1. Қатынасты анықтау және түсіндіру:

2.«Үшбұрышқа қатыстырмау» (Боуэн ұсынысы бойынша психотерапевт қақтығысқа эмоционалды қатыспау, назарын тек қатынас процесіне аудару;

3. Ерлі-зайыптылардың мәнді эмоциоаналды қарым-қатынасты меңгеруі;

4. «Мен-көз-қарасы» сабағы.


7.2.2. Психоаналитикалық отбасы терапия.

Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты - қатысушылардың өткен қатынастағы саналы түсінбеуі емес, бүгінгі шындық негізінде бүтін сау тұлға деңгейінде өзара әрекетке түсу жағдайы, жеке басының өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағыттағы терапевтер басқалаларға қарағанда олар да директивке жақын. Осы терапевтік бағытта қолданылатын техникалар төмендегідей:клнфрантация, интерпретация және тәжірибені қайта өңдеу, коммуникативті қабілетті көтеруге техникалар, «еркін ассоциация» техникасы. Психоаналитиктердің сұрақтарды бос талдағанды тез тоқтатып, тыңдау мен бақылауға ықылас қояды.



7.2.3. Отбасы жүйелі терапиясы

Бұл бағыттың көрнекі қайраткерлері-Мара Сельвини-Палацциоли, Клу Маданес, Сальвадор Минухин және басқалар болды.Қазіргі таңда жүйелі деген бағыт кең қолданыста келешегі, экономикалық мақсаттылығы және отбасы терапиясындағы мәнді терапевтік бағыт Жалпы теориялық деңгейде бағыттың дамуына көп еңбегі сіңген Ильи Пригожин болды.

Отбасы бұл бағытта бүтін жүйе деңгейінде қарастырылып, эволюциялық қалыптасқан байланысты сақтауға арналады.Отбасы барлық даму кезеңдерінде заңды дағдарыстан (некеге отыру,отбасынан бөлініп шығу, жүктілік, баланың өмірге келуі, баланың бала-бақша, мектеп мекемесіне баруы, мектеп бітіріп, өмірге өз таңдуын жасауы, ата-анасынан бөлініп шығуы, ата-анасының зейнеткерлікке шығуы) өтеді. Отбасы осындай кезеңдерде жаңа мәселелерді бұрынғыдай шеше алмайтын қабілет көрсетіп, бейімделу әрекетін күрделендіру қажеттігін түсінеді. Жүйелі отбасы психотерапиясының негізгі қадамдары төмендегідей көрінеді:

1.Психотерапевтің отбасымен бірігуі, отбасы құрылымында ұсынылған ролге қосылу.

2.Психотерапевтік тапсырысты құрастыру.

3.Отбаылық қатынасты қайта құру.

4. Психотерапияны қорытындылау және бөліну.

Мара Сельвини –Палаццоли жұмысқа мынадай ұстаным енгізді, терапевт құрамы отбасымен жұмыс жүргізіп жатқанда, келесі тобы бір жақты –мөлдір әйнектен олардың әрекетін бақылап отыруы қажеттігін түсіндірді. Отбасының барлығы бірлі жарым жағдайда ғана кездесуге түгелдей қатысуы кездесетінін айта кетіп, айына бір мәрте кездесуге келісу және барлығы көп дегенде он реттен аспауы қажеттігін ұсынды.Оның әдістері қысқа әрі тұтқиылдан болды, ол әдістерді күтпеген жағдайларды өзгертуге шешуші қимыл болып табылатын тұстарды көре білді.Кездейсоқ тапсырмалар ( басқаша айтқанда өзгермеушілік белгілер) өте тыңғылықты отбасындағы қалыптасқан қиялы және тоқталған ережелерді қарама-қайшы деңгейі ескеріліп, отбасы мүшелерінің бәрі қатысуына қажетті қимылдар қарастырылады.



7.2.4.Отбасы стратегиялық психотерапиясы.

