( менять слова внутри круга ) 1шеңбер.центр- - «мен» немесе индивид
2- шеңбер: ері-әйелі жүйе бөліктері.
Ата-ана-бала жүйе бөліктері:нуклеарлы отбасы; сиблинг жүйе бөліктері.
3-шеңбер;аға-әпкелері; апа-аталары; екі ата-анасы бар кеңейтілген отбасы; немере аға- әпкесі;
4-шеңбер: денсаулық сақтау жүйесі; әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі; демалулар мен көңіл көтерулер; жұмыс; тәртіп және құқық сақтау жүйесі; діни жүйе; әскери жүйе,көршілер;білім беру жүйесі;саяси жүйе.
Қызметтер. Отбасы қызметі- құрылымдық ұйымдастыру және дамумен тығыз байланысты. Отбасы тәртіп ережесі сыртқы орта және отбасы мүшелерінің өзара қарым – қатынас сипатына да әсер етеді.
Отбасы қызметі негізі екі тұрғыда қарастырылады:
әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелері қызметіндегі өзекті міндеттер.
Отбасында көрініс алатын мінез – құлық феномені және процестері.
Әлеуметтік ортада қосымша өкілеттік алған отбасы мүшелерінің басты қызметтері: сыртқы зиян келтіретін факторлардан отбасын қорғау, отбасы мүшелерінің бір – біріне көмек көрсетуі, сау қалуын қамтамасыз етуі, балаларды тәрбиелеу, отбасы мүшелерінің экономикалық, әлеуметтік, эмоционалдық және дене жағынан жекелік дамуы үшін алғы шарттарын құру, бір – бірімен тығыз эмоционалды байланысынта болуына қолдау жасау, сондай-ақ өзара мінез-құлыққа әлеуметтік бақылау жасау.
Біздің қоғамда отбасы қызметі соңғы 100 жылдықта қатты өзгерді. Бір кездері экономикалық қызмет ең негізгі болып қаралып, отбасы мүшелерінің дене жағынан дамуы, сау қалу жақтары қарастырылды. Өндірістік төңкерістің арқасында, технология дамып және экономикалық қызметте әлеуметтік қорғау жүйесі өз маңыздылығын жоя бастады, ал уақыт талабына сай әлеуметтік – психологиялық қызмет өз рөлін айтарлықтай көтерді. Қазіргі уақытта көптеген отбасылар экономикалық тұрғыдан күн көрісіне қарағанда, бір – біріне психологиялық қолдау көрсетуді өздерінің негізгі міндеттері деп санайды.
Баланың ата – ана және құрбыларымен қарым – қатынаста болуы әлеуметпен кездесуге дайындық болып табылады. Осылайша, отбасы оларға белгілі бір әлеуметтік мінез – құлық үлгісін құрап, әлеуметтік өзара қимыл тәсілдеріне үйретеді. Қазіргі кезде баланың әлеуметтенуі оның құрбы – құрдастарымен қарым – қатынасы және мектеп, қоршаған орта туралы түсінігі басты рөлге ие екендігі мойындалып отыр. Қалай десек те, қоршаған ортада болып жатқан жағдайларды бала бағалай отырып, бәрінен бұрын өзінің ең жақын туыстарының тәжірибесіне сүйенеді. Осылайша, баланың отбасында маңызды мөлшерде меңгерген іс - әрекет үлгілері, оның келесі бір әлеуметтік тәжірибесін айқындайды.
Даму. Отбасы психотерапиясында қолданылатын жүйелі ықпал ету –отбасының әрбір мүшесі дамудың қандай сатысында болса, онда отбасы толықтай сол деңгейде деген болжам жасайды. Мүдделі жағдайда отбасы мүшелерінің дамуы және жүйесі екеуі өзара байланысты болуы мүмкін. Алайда, көптеген жағдайда ол патологиялық сипатқа ие. Мысалы, 15 жасар жеткіншек қыз перзентті болды деп елестетіп көрейікші. Бұл жеткіншек жас кезеңі, балада әлеуметтік тәжірибе белсенді меңгеріліп, өзіндік сана қалыптасатыны бізге белгілі. Егер жеткіншекке басқа бір адамға деген жауапкершілікті алу ауыртпалығы жүктелсе, онда ол өзінің жеке мәселесін екінші орында ысырып қоятын болады. Сондай – ақ жеткіншектің ойлары мен көзқарастары амбиваленттілікпен сипатталады. Жеткіншектер үлкендер тарапынан көрсетілетін нақты қолдау мен қамқорлыққа мұқтаж, бастысы тәуелсіздікке ұмтылады. Осылайша, жеткіншектің басқа бір адамның жағдайын жасау қажеттілігі, оның дамуын айтарлықтай қиындататын болады.
Отбасы дамуы процесс барысында бірыңғай жүйе ретінде бірнеше кезеңдерден өтеді. Отбасы дамуы некелік одақтың құрылуынан басталады да, бірінші баланың туылуы, келесі баламен жалғасуы,осылайша жаңа деңгейлерге өте береді. Алғашқы жылдарда отбасының өмір сүруі кішкентай балаларды күтіп – бағумен тығыз байланысты. Баланың мектепке баруы, ата – анамен бала арасында қашықтықты орнатады және ол тез арада ұлғаяды. Бала өз өміріне ата – ана тарапынан тәуелсіздік алу процесіне,оның мәні мен міндеттерін қайта қарастыруға мәжбүр болады. Отбасы ұясынан балалары ұшып кеткенде, ерлі – зайыптылар жеке қалып, бағып – қағу ауыртпашылығынан құтылады. Мүдделі болғанда бұл процесс жаймен жүруі тиіс, яғни баланың өсіп- жетілуіне орай ата – ананың жаңа қажеттіліктер мен күтулері және оған жеке дайындалу мүмкіндігі болады. Ал тәжірибе жүзіне келсек көптеген ата – аналар осыған дайын болмайды, өйткені бірге өмір сүрген алғашқы 15 жыл ішінде өздерінің өмірін баланы бағып – қағуға арнап, көбіне басқа қажеттілік пен ролдерге қатысы жоқтай сезінеді.
5.2. Отбасы дағдарыстары.
Отбасы психологиясында- өмірде кездесетін дағдарыстың кез – келген түрі қалыпты деп есептеледі.
Алғашқы некеге тұрудың өзі - дағдарыс болып табылады. Әсіресе тойға дейін жастар бір – бірін ашық түсті көзілдірікте көреді, ал неке- өмір сүру салтының өзгеруіне, әлеуметтік беделге ие болуға әкеледі. Әйел заты үшін ата-тегін өзгерту, Эриксон пікірінше «Ұқсастық дағдарысына» соқтыруы мүмкін, тұрмыс сипаты өзгереді, үйренуді қажет ететін жаңа тұстары пайда болады. Бұл ерлі – зайыптылардың бір – біріне бейімделу кезеңі –алғашқы жылда жыл бойына созылады. Бірлескен өмірде алғашқы жыл соңына қарай некенің бір жылдық дағдарысы пайда болады. Осы уақыт ішінде дағдарысқа ерлі – зайыптылар үйренісіп бірінің алдында бірі жауапкершілік танытып, түсіністікпен қарайды немесе айырылысу тілегі пайда болып некелік одақ сәтсіз болып саналады. Ажырасудың алғашқы шарықтау шегі –бір жыл бірге өткізген өмірден кейін болады. Екінші дағдарыс отбасында бірінші баланың туылуынан кейін пайда болуы мүмкін, тіпті ол бала қалаулы болып, махаббаттан пайда болса да қалыптасады. Тағы да өмір сүру сипаты өзгереді, отбасындағы жүктемелер ауысады. Егер жас ана беріліп, баланы күтіп бағумен айналысып кетсе, онда көптеген адамдар мұны өздеріне назар аударудың жоғалуы деп қабылдайды. Кейбір әкелер бала күтіміне қызғанышпен қарайды, баласы әйелінің сүйіспеншілігі мен күтімін тартып алғандай қабылдайды.
Келесі дағдарыс отбасында екінші баланың дүниеге келуімен байланысты болады, әсіресе балалар арасында 5-7 жастан жоғары болған жағдайда қатты көрінеді. Балалар арасында бәсекелестік пайда болады, ол ата – ананың мейіріміне, махабатына ие болу ниетінен туындайды. Жасы үлкен балада кішісіне деген қызғаныш байқалады, бұл арнайы жасалған балалық қылықтардан байқалады, бала кішкентай кезіне еліктеп сақауланып сөйлей бастайды, өйткені ол өзіне кішкентайға қарағандай қарап, еркелетсе деген ниеттен туындайды. Балада осы кезеңде болып жатқан нәрсені түсіну үшін күшті төзімділік талап етіледі.
Қарым – қатынастағы дағдарыс бала мектепке дейінгі мекемеге немесе мектепке барғаннан кейін де пайда болуы мүмкін. Бұл уақытта ананың жаялық жууы екінші орынға кетіп, балаға көбінде әкелік қызмет қажет болады, ал көптеген ер адамдар бұл жағдайға дайын емес некеге өзінің қызметі тек қана қаржылай қамтамасыз етумен байланысты деп тәрбиелеу ісінен шеттеле бастайды.
Келесі ол уақытпен байланысты екінші дағдарыстың қатар келуі: жеткіншек жас дағдарысы және ата – ананың 40 жастық дағдарысы болып табылады. Бұл кезеңде ата – аналар өз құндылықтарын қайта қарайды, ал баллалар билікке ұмтылып шу шығарады. Көп жағдайда осы кезде баланың қызуғушылығын ата – ана әр түрлі ескереді және көптеген келеңсіздіктер дәл осы кезде пайда болады.
Отбасы дамуының келесі дағдарыстың кезеңі бұл – ерлі – зайыптылардың бір – бірінің зейнеткерлікке шығуы. Бұл кезеңде көсемдікке бейімделіп, өзін кәсіби іс - әрекетте белсенділікте ұстап, дағдыланып қалған адамдарға қиын болып келеді. Егер олар өздеріне басқа бір жұмыс көзін тауып, айналыспаса, онда өмірге деген қанағаттанбаушылық және жеке басының іске жарамсыздығын сезінеді. Кейбір ер азаматтар бұл кезде осы шақтың қызығын жіберіп алмайын деп, өзін жаңа әлеуметтік және жыныстық қарым – қатынаста көрсетуге, әліде болса күш жігері бар екендігін дәлелдеуге ұмтылады.
Қатар келген екі дағдарысты теңестіру қиынға соғып, отбасында іштей бөлінуге, қарама – қайшылықтарға әкеліп соғады.
Ажырасудың екінші шарықтау кезеңі 40-45 жас аралығы. Бұл бірге өмір сүрген 10-15 жыл аралығына сәйкес келеді. Осы отбасылық өмірдің екінші өтпелі дағдарыстық кезеңі болып табылады.
Одан әрі өсіп қалған балалардың кәсіп таңдауымен байланысты – дағдарыстық кезеңге жетеді. Қазіргі экономика шартында ата –ана бала болашағының қамын ойлап, оған үлкен ауқымды түрде қаржылай және моральдық тұрғыдан үлесін қосып, оның келешектегі жемісті мамандықпен қамтамасыз етуге ұмтылдырады.
Ажырасудың үшінші шарықтау шегі және өз - өзіне қол жұмсауға бару дәл осы кезеңге сәйкес келеді. Осы кезде ер жеткен балалар ата – ана қамқаорлығынан бөлек шығып, өз бетінше өмір сүруге немесе отбасын құрып кететіндіктен, ерлі – зайыптылар жалғыз өздері қалып қояды. Көптеген ерлі – зайыптылар мұндай тығыз экономикалық және физикалық қарым – қатынасқа дайын болмағандықтан осы кезде орта жастағы ажырасулар кездесіп жатады.
Қалыпты дағдарыстармен қатар отбасы басқа да құбылыстарда мысалы: соғыс, экономикалық дағдарыс, табиғи аппаттар, ерлі – зайыптылардың бірінің кенеттен ауырып қалуы, созылмалы айырылысулар, отбасы мүшелерінің өмірден кетуі, тұрмыс үй мәселесінің ушығуы сияқты жағымсыз әсер ететін жағдайларға кез болуы мүмкін. Осындай орта жолда пайда болған жүктемелерді кез – келген отбасы көтере білмейді , міне сол кезде отбасының құлдырауы – ажырасуы орын алады.
Балалар ажырасу процесіне үш түрлі типте жауап қайтарады: жеңімпаздар, жеңілгендер, аман қалғандар.
Жеңімпаздар ата –анасының ажырасуынан белгілі бір пайдаға қол жеткізеді: жексенбі күндері әкелері еркелетсе, басқа күндері анасын әкеммен бірге тұруға кетіп қаламын деп қорқытады, ажырасу оларға жақын адамдар тарапынан назар аударуды күшейтеді.
Жеңілгендер. Бұл жағдайға байланысты қайғыруы жеңілген балалар. Отбасында қалған адамның оған деген қатынасы бірден нашарлайды. Егер бала отбасының кеткен мүшесіне қатты ұқсайтын болса, онда жағдай тіптен нашарлайды.
Аман қалғандар бұл барлық ауыртпалықты белсенді түрде басынан өткен, оған қоса өз жақындарына, басқа адамдарға деген қатынаста зейінді, сезімтал бола білген балалар. Осындай соққылы тәжірибеден бала жақын эмоционалдық қатынастың қажеттілігін түсінеді.
5.2.2. Отбасындағы қалыптан тыс дағдарыстар
Отбасылық қалыптан тыс дағдарыс –отбасы өмірлік циклының кез-келген кезеңінде кездесетін дағдарыс, ол өмірдегі жағымсыз жағдайды қобалжу дағдарыс ретінде Р.Хилл үш факторды отбасы шығатын дағдарысты бөліп қарастырды:
1. Сыртқы қиындық ( жеке тұрғын үй, жұмыстың болмауы );
2. Күтпеген жағдай, стресстер ( отбасы немесе бір мүшесі жол апаты,зорлану т.б.)
3. Ішкі отбасы жағдайын тепе-теңдікте бағалай және жеңе алмауы қақтығысты немесе стрестік сапалардың қарастырылуы (күрделі ауру, өлім, ерлі-зайыптылардың опасыздығы, ажырасуы)
Отбасында қалыптан тыс дағдарыс жағдайының белгі көрсеткіштері:
Отбасы дағдарыс жағдайы.
Отбасы мүшелерінің болып жатқан жағдайды түсінуі және қабылдауы.
Отбасы мүшелерінің болған жағдайға көз-қарасы, қабылдауы
Отбасы мүшелерінің өзгеруі.
Жекелік және отбасылық жағдайды дағдарыстан шығару мүмкіндігі
5.3. Отбасында баланың жас және психологиялық даму ерекшеліктері.
Отбасында баланың даму ерекшелігін зерттеуде соңғы кезде авторлар, жас ерекшелік кезеңдерін, даму заңдылығын ескеру арқылы, өз кезеңдік көз-қарасында қосуда. Алғаш психоанализде жас ерекшелік кезеңдеріне әсіресі балалық шаққа көп көңіл бөлген З.Фрейд болды. Фрейдтің пікірі бойынша жыныстық құмарту- адам дамуының басты белгісі болып табылады.Бір жасқа дейін эрогенді аймақта жағымды түйсінуге жету бөлігіне ауыз қуысы мен тіл сілекейі жатты. Осы негізге сүйене нәрестелік –оралды кезең деп аталды. Бір жас пен үш жас аралығында эрогенді аймақ болып ішектің сілекей қабаты қаралды. Бұл аналды кезең деп аталды.Бала бұл жаста сүйкімді және жекелік тазалық, қыңырлық, тұйықтық агрессиялық ерекшеліктерді, меңгере бастайды. Келесі фаллистикалық кезең (3-5 жас) деп аталады, балада жыныстық құмарту жоғарғы деңгейде көрінеді. Фрейдтің жолын құушы Э.Эриксон [8]да өзінің кезеңдік бөлу негізіне басқа да белгілер енгізді. Бала дамуы өмір сүрген ортасынының мәдениеті мен экономикалық деңгейіне байланысты. « Әрбір келесі кезеңге сәйкес дағдарыстың берілуі қоғамдағы негізгі элементке жатады, оның қарапайым себебі адам институты мен өмірлік даму циклы бірге эволюцияланған болып табылады.
Бірінші кезең (туылғаннан бір жасқа дейін ) негізгі сенім сенімсіздікке қарама-қарсы деген атқа ие болды. [9] Бұл кезеңде ана мен бала арасындағы жағымды қатынастың қалыптасуы төтенше маңызға ие. Егер ана баласына қажеттіліктерін қанағаттандыруда өз қамқорлығын, сүйіспеншілік пен мейірімділік танытса бала өз жағдайының жақсы екенін, іс-ірекетінің басқаның күтуіне сәйкес келетінін сезеді. Нәресте қоршаған әлемге сеніммен қарауға үйренеді, ал бұл болмаса бірқатар бұзылыспен ауруға әкеп соғады.
Екінші кезең, бір жастан-үш жасқа дейінгі жас кезеңіне сәйкес келеді, «ұятқа қарама-қарсы автономия» деген атқа ие болып, оның аяқталуы «Мен өзім» дағдарысын туындатады.
Бала дамуының қарқындылығы оны дербес етеді. Ата-аның бақылау жасау, шектеу, тыйым салуы жиілей бастайды. Тұрақты түртпектеу баланың өз қажетсіздігін сезінуге негіз болады. «Шектен шығара ұялту» жасанды мінез-құлыққа әкеледі, егер бұл ұялу сезімін жоймаса, онда жасырын шешім шығарудабала қалайда жағдайдан шығуға талпынады. Бала осы жастың өзінде секем алу және ұялу сезіміне ие болып, қоғамға балалық қарғыс және ауыр сөздер арқылы үндеу тастайды. Сондықтан да ата-ана міндеті- бала жеке басын сыйлау және мөлшерден тыс басынбау болып табылады. Осы жағдайда ғана балада әділеттік қалыптасып, «кінәлілік сезіміне қарсы белсенділік» деген жас ерекшелік даму кезеңіне қоғамның толыққанды мүшесі болып енеді.
Үшінші кезең «бастамашылдық немесе кінәлілік сезімі» 4-5 жаста балада айналасын зерттеу белсенділігі артады. Олар әлемнің құрылымын және оған қалай әсер етуге болатынын біле бастайды. Олар үшін әлем шынайы және қиялындағы адам мен заттан тұрады. Жалпы зерттеушілік іс-әрекеті нәтижелі жүзеге асқанда, олар айналасындағы адам мен затпен конструктивті тәсілде қатынас жасауға үйренеді және бастамашыл бола бастайды. Алайда оларды қатаң сынап және жазалайтын болса, олар көптеген іс-әрекетінде өзін кінәлі сезінуге әдеттенеді.
Төртінші «Еңбексүйгіштік немесе бүтінсіздік сезімі». 6-11 жаста мектепте, үйде және өз құрбылары ортасында бірқатар дағды мен іскерлігін дамытады. Эриксон теориясына сәйкес, түрлі бағытта бала құзыреттілігінің артуы «Мен» сезімін едәуір толықтырады. Өзін құрбыларымен салыстыру үлкен мәнге ие бола бастайды. Әсіресе осы кезеңде басқалармен салыстырғанда өзін жағымсыз бағалау зор зиянын келтіреді.
Бесінші жеткіншектік кезең-11-16 жас . Осы кезең үш жастағы «Мен өзім» дағдарысын еске түсіреді, бірақ бұл әлеуметтік мәнде жүзеге асады. Аталған дағдарыс белгілі бір өткірлігімен сипатталады. Дағдарыс белгілері:
Балының жалпы оқу үлгерімі төмендейді
Негативизм. Үш жас дағдарысымен салыстырғанда, оны екінші негативизм фазасы деп те атайды. Бала ортасынан алшақтайды, өштескен ұрыстарға, тәртіп бұзуға бейім, ішкі мазасыздықты сезінеді, өзіне көңілі толмайды, жалғыздыққа ұмтылады. Ұл балады қыздарға қарағанда негативизм кеш (14-16 жас) басталғанымен айқын әрі жиі байқалады.
Дағдарыс кезінде жеткіншек іс-әрекеті жағымсыз сипатта болуы міндетті емес.
Выготский іс-әрекеттің үш нұсқасын келтіреді. [8]
Бірінші нұсқа- негативизм жеткіншек өмірінің барлық саласында айқын байқалады. Мұндай реакция жеткіншектердің 20%-де көрініс табады.
Екінші типте- бала потенциалды негативист. Негативизм қоршаған ортаның теріс ықпалына реакция ретінде кейбір жағдайда ғана байқалады: отбасылық қақтығыстар, еңсені басатын іс-әрекеттер, ересектердің қысым көрсетуі. Мұндай бала шамамен 60%-ті құрайды.
Үшінші жағдай жағымсыз құбылыстар мүлдем болмайды. Ол балалардың 20 %-де кездеседі. Жеткіншектік кезеңде баланың түрлі психикалық жарақат, қақтығыс, келеңсіздіктерге сезімталдығы күрт артады.
Созылмалы сипаттағы екі топ факторы мәні ерекше: дұрыс тәрбие бермеу және қақтығыстық жағдайлар. Екінші топқа келесі эманципациялы қақтығыс, құрбы-құрдастарымен топ құру негізінде туындайтын жан-жалды (байланысқа түсе алмау, қолынан келмейтін басшылыққа ұмтылу, өзін кем сезіну, өзіне деген жоғары талаптардың орындалмау негіздері) күштеп тоқтатуға болады.
Дәл осы жас кезеңінде алғашқы суйцид әрекет белсенділік көрініс беріп, психологиялық дағдарысты сезіну мен байланысты жағымсыз тәуелділік қауіпі пайда болады. Психологиялық дағдарыс салдарына сезімтал болып келетін жеткіншіктер категориясы: зорлық көргендер, түрлі тұрмыс жағдайындағы, отбасында қатыгездіктің құрбаны болғандар, ата – анасының қазасына байланысты психологиялық соққы алғандар, жақын адамдарын жоғалтқандар, ата – ананың ажырасу жағдайын басынан кешіргендер, ұяң, ұялшақ жеткіншектер, аборт немесе басқа да медициналық әрекеттерді басынан өткізгендер және өз құрбы – құрдастарымен салыстырғанда үлкен жетістіктерге жетіп үлгерген дарынды балалар.
Бұл кезеңде өз тәніне көңілі толмаушылық, гормондардың қайта құрылуына байланысты туындаған тітіркенгіштік күрт көтеріліп, қоршаған ортаға - деген қатынасы өзгеріп, тәуелсіздікке деген қажеттілік туындайды, дөрекілік, сыншылдық пайда болады.
Көптеген жеткіншектер басқалардай болғысы келумен қатар ешкімге де ұқсамауға ұмтылады.
Зерттеушілердің бір қатары 18-19 жаста жасөспірімдік дағдарыс кезеңін бөліп көрсетіп және жеңіл шығудың жалпы 3 тәсілін ерекшелейді.
Бірінші бұл – ішкі ресурстар мен конструктивті копингтік бағдарламаларды қолданудың мәнін түсінудің арқасында дағдарыстық жағдайларды тиімді шешу болып табылады.
Екінші тәсіл бұл – жекелік эмоционалдық тұрғыдағы уайымдауларына қатты мән бергендіктен мағыналы нәрсені көре алмағандықтан тиімсіз шешім пайда болады.
Үшінші – дағдарыстық жағдайды шешуде туындаған жағымсыз уайымдардан қашу, жағдайды шешудегі жауапкершілікті басқа адамдарға артумен байланысты болып табылады.
Қыз балалардың ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды терең эмоционалдық уайымдаумен қабылдап, одан мән – мағынаны көре алу іскерлігінде болып табылады. Дағдарысқа ұшыраған қыз балалар оны түсіну мен басына өткеруде терең қабылдайды, нәтижесінде олар өмірдің қиын кезеңдерінде мағыналы жол таба білуге машықтанады.
Бозбалалардың бұл шақтағы ерекшелігі ол дағдарыстық жағдайды эмоционалдық мәнділігін төмендетеді, оны жеңіл қабылдауға ұмтылады. Дағдарысқа ұшыраған ұл балалар сасқалақтап, жағымсыз уайымдауға беріліп, нәтижесінде өзінің мәселесін түсінуден алшақтай түседі.
6.Отбасын әлеуметтік – психологиялық зерттеудің әдістемелік негіздері.
Психологтың отбасымен жұмыс жүргізудегі басты бағыты оның қазіргі жағдайын анықтай алуы. Біздің ұсынып отырған әдістемелер жүйесі отбасымен жұмыс жасайтын маманға диагностикалық құралдардың көп түрлілігіне көңіл бөле отырып, алдына қойған мақсат - міндеттерге сай тепе-теңдік деңгейлерде қарастыруға таңдау жасап, жүргізуіне ұсынамыз. Берілген диагностикалық шаралар клиникалық және тәжірибелік зерттеулер жүргізуге отбасы құрылымын, ерлі-зайыптылардың жүйе бөлігі жағдайына, отбасы ахуалына әсер ететін жағымды және жағымсыз факторлар, ата-ана мен бала қатынасындағы ерекшеліктерді анықтауға мүмкіндік береді.
Э.Г. Эйдемиллер «отбасы диагнозы» деген терминді ұсынған [10]. Отбасы диангозы -отбасы өміріндегі бұзылыс деп, қиындықтың енуі мен сақталуы отбасы мүшесінің бірінің немесе бірнешеуінің жеке қызметінің бұзылуына әкеледі. Отбасы диагнозы- отбасы жоспары мен қызметінің бұзылысын анықтай отырып, отбасы татулығын сақтау жұмысына стратегиялық бағытын береді. Отбасы қатынасын анықтауға қолданылатын әлеуметтік –психологиялық диагностикалық әдістер : сұрақ-жауап, бақылау, эксперимент, социометриялық әдіс, сандық-сапалық құжаттық әдіс, тест
6.1. Отбасы құрылымының психологиялық ерекшеліктері
Ұсынылып отырған әдістер арқылы отбасы құрамын, шегін және құрылымын анықтауда: топтасуын(эмоционалды байланыс, жақындық және отбасы мүшелерінің бір-біріне үйренісуі), иерархия (сатылы), шекара, коммуникация сипаты, отбасының бір –біріне икемділігі мен болады.
6.1.1Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы.Faces-3 сауалнамасы
Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы қалыпқа түсірілген сауалнама, мақсаты-отбасы құрылымын бағалау.Сауалнама авторлары
Д.Х. Олсон, Дж Портнер, И. Лави [3]. 1986 жылы алғаш бейімдеуге М. Перре ұсынған
Сұрақнамада отбасы мінез-құлқын үш негізгі шамада: топтасуы, бейімделуі және коммуникациясы жинастыра «дөңгелек моделі» қарастырылады.
Отбасы топтасуы:отбасы мүшелерінің эмоционалды көңіл –күйде бір-бірімен байланысуы, оған мынадай белгіде көрсеткіштер : эмоционалды байланыс, отбасылық шекара, уақыт, шешім шығару, достары, қызығуы мен демалуы қарастырылады.
