Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі
Балалар құқығын қорғау комитеті
Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты.
«отбасы татулығы бағдарламасы»
әдістемелік құрал
АСТАНА-2007ж
Құрастырған авторлар:
М.В. Коляева, Ф. Ә. Бизақова, Г. Н. Канищева, Л. Г Куликова.
Берілген әдістемелік құрал «БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ БАСЫН ДАМЫТУ МЕКТЕБІ» және «АТА-АНАЛАР МЕКТЕБІ» жобалары негізінде, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі қолдауымен, тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық институты және Қазақ Психологтар Қауымдастығы бірлесе даярланған жұмыс.
Жұмыста отбасы және баланың жас ерекшелік дағдарысы деңгейінде, нақты диагностикалық мазмұн және психологиялық көмек көрсету ұсыныстары қарастырылған. Отбасымен жұмыс жүргізуге «Отбасы татулығы» бағдарламасы құрастырылып, нақты әдістері мен тәсілдері берілген. Арнайы диагностикалық жұмыс құралдары жинастырылып көрсетілген.
Әдістемелік құрал отбасымен жұмыс жасайтын : мектеп және тәжірибелі маман психологтар, әлеуметтік педагогтар, отбасына қолдау- қызмет көрсету мамандары, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік ұйымдар мен ведомствалар, қамқорлық мекемелері, білім беру мен халықты әлеуметтік қорғау мамандарына арналады.
Қазақстан Республикасының Білім және
Ғылым Министрлігі, 2007
Тәжірибелік Психология және Психотерапия
Евразиялық Институты, 2007
Мазмұны
1. Кіріспе…………………………………………………………………………….
2. Отбасы татулығы бағдарламасы ……………………………………
2.1 Бағдарламаның мақсаты және міндеттері………………………………………
2.2. «Отбасы татулығы» бағдарламасының негізгі бағыттары…………
2.3. Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі………………………..
Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама………………………….
3.1. Мақсаттары және міндеттері…………………………………………………… 3.2. Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары...............................................
4. Отбасы татулығы қызметінің негізгі әрекет мазмұны.................
4.1. «Баланың жеке басын дамыту мектебі»........................................................
4.1.1.«Баланың жеке басын дамыту мектебінің» мақсаттары мен міндеттері.......
4.1.2. Іс-әрекеттің мазмұны мен бағыттары..........................................................
4.2. «Ата-ана мектебі».................................................................................................
4.2.1. «Ата-ана мектебінің» мақсаттары мен міндеттері..........................................
4.2.2. Іс-әрекеттің мазмұны мен бағыттары............................................................
5. Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
5.1. Отбасы құрылымы, қызметі және дамуы............................................................
5.2. Отбасы дағдарыстары...........................................................................................
5.2.1.Отбасындағы қалыпты дағдарыстар...............................................................
5.2.2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстар......................................................
5.3. Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері................ 6.Отбасын әлеуметтік-психологиялық зерттеудің әдістемелік негізі............... 6.1. Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері................................ 6.1.1. «Отбасына бейімделу және топтасу шкаласы» сауалнамасы........................
6.1.2. «Отбасы социограммасы» тесті.........................................................................
6.1.3. Телімелі суретті тест «Отбасы кинестетикалық суреті».................................
6.2. Балаға әлеуметтік –психологиялық зерттеу жүргізу негізі..............................
6.2.1. «Көркем сурет» әдістемесі.................................................................................
6.2.2.«Шварцландердің моторлық сынау» әдістемесі..........................................
6.2.3.Баланың жеке қасиеттеріне сауалнама (Холл және Хальберштат).................
6.2.4. Айзенк сауалнамасы ( жеткіншек 12-17 жас)..................................................
6.2.5. «Адам суреті» тесті.............................................................................................
6.2.6. «Балалар арасындағы бақталастықты анықтау шкаласы» сауалнамасы......
6.2.7. Жеке тұлғалық агрессия деңгейін анықтау......................................................
6.3. Ата-аналарға психологиялық зерттеу жүргізу негізі........................................
6.3.1.ОТТ сауалнамасы (отбасы тәрбиесін талдау) Э.Г.Эйдемиллер.....................
6.3.2. ОТТ ата-аналарға арналған сауалнама .............................................................
6.3.3.Ата-ананың балаға қатынасына сауалнама- тесті.............................................
6.3.4.Ата-ана қабілетін бағалау ...................................................................................
6.3.5. « Бала тәрбиесі типтері»ата-аналарға арналған сауалнама.............................
6.4.Ерлі-зайыптылар қатынасын диагностикалау.....................................................