Отбасы терапиясында бұл бағытты «мәселені шешуші», «қысқа» негізі мәселе шешу әдістері деп аталады.Бұл бағыттағы танымал тұлғалар –Джей Хейли, Карл Уитекер, Клу Маданес. Психотерапевтер кездесу кезінде отбасы мүшелерінің жеке бас даму ерекшеліктеріне көңіл бөлмейді. Ықпалдың ерекше сипаты отбасына онша қызықпай, тек жағдай белгісіне назар аударуды жөн көреді.Бұл бағыт 1970 жылдары кең қолданысқа түсті. Басты идеялардың көбін М.Эриксон тәжірибесіндегі әдістерден алып қарастырды.Оның тәжірибесіндегі екі ықпалдың сипаты: қолданылған қосымша әдістердің әсері және кленттің ұсынғандарының бәрін қабылдау болып табылады.Стратегиялық ықпалдың мазмұны отбасында маңызды өзгеріс, оның бұзылу себебін анықтау емес, мәселені шешудің жолдарын қарастыру деп түсіндіреді. Стратегиялық терапевтер мәселеге тұрақтылық беретін факторларды зерттей отырып, отбасында қалыптасқан өзарақимылды қолдау арқылы, мәселеге негізделген мінез-құлықтан қосымша күшті табуды қарастырады.Стратегиялық терапевтердің көбі қалыпты отбасы қызметі,- деп жағдайға байланысты белгілерден қаша білетін және талаптарға сәйкес өзгере алатын қызметті атайды.



7.2.5. Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясы

Мінез-құлықтық отбасы терапиясының басты ұстанымы мінез-құлық деп қарастырып, одан кез-келген жағдайға байланысты мінез-құлықтағы қарсыластық, оны тек жағымды жағдайдан қараудың қажеті жоқ деп түсіндіреді. Бұл бағыт өкілдерін әрекеттің жүйелілігін талдау қызықтырады. Негізгі ой желісі етіп, бір-біріне қанағаттануды сыйлау емес, өзара қобалжудың болмауы немесе оның мәнінің төмендеуі некедегі қанағаттануға әкеледі деп қарастырады. Ата-аналармен жиі қолданылатын техниканың түрі мінез-құлық тренингі болып табылады.Психотерапия процесінің басталуында психотерапевт клиенттің мәселе мәнісін түсінуді қайта құру және оны шешуге мүмкін жолдарына түсінік беріп өтеді.Мінез-құлықтық психотерапевт емдеуге отбасы мүшелерін шақырмайтындардың қатарына жатады, тек баланың өзі немесе ата-анасының бірі ғана қажет деп табады Ата-аналармен жүргізіліетін мінез-құлықтық тренинг мақсаты бала тәрбиесіндегікездесетін сұрақтарға білікті жауап бере білуіне, эмоционалды-мінез-құлықтық реттелуді жүйелеу және тани білуді меңгерту болып табылады.Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясында қолданылатын жұмыс техникалары:

-қалыптастыру (shaping)- шағын мөлшерде жүйелі бекітулер арқылы қалыпты мінез-құлыққа жетуді көздеу.

-жетонды жүйе –жемісті мінез-құлық көрсеткені үшін марапаттауда сыйлық ретінде ақша немесе ұпай жинатады.

-келісім шарт жүйесі-ата-аналармен келісім шартқа, олардың өздерінің мінез-құлық өзгерген кезде, балаларда да мінез-құлық үйлесім табатынын енгізеді;

-өзгеруді сый ақыға ауыстыру;

-тоқтату (timeout)- жазада оқшаулау түрін қолдану.

Отбасы мінез-құлықтық психотерапиясы - танымал әдістердің бірі, олар қарапайымдығы мен үнемділігі арқылы ерекшеленеді, бірақ оның көбі бір жақты және қысқа уақытқа созылуы мұмкін.



жүктеу 2,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау