Ќазаќстан Республикасыныѕ Єылым жјне Білім Министрлігі


Коммуникативті отбасылық терапия



жүктеу 2,37 Mb.
бет5/7
Дата01.02.2018
өлшемі2,37 Mb.
#8280
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7

7.2.5. Коммуникативті отбасылық терапия.

Коммуникативті отбасылық терапия-ол Пало Алто бағытынан бөлініп шыққан. Оның көрнекі қараткерлері П.Вацлавик, Д.Джексон және басқалар болды. Коммуникативті отбасылық терапия мақсаты коммуникация жағдайын өзгерту немесе «саналы қимылда нашар қызмет бейнесіндегі интеракцияны өзгерту» мақсаты болып табылады.Алғаш бұл бағытқа үлес қосқандардың бірі В.Сатир болды, оның мақсаты отбасында қарапайым коммуникацияны жақсарту болды, кейіннен бұл тақырып жұқарып, мәселені қолдайтын коммуникация жағдайын өзгертуге өтті. Коммуникативті отбасы терапиясында қолданылатын техникалар негізіне: отбасы мүшелерін ашық коммуникациялық ережесімен танстыру; отбасындағы коммуникация жағдайын интерпретация лау және талдау; отбасы коммуникациясын түрлі тәсілдер және ережелер арқылы манипуляциялау. Отбасының бұл бағыты жоғары мәндегі әдіске ие бола алмады.

7.2.7. Ерлі-зайыптылар психотерапиясы.

Ерлі-зайыптылар психотерапиясы- отбасы жұбына бағыттала арналған, отбасы қақтығысын және дағдарыс жағдайды жеңуге көмектеседі, қажеттілігін қанағаттандыруды өзара қамтамасыз ету, өзарақатынаста үйлесімге жетуді көздейді. Бұл бағыт өз алдына дербес әдіс немесе отбасы психотерапиясы кезеңдері ретінде қолданылады. Психотерапевт жұмысты ерлі-зайыптылардың жұбымен немесе қабылдауға келген біреуімен де жүргізе береді.Ерлі-зайыптылар психотерапиясында психотерапевт неке мәселесін қарастырмайды, онда тапсырыс берушіде жан- жары туралы қандай сезім, уайым, ой қандай деңгейінде соны шешеді. Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар психотерапиясында кең тараған мінез-құлықтық, динамикалық және гуманистік ықпалдар. Динамикалық ықпалда ерлі-зайыптылар үйлесімсіздігі екі серіктестің ішкі мотивациялық мінез-құлқы ретінде қарастырылады. Тұлғааралық қатынас әсері мен психикалық процестер динамикасының байланысы бақылауға алынады.

Мінез-құлықтық ықпалдағы мақсат серіктестердің мінез-құлықтарының өзгеруіне қолданылатын әдістер байланысы мен меңгерілуі:

1.Ерлі-зайыптылардың бір-бірін өзара жағымды мінез-құлықта басқаруы;

2. Қарым-қатынас аймағында және пайда болған мәселені бірге шешуге қажетті әлеуметтік білім мен дағдыны меңгеруі;

3. Ерлі-зайыптылар өзара келісімінде мінез-құлықты өзгертуді құрастыру және оны жүзеге асыруы.

Қазіргі таңда ерлі-зайыптылар психотерапиясында мінез-құлықтық ықпал кеңінен қолданыс табуда. Оның кең тараған түрлері-ерлі-зайыптылар келісіміне отыру, коммуникативті тренингтер, конструкциялық талас, мәселені шешудің тәсілдері және т.б. Соңғы кезде мамандар кешенді ықпал қолдануда, ол когнитивті-мінез-құлықтық және жүйелі отбасы терапиясы болып табылады. Ерлі-зайыптылардың келісім шарт негізіне мінез-құлық терминіне талаптары мен өздеріне алатын жауапкершіліктері нақты қарастырылады.Талапты құрастыруда ұсынылатын ереже төмендегідей: жалпы шағымы, ары оны нақтылау, жағымды ұсыныстар, соңында әр зайыптың міндеттерін нақты атап шығу келісімі болады.

Гуманистік ықпалда жетекші ой ерлі-зайыптылардың психологиялық коррекциясы үйлесімді неке негізінде ашықтық, аутентілік, төзімділік, өзін көрсетуді қажетсінуі, әркімнің жеке бас дамуына қарамай, өзгеге өзін тиесілі етуі жатады. Бұл ықпал динамикалық түрге қарама-қарсы, тарихи даму және отбасы, ата-анасының әсеріне бағытталған, манитулятивті мінез-құлық ықпалына көбірек кетеді. Бұл ықпалда психотерапевт ерлі-зайыптылар вербалды түрде сезімдерін шығаруы мен өзара түсіністікті жетілдіруге талаптануына жағдай туғызады. Серіктестердің жеке тұлғалық жетілуіне жақсы жағдай жасала отырып, ашық неке ұстанымдары қарастырылған:



  1. Шынайы ұстынымы «қазір осы жерде»;

  2. Серіктесінің жеке өміріне құрметпен қарау.

  3. Ашық қарым-қатынас жасау-біреудің ойын оқымай, өз ниеті және сезімі туралы ашық айту;

  4. Отбасы ролін орындауда жылдамдық таныту;

  5. Тең құқылық:

  6. Бір-біріне сене білуі;

  7. Аутенттілік-өзін және өз бағасын білу, өзгенің өз құқығымен өмір сүруін бағалай білуі;

  8. Ашық серіктестік-әркімнің өз қызығуы мен құштарлығы болатыны құқылы.


7.2.8. Отбасылық кеңес беру.

Отбасылық кеңес беру- отбасы терапиясының көп түрінің бірі, онда терапевтік қатысу шекарасы мен оны ажырататын белгілері бар. Отбасылық кеңес беру отбасы терапиясын өзара толықтыра отырып бірге дамыды. Отбасылық кеңес беруде басты мақсат, отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу, өзара әрекеттерінің өзгеруіне және жеке тұлғалық жетілуге мүмкіндік туғызу болып табылады.Отбаасылық кеңес беру, отбасы терапиясынан қалай ерекшеленеді? Біріншіден отбасылық кеңес беру ауру тұжырымдамасын қабылдамайды. Екіншіден жағдайды талдауға және отбасын ролдік өзара әрекет тұрғысынан қарауды негіз етеді. Үшіншіден кеңес беру субьектінің жекелік ресурсын табуға көмек және жағдайды шешу мен шығу жолдарын сөз етеді. Отбасылық кеңес беруде теориялық тұжырым когнитивті-мінез-құлықтық терапиясы, рационалды-эмоциялық терапия және басқалар. Осыған байланысты әдістер мен тәсілдердің орны болып табылады.



Отбасылық кеңес берудің ұстанымдары мен ережелері төмендегідей бірлікте қарастырылады:

1.Кеңес берушінің клиентпен байланысқа түсе білуі. Оған жету отбасы мәселесін айтушы араында конструктивті ара қашықтық, қолайлы жағдайдағы қарым-қатынас, кеңес берушінің бет пішіні және тыныс алуы, оның сөйлеу құралдарын қолдана білуі, репрезентативті жүйеде үстем болған түрі, жолдары жатады.

2. Клиент мәселесі туралы ақпарат жинау мета-модельде (НЛБ) және терапевтік метафрада қолданылады. Осы мақсатқа жету үшін кеңес беруші нақтылау сұрақтарын қояды, ол : «Сіздің қандай нәтижеге жеткіңіз келеді?», «Сізге не керек?», «Сіз жағымды нәтижеге жету жолдарын көріп тұрсыз ба?»

3. Отбасылық кеңес берудің басты міндеті психотерапевтік келісім шартты талдау болып табылады. Бұл кезеңде кеңес беруші мен клиент арасында жауапкершілік бөлінеді, кім неге жауап береді. Мысалы кеңес беруші отбасылық кеңестің қауіпсіздігі мен мәселені шешу технологиясына жауап берсе, ал клиент өз белсенділігіне, өзінің ролдік мінез-құлқын өзгерту шынайылығына жауап беретін болады. Осы тұстар толық талқыланып болғаннан кейін, онда бір кездесудің ұзақтығы (3-6 сағат) және терапевтік кездесу кезеңдері ( алғашында аптасына бір мәрте, кейінен екі аптада бір мәрте кездесуді жоспарлау), сондай-ақ төлем ақы шарты, екі жақ келісімді орындамағандағы жазалау шаралары да қаралып өтеді.

4. Клиенттен мәселені нақтылау және жеке отбасы мүшелерінің әрқайсыларының ресурстарын анықтау. Оған төмендегідей сұрақтар қоюға болады. Бұрын бұл қиындықты қалай шешіп жүрдіңіз? Сізге не көмектесуші еді? «Сіз қандай жағдайда өзіңізді күшті сезінуші едіңіз? Онда күшіңізді қалай пайдаланып едіңіз?»

5.Кеңес беруді жүргізу. Бұл тұста клиентке кеңес берудің қауіпсіз, табысты аяқталатынына сенімін ұялату: « Сіздің өзгеремін деген ниетіңіз, бұрынғы тәжірибеңіз, белсенділігіңіз бен шынайылығыңыз сәйкестендіріле терапевт пен бірігіп әрекет етуіңіз, оның кәсіби сапасы және жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәтті аяқталатынына кепіл бола алады». Кеңес беруде қалыптасқан мінез-құлықтың жағымды және жағымсыз жақтары талқыланып, мынадай сұрақтар арқылы «Сіздің пікіріңізше осы жағдайдың жағымсыз жақтары не болмақ? Осы жағдайдың жақсы жақтары не?» Бірге мінез-құлықтың жаңа үлгілері қарастырады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды қояды: «Осы мәселені шешуге сіз тағы нені пайдаланбадым деп ойлайсыз? Сізге маңызды адамдар осындай жағдайда өзін қалай ұстар еді? Сіз де солай ұстай аласыз ба? немесе Сізге не кедергі келтіреді? Сіздің осындай әрекет етуіңізге не көмектеседі? Кеңесші визуализациялау тәсілін қолдана алады, клиент транста отырып, жағдайға жаңа бейне береді, оны кинестетикалық сезіммен шығарады.