6.4.1. ТЭБ сауалнамасы (түсіністік, эмоцоналдылық, беделдік)..............................
7. Отбасы татулығы бағдарламасының әдістері...............................................
7.1.Отбасы психотерапиясы .......................................................................................
7.2. Отбасы психотерапиясы мектептері және бағыттары.......................................
7.2. 1. Пало Алто мектебі....................................................................................
7.2.2. Жүйелі отбасы психотерапиясы.................................................................
7.2.3.Стратегиялық отбасы психотерапиясы ............................................................
7.2.4.Мінез-құлықтық отбасы психотерапиясы..........................................................
7.2.5.Коммуникативті отбасы терапиясы...........................................................
7.2.6. Ерлі-зайыптылық психотерапиясы......................................................
7.2.7.Отбасылық кеңес беру......................................................................................
7.3. Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция...............................................
7.4.Отбасы психотерапиясының әдістемелері...........................................................
7.5. Отбасымен жұмыс. Мақсат пен міндеттер қою..............................
7.6.Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері.... ..............................................................
7.6.1Отбасымен жұмыс жүргізуді бастау................................................................
7.6.2.Алғашқы сұхбатты жүргізу.................................................................
7.6.3. Отбасымен жүргізілетін орта кезеңдік жұмыстар.........................................
7.6.4.Отбасымен орта кезеңдік жұмыста, қолданылатын тәжірибелік жұмыс ұстанымдары.................................................................................................................
7.6.5. Отбасымен жүргізілетін қорытынды кезеңдегі жұмыстар............................
7.7 Отбасы терапиясының техникалары....................................................................
8. Отбасымен жұмыс жүргізетін мамандардың кәсіби хабардарлығы
8.1.Отбасылық психологтың теориясы және тәжірибесі.........................................
8.2.Отбасымен жұмыста нәтижелі кеңес беру дағдылары...............................
8.2.1.Коммуникативті біліктілік...................................................................................
8.2.2.Бейвербалді қарым-қатынастың кейбір тұстары.............................................
8.2.3.Вербалды қарым-қатынас....................................................................................
8.2.4.Отбасылық кеңес беруде қолданылатын сұрақтың түрлері............................
8.5.5. Белсенді тыңдау техникалары............................................................................
Қосымшалар
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
Осы әдістемелік құрал тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық институты (ЕИТПП) және Қазақ Психологтар Қауымдастығы (ҚПҚ) мамандарының отбасы татулығын сақтау және сәтсіз отбасының алдын-алу жұмыстарын қорытындылау болып табылады. Жұмыстың өткізілу орны тәжірибелік орталық ЕИТПП « Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «Ата-аналар мектебі» шеңберінде сабақтарда жүргізілді, бұл қызмет Оңтүстік Қазақстан облысында төрт жыл көлемінде тәжірибеден өтті. Бағдарламада ата-ана және балаларға жүргізілген сабақтар деңгейі, жалпы отбасы жұмыстарына теориялық және практикалық материалдар шетел авторларының (Ресей, Ағылшын, Француз) сондай-ақ әдістемені құрастырушы-авторлардың отбасы дағдарыс күйзелісінен тәжірибе жұмыстары, жас ерекшелік және отбасы психологиясы мәселелерімен ізденушілер М.В Коляева, Ф.Ә Бизақованың эксперменталды жұмыстарының нәтижелері, сондай-ақ білім беру саласы қызметкерлерінің түрлі жас ерекшелігіндегі балалармен жүргізілген жұмыстары, тәжірибелері және зерттеулері толық енгізілген.
ОҚФ РҚБ «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы» қызметкерлері (2007 жылы «Қазақ Психологтар Қауымдастығы» деп, атауы қайта өзгертілді) 2003 жылдан бастап «Баланың жеке басын дамыту» мектебі ұйымдастырылды, негізгі жобаның мақсаты- 18 жасқа дейінгі балаларға кәсіби психологиялық қызмет көрсету, тәрбиеде қалыптасатын жеке ерекшеліктері және қабілетінің дамуына мәнді жағдайлар туғызуды қамтамасыз ету. Ал 2007жылдан бастап ЕИТПП мамандарымен «Баланың жеке басын дамыту» мектебінің жұмыс тәжірибесі жинақталып және жүйеленіп, отбасы қатынасының аймақтық дамуының нәтижесі, баламен жүргізілген психологиялық және психотерапевтік жұмыстары зерттелінді.