Отбасы бейімделуі:Отбасы мүшелері стестік жағдайға қаншалықты икемді (иілгіш) немесе кертартпалық қасиеттері бойынша бейімделуі
Оның көрсеткіш белгілері : отбасында көшбасшы, бақылаушы, тәртіп, ереже және ролдері.
«Дөңгелек моделі»отбасылық топтасуды 4деңгейде қарастырады: төтенше жағдайдың төмендігінен оның жоғарылауына дейін,осыған сәйкес аталуы: бытырау, бөлектеу, байланысу және тұтасу
Сауалнама авторлары теңдестікте және соңғы деңгейдегі отбасы топтасын және бейімделуін анықтауда-отбасы жүйесінде қызметтің жетістігін көрсетеді.
Алдымен сауалнаманы жүргізбес бүрын зерттеуші мен қатысушы арасында өзара сенім қалыптасу қажет. Егер сауалнаманы отбасы мүшелері бірге отырып, жұмыс жасай толтырса, ол психологқа қосымша мәлімет алуға: коммуникациясын, мінез-құлық ерекшеліктерін бақылауға септігін тигізеді.
Сауалнаманы жүргізер алдында түсіндіріп өтеді. Ал орындаубарысында кездескен сауалнамадағы түсініксіз жерлерді, психолог қосылмай өзара түсіндіруіне мүмкіндік туғызғаны жақсы.
Нұсқау:Бүл әдістемені 12 жастан жоғары отбасы мүшелерінің бәріне жүргізуге болады.Зерттеуді отбасы мүшесінің бәрімен толық жүргізгені абзал, ол коммуникацияерекшелігін жан-жақты бағалауға мүмкіндік береді.
Әдістеме сипаттамасы: Сауалнаманың жауабын бекітуі 5 ұпайды шкаладан тұрады.
Ешқашанда
Сирек
Оқтын-оқтын
Жиі
Барлық уақытта
Бұл әдістеме екі рет қолданылады : біріншіде сіз «шынайы» өміріңізде отбасы мүшелерін қалай бағалайсыз, екінші қандай болса деп өзгеруін армандайсыз «идеалды»деңгейде бағалауға әкелдіру, екеуінде де осы сұрақнама беріледі.
Отбасына бейімделу мен топтасу шкаласы.Faces-3
Вариант «А»-шынай өміріңізді бағалап жазуыңызды өтінемін.
Вариант «В»-идеалды өмірін жазуын сұрану.
Аты жөні______________________________________________________
Жасы__________________________________________________________
Зерттеу уақыты__________________________________________________
Бекітулер
|
Ешқа
шанда
|
сирек
|
Оқтын-
оқтын
|
жиі
|
Барлық
Уақытта
|
1.Бізде отбасы мүшелері бір-бірінен көмек сұрай алады.
|
|
|
|
|
|
2.Мәселені шешубарысында балалардың ұсыныстары да ескеріледі.
|
|
|
|
|
|
3.Біз достарымыздың отбасы мүшелерін мақұлдап ,қолдап отырамыз
|
|
|
|
|
|
4.Балалар өз еріктерінше дербес мінез-құлық түрлен таңдай алады.
|
|
|
|
|
|
5.Біз тар шеңберде өз отбасымызбен қарым-қатынасқа түскенді жоғары бағалаймыз
|
|
|
|
|
|
6.Бізде кез-келген отбасы мүшесі көшбасшы бола алады.
|
|
|
|
|
|
7.Біздің отбасы мүшелері өз ортамызға қарағанда, бөгде адамдармен етене жақын болады .
|
|
|
|
|
|
8. Біздің отбасымызда күнделікті айналысатын тірлік өзгеріп отырады.
|
|
|
|
|
|
9.Біз бос уақытымызды бірге өткізуді ұнатамыз
|
|
|
|
|
|
10.Отбасында жаза қолдану ата-ана мен балалар арасында бірге талқыланып отырады
|
|
|
|
|
|
11.Отбасы мүшелері бір-біріне өте жақын екендігін сезінеді.
|
|
|
|
|
|
12.Біздің отбасымызда шешімді көбінесе ата –анамыз шығарады.
|
|
|
|
|
|
13.Отбасылық мерекелерде барлығы бірге болып, қатысуға ат салысады.
|
|
|
|
|
|
14.Біздің отбасындағы ереже өзгеріп отырады.
|
|
|
|
|
|
15.Біз отбасында қалай бірге отырып, шешім шығаратынымызды елестету қиынға түседі
|
|
|
|
|
|
16.Отбасында күнделікті орындалатын жауапты әрекеттер әрдайым бір-бірімізге ауысып отыады.
|
|
|
|
|
|
17.Біз шешім шығарарда бір-бірімізбен ақылдасып, кеңесеміз.
|
|
|
|
|
|
18.Отбасында кімнің көшбасшы екенін айту қиын.
|
|
|
|
|
|
19.Бірлік –отбасымыз үшін маңызды
|
|
|
|
|
|
20.Отбасы мүшелерінің үйде қандай жұмысты атқаратыны туралы айту қиын
|
|
|
|
|
|
өңдеу және нәтижені көрсеткіштері:
Отбасы құрылымының түрлерін анықтау. Өңдеу барысында жұп және тақ сандар бойынша нәтиже көрсеткіші жеке қосылады. Тақ сандар нәтижесі қосындысы –отбасы топтасуын білдіреді, ал жұп сандар отбасы бейімділігін анықтайды. Отбасы жүйе түрлерін екі жақтың топтасу мен бейімделу қосындысын ала отырып, бағалауды қалыпқа сай көрсеткіштерде берілген(№2-кесте)
Отбасы өміріне қанағаттану деңгейін анықтау. Екі жауаптың реалды және идеалды бағалау айырмашылығынан байқалады. Қазіргі таңда эмпирикалық нормада идеалды және идеалды көзқарас арасында көп алшақтық байқалмайды. Жоғары бағалау отбасында төмен қанағаттану деңгейін білдіреді. Топтасуы мен бейімделу арасында алшақтықтың болуы мүмкін, нәтижесінде отбасы қанағаттану деңгейін бақылаймыз. (кесте№1).Әдістемені кеңінен қолдану мүмкіндігіне , диагностикалық шек шкаласы Белгілер : х- орта көрсеткіштер
Sd- қалыпты ортадан төмен ауытқу
Шкаланы бағалау көрсеткіштері (кесте№1)
№
|
Диагностикалық көрсеткіш
|
№ бекітуі
|
Шкала
|
1
|
Эмоционалды байланыс
|
1,19,11
|
Отбасылық
Топтасу
|
2
|
Отбасы шегі
|
5, 7
|
|
Шешім шығаруы
|
17
|
|
Уақыты
|
9
|
|
Достары
|
3
|
|
Қызығуы мен дем алуы
|
13,15
|
|
Көшбасшылық
|
6,18
|
Отбасылық
Бейімделу.
|
|
Бақылау
|
2,12
|
|
Тәртіп
|
4,10
|
|
Ролдер
|
8,16,20
|
|
Ереже
|
14
|
Зерттеудің нақты көрсеткіш нәтижесі дағдарыста жүрген отбасына, болжам жасауға, алдағы жүргізілетін жұмыстарға бағыт береді және соған қажетті деген психологиялық көмек көрсетіледі. Отбасы бұзылысын әдістеме арқылы анықтау, психологиялық алдын-алу жұмыстарына, тәуекел топтарына психокоррекциялық жұмыстар жоспарлауға мүмкіндік береді. Тәуекел тобын регидті құрылымдағы жағдайға тез бейімделе алмайтын отбасылар құрайды, отбасы стрестік деңгейде көрінеді, ол отбасы дамуында ролдері мен міндеттерін орындай алмауға әкеледі.Бұл құрылым дағдарыс кезеңдерінің өтуілуіне, отбасы циклымен дұрыс дамуына кедергі келтіретін болады.