6. «Экологиялық тексеру». Кеңесші отбасы мүшелеріне осындай жағдайда бес- он жыл өткеннен кейін болып тұрмын деп ойлаңыз, өз жағдайыңыз қалай?

7. Отбасылық кеңес беру аяқталар алдында кеңесші нәтижені «сақтандыру» жолына күш салады. Ол клиент мінез-құлықтың жаңа үлгісін меңгеруді, қажетті әрекетте көрсету жіне оларға сенімділік ұялату мен абйланыстыру керек. Ол кеңесшіден үйге тапсырма алу немесе бірнеше уақыт өткен соң алынған нәтиже бойынша талдау үшін қайта кеңес алуға шақыру.

8. Бөліну. Кейбір жағдайда бұл рәсім қажет. Мысалы: әдебиеттерде жазылғандай Джей Хэйли қалай «парадоксальды тапсырма» көмегімен нақты орындату қарама-қарсы нәтижеге әкелетін көрсетті. Жаңа ұйленген ерлі-зайыптылармен кеңес жүргізгенде өз сезімдерін шығаруда, күніне бір сағат «өз эмоционалды реттелуін» тексеру үшін ұрсуды ұсынған. Хейли осылай адам табиғатын ескере отырып, адам саналы түрде өзіне қиянат жасамайтынын байқаған. Ерлі-зайыптылар бұл тапсырманы басында орындап көріп, кейіннен тастап кеткен. Бір-бірін бағалауды меңгеріп, «кеңесшінің ақылсыздау» қызметінен бас тартқан. Осылай бөліну байқалады. Қазақстанда қазіргі таңда отбасылық кеңес беру кеңінен қажет етілуде. Отбасылық кеңес берушілер психологиялық орталықтарда, әлеуметтік қорғау жүйелерінде отбасы және баланы қорғау комитетінде және басқа мекемелерде өз қызметін көрсетуде.

7.3.Отбасы қатынасына психотерапевтік коррекция

Отбасы психотерапиясы психотерапевтің отбасын зерттеп, ондағы бұзылысты анықтап, отбасы мүшелерінің қажет еткен өмірлеріне өзгеріс орнатуда жеке әсер ету жолдарын ұйымдастырудан бастайды. Осы кезде мәселе мен міндеттер туындайды, оны шартты үш топқа бөле қарастырамыз:

1.Отбасы терапиясына деген дұрыс көз-қарасты отбасында қалыптастыру;

2.Терапия өткізудің жалпы сұрақтары;

3. Отбасы психотерапиясының әдістемелері.

Отбасы психотерапия процесіне жағымды қатынасты қалыптастыруда, отбасы мүшелеріне оның қатысушыларын ұйымдастыру, эмоционалды және интеллектуалды себебтерін анықтау. Сондықтан психотерапевт күшті және тұрақты мотивацияны психотерапияға қатысушыларында қалыптастыру. Алғашқы кездесу кейінгі кездесудің болуына ықпал етеді, сондай-ақ психотерапевт мәселенің күрделілік кезеңдерін аңғаратын болады, ал клиент отбасы психотерапиясы туралы көз-қарас алып, оны жалғастыру керек пе соны шешеді. Жалпы психотерапевтің алғашқы кездесудегі міндеті клиентке көмектесу, ол қысқа мерзім ішінде байыпты және ұзақ жұмыс жасауда өзіне белсенділік және жауапкершілік алуды психотерапияның жетістігі деп қарауды меңгерту. Сондықтан алғашқы кездесуге көп дайындықпен жоспар керек. Алдымен психотерапевт клиенттің мәселесімен танысып алып, оның отбасымен байланыстағы эмоционалды уайымын өзектілеп, клиентке қобалжудың жиынтығын көре білуге және күнделікті өмірде қолданатынына көз жеткізу. Психотерапевтің содан кейінгі міндеті –клиентте отбасылық психотерапияда кімде кім күмәнданса оның мәселесінің шешілу мүмкіндіктерін беретініне тоқталады. Психотерапевт клиент жағдайын психотерапияға қатысуға бұру және оған қатысты кедергі келтіретін мотивтермен жұмыс жасау, келешекті оның күрделілігі мен жемісті шешілетінін көре білу. Осы кездесудегі маңызды жайт психотерапевт әрекетіндегі мазмұнға клиенттің белсенді қызығушылығын ояту, келешекте клиент енжар түрде психотерапевтен көмек сұратудың алдын-алу. Осыған байланысты психотерапевт отбасы мәселесін белсенді шешу жолдарын қарастыруды ұсынады. Отбасы психотерапевті өз жұмысын ұйымдастыруда бірнеше түрде мәселені шешу жолдарын қарастырады:



  1. Өзім жалғыз өткіземін бе, әлде ко терапевті шақырайын ба?

  2. Психотерапияның қолайлы ұзақтығы қандай?

  3. Отбасымен қайда жұмыс жасау бөлмеде ме, әлде олардың тұратын жерінде ме?

  4. Сабақты отбасымен түгелдей өткізу ме, әлде алдымен жеке-жеке ме?

  5. Кездесу жылдамдығы мен ұзақтығы қандай?

  6. Қандай мәселеден бастау жекелік пе, әлде отбасылық пе?

  7. Нақты жоспар түзу қажет пе, әлде дайындықсыз ба?

Отбасы психотерапиясын ұйымдастыру мен өткізу «ғылыми пікірмен» белектелінбей жүргізілуі керек. Оны ұйымдастыру отбасы ерекшелігіне байланысты. Отбасы психотерапевті тең деңгейде психотерапияның стилін қолдануға дайын болуы отбасына, оның жеке мүшелеріне байланысты болуы керек. Бір отбасымен авторитарлы стильде, ал екіншісімен директивті емес стилінде жұмыс жасау психотерапевтің жағдай бірігуіне байланысты.

7.4.Отбасы психотерапиясының әдістемесі

Отбасы психотерапиясының әдістемесі – ол қимылдар жиынтығы, соның көмегімен психотерапевт белгілі психотерапевтік міндеттерді шешеді. Отбасы психотерапиясы жаңа келген мектептердің арқасында көптеген көлемдегі техникалармен қаруланды.Отбасы психотерапиясында кеңінен қолданылып жүрген әдістемелер төмендегідей:



Директивті (нұсқау) әдістеме – отбасы алдына қойған мақсатқа жету үшін берілетін нұсқау, ол белгілі отбасы мүшесі немесе бәрі бірдей орындауғаарналуы мүмкін. Бұл нұсқау былай берілуі мүмкін: мынаны орында, басқаша жаса, нені жасамау, оның алдында нені жасау және т.б.Парадоксалды нұсқау шынайы маұсат түрі, айтылмай қарама-қарсы жағы қарастырылады. Директивті әдістеменің орындалуы дұрыс қолданылуына байланысты, отбасын тыңғылықты зерттеу, ең маңыздысы психотерапевтің беделі болуы керек.

Отбасылық пікір талас- отбасылық тәжірибеде соңғы кездері жиі қолдануда. Оны отбасы мүшелері мәселе төңірегінде, өз өмірлеріне қатысы бар тұстарды, сұрақтарды талдауда қарастырады. Пікір таласты көп жақты мақсатта қарастырса болады: отбасы өзара қарым-қатынасы туралы қате түсінікт е болуы мүмкін соны аңғаруға немесе пікір таласты дұрыс жүргізуді меңгеретін болады. Психотерапевтке пікір таласты жүргізуде іскерлікті қажет етеді. Отбасы пікір таласында қолданылатын негізгі тәсілдерге жататындар: үнсіздікті мәнде пайдалану, тыңдай білу, сұрақ арқылы меңгерту, қайталау, жалпылау, жеке мүшелерінің пікірлерімен конфрантацияға келу. Сол кезде отбасында жемісті өмірі сүру үшін қажетті дағда мен іскерлік жетіспейтіні анықталады. Отбасы психотерапиясында жетпей жатқан дағды және іскерліккеарнайы жаттығулар, «жаттығу» отбасы ролін ойнату және түрлі психотерапевтік техникалар қолданылады.

    1. Отбасымен жұмыс .Мақсат пен міндеттер қоя білуі

Психотерапевтік кез-келген жұмысты жүргізер алдында қандай мақсат пен міндеттер қарастырады соны анықтап алуы керек. Психологиялық әдебиеттерде соңғы кездерді осы мәселеге аса назар аударуда. Көптеген мақалаларда психологиялық келісім және отбасымен мақсат қою, маман мен отбасы арасындағы келесімнен туындайтыны айтылады.Психологиялық ықпал мен жеке жұмыста мақсатты құрастыру қиындық туғызбайды.Ереже бойынша емдеуге отбасы мүшесі немеес туысы маманның алдына бірнеше міндеттерді қояды Психокоррекциялық жұмыс әлеуметтік жүйенің кейбір түрімен әсіресе отбасына байланысты болғандықтан міндеттерді қоюда қиындық туғызады.Жалпы мақсат өзгеру қоғамда, отбасында жүйелі қатынасқа бағытталса, ол жекелік мақсаттардан шығып отыруы керек. Отбасы жұмысында мақсат төрт басты деңгейден қарастырады.Мақсаттың бірінші деңгейі отбасы мүшелерінің жеке мақсаттарынан тұрады.екінші деңгейде отбасы бүтіндей неге жеткісі келеді, үшінші деңгейде белгілі өзгеріске жету, қоғам мен отбасына деген қатынасы Төртінші деңгейі психологтың өзінің қажеттілігі мен күтуі жатады.Отбасымен психокоррекциялық жұмыста көп деңгейлі сипатты ескеруіміз керек, осыдан барып оған қойылатын міндеттердің күрделі болатыны еш күдік тудырмауы керек[14].