ОҚФ РҚБ «Қазақстан психологтарының ұлттық ассоциациясы» қызметкерлері 2005 жылдан бастап, бірлестікте ОҚО әкімшілігі және білім беру департаменті және БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры қолдауымен «ОҚО балаларын күтудің балама түрлерін дамыту және оның қызметін бағалау» жобасын жүзеге асырды. Сондай-ақ 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында отбасын қолдау орталығы қызметінің мазмұны бойынша жобаның жүзеге асырылу нәтижесіне тұжырымдама құрастырылды. Осы бағдарламада қызмет баламен жұмыс аясында патрионатты отбасы, асырап алушы ата-ана, әлеуетті ата-аналарды оқыту қосарлы деңгейде жүзеге асырылды.
Ал 2007 жылдан бастап тәжірибелік психология және психотерапиялық Еуразиялық институтының мамандары осы тәжірибені кеңейте ата-ана және отбасы жұмыстарында қолданысқа енгізді. Соның нәтижесінде «Ата-аналар мектебі» құрылды, негізгі мақсаты-отбасы мүшелерінің нәтижелі өзара әрекет етуін қамтамасыз ету, ата-аналар және ерлі-зайыптылар қабілетін дамыту болып табылады. Ата-ана және ерлі-зайыптылар арасында нәтижелі әрекетті арттыруға байланысты оқыту тренингтері жүргізілуде. Жеке сабақтар тұлғааралық қатынаста ата-ана мен бала және ерлі-зайыптыларда нәтижелілікті қалыптастыру, отбасы ішілік өзара қатынасты көтеруге байланысты жүргізілуде.
Бұл әдістемелік құралда отбасы татулығына бағытталған жұмыс нәтижелері берілген. Бұл еңбекте отбасы татулығы бағдарламасы мен тұжырымдамасы ұсынылды. Ата-ана мен бала және ерлі-зайыптылар қатынасында татулықты сақтауда қолданылған қажетті ұсыныстарда қарастырылып өткен.
Енгізілген материалдар арнайы отбасымен жұмыс жасайтын мамандар үшін баға жетпес көмек болуы мүмкін: отбасы жүйесіне түсінік, отбасында әлеуметтік-психологиялық зерттеуді әдістемелік негізде жүргізу, отбасы татулығын сақтау әдістері, отбасымен жұмыс жасайтын кәсіби мамандар біліктілігіне ақпарат, ата-ана және бала, жалпы отбасымен жұмыс жасау ерекшеліктері қарастырылған .
2. Отбасы татулығы бағдарламасы
2.1 Бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері
- Баланы және отбасын үйлесімді қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы баланың өмір сүру деңгейін жақсарту;
- Отбасы татулығы бойынша қызметтерді дамытуға негіз болу.
- Жеке отбасы және оның әрбір мүшелеріне кәсіби тұрғыда жекеленген және дифференциялды ықпалды қамтамасыз ету;
2.2. «Отбасы татулығы бағдарламасының» негізгі бағыттары
«Отбасы татулығы бағдарламасы» балалар және ата-анамен, жалпы отбасымен тұтас жұмыс жасауға арналған.
Ата-аналары қамтамасыз ететін тәрбиелеу жағдайлары және әр балаға жекелік және дифференцияланған ықпал ұстанымы бағдарламаның негізі болып табылады.
Ұсынылған бағдарлама отбасының және оның жеке мүшелерінің психологиялық диагностикасы; отбасылық кеңес беру; жас ерекшелік және отбасылық психотерапия; отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктеріне коррекция; отбасындағы өзара қатынасқа психологиялық коррекция; ата-ананың тұлғалық қабілеттерін дамыту және қалыптастыру; балада жалпы және арнайы қабілетті дамыту және қалыптастыру; отбасы мүшелерінің психологиялық сауаттылық; психологиялық ағарту; отбасын психологиялық қолдау; әлеуметтік-психологиялық көмек; мониторинг жұмыстарынан тұрады.
Жалпы сағат саны- 240, олардың ішінде ата-анамен жүргізілетін психологиялық жұмыс үшін- 100 сағат және балалармен жұмысқа – 120 сағат. Жалғасын табатын бірлескен жұмыстар үшін 20 сағат.
Бағдарлама екі бағыттан тұрады:
Тұрақты қызмет ететін жоба «Бала жеке басын дамыту мектебі»
Тұрақты қызмет ететін жоба «Ата-аналар мектебі»
Отбасы татулығы қызметі
«баланың жеке басын дамыту мектебі» «Ата-аналар мектебі»
«Отбасы татулығы бағдарламасы» бағыттары 5 бөлімнен тұрады.
Психологиялық диагностика.
Психологиялық топты зерттеу және жекелік психодиагностика патогенді және эмоционалды күйлерді (ең алдымен қобалжу және қысым), жекелік- психологиялық еркшеліктерді және бала дамуында белгілі бір қиындықтар тудыратын және психикалық денсаулық бұзылысының негізгі факторы ретіндегі көріністерді анықтайды.
Психологиялық диагностика нәтижесі психологтың алдағы коррекциялық жұмысын анықтауда «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «ата-аналар мектебі» тақырыптарында бала және ата-ана, топпен, тұтас отбасымен жұмыс түрлерін ұйымдастыру, кеңес беру бағытын таңдау, психологиялық ағарту, алдын-алу шараларының тиімділігін нақтылауы қажет.
Психологиялық коррекция.
Психологиялық коррекция психологиялық- педагогикалық кешен ретінде бір жағынан бала мен ата-ананың тұлға ішілік және тұлғааралық қақтығыстарды, тұлғалық қасиеттердің ауытқуы және теріс эмоционалды күйлерді жоюға, екінші жағынан психологиялық процестер мен ата-анамен баланың үйлесімді дамуын ықшамдау.
Психологиялық коррекция және психотерапия әдістерін қолдану бала мен ата-ана және отбасы жағдайында болатын өзгеріске қалыпты бейімделу ерекшеліктерін қолдайды.
3. Психологиялық ағарту. Тұлғалық қалыптасуға бағытталған сабақтарда отбасы мүшелерін психологиялық ағарту, психологиялық білім және дамыта оқыту жұмыстары жүргізіледі. Психологиялық сабақтар оқытушы, дамытушы, қалыптастырушы, коррекциялық және терапевтік қызметтер атқарады. Ол бала мен ата-ана ішкі әлеміне үңіле отырып бүтіндік тұлғаға бағдарлануы, өзіндік сана және тиімді копингтік мінез-құлық қалыптасуын белгілі бір уақыт арлығында психологиялық қолдау көрсетуді көздейді.
Ата-аналарда психологиялық сауаттылықты дамыту, жас және баланың жекелік-психологиялық ерекшеліктерін, психологиялық саулығын сақтау туралы білімдер ұсынылады. Ата-аналармен жүргізілетін ағарту жұмыстары нәтижесінде отбасы жағдайының сақталуыда жауапкершілікті сезіну маңызды.
4. Психологиялық кеңес беру- психолог шағымданып келген бала мен ата-ана мәселесін шешуге көмек береді.
5. Психологиялық алдын-алу жұмыстары. Психологиялық алдын-алу жұмыстарының негізгі ұстанымдары:
- балаға жекелік (оның жасына, жынысына, әлеуметтік жағдайына, ақыл-ой даму деңгейіне, үлгерімі т.б тәуелсіздігіне) ықпал ету;
- баланың ең алдымен жас ерекшеліктерін, қалыптасушы тұлға типін және қасиеттерін есепке алу;
- ең алдымен қалыптасып келе жатқан тұлға типтерін, оның жекелік ерекшеліктерін, баланың өмір сүру жағдайында «қиындықты» түсінуі және білім мазмұны, патогенді жағдайдың және тұлғалық белгінің өршуіне негіз болатын көзқарасты ескеру;
- Баланың жеке бас дамуында зияндық сипат психологиялық қорғану механизмі және копингтік мінез-құлық ерекшелігін ескеруді қажет етеді.
Алдын-алу жұмыстарының түрлері:
Тікелей оқыту, бала мен ата-ананың білім мен дағдыны меңгеруі психикалық бұзылыстың алдын-алуға негіз болады.
Стресс жағдайының пайда болуы тұрақты, қолайлы хал-ахуал жасау мүмкіндіктерін төмендетеді.
«Отбасы татулығы қызметінің» мазмұны осы әдістемелік құралдың 4 тарауында толық көрсетілген.
Отбасы татулығы қызметін құру қажеттігі
Соңғы жылдары баланың құқықтық сауаттылықтарына қатысты мәселелер көптеп қарастырылуда. Олардың көпшілігі ата-аналардың құқықтық сауаттылығын көтеруге бағытталған ақпаратты-ағартушы әрекет түрінде жүргізіледі. Ата-ана мен баланың психологиялық сауаттылығын дамыту мақсаты, қолайсыз отбасы қалыптасуының алдын-алуда маңызды және өзекті жұмыс болып табылады.
Отбасы татулығы қызметі осы мәселелерді үш бағытта шешеді:
Баланы психологиялық қолдау;
Ата-анамен психологиялық ағарту жұмыстары.
Отбасы татулығы н сақтау жұмыстары.