Бағалау нормасы және орташа көрсеткіштері: (№2-кесте)
Басты көрсеткәштері.
|
Жетілген ерлі-зайыптылар
Х sd
|
Жеткіншектегі
бала бар отбасы
x sd
|
Жас шаңырақ
көтерген отбасы
x sd
|
Топтасу
|
39,8
|
5,4
|
37,1
|
6,1
|
41,6
|
4,7
|
Бейімделу
|
24,1
|
4,7
|
24,3
|
4,8
|
26,1
|
4,2
|
|
Дәреже
|
%
|
Дәреже
|
%
|
|
%
|
Т о п т а с у
|
Бытырау
|
10-34
|
16,3
|
10-31
|
18,6
|
10-36
|
14,9
|
Бөлектеу
|
35-40
|
33,8
|
32-37
|
30,3
|
37-42
|
37,2
|
Байланысу
|
41-45
|
36,3
|
38-43
|
36,4
|
43-46
|
34,9
|
Тұтасу
|
46-50
|
13,6
|
44-50
|
14,7
|
47-50
|
13,0
|
Б е й і м д е л у
|
Жекелену
|
10-19
|
16,3
|
10-19
|
15,9
|
10-21
|
13,2
|
Құрылымдық
|
20-24
|
38,3
|
20-24
|
37,3
|
22,26
|
38,8
|
Икемді
|
25-28
|
29,4
|
25-29
|
32,9
|
27-30
|
32,0
|
Былыққан
|
29-50
|
16,0
|
30-50
|
13,9
|
31-50
|
16,0
|
6.1.2. «Отбасылық социограмма» тесті.
«Отбасылық социограмма» тесті телімелі тесттердің қатарына жатады. Оның авторлары Э.Г.Эйдемиллер және О.В.Черемисин болды. Ол субъектінің тұлғааралық қатынастағы орнын анықтауға, отбасындағы коммуникация сипатын - тікелей немесе аралық , анықтауға мүмкіндік береді.
Әдістеменің мазмұны. Сыналушыларға диаметрі 110 мм. болатын шеңбер салынған бланк парағы беріледі. Содан соң нұсқау беріледі: «Парақ бетінде шеңбер салынған оның ішіне өзіңізді және отбасы мүшелерін дөңгелектер үлгісінде бейнелеңіз де, аттарын жазып қойыңыз». Отбасы мүшелері бұл тапсырманы бір – бірімен кеңеспестен орындайды.
Нәтижелерді талдау. Авторлар ұсынған критерийлер бойынша тестілеудің бағалауы жүргізіледі:
Шеңбер аймағына енген отбасы мүшелерінің саны;
Дөңгелектердің көлемі;
Дөңгелектердің орналасу қатынасы;
Арасындағы қашықтық;
Бірінші критерий нәтижелері бойынша, зерттеуші сыналушының бейнелеген отбасы мүшелерінің санын шынайы санымен салыстырады. Мүмкін, бұл сыналушының қақтығысты қатынастағы отбасы мүшесі болуы мүмкін, ол үлкен шеңберге кірмей қалады, «ұмытылып» кетеді. Осы арада басқа бір жануар, зат немесе адам отбасы мүшесі ретінде бейнеленеді.
Содан соң біз дөңгелектердің көлеміне назар аударамыз (2-ші критерий бойынша). «Мен» дөңгелегі басқаларға қарағанда үлкен болса, жоғары немесе жеткілікті деңгейдегі өзіндік баға, ал көлемі кішкентай болса, өзіндік бағаның төмен деңгейінің белгісі. Басқа отбасы мүшелерінің көлемі сыналушы көзқарасымен олардың мәнділігін білдіреді.
Келесі кезекте дөңгелектер шеңбердің шекарасына қатысты және бір – біріне қатысты орналасуына назар аудару қажет (3-ші критерий). Сыналушының өз дөңгелегін шеңбер ортасына орналастыруы тұлғаның эгоцентрикалық бағыттылығын білдіреді, ал өзін басқа отбасы мүшелерінен төмен немесе шет жағында бейнелеуі эмоциялық шеттелуді уайымдауына сілтейді.
Неғұрлым маңызды отбасы мүшелері үлкен дөңгелектер бейнесімен шеңбердің жоғарғы аймағында немесе орталық бөлігінде бейнеленеді.
Төртінші критерий бойынша дөңгелектер арасындағы арақашықтықты талдау арқылы да көп мәлімет алуға болады. Бір дөңгелектің басқалардан қашықтау орналасуы отбасында қақтығыстық қатынастарды, сыналушының эмоциялық шеттетілуін сипаттайды. Дөңгелектердің бір-бірімен қиылысуы «Мен» құрылымының дараланбағанын, симбиотикалық байланысты білдіреді.
«Отбасылық социограмма» тестін қолдану аз уақытта, «қазір және осы жерде» отбасындағы қарым-қатынас туралы түсініктерді байқауға болады.
Бұл әдістемені жүргізудің әртүрлі нұсқалары бар. Мысалға, И.М. Никольская отбасылық диагностика барысында сыналушыға отбасылық социограмманың бірнеше нұсқасын салуды ұсынады:
1. Стандартты социограмма, онда сыналушының өзі және отбасы мүшелері бейнеленген.
2. нақты отбасы мүшелері бейнеленбеген немесе отбасына қатысы жоқ адамдар және объектілердің бейнеленуі көрінген социограммалар.
3. отбасы өмірінің әртүрлі кезеңдеріне қатысты социограммалар.
Бұл әртүрлі отбасы құрамындағы шынайы қарым – қатынас жүйесінің ерекшеліктерін анықтауға мүмкіндік береді. Алынған социограммаларды салыстыру және біріктіре отырып талдау психолог пен отбасы мүшелеріне мәселені жан – жақтан көруге мүмкіндік береді, оның нәтижесінде нақты диагноз қоюға және қиын жағдайдан тиімді түрде жол табуға ықпал етеді.
6.1.3.Телімелі суретті тесті «Отбасының кинетикалық суреті»
Телімелі тест зерттеленетін баланың оқиғаны субъективті қабылдауы туралы мол ақпарат береді. Ол баланың отбасы мүшелеріне қатынасын, сурет салушыны үрейлендіретін отбасылық қарым-қатынастарды, өзінің отбасындағы орнын қалай қабылдайтынын айқындайды.
Бұл телімелі тесті қолданған кезде ескеру қажет: әр сурет баланың отбасын қабылдауы ғана емес, оның қарым-қатынастарды талдауға, қайта ойлануға көмектесетін творчестволық жұмыстың нәтижесі. Бұл мағынанда отбасы суреті қазіргі кездегі отбасы түрін емес, болашақтағы қатынасын көрсетеді.
Телімелі тест 2 бөліктен тұрады: отбасы суретін салу және суретті салып болғаннан кейін әңгімелесу. Тесті орындау үшін балаға бір парақ қағаз, қалам және өшіргіш таратылуы қажет.
Отбасы кинетикалық суретінің симптомокомплексы
Симптомокомплекс
|
Симптом
|
Бал
|
1. Қолайлы отбасылық жағдай
|
1. Отбасы мүшелерінің жалпы іс-әрекеттері
2. Суретте балалардың көптігі
3. Отбасы мүшелерінің барлығының бейнеленуі
4. Бөлектенген отбасы мүшесінің болмауы
5. Штрихтардың болмауы
6. Сызықтың жақсы сапасы
7. Дұшпандылық көрсеткіштерінің болмауы
8. Парақта адамдардың теңбе-тең қойылуы
9. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,1
0,2
0,2
0,1
0,1
0,2
0,1
-
|
2. Үрей
|
1. Штрихтау
2. Негізгі сызық – еден
3. Сурет үстінде сызық болуы
4.Сызықтың қатты сызылуы
5. Өшірілуі
6. Бөлшектерге назардың көп бөлінуі
7. Заттардың көп болуы
8. Екулік және үзілмелі сызықтар
9. Бөлек заттардың астын сызуы
10. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,1; 2,3
0,1
0,1
0,1
0,1; 2
0,1
0,1
0,1
0,1
0,1
|
3. Жанжалдық
|
1. Тұлғалар арасындағы тосқауыл
2. Жеке тұлғаларды өшіру
3. Кейбір денелерде негізгі мүшелерінің болмауы
4. Жеке тұлғаларды бөлу
5. Жеке тұлғаларды оқшалау
6. Жеке тұлғалардың қолайсыз үлкендігі
7.Суреттік вербалды сейкессіз бейнесі
8. Заттардың көптігі
9. Отбасы мүшелерінің кейбіреулерінің жоқтығы
10. Арқасымен тұрған отбасы мүшесі
11. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,1; 2
0,2
0,2
0,2
0,2
0,1
0,1
0,2
0,1
-
|
4. Өзін толықтырылмаған сезіну
|
1. Сурет авторы басқаларға қарағанда өте кішкентай
2. Денелердің парақтың төменгі жағында орналасуы
3. Сызық әлсіз, үзілмелі
4. Өзін басқалардан бөлек салу
5. Тұлғалардың кіші болғаны
6. Басқа тұлғаларға қарағанда өзін әрекетсіз етіп салу
7. Өзінің жоқтығы
8. Өзі артқа қарап отырғанын салу
9. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,2
0,1
0,1
0,1
0,1
0,2
0,1
-
|
5. Отбасылық жағдайда дұшпандылығы
|
1. Бір тұлға басқа парақта немесе парақтың екінші жағында
2. Тұлғаның басқыншылық қалыпы
3. Сызылып тасталынған тұлға
4. Түрі өзгерген тұлға
5. Теріс профилі
6. Қолдары екі жақта орналасқан
7. Саусақтары ұзын, сызылған
8. Басқа да мүмкін болатын белгілер
|
0,2
0,1
0,2
0,2
0,1
0,1
0,1
-
|
Зерттелушіге нұсқау: «Отбасыңның суретін сал, отбасыңның әрбір мүшесі бір нәрсемен айналысқан болсын». Қалған нақты сұрақтарға ешқандай нұсқауларсыз жауап берген жөн. Мысалы: «Салуыңа болады, өзіңе қалай ұнаса, қалай салғың келсе».
Сурет салу кезінде баланың айтқан әр бір сөзін жазып отыру керек, оның мимикасын, қолдарының қимылын және сурет салу ретін жазып отыру керек.
Сурет салынып біткеннен кейін, баламен келесі жүйе бойынша әңгімелесу өажет:
Суретте кім салынған және отбасының әр мүшесі не істеп тұр
Отбасы мүшелері қай жерде оқиды немесе жұмыс істейді
Үйде тұрмыстық міндеттер қалай таратылады
Баланың отбасының әр мүшесімен қарым-қатынасы қандай
ЖКС интерпретациясы кезінде келесі көріністерге назар аударылуы керек:
отбасы суретінің құрылымын талдау;
отбасы мүшелерін жеке сурет ерекшелігін талдау;
сурет салу процесін талдау.
Отбасы суретінің интерпретациясының әрбір көрінісін толық талдайық.
Бала отбасы мүшелерін толығымен салмайды. Ол жанжалдық қатынаста болған отбасы мүшелерінің суретін салмайды. Отбасы мүшелерінің орналасуы олардың өзара қарым қатынасын көрсетеді. Кейбір кездері отбасы мүшелерінің арасына оларға кедергі болатын бір заттар суреті салынады. Отбасы мүшелерінің бірігіп қызмет істеуі олардың жағымды қарым-қатынаста екендігін көрсетеді. Кейде бірнеше отбасы мүшесі бірігіп қызмет істейтіні бейнеленеді. Бұл отбасында ішкі топтасу бар екендігін көрсетеді.
Отбасының суретін салған кезде, кейбір балалар өзін парақтың астыңғы жағында бейнелейдң. Бұл балада бір жетіспеушіліктің барын көрсетеді.
Кейбір суреттерде адамдар емесе заттар, көп жағдайда жиһаз суреттері басым болады. Бұлда баланың отбасы жағдайымен мазасыз екендігін көрсетеді.
Бала суретте ең алдымен өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бейнелейді. Егерде бала біреуді ұнатпайтын болса, оны суретте толықтырмай, кейде негізгі дене мүшелерін салмай бейнелейді.
Егер бала қатынасы жанжал немесе үрейлі болатын болса, ол суретте қарым-қатынасы дамымаған отбасы мүшесін штрихтап салады. Ұқсас жағдайларда өшіру және қайта салуды аңғаруға болады.
Сурет салудың бірнеше түрін байқауға болады, ол жасы кіші балаларда ерекше байқалады, бір стильде әкесі мен ағасы, екінші стильде анасы мен әпкесі бейнеленеді. Әсіресе шаш пен киім бейнеленуі ерекшеленеді. Баланың өзінің бецйнесін салу, өзін кімге теңейтіні көрінеді және ол баланың жынысына теңбе-тең.