Психотерапевт міндеттерді нақтылауда отбасы мүшелеріне, жалпы және жеке әрқайсысына көмектесу оның басты мақсаты екеніне көз жеткізуіп отыруы шарт. Отбасы жүйесі бірлік пен автономды жеке дамуға, сондай-ақ оны бекітуде маңызды орын алатыны жайлы ескертіп отыруы қажет.



Отбасы жұмысында басты екі міндет қаралады:

  • Отбасы мүшелері көбірек тәуелсіздікке жетуге көмек көрсету:

  • Отбасы мүшелері арасындағы байланысты бекіту және ынтымағын арттыру:

Алғашқы көз-қараста бұл міндеттер қарама –қайшы болып көрінуі мүмкін.Отбасы мүмкіндігі өзара әрекетте бір-бірімен тығыз байланыста болу, сондай-ақ өз дербестігін сақтай білу. Көп отбасында осы тепе-теңдікке жетуі үшін күрделі қиындықтар туындауы мүмкін. Оларда тәуелсіздікке жету үшін бір құндылықты жоғалтып барып, онда екіншісі мүшенің қызығушылығы мен әрекетіне келіспеу, не болмаса негізгі ойдан алшақтап, ұйымшылдыққа жетуі мүмкін. Отбасы теңдестігі көп жағдайда автономдылық пен бірлестікке жетуде мәселе туындатады, ал отбасы психотерапиясы осы мәселемен нақты айналысады. Сондықтан маман психологиялық жұмыстың алғашқы кезеңінде олардың біріккен әрекеттегі жалпы міндеттерін құрастырып алуы шарт. Психологиялық жұмыс барысында эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылысты қалыпқа келтіру басты мақсаттың бірі болып табылады. Бұл отбасы немесе жеке мәселені жеңіп меңгерумен тығыз байланыс табады. Отбасымен психокоррекциялық жұмыс жүргізу барысында өздері, осы жұмыстың отбасы жүйесімен жүргізу керектігін байқайтын болады. Жиі шағымданатын болады, мысалы «Бақытжанды басқара алмайсың» немесе «әкем ішеді» деген сияқты. Барлық жағдайда отбасындағы мәселені біреуге таңады, сонымен психокоррекциялық жұмыс жүргізілсе – ондағы эмоционалды немесе мінез-құлықтық бұзылысты қалыпқа келтірсе барлығы шешілетіндей көрінеді. Осы жағдайда маман психологиялық жұмыста міндетті басқаша қоюға, мәселе төңірегінде көз-қарасты кеңейтіп, отбасы мүшесінің барлығының жүйелі өзгеру керектігіне көз жеткізуі қажет. Осы міндетті жүзеге асыру үшін психолог отбасы мүшелерінің әрқайсысын осы мәселеге бірдей келісілген көз-қараспен қарауды қалыптастырады. Ол әрқайсысы отбасын да басты мәселені не деп таниды соған байланысты көз-қарасын баяндатады. Осы ұсыныста барлық отбасы мүшелерінің жағдайды қабылдау деңгейін анықтауға болады. Бұл сұрақтарды қою негізгі мәселемен қосымша мәселелерді байланыстыруға, психотерапевтік міндеттерді кеңейтуге әкеледі. Отбасы мүшелерінде психотерапевтік жұмыстың басты міндетін қабылдауы, оған деген қатынасы әр қалай болып келеді.Егер маман өз жұмысын отбасы мүшелері қалай қабылдайтынына бағыттаса, онда басқа мүшелерінен қолдау таппауы мүмкін. Психотерапияда міндетті анықтау отбасына ортақ істі, оны әрбір мүшелері қалай қабылдайды (көреді) соған байланысты болуы қажет. Отбасы психотерапиясы келесі мәселеде, кездесудің қысқа немесе ұзақ мерзімді міндетін құрастырады.Психологта әр жеке сессия және жалпы психотерапевтік процестің өтілуі туралы толық алдын-ала болжам болуы шарт. Мысалы: отбасындағы алғашқы кездесуде отбасы мүшелері мәселеге жауапкершілікті жеке өздеріне алмайды, осылай қабылдау деңгейінде, олардың психологиялық қауіпсіздігі, ұйымдастырылуы және түйсінуіне ыңғайлы жағдайлар жасалуы қажет. Осы кезде психотерапевт психотерапияның соңғы мақсаты не екенін білуі шарт. Нақты мақсатқа байланысты жағдайлар жасалынып, белгілі өзгеріске түсетін өотасы мүшелерінде өзарақатынасты анықтауы қажет.Егер психотерапевт бастапқы міндетті шешпесе ары қарай жұмысы жүруі мүмкін бе? Отбасы психокоррекция және психотерапияда басты стратегиялық міндеттер төмендегідей болып келеді:

  • Отбасы ішілік қатынасты жақсарту:

  • Отбасы мүшесіне, оның қажеттілігі мен қызығушылығын басқаларының түсінетіні және құрметпен қарайтыны туралы түсінікке әкелу;

  • Отбасы мәселесіне байланысты бір мүшесін кінәлау көз-қарасын өзгертіп, оны жеңдіру;

  • Кез-келген жағдайда көшбасшы кім болса, онымен қатынасқа түсуде икемді болу қалыптастыру;

  • өзара түсіністік пен эмпатия қабілетін дамыту;

  • көз-қарас пен бағалаудың түрлі болатынын түсініп, оны солай қабылдауды дамыту;

  • мәселені жеке және бірге шешуде дағдыны жетілдіру;

  • «бас шұлғыту» ролінен отбасы мүшелерін арылту;

  • өз уайымы мен қажеттілігі туралы талдай және бақылай білуді дамыту;

  • тәуелсіздікті нығайту;

  • отбасының бір жағынан бірлестік пен екінші жағынан тәуелсіздік теңдесуіне жеткізу,

Отбасы психотерапиясының міндеті жұмыс барысымен белгілі байланыста бола отырып, отбасын жүйе ретінде дамытумен айналысады. Мысалы: отбасындағы мектепке дейінгі немесе жеткіншектің болу,с ондай-ақ дербес өмір бастаған адамның болуы жұмыс міндеті болып табылады. Отбасы өз мәселесін қалай қабылдайды, міне басты міндет осы болып табылады.

Отбасының басты мәселе деп сапалы қабылдауы, маманның жұмысында нақты ескеріліп, сол есепке алынады. Отбасы оны түсінбесе психологиялық көмек алуға келмес еді. Психолог алғашқы кездесулерде мәселенің осы жақтарына аса назар аударуы керек.Бұл мәселенің шешілу тәсілі қайсысына психотерапевтік жұмыс жүргізілуінде емес, басты психотерапияның міндетін отбасының қабылдауынан, олар қандай нәтиже күтеді соған байланысты болады.



7.6. Отбасымен жұмыс жүргізу кезеңдері

Көптеген пікірлер бойынша отбасында жүргізілетін түзеу және психотерапия процесі алғашқы сұхбаттасу процесінен басталады. Шын мәнінде ол маманның қандай да бір отбасы мүшесімен алғашқы кездесуінен-ақ басталып кетеді. Олардың біреуі, яғни отбасы мүшесі мектеп психологы, дәрігер, достары немесе қандай да бір таныстарының сілтеулері бойынша көмекке жүгінеді. Отбасы мүшесінде көмек алуға келместен, қандай түрдегі көмек алғысы келетіні туралы белгілі бір түсініктері қалыптасқан. Көп жағдайларда көмек сұраушы отбасылық мәселенің шешілуі үшін өзіне көп жауапкершілік алатын адам болып табылады.

Отбасы ның қай мүшесін бірінші сессияға шақыруды анықтау, өте үлкен маңызға ие. Мұны психолог көмек сұрауға келген отбасы мүшесінің берген мәліметтері негізінде анықтайды. Бірінші әңгімелесу барысында, психолог отбасы құрамы туралы сұрастырып, қай мүшесін мәселе көбірек толғандыратынын анықтауға кіріседі.

Жалпы, бірінші кездесуді белгілеу және жұмысты бастау қажеттігін шешуден бұрын, ең алдымен маман негізгі мәліметтерді алуы қажет:

1. Отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің немесе олармен бірге тұратын басқада адамдардың жасы, жынысы).

2. Осыған дейін отбасы мүшелерімен қандай да бір психологиялық (түзету, жеке кеңес алу) жұмыс түрлері жүргізілді ме, жүргізілсе қандай түрде және қашан?

3. Осы немесе басқа мәселеге қатысты отбасының қай мүшесінің мазасыздануы жоғары, және қайыссында оның байқалуы басым?

4. Тағы кімнің осы мәселеге қатысы бар?

5. Бұл мәселе қай уақыттан басталды?

6. Отбасының қай мүшесі психотерапияға қатысуға дайын?

Бірінші сессияға кімді шақыру керектігін анықтауда, бұл деректер маман үшін қажетті ең қарапайым мәлліметтер ретін құрайды.
7.6.1. Отбасымен жұмыстың басталуы
Ереже бойынша, түрлі нұсқаулар мүмкін болса да, жұмыс ата-аналармен және балалармен жүргізіледі. Қазіргі уақытта аралас отбасылар саны өсуде, онда ата-аналарының алғашқы некелерінен, сол сияқты жаңа некелерінен де балалары бар. Ажырасулар санының көбеюі бойынша және норма мен құндылықтар жүйелерінің өзгерулеріне байланысты, психолог жұмысы қандай да бір отбасының қалай ұйымдастырылғанын білемін деп ойлауына болмайды. Алғашқы болып келген отбасы мүшесінен отбасы құрамы туралы сұрау өте маңызды- бұл психологиялық көмекті кімнен бастау қажеттігін түсінуге мүмкіндік береді.

Алғашқы әңгіме барысында психолог оған келеген отбасы мүшесінің үрейін жеңуге көмектесуі қажет. Егер де маман көмек сұрауға келеген отбасы мүшесінің негізгі мәселесіне келіспеушілік білдіретін болса, оның үрейі күшеюі мүмкін. Мәселенің солардың көзқарастары бойынша анықталуын негізге ала, содан кейін оны түсінудің шекарасын бірнеше кеңейтуге ұмтылған орынды. Мәселе көбінесе отбасының түрлі мүшелері бастарынан кешіріп отырған дистресспен байланысты. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесінің өзі мәселе қандай да бір мүшесімен байланысты деп есептегенінің өзінде, ол осыдан отбасы мүшесінің барлығының қандай да бір деңгейде тұтастай зардап шегетіндерін түсінеді.

Көмекке жүгінген отбасы мүшелерінің мінез-құлық ерекшеліктері, олардың психикалық қысымды жеңуге деген талпыныстарын көрсетеді. Жұмыстың алғашқы кезеңдерінде отбасы және барлық мәселелерін отбасының бір мүшесімен байланыстыру талпыныстары өте жақсы байқалады. Көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселені белгілі бір түрде шешу қажет деп есептеген жағдайда, психолог оның отбасыдағы рөлін және оның басқа да мүшелерімен өзара қарым-қатынасының қандай екендігін ескеруі қажет. Психотерапияның ең басындағы отбасы мүшелерінің мінез-құлықтары, олардың өзара қарым-қатынастарын қаншалықты өзгертуге дайындықтарын білдіреді.

Бірнеше алғашқы сессиялар үшін отбасы мүшелерінің өз жеке мәселелерін басқа бір мүшесімен байланыстыру әрекеттері тән [16]. Бұл өзінің бар зейінін қандай да бір нақты мәселеге шоғырландырып, үрейді анықтауға мүмкіндік береді, сонымен қатар өзара қарым-қатынаста тепе-теңдікті ұстануға мүмкіндік береді. Отбасы мүшелерінің өздерінің өзара қарым-қатынас сипатына қатысты мазасыздануларының күштілігі және өздеріне сенімсіздіктің басым болуына орай олардың өз қажеттіліктері мен қызығушылықтарын анықтау күрделірек болады. Психотерапевт отбасы мәселелерін жүйелі тұрғыда бағалауы қажет және сонымен қатар отбасы мүшелеріне олардың тұлғалық өсулерін және дербестіліктерін қолдауға әрқашанда дайын екендігін білдіріп отыруы қажет.

Отбасы мүшелері психологқа шағымданып келетін алты негізгі топ мәселелері туралы айтуға болады. Олардың барлығы отбасы жүйесіндегі белгілі бір бұзылыстарды және отбасы өз дамуын қалай тұрақтандыратынын білдіреді.

1. Жеке мәселелер: отбасының ересек мүшесі өз күйімен мазасыздануы мүмкін, яғни үрей, депрессия, бүтін емес өзін сезінуі.

2. Ата-ана мен баланың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер: ата-ананың баласымен (немесе бірнеше балаларымен) өзара қарым-қатынастарына көңілі толмайды.

3. Тікелей баламен байланысты мәселелер: оның құрбылырымен қарым-қатынастарындағы қиындықтар, оқу үлгерімінің төмендігі және т.б.

4. Сиблингтердің өзара қарым-қатынасындағы мәселелер: сиблингтер әрқашанда қақтығысады, және ата-аналар оларға ешқандай ықпал ете алмайды.

5. Кеңейген отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынас мәселелері: кеңейген жанұя мүшесінің қандай да бір науқастануы немесе нуклеарлы отбасы үшін қиындықтар туындатады.

6. Ерлі-зайыптылардың өзара қарым-қатынастарындағы мәселелер.

Мәселелер сипаты кімді бірінші сұхбатқа шақыру қажеттігін анықтайды. Егер де көмекке жүгінген отбасы мүшесі мәселенің негізі өзімен байланысты деп есептесе және жеке жұмыс жүргізу ниетін білдірген жағдайда, психолог отбасының барлық мүшесін алғашқы бірнеше сессияларға шақырудан бас тартуына болады. Сонымен қатар, психотерапевтік жұмыс барысында отбасы мүшесінің мінез-құлқында болатын өзгерістер кейде оның жақындары тарапынан жағымсыз әсерленулер тудыруы мүмкін. Бұл жағдайда әрі қарайғы психологиялық жұмысқа олардың қатысу қажеттігі пайда болады. Егер де мәселелер бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынастарына байланысты болатын боса, бірінші сұхбаттасуға ата-аналардың екеуін де шақыру қажет. Ары қарай психолог үшін баланың да қатысуы да қажет болады. Егер балада мектепте немесе құрбыларымен өзара қарым-қатынастарында мәселелер туындаса, алғашқы сессияларда ата-аналардың қатысуы, ал кейінірек отбасы ның басқа да мүшелерінің қатысулары қажетті. Практикалық тұрғыда баланың барлық мінез-құлықтық және эмоционалды бұзылыстары әрқашанда оның жақындарымен өзара қарым-қатынастарында көрініс табады. Егер де мәселе отбасы өзара қарым-қатынастарына қатысты болатын боса, психотерапияның алғашқы кезеңінен отбасының барлық мүшесінің қатысуын қамтамасыз ету қажет болады. Жиі жағдайларда сиблингтер арасындағы қақтығыстар белгілі бір түрде ата-аналардың өзара қарым-қатынастарымен байланысты.

Мәселе отбасы мүшесінің біреуіне қатысты болса, мақсатты түрде оның басқа да мүшелерін шақыру қажет. Белгілі болғандай, мұндай түрдегі мәселелер, жекеше алғанда, отбасы ның қарт мүшелерінің денсаулық жағдайлары немесе отбасы өміріне шектен тыс араласумен шарттасады, қандай жағдай болмасын, мұның салдары үш ұрпақ өкілдерінде де көрініс табады. Психотерапевтік процесске қатыса отырып, үлкен кісілер өздерін отбасының маңызды ресурсы ретінде көрсетеді және оның мүшелеріне жауапкершіліктерді бөлісуге көмектеседі.

Егер да ата-аналар өз қарым-қатынастарын жақсартуға мүмкіндіктерді қарастыратын болса, психотерапевтік процеске балаларының қатысуы қажет болмайды. Олардың мақсатқа жетуі отбасының басқа да мүшелерінен көрініс табады, және отбасы хал-ахуалының өзгеруі бала мінез-құлқының жағымды өзгерістеріне негіз болады (сонымен қатар, Фримен пайымдауынша, жұмыстың алғашқы кезеңінде, отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастары туралы толық түсінік алу үшін, психотерапевттің бір рет болса да барлық отбасы мүшелерімен кездесуі қажет).

Мұндай ыңғай, яғни психолог отбасының барлық мүшелерімен қатар жұмыс жасайтынына әдеттенген кейбір отбасы мүшелерін ыңғайсыздандыруы мүмкін. Шын мәнісінде, кейде басқа құрамда жұмыс жүргізу мәнді болса да, көп жағдайларда бұл өте маңызды. Жүйелі ыңғай тұрғысынан, бүкіл жүйеге әсер ету арқылы, отбасының жеке мүшелерінің мінез-құлықтарын өзгерту мүмкін болады. Көбінесе отбасылық жүйеде және тұтас алғанда ата-аналар өзгерістер нәтижелерін анықтайтын мыңызды жүйешікті құрайды. Егер олар баланы айыптай отырып, қарым-қатынасты тұрақтандыруға ұмтылыстар жасайтын болса, олардың мәселелері балада шынайы көрініс таба бастайды. Егер де ата-аналар жеке қарым-қатынастарында дағдарыс күйінде бола тұра, оған баланы кірістіретін болса, онда міндетті түрде балада шынай эмоционалды және мінез-құлықтық бұзылыстар пайда болады. Онда балалардың психологиялық процеске қатысулары қажет бола бастайды, өйткені мұнда психологтың басты міндеті баланы қақтығыстарға қатыстырмай-ақ, ата-аналарды қалайша өзара қарым-қатынас мәселелерін шешуге болатынына оқыту. Егер маман оларды осыған үйретсе, бала мінез-құлқы тұрақты сипатқа ие бола бастайды және оның психологиялық жұмыстарға қатысуы қажет болмайды.

Тағы бір ерекшелейтін жағдай, отбасы татулығын сақтау бойынша психологиялық процесске отбасының қандай мүшелерін қатыстыруды анықтауға мүмкіндік беретін, ешқандай да бір қатаң ережелер жоқ. Кейбір мамандардың есептеулерінше, бүкіл отбасы мен жұмыс жасау тиімді; ал кейбіреулерінің пайымдауларынша, мәселе кімдермен жұмыс жасауда емес, қандай ыңғайлар мен стратегиялар қолданылатындығында. Жүйелі ыңғайдың принциптерінің бірі: бүкіл жүйенің өзгеруіне қол жеткізу үшін, оның маңызды жүйешіктеріне ықпал ету қажет.



7.6.2. Алғашқы сұхбатты жүргізу

Көп жағдайда алғашқы кездесу психологиялық жұмыстың әрі қарайғы жүрісін анықтайды. Бірінші сұхбаттасуда отбасы мүшелері психологиялық жұмысты жалғастыратыны туралы шешім қабылдайды. Жоғарыда айтылғандай, психолог алғашқы әңгіме барысында бірінші сессия қатысушылары құрамын анықтайды. Бірінші кездесу барысында оның қатысушылары әсерленулерін дұрыс бағалау өте маңызды. Жұмыстың басында отбасы мүшелерінің көпшілігі, әрқайыссы белгілеген мәселені бүкіл отбасыға тұтастай қатысы бар деп есептемейді. Олар, шақыру себептерін білместен, сессияға елеулі психикалық қысыммен келеді.

Отбасының бірлескен жұмысты жалғастыруға дайындығы кейбір мөлшерде психологтың қаншалықты отбасы мүшелерін сабырлыққа шақыруы және оларға үрей мен қорқыныш сезімдерін жеңуге көмек көрсетуімен анықталады.

Бірінші сессия төрт негізгі кезеңдерден тұрады:



  1. «қыздыру» және психологиялық жағымды ахуал тудыру;

  2. отбасының жетекші мәселесін анықтау;

  3. отбасы мүшелерінің жетекші мәселелерге көзқарастарын өзгерту;

  4. бірлескен жұмысты жалғастыруға сенімдерін қалыптастыру.

Кейде бұл кезеңдер бір-бірлерін қабаттасады; сонымен қатар отбасының әрбір мүшелері түрлі жылдамдықта өтуі мүмкін. Мысалы, кейде отбасының бір мүшесі жетекші мәселені анықтау кезеңінде болса, басқалары осы мәселелерді бағалауда өз көзқарастарын өзгертіп қойған.

«қыздыру» кезеңі алғашқы 5-10 минут уақытты алады. Сол уақыт ішінде отбасы мүшелері оларды қоршаған жағдайдың қаншалықты жайлы екендігін анықтайды. Осы жерде отбасылық келісім байқалады. Үрей күйінен қаншалықты деңгейде шыға алатындарына байланысты отбасының кейбір мүшелері тұйықталып және көп сөйлемеулері, немесе шектен тыс көп сөйлеулері мүмкін. Бұл кезеңде психологиялық қауіпсізді және психотерапевтке деген сенімділік мәселелері өте маңызды болып табылады. [16]

Сессияның алғашқы 5-10 минут уақыт аралығында маманның негізгі міндеті-, оның бөлмесі- психологиялық қауіпсіз және сенімді орын екендігіне отбасы мүшелерінің көздерін жеткізу. Егер де олар бір нәрседен қауіптенетін болса, олардың ашылып әңгімеге түсуін күту мүмкін емес. Психолог отбасы ның барлық мүшелерін не үшін шақырғанын түсіндіріп өтуі мәнді. Сессияны қарапайым, нақты ойластырылған бірнеше сұрақ қоюдан бастап кетуге болады, мысалы, олар өздерін қалай атағанды қалайды. Содан кейін психолог отбасы мүшелерінің жасын және оларға осы кездесу туралы қандай әңгіме айтқандарын анықтап алуына болады. Сұрақтар қоя отырып, психотерапевт бірден бірнеше мақсатты көздейді: отбасы мүшелері үшін жанды мәселелерге қатыспайтындығына түсінуге мүмкіндік береді және олардың әрқайыссын ерекше тұлға ретінде қабылдайтынын көрсетеді. Мұндай сұрақтар белгілі бір түрде сұхбаттасудың алғашқы бөлімін құруға және отбасы мүшелерінің психологиялық жайлылық сезімдерін жасауға мүмкіндік береді, сонымен қатар сессияға өздеріне ыңғайлы формада қатысу мүмкіндіктерін түйсінеді. Отбасы мүшелеріне бірінші кездесудегі мақсаттары туралы қойылған сұрақ , психологқа жанама түрде отбасы мүшелерінің коммуникациялық ерекшеліктері туралы маңызды мәліметтер алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, психолог әрі қарай тікелей сұрақтар қойып, анықтауға ұмтылатын болса, онда тек үрейдің күшеюін тудырады. Отбасы мүшелері түсініспеушілік білдіріп, бір-бірлерін қорғауға ұмтылады. «Қыздыру» әрі қарайға кез-келен сессияның маңызды кезеңі болып табылады.

Бірінші сессия қатысушыларға қандай да бір тақырыпты бірлесіп талдау мүмкіндігін ұсынады. Егер де отбасы мүшелері бұған дағдыланбаған болса, психолог конструктивті түрде олардың өзара әрекеттестігіне көмек көрсетуі тиіс. Алғашқы 5-10 минут уақытта маманның өзін-өзі ұстауы, үлкен мәнге ие. Психолог өзінің барлық сұрақтарын оған телефон соққан және өзін сол жағдайдың иесі ретінде сезініп отырған отбасы мүшесіне қояды ма, немесе сұхбатты отбасы мүшелері негізгі мәселе сонымен байланысты деп көрсеткен отбасы мүшесінен бастайда ма? Яғни, психотерапевттің сессияның осы бөлімін құрастыруы, отбасының келесі кезеңге өтуге дайындығын анықтайды.

Екінші кезеңге өтуде маманның жағдайды бақылауға алғаны дұрыс. Оған келесі түрде қол жеткізуге болады, отбасы мүшелерінің бір-бірлеріне сын айтуларын, айыптауларын болдырмау, болған жағдайда тоқтату, тікелей қарым-қатынасты шектеу, сонымен қатар маман әр қатысушы тек өз атынан сөйлеп, өз көзқарасынан бүгін не үшін қатысып отырғанын түсіндіруін қадағалау. Егер психолог мұның барлығын табысты орындаса, отбасы мүшелері әрі қарайғы жұмыстар міндеттерін жаңаша түсіне бастайды.

Осыдан кейін негізгі мәселеге қатысты отбасы көзқарасын өзгертуге бағытталған сесияның үшінші кезеңі басталады. Бұл кезеңде қатысушылар жаңаша ойлай және жүйелей бастайды. Осы жерде маман келесі сәттерге ерекше көңіл бөлуі қажет:



  • алғашында негізгі мәселелерді отбасының қай мүшесі құрастырды;

  • отбасы мүшелері бір-бірлерімен өзара қалай әрекеттеседі және олар маманға қалай әсерленеді;

  • отбасы мәселесін шешу үшін қайсысы көбірек күш салады;

  • олардың қайыссы психологқа отбасы ерекшеліктерін нақтырақ сипаттап беруге қабілетті.

Сессияның алғашқы минуттарынан бастап маман отбасы туралы жаңалықтар біле береді. Сұхбаттасудың дәл алғашқы үш кезеңі отбасының жұмысты жалғастыруға дайындығын анықтайды. Бұл төртінші кезеңге өту барысында байқалады.

Отбасы мүшелеріне бірінші сессияға қатысу тәжірибесі оң нәтиже беретін болса, отбасы кейінгі кездесулерге келісім береді. Егер осылай болатын болса, онда психолог бірінші кездесудегі негізі міндетті шеше алды деп есептеуге болады. Психолог өзара айыптау тәуекелдігі нольге тең, психологиялық жайлы және қауіпсіз хал-ахуалдың жасалуына жауапты. Отбасы мүшелерінің негізгі мәселесін анықтауға кірісе отырып, психотерапевт бір мезгілде олардың көзқарастарын өзгертуге ұмтылады және жанұялық мәселені шешу мақсатында бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін сезіндіруге көмектеседі.

Жұмыстың алғашқы сәттерінен психолог, барлық мәселе бойынша отбасы ның қандай да бір мүшесін айыптау тіпті өнімсіз екендігін ерекшелеп отырады. Ол отбасы мүшелерінің тығыз әрекеттесулерінің маңыздылығын көрсете отырып, оларға қазіргі жағдайдың өткен жағдайлармен байланыстылығын сезіндіре отырып, мәселенің олармен байланысты екендігін түсіндіреді. Мысалы, ата-аналардың өзінің балалық кезеңдегі тәжірибесі көп жағдайда қалыптасқан жағдайларды қабылдау ерекшеліктерін анықтайды.
7.6.3. Отбасымен жүргізілетін орта кезеңдік жұмыстар

Отбасы психотерапияның ортаңғы кезеңі, отбасы мүшелерінің бірлесіп жұмыс жасау қажеттігін сезінулерімен сипатталады. Бұл жеке және топтық міндеттерді табысты шешуге мүмкіндік береді. Бұл кезеңде отбасы мүшелерінің бір-бірлерін айыптау екпіні, сонымен қатар әсіршіл мінез-құлық жойыла бастайды. Олар өз мінез-құлқына жауапкершілікті, сонымен қатар отбасы олар үшін маңызды ресурс екендігін сезіне бастайды. Урей және психологиялық араласуға қарсы қарым-қатынас төмендей бастайды, ал психолог олардың көз алдарындағы шартсыз бедел тұғырын жоғалта бастайды.