Аталған бағыттар тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институты базасында «Баланың жеке басын дамыту мектебі» және «Ата-аналар мектебі» отбасына қолдау көрсету қызметі, Шымкент қаласындағы психологиялық орталықтарының негізі болып табылады.
3. Отбасы татулығы қызметіне тұжырымдама
3.1 Мақсаты мен міндеттері
- Баланы және отбасын үйлесімді қолдауға бағытталған қызметтер сапасын көтеру арқылы баланың өмір сүру деңгейін жақсарту;
- Отбасында психологиялық сауаттылық мақсаты ақпараттық- ағарту ұйым мен азаматтық қоғам құрылымдары арасында серіктестік қарым-қатынас орнату;
- Биологиялық отбасында баланы психологиялық қолдау арқылы тиімді дамуына жағдай жасау.
- Баланың биологиялық отбасында мәнді дамуын қамтамасыз ету жіне балаға психологиялық жол көрсетілу негізі ата-анамен әріптестік деңгейде қарастырылады.
3.2. Негізгі ұстанымдары және этикалық қалыптары
Отбасы жұмысына негізделген ұстанымдар нақты «Отбасын қолдау орталығы қызметкерлерінің әдістемелік құралы» еңбегінде қарастырылған.[1,5]
Отбасымен жұмысына қажетті жаңалықтар:
Отбасы- бала дамуы мен қалыпты өмір сүруіне тиімді жалғыз мүмкін орыны.
Бала үшін туған отбасы, өте жақсы болып келеді, сондықтан отбасындағы негізгі жұмыс сәтсәздікті жоюға бағытталады;
Әрбір жағдайдың бірегейлілігі кез-келген ойдан хабар береді, сондықтан көмек беруде икемділік қажет;.
Серіктестік- өзара әрекеттестігінің барлық жағының негізгі ұстанымы.
Қызметтің мобильділігі- отбасымен жұмыс жасаудың бірінші нәтижесі.
«Жеке басты дамыту мектебі» және «ата-аналар мектептерінде» психологтың негізгі этикалық қалыптарына келесілер кіреді:
құзырлылық- психолог маман иесі әдістік тәсілдерді қолдану арқылы көмектеседі. Стандартта балалар және ересектерді қорғау үшін қарастырылмаған саланы пікір мен іс-шараларды мұқият қолдану.
Нақтылық және кәсіби жауапкершілік. Өз іс-әрекетінде психолог әділ, құштарлы және жауапты маман болып табылады. Айналасындағыларға құрметпен қарайды. Атқаратын әлеуметтік рөлдеріне нақтылық енгізе отырып, соған сәйкес қызмет атқарады.
Адам құқықтары және абыройын құрметтеу. Психолог индивидтің жеке өмірге құқығын, өзіндік анықталу және автономиясын құрметтейді. Диагностикалық және коррекциялық шараларды жүргізе отырып, ол балан мен ата-ананың нақты келісімдерін алады. Психолог клиенттердің мәдени, жекелік және рөлдік ерекшеліктеріне түсіністікпен қарайды және осы факторлармен байланысты түсініспеушіліктерді жедел анықтап отырады .
Айналасына қолайлылығы сипатына қамқорлығы. Өз іс-әрекетімен психолог әрекетке түсетін бала мен ересек өміріне қолайлылық енгізуге ұмтылады. Туындаған қақтығыстарды жауапты түрде шешеді. Шынайы және басқа адамның ерекшелігіне мұқият қарайды.
Әлеуметтік жауапкершілік. Адамның қолайлы өмір сүруіне өз үлесін қосу үшін маман психологиялық білімін жариялайды.
Аталған принциптердің ескерілуі «Бала жеке басын дамыту» және «Ата-аналар» мектептерінде жұмысты тиімді ұйымдастырып қоймай, сонымен қатар отбасы татулығына бағытталған маңызды психологиялық жағдайлардың бірі болып табылады.
4. Отбасы татулығы қызметінің негізгі әрекет мазмұны
4.1. «Баланың жеке басын дамыту мектебі»
«Баланың жеке басын дамыту мектебі» 2003жылы ОҚФ РҚБ мен «Қазақстан Психолотарының Ұлттық Ассоциациясының» қызметкерлері (2007ж-ОҚФ ҚБ «Қазақ психологтар ассоциациясына ауыстырғаннан кейін) «Баланың жеке басын дамыту мектебі» ұйымдастырылған. Бұл жобаның негізгі мақсаты- тәрбиелеу жағдайында баланың жеке бас даму ерекшеліктерін, қабілеттерінің тиімді қалыптасуы мен дамуын қамтамасыз ететін, 18 жасқа дейінгі балаларға кәсіби психологиялық қызмет көрсету.