Сурет салу процесін талдау баланың отбасылық қарым-қатынасы жөнінде ақпарат беріп қана қоймай, оның жұмыс стилін де көрсетеді. Мектеп оқушылары мен жеткіншектер сурет сала алмайтындығын айтса, оны түсінуге болады. Психолог балаға түсіндіруі тиіс, бұл тапсырмада суретті әдемі салу мақсат емес, отбасы мүшелерінің қызметін ойлап табу мақсат.
Көптеген сылтаулар, қолмен салған суретін жабу, бұл баланың өзіне өзі сенбеуін, ересек адамнан көмек қажеттілігін көрсетеді.
Бала өзі жақсы көретін отбасы мүшесін бірінші салады. Бір тұлғаны салар алдында біраз үзіліс те болады. Кейбір жағдайларда бұл баланың ол отбасы мүшесіне негативті қатынасын білдіруі мүмкін. Түсінік берген кезде баланың отбасы мүшелеріне деген қарым-қатынасы айтылуы мүмкін, бірақ тестті орындау кезде психолог баламен әңгімелеспеуі жөн.
ЖКС үшін сандық мағалар жүйесі құрастырылған. 5 симптомдар айқындалады:
1) қолайлы отбасылық жағдай; 2) үрейлік; 3) жанжалдық; 4) өзін толықтырылмағанын сезіну; 5) отбасы жағдайындағы дұшпандық.
Балдар сомасы қаншалықты көп болса, соншалықты белгінің айқын болғаны. Белгінің айқындалуы 0 ден 3 ке дейін мағаланады. Алынған нәтижелер психолог үшін психокоррекциондық жұмысқа және бала мен отбасын ары қарай диагностикалауға негіз болады.
ЖКС нәтижелер бағаларын тіркеу бланкісі
Баланың аты-жөні_________________________________________
Туылған күні______________________________________________
Зерттеу мерзімі____________________________________________
Симптомокомплекстің балдар сомасы
қолайлы отбасылық жағдай
|
үрейлік
|
Жанжалдық
|
өзін толықты-ылағанын
сезіну
|
отбасы жағдайындағы дұшпандық
|
|
|
|
|
|
6.2. Балаларға әлеуметтік – психологиялық зерттеуді жүргізу негіздері.
Балаға зерттеу жүргізу барысында келесі аспектілер бойынша мәлімет жинау керек:
өмір сүру шарттары:
отбасылық және әлеуметтік байланыстар;
дене және психикалық саулық ;
бала тұлғасының ерекшеліктері, мінез – құлық қасиеттері;
оқу іс - әрекетінің ерекшеліктері (оқуға қатынасы және оқудағы жетістіктері )
ересектер мен құрдастарымен қарым – қатынас ерекшеліктері;
өзі - өзіне қызмет көрсету дағдыларының деңгейлері;
Әлеуметтік – психологиялық зерттеу нәтижелері бойынша балалардың жекелік және
мінез – құлықтық ерекшеліктері анықталады.
Баланың өзіндік санасы құрылымының ерекшеліктері:
өз қасиеттері, қабілеттері және мүмкіндіктері жайлы түсініктері;
өзіндік баға деңгейі;
жыныстық – рольдік идентификация;
Эмоциялық даму ерекшеліктері:
сезімдері мен уайымдарын сөзбен сипаттай білу іскерлігі;
эмпатияға қабілеті;
әлеуметтік эмоциялардың қалыптасуы;
қобалжу деңгейі;
агрессия деңгейі(сөздік және дене агрессиясы);
қызбалылық деңгейі;
Қарым – қатынас ортасының ерекшеліктері:
коммуникативті хабардарлық деңгейі;
өз іс - әрекетін отбасы мүшелерінің іс - әрекетімен сәйкестендіре білу;
қақтығыстық жағдайларды шешуге дағдылардың болуы;
отбасы жүйесіне бағыттала білу;
Бала қажеттіліктері:
базалық физиологиялық қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі;
әлеуметтік қажеттіліктердің қанағаттандырылу деңгейі(сүйіспеншілікте,достықта,адамдармен қарым - қатынасында);
өзін - өзі жетілдіру қажеттіліктерінің қанағаттандырылуы деңгейі(өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту).
6.2.1 Көркем сурет әдістемесі
Бұл әдістеме сезімдік ерекшеліктерді айқындауға бағытталған. Баланың қолданатын түстер гаммасы оның сезімдік күйі жөнінде көп нәрсені айтып бере алады. Түстік қалауларды айқындау, көпке мәлім Люшер тестіне негізделген. «Көркем сурет» тесті арнайы құралдарды қажет етпейді. Бұл тест бастауыш мектеп оқушыларына арналған, өйткені оларға белгілі және табиғи бейнелеу қызметінде негізделген. Тестті орындау үшін бір парақ қағаз (баланың алдына қойылады) және түрлі-түсті қаламдар(он екі қаламнан аз болмасын, 24 түстен тұратын қаламдар жиынын қолданған өте жақсы) қажет.Түрлі түсті қаламдар фломастерлерден жақсы, өйткені түстің тығыздығын түрлендіруге мүмкіндік береді.
Нұсқау. «Түрлі түсті қаламдармен өзің қалаған бір әдемі сурет сал». Сурет салу кезінде баланың түрлі түстердің қолдану ретін жазып отыру қажет.
Нәтижелер интерпретациясы (түсіндіру)
Нәтижелерді интерпретациялау кезінде суреттің жалпы түстердің үндестігі бағаланады. Жұмыс басында баланың қолданған түстері, ең көрнекі түстер. Қараңғы түстерді қолдануы көңіл күйінің төмендеуінің белгісі. Үнемі тек қараңғы түстерді қолдануы депрессияның клиникалық түрі кезінде байқалады. Осы жерде қара түстің үйлесімдері қоңыр мен сия көк түстері қолданылатыны көрінеді.
Түстер гаммасының кедейленгені түстің
6.2.2.«Шварцландердің моторлық сынау» әдістемесі
Мақсаты – талаптану деңгейін анықтау.
НұсқауТапсырма моторлық үйлестік тест ретінде беріледі. Зерттелушіге тәжірибе сынау санына байланысты төрт төртбұрыш секциясы бар іс-қағаз беріледі. Берілген уақытта төртбұрыштардың біреуінің ішіндегі квадраттардың көбін бегілеп шығу қажет. Зерттеленушіден 10 секундтың ішінде қанша квадрат белгілей алатынын атауын сұрайды. Ол жауабын бірінші төртбұрыштың жоғарғы үлкен ұяшығына жазады.
Зерттеушідің айтуымен басталатын және бітетін сынаудан кейін зерттеленушінің қанша квадрат белгілегені саналады және бірінші төртбұрыштың астыңғы үлкен ұяшығына жазылады. Осы жүйе сияқты қалған сынаулар жүргізіледі, үшінші сынауда уақыт 8 секундқа азаяды. Бұл тапсырма мақсаттық айырмашылықты зерттеуге арналған.
І.
ІI.
ІII.
ІV.
V.
Достарыңызбен бөлісу: |