Бұл кезеңде отбасы мүшелері жағдайды жақсы түсіне бастайды. Психологқа келуге түрткі болған себептер, біртін келе өз мәнділіктерін жоғалтады. Бұл кезеңде кейбір отбасылар өз жұмыстарын аяқтайды, бұл асығыстық болып табылады, өйткені ішкі отбасылық өзара қарым-қатынастар жеткіліксіз деңгейде тұрақталған. Бұл кезеңде маманның мақсаты- отбасына әрі қарайғы міндеттерді анықтауға көмектесу.

Бұл кезеңде психолог, отбасы мүшелеріне өзара және әлеуметтік қоршағандарымен түрлі байланыстырды анықтауға көмектесетін сұрақтарды белсенді түрде қолдануы қажет. Жақындарымен және алыс туыстарымен өзара қарым-қатынастарын талдау отбасы татулығын сақтау бойынша міндеттерді анықтауға негіз болады. Мысалы, егер балалар мен ата-аналардың өзара қарым-қатынастары реттелсе, ата-аналармен сол әулеттің үлкендерімен өзара қарым-қатынастарына ерекше көңіл бөлу қажет. Психологтың отбасы мүшелерін жаңа мәселелерді шешуге бағыттай білуі өте маңызды. Отбасылық ыңғай өз ұйымының ерекшеліктерін, сол сияқты қоршаған әлеммен қатынасын жақсы түсінуге көмектесетін жаңа мәліметтер жүйесі қажеттілігін ерекшелейді. Отбасы дисфункционалды болған сайын, сол ғұрлым оған мәліметтер аз түседі. Белгілі болғандай, ішкі қақтығыс күйіндегі отбасының ішкі ресурстары шектеулі.

Олардың мүшелері негізгі күштерін басқаларды өз қызығушылықтарымен және қажеттіліктерімен санасуға жұмсайды, нәтижесінда қақтығыс түсіністікке әкеліп соғады. Егер де отбасы мүшелері қоршаған әлеммен белсенді түрде қатынас орната бастаса, олар жаңа ресурстарға тап болулары мүмкін. Осыған орай, олардың өзара талаптары әлсірей бастайды. Сыртқы әлеммен түрлі байланыстар орнату отбасы психотерапиясының ортаңғы кезеңінің басты міндеті болып табылады.

Психотерапияның ортаңғы кезеңі өте жауапты кезең. Отбасының сыртқы ресурстарының белсенді қолдануымен, отбасы мәселесі туралы мүшелері түсініктерді өзгеруімен және отбасының жаңа мүмкіндіктерінің пайда болуымен ерекшеленеді.


7.6.4.Отбасымен орта кезеңдік жұмыста, қолданылатын тәжірибелік жұмыс ұстанымдары.

Белгілі бір ұстанымдарды қолдану маманға отбасында ортаңғы кезең міндеттерін табысты шешуге мүмкіндік береді [16]. Оларды психологиялық жұмыстың басынан ескеру керек, бірақ жанұя жаңа ресурстарға қол жеткізу қажет болған жағдайда, яғни ортаңғы кезеңде бұл принциптердің рөлі ұлғая түседі.



1. Жұмыстың мазмұнына қарағанда, процессуалды аспектілері үлкен мәнге ие. Отбасы мүшелері түзету жұмыстарының мазмұнына көбірек көңіл бөлуге бейім. Олардың пікірлерінше, ойларының мазмұны, қызығушылықтары және мәселелері туралы айтқандары- ең маңызды болып табылады. Сондықтан да психотерапевттің әсерлеуі мен бағалауына ерекше көңіл бөледі.

Бірақ маманның отбасы мүшелері пікірлеріне мөлшерден тыс көңіл бөлуінің қажеті жоқ. Ол оны тек отбасылық қатынастардың көрінісі ретінде қабылдауы керек. Айтылған ойлардың мазмұны- отбасы мүшелерінің мәселені қалай қабылдайтынын және өзара қарым-қатынастарын білдіреді. Оларды ескере отырып, психотерапевт, отбасы мүшелерінің ойнайтын ролдерімен жақсырақ танысуына болады.

Айтылған пікірлердің мазмұны мәнді, өйткені ол әңгімелеушінің өзін, талдау іс-әрекетін сипаттайды, бірақ отбасының басқа мүшелерін объективті бағалауға мүмкіндік бермейді. Психолог отбасы мүшелерінің басқа емес, не үшін осы жағдайға көңіл бөлетіндерін сұрастырып бағдарлап отыруы қажет. Отбасы мүшелері пікірлерінің мазмұнынан абстракциялануға қабілетті маман, өз бағалауларына объективті болады. Ол айтылған пікірлердің мазмұндарына емес, процесске көбірек көңіл бөледі, яғни отбасында қандай жағдайлар болып жатқанына және қатысушылар пікірлерінің ерекшеліктерін анықтайды. Бұл сол уақытағы психикалық қысымды, сонымен қатар қорғаныс тенденцияларын және бір-бірлерінің ойларын жақын қабылдау деңгейлерін әлсіретеді.

Осылайша, психолог айтылғандардың мазмұндары процесті бейнелемейтінін, дәлірек айтқанда процесс туралы білім әрі қарайғы жұмыстың мазмұнын анықтайтынын нақты есінде сақтауы қажет. Маман, отбасы мүшелері пікірлерінің мазмұны астарында жатқан қызығушылықтарын байқайуы қажет. Бұл оған субъективизмнен аулақ болуға , ал отбасы мүшелеріне – мәселенің мәнін толық түсінуге көмектеседі.



2. Өзара қарым-қатынастарын өзгертуде отбасы мүшелеріне көмек

Психологиялық көмекке жүгінетін отбасылар құрылымы шектен тыс қатаң немесе шекаралары әлсіз. Отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгертуге көмектесе отырып, психолог, оларды қоршаған ортамен белгілі бір қатынастағы, бірыңғай тұтастықтың бөлігі ретінде сезіндіруге ұмтылады. Құрылымы шектен тыс қатаң отбасы оның мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды, сондықтан да психотерапевт оны иілгіш етіп жасауы керек, және керісінше, егер отбасы құрылымы шектен тыс аморфты және оның шекаралары нақты анықталған болса, маман оларды нығайтуы қажет. Екі жағдай да да отбасы мүшелерінің ішкі және сыртқы ресурстарға ие бірыңғай тұтастық ретінде сезінулері басты міндет болып табылады. Сырттан мәлімет алу үшін олар иілгіш болулары қажет, нәтижесінде отбасында тиімді әрекет ету мүмкіндіктеріне ие болады. Психолог оларға өз ішкі ресурстарын, сонымен қатар сыртқы ресурстарды іске қосуға көмек көрсетуі қажет.



3. Отбасы шекарасын кеңейту мақсатында мультигенерационды концепцияны қолдану. Бұл принципті М.Боуэн жасаған [16]. Бұл концепция, үлкен нуклеарлы отбасының тарихи және даму тұрғыда өзін-өзі түсінуге көмектесе алады деген түсінікпен байланысты. Бұл принцип маманды отбасы мүшелеріне көмек беру барысында өз тегін сезінуге және де жаңа ресурстарды пайдалануға мүмкіндік беретін басқа да туыстарымен байланыстарын қайта орнатуға бағыттайды.

Отбасы мүшелерінің өздерінің тарихи дамуын жақсы түсінулері психотерапияның негізгі міндеттерінің бірі болып табылады. Кейде, мәселелі отбасында басқа туыстарымен әлсіз байланыста болуымен сипатталады. Мұндай отбасы мүшелерін сұрастыра келе, психолог, олардың бірнеше жылдар бойы көріспегендіктерін анықтайды. Сонымен қатар сол туыстары туралы әңгіме барысында мұндай отбасы мүшелері эмоционалды күшті әсерленеді. Отбасы мүшелерінің өздерін тұтас ретінде сезінулерін жақсартуға олардың басқа туыстарымен байланыстарын қалпына келтіру негіз болады.

Соңғы уақыттарда, адамдардың туыстық байланыстарын бейнелейтін, отбасы тарихы және дамуы мәселелеріне қызығушылық жоғарылауда. Қазіргі уақытта, адамның туыстарымен байланысы күшті болған сайын, және өз дамуын жақсы білген сайын, ол адамның «мен» сезімі, денсаулығы мықты болады деген пікір жиі айтылуда. Осылайша, отбасы шекарасын кеңейту және нығайту үшін, психотерапевт мультигенерационды ыңғайды қолдана алады.

4. Мәселесі туралы түсінігін өзгертуге көмектесетін, отбасы мүшелерінің жаңа мәліметтер алуы. Психологтың басты міндеттерінің бірі дисфункционалды отбасы жүйесінде мүшелерінің мінез-құлықтарының жалпы заңдылықтарын және олардың қажеттіліктерін анықтау арқылы қалыптасуын сезіндіру. Маман отбасы мүшелерін кейбір жүйелі түсініктермен таныстыра алады. отбасы мүшелеріне өз мінез-құлықтарын түсінуге келесі түсініктер көмектесе алады:

- отбасының рөлдік құрылымы және ол оның мүшелері мүмкіндіктерін қалайша шектей алады;

- альянстер және коалициялар түсініктері және олар ішкі отбасылық қақтығыстармен және бір-бірлерінің әрекеттерін адекватты бағалау қиындықтарымен қалай байланысқан;

Психолог отбасы мүшелеріне, әлеуметтік жүйе ретінде отбасы қызметі ерекшеліктері туралы түсініктері болуы үшін, осы түсініктер мәнін түсіндіріп өтеді.