Практикалық психология және психотерапия Еуразиялық Институты психологтары 2007 жылы Қазақ психологтары ассоциациясы мамандарымен бірлесе отырып «Баланың жеке басын дамыту мектебі» жұмысының тәжірибелерін жүйелеп жалпылады, сонымен қатар баламен психологиялық және психотерапевтік жұмыстар нәтижесінде отбасылық қарым-қатынас саласында бірқатар зерттеулер жүргізілді.
Сабақтар келесі тәсілдер көмегімен жүргізіледі: арт-терапия, нейро-лингвистикалық бағдарлама, психодрама, би-қозғалыс психотерапиясы, денелік-жанасу психотерапиясы, эриксонды гипноз, гештальт- терапия және т.б.
«Баланың жеке басын дамыту мектебі» бағдарламасының мақсаты: жекелік ерекшеліктер мен ресустарды ескере отырып, тұлғаны үйлесімді дамыту.
Негізгі міндеттер:
Бала мен ата-ана қатынасына психодиагностика және психокоррекция.
Тұлға жекелік ерекшелік мәселесіне психологиялық коррекция жүргізу (агрессивті іс-әрекет, мазасыздық, сенімсіз іс- әрекет, қорқыныш, және т.б.)
Тиімді қарым-қатынас дағдысын қалыптастыру және дамыту;
Жас ерекшелік дағдарыс психотерапиясы;
Жас ерекшелік дағдарысының алдын алу;
Соққыдан кейінгі стрестік бұзылыс психотерапиясы;
денелік зорлық психотерапиясы.
шешендік өнер дағдыларын қалыптастыру.
әдептілік іс-әрекетінің қалыптасуы.
қақтығыстық оқиғаларды болдырмау дағдыларын дамыту.
көсемдік қабілеті мен сенімділікті дамыту.
мектепте оқуға психологиялық даярлық;
оқу іс-әрекетіне мотивациясы және танымдық белсенділікті дамыту;
таным процесстерін дамыту (есте сақтау, зейін, қиял, ойлаудың барлық түрлері);
арнайы және шығармашылық қабілетін дамыту;
қызығушылық пен қабілеттің негізінде кәсіби деңгейде өзін-өзі анықтау;
баланың қабілеті мен жекелік мүмкіндіктерін ескере отырып, табысқа жету үлгісін қалыптастыру;
4.1.1.«Баланың жеке басын дамыту мектебінің» іс-әрекет мазмұны мен бағыттары
«Баланың жеке басын дамыту мектебінде» түрлі тренингтік бағдарламалар жүргізіледі.
«Жоғарғы деңгей» – бағдарлама 10-13 жастағы жеткіншектерге арналған: Оның бағыттары төмендегідей.
● Баланың жеке бас ерекшелігіне психологиялық диагностика және коррекция.
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция.
● Жас кезеңдік дағдарыстардың алдын-алу.
● Қажетті тұлғалық және іскерлік сапаларды дамыту.
● Қақтығыстық жағдайдағы рационалды мінез-құлықты, іс-әрекет үлгісі мен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
● Танымдық қабілеттерді дамыту (ес, зейін, ойлау, қиял).
● Психо- эмоционалдық қысымды түсіру және алдын-алу.
« Менің «Мен» әлемімде» - бағдарлама 14-16 жастағы жеткіншектер мен жасөспірімдерге арналған. Оның бағыты төмендегідей:
● Жеке бас даму ерекшелігіне психологиялық диагностика мен коррекция .
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика мен коррекция.
● Жас ерекшелік дағдарыстың алдын-алу.
● Көшбасшылық қасиеттерін дамыту.
● Құрдастары, ата-ана, қарама-қарсы жыныс өкілімен тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
● Кәсіби тұрғыда өзін-өзі анықтауға көмек көрсету.
«Менің болашағым» – бағдарлама 17-20 жас – ұлдар және қыз балаларға арналған. Оның бағыты төмендегідей:
● Өзінің өмірлік жағдайын, адамгершілік қатынастарын анықтау, өзін-өзі тану.
● Қақтығыстарды болдырмау дағдылары мен коммуникативті іскерлікті жетілдіру.
● Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу.
● Өмірде өз орнын табу, тұлғалық жетілу.
● Тұлға ерекшеліктеріне психологиялық диагностика және коррекция.
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диогностика және коррекция.
● Болашаққа мақсат қою және оған жету жолдары.
«Дамудағы үйлесімділік» - 7-9 жастағы балаларға арналған. Бағдарламаның негізгі мазмұны:
● Тұлға ерекшеліктерін психологиялық диагностика және коррекция.
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция.
● Жас ерекшелік дағдарысының алдын–алу.
● Бейімделу қабілетін дамыту (ашықтық, ұжымда, құрбы құрдастарымен жұмыс істей алу іскерлігі).
● Жекелік ерекшеліктерге коррекция жүргізу (қорқыныш, мазасыздық, агрессивтілік, өз-өзіне деген сенімсіздік).
● Табысты оқу үшін қажетті қасиеттерді дамыту
● Таным процестерін қалыптастыру және дамыту (ес, зейін, ойлау).
7-9 жастағы балалардың қабілеттерін дамытуға арналған бағдарлама.
● Мектепке бейімделу.
● Тұлға ерекшеліктерін психологиялық диагностика мен коррекция.
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция.
● Жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу.
● Тұлғалық аймаққа психологиялық диагностика мен коррекция.
● Танымдық қабілеттерді дамыту.
6. «Өмір атты мемлекетке саяхат» - 3,5-4,5 жастағы балаларға арналған. Бағдарлама негізі:
● Қарым-қатынас дағдылардың қалыптасуы және дамуы.
● Тұлға ерекшеліктерін психологиялық диагностика және коррекция.
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және коррекция.
● жас ерекшелік дағдарысының алдын-алу.
● Еркін іс-әрекетінің қалыптасуы, шығармашылық қиялды дамыту.
● Адамгершілік түсінігінің қалыптасуы.
● Баланың қоршаған ортасы туралы білімін кеңейту,
● Мінез - құлықтың жағымсыз жақтарына коррекция.
● Психо – эмоционалдық қысым мен агрессивтілікті түсіру.
7. «Балалар әлеміне үңілу» – 5-11 жастағы балалардың ата-аналарына арналған тренинг.
Психологиялық тренингтегі ата-ана мен баланың өзара іс-әрекеті, әдеттегі тиімсіз механизмдерді өзгертуге көмектеседі:
● Отбасы және жас ерекшелік дағдарысына психологиялық профилактика мен психотерапия жүргізу.
● Түсініспеушілік, өкпелегіштік, агрессивтілік, еркелік.
● Балалардың бірбеткейлігі, шапшаңдылығы.
Біріккен сабақтар бала мен ата-аналарға бірін-бірі жақсырақ түсінуін қамтамасыз етеді.
4.2. «Ата - аналар мектебі»
2005 жылы Қазақстан психологтар Ұлттық Ассоциясының қызметкерлері, О.Қ.О білім беру департаменті мен әкімшілігінің, Балалар фондының БҰҰ ЮНИСЕФ қолдауымен «О.Қ.О балаларын күту балама түрлерін дамыту және қызметті бағалау» жобасы жүзеге асырылды және «О.Қ облысында отбасыларын қолдау орталығы құрылды».
2006 жылы аталған жобаларды жүзеге асыру нәтижесінде О.Қ облысында отбасын қолдау орталығының негізгі мазмұны мен тұжырымдамалары құрастырылды. Осы қызметтің көлемінде асырап алушы ата - аналармен жұмыс жасау бағдарламасы өңделді.
2007 жылы Тәжірибелік психология және психотерапия Еуразиялық Институтының және Қазақ Психологтар қауымдастығының мамандарымен біріге отырып, жұмыс тәжірбиесін қорытындылады. Бұл тәжірбие ата-аналармен жұмыс жасау барысында асырап алушы отбасы туған отбасында кеңейтіліп, қолданысқа енді.
«Ата-аналар мектебі» құрылды, оның негізгі мақсаты – отбасы мүшелерінің бір- бірімен өзара тиімді әрекеттесуін қамтамасыз ететін ата-аналық және ерлі зайыптылық қабілеттерін дамыту болып табылады.
Ата-аналар және ерлі-зайыптылар қатынасының нәтижелігіне тренингтер жүргізіледі. Сондай-ақ, балалармен біріккен жеке сабақтар жүргізіледі, ол отбасында бала мен ата-ана өзара қарым-қатынас тиімділігі артады.
Бағдарлама: арт-терапия, нейролингвистикалық бағдарлама, психодрама, қимыл- қозғалыс психотерапиясы, денеге жанасу психотерапиясы, эриксондық гипноз, гештальт терапияның тәсілдерін қолдануға негізделген.
4.2.1. «Ата-ана мектебінің» мақсаттары мен міндеттері
«Ата-аналар мектебі» өз отбасында бақытты, жақын адамдармен мәнді өмір сүргісі келгендер, ата-ана мен бала қатынасын және ерлі-зайыптылар қатынасын жетілдіру, қоршаған орта тітіркендіргіштеріне байсалды жауап беруді меңгергісі келгендер мен отбасы өзара қарым-қатынасына арналады.
Бағдарлама қатысушыларға (ата-ана баласын, жұбайын) өзін дұрыс түсінуді меңгертеді. Ата-ана баласының ашулану себебін, жұбайының ренішін түсіне бастайды.
Негізгі міндеттер:
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика мен коррекция
● Тұлға ерекшеліктері мәселелеріне психологиялық коррекция (агрессивті, мінез-құлық, мазасыздық, сенімсіз іс-әрекет, қорқыныш және т.б.»
● Ата-аналық қабілеттерін дамыту.
● Ерлі- зайыптылардың қабілеттерін дамыту.
● Тұлғаның жекелік мүмкіндіктері мен қабілеттерін ескере отырып табысты ата-ана моделін қалыптастыру.
● Отбасылық дағдарыс психотерапиясы.
● Отбасылық дағдарыстың алдын-алу.
● Жас ерекшелік дағдарыс психотерапиясы.
● Жас ерекшелік дағдарысын алдын-алу.
● Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
● Қақтығыс жағдайында тиімді іс-әрекет дағдыларын дамыту.
● Тиімді қарым-қатынас дағдыларын дамыту, сенімділік пен көшбасшылық қабілеттерін дамыту.
● Үлгідегі іс-әрекет мазмұны.
● Қақтығыс жағдайының алдын-ала білу дағдыларын дамыту.
4.2.2. «Ата-аналар мектебі» іс-әрекетінің мазмұны мен бағыттары.
Бағдарламада төмендегідей мәтіндік бөлімдер болуы қажет.
Ата-аналардың тиімділік тренинг.
● Мен қандай ата-анамын?
● Ата-ана қабілетін өзіндік тану.
● Үлгілі ата-ана бейнесін түзу
●Ата-ана мәнділігін арттыру.
Әртүрлі балалар
● Балалармен өзара тиімді қарым-қатынас.
● Мазасыз балалармен өзара әрекеттесу дағдылары.
● Аса белсенді және агрессивті балалармен өзара әрекеттесу дағдылары.
● Ауытқуы бар бала мен өзара әрекеттесу.
Отбасылық қарым-қатынас тренингі. Ата-аналық
● «Менің ата-аналық стилім»
● «Жаратушы» болу қиын
● «Бірге ойнаймыз»
● «Менің отбасымның отбасы»
Ерлі-зайыптылар тиімділігіне арналған тренинг.
● Ерлі-зайыптылар қатынасының тиімділік дағдысын дамыту
● «Отбасы тарихы»
● Отбасы дағдарысына түсінік
● Отбасы дағдарысына психотерапия
5. Бала мен ата-ана қарым-қатынасы тренингі.
● Бала мен ата-ана қатынасына психологиялық диагностика және корекция .
● Баланың базалық қажеттіліктері.
● Бала мен ата-ана қатынасына психотерапия.
Отбасы тарихымен жұмыс.
● Отбасы тарихына диагностика
● Отбасы тарихына психокоррекция.
● «Кіршіксіз отбасы» үлгісін құру.
Сабақ тұрақты сипатқа ие. Кездесу топтары аптасына 2 рет кешкі уақытта жүргізіледі.
5. Отбасы жүйесі- баланың жеке бас дамуы мен қалыптасуының негізі ретінде
5.1. Отбасы құрылымы, қызметі және дамуы
Құрылымы. Отбасы жүйесін- біріңғай білім беру деңгейі ретінде қарастыруға болады, белгілі құрылымдық ерекшелікті меңгерген, қызметі және дамуы болады.Отбасындағы құрылымдық қатынас кез-келген нуклеарлы ( жеке адамдар: күйеуі, әйелі және олардың балалары) топта негізгі төрт жүйе бөліктерінен тұрады. Алғашқы топ жеке адамдар-отбасы мүшелерінен тұрады; екінші топ диада- ері- әйелінен құралады; үшінші топ –сиблингті, төртінші топ - ата-ана диадасы –баладан құралады.Әр топ бөліктерінде өз алдына белгілі шекара, қажеттілік және үміт етулері болады.Отбасы жүйесі дұрыс теңдестірілсе, онда жүйе бөліктерінің қажеттіліктері бірдей өтелетін болады.Сонымен қатар отбасы түрлі маңызды топтармен: достарымен, көршілерімен, әлеуметтік орта өкілімен, өзара әрекетте болуы шарт.Отбасының түрлі жүйеді және сыртқы ортада өзара әрекет көрсеткіштері
Достарыңызбен бөлісу: |