Отбасы психотерапиясының ортаңғы кезеңінде отбасы мүшелерін осы түсініктермен таныстыру өте пайдалы. Өйткені бұл кезеңде отбасы мүшелері мінез-құлықтарындағы әсершіл сипаты біртіндеп жойыла бастайды, олар жаңа мәліметтер қабылдауға дайын болып, оларға байсалды және конструктивті түрде әсерленеді.

5. Эмоционалды қысымды шешу үшін әзіл қолдану. Әзіл-түрлі жағдайларда отбасына психотерапевтік көмек көрсетуде ең тиімді құралдардың бірі болып табылады. Егер отбасы мүшелері қиын жағдайларда күле алатын боса, олар мәселені шешу жолында деп есептеуге болады. Әзілді психотерапевтік құрал ретінде пайдалану психотерапевт тұлғасының қандай да бір қасиеті болып табылады, және оны қолдануда абай болу қажет.

6. Отбасы жүйесін қайта құру мақсатымен эмоционалды үшбұрыш түсінігін қолдану. Эмоционалды үшбұрыш түсінігін М.Боуэн енгізген. Оның пайымдауынша, үшбұрыштар кез-келген әлеуметтік жүйенің міндетті элементтері болып табылады. Жүйе қысым жағдайында болғанда, үшбұрыштар белсенділік танытады. Отбасымен жұмысты бастай отырып, психотерапевт міндетті түрді қандай да бір үшбұрыштарға енеді. Оны оның пайдалануы өте маңызды. Отбасы мүшелері психотерапевтті қандай да бір үшбұрыштарға енгізеді және қандай да бір жағын бейімдей отырып оған белгілі бір мәліметтер береді. Үшінші тарауда айтылғандай, психотерапевт, отбасы мүшелерінің мәліметтері олардың арасындағы белгілі бір қатынастарды қамтамасыз етуге бағытталғанын білуі қажет. Егер психотерапевт, үшбұрышты табысты қолдана білсе, ол отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгертуге көмектеседі. Маман үшбұрышқа ене отырып, қандай роль орындайтынын түсінеді. Психотерапевтке отбасы мүшесінің біреуі басқа бір мүше туралы пікірін білдіргенде, ол оны үшбұрышқа енгізеді. Бұл жағдайда психотерапевт келесіше әрекет етуі мүмкін.

- үшбұрыштың бөлігі бола отырып, отбасы мүшесіне әңгімесін жалғастыруға мүмкіндік береді;

- оның жеке көзқарасын және айтып отырған жағдайға қатынасын анықтау мақсатында әңгімелеушігі бірнеше сұрақтар қою;

- айтушыға, оқиғаның кейіпкеріне айтуды ұсынады

Барлық жағдайларда, отбасының басқа да мүшелерінің өзара қарым-қатынастарын өзгерту ниетімен, психолог өзінің үшбұрыш жағдайын пайдаланады.

7.Қарым-қатынас жүйесінде отбасы мүшелерінің өз жағдайларын жақсы анықтауға көмектесу үшін, «мен-позициясын» қолдану. Бұл ұстаным үшбұрыштарды қолданумен байланысты. Психолог оның мүшелерімен қатынасқа түсе отырып, өз позициясын нақты белгілеуге міндетті. Эмоционалды стресс күйінде, отбасы мүшелері психотерапевті қандай да бір жаққа қарай бейімдеуге ұмтылады. Егер да ол олармен келісіп, яғни бір жақты қабылдайтын болса, ол үшбұрыштың бір бөлігі болып және отбасы мүшелеріне тиімді ықпал ету мүмкіндігін жоғалтады. Оның міндеті мынада, ешқандай да альянстарға қосылмау, сонымен қатар «дұрыс» немесе «қате» деген шешімдер қабылдамау.

8. Айналасындағыларға қатынасын түсінуге көмектесу үшін, зерттеушілік позициясын қолдану. Психолог тікелей отбасы мүшелерімен араласа отырып отбасы туралы біле алады. Неғұрлым көбірек білсе, отбасы мүшелері солғұрлым өздері туралы көбірек білетін болады. Бір мезгілде маман отбасы жағдайына, мүшелеріне ешқандай да баға бермеуі қажет, өткені ол олардың енжарлығына негіз болады. Отбасымен жұмыс жасай отырып, психолог көптеген түрлі мәліметтер алуға ұмтылады. Бұл олардың өзара қарым-қатынастарын реттеу үшін ғана емес, сонымен қатар кез-келген отбасының қызмет ету заңдылықтары туралы толық түсінікке ие болу үшін қажетті.

9. Күш түсінігін қолдану. Бұл түсінікті пайдалану отбасы жүйесінің қызметін зертеумен байланысты. отбасы мүшелерінің «күшін» анықтай отырып, психолог көптеген міндеттерді табысты шешеді.

10 .Отбасының функционалды мүшелерін қолдау: Көп жағдайда психолог функционалдылығы төмен отбасы мүшелеріне ерекше көңіл бөледі. Егер де ол дәл соларға бағдарлана отырып, өз жұмысының стратегиясын анықтайтын болса, онда ол осылайша отбасының жалпы қызметтік деңгейін төмендетеді. Егер де маман отбасының ең функционалды мүшелеріне ерекше көңіл бөлетін болса, онда керісінше керісінше отбасында қызметтік деңгейі жоғарылайды.
7.6.5. Отбасымен жүргізілетін қорытынды кезеңдегі жұмыстар. Психотерапияның аяқталу кезеңі алдыңғы кезеңдермен тығыз байланысты. Егер де отбасы психотерапияның бастапқы және ортаңғы кезеңдері табысты өтетін болса, онда процесс аяқталу кезеңіне өтеді. Отбасы мүшелері мәселеге өз көзқарастарын өзгерте алған жағдайда олар өздерінің ішкі ресурстарын сезініп, аяқталу кезеңіне еш қиындықсыз өтеді. Аяқталу кезеңінің сипаты, алдыңғы кезеңдерде мәселелердің қаншалықты табысты шешілулерін тәуелді.

Алғашында отбасы психотерапиясының әрбір сессиясының аяқталуы отбасы мүшелерінің үрейленулерін күшейтті, өйткені олар өзара әрекеттің жаңа тәсілдері игерілмеген. Оларды үйге қайтып келгенде қайтадан баяғы мәселелермен кездесу туралы мазалады. Сессия барысыныда отбасы мүшелері өздерін өте жайлы сезінсе де, бұл жағдайдың ұзақ уақытқа созылатынына сенімсіз болды. Бірақ, отбасылық психотерапия барысында отбасы мүшелері жеке және жалпы міндеттерді шешуге мүмкіндік беретін өз ресурстарын біртіндеп сезінеді. Өйткені олар өздерін сенімді сезіне бастайды және сесияның аяқталуынан қорықпайды.

Алғашқы үш немесе төрт сессияда отбасы мүшелері жұмысқа еріксіз кіріседі және оның аяқталуынан қорқады. Әрі қарай психологиялық жұмысқа кедергі әлсірей бастайды. Отбасы мүшелері сессияның негізгі кезеңіне өтіп, белгілі бір мәселелер шеңберінде талдау жүргізеді және оларды сессиядан кейін талдауға да дайындықтарын білдіреді. Бұл ары қарайғы барлық жұмыс түрлері үшін тиімді. Отбасы жүйесі шекарасының кеңею мөлшері бойынша және оның мүшелерінің өз ресурстарын сезіну негізінде қатысушылар психотерапияна жалғыз құтқарушы деген пікірлерін жоя бастайды. Мұндай тұжырым бүкіл жұмыс нәтижесінің заңдылығы болып табылады. Отбасы мүшелері реактивті позициядан проактивті позицияға көшеді.

Олардың реактивті позициялары отбасы психотерапиясының алғашқы кезеңдерінде, яғни отбасы мүшелері өздерін өз мәселелерін дербес шешуге қабілетсіз деп есептеулеріне байланысты байқалады. Біртін келе олардың әрекеттері мен шешімдерінің үрей мен қорқынышқа тәуелділік деңгейі төмендей бастайды. Олар өздерінің жағдайды дербес басқара алатындарын сезініп және өздері және басқалар үшіні қандай мінез-құлықтың қолайлы екендігін анықтай алады. Бұл жағдай жанұяның психотерапияны аяқтауға дайындығын білдіреді.

Психолог, отбасы психотерапиясының басты міндеттерінің бірі отбасы мүшелерінің мәселені шешудің тиімді тәсілдерін игеру болып табылатынын есінін шығармауы қажет.
7.7 Отбасы терапиясының техникалары

Техникаларадың келесі топтарын ерекшелеуге болады:



  1. Социометриялық техникалар

  2. Құрылымдық араласу

  3. Мінез-құлықтық техникалар

  4. Елестетуге негізделген техникалар (арттехника, ассоциативті эксперименттер, психодрамалық техникалар)

  5. Парадоксальді техникалар

  6. Жанұя терапиясында әңгімелесуді ұйымдастыру техникалары.

8. Отбасымен жұмыс жүргізетін мамандардың кәсіби хабардарлығы

8.1.Отбасылық психологтың теориясы және тәжірибесі

Қазіргі таңда отбасымен жұмыс істейтін мамандарды даярлау туралы мәселе қатаң қарастырылуда. Отбасылық психологтың білімдеріне, іскерліктеріне және дағдыларына қойылатын жеке талаптары бар.

Өз іс - әрекетінде маман иесі психотерапияның стратегиясын құруға және өзіне бағыт – бағдар болатын нақты теориялық түсініктер жүйесінің мазмұнына сүйенуі қажет. Бірақ бұл психологтың интуициялық, шығармашылық мүмкіндіктерінің ролін шектемейді, керісінше, оның іс - әрекетіне нақты болжам жасауға және бақылампаздығының мазмұндылығын арттыруға мүмкіндік береді. Көптеген мамандар отбасының толық құрамымен жұмыс істеуден қашқақтайды, өйткені келеңсіздіктер мен қобалжуды сезінеді.Нақты теориялық бағыттар маманға өз - өзін сенімді ұстауға көмек береді.

Отбасымен жұмыс істеу барысында психолог немесе психотерапевт отбасы мүшелерінің мінез – құлықтары мен қарым – қатынасын түсінуге мүмкіндік беретін теориялық түсініктермен қарулануы қажет. Осыған сүйене отырып, психолог отбасы жүйесіндегі байқалатын қандай да бір ауытқушылықтарды анықтай және талдай алады. Өз кезегінде, дұрыс жүргізілген диагностика психотерапиялық ықпал етудің бағдарламасын құруға көмектеседі . Отбасылық психотерапевт отбасы ішіндегі қарым – қатынасты талдай білуі үшін жан – жақты әрі терең теориялық базамен қарулануы қажет. Жүйелі түсініктер сонымен қатар сипаттау мүмкіндіктеріне ие болады. Басқа түсініктер маманның диагностикалық мүмкіндіктерінің шегін қысқартады. Отбасын жүйелі бағалау үш деңгейлі диагностиканы болжайды. Біріншіден, психотерапевт әрбір отбасы мүшесінің жеке ерекшеліктерін және осы ерекшеліктердің отбасы ішіндегі қарым – қатынасқа қалай ықпал ететінін бағалауы қажет. Сонымен қатар ол отбасының әр мүшесінің психологиялық құрылымының ерекшеліктерін түсінуге көмек беретін психодинамикалық, гуманистік және танымдық – мінез – құлықтық түсініктерді қолдана алады. Олардың отбасыға тұтас құрылым ретінде қандай ықпалы бар екенін түсінуі қажет. Бұл үшін психотерапевт теориялық түсініктердің жетік жүйесін меңгеруі шарт. Баланың туғаннан, өзін басқа отбасы мүшелерінен ерекшелеп тұратын, темпераменті болатынын ұмытпау қажет.

Қандай да бір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым – қатынасқа ықпал ететінін түсіну үшін, оның темпераментінің ерекшеліктеріне назар аудару қажет. Сонымен қатар, сол отбасы мүшесінің дене құрылымын, интеллектуалды қабілеттерін, отбасының өміріне ену уақытын да ескеру маңызды. Отбасылық психотерапевт барлық психиатриялық және мінез – құлықтық концепциялардың мазмұнымен жақсы таныс болуы қажет. Отбасы жүйесін бағалау үшін отбасы мүшелерінің жеке ерекшеліктерін де ескере білуі шарт.

Екіншіден, әрбір отбасы мүшесінің отбасындағы қарым – қатынасын анықтаумен қатар, отбасын жүйелік бағыттар негізінде де бағалау керек. Отбасы, әсіресе оның ересек мүшелері балаға үлкен ықпал етеді. Отбасындағы құндылықтар жүйесін бала өз өмірінің алғашқы жеті жылында ата – аналарымен қарым – қатынасының арқасында меңгереді. Оның құрбы – құрдастарымен және мұғалімдермен қарым – қатынасы белгілі бір себептермен осы құндылықтар жүйесін тарлатады, кеңейтеді немесе өзгеріске ұшырауына ықпал етеді. Отбасы мүшелерінің баланы жеке қасиеттері бар жанды нәрсе ретінде қабылдауға бейім болуы баланың өзі жайлы түсініктерінің қалыптасуына мәнді түрде ықпал етеді.

Диагностикалаудың үшінші деңгейі отбасы мен қоғамның өзара қарым – қатынасын бағалауға бағытталған. Отбасын аралық сфера ретінде қарастыруға болады,бір жағынан оның мүшелерінің жеке қажеттіліктері, екінші жағынан – қоғамның қоғамның талаптары мен мүмкіндіктері шектеп отырады. Отбасы өзінің мүшелерінің жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін, сонымен қатар, әлеумет талаптарына сәйкес мінез – құлқын реттеп отыруға ықпал ететін механизм ретінде қызмет атқарады десек те болады.Отбасылық психотерапевт қандай да бір отбасының қандай әлеуметтік ресустарға бағынатынын жеткілікті түрде түсінуі қажет. Жеке жағдайларда отбасы әлеуметке ықпал етуі қажет, әсіресе, мектеп ортасына. Көптеген отбасылар баланың мектепте мінез – құлқының өзгеруіне байланысты немесе үлгерімінің нашарлауына байланысты психотерапиялық көмек сұрап келеді. Соның барысында мұндай ниет олардың тарапынан емес, мектептің тарапынан басталатынын түсінеді. Ата-аналар мектеп балаға жеткілікті түрде қолдау көрсетпейді немесе жоғары талаптар қояды деп шағымдануы мүмкін. Сонымен қатар, олар мектепті баланы қолдайтын әлеуметтік орта ретінде емес, керісінше балаға жағымсыз орта ретінде көреді. Осындай отбасын бағалай отырып, психотерапевт ата-анасы баланы қорғаймын деп, оның мектепке деген қатынасына нұқсан келтіріп отырғанын түсінеді. Қоғамның отбасыға ықпалын жақсы білетін психотерапевт, мектеп қызметкерлерінің осы сияқты отбасыларға көңіл аудара білуіне түрткі жасауға ұмтылады. Ал мүлдем басқа көзқарастағы психотерапевт балалардың мектеп талаптарын орындауына және тек осы балаларды немесе отбасын психотерапиялық ықпалдың нысаны ретінде таңдауды ұсынар еді.

Мұндай бағалаудың маңызды жағы маманның отбасының мүшелеріне оны қоршаған әлеуметтік ортасы қалай ықпал ете алатынын саналы түрде түсіну болып табылады.Бұл отбасын қоршаған әлеуметтік ортаны отбасы мүшелеріне әртүрлі міндеттерді шешуде көмектесетін қосымша ресурс ретінде немесе шешім қабылдауда қиындық тудыратын кедергі ретінде қарастыруға мүмкіндік береді.

Төменде келтірілген суретте диагностиканың үш деңгейі және психотерапевтің сәйкесінше бағалау жүргізуіне қажетті түсініктер келтірілген. Ортадағы тіктөртбұрыш әртүрлі тұлға теорияларының негізінде мазмұндалған адамның жеке психикалық ерекшеліктерін сипаттайды. Келесі аймақта отбасының жүйелік түсініктеріне сәйкес бағаланатын отбасы жүйесінің ерекшеліктері сипатталады. Сыртқы аймақ отбасының қоғаммен қарым – қатынасын мазмұндайды. Оны әлеуметтік құрылымдық теориялар көмегімен бағалауға болады.



Отбасы мен қоғамның өзара қатынасы



Отбасы жүйесінің ерекшеліктері


Жеке психикалық ерекшеліктер

(тұлға теориясы)


(Отбасылық жүйелік түсініктер)



(Әлеуметтік құрылымдық теориялар)


8.2.Отбасымен жұмыста нәтижелі кеңес беру дағдылары

Отбасымен жұмыс жасау кезінде маман жұмысының маңызды түрінің бірі коммуникативті қарым-қатынас болып табылады. Маман адамдарға әсер ету қабілетіне ие болуы қажет, диалогты сөйлесуді негізге алып, адамдармен қатынасын құра білу қажет. Отбасы жұмысын жүргізу кезінде маман өзінің кәсіптік сапасын дамытуы қажет: бейімділік, адамға деген уайымшылдық қабілетінің болуы, оның мәселелерді шешуге қатысу. Өзінің жұмысында жеке қарым-қатынас әсерлерінің жинағын қолдана білуі тиіс.

Қарым-қатынас үшін көптеген кедергілері бар жағдайлар кездесетінін арнайы мамандар жиі әңгімелеседі. Сонымен қатар қарым-қатынасқа түскісі келмейтін адамдармен де жұмыс жасайды. Мұндай кезде нәтижелі жұмыс жасау үшін маманның қатынасқа түсу деңгейі жоғары болуы тиіс. Ондай жұмыс атқару кезінде бірнеше әрекеттер қажетті:[1]



  • қорқыныш, ауыртпалық және стрес күйінде отырған адамдарды тыңдау;

  • адамдарды өзі жайлы әңгімелесуге тарту;

  • күйзеліс күйінде отырған адамдарға көмек көрсету;

  • озбырлық көрсеткен және/немесе ашуланған клиенттермен жанжалды реттеу;

  • қалыптасқан әдеттерді және көзқарасты ауыстыру.

  • шатасқан және күрделі жағдайларда шешім табуда клиенттерді қолдау.


Нәтижелі қарым-қатынас:
Бейвербалды қатынасының факторлары:

  • қашықтық

  • кейіп,ым-ишара

  • жанасу

  • визуальды байланыс

  • беттің бейне көрінісі


Сөйлесу қатынасының факторлары:

  • бір жауапты берілетін сұрақтар

  • көптеген жауап берілетін сұрақтар

  • жанама сұрақтар, байқау сұрақтары, екпінді сұрақтар


Сөйлеу қарым-қатынасы:

  • рефлексис және нақтылау

  • жан ашу бейнесі

  • қорытындылау,түйіндеу


Нәтижелі қарым -қатынасқа кедергі болатын мән-жайлар:

  • қоршаған орта

  • өте үлкен жұмыс бастылық

  • негізделмеген топшалама

  • бір нәрсені қам жеу

  • стереотиптер

  • өткен тәжірибе

  • аудармашы арқылы қатынас


жүктеу 2,37 